Шынайы сопылықтың тағы бір белгісі - құдаймен сұхбаттасу
Қожа Ахмет Йассауи-сопылық дүниетанымның негізін қалаушылардын, бірі,
есімі ислам әлеміне мәшһүр ойшыл қайраткер, аса көрнекті ақын. Ақынның
толық аты-жөні: Хазірет Сұлтан Шейх-ул Ислам Қожа Ахмет Йассауи.
Оны кезінде Испиджап, Ақсу, Ақшаһар, Ақтұрбат деп атаған қаласында
өмірге келген. Ақынның туған жылы ғылымда анық емес, ал 1166 жылы қайтыс
болғаны туралы иақты жазба деректер бар. Әкесі Шейх Ибрахим - түркі тектес
тайпалардан шыққан өз дәуірінің көрнекті дін қайраткері болған. Ақынның
анасы Айша (қазақтар оны Қарашаш-ана деген) Мұса деген атақты шейхтың қызы
болған. Ахмет Йассауиді туған ауылында оқытып, сауатын ашқан, оған ислам
дінінен алғаш сабақ берген ұстазы - Бахаул-дин Испиджаби деген ғұлама
болған.
Болашақ ақын жас кезінде Түркістан (ол кезде Йассы деп атаған) қаласына
келіп тұрған Ұлы Жібек жолының тоғысқан торабына орналасып, бүкіл әлеммен
қарым-қатынас жасап тұрған. Йассы шаһары бұл кезде Шығыстағы өркениет
орталықтарының біріне айналған еді. Мұнда келіп Ахмет Йассауи атақты
Арыстан Баб және Жүсіп Хамадани сияқты ғұламалардан дәріс алады.
Ахмет Йассауи туған еліне- Қыпшақ даласына ислам ілімін жан-жақты
меңгерген оқымысты адам, діни қайраткер болып оралады. Ол өз өмірінің соңғы
күндеріне дейін осы Йассы қаласында тұрып, бүкіл қыпшақ даласына ислам
ілімі мен мәдениетін, әдебиетін таратуға қыруар мол үлес қосады,
Ақын өзінің есімін әлемге мәшһүр еткен Диуани хикмат (Ақыл кітабы),
Мират-ул Қулуб (Көңіл айнасы) және Пақырнама атты шығармаларын осы
Йассы қаласында жазды.
Ғұлама-ақынның Ибрахим атты ұл баласы және Гаухар Хошназ деген қызы
болған. Өздерін Йассауи ұрпақтары санайтын адамдардың бәрі де осы Гаухар
Хошназдан тараған жандар болып келеді.
Кезінде Қожа Ахмет Йассауидің өзінен дәріс алып, кейінірек ұлы ұстаздың
сопылық дүниетанымын насихаттаған, оны дамыта түскен дарынды шәкірттері де
аз емес еді. Йассауидің алғашқы шәкірті -Арыстан Бабтың баласы Мансур
болған. Екіншісі - Сайт Ата Хорезми, үшіншісі - Сүлеймен Бақырғани,
Мұхаммед Данышменд, Зарнұқи, т. б. Бұлардан басқа да Лұқпан Перенде, Содыр
Ата, Сары Салтұқ, Бекташ әулие, Қара Баба сияқты есімдері ислам әлеміне
танымал болып өткен шәкірттері болған.
Ислам жолын уағыздаушы данышпан ақын пайғамбар жасына жетіп, Аллаға
шүкіршілік етеді, одан әрі, яғни алпыс үш жастан асып, тірі пенделер
арасында жүруді өзіне үлкен күнә санайды. Сол үшін ол жер астынан арнайы
салынған орынға - хилуетке түсіп, қалған өмірін сонда өткізеді.
Қожа Ахмет Йассауи 1166 жылы Йассы қаласында қайтыс болып, осында
жерленеді. Жергілікті халық оған шағын кесене тұрғызады, Араға екі жүз отыз
жылдай уақыт салып барып, атақты Әмір Темір ақынның ескі қабірі орнына
қазіргі үлкен кесенесін салдырады.
Сопылық ағымның, яғни суфизмнің пайда болуының өзі аса күрделі
қоғамдық, идеологиялық құбылыс еді. Суфизм бертін келе философиялық ағым
ретінде қалыптасты. Әйтсе де суфизмнің жекелеген элементтері ислам дініне
дейінгі дәуірлерде де бар еді. Бұл діни ағымның пайда болуына кезіңде буд-
дизм, мәжусилік діндермен көне заман данышпаны Платоннын интуиция,
абстракті ойлау жайындағы кейбір ғылыми тұжырымдары да тікелей әсер етті.
Көне заман данышпандарының құдай және дін жайындағы трактаттарын араб
тіліне тәржіма жасап, оны суфизм ағымын белгілі бір жүйеге келтіру үшін
пайдалана білген Шығыс ғұламалары болды.
Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар мен оның серіктері
қайтыс болған соң, Құранның кейбір қағидалары мен шарттарын белгілі бір
нақтылы жағдайға байланысты тереңірек түсіндіріп отыратын кітап қажет
болды. Мұндай еңбек Мұхаммед пайғамбардың көзі тірісінде Алла туралы айтқан
сөздері, жарлықтар және пайғамбардың өмірдегі іс-әрекеттері туралы түрлі
аңыз-әңгімелерге негізделіп жазылды. Оны хадис деп атады. Түрлі
хадистердің жинағы, яғни сунна бертінде өмірге келді.
Тақуалық тіршілікке көшкен мухаддистер захид (дәруіш) немесе абид
(құдайдың құлы) деп аталды. Бұлар - сопылық ағымның алғашқы қайраткерлері
болды. Әйтсе де бұлар толық мағынадағы сопы емес еді. Шынайы сопылықтың
тағы бір белгісі - құдаймен сұхбаттасу. Ол үшін дәруіштер самаäа
(арабша - тыңдау) болып, яғни белгілі бір музыкалық әуенге қатты беріліп,
өзін-өзі ұмытқанша, экстаз қалпына түскенше зікір салып билей береді.
Бертін келе зікір салатын әуенге, ұйқасқа құрылған мәтін қажет болды.
Бұл сияқты мәтіңдер негізінен Құранның жекелеген сүрелері мен аяттарын,
Мұхаммед пайғамбардан естіген хадистерді уағыздауға арналған самаäа
талаптарына негізделіп жазылған осы өлеңдер сопылық поэзияның алғашқы
үлгілері болды,
Е. Э. Бертельс жалпы сопылық поэзияны төрт түрге бөліп қарастырады.
Біріншісі – эротикалық сипаттағы өлеңдер, бұлар негізінен зікір салу
барысында сопыларды экстаз күйіне жеткізу үшін қажет. Екіншісі –таза
сопылық поэзия, мұнда аллаға жақындау жолында зікір салып жатқан сопының
ішкі психологиялық күй-қалпы бейнеленуі тиіс. Үшіншісі - құдайға құлшылық
етушілердің философиялық ой-пікірін білдіретін өлеңдер. Төртіншісі
-дидактикалық сарындағы діни лирика болып келеді.
Соның өзінде, суфизм философиялық ағым ретінде біртекті емес екендігін
мықтап ескергеніміз жөн. Олар ислам қағидаларын түсіну, шарттарын орындау,
ережелерін насихаттау жағынан бірнеше топқа бөлінеді. Солардың бірі -
жахрия немесе йассауишілік деп аталады. Бұл бағыттың негізін қалаған -
Қожа Ахмет Йассауи болып табылады.
Ақынның Диуани хикмет, Мират-ул Қулуб және Пақыр-наме деп
аталатын шығармалары Ахмет Йассауидің сопылық ілімінің, дүниетанымы мен
философиясының теориялық негізі болып табылады. Ахмет Йассауи
дүниетанымының жалпы желісін екіге бөліп қарастырған жөн. Біріншісі -
моральдық-этикапық (парасаттылық), ал екіншісі - сопылық хикметтер деп
атауға болар еді.
Ахмет Йассауи ілімінін, моральдық-этикалық бөлімі адамның бойындағы
адамгершілік қасиеттердің мәртебесін арттыра түсуді көздеп, инсони камал
(кемелденген адам) дәрежесіне жетуді мақсат етеді. Ал кемелдік
дәрежесіне жету үшін адам сан алуан ілім-ғылым түрлерін игеруі қажет.
Йассауи дүниетанымының теориялық негізі шариғат пен марифат болса, бұл
ілімнің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz