Зертханалық жұмыстар №4.1-4.3: Internet Explorer-де бастапқы бетті баптау, Web-беттерді көру мен сақтау және түйінді сөз бойынша іздестіру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Зертханалық жұмыс №4. 1.

Тақырыбы: Microsoft Internet Explorer броузерінің бастапқы бетін баптау

  1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз (Пуск→ Программы→ Internet Explorer) .
  2. Егер іске қосылғаннан кейін программа бірден қандай да бір Web-бетті жүктеуге тырысса, Тоқта (Стоп) батырмасын шертіп, жүктеуді тоқтатыңыз. Адрес жолындағы жазбалар бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL - адресін орнатыңыз.
  3. Сервис → Шолушының қасиеттері (Сервис→ Свойства обозревателя) командасын орындаңыз. Ашылған Шолушының қасиеттері (Свойства обозревателя) сұхбат терезесінде Жалпы (Общие) қыстырмасын ашыңыз.
  4. Үй беті (Домашняя страница) панелінде Адрес өрісін іздеп тауып, осы өрістегі жазба бойынша броузер бастапқы бет ретінде қолданған беттің URL-адресін орнатыңыз.
  5. Бос беттен (С пустой) батырмасын шертіңіз. Бастапқы беттің адрес өрісінде about:blank жазбасы шыққанын байқаңыз. Бұл қайта қосқанда, программа бастапқы бет ретінде ешқандай Web-бетті жүктемейтінін көрсетеді.
  6. Қолдану (Применить) батырмасын шертіп, одан соң Шолушының қасиеттері (Свойства обозревателя) сұхбат терезесін ОК батырмасымен шерту арқылы жабыңыз.
  7. Программа терезесін жаыңыз.
  8. 1-ші бөлімінде көрсетілгендей программаны қайта қосыңыз.
  9. Программаны қайта қосқаннан кейін ешқандай бастапқы беттің жүктемейтіндігін және Адрес өрісінде about:blank хабарламасы жазылғанына көз жеткізіңіз.
  10. Программа терезесін жабыңыз.

Зертханалық жұмыс №4. 2.

Тақырыбы: Web - бетті көру және сақтау

  1. Internet Explorer программасын іске қосыңыз.
  2. Адрестік жолдың өрісіне келесі URL-адресін енгізіңіз: www. rambler. ru - Рэмблер іздестіру жүйесінің титулдық беттерінен жүктеу басталады.
  3. Титулдық бетте Спорт бөлімін іздеп тауып және оның гиперсілтемесіне шерту арқылы оған өтіңіз.
  4. Спорт бөлімінің сілтеме тізімінде Футбол сілтемесін іздеп табыңыз. Тышқан нұсқағышын соған бағыттап сол жақ батырмасын шерту арқылы футболға арналған бөлімге өтіңіз.
  5. Артқа (Назад) батырмасын екі рет шерту арқылы іздестіру жүйесінің титулдық бетіне оралыңыз.
  6. Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы Футбол бөліміне қайтып келіңіз.
  7. Броузер терезесін жаппас бқрын индикация панелінде орнатылған байланыс таңбашасына тышқанның оң жақ батырмасын шертіңіз. Ашылған жанама менюден Ағытылу (Отключиться) бөлімін таңдаңыз - интернетке қосу ажыратылады.
  8. Артқа (Назад) батырмасын екі рет шерту арқылы алдында қарастырған беттерге оралыңыз, ал сосын Алға (Вперед) батырмасын екі рет шерту арқылы кері қайтыңыз. Интернетке қосылмаған жағдайда да ертеде алынған Web-беттер бойынша шолу жасауға болатынына көз жеткізіңіз. Бұл дербес режім деп аталады. Бұл жағдайда оның мүмкіншіліктері алынған Web-беттердің компьютердің жедел жадында сақталуымен тығыз байланысты.
  9. Аңымдаңы Web-бетті қатқыл дискіде сақтаңыз. Бұл үшін Файл →Қалай сақтау керек (Файл→Сохранить как) командасын орындаңыз - Web-бетті сақтау сұхбат терезі ашылады. Бұл жерде сақталатын бетке жаңа ат енгізуге болады. Файл типі ретінде Веб-бет толығымен (Веб-страница полностью) нұсқасын таңдаңыз. Бұл жағдайда бет барлық безендіру элементтерімен бірге сақталынады, мысалы суреттерімен. Егер сақталатын файл типі ретінде Веб-бет тек HTML ғана таңдалынса, онда енгізілген объектілері бар қаптама сақталынбайды. Мұндай файлды кез-келген броузерде қарастыруға болады. Егер сақталу типі ретінде Мәтіндік файл (Текстовый файл) таңдалынса, алдағы уақытта кез-келген мәтіндік процессорда қарастыруға болатын мәтін ғана сақталынады.
  10. Web-беттің сақталу орны ретінде С:\Windows\Temp қаптамасын алыңыз. Уақытша файлдарды \Temp қаптамасында сақтау қабылданған.
  11. Таңдамалы →Таңдамалыға қосу (Избранное → Добавить в избранное) командасын берсеңіз - Таңдамалыға қосу сұхбат терезесі ашылады. Оның құралдары бізге ағымдағы беттің URL-адресін есте сақтауға және болашақта оны броузердің адрес жолына енгізубеуге мүмкіншілік береді. ОК батырмасын басыңыз.
  12. Таңдамалы (Избранное) командасын орындаңыз, сол кезде менюде ағымдағы бетке сілтемесі бар жазба пайда болғанын көресіз.
  13. Артқа (Назад) батырмасының көмегімен алдыңғы бетке қайта оралыңыз.
  14. Таңдамалы (Избранное) командасын орындаңыз және жаңадан құрылған сілтемені шертіңіз. Адресі таңдамалы сілтемелердің тізімінде сақталынған бет бірден жүктелетіне көз жеткізіңіз. Оның бейнесі жедел жадтан алынады. Болашақта ол Интернеттен жүктелінеді.
  15. Таңдамалы (Избранное) командасын тағы да орындаңыз. Жаңа құрылған сілтемені тауып алыңыз. Оған тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, ашылған жанама менюден Жою (Удалить) бөлімін таңдап алыңыз. Таңдамалы сілтемелердің тізіміндегі жаңа құрылған сілтеменің жоғалғанын байқайсыз.
  16. Internet Explorer программасының жұмысын аяқтап, оның терезесін жабыңыз.

Зертханалық жұмыс №4. 3.

Тақырыбы: Түйінді сөз бойынша ақпарат іздестіру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет және World Wide Web: қосылу, гиперсілтемелер, іздеу және Internet Explorer 5.0-пен жұмыс
Интернет пен World Wide Web: негізгі ұғымдар, қосылу әдістері, Internet Explorer 5.0-мен жұмыс және іздеу жүйелері
Интернет және Web-браузерлер: Internet Explorer-дің мүмкіндіктері мен қолданылуы
Интернет негіздері, World Wide Web және Internet Explorer 5.0 шолушысы
Интернет құрылымы және HTML мен JavaScript негіздері: Web-беттерді құру
Интернет негіздері: қосылу, Internet Explorer және веб-беттермен жұмыс
Интернет қызметтері мен Internet Explorer-пен жұмыс істеу
Интернет және World Wide Web негіздері: қосылу түрлері, компьютерді желіге дайындау және Internet Explorer 5.0 шолушысының сипаттамасы
Интернет және WWW негіздері: қызметтері, хаттамалар және Internet Explorer 5.0
Internet Explorer және интернеттегі ақпараттарды сақтау, іздеу және электрондық жеткізу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz