Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық қозғалыстар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Халық бұқарасының алғашқы әрі ең маңызды қимылдарының бірі Сырым Датұлының қол басшылығындағы көтеріліс болды. Кіші жүз қазақтарының көтерілуіне патша өкіметінің қазақтарды "Ішкі жаққа", Жайық сыртына өткізбей, оған тиым салуы, қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің құқықтарына қысым жасауы, ханның шексіз билігі және оның жақын төңірегіндегілердің қиянатшылдығы негізгі себептер болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген қолбасшылары сияқты Сырым батырға да аңғырттық - монархиялық қиялдар тән тұғын "Жақсы ханға" сенушілік Сырым Датұлын да құтылдырмады. Билер жөнінде ол негізінен басқа саясатты - оларды 3-жағына тарту саясатын ұстанды. Хан билігін қалпына келтіруге келісім беріп, көнімпаздыққа барды. Қозғалыстың отаршылдыққа және ханға қарсы сипаты соңғы кезеңіне дейін сақталғаны мен көтеріліс басшысының мұндай тактикасы оның дамуына айтарлықтай кедергі жасады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі.

Көтеріліс зерттеуде бірқатар талас туғызатын проблемалар, шешілмеген қарама - қайшылықты сәттер қалып қойып отыр. Ру басшыларының көтерілістегі рөлі туралы мәселе даулы күйінде қалуда, Сырым Датұлы кіші жүздегі ықпалды билермен қарым - қатынасты сипаты, қозғалыстың тоқтауы және батырдың өз жақтастарымен 1802 жылы Хиуа хандығына өтіп кету себептері нақтыланбаған: осы уақытқа дейін оның апат болу жағдайлары анықталмаған.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті.

1783-1797 жылдардағы көтеріліс өзінің сипаты, қозғаушы күштері, негізгі мақсаты жөнінен отаршылдыққа қасы бұқаралық көтеріліс болды. Бұл көтеріліс царизмнің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының қуатты қозғалысы болды. Ол орыс халқына қарсы емес, ол отаршылдық тәртіптердің орнығуына және даланың байырғы тұрғындарының ғасырлар бойы мекендеген жерлеріне ығыстырылуына қарсы бағытталды. Оның мәнін ғылыми сын тұрғысынан түсінуді талап ететін қарама -қайшылықтары анықталмаған жағдайлары аз емес.

Зерттеу деңгейі:

Әбілхайыр хан Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін Кіші жүздің көшіп жүретін қоныстары орналасқан көптеген аудандарда аймақтың әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Сонымен қатар Ресей империясының отаршылдық енуі барған сайын кіші жүздің кең байтақ аймақтарын қамти түсті.

Күштердің осылайша орналасуы мен қатар аймақтағы саяси және экономикалық билік барған сайын Ресей әкімшілігінің қолына шоғырлана берді және И. И. Неплюевтің "Бөліп ал да, билей бер" принципі бойынша құрылған идеялар мен жоспарларының қолданысқа енгізілуі аймақтағы барлық қайшылықтарды шегіне жеткізе шиеленістірді.

Қазақ руларының Жайыққа, Жайық қалашығы мен бекіністерге жақын жерге көшіп жүруіне тиым салу туралы 1742 жылы 19 қазандағы жарлық жөнінде жаңа актілер қабылданды. Мәселен, алтыншы қарашада қазақтарға қазақтардан адамдары мен малын өз бетімен тартып алуға (немесе сол кезгіше айтқанда - барымтаға) рұқсат еткен Жарлық қабылданды. Ол 1760 жылғы 18-шілдедегі шешіммен толықтырылды. Онда адамдар мен малды ендігі жерде жалғыз - жарымдап жүріп емес, "топ жиып" барып қолға түсіруге рұқсат етілді. Пугачевтың көтерілісі басып-жаншылғаннан кейін 1775 жылғы 25-шілдеде Орынборда күдік келтірген кез келген қазақты ұстауға ресми түрде рұқсат етілді, ал 1779 жылғы 4-қазанда белгілі бір қазақ істеген тәртіп бұзушылық немесе қылмыс үшін кез келген қазақты ұстап алуға өкім берілді. Сөйтіп 1783 жылдағы 3-қарашада жарлық солардың логикалық жалғасына айналады, онда "әскери адамдардан, қазақтар мен башқұрттардан жазалау отрядын құруға " рұқсат етілді және сол арқылы қазақ халқын үздіксіз тонап тұру үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Бодандық туралы актіге қол қойылған кезден бастап қазақтардың империя жүргізіп отырған саясатқа үнемі әскери және саяси қарсылық көрсетіп келгені мәлім. Мал айдап әкететін, керуендерге, бекіністерге, редуттарға және т. б. шабуыл жасайтын, тұтқындар түсіріп әкететін бұйрықтарды орындамай, саяси тәуелділіктен жалтарып жүрді. Қарсыласу қаншалықты күшті болса, қазақ халқын ауыздықтауға соншалықты қатаң шаралар қолданды, оларға қоса аймақтық одан әрі отарлау жөнінде көптеген іс-шаралар жүргізілді. XVIII ғасырдың аяғында О. А. Игельстром өзінің П-Екатеринаға жолдаған «Түсініктемелерінде» былай деп жазды: " . . . сол кезде өшігуі мен кек алуы ашынуға дейінгі жеткізілген қырғыз-қайсақ халқын тынышталдыруға дәмелендірді. Рудың бүкіл мақсаты қырғыз-қазақтарды көндірудің оларды кескілеп өлтіруден басқа әдісі жоқ деп пайымдаған марқұм құпия кеңесші И. И. Неплюев мырзаның жүйесі қос қолдап араласып, мүмкін болғанша жиі және мейірімсіз барымталар жасау болған".

Қазақ қоғамының өзінде феодалдану үрдіс тереңдей түсті, феодалдық арестократия мен ру шонжарларының мүдделері барған сайын алшақтай берді. Хандар мен сұлтандардың үстем тобы дәстүрлі шонжарлар -ақсақалдармен, билермен, батырлармен барған сайын азырақ санасып, олардың құқықтарына қысым көрсетті. Олар барған сайын азырақ санасып, патша өкіметінің дала өңіріндегі тірегіне айналып, соның саясатын жүргізді, ру шонжарларын биліктен аулақтатты. Патша әкімшілігі билеушілердің екі топ арасындағы қырасты шебер пайдаланды. Ру аралық күрес еңбекші бұқара шаруаларға соққы болып тиді.

I. Қазақстанның орыс мемлекетінің құрамына енуі

1. 1. Қазақстандағы отарлау саясатының негізгі бағыттары.

Император Петр І Қара теңіз, Балтық теңізі арқылы Европаға Азия елдерін ашу жолдарын іздестірді, осыны қолдаушылар мен жақтаушылар үшін Қазақстан орыстар шығыс саясатын іске асыратын Турция, Иран, Ауғаныстан, Үнді, Қытай, Орта Азияға бірден бір қолайлы роль атқарды. Осы шығыс саясатын жасауды және іске асыруда.

Қазақстанды толық бағындырып алу үшін мына төмендегідей есептермен болжамдар жасады.

Әскери эканомикалық қатынастарды күшейту бұны іске асыру үшін аз күштерінің жетіспеушілігі байқалады. Сол үшін ішкі саясатының Орта Азия мен Қазақстанда күшейтіп беделін өсіру. Әскери атрядтар құру, экспедиция құрып жергілікті патшалық чиновниктерді.

Әскери зертеу жұмысына Қазақстанға кіргізу. Қазақстанда әскери форт, бекіністер салуды жетілдіру және дипломатикалық каналдар арқылы патша үкіметінің мықты құралы көші-қон саясаты арқылы казачий отрядтарын құру. Ең соңғы роль Қазақстан халқы діни идиологиялық жолмен езгіге салу.

Жалпы аяғында орыс империясы Қазақстанды отарлау саясаты мына төмендегідей уақыттарда өткізілді, 1 период. XVI ғасырда әр жақтан құралған қашқындар мен ерікті қазақтарды аймаққа отарлау отрядтары құрылды.

2. период. ХҮП -ғасырдан бастап сауда-өндірістік капиталы үшін Әскери басқару отарлауы.

3. период. XIX - ғасырдың аяғынан бастап XX ғасырдың басына дейін Көші- қон отарлауы.

4. период XVII - ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына дейін діни- идиологиялық отарлау.

Басты отарлау саясаттарының әрқайсысының өз ерекшеліктері болды. Әскери отарлау саясаты бекіністер крепостер, форттар салуымен айналысты. Осы факт оның қаншалықты масштабы мен тереңдігін көрсетеді.

Омбы (1716ж) . Семей (1718ж) . Өскемен (1730ж) . Орынбор (орек - 1735ж) Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы бекінісі (1824ж) . Зайсан бекінісі (1868ж), Орал (ырғыз), Торғай (1845ж), Ново-Петровское (мауғышалық) (1834ж) . Александровский (шевченко) форты (1834ж) Қазалы, Қос Арал форты (1848ж) Дипломатиялық құралдар. Жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Ресей сауда каравандарымен Зайсан көлімен Қара Ертістің басынан Колмаковтың басшылықтарымен экспедиция жіберілді. Жоңғарға екі рет Иван (1713ж) елші болып барды. Және де Унковский (1722ж) Флорио Беневинидің Персияға, Бухараға (1718-1725ж) дипломатиялық мисиясы. Осы және басқа да дипломатиялық акциясы орыс мемлекеті мен орталық Азия елдерінде орыс-қазақ және орыс-орта Азия халықтарының қарым қатынастың дамуына үлкен үлес қосылды. Аймақты игеруде әскери зертеушілер басты роль атқарды. Бухальцтың Шығыс Қазақстанға (1715ж), Орынбор экспедициясы сенат хатшысы Кириловтың (1734ж) басшылығымен, Орынбор экспедициясы В. А. Урдсовтың (1740ж) басшылығымен. Россияның акамедиялық білім экспедициясы академик П. С. Палласовтың 60-70жж. XVIII- ғасыр басшылығымен академик Н. Г. Георгидің Поволжья, Орал, Сібірге (1772-1774жж) сапарға шығуы. Экспедиция капитан лейтенант А. Бутаковтың Арал теңізін зертеуі (1848-1849жж) И. В. Мушкетовтың (1874-1877жж) Жетісу, Орта Азияны геологиялық зертеуі. Арал теңізін Бергтың (1900-1906жж) зертеуі. Ресейдің Қазақстан территориясына Бекінудің бір түрі. Көші-Қон саясат немесе крестияндарды орналастыру (көшіріп әкелу) бұл саясаттың мақсаты мынадай;

Крестяндарды ревалюциялық қозғалыстан аластату жаңа орында оларды өзіне мықты таяныш ету, отарлау әскерін толықтыру,

патшаның әр ұлты халықты араластыру саясаты оларды біріктірп, ортақ жауға қарсы шығуға мүмкіндік бермеу Батыс Сібір бас басқармасының мына төмендегі Октябрь айы 1886жылы қабылданған қауылысына көңіл аударайық. Қырғыз даласына жіберілетін семьялы жұмыскерлердің барлығына нанаым қасиеті жақсы күн көрісі барлар игілікті сенімді болып табылады. Бұл Ресейдің тілегі жергілікті әкімшіліктері осы позицияны ұстанды. Мысалы аймақты орыстық отарлау отаршылардың құрамының шаруашылығының қамтамасыз болды. Көші-Қон қозғалысы 1861-1892жылдары Ақмола, Орал, Семей, Торғай, Жетісу региондарын қамтыды. 1892жылы арнайы Сібір темір жол комитеті құрылғаннан кейін көші-қонның жаңа этапы басталды.

Мұндай саясатты патша саясаткерлері ескі Қытайдың имераторларынан алған деген пайымдаулар бар. Жаулап алған жерге жергілікті халыққа Қытайларды араластыру. Біріншіден, бұл саясат өте тиімді. Себебі екі халықтың өкілі бір-біріне сенбестікпен қарайды, бұл басқыншыларға қарсы көтерілуге кедергі жасады. Екіншіден, басқару жүйесіне екі жақтың өкілдері де қатыса алады, бұл бір-бірінің жұмысына бақылауды күшейтеді. Үшіншіден, күресуші халық жергілікті халықпен тығыз байланыста болады. Бұл территорияда ішкі және сыртқы жаулардан сақтайды.

Төртіншіден, жаулап алушылар санының көптігімен «Түркі архон» мен ұлт тағдыры байлап тастау. Ең қайғылысы совет үкіметі кезінде мыңдаған халықтың тағдырын ХХ- ғасырдың ұлы қайғысына ұшыратты.

Аймақты отарлау саясатының бірден бір құалы - басқару билігін қайта құру. Жаңадан құрылған аймақтық салалы сайлау механизмі шындығында бір халықты бір халыққа өлтірту деген сөз деп жоғары лауазымды чиновниктің сөзі айтылған болатын.

Бұл әлеуметтік саяси іс шаралары патша Александр II-нің 5 июль 1865ж арнайы қаулысына сабақтасып жатыр. Осыған сәйкес Жетісу, Сырдария обылсы Орынбор, Сібір генерал губернатордың 1868 жылға «Уақытша басқару» қаулысы қабылданды. Қалыпты басқару әскери шарушылық діни системасын өрескел бұза отырысы орыс үкіметінің чиновниктеріне бірте-бірте қазақтарды орыстандырып християн дініне енгізу бағытталды.

1. 2. Кіші жүз бен Орта жүздің Ресейдің қол астына өтуі басқарудың

жаңа жүйесі.

Қазақ қоғамы басшыларының Ресейге үміт артуы сол кезде орын алған күрделі жағдайдан шығудың жолы еді, қазақ еліне шапқыншылығын қоймаған Жоңғар мемлекеті тарапынан қауіп күшейген шақта арқа сүйер тірек іздемеске болмады. 1726 жылдың басында кіші жүздің ханы Әбілхайыр Петерборға Қойбағар Көбекұлын елшіге жіберді. Ондағы мақсаты- Ресейдің жоңғарларға қарсы соғыс бола қалса қолдау табу және Ресейдің қол астындағы башқұрттар иелігімен жайық арасында көшіп-қонуға құқық алу, қазақ көпестерінің Ресейдің қалалары мен селоларына еркін баруын қамтамасыз ету және оларды жайықтың қазақтары мен башқұрттардан қорғау, сондай-ақ тұтқындармен алмасу. Алайда елшіліктің сапары сәтсіз аяқталды.

1730 жылы маусым айында Әбілхайыр өзіне бағынышты қазақтарды Ресейдің қол астына алуын сұрап, патша Анна Ивановнаға тағы да өтініш хат жолдайды. Хат жеткізуші елшілікті Сейтқұл Қайдағұлов пен Құлымбет Қоштаев бастап 1730 жылы 8-қыркүйекте Уфа қаласына келді. Мұндағы оның мақсаты Ресей империясына арқа сүйеу арқылы өз ықпалын күшейтуді, қазақтың үш жүзін түгел бағындырып, бір орталықтан басқаратын билік орнатуды сондай-ақ өкімет билігін балаларына сайлау арқылы емес, мұрагерлік жолмен қалдырып отыруға жету.

1731 жылы 19 ақпанда патша әйел Әбілхайыр ханмен бүкіл қазақ халқының олардың Ресейдің қол астына ерікті түрде қабылданғаны туралы грамотаға қол қойды. 1731 жылы 10 қазанда Әбілхайыр және оның серіктері тиісті құжатқа қол қойды да оны Ресейдің елшісі А. И. Тевкелевке табыс етеді. Хан Ресейдің өле-өлгенше қол үзбеймін, қасық қаным қалғанша оған адал қызмет етемін деп ант береді.

Ресейдің Қазақстанды отарлауы Әбілхайыр қол қойған осы актіден басталады.

Орта жүз бен Қарақалпақтар Кіші жүздің жолын қуды 1735 жылы желтоқсанның аяғында Орта жүздің Ресейдің қол астына қабылдауын қуаттаған жаңадан сайланған Күшік хан мен Барақ сұлтан орта жүзге Ресей елшілігін жіберуді өтінді. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет 1740 жылы Ресейге қосылу жөнінде Орынборда ант берді.

Патша өкіметі жер мәселесіндегі отаршылдық шараларын біртіндеп жүзеге асырды. 1742 жылы 19 қазанда Жайық бойында Жайық қалашығы мен салынып жатқан қамалдар маңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салған жарғы шығарылды, Еділ мен Жайық өзен аралығында көшіп-қонып жүрген қазақ ауылдарын Жайықтың сол жағалауында көшіруіне бұйрық берді. Бұл шараларды жүзеге асыру үшін Жайық гарнизоны атты қазақтарынан күшті топ жарақталды.

Патша әскерлерінің алдында қазақтарды Жайықтың оң жағына өткізбеу ғана емес, сонымен бірге олардың енді ғары бұл жаққа аяқ баса алмайтындай болуы үшін қолдан келгеннің бәрін істеу, тіпті тұтқындауға дейін бару міндеті қойылды.

50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл үш өзендері бассейіндерінде орта жүздің қазақтары да жерлерінен ығыстырылды. Бұл аудандарда қазақ еңбекшілерінің толқулары басталды.

Орта жүздің саяси өмірінде аса маңызды оқиға болды: 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Абылай хан таққа отырды. Ол өзін қазақтың барлық үш жүзінің ханымын деп есептеді, өйткені іс жүзінде оның билігі орта жүзге қоса едәуір дәрежеде кіші жүз бен ұлы жүзге жүрген еді. XVIII ғасырдың 60 жылдарында оның билігі мен ықпалы өзінің алдындағы хандардікінен әлде қайда артық тәртіп бойынша хандық дәрежені Ресей патшасы бекітуге тиіс тұғын. Бірақ Абылай орныққан рәсім бойынша, Петерборға барып, Петропавл қаласында ант беріп, патша қолынан тиісті сый сияпат алудан бас тартты. Орынбор әкімінің өжеттікпен жасаған өтінішіне көнген Абылай арада бес жыл өткеннен кейін ғана ІІ-ші Екатерина өзін қазақтардың үш жүзінің ханы етіп бекітуі жөнінде хат жолдады. Оны ұлы Тоғым бастаған елшілік 1776 жылы ақпанда патша әйелге табыс етті. Бірақ оның өтініші қабылданбады.

1778 жылы 24 мамырдағы жарлығымен Абылай бір ғана орта жүздің ханы болып бекітілді. Грамота мен хан шендерін Орынборда немесе Тройцкіде тапсыруға нұсқау берілді.

Кіші жүздің орта жүз Ресей империясының құрамында болғанмен патша өкіметінің қазақтардың басына қиын - қыстау күн туа қалғанда көмекке келмейтініне оның көзі жеткен. Солай болды да, қазақтардың жоңғар басқыншыларымен бірнеше рет қарулы шайқастары болды, бірақ Ресей жағынан оларға әскери көмек көрсетілмеді. Керісінше патша өкіметі жергілікті әкімшіліктеріне қазақтарға қару-жарақ, оқ-дәрі бермеу жөнінде құпия нұсқаулар жіберілген.

Абылай қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Уали орта жүзге хан болып көтерілді, ол өле-өлгенше Ресейге адал болуға ант берді Хан өзінің қол астындағыларға ерекше қаталдықпен озбырлық көрсетті. Оның мұндай әрекеті халық арасында наразылық туғызды. Орта жүздің қазақтары 1795 жылы П-ші Екатеринаға хат жазып, ханды тағынан тайдыруды өтінді.

Уәлидің билігін әлсіретуге тырысқан өкімет 1815 жылы Бөкейді екінші хан етіп тағайындады. 1819 жылы Бөкей, 1823 жылы Уәли хан қайтыс болды.

Патшаның 1822-1824 жылдардағы реформалары басқарудың жаңа жіптей - өлкеде отарлау режимін түпкілікті орнықтырды. Нәтижесінде қазақ елі өзінің еркіндігі мен тәуелсіздігінен айрылды.

1. З. Отаршылардың жергілікті халықты діни езгіге салудың басты

жолдары.

Бұл саясат тамыры тереңді және де өте іскерлікпен әр халықтың өзгешеліктеріне қарай іске асырылды. Әңгіме орыстандыру саясатының дінге кіргізу арқылы, алфавит жазуды Кириллицаға өзгерту арқылы жүргізу.

Шындығын айта кету керек. Араптар жаулап алу жорығында осындай діни саясат ұстанды. Мұндай отарлау саясатын бұл бір емес патшаның дүние жергілік тәжірибесіне сүйену болып табылады. Ғасырлар бойы созылып келген орыстану және шоқыну саясаты патша империясының помешиктер мен дворяндардың және оянып келе жатқан буржуазияның мүддесін қорғады. Басқаша болу тиісті емес еді. Билік басындағы класстың ойламы өз заманына сәйкес билейді. Қандай класс болмасын қоғамның материалдық күш билігі сол уақытша. Зор күшке айналады дейді марксизм класиктері. Халықтардың діни отаршылау саясаты осында.

Қазақстанның Ресей империясына қосылу туралы талас-тартыс, білім тартысы күшейе бастады. Қазақстанның Ресей империясына кіруі XVII-ғасырдың бас кезінен басталып жан-жақты талдау факторлар оның ішінде ең қажетті экономикалық, саяси, әскери, шаруашылық, мәдениет және географиялық табиғат. Бұл процесс 150 жылға созылды себебі бірде тез дейту бірде тоқырап қалу кейде кейін шегіну процестері болды. Кей жағдайда өз еркімен кей уақытша күштеу, басып алу саясаттары қоса жүргізілді. Қазақстанның Ресей империясына қосылу процессі XVIII -ғасырдың басында басталып ХІХ ғасырдың орта кезінде күшпен басып алу методымен аяқталды. 1853 жылы генерал В. Перовскийдің басшылығы мен орыс әскерлері Ақмешіт қаласы басып алып, сол жерді Перовский ге форт салдырды. Содан кейінгі Ресейдің оңтүстік батыс Қазақстанға кіру саясаты, Қырым соғысының басталып кетуіне байланысты тоқ татылды. 1863-1864 жылдары полковник М. Р. Чернясовтың отряды Созақ, Шолақ, Қорған, Әуле-Ата бекіністерін Полковник Н. Веровкиннің отряды 1864жылы июль айында Түркістанды басып алды. Осы өңірді мекендеген Қоңырат руынан 4-мың қазақ және Бестаңба руынан 5 мың қазақ Ресей империясына қарауына өтті.

1864 жылы күз айында М. Г. Черняевтың отряды Шымкент қаласын басып алды. Басып алған Түркістан, Шымкент қалаларын Орынбор Және Сібір аралығындағы қатынасты жауып тастады. Бұл жағдай Россияның Қазақстан жеріне өтуін қиындатып ұзаққа созылды.

Қазақстанға бірігу процессі аяқталғанмен Қазақстан жерін отарлау бір жақты болған жоқ. Бұл процесс үш бағытта жүргізілді яғни әскери экономикалық және саяси жағдайда Қазақстан териториясында ең бірінші әкімшілік территориялық реформа, 1822, 1824 жылдары. Ең бірінші орында маңызды процесс болып табылатын реформа 1867-1868 жылдарын да Қазақстан Ресей империясының отарлауының толық меншігіне өтті.

Қазақстан жері Ресей империясының меншігіне өткенін хабарлай отырып Көші-Қон саясаты және отаршылдық қанауды күшейтті.

Отаршылдық қанаудың күшейтілуге байланысты Қазақстан териториясындағы халықтар арасындығы Қырғи, Қабақ туғызды.

Халықтар арасында стихиялық толқулар күшейді ұлт азаттық қозғалыстар көбейе түсті. Бірақта ұлт азаттық қозғалысы соғыс мәселесі осы кезге дейін тарихта Ақтаңба болып қалып отыр. Көптеген ұлт азаттық қозғалысының проблемасы зерттелмеген күйінде қалып отыр.

1. 4. Қазақстанның Ресейге қосылуы кезінде ұлт азаттық

қозғалыстар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Қазақстанның саяси – экономикалық, әлеуметтік және сыртқы жағдайы
Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен жасаған көтерілісі
Қазақ хандығының көрші мемлекеттермен сыртқы саяси байланыстары
Кенесары басқарған ұлт-азаттық көтерілістің басталу себептері мен барысы
ХІХ ғасырдағы Оңтүстік Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыс мәселелері
Сырым Датұлы бастаған ұлт- азаттық көтеріліс
Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісов бастаған көтеріліс. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датов басшылығымен жасаған көтерілісі (1783 - 1797 жж)
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz