Бір жылда



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Екатерина Ильина бекітіледі 68. Ол Омбы қаласының гимназиясын бітірген
еді. Мектеп мещан балаларына арналған және бұл мектепті қаржыландыру үшін
қалалық қордан жылына 2000 сом бөлінген 69. 1892 жылы Көкшетау уезінде
алғашқы білім беру мектептері Көкшетаудың қалалық 3 кластық училищесі
поселкелер мен станциядағы қыз балаларға және ер балаларға арналған
мектептер, шаруалар селосындағы шіркеу жанында ағарту мектептері қызмет
істеді. Бұл мектептердің басым көпшілігі христиан балалары үшін ашылған
еді. Көкшетау мешітіндегі қазақ мектебі жәнс орыс балаларына арналған жалпы
саны 20 мектеп ашылды 70. Көкшетау қаласының 3 кластық училищесінде 1892
жылы 85 оқушы оқыған, оның 57-і орыс-қазақ, 22-і мещан, 6-ы дворян мен
шенеуніктердің балалары болған. Мектепке жергілікті ұлт өкілдерінің
(бұратаналардың) және орыс шаруаларының балалары алынбаған. Ұлттық кемсіту,
қазақ балаларын төмен санаудың, тіптен Ресейдің орталық қалаларында емес,
отарға айналған өз жерімізде де жүргізілгенін көреміз. Көкшетауда 3 кластық
училище 1881 жылы 17 шілдеде ашылған 71. Училищені оқушылардың ата-
аналары жинаған қордан ақша бөле отырып ашқан. Мысалы, 1886 жылы ашылған
қазақ мектеп- интернаты ата- аналар есебінен бөлінген қаржыға жұмыс істеген
72. Орыс мектептерінде қыруар қаржы бөлген патша өкметі қазақ мектептері
туралы қамқорды қазақтардың өзіне қалдырған. Сөз жүзінде халық ағарту ісіне
қолдау жасаған болып, іс- жүзінде тек қағажу көрсеткендіктен қазақ
мектептері өздерін асырауға мәжбүр болған. Архив құжаттарына сүйенсек, 1883
жылы 5- қазанда Ақмола губернаторына Көкшетау уезінің бастығы Т.Туполевтің
жіберген рапортында: “1874 жылы Көкшетауға келгеннен соң, қазақ балалары
оқып, жазып, аздап орысша сөйлей білгенімен, бұл олардың болашақта өмір
сүруіне жеткіліксіз екенін біліп, Батыс Сібір губернаторының рұқсатымен
Көкшетау басқармасымен келісе келіп, 50 десятина жерді жылына 10 сом ақымен
арендаға уезд басқармасынан алып, қазақ балалары үшін ферма құрдық,”- деп
жазған 73. Осы ферма өнімдерін сатып, одан түскен қаржы мектептің керек
мұқтажына жұмсалған. Осы құжатта көрсетілгендей интернат балалары оқу
жылының ашылу күніне арнап заттарын сатып, ер балалар 220 сомға бағаланған
қолөнер заттарын жасап шығарған, қыз балалар 180 сом 60 тиынға бағаланған
заттарын жасаған. Оның 75 сом 66 тиын тұратын бөлігі сатылған 74. Бұл
мектептердегі балалар саны 16- 20 болып ауытқып отырған. Сол сияқты жеке
адамдар қаржыландыратын мектептерде балалар оқыған. Мысалы, Шығарай Мақаев
мектебінде 7 ұл бала мен 3 қыз бала дәріс алған. Тоқсанбай Елімбеков
мектебінде 4 ұл мен 2 қыз бала, Тілеулі Сабаев мектебінде 3 қыз оқыған т.б.
Осындай мектептер саны Көкшетау уезінде 1885 жылы 15 болып, оларда 110
оқушы білім алған 75. Мектептер түгелімен осы жергілікті адамдар
қаржысымен жабдықталды. Бұлардан басқа Көкшетау мешітінде 1860 жылы ашылған
татар мектебінде 20 бала оқыған. Қазақтың әйел балаларына арналған мектеп-
интернаттарында 10 бала оқыған. 1885 жылы ашылған Көкшетау қаласының
молдасы Наурызбай Таласовтың үйіндегі мектепте 4 бала оқыған 76. 1882
жылы орыс-қазақ мектептері 23 болды. Оның ішінде 2 ер балалар мектебі, 2
орыс- қазақ мектебі бар еді. Бұл мектептерде 729 ұл бала, 311 қыз балалар
оқыған. Жоғарыда көрсетілген қазақ-мұсылман мектептеріндегі қыз балалар
санынан ер балалар саны бірнеше есе көп болды. Осы оқушыларға Тобыл
(Тобольск) қаласының Діни Кеңестің қамқорлығында болып, қаржы алып отырған
77. Көкшетау уезіндегі барлық орыс оқушылардың ер балалар саны 39 болса,
ал қыз балалар 15 еді. Уезд бойынша орыс балаларына арналған 30 мектеп
болып, оның 15-і ер балаларға, 10- ы қыз балаларға арналған, ал 5-і орыс-
қазақ мектебі болды. Бір жылдың ішінде мектептер саны 7 есе өскен. Қазақ
балаларынан басқа шаруалардың 142 ер, 30 қыз, мещандардың 24 ер баласы,
дворяндар мен чиновниктердің 3 ер баласы осы мектептерде оқыған. Уезд
бойынша барлығы 966 ер бала, 341 қыз бала оқушы оқыған 78. Көкшетау
қаласындағы қазақ балалары оқитын ауылшаруашылық мектептерінің жағдайына
келсек, мектепте сабақ егін жинау аяқталғаннан соң, оқушылар фермадан
қалаға көшкен соң басталатын еді. Оқушылар орыс тілін үйреніп,
ауылшаруашылығымен теориялық танысу сабақтары өткізілгеннен кейін, қысқы
уақытта күн сайын 3 сағат шеберханаларда қолөнерімен шұғылданған. Көктемде
оқушылар қайтадан фермаға көшіп, егін егу жұмысымен айналысатын. Бір жылда
12 десятина жерге 96 пұт бидай, одан басқа бау-бақшада қызылша, сәбіз, қияр
т.б. егіп отырған. Астық пен бау- бақша өнімдері өздерін қамтамасыз етуге
жететін. Мектептің жанында мал қорасы болды, оған оқушылар жазда 600 мая
шөп жинап отырған. Мал қорасында 17 жылқы, 31 ірі қара өсірілген. Мектепте
осы фермадан түскен өнімдердің бір жартысы сатылып, жылына 2880 сом ақша
мектеп қорына жиналып тұрды 79. Мектепті тәмамдаған оқушылар аздап орыс
тілін меңгеріп, ауылшаруашылығын жүргізе алатын және жергілікті халық
арасында тілмаштық қызмет атқарған. Мектепті басқарушы уездің агрономы
болды. Осы ауылшаруашылық мектебінің тапқан қаражаты- 1882 жылғы мәлімет
бойынша қазақ ауылшаруашылық мектебіне жұмсалған қаржының 969 сом 80 тиыны
мектеп ұстаздарының еңбегіне, 316 сом 7 тиыны азық- түлікке, 16 сом 50
тиыны оқушылардың киіміне, 21 сом 61 тиын құрал-жабдықтарға, 91 сом 3 тиыны
жарық пен отынға, 93 сом 41 тиыны құрылыс заттарына, 63 сом 21 тиын мектеп
жиһазына, 6 сом 79 тиын ұсақ-түйекке, 205 сом 46 тиын жылқы мен ірі қара
ұстауға, 34 сом
24 тиыны басқа да шығыстарға, 59 сом 97 тиын шеберханаға, 38 сом 31 тиын
қосымша материалдарға жұмсалған 80. Қаржының үштен бір бөлігінің мөлшері
мектеп қызметкерлеріне төленген. Оқу құралдарының сапасы төмен сапада деп
көрсетілген. Сонысына қарамай, бұл мектептер жергілікті халықтың мәдениеті
мен білімін көтеруге өз үлесін қосты. Қазақ мектептерінен басқа Омбы
қаласының орталықтарында, Көкшетау уезінен 1822 жылы 4 бала оқыған. Олардың
1-і орталық фельдшерлер мектебінде, 1- і мал – дәрігерлер мектебінде, 2- і
гимназияда білім алған. Мектептерде оқу–тәрбие жұмысы мен мұғалімдердің
білім деңгейі өте төмен болғандықтан, оқу–тәрбие жұмысынан, орыс тілінен
білімді мұғалімдер даярлау қажеттілігі туындайды. Сол кезеңдегі халық
ағарту ісінің білгір маманы Н. Леванов: “Сауатсыз, ғылымнан хабары жоқ
мұғалімдер ата- аналар алдында, халық ішінде еш абыройы болмайды,”- дейді
81. Мұғалімдердің көбі сауатсыз, білімдері төмен еді. Көбінесе
татарлардан шыққан мұғалімдер болған. Қазан округінің қызметкері В.Е.Бопов
татар молдаларының рұқсатынсыз қазақ тіліне діни кітаптарды аударғаны
жөнінде: “Көптеген татарлар қазақ даласында саудагер ретінде еніп, кейіннен
мұғалімдік қызметпен мұсылман дінін уағыздауға көшіп жатыр,”- деген 82.
Орыстардың пікірі бойынша татар мәдениеті оларға қарсы бағытталған,
сондықтан қазақ даласын орыстандыру саясатына қарама- қайшы келеді деп
шешкен. Осымен байланысты татар мұсылмандарының қазақ даласына әсерін
тоқтату мақсатында шұғыл шаралар қолданылды. 1860 жылдары “Дала
мектептерінің ашылуы” жөнінде орталықтан бұйрық келді. Онда Орынбор
(Торғайда), Орал (Ырғазда), Сыр- Дария бекінісінде (1 форт), Қазалыда және
Безовск бекіністері жанында мектептер ашылған. Бұл мектептер жоғарыда
аталған мектептерден ерекше еді. Оқуға түскен оқушылар болашақта оқу, таза
жазу, орыс тілінде сөйлеп, қазақ тілінен орысшаға, орыс тілінен қазақшаға
аударуды меңгерген. Грамматикадан зат есім, сын есім және етістік,
арифметика, дүниетану пәнінен, жер шарының құрылысы жөнінде мәліметтер
алған 83. Осындай мектептер Торғай жерінде жақсы дамыған. Басқа
территорияларда ашылған мектептерді қайта жабуға тура келген. Бағдарламалар
мен оқулықтардың жоқтығы, тиісті сабақ беретін мұғалімдердің болмауы үлкен
себептерін тигізді. Осы жылдары сонымен бірге, гимназия прогимназия,
приходтық мектептер ашыла бастады. Гимназия- жалпы білім беретін
мектептердің бірі болған. Мысалы, Орынбор гимназиясы жанында пансионаттар
ашылған. Бұл пансионаттар мемлекеттік советтің 1868 жылы бекіткен шешімі
бойынша ашылған. Шешімде былай делінген: “Орынбор қаласындағы губерниялық
гимназия жанында ашылатын пансионда, Орынбор өлкесі қазақ балалары үшін
қазынаның есебінен 30 орын берілсін, әсіресе қазақ жастарына арнап
даярланған класс ашылсын”,- делінген 84. Бүгінгі таңдағы ашылып жатқан
гимназия, лицей мектептерінен әрине ол кезеңдегі мектеп гимназиясының
айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар екендігі белгілі. Дегенмен де, кейбір
ұқсас тұстары оқытудың жүйесінен көрінеді. Бүгінде гимназия үш сатыдан
тұрады дейміз: 1- сатысы- дайындық (бастауыш мектептің 1-4 сыныптары); 2-
сатысы- гимназияға бастау (негізгі мектептің 5- 7 сыныптары); 3 – сатысы-
гимназия (орта мектептің 8- 11 сыныптары). Гимназия екінші немесе үшінші
сатыдан бастап ашылады.
Ал, алғашқы Қазақстан жеріндегі гимназияларға түсу үшін ең алдымен
прогимназия курстарына түсіп оқитын болған. Ол прогимназия үш сатыдан
тұрған. 1- сатысы бастауыш деп аталған. Бастауыш бөлімінде дайындық бөлімі
оқушылар әріпті, жазуды, сызуды үйренген. 2- сатысында әріп жазу, оқу,
сызу, санауды өткен. Осы екі сатыдан өткен оқушы 3 сатыға гимназияға оқуға
қабылданған. Гимназияларда оқушылардың өзін- өзі танып, қалыптасуында
тәрбие мәселесіне үлкен мән берілген. Гимназияға 10-15 бала қабылдаған.
Қазақстан жеріндегі Ресей империясының отаршылдық саясатының әсерінен пайда
болған орыс және орыс- қазақ мектептерінің дамуы “орыстандыру” негізіне
қызмет еткен. 1898 жылы
6 қазанда Түркістан генерал- губернаторы мынандай үкім шьіғарған, 1)
мемлекеттік тіл ендігі жерде тек қана орыс тілі болуы тиіс, барлық іс-
қағаздар орыс тілінде болуы керек, болыстық тілмаштар орыс адамдарымен
ауыстырылуы тиіс; 2) кейбір қызметтегі адамдар біртіндеп түземдік
(жергілікті) тілді білетін орыс адамдарымен ауыстырылуы керек; 3) болыстық
басқарушыға, қалалық старшинаға, ауылдық старшинаны олардың көмекшісі болуы
үшін орыс- түземдік мектепті бітірген адам алынсын 85.
Қазақстанның әлеуметтік- экономикалық дамуына байланысты тек сауат ашу
мектептері ғана емес, сонымен бірге заман талабына сай оқу орындарыда пайда
бола бастады. Осындай оқу орындардың бірі “Коммерциялық училище”. Училище
жөніндегі материалды Мемлекеттік құжаттарынан алып отырмыз 86. 1896 жылы
15 – сәуірде патша өкіметінің арнайы бұйрығымен “Коммерциялық училище”
ашылған 87. Қазақстан жеріндегі алғашқы “Коммерциялық училище” болашақта
сауда-саттық маман иесін дайындауға арналған педагогика тарихындағы алғашқы
оқу орны еді. “Коммерциялық училищеде” білім беретін мұғалімдердің білім
сапасы 50%- орташа және 50%- төмен дәрежеде болды деп көрсетілген 88.
Мұғалімдер ұжымы жергілікті байлардың өкілеттілігінде және приходтық
комитет қарамағында болған. Сондықтан да, мұғалімдерге төленетін еңбек
ақылары мен училищені материалдық жағынан қамтамасыз ету осылардың мойнына
жүктелген. Училищенің 4-і приходтық комитет қарамағында болса, 8-і
жергілікті бай өкілдер қарамағында еді 89. Бүгінгі жоғарғы оқу
орындарында 1, 2, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір жол көлігінің жолы
Диірменнің бизнес-жоспары
ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕ ЖҮК ВАГОНДАРЫНЫҢ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Туристік ресурстарды дамыту туралы
Қауіпті жүктер. Олардың классификациясы туралы ақпарат
Темір жол туралы
Ежелгі өркениет күнтізбелері
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
Жүк тасымалдау шарты
ЖЭС және АЭС автоматты қосымша қондырғылары
Пәндер