Қазақ халықтық педагогикасының мәні


Жоспар:
Кіріспе . . . 2
І. Негізгі бөлім
І. 1. Жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің әдіснамалық негіздері . . . 6
1. 1. 1. Педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде халық
педагогикасының қалыптасуы . . . 6
1. 1. 2. Қазақ халық педагогикасының мәні . . . 10
1. 1. 3. Жас ұрпақты халықтық педагогика арқылы тәрбиелеудің
мүмкіндіктері . . . 12
1. 1. 3. 1. Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы . . . 13
1. 1. 3. 2. Халықтық педагогика - отбасындағы тәрбиенің негізі . . . 13
1. 1. 3. 3. Халық - қапысыз тәрбиеші . . . 14
І. 2. Бастауыш сыныптарда халықтық педагогика элементтерін пайдаланудың әдіс - тәсілдері, ерекшеліктері . . . 15
І. 2. 1. Тіл сабақтарында халықтық мұралар . . . 15
І. 2. 2. Математика сабағындағы халық ойындарының сипаты . . . 21
І. 2. 3. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесіндегі мәні . . . 24
І. 2. 4. Сәндік қолданбалы өнерді сабаққа енгізу арқылы адамгершілікке
тәрбиелеу . . . 28
І. 2. 4. 1. Бейнелеу өнері . . . 28
І. 2. 4. 2. Еңбекке баулу . . . 29
ІІ. Практикалық бөлім
ІІ. 1. Халықтық педагогика - тәрбиенің қайнар көзі . . . 30
ІІ. 1. 1. Халықтық педагогиканы оқу үрдісінде қолданудың мақсаты,
мазмұны . . . 30
ІІ. 1. 2. Халықтық педагогика құралдарын жаңа технология
әдістерімен жүргізу . . . 31
ІІ. 1. 2. 1. Математика пәні. Уақыт бірліктері . . . 32
ІІ. 1. 3. Халық педагогикасына негізделген сабақ құрылымы . . . 36
ІІ. 1. 3. 1. Ана тілі пәні. Ұзын сары . . . 36
ІІ. 1. 3. 2. Қазақ тілі пәні. Сөз таптары. Өткенді қайталау . . . 39
ІІ. 1. 3. 3. Халық тағылымы пәні. Төрт түлік бағыты бойынша
тест сұрақтары . . . 45
ІІ. 1. 3. 4. Қазақ халық есептері . . . 48
Қорытынды . . . 50
Түсіндірме сөздіктер . . . 52
Қосымшалар . . . 54
Қолданылған әдебиеттер . . . 57
Кіріспе.
«Ұлы сөзден- ұлағат»
Қазақ даналығы.
Біз үлкен болайық, кіші болайық, бәрімізде талай-талай тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп тоғысқан татымды тәрбиенің жемісіміз. Оны айтасыз: бағзы заманда көз жұмған арғы бабаларымыз, үлкен әкелеріміз бен кіші әжелеріміз де мәңгі өшпес ізгі дәстүрдің өнегесімен бізді баулып жатыр, баули да береді . . .
Адамның өмірлік тәжірбиесі, бастан кешерлері әр алуан, аса мол және сан-салалы. Соның ішінде бала тәрбиесі - тәрбиенің барлық түрлерін қамтитын әрекет. Оны жүзеге асыру үшін ата-ана, мектеп және қоғам бірлесе отырып атсалысатыны белгілі.
Әрбір ата-ана, мектеп және қоғам өз тәжірибесін, ұстанған қағидасын жолай уақытпен үндестіре түзетіп, өзгертіп, жаңалап, жаңғыртып отырады.
Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе - әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті.
Бұның аты - халық педагогикасы. Сонымен халық педагогикасы дегеніміз не? Ол халықтың рухани мәдениетіне толқын-толқын ұрпақтардың көп болып, қауымдасып қосқан шығармашылық үлесінің нәтижесі. Халық педагогикасы-тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы, ол тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.
Халық педагогикасы - халықтың рухани мәдениетінің көрінісі. Халықтың мұң-мұқтажына, қажетіне сай бұл педагогика тәрбиенің ең адамгершіл, ең демократияшыл мұраттарын ұсынады.
Тәрбие тамыры халық қазынасында, соның қадір қасиеті мен білім болмысында. Сондықтан да өсер ұрпақтың тәрбиесі қай халықты болмасын аз ойландырған емес және оған көп көңіл де бөлген. Ұрпақтарының бойына адал да, инабатты, еңбек сүйгіш қасиеттерді дамытып «жақсы бала - ата-анаға сын» деген сөздерді есіне алып отырған.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің тұжырымдамасында: «Тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесімен, ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлығын қалыптастыру» деген түсінік береді.
Өз халқының ұлттық салт-дәстүрін білмеген адам қоғамның келешегін де ойламайды. Сондықтан да оқу-тәрбие үрдісіне халқымыздың асыл мұраларын барынша ендіріп, балаларға халықтық педегогикасының сан-қырынан дәріс беру-бүгінгі күннің негізгі міндетіне айналып отыр. Ұлттық дәстүр мен салт-санадан, тегі мен дінінен, ділінен хабарсыз болып өскен ұрпақ жарымжан, мәңгүрттердің саны көбейіп еліміздің дамуына үлкен зиянын тигізетіні сөзсіз.
Ал бүгінгі күнгі ұрпақ тәрбиесінің негізгі өзегі -олардың ұзақ жылдар бойы қалыптасқан халқының салт-дәстүрлері рухында тәрбиелеу. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім-тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадында біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдары, тиісті тәсілдері де болған. Мәселен, мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл-ой тәрбиесі, өлең, жыр-дастандарда - әсемдік тәрбиесінің негізгі қағидалары, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік құрал ретінде пайдаланылған. Қазақ халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары бесік жыры, батырлық эпостарда, ертегі, аңыздарда, мақал-мәтелдерде көптеп кездеседі. Бала тәрбиесіндегі барлық жұмыстарымызды халықтық педагогика негізінде құрып, ата-баба дәстүрінің озық үлгілерін үйренгенде ғана алға қойған мақсат орындалады.
Ұрпақ тәрбиесінің келешегіне жауапкершілікпен қарап XXI ғасыр ұрпағын ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелей білсек, еліміздің елдігі кеңінен көрінер еді. «Тәрбие бала дүниеге келген сағатынан басталады» деген сөздің жаны бар. Бесік жыры, ана әлдиін естіп өспеген бала халық дәстүрінде тәрбиеленбеген, ал халық дәстүрінде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетін, дінін, тілін құрметтейтін мейірімді де, тәрбиелі азамат өсіп шығары анық. Осындай азаматты тәрбиелеуде мектептің де ролі аз емес.
«Мектеп-білім ордасы,
Ұстаз-мектеп тұлғасы. »
деген нақыл сөздің өзі, сол азаматты болашақта тәрбиелі, адамгершілігі мол, білімді, ізгі ниетті адам (индивид) қатарына қалыптастыруда ұстаздың еңбегіне де зор баға беріп тұрған жоқ па?! Иә, өз ісіне адал, кәсіптік шеберлігі мол, тәжірибелі мұғалім қашанда оларды оқытып, тәрбиелеп қана қоймайды, екінші ата-анасы болып та саналады.
Мұғалім өз оқу-тәрбие үрдісінде халық педагогикасын тиімді жолдармен қолданып, пайдаланып, нәтижесінде оқушыларының бойынан ізгі қасиеттерін көріп-таныса, оны да өз еңбегінің жемісі деуге болады емес пе?!
Сабақта халық педагогикасының ұсақ жанрларын пайдалану арқылы оқушыларды эстетикалық тәрбиеге, адамгершілікке, имандылыққа, кішіпейілділікке тәрбиелеуге болатынын бүгінгі күні ол жан-жақты дәлелденіп зерттелген. Сондай-ақ зерттеуді менде №4 орта мектепте 2«Э» сыныбына жүргіздім. Ондағы: халық педагогикасының асыл мұраларын сабақта қалай тиімді пайдалану керектігі жайында және оның оқушыларға тигізетін пайдасы осы еңбектің соңғы «Практикалық бөлімінде» жан-жақты талданып, баяндалған. Сондай-ақ халық педагогикасының бір саласы-ауыз әдебиетінін сабақта пайдалану арқылы оқушыларды гуманистік тұрғыдан тәрбиелеуге ғана емес, оларды тапқырлыққа, логикалық ойлауын, шапшаң жауап беруге, мәнерлі де мағыналы сөздермен жүйелі сөйлеуге осы практика барысында жете мән берілген.
Мақсаты - халықтық педагогика элементтерін сабақта пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдерінің түрлері мен мазмұнын ашып көрсету.
Тақырыптың міндеттері. Тақырыпқа байланысты ғылыми деректер мен Қазақстандық зерттеуші ғалымдардың еңбектерін қамтып, тәжірибеде халықтық педагогика элементтерін сабақта тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін меңгеру және жан-жақты зерттеу, бүгінгі күн талабына сай ұрпақ тәрбиесінен алған іс тәжірибесімен байланыстыра отырып саралау, талдау жасау. Халықтық педагогиканы оқу үрдісімен ұштастыру.
Зерттеу объектісі - халық педагогикасының элементтерін сабақта қолданудың әдіс-тәсілдерін, ерекшеліктерін, жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні - халық педагогикасын үйретудің этнопедагогикалық мәні.
Тақырыптың жаңашылдығы - бұл тақырыпқа арналған көптеген мақалалар мен еңбектер жазылғанымен, тәжірибелерде арнайы нақты түрде қолданысқа енгізіліп, кеңінен қолданып, тұжырымдар жасады. Кіші мектеп оқушыларының білімдерін жан-жақты көтерудегі оқу үрдісіндегі халық педагогикасының пайдалы жақтарын көрсету.
Тақырыптың өзектілігі - оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогика элементтерін қолдану, мұғалімнің кәсіби шеберлігін, шығармашылық ізденісін шыңдауын қажет етеді. Жас ұрпақты халық педагогикасы арқылы тәрбиелеудің мүмкіндіктерінің маңызын ашып көрсету. Халықтық педагогиканы жаңа технология әдістермен жүргізудің жолдарын көрсету және бастауыш сыныптарда пайдаланудың әдіс-тәсілдерінің ерекшеліктерін зерттеу.
Ғылыми болжам - егер халықтық педагогика элементтерін мектептегі сабақта орынды, жүйелі қолданса, онда жас ұрпақты ұлттық тәлім-тәрбиенің нәрі мен сусындатып, ұлттық болмысын танытып, ұлтжанды, елжанды көзі ашық, көкірегі ояу азамат етіп тәрбиелеуге болады.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері - анализ, сызбалар, тірек сызбалар, практикалық байқаулар.
Ғылыми теориялық базасы - бұл жұмысты С. Қалиевтің «Халық педагогикасынң ауыз әдебиетіндегі көрінісі», С. Ұзақбаеваның «Тамыры терең тәрбие», Е. Сағындықовтың «Ұлттық ойындарды оқу тәрбие ісінде пайдалану» т. б. және журналдардағы халықтық педагогикаға байланысты мақалаларға сүйендім.
Практикалық маңыздылығы - бұл жұмыста халықтық педагогика элементтерін тиімді әдіс-тәсілдерін, жолдарын қамтып қана қоймай, сонымен қатар халық педагогикасының тарихына, маңыздылығына, ерекшеліктеріне де тоқталады. Оқу тәрбие үрдісінде оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтіп жан-жақты дамытуда әдістемелік құрал ретінде методикалық кеңестерде, ғылыми конференцияларда қолдануға болады.
І. Негізгі бөлім.
І. 1. Жеткіншек ұрпақты халықтық педагогика негізінде тәрбиелеудің әдіснамалық негіздері
Халықтық педагогика мыңдаған жылдар бұрын болып, «нақты өмірдің мәнін , оның даму заңдылықтарын танып-білуге бағытталған өзіндік адам қызметі ретіндегі ғылым болмаған, дәлірек айтқанда, жаңа пайда болған кезде қарқындап дамыды, бірақ педагогика оны арнаулы сала ретінде ғылыми білімнен бөліп алған жоқ». 7 Халықтық педагогика идеяларын, аса бай тәжірибесін талай ұрпақ пайдаланып келеді.
І. 1. 1. Педагогика ғылымының құрамдас бөлігі ретінде халық педагогикасының қалыптасуы
Түрлі кезеңдегі педагогтар мен ойшылдар ауызекі халық шығармашылығын және халықтық педагогикадан алынатын үлгілі-өнегені халық даналығының қөрінісі ретінде пайдалану жөніндегі құнды идеяларды аз айтқан жоқ. Чехтың ұлы педагогы Я. А. Коменский: «Бұрын әлде кім жасаған жалпыға ортақ және арнаулы, ескі және жаңа шолуларды пайдалану қажет», 26 -деген болатын. Оның пікірінше, адамзаттың ұзақ уақыт тәжірибесі «адамзат баласы бірлесіп иеленетін жалпыға бірдей даналық қазынасы» 26 болып табылады.
Я. А. Коменскийдің идеясын ағартушы Иоганн Генрих Песталоций де толығымен қолдаған болатын. Песталоцийдің «барлық мәселе түралы ежелгі өмірдің ұлы куәгері» - тілді үйрене отырып, балалар халықтың тарихи тәжірибесі мен мәдени құндылықтарын игереді деген сөздері де - көкейтесті мәселе.
Халықтық педагогикаға орыс педагогикасының таңдаулы өкілдері (В. Г. Белинский, К. Д. Ушинский және т. б. ) де ден қойды. Олар тәрбие саласындағы халық күшіне сенді. Олардың бұл сенімі қоғамдық дамудың үздіксіз прогесі (өркениентті) туралы ұғымдарға ғана емес, сонымен бірге халық өмірін жетік білуге, халыққа деген ыстық сүйіспеншілікке негізделген еді.
В. Г. Белинский тәрбиешілер мен балалар жазушыларына ұн тастай отырып, оларды балаларға «Жалпы азаматтық, әлемдік құбылыстарды мүмкіндігінше көбірек беруге тек оларды өзіндік және ұлттық құбылыстар арқылы таныстырып отыруға» шақырды. В. Г. Белинский балаларды баурап алатын поэтикалық образдарын, көптеген жан жылуы мен патриоттық сезімдерге бай, балалар қиялы мен сезіміне жақын соншалықты түсінікті мысалдарды, ертегілерді, поэмалардан үзінділерді, өлеңдерді оқып беруді ұсынды. Сөйтіп, балалардың сезіміне неғұрлым күштірек әсер етуге тырысу керектігін, оларды халық мұраларымен таныс болуға ерте жастан баулудың маңыздылығын атап көрсетті. 9
Д. К. Ушинский халықтық деп халықтың «менін» сақтауға және оны қоғамдық экономикалық өмірдің барлық салаларында дамытуға жәрдемдесуге ұмтылысын түсінді. «Халықтықсыз халық - заңды іріп шіруі ғана қалған жансыз дене» - деді К. Д. Ушинский. Ол өзінің бүкіл теориясына халықтық принципті ұстана отырып, орыстың педагогикалық ғылымы орыс халқының өмірлік мүдделерімен тұтаса түзілуі тиіс деген дұрыс қағиданы басшылыққа алды.
К. Д. Ушинскийдің педагогикадағы халықтық принципі туралы пікірлері ол орыс педагогикалық ғылымын бөлектеді деген сөз емес, керісінше, оның айтқандарын толық дәрежеде әлемдегі әр халықтың педагогикалық біліміне жатқызуға болады.
Халықтық педагогика, егер тәрбие туралы халық түсінігін ескермесе, өзінің бүкіл сан ғасырлық тарихына да жинақтаған, педагогикалық тәжірибесін зерттемесе бұл міндетті шеше алмаған болар еді. А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинскийлер де өз қызметінде халықтық педагогика материалдарын кеңінен пайдаланып, оны өте жоғары бағалаған.
Осы орайда А. С. Макаренконың балалармен жұмыс тәжірибесін айта кету орынды секілді. А. М. Горкий атындағы колонияда Ж. Ф. Дзержинский атындағы коммунада ол тәрбие процесінде халық ертегілері мен ойындарына ерекше маңыз берген болатын. Ондағы колонистердің ертегіге құлай берілуіне, ертегілерді қатты құрметтейтіне өз жетекшілерінің ықпалы тиген еді. А. С. Макаренко бұл жөнінде; «Жақсы айтылған ертегі-мәдени тәрбиенің басы, егер әрбір отбасының кітап сөресінде ертегілер жинағы тұрса, қандай жақсы болар еді», 30 -деген тұжырым айтады. Балалардың ертегімен бұлай әуестенуі олардың тәрбиесіне айтарлықтай септігін тигізгені, демек, жақсымен жаманды айыра білуге үйретіп, қиял зердесін дамытып, олардың бойында әлеуметтік, әдептілік, адамгершілік ұғымдарды қалыптастырады. Сонымен бірге ол халық ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктерін жоғары бағалады. Ойын арқылы балаға өмірге деген сүйіспеншілік пен құштарлықты дамытуына туған халқының мәдениетіне құрметпен қарауды қалыптастыруына, эстетикалық талғамын дамытып, эстетикалық ләззәт алу үшін эмоциялық оңды негіз жасауына ұмтылды.
А. С. Макаренко секілді В. А. Сухомлинский де халық даналығынан сарқылмас көздерінен нәр ала білуді уағыздады. Ол мектептің тиімді жұмысын халықтық педагогиканың мәдени-тарихи дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың мыңдаған жылдар тәжірибесі негізінде ғана құруға болатынына кәміл сенді.
В. А. Сухомлинскийдің ойынша «руханилық тамырын» қалыптастырудың қайнар көздерінсіз, халықтық педагогиканың пәрменді құралдарынсыз жеткіншек ұрпақты толыққанды тәрбиелеуді ұйымдастыру мүмкін емес. Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісінде тарихи білімдерді пайдалануды халықтан үйрену қажет.
Сонымен жоғарыда аталған еңбектерде халықтық педагогика жеке проблема ретінде зерттелмейді, оның үстінде «халықтық педагогика» деген термин де қолданыла қоймайды. Оны орыс педагогы К. Д. Ушинский бірінші рет пайдаланды. Алайда, бұған қарамастан, ғалымдардың, педагогтардың жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуда халық педагогикаларының мұралары жөніндегі кеңестері мен идеяларын беруге ұмтылысы, сондай-ақ оларды мектеп практикасында пайдалануға тырысуы олардың халық педагогикасының мәнін терең түсінгенін, халықтың тәрбие саласындағы тәжірибесіне толық сенімін білдіреді.
Халықтық педагогика мәселелері 50-жылдардың II-жартысынан бастап арнаулы зерттеу нысанасына айналды. Бұған 1926 жылда шыққан Б. О. Виноградовтың еңбегі ғана жатпайды. Ол өзінің еңбегінде халықтық педагогиканы, жеке адамды белгілі бір бағытта қалыптастыру мақсатында қолданған дағдылар мен тәсілдердің жиынтығы ретінде сипаттайды.
Чуваш педагогі Г. Н. Волков «Этнопедагогика» атты еңбегінде халықтық педагогика проблемасын неғұрлым толық қарастырады. Педагогикалық әдебиетте тұңғыш рет «этно педагогика» терминін қолдана отырып, оған жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі халық бұқарасының тәжірибесі туралы ғылым, тұрмыс педагогикасы туралы отбасы, ру, тайпа, ұлыс және ұлт педагогикасы туралы ғылыми этникалық тарихи жағдайлардың әсерімен қалыптасқан ұлттық сипаттағы ерекшеліктерді зерттейді», - деген анықтама береді. «Этнопедагогиканың» «халықтық педагогикадан» айырмашылығын көрсетіп, егер «халықтық педагогика тәжірибеге және оның сипатына қатысты болса, этнопедагогика-теориялық ой саласы, ғылым саласы» 12 -деп түсіндіреді.
Бүгінгі таңдағы халықтық педагогикадағы тарихи-педагогикалық зерттеулерде «халықтық педагогика» анықтамасына бірнеше көзқарас қалыптасқан. Атап айтсақ:
-«тәрбие жөніндегі халықтың білім тәрбиесі. Халықтық педагогиканың зерттеу негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері т. б. жатады. »
-«халық қалаған жеке адам саналарын дамыту мақсатында еңбекшілер қолданған тәрбиелеу мен оқыту, педагогикалық дағдылар мен тәсілдер мақсаттарының, міндеттерінің жиынтығы және өзара байланысы», ол «тәрбие мәселелері жөніндегі эмпирикалық мәліметтер мен білімдер жиынтығы», ол ауызша тарайды және «өзінше жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу жөніндегі еңбекшілердің практикалық қызметін де қамтиды. »
-«кең мағынасында алғанда халық бұқарасының тәрбие мәселелері жөніндегі көзқарастарының, идеяларының, әдет-ғұрыптарының, дәстүрлерінің жиынтығы. Оның нысанасы - тәрбие, ал тәрбие обьектісі - жасымен жынысына қарамастан адам, жеке адам».
-«балалардың және өзінің күнделікті өмірі үшін қажетті білімдерді меңгеруін қамтамасыз еткен және қамтамасыз етіп келе жатқан халық бұқарасы білімдерінің жиынтығы. Жинақталып практикада тексерілген бұл білімдердің жиыны халықтық педагогиканың мәнін құрайды».
-«халықтық эмпирикалық білімдер саласы, оларда тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері, еңбекшілердің кең бұқарасы қолданатын тәрбие мен оқытудың халықтық құралдары, іскерліктері мен дағдылары көрініс табады».
-«… халық бұқарасының таптық педагогикалық санасы».
-«тарихи және әлеуметтік тәжірибесінің өнім ретінде көбіне ауызекі түрде ұрпақтан ұрпаққа беріліп келген жинақталған және практикада тексерілген эмпирикалық білімдердің, мәліметтердің, іскерліктер мен дағдылардың жиынтығы…».
Айтылып өткен анықтамалар мынаны көрсетеді: олар мазмұны жағынан жақын, қайшы келмейді, қайта бірін-бірі өзара толықтырып, өзара байыта түседі және біртұтас мақсатты білу болып табылады.
Осының бәріне қарамастан, халықтық педагогикада маңызды сала ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер болып табылады, олар педагогикалық білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды ғана баянды етіп қоймай, сонымен бірге олардың ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыруына жәрдемдескен.
Осыған байланысты, қарастырылып отырған ұғымдардың мәнін былай анықтауға болады:
Халықтық педагогика - тәрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, дағдыларының жиынтығы, солардың негізінде ұрпақтан-ұрпаққа халық шығармашылығы арқылы (поэтикалық, музыкалық, сәндік-қолданбалы өнер) беріліп отыратын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты - жас ұрпақты ата-бабалар тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына тәрбиелеу.
Адамның рухани байлығының көзі - ең алдымен олардың білімділігі, ана тілін білуі және мәдени деңгейі, адамгершілік сезімталдығы, жеке дүниетанымдық ой-өрісі. Олардың негіздері, ең алдымен өз халқының ұлттық әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін игеру және оларға тікелей іс жүзінде қатысу үрдісінде қалыптасуға тиіс. Ұлттық әдет-ғұрыптармен дәстүрлер оның үстіне санамен, ұлттық намыспен, отансүйгіштік және интернационализм мен байланысты ұлттық сезімдерді дамытуға да жәрдемдесуге тиіс.
I. 1. 2. Қазақ халықтық педагогикасының мәні
Барлық ұлттардағы секілді қазақтың халықтық педагогикасының да өзіне тән ерекшеліктері, өзіндік белгілері бар, олар халықтық педагогика мұраларының мазмұны мен түрлерінде бейнеленген. Көне замандарда-ақ халықтық көркемдік шығармашылығының белгілі үлгілерін дүниеге келтірген өкілдері: білгір педагогтар, тәрбиешілер, ұстаздар болған, мұны халық фольклорының бастау көздері айғақтайды. Олардың педагогикалық мұрасы бір ұрпақтан, екінші ұрпаққа беріліп, үздіксіз дами отырып, халықтық педагогика қазынасына қосылып отырады.
Тарихтан Қазан төңкерісіне дейінгі материалдық және рухани мәдениетке талдау жасау, білімнің түрлі салаларындағы ғалымдардың зерттеу жұмыстары қазақ халқының өзіндік көркемдік шығармашылығы болған, оның негізін бағзы замандардағы ізашарлар салған деген пайымдау жасауымызға негіз береді. Ежелгі түркі тайпалары фольклорының үлгілерін, бұрынғы қазақтардың түркіше жазба ескерткештері және басқа да деректерін зерттеу осындай қорытындыға келуге мүмкіндік береді.
Қазақ халқының өткен өмірінде жазбаша нұсқалар аз кездеседі, сондықтан тарихи оқиғалардың ең елеулі белгілері туралы зердеде сақталып қалған халықтың ауызекі шығармашылығы ерекше маңызға ие болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz