Оқушыларға мағлұм Оян, қазақ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

М. Дулатұлының қызметі 20-ғ басындағы Қазақстандағы Алаш партиясы мен, Алашорда өкіметінің тарихы мен тығыз байланысты. Ол революцияға дейінгі Қазақстанда кеңінен танылып, топ арасынан суырылып шыгып, халық үшін еңбек еткен және жалпы демократиялық прогрессивтік бағыттың ағымында болған алғашқы қазақ интеллегенциясының майталман, белді өкілдерінің бірі.

20-ғасырдың екінші жартысындағы санаулы жылдардың ішінде Қазақстанға бір жарым миллиондай орыс, украин, белорус шаруалары коныс аударып, оларға қазақтардан 20-миллиондай десятина жер алып берілді. Өлкедегі халық санының үштен бірі өзге ұлт өкілдері болып шықты. Бұл жағдай сол кездегі көздері ашық, халқының қамын ойлай бастаған қазақтың зиялы азаматтарына қозғау салды. Сол қапастан құтылудың ең бірінші қадамы надандықтан арылу, іргелі елдердің қатарына қосылып, өнер, білімге тартылу деп білген олар өздерінең бұрын өткен ағартушы ағаларының дәстүрін жалғастырып, қалың бұқара арасында осы бағытта насихат жұмысы өрістеді. Осындай ұйқыда жатқан қалың елді оятуға кіріскен Жақан. .

Ұйқыда жатыр қазақ көзін ашпай,

Кеттік қой отқа күйіп, өрттен қашпай.

Һәр халық алға кетіп жатса дағы,

Біздің жұрт шегінеді қадам баспай, -

деп жазып қазақ халқын басқа ілгерішіл, өркениетті елдер мен терезесі тең ел жасауға үн салады. Ресейдің отаршылдық саясатын әшкерелеп отырады.

,, Ең алдымен қазақ халқы басқа прогрессивті елдер сияқты емес, Россияға тәуелді халық…Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады,, -деп, ол халық күйзелісін жан-тәнімен түсіне білген. Патшаның қазақ жеріне мұжықтарды қоныс аударуының әдейі істелген саясат екенің әшкерелейді,, Қазақ жеріне бұл мұжықтарды не үшін жер аударды. . Әлде Россияда жер аз ба. . Шұрайлы жер аз емес, бірақ соның бәрі байлардың, дворяндардың, помещиктердің қолында, олар өз жерлерін ешқашан тегін бермек емес, ал аштан өлуге шақ жүрген мұжықтардың оны сатып алуға шамасы жоқ. Түрлі деңгейдегі министрлер, жоғарғы чиновниктер мен генералдар Россияда көбейіп келе жатқан мұжықтардан құтылу үшін оларды біздің қазақтардың арасына жер аударуда,, Шынында патша өкіметі 1Думаның депутаты Марковтың айтқан ойын ұстанып келді. Марков; <Қазақтар-Шыңғысхан мен Ақсақ Темірдің ұрпақтары, сондықтан да оларды Америкадағы үндістер қандай күйге ұшыраса, нақ сондай күйге ұшырату керек”-деген болатын.

1906-жылы Міржақып қазақ конституциялық-демократиялық партиясының делегаттарымен бірге Петербургке барады. М. Дулатұлының әлеуметтік саяси көзқарастарының қалыптасуында, ой-өрісінің кеңейіп, ішкі сенімдерінің беки түсуінде бұл сапардың шешуші маңызы болды.

Қазақтарды бодандықта ұстауды мақсат еткен патша өкіметі 1907ж 3-маусымда қазақтарды Мемлекеттік Думаға қатысу правосынан айырды да қазақтардың өзін-өзі билеуінің соңғы мүмкіндігін құртты. Оған қазақтың оқыған зиялылары қарсы шығып, наразы болды. Думаға депутат жіберуге күш салды. Патша қазақ сияқты «бұратана»,, халықты надандықта ұстағанды тәуір көрді. 1905-ж төнкерістен кейін елге шолақ бостандық беріп, алғашқы екі Думадан кейін Орта Азия халықтарын, оның ішінде қазақты да, , бұлар әлі мемлекет ісіне араласуға жетілмеген,, деп кемсітіп, Думаның маңына жолатпай қойды. М. Дулатұлы өзінің « Үшінші июнь законы һәм қазақ» деген еңбегінде патшаның бұл Думасының әділетсіз екендігін сыңайды. Оның шын мағынасындағы Дума еместігін түсінеді. Патшаның қазақтан депутат алмау туралы жарлығына наразы болып, Думада қазақ істері қаралатының, ал оған қазақтың депутаты қатыспаса, қазақтың жай-күйін білмейтін басқа депутаттар қанша шешен, білімді болып тұрса да істі тура шеше алмайтынын айта келіп былай дейді,, Қазақты үкімет надан деп сылтау қылса да, әуелгі екі Думадағы қазақ депутаттарының көбі надан емес еді, оқыған, шешен, қазақ жайын жақсы білетін адамдар еді. Енді Думада жер, дін, земство билік, оқу һәм басқа қиын мәселелер қаралмақшы. Қазақтың өзінең депутат болмаса, әлгі мәселелер жайынан қазақты жек көретін Пуришкевичтер не айтпақшы, жаны ашитын Милюковтар не демекші?» Міржақып Думаға қазақ істерін әділ шешу үшін депутат сайлатуға көрші Ноғай халқына берілген депутаттық орынның біреуін сұратады. Қазақтың ауыр халын түсінген Ноғай халқы, адамгершілік жасап, бір орның қазаққа береді. Бірақ қазақтар ауыз-бірлік жасап, сол бір орынды да иелене алмайды. Халқының қараңғылығына, бытыраңқылығына, надандығына Міржақып қатты налиды.

Сол кезде біздің қазақ ала болған,

Көлденен дұшпандары және болған.

Күштісі нашарларын шауып алып,

Бұрынғыдай болмаған пәле болған.

«Таршылық халіміз хақында аз мінәжат» деген өлеңінде сол кездегі қазақтың жайын, тұрмысының нашарлығын және оның себептерін, патшалық Россияның отаршылдық саясатын айта келіп, халықты тура жолға шақырады, саясатын әшкерелеп, ұлты жері үшін енбектенуге үндейді.

Көп жылдар бойы Міржақыпқа «ұлтшыл» деген ат тағылып келгені белгілі. Ал, шыңырауда қалып қойған халқын басқа халықтар сияқты прогрессивті ел қатарына жетелеген осындай азаматты ұлтшыл деуге бола ма?Ең бастысы, ол өз ұлтын басқа ұлттан жоғары қоятын емес қой? 1929-жылы түрмеде жатқанда қалдырған естелігінде Жақан патшаның озбырлығына, әділетсіздікке, заңсыздыққа қатты наразы болып, былай деп жазады; «Губернаторлар ояз бастыктарын былай қойғанда, қазақтың қара шекпендісі ең кішкентай урядниктің алдында қалтырау мен күн өткізді, түкке тұрғысыз тілмаш шенеуніктері, болыс әміршілері қолдары мен от көсеп, одан сайын үрей шақырып, ұлтты адам төнгісіз қорлауға көндіріп келді:дүрелеу, зорлық, пара алу, өтірік ақпар беру үйреншікті мінезге айналды, қазақ әйелдері күн есебінде кісі есігінде жүрді. Ал патша үкіметі осы халықтың көзі ашылсын-ау, ойы оянсын-ау деп мектеп ашудың орнына, керісінше өз қаражаты мен мектеп ашуға ұмтылған (Тотығұлов, Науан хазірет) адамдарды, айыптап, тыйып отырды, жер аударды, түрмеге жапты.

Айтуы жоқ алым-салық, зілбатпен жылу жинау онсыз да сорлап жүрген кедей сорлылардың айналып келіп мойнына ілінді. Бірнеше жүз бас малы бар әлділер 5-10 тұяқтың ізіне қараған мүсәпір мен тең салық төледі. Әділетсіздік қадам басқан кездесіп отырды. Осылайша Міржақып сол кездегі туып отырған қайшылықтарға, оның себеп-салдарына ой жіберіп дәлелдеуге тырысады. Халыққа оның сыр-сипатын ұқтырғысы келеді. Түп-төркінің ашады. Сол кездегі қалыптасқан салық жинау тәртібіне қарсы болады.

М. Дулатұлы қазақ халқын көркейтетін жолдың бірі отырықшылық деп біледі . Мұжықтардың толассыз көші салдарынан қазақтардың ең жаман жерге қарай қуылып, шұрайлы жерлерінен толық айрылып қалуы ықтимал еді. Міржақып отырықшы елдердің мәдениетінің озықтығын, техникасының тамаша жетістіктерін, оқу-білімнің дамығандығын қызыға айтады. Сондықтан ертерек жақсы жерлерге орнығып, қала болуға шақырады: «Жері тарылса малдың өрісі қысқарады. Өліс қысқарса күнен- күнге аяқты мал да азаяды. Бұлай болғанда қазақтың әуелі малы келіп, бастарына зарар болар. Құдай өзі сақтасын! Мұның һәммасын көре тұрып ғафил жату адамшылыққа лайық

емес : қазақтар атамекен жерлерін, қыстау егіндіктерін жақсы сақтасын, бұрынғы көп жерінен айырылып қалғандары өздерінің қазіргі сыбағасына тиген жерлеріне тәрбиелеп, ноғай, сарт, орыстарша егін салсын. Неге десеңіз, бұл заманда байлық аяқты малда емес, егінде қалды. Бұл өткен қырық-елу жылды көзінен көшірген қазақ бауырмалымыз аз фаһим жіберсе, бұл сөзді аңғарар», -дейді Жақаң отыр ықшылықтың қажеттілігі жайында.

1909 жылы белсенді қайраткер, саяси күрескер, шабытты ақын ретінде бұхараға танымал болса бастаған М. Дулатұлының Қазақ

қаласындағы « Шарық» басынан «Оян, қазақ!» жарық көруі баспа ісі жөніндегі Бас басқарманы қатты абыржытты, ақыры оның бірінші басылымын да, Міржақыптің өзін де тұтқынға алды. Патша цензурасы кітап бойындағы 1905 жылғы ревалюция рухына төзе алмаған еді. Кейіннен, 1917 жылы « Қазақ»гәзетінің маусымындағы санында Дулатұлы былай дейді: «Оқушыларға мағлұм «Оян, қазақ!»өлең кітабымды ескі өкімет шам көріп, «қазақ оянын кетеді»деп қорқып, 1911 жылы мені сотқа берді.

Сол себепті жыл жарымнан артық абақтыда жатып шықтым. «Оян, қазақ!» халық арасында таралмасын деп, үкімет үкім салды!»

Содан көп ұзамай атышулы 1916 жыл келді. Міржақып Дулатұлы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Міржақып Дулатовтың публицистикалық - лирикалық жинағы
Даулы мәтіндердің авторизациясы: ХХ ғасырдың I ширегі
Міржақып Дулатұлының педагогикалық негіздері
Міржақыптың балалық шағы
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында. Дулатовтың өмірбаяны
Мiржақып Дулатұлының ағартушылық көзқарастары хақында
Алаш тағылымы - тәуелсіздік негізі
М.Қалтаевтың шығармашылық мұрасы. Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар жайлы
Шыңғыс хан
Алаш қозғалысы. Алаш қайраткерлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz