Қиын баланың дүниетаным ерекшелігі
Адам – табиғатынан дарын
Мухышева Г.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының
педагогика және психология мамандығының
4 курс студенті, Арқалық қаласы
Қазақстан -2030 стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым
мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі-мемлекет
үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін
қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда негізгі жетекші
күш − адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі. Бұл мақсатты
орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет,
дарынды балалар анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.
Қазақстан Республикасының Білім беру заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық
дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп
отыр.
Қоғам үнемі даму үстінде.Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму
деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан.Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы
да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.Қазақта адам ұрпағымен мың жасайды
дейді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: Біздің жас
мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді.Олар өз ұрпағының өресі биік,
денсаулығы мықты өкілдері болады дейді.Дарындылық − баланың алғырлығы,
зерделілігі және қабілетімен дамып отыратын үздіксіз үрдіс, сонымен қатар,
табиғи психологиялық ерекшелік. 2;25) Жас өркеннің бойындағы табиғат берер
ерекше қабілетті,дарындылықты тани білу,оның ары қарай дамуына бағыт-бағдар
бере білу ерекше қиын іс. Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап,оны сол
бағытта жетелеу − ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының
озық өнегесін оның санасына сіңіре білу,оларды шығармашылық бағытта жан-
жақты дамыту-бүгінгі күннің басты талабы. Дарындыларға адалдық сезімі күшті
жетіледі. Шындықты,турашылдықты қостайды. Қоғамдағы теңсіздікті бірден
сезінеді. Дарынды балалардың шамалары талпынуы,олардың даму тұрғысынан
пайдалы. Оларға әр түрлі сұрақтардың жауабын табу қызықты және қоршаған
ортаны белсенді түрде зерттейді. Дарынды бала өз әрекетін шектеуді
ұнатпайды.
ХІХ ғасырда қазақ халық ағртушылары да халықты сауаттандыру,жеке
тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы.Алтынсарин
Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса,оны дамытып,өзі
көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке
жетелейтін озық білім дейді.
Ш.Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен
тәрбиенің шешуші роль көрсетілген.Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой
қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-
ойы жүйріктігімен, таңқаларалық көңілшектілігімен ерекшеленеді.
Ш.Уалиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның
табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
А.Құнанбаев адамды қоршаған орта-табиғатының бір бөлігі дей келе,
табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы-туылғаннан бастап
білуге,түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ,бала өсе келе осы
қасиетті біртіндеп жоғалта береді. Ақын адамның ойы мен санасы еңбек іс-
әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: кей қасиет туа бітеді,ал
кейбірі еңбек арқылы қалыптасады. Әдетте дарындылықтың тұқым
қуалайтындығы, ұрпақтан ұрпаққа берілетіндігі сөзсіз. Ендеше Абайдай Ұлы
тұлғаны өмірге келтірген Құнанбайды дарын емес деп кім айтады?
Абай, Шоқан, Ыбырай ақын жазушылардың шығармаларындағы табиғатқа елге
жерге деген сүйіспеншілік көзқарасының негізін - өз ұрпағын табиғатпен
қарым-қатынас жасауда ізгілікке, парасатылыққа шақырған үндеуін
адамгершілік нормада баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары
бағалауын көреміз.
Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін
мойындай отырып,адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің,
еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.
Н.Ожеговтың сөздігінде дарындылық табиғаттан берілетін ерекше
қабілет деп түсінділіеді.Адами ойлау,ізденімпаздық-табиғаттың адамзатқа
берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары сөзсіз.Табиғат
оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау,ал үшіншісіне
мүлдем жарытпай тарататыны да анық.
Д.Ж. Рензулли пікірінше, шығармашылық табиғаты адам іс-әрекетінің түрі
ретінде жалғыз,сондықтан жеке адамның шығармашылыққа қабілеттілігі де бір
тұтас, түрлі қажетке жарамды болмақ.Ол шығармашылық табиғатынан шыға
отырып,бір салада бір нәрсені жасауды үйренген жеке адам өзінің осы
іскерлігін келесі салаға еш қиындықсыз жеткізе алады деген болжам
жасайды.Осыған сәйкес,жеке бастың шығармашылық түрлерін белсенділігіне
сүйеніп,шығармашылық түрлерін бөлудің еш қажеттігі жоқ екендігін айтуға
болады.
Экологиялық білім тәрбие беру конститутциялық функциясы жарыққа шықты.
Қазақстан Республикасының конститутциясы,оның 30-31 баптарында Қазақстан
мемлекет адамзат баланың тіршілік өміріне денсаулығына қолайлы жағдай
жасап,адам баланың айналасын қоршаған табиғи сыртқы ортасы оларды қорғау
мақсатын көздейді.(3;15) ҚР 15.07.1997 ж. Қоршаған ортаны қорғау туралы
заңның 73-74 баптарында экологиялық білім тәрбие берудің жалпыға бірдейлігі
үздіксіз болу қарастырды.
Қазіргі кезеңде көптеген рухани құндылықтар теріске шығарылып,
балалардың сана-сезімі мен моральдық бейнесіне, жан дүниесіне қатігездік
пен азғындаушылық көріністерін насихаттаушы ақпараттық қысым көрсетіліп
отырған жағдайда оқушылардың санасында, ой-өрісінде жалпы
азаматтық,адамзаттық рухани құндылықтар мен жоғары адамгершілік қасиеттерді
қалыптастыру, оқушы тұлғасының даму барысын психологиялық жан-жақты және
үздіксіз зерттеу, оның даралық ерекшеліктерін танып, дарынды балаларды
дұрыс бағытта дамыту, әр түрлі әлеуметтік және моральдык психологиялық
жағдайларда қолдау көрсету,дүниетанымын қалыптастыру көкейкесті мәселеге
айналып отыр.
Ж.Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен,
қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді
дамытатын − оқыту мен тәрбие.
Дарынның дамуына қолайлы жағдай жасау үшін балаға әсер ететін
орталар:ата-ана, мұғалім, мектеп рольін анықтау үшін бағдарлама қажет.Ол
бағдарламаның мақсаты-баланың жеке басы ерекшеліктерінің дамуына жол ашу
қабілетіне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру,оның дамуына ерекше жағдай
туғызу.
Бағдарлама міндеттері:
- оқушылардың жан-жақты табиғи,интеллектуалдық қабілетін дамыту;
- оқушылардың арнаулы шығармашылық қабілетін айқындау ,дамыту;
- терең және жан-жақты ғылыми негіздерін игеру білімі бойынша тұрақты
дүниетаным көзқарасын қалыптастыру:
- өз бетімен білімін көтеру және ғылыми зерттеу қызметінің дағдыларына
оқыту, сонымен қатар жеке бастың өзін жетілдіруге ішкі қажеттілігін
қалыптастыру;
- жеке бастың өнегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін,
қарым-қатынасын қалыптастыру;
- жеке бастың үздіксіз жетілуіне ішкі қажеттілік қалыптастыру;
Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру оларды осы заманғы ғылыми
біліммен қаруландыру. Мектепте оқылатын пәндер табиғаттың құбылыстары мен
процестері заңдылықтары туралы белгілі бір ұғым жүйесін жасайды. Негізінен
дүниетаным адам санасының арнайы формасы қоғамдық өмірге табиғатқа өзіне
көзқарасы сенімі. Дүниетаным жеке адамның табиғи әлеуметтік құбылыстарды
түсіндіру туралы пайымдауы ой тұжырымы. Енді біздің алдымызда тұрған міндет
жас ұрпақты жан-жақты білім бере отыра олардың дүниетанымын қалыптастыру.
Дүниетанымның қалыптасып дамуына әсер ететін факторлар көп. Оларға:
- адамның материалдық жағдайы
- әлеуметтік орта, тәрбие ақпарат құралдары
- сыныптан мектептен тыс тәрбие жұмыстары
- қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуы жатады.
Балалардың қоғамдық өмірге ынтасын кеңейтіп тәрбиелеп,саяси мәдени ой-
өрісін кеңейту, дүниетанымын қалыптатыру, табиғатты бағалауға үйрету басты
мақсат. (1;48)
Баланың бойындағы дарындылықты дамытып дүниетанымын қалыптастыру үшін
дамыту шаралары. Жеке ерекшеліктері анықталып болған соң оларды дамыту
жұмыстары басталады. Яғни, баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми
негіздеуге жоспар құрылады. Жұмысты жүйелі түрде ұйымдастыру:оқу
бағдарламасын жасау, жаңа техногогия мүмкіндіктерін пайдалану,
психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік бақылаулар жүргізудің арнайы
әдістері болуы, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетінше
білім алуға жетелеу.
Көп жағдайда әр түрлі іс-шаралар жасалмай жатады. Оған бірден бір
себеп,ата-ананың әлеуметтік жағдайына,мұғалімнің дұрыс жетекшілік етпеуінен
және бала бойындағы ерекше қабілетті көре алмай,дарын ретінде танытуға
мүмкіндік жасамау. Егер ата-ананың әлеуметтік жағдайы мүлдем келмей жатса,
мектеп және мектеп ұжымы, мұғалімдер бала бойындағы қабілетті көрсетіп,
дарын ретінде көрінуіне жан-жақты жұмыс жасау керек. Мұндай іс-шаралар
жасалса,бала биіктен көрініп жатса, ол мектептің мұғалімнің абыройы.
Сондықтан дарынды балаларды үнемі қолдап, демеу жасау керек.
Мұғалімдер дарынды балалардың дүниетанымымен оқу тәрбие жұмысын толық
қамту үшін,оның кәсіптік қабілетіне мындай талаптар қойылады:
- бақылау жүргізу қабілеті. Анықтауда тест бағдарлама құра білу;
- диогностикалық тексерулерден алған қортындылар бойынша баламен жұмыс
істеу бағдарламасын құра білу;
- оқу бағдарламасын қажетіне қарай өзгерте білу;
- оқушының икем бағытынын, қабілетін нақты ажырату, оған ықпал ету
жолдарын сәтті талдаудағы ептілік;
- арнайы оқу жоспарымен жұмыс істеуі;
- сөйлеу шеберлігі, ой қорыту жоғарлылығы;
- ата-аналармен байланыс жасауы және кеңес бере білуі;
- балалардың өмірлік ұстанымы мен олардың сенім мұратын, көзқарасын
қалыптастыра білу қабілеті;
- балаларды қошаған ортаға баулып, табиғатты сүюге және табиғатты
қорғау әрекетін ынталандыруды көздеу.
Ал дарынды балаларға ата-аналардың тигізер әсері:
-баласының қабілетін шектемеу;
-қолынын келгенше барлық мүмкіндік жасау;
-қолдау көрсету;
-баласының жетістігін мақтап отыру;
-қолайлы жағдай жасау;
-баласының нені істей алады, нені істей алмайды соны қадағалап бағыт
беріп өз қарауына алып қамқор жасау;
-баласына табиғаттан берілген ерекше қабілетті көре білу, демеу жасау;
Негізінен ата-аналармен мұғалімдердің міндеті-баланың талпынысын
қолдау, жан-жақты жағдай жасау. Қандай жағдай болмасын балалар біздің
болашағымыз, сондықтан әр уақытта биіктен көрінуіне жағдай жасайық.
Әдебиеттер:
1. ҚР Конститутция. Алматы, 1995 ж., 6 қыркүйек.
2. Н.Назарбаев, Қазақстан -2030 Білім. А. 1998.
3. С.Әбенбаев. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы., Дарын 2004 ж.
4. У.В. Жексенбаева, А.К. Сотова, Педагогика и психология одаренности
школьников, Алматы, 2002 г.
5. Д.Ж. Рензулли. Основные современные концепции творчества и
одаренности. М, Молодая гвардия .1997 г.
Қиын баланың дүниетаным ерекшелігі
Утеулина М.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру
ұйымдарында білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ауруына жол бермеу,
денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын
ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі деп
көрсетілген. [1.54]
Бұл тұжырымдамада жас өскелең ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие
алуына мүмкіндік жасаудың жолдары қарастырылған.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан–2030 жолдауында да білім мен
тәрбие берудегі көлденең тұрған қиындықтарды жою мақсаты көзделген.[2.67]
Қазіргі таңда жоғарыда аталған тұжырымдамаларға сәйкес оқушылардың
дүниетанымының қалыптасып, саналы азамат болуына ерекше назар аударылуда.
Алайда бүгінгі күні қиын бала мәселесі психологиялық-педагогикалық
проблема ретінде күн тәртібінен түспей отыр. Мұның өзі қиын оқушылар
санының жылдан-жылға өсіп отыруымен байланысты болып табылады. Бір
уақыттарда қиын оқушыларға көбінесе жасөспірімдер жатқызылса, бүгінгі
таңда бастауыш сынып оқушыларының арасында да осы категорияға жататындарда
аз емес.
Қиын балалар ұғымы 1920-1930 жылдары пайда бола бастады. Ал 1950-
1960 жылдары қоғамдық ғылымдарда қолданысқа енгізілді. Осы кезден бастап,
қиын бала мәселесі көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналды.
Қиын бала ұғымына ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтама түрлері
берілген:
- өмірі ауыр жағдайындағы балалар; (А.С Белкин)
- ата-анасының қарауынсыз қалған балалар; (С.Шацкий)
- мемлекеттік көмекті қажет ететін балалар; (П.Блонский)
- қоғамдық тәрбиені қажет ететін балалар (А.С.Макаренко)
В.Трифанов зерттеулеріндегі қиын бала анықтамасы-күнделікті
педагогикалық әсерге көне бермейтін, өзіне қосымша уақыт бөліп қарауды,
мұғалімнің ерік-жігерін, күшін, қажырлы еңбегін қажетсінетін оқушы. Ал
А.Фортунов қиын бала ұғымына үлгермеушілер мен тәрбие ықпалына
көнбейтіндерді жатқызады.
Қиын бала мәселесімен Г.А. Уманов, Ә.Ж. Жұмабаев, В.В. Трифонов,
Л.К. Керімов, А.С. Белкин, А.Н. Кочетов, Л.М. Зообин, И.А. Невский,
А.Л. Высотина, В.Д. Луганский, В.А. Яковлев, С.Шацкий, А.Выготский,
П.Блонский, А.С. Макаренко, А.П. Буева, Ж.Әбділдин, Н.Елікбаев, Ж.Аймауытов
т.б. ғалымдар айналысқан.
Аталған ғалымдар қиын балалардың мінез-құлық ерекшеліктерін, жүріс-
тұрысындағы жат қылықтарды зерттеп, оларды қайта тәрбиелеу жолдарын
көрсетті. Мәселен, Ә.Жұмабаев мектептің қиын оқушыларымен жұмыс жүргізу
жүйесін жасады, В.Трифонов болашақ мұғалімдерді қиын оқушылармен жұмыс
жасай білуге дайындау мәселесін көтерді, ал Л.К.Керімов қиын балаларды
жеке және топтап қайта тәрбиелеу бағдарламасын ұсынды.
Сондай-ақ, бұл ғалымдардың зерттеулері қиын оқушылардың пайда
болуының бірнеше себептерін атап көрсеткен:
Біріншіден, отбасында тәрбие ісіне жеткілікті көңіл бөлмеуден, яғни
тұрмыстағы дау-жанжал, ата-аналарының маскүнемдікке салынуы немесе олардың
біреуінің болмауы кері ықпал жасайды. Осы орайда ғалым-педагог В.В.Трифонов
тәрбиесі нашар балалардың пайда болуына қоршаған шағын ортасы (микросреда)
отбасындағы тәрбиесі ықпал ететіндігін атап көрсете отырып, өзі жүргізген
зерттеу жұмыстарының барысында қиын балалардың 44%-да толық отбасы
болмағанын, 30%-да жақын туыстарының біреуі (әкесі, шешесі немесе ағасы)
заң алдында жауапқа тартылғандар, ал 15%-да әке-шешесінің біреуі ішімдікке
салынғанын анықтаған. Бұдан шығатын қорытынды, қиын балалардың пайда
болуының негізгі себебі-отбасы тәрбиесінің дұрыс жолға қойылмауы. Сонымен
бірге, В.Трифонов қиын оқушының пайда болуының физиологиялық,
психоматикалық негіздері бар екендігін де ескертеді. [3.28]
Қиын балалардың шығу себептеріне XX ғасырдың басында өмір сүрген
қазақ зиялылары да бей-жай қарамаған. Ж.Аймауытов: Адам баласының ұрлық
істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сияқты бұзақылықтарды жасауы
тәрбиенің жетіспегендігінен...баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір
шарт жас күнінде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешесінің тәрбиесі арқылы
қалыптасады деген орынды пікір арқылы бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне
ерекше мән берген. [3.66]
Екіншіден, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда мұғалімдердің,
сынып жетекшілерінің, мектеп әкімшілігінің тарапынан жекелеген оқушылардың
мінез-құлық ерекшеліктерін, талап-тілектерін, қызығушылықтарын ескермеуден
туындайды. Сондай-ақ, мектеп пен отбасының арасындағы байланыстың дұрыс
жолға қойылмауы да әсер етеді.
Үшіншіден, бұқарахалықтың, қоғамдық ұйымдардың тәрбие ісіне немқұрайлы
қарауы, оқушыларың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлмеуден
туындайды. [3.35]
Қиын балалардың пайда болуының әлеуметтік себептерімен бірге,
экономикалық жақтарын да ескеру керектігі туралы белгілі педагог
А.С.Макаренко былай дейді: ерекше заң бұзушылар жоқ, тек қиын жағдайға тап
болған адамдар бар, яғни белгілі бір ортасыз, достарынсыз қалған, жанашыры
жоқ, тұрмыстың бар ауыртпалығы бір өзінің мойына түскен, өмірлік тәжірибесі
жоқ кез-келген бала заң бұзушылыққа барады.
Қиын балалар намысқой келеді, олар бір нәрсеге өзінің жарамсыз екенін
сезіп тұрады және сол себептен қиянат жасауға физикалық күшін жұмсап,
маған бәрі жоғарыдан төмен қарайды, мені адам екен деп санамайды, мен
оларға көрсетемін деген ой тұжырымдап өзін-өзі сендіреді.
Әлбетте, қиын бала сабақты жиі қалдырады, бір орнында ұзақ уақыт
тыныштық сақтап, отыра алмайды, кей жағдайда отырған жерінде дау-жанжал
шығарады. Бұндай балалар қоғамдағы келеңсіз жағдайларға жиі ұшырасады.
Мәселен, біреудің мүлкіне қол сұғу, өзгенің денсаулығына зиян келтіру т.б.
Қиын адамгершілігі төмен, топтастарымен тіл табыса алмайтын болып
келеді. Сонымен қатар қиын балалардың психикалық дамуы кейін қалған, бұған
себеп оларды ұжым мәселесі мүлде қызықтырмайды.
Қиын оқушылардың танымдық процестерінің ерекшеліктеріне тоқталар
болсақ, олардың объектіге көңіл аударуы үлкендердің қадағалауымен жүзеге
асады. Сондай-ақ олардың ойлау қабілеті төмен, өзіндік пікірін жеткізе
алмайтын болып келеді.
Қиын баламен жұмыстағы экологиялық тәрбиенің орны ерекше.
Экологиялық тәрбие беруде мектепте жүргізілетін және мектептен тыс
жұмыстарды ұйымдастыру оңтайлы шешім болып табылады.
Сондықтан мұғалімдер, мектеп әкімшілігі қиын оқушыларды қоғамдық іс-
шараларға (қоқыс тазалау, көшет отырғызу, гүл егу т.б.) белсенді түрде
араластыру қажет.
Әсіресе көктем мезгілінде еліміздегі жасыл ел бағдарламасын басшылыққа
ала отырып, қиын оқушылар жасағын құрып, көгалдандыру жұмысын жүргізген
абзал.
Қиын оқушыларға экологиялық тәрбие беруде сыныптан тыс жұмыстардың
маңыздылығын айта келе, төмендегі жоспарды ұсынамыз.
Қиын оқушылармен ұйымдастырылатын экологиялық тәрбиелік іс жоспары
Мақсат-міндеттері Мерзімі Сынып бойынша
тәрбиелік іс
атаулары
Қоршаған ортаны таза ұстауға баулу,Қыркүйек Сенбілік өткізу
дағдыландыру; Қазан
Мектеп өміріндегі қоғамдық Қараша
іс-шараларға бейімдеу;
Табиғаттың адамзат үшін қажет Сәуір Көгалдандыру
екендігін түсіндіру; жұмысы
Оқушыларды табиғатты аялауға Мамыр
үйрету;
Қиын баламен жұмыстағы экологиялық білімнің де алатын орны айрықша.
Мектеп бағдарламасындағы (биология, география, астрономия т.б.) пәндер
арқылы қиын оқушылардың экология жөніндегі түсінігін қалыптастыруға болады.
Сонымен қатар ата-бабамыздан қалған көне тағылымдарды негізге ала
отырып, қиын оқушыларға экология жайлы мағұлмат берген дұрыс шешім болып
табылады.
Әсіресе төменгі сыныптарда экологиялық білім мен тәрбие беру
шараларында ұлттық экологиялық тиым сөздерді талдаудан бастау қажет.
Мысалы: көкті жұлма, көкті таптама, орманды өртеме, жалғыз ағашты
кеспе, өрмекшіні өлтірме, аққуды атпа, құндызды аулама, суға
түкірме т.б.
Экологиялық білім мен тәрбие беру саласында халқымыздың даналық нақыл
сөздерімен мақал-мәтелдерінің де мәні зор. Мысалы: Бабалар еккен шынарды
балалары саялайды, Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір т.б.
Экологиялық білім беру мен тәрбиелеуде көгалдандыру жұмыстарын, халық
ауыз әдебиеті мұраларын басшылыққа алса, қиын оқушыларды түзетуге үлкен
мүмкіндік туған болар еді.
Жоғарыдағы аталған білім беру мен тәрбиелеу шараларын негізге ала
отырып, өлкеміздегі Арқалық мемлекеттік түзеу мектебінің қиын оқушыларымен
зерттеу жұмысын жүргіздік. Зерттеу барысында бақылау, эксперимент т.б.
әдістерді қолдандық. Эксперимент нәтижесінде сыныптағы (сабақ, тәрбие
сағаты) және мектептен тыс жұмыстардың (көгалдандыру, сенбілік өткізу т.б.)
тиімді екендігіне көз жеткіздік.
Алайда, жүргізілген жұмыстар қиын оқушылардың дүниетанымының
қалыптасуына және олардың түзелуіне толық кепілдік бере алмайды.
Қиын оқушылардың қоршаған орта жөніндегі оң көзқарасын қалыптастыру
мәселесін әлі де зерттеу үсіндеміз.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы Астана 2000 ж. 37 бап.
2. Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы, 2009 ж.
3. Керімов Л. Қиын оқушылар мәселелері. Алматы, 1991 ж.
4. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004 ж.
Табиғатты қорғауға аялауға тәрбиелеудегі
отбасының рөлі
Ембергенова М.

педагогика және психология мамандығының 4 курс студенті, Арқалық қаласы
Отбасы – адамның өзін шығарушы жалғызда, қайталанбас ұрпақты
жалғастырушы.Баланың ар ұжданын тұрақты қалыптасуына, бірте-бірте дами
түсуіне, жетілуіне отбасының берер ықпалы зор. Әрине, адам болған соң,
соның үлкеніне де, кейінгісіне де өмір сүріп отырған қоғамымыздың әсері
мол.
Отбасы – қоғамның ең маңызды тобы, бірлестігі. Халық отбасындағы
тәрбиеге көп көңіл бөлген. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер,
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер- деген халықтың мақалдары,
бала тәрбиесіне, оның қалай өсіп, өнуіне болашағына үлкен зор көңіл
бөлгендігін байқатады.Яғни, әр бала ата-анаға, өскен ортаға қарап өседі.
Үлкендердің өнегесіне қарап тәлім-тәрбие алады.
Қазіргі таңда, ұрпақ тәрбиесі – ұлт тағдыры ең маңызды мәселелердің
бірі. Сондықтанда ұлы ғұлама Әл-Фарабидің сөзімен айтсақ адамға ең бірінші
білім емес, тәрбие керек.Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы. Ол
келшекте оның өміріне апат әкеледі (1;203 ) дегендей ,дүниеге ұрпақ
әкеліп,тәлім-тәрбие беру әр отбасының парызы деп санауымыз қажет. Ересек
адамдардың өмірі негізінен түрлі іс-әрекет , қылықтардан тұрады. Белгілі
ғалым С.Соловейчик Іс-қылық адамның парасатты әрекеті, оны намыс, ар-ұят
деп атайды - деген. (2;127).
Дегенмен де, ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс-қылықтардан
тұрмайтыны белгілі, кейде олар шалыс басады, ол кезде тіпті кейбіреулері
қылмысқа барады. Сондықтанда, есею жолындағы басты нарсе-баланы парасатты
іске, адал қылыққа үйрету, жақсы іс атқару, одан қуаныш сезіміне бөлену,
өзгені де, ата-ананы, мұғалімді, достары мен таныстарын, бейтаныс адамдарды
да қуанта білу.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей, екі түрлі отбасына назар аударуға
болады. Біріншісі – материалдық игілікті алға қойып, соған жетуді мақсат
еткендіктен, рухани құлдырауға соқтығуда. Екіншісі – материалдық игілігі
жеткілікті отбасында бала мен ата-ана арасындағы эмоционалдық, мейірімділік
қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады. Осы жағдайлар отбасында жас
өспірімдерді тәрбиеледе ескерілуі қажет. (3;56)
Отбасында туыстарға, айналадағыларға қамқор бола білу, қиын жағдайда
оларға қол ұшын беру, туған жерді, ондағы табиғатты сүю, оны қорғау бала
мен ата ананың күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Ересек бала өзінен
кішіге қарым-қатынас құрып, әлеуметтік мәдени қалыптарды үйретіп, қамқорлық
көрсетіп, өз ісіне жауапкершілікпен қарағаны жөн. Отбасында қалыптасқан
дәстүрлі мерекелерді өткізу арқылы, баланың тұлғалық қасиеттерін жетілдіру
іске асырылуы керек.
Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған, жақсы, жаман болса бала солардан -
деп Ж.Баласағұни айтқандай. Сонымен бірге, Егер біз адамгершілігі жоғары
қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ең бастысы
балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз-деп елбасымыз
міндеттегендей, бала тәрбиесінде отбасының рөлі өте зор.(1;142)
Отбасы тәрбиесі туралы алғашқы түсініктер мен идеялар бастауын – халық
педагогикасынан алады. Халықтық педагогика негізінде ізгі қасиеттерді
қалыптастыру мәселелерін С.Ұзақбаева, құндылық бағдар негізінде
Г.Нұрғалиева, ізгілік – эстетикалық бағытында Ә.Шыныбекова,қиын балаларды
қайта тәрбиелеу мәселесін Б.Айтманбетова мен Н.Базжанова сияқты ғалымдар
зерттеп келеді.
Тәрбие адамзат өміріндегі құнды нәрсе болып табылады.Анығында кез-
келген іс бастапқыда дұрыс басталса, дұрыс аяқталады. Жерге қандай дән
ексең,сондай жеміс күткен жөн-деген даналар сөзі дәлел болмақ.
Бүгінгі ұрпақты еңбек сүйгіштікке баулу, өзіне-өзі қызмет етуге
үйрету, қоршаған ортаны аялауға, қорғауға, ұқыптылыққа, мәдениетке
тәрбиелеу әрбір отбасының, соның ішінде ата -ананың басты міндеті болып
саналады.
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы ата-
ана. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі немесе әкеден ақыл,
анадан мейір алады, сол себепті қандай тәрбиенің түрі болмасын, бала
бойына сіңіре білу әр отбасының парызы.
Адам баласының өмір сүру ортасы – табиғат әлемі. Сонымен бірге адам
баласы өзінің белсенді әрекетімен қатар, табиғи процеске араласады, оларды
бұзады, табиғаттың байлығын өз қажеттіліктеріне пайдаланады. Егерде оның
бұл әрекеті қадағалаусыз болса, экологиялық заңдылықтарды ескермесе, онда
адам баласының өміріне қатер әкелуі мүмкін.
Экологиялық мәселелер – қазіргі заманда әрбір адамның, әлеуметтік
топтың, адамзаттың көңілін алаңдатып отырған күрделі жағдай. Бұл
мәселелерді шешу ғылым мен техниканың даму дәрежесіне ғана емес, адамзаттың
табиғи ортаны қорғау жауапкершілігіне де байланысты.
Сондықтанда, экология-бұл қоғамдық мәселе. Ол үшін, әрбір ел өзінің
аумағындағы қоршаған ортаны сақтауға, яғни, ауаның таза болуын қадағалау,
орман, тоғайды құртып, жойып жібермеудің алдын-алу, өзен-көлдердің
ластанбауын, жер қыртысын сақтап, оны дұрыс пайдалануға ықпал жасау т.б.
істерді атқаруы заңды құбылыс.
Адам баласы үшін табиғат таным және эстетикалық қарым-қатынас
нысанасы. Эстетикалық тұрғыдан даму, адамға терең рухани ләззат береді.
Адамның осыдан барып экологиялық мәдениеті қалыптасып, экологиялық білімді
нәтижелі қолдануы пайда болады.
1995 жылы 30 тамызда қабылданған Ата заңда – Егемен тәуелсіз ел
болғанда барымызға байыппен қарап, еселеп молайтып, кейінгі ұрпаққа қалдыру-
бүгінгі ұрпақтың борышы-деп атап көрсетілген. (4)
Оның бір жолы – жас ұрпақты табиғатты сүйе білуге үйрету, оларға
экологиялық тәрбие беруді жетілдіру болып табылады. Сондықтан да, табиғатты
қорғауға баулуды ерте бастан қалыптастыру керек.
Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру бүгінгі таңда көкейкесті мәселенің
бірі.Қазақстан Республикасының Ата заңының (Конститутцисы) 38 - бабында
атап көрсетілгендей: Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты
қорғауға, сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті. (4 )
Жас ұрпаққа тәрбие беруде экологиялық тәрбиені де басты назарда
ұстанғанымыз жөн. Табиғат-туған анамыз. Жас жеткіншектер табиғатты туған
анасындай құрметтеп, аялап, қорғай білуі үшін, біз оларға экологиялық
тәрбие беруге тиіспіз.
Экологиялық тәрбие – табиғаттың барлық субъектілеріне қатысты
ізгілікті, қайырымдылықты, парасаттылықты қалыптастыруды көздейді.
Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыстың өршуі, адам іс-әрекетінің табиғи
ортаға тигізетін зардаптарының өсуі айқын көрінуде. Оған бірден-бір себеп
табиғи ортаға деген дұрыс, саналық көзқарас пен мәдениеттің төменділігі.
Тәрбие отбасынан басталады. Бала үшін отбасы бір жағынан – тіршілік
қоршауы болса, екінші жағынан-тәрбиелік орта.Отбасы – тұлға қалыпастырушы
бесік. Азамат қалыптастырамын десең, бесігіңді түзе-деп ұлы ғұлама Мұқтар
Әуезов бекер айтпаған. Ата-аналар міндетіндегі отасылық тәрбие-балалардың
тән, дене және рухани сапаларын қалыптастыру бағытында саналы да парасатты
істерге негізделген үздіксіз жетіліп отыратын процесс.
Отбасы шағын қоғам, ал қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланыста.
Сондықтан да адам – табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол
табуы және келешек ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді алдымен отбасынан
бастағанымыз жөн.
Табиғат-сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі.Адам баласының
тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты. Ішетін тағамды, тұтынатын заттарды
табиғаттың байлығынан алады. Осы жағдайларды ескере отырып, әр ата-ана өз
баласының санасына табиғат біздің алтын бесігіміз, өсіп өнген мекtніміз,
оған ынтық сезіммен бас иеміз-деп сіңіре білсе, бала бойында табиғатқа
деген жақсы, қорғаныштық сезім қалыптасады деп ойлаймыз.
Бір тал кессең, он тал ек-деген халық даналығына сүйеніп, әрбір
отбасындағы ата-ана табиғат – ел байлығы екенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz