ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3-5
1. ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ
- Оқыту процесінің қозғаушы күштері . . . 6-12
- Оқытудың мазмұны . . . 13-17
- Оқытудың түрлері, әдістері және жетілдіру жолдары . . . 18-39
2. БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР
- Білім беруді ақпараттандыру және оның приоритеттері . . . 40-51
- Мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру . . . 52-69
- Білім беруде жаңа ақпараттық технологияны қолданудың психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері және негізгі бағыттары . . . 70-75
3. ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПЕДАГОГИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
- Сабақта қолданылатын жаңа ақпараттық технологиялар құралдарының техникалық базасы . . . 76-79
- Сабақ барысында мультимедиялық технологияларды қолдану ерекшеліктері . . . 80-89
- Жаңа ақпараттық технологияны қолдана өткізілетін сабақты ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар . . . 90-105
ІІІ. Қорытынды бөлім . . . 106-108
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 109-111
Кіріспе
Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналып отыр. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанынның бәсекеге қабілетті 50 елдерінің қатарына кіру старатегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы - Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап өткен болатын. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр - ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттындыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты рөл мектепке жүктеледі.
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, оның дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге, мұғалімдер алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр.
Педагогика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп. Соның бір жолы ретінде оқытудың жаңа технологиясын енгізуді атап өтуге болады. Білім беруді ұйымдастырудың дүниежүзілік тәжірибесінде көптеген оқыту технологиялары жүзеге асырылуда.
Қазіргі таңда оқытудың негізгі міндеті - жеке адамды қалыптастыру және оның жан - жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету жолында дамыту құралы ретінде компьютерлік технологияларды тиімді пайдалану тәсілдерін үйрету болып табылады. Осы мақсатты жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар ақпараттық технологияларды пайдалану тәсілдерін игеріп, қазіргі әлемнің информациялық бейнесін жасауға қол жеткізетін деңгейге көтеріле алады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі с ағат саны жетіспей, оқу құралдары да тапшы болып отырған осы кезеңде білім беру бағдарламасын толық жүзеге асыру үшін жаңа оқыту технологияларына негізделген әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, соларды пайдалана білу керек. Оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп, оны игеруді жылдамдата алатын жаңа педагогикалық тәсілдер балаларға терең білім алуға көмектеседі. Қазіргі таңда педагогика пәні сабақтарында компьютердің ұсына алатын мүмкіндіктерін толық қолдана алмауда. Әсіресе жаңа ақпараттық технологиялардың ажырамас бөлігі - мультимедия құралдарын өз дәрежесінде қолдана білсек, ұсынылып отырған материалға оқушылардың зейінін тартып қана қоймай, сонымен қатар олардың бойында пәнге деген қызығушылықтары мен білім алуда өздігінен оқуға талпындыру, яғни ізденімпаздық қасиетін қалыптастыра аламыз.
Дипломдық жобаның мақсаты қазіргі таңдағы түрлі ақпараттық технологияларды қолдану арқылы мектептегі сабақтардың сапасын жақсарту жолдарын қарастыру, сабақтарда мультимедияға негізделген техникалық оқу құралдарын пайдаланудың тиімділігін көрсету.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: бұл дипломдық жобада ұсынылған қазіргі таңдағы педагогикалық әдістер туралы мәліметтерді мұғалімге көмекші құрал есебінде пайдалануға болады және «Педагогика пәнін оқыту әдістемесі» курсында студенттерге пайдалы, әдіснамалық қосымша есебінде пайдалануға болады.
Дипломдық жобаның құрылымы. Дипломдық жоба кіріспеден, үш тараудан, тоғыз бөлімшіден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
"Кіріспеде" зерттеуде таңдап алынған тақырыптың көкейкестілігі дәлелденген және нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері мен теориялық-практикалық мәні айқындалған.
І тарауда оқытудың басты мақсаттары мен міндеттері, заңдылықтары мен оқыту процесінің қозғаушы күштері қарастырылып отырып, оқыту мазмұны ұғымының маңызына талдау жасалды. Оқыту әдістеріне жалпы шолу жасалып, ерекшеліктері сипатталды;
ІІ тарауда педагогикалық технология ұғымына анықтама беріліп, сабақ барысында оларды тиімді қолдану туралы мәселесі қарастырылды. Сондай-ақ жаңа ақпараттық технологиялардың білім беру үрдісіндегі орны мен оларды қолдану ерекшеліктері баяндалады, ұстаздың заман талабына сай дамуы ашып көрсетілді.
ІІІ тарауда жаңа ақпараттық құралдарды сабақ барысында қалай тиімді қолдана білу керектігі мәселесі қойыла отырып, сабақты заман талабына сай сабақ барысынд компьютерді, соның ішінде мультимедияны тиімді қолдану арқылы мол ақпарат бере отырып, оқушы назарын аудара алатындай және оқуға деген қызығушылығын аттыратындай етіп сабақты ұйымдастыру ашылып көрсетіледі.
"Қорытындыда" дипломдық жоба бойынша тұтастай қорытынды жасалады және зерттеу проблемасының перспективасы анықталады.
1. ОҚЫТУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕМЕСІ
1. 1. Оқыту процесінің қозғаушы күштері
Оқыту процесінде кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу - оқыту процесінің қозғаушы күші болып табылады. Оқу процесінің негізгі қозғаушы күші оқушылардың алдына қойып отыратын мұғалімнің міндеттері мен оларды орындауға қажетті оқушылардың білімдері, іскерлігі және ақыл-ойлары арасындағы қарама-қайшылық. Басқа қарама-қайшылықтар, оқу материалын баяндау жүйесі мен оқушылардың меңгеруі арасында, мұғалімнің түсінігі мен оқушы түсінігі, теориялық білімдер және оларды тәжірибеде қолдану, оқу процесіндегі қиындықтың деңгейлері, сипатын дұрыс анықтау және оларды оқушылардың түсінуі, мұғалімнің материалды жатық баяндауы және әрбір оқушының оны түсінуі араларында болады.
Мысалы, ынтымақтастық педагогикасы дәстүрлі педагогиканың кемшіліктерімен күресіп, ондағы көптеген қарама-қайшылықтарды шешуге ат салысты. Олар оқушылардың қызығушылығы және сабақ тақырыбы арасындағы қайшылық.
Оқушылардың пікірінше мұғалімдерімен жанжалдасуының себептері:
1. Мұғалімнің оқушының намысына тиіп, дөрекілік, ұстамсыздық көрсетуі.
2. Бағаны дұрыс қоймау.
3. Мұғалімнің сабақты қызықсыз өткізуі.
4. Үй тапсырмасын орындамау.
5. Сабаққа қатыспау.
4. Білім, іскерлік, дағды .
Білім - адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналыру үшін оны ойлау операциясы, талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп өз білімін шындығына айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Оқушылардың білімі - оқыту процесінің, ең бірінші кезекте оқу материалдарын меңгерудің нәтижесі. Сондықтан оқушылардың білімді меңгерген, меңгермегенін оқыту жобаларымен-бағдарлама, оқулықтарымен салыстырып анықтайды.
Білім - қандай да бір іс-әрекетті жасау негізі. Іс-әрекет жеке тұлғаны қалыптастырады.
Білім - қоғамдық-өндірістік тәжірибеде қолданылады, меңгерілген білім көмегімен адам жаңа білімдер жасауға қатысады, еңбекке дағдыланады, қоғамдық-материалдың байлықтың артуына, рухани мәдениеттің дамуына өз үлесін қосады. Осылайша жеке тұлға сапалы білім керектігін, оның пайдасын көреді. Білім жеке тұлғалық бөлікке енеді. Бұл жағдайда оқыту балаға тек білім беретін процесс емес, ол баланың жеке тұлғалық бағыттарын, жақсы мен жаманға көзқарастарын қалыптастырады.
Әл Фараби "Бақытты болу, кәмелетке келу, қоғамдық тіршілікті жақсарту - барлығы да білімділікке байланысты. Біліммен өнерді меңгергеннен кейін адамда іскерлік пен өз бетінше әрекеттену, одан соң парасаттылық пайда болады"- деген.
Білім толық, жинақы, жүйелі, берік, пәрменді болу керек.
Аталған белгілер ақыл-ой сапаларын қалыптастырады. Олар: белсенділік, өздік, өнімділік, сыншылдық, ұғымталдық, тұрақтылық, тереңдік.
Білім өздік жұмыс және сабақтан тыс шығармашылық іс-әрекетте қолданылады, сөйтіп, ой жұмысы тұрақты, терең жүреді.
Ой тұрақтылығы дегеніміз - ойдың маңызды, оқу материалдарына тоқталуы, оларды ойда сақтау керек жерде қолдана білу. Ойдың тұрақтылығы ақыл-ой жұмысының жоғары деңгейіне, ұзақ уақыт ақыл-ой жұмысымен айналысуға байланысты.
Ойдың тереңдігі оқылған объектіні терең білуден, оны өз бетімен зерттеп, ішкі байланыстарын, басқа объектілермен байланыстарын аша білуден көрінеді. Материалға шығармашылық тұрғыдан қарау, алынған білімдерді теориялық және тәжірибелік жұмыста қолдану, білімнің ішкі мотивтерге және сенімге айналуы ойдың тереңдігін көрсетеді.
Сонымен біз білімнің аса маңызды қасиеттеріне тоқталдық. Ол қасиеттер білімді меңгеру процесі арқылы пайда болады. Меңгеру - ақиқатты білу арқылы болмысты тану процесі.
Меңгеру нәтижесінің сапасы оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бағалау арқылы анықталады. Білім сапасы - білімді меңгеру нәтижесі.
Іскерлік - бұл кез келген іс-әрекет емес, ол табысты, тиімді орындалатын іс-әрекет. Іскерлік дегеніміз - іс-әрекетті жақсы істеуге керекті жұмыс тәсілдерін белгілі бір жағдайларға байланысты таңдау және қолдану, адамның жұмысты жаңа жағдайда өнімді, сапалы, уақытында істей білу қабілеті.
Іс-әрекет іскерлікке айналу үшін педагогикалық жағдайлар жасалады.
Іскерліктің құрамы күрделі. Оған "елес, ұғым, білім, дағды, зейінді шоғырландыру, бөлу, ауыстыру, қабылдау, ойлау, іс-әрекет процесін реттеу және өзін-өзі бақылау дағдылары" енеді. Осы бөліктердің бірлігі арқылы оқушы өз жұмысының нәтижесін түсініп, оған жету үшін іс-әрекеттің тиімді тәсілдері арқылы жұмыс істеп жақсы нәтиже алады. Дидактиктер іс-әрекетке байланысты теориялық және практикалық (өлшеу, есептеу, энергия көздерін, реактивтерді қолдану, т. б. ) іскерліктерді бөледі. Ал психологтар психикалық процеске керек ес, қабылдау, ойлау іскерліктерін атайды.
Танымдық іскерлік (бақылау жүргізе білу, тәжірибе жасау, әдебиетпен жұмыс және басқалары) оқу еңбегінің жалпы іскерліктері оқушының өз жұмысын жоспарлауынан, оны тиімді ұйымдастырудан, бақылаудан көрінеді.
Психология және дидактика тәжірибесі оқу бағдарламаларына өте маңызды оқу іс-әрекеттерін енгізуді талап етті. Олар:
• арнайы іскерлік;
• оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерлігі;
• ақыл-ой іскерлігі.
Білім мазмұнын жетілдіру әр түрлі білімді қолдануға керекті іскерліктерді жинақтауды, бағдарламаға енгізуді талап етті. Осыған байланысты "Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламаларына (І-ІV сыныптар) " (Алматы, 2005 ж. ), "Білім, білік, дағдыларды күнделікті бақылап бағалауға қойылатын негізгі талаптар" деген бөлім енгізілді.
Бірінші топ - арнайы (немесе жеке) іскерліктер оқушылардың бойында нақты оқу пәндерін оқу процесінде қалыптасады. Олар оқу материалымен, жұмыс істеуге керекті және оны түсінуге елеулі ықпал етеді.
Екінші топ - оқушының оқу жұмысын тиімді ұйымдастыру іскерліктері: оқу материалдарын меңгеру, талдау, оларды түрлі танымдық міндеттерді шешуге қолдану, жұмысты безендіру, өз жұмысын бақылау, оның нәтижелерін түзету, өзінің іс-әрекетін басқару.
Үшінші топқа интеллектуалдық іскерліктер енеді. Олар: талдау және жинақтау, қорытындылау және саралау, абстракция және нақтылау, салыстыру және ұқсату, себеп-салдарлық байланыстарды табу.
Әрбір топтағы іскерліктер оқушының теориялық, ішкі және сыртқы, репродуктивтік және өнімді іс-әрекетінде көрінеді.
Сипатталған іскерліктердің байланыстарын мына сызбадан көруге болады.
Қ. Жарықбаевтың анықтамасы бойынша "дағды - алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерінің қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматтандырылуы". Дағды-іс-әрекеттің автоматтандырылған бөлігі, ол іс-әрекетті жақсы, көп күш жұмсамай, жасауға мүмкіндік береді.
Іс-әрекетке дағдыланған адам, іс-әрекетке керекті қимыл-қозғалыстарды, жаттығуларды шапшаң жасайды.
Дағдылар ақыл-ой, тілдік, сенсорлық, ерік-жігер, мәдени, гигиеналық болып бөлінеді. Ақыл-ой дағдылары: әдебиеттерді, сызбаларды оқу, есте сақтау, өткенді тұрақты түрде қайталау. Тілдік дағдылар: сөйлемдерді дұрыс құру, дәйекті дәлелдерге сүйеніп сөйлеу және жазу, таза сөйлеу, қыстырма сөздерді қолданбау. Қозғалыс дағдылары: киіну, өзіне-өзі қызмет ету, жүріс. Еңбек дағдылары: түрлі еңбек құралдарымен, станоктармен, машиналармен жұмыс істеу. Сенсорлық дағдылар: ана тілін, кеңістік және уақытты қабылдау.
Ерік-жігер дағдылары: іс-әрекеттегі белсенділік, тәртіптілік, талап қоя білу. Мәдени дағдылар: ұжымды, басқа адамдарды құрметтеу, өзін-өзі тәрбиелеу.
Гигиеналық дағдылар: денені таза ұстау.
Оқыту процесінің қызметі. Оқыту процесінің өзіне тән қызметтері бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту қызметтері.
Оқытудың білім беру қызметі - бұл адам баласының білім байлығымен қаруландыру, оны өз бетімен білім алуға, ілкерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Қазіргі кезде білімді толық игеру үшін оған қойылатын талаптарды ескерген жөн. Олар:
• білімнің толықтығы - оқу материалдарын түсіну үшін танымдық іс-әрекетті іске асыру;
• білімнің түсініктілігі - оқушылардың өз бетімен ізденіп ақыл - ойын дамытуы;
• білімнің әрекеттілігі - жаңа білім алу үшін оқушыға бұрынғы білімін шеберлікпен пайдалану мүмкіндігін жасау.
Оқытудың тәрбиелік қызметі - оқытудың тәрбилік ықпалы жайындағы идея Я. А. Коменскийдің, И. Ф. Гербартгың, Ф. А. Дистервектің, Н. И. Пироговтың және К. Д. Ушинскийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И. Ф. Гербарт «оқыту - адамгершілік тәрбиесінсіз мақсатсыз құрал» деп тұжырымдады.
Әлемнің екінші ұстазы атанған әл-Фараби "тәрбиесіз білім адамзаттың қас жауы болады" деп, қатты ескертті. Білім беру мен тәрбиелеу біртұтас әрекет екендігін дәлелдеген ғұламалар соған байланысты. Өз шығармаларында сол екі негізге байланыстырып құра білді. М. Дулатов "Оқытудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру керек" екендігін баса айтып, оқу мен тәрбиенің біртұтас педагогикалық әрекет екендігін дәлелдеді.
Мағжан Жұмабаев көру, есту, сипау, иіскеу, бұлшық ет сезімдері арқылы әдепке, әдемілікке, сымбаттылыққа талғампаздыққа тәрбиелеу керек, сол тәрбиелер арқылы зейін қалыптасады, баланың ақылы ересек адамдарға қарағанда төмен, екеніне байланысты тәрбиелік іс-әрекетте тәлімді тәсіл қолдана білу керек екенін түсіндіреді.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялар мен ережелердің оқушылардың дүниетанымы мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдың нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқыта отырып тәрбиелеу, оқушыларды өмірге, білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға теориялық білім беру тәрбие процесімен тығыз байланыста өткізіледі.
Оқытудың дамыту қызметі. Оқыту процесі, білімді меңгеру оқушыны дамытады. Оқушының тілі, ақыл-ойы, сенсорлың және қозғалыс аймағы, сезімі, ерік-жігері, қажеттіліктері, мотивтері дамиды. Оқыту - жеке тұлғаны дамыту құралы. Л. С. Выготский (1896-1934) тұжырымдаған психологияның маңызды заңдарының бірі - баланың дамуы оқытуға байланысты. Сондықтан білім мазмұнына баланы дамытатын материалдар енгізеледі. Оқыту процесінде П. А. Гальпериннің ақыл-ой жұмысын кезең бойынша қалыптастыру теориясы, М. Н. Скаткиннің, И. П. Лернердің мәселелік оқыту әдісі баланы дамытуға бағытталған.
Қазіргі оқыту тек білім берумен шектелмей, оқушыны әр жақты дамытуға, алдымен ақыл-ойды дамытуға бағытталған.
Сонымен оқыту процесінің 3 міндеті болды. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және оқытудың барлық бөліктерінде жүзеге асады.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Дидактика тарихында оқыту мақсаты туралы екі көзқарас болды. Біріншісі: мақсат - жеке тұлғаның ақыл-ойын, есін және басқа қабілеттерін дамыту деген тұжырым. Екіншісі: мақсат - ғылым негіздерін меңгерту, өмірге қажет нақты білімдер беру.
Қазіргі оқыту мақсаты білім туралы мемлекеттік құжаттарда белгіленген. Ол мұғалімнің сабақ жоспарларында нақтыланады.
Оқу материалын меңгертудің әрбір кезеңінде мұғалім өзінің алдына 4 түрлі дидактикалың мақсат қояды. Олар:
• оқушыны оқу материалымен таныстыру және оны бірінші рет бекіту;
• оқығанды еске түсірту, іс жүзінде репродуктивтік және продуктивтік деңгейде қолдандыру;
• білім және іскерлікті қолдану арқылы жүйелеу;
• білім, іскерлікті бақылау және есепке алу.
1. 2. Оқытудың мазмұны
Оқыту мазмұны - оқыту процесінде оқушы меңгеретін ғылыми білімдер, тәжірибелік іскерлік, дағды, іс-әрекет және ойлау тәсілдері, оқыту мазмұны пән бойынша жасалған мемлекеттік оқу жоспарында, мемлекеттік оқу бағдарламаларында, оқулықтарда жазылған.
Оқыту процесінің бастапқы кезеңінде Мұғалім оқушыларды оқу материалдарымен және оны қолдану әдістерімен таныстырады. Оқу материалының жаңа бөлігін меңгеру және бекіту қатар жүреді. Оқытудың мақсаты - оқу материалының негізгі ойын және тәжірибелік маңызын оқушыға меңгерту.
Екінші кезеңде оқу материалы қайталанады және оқушылар алған білімдерін қолданады. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты -алған білімді нақтылау, кеңейту, кең түрде жаңғырту, тәжірибелік қолдану.
Үшінші кезеңде Мұғалім оқушылардың тәжірибелік жұмыстарын ұйымдастырады, сол арқылы ұғымдарын жүйеге келтіреді. Оқушы алған білімін Мұғалімнің көмегімен де және өз бетімен де қолданады, меңгерген білімдерін бір-бірімен салыстырады. Бұл кезеңдегі оқыту нәтижесінің көрсеткіші:
• оқушылардың мәселелерді өз бетімен шешуі;
• білімді түрлі жағдайларда қолдана білуі.
Оқыту процесін кезеңдерге бөлу, талдау оның ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Бірінші ерекшелік. Оқыту мен оқудың бірлігі. Олардың біреуін өзгерту, екіншісінің өзгеруіне де ықпал етеді. Оқыту барысында осы бөліктер арасында үйлесімді дидактикалық өзара әрекет болу керек.
Іс-әрекет субъектілерінің жақсы қарым-қатынасы оқытудың нәтижелерін көтерудің негізгі жолдарының бірі.
Оқыту процесінің екінші ерекшілігі: оқыту және оқудың өзара байланысы арқылы білім мазмұны оқушының іс-әрекетіне негіз болады.
Бір циклден екіншісіне жоспарлы түрде өту - оқытуды бағындыруға қойылатын келесі талаптардың бірі.
Үшінші ерекшелік оқу ақпараттарын оқушылардың қалай қабылдағанын, оны меңгеру нәтижесінде қандай ішкі процестер өтетінін, қандай жағдайлардың оқытуға ықпал ететінін бірден бағалауға болмайтындығында. Оқу процесінде жоспардан ауытқулар болуы мүмкін, оның алдын алу үшін Мұғалім ең басты ұғымдарға назар аударады.
Оқытушы іс-әрекеті. Оқыту - оқыту процесінің негізгі бөліктерінің бірі. Оқытушының іс-әрекеті оқушымен тікелей де, жанама да байланыста жүзеге асырылады. Оқыту процесі оқу процесінің белсенділігін талап етеді. Бұл талапты орындау оқушылардың іс-әрекетін Мұғалімнің ұйымдастыруына, бақылауына, өздігінен білім алуды жолға қоюына, өз мақсаты мен оқушы мақсатын сәйкестендіруіне байланысты. Оқытушы:
• оқу ақпараттарын іріктейді, жүйелейді, бөліктерге бөледі және оқушыларға ұсынады.
• осы ақпараттарды үйретеді, меңгертеді, олармен істелетін жұмыс әдістерін белгілейді.
• әрбір оқушының білімдер жүйесін меңгеруін және оларды оқу- өндірістік жұмыстарда қолдануын ұйымдастырады.
• оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетіне басшылық етеді.
• оқытушы оқушылардың белсенділігін және саналылығын ынталандырады, білімнің және оқу іс-әрекетінің сапасын бақылайды, оқыту нәтижелерін талдайды, оқушының жеке тұлғасын одан әрі дамытуды жоспарлайды.
Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқу мазмұны және мәнін зерттеген бихевиоризм, гештальтпсихология, когнитивизм, іс-әрекет теориясы, гуманистік психология.
Оқу - оқушылардың танымдық іс-әрекеті.
Оқушының оқыту процесіндегі іс-әрекеті бір нәтижеге жетуге бағытталған.
Осы іс-әрекеттің маңызды белгілері: өзін-өзі сынау және өз бетімен жұмыс істей білу, қызығушылық, қажеттілік, танымдың белсенділік, табандылық, жігерлілік, өзінің алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсіну, керекті іс-қимылдарды таңдау.
Оқу іс-әрекетінің өнімдері - білімдерде, іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдың қатынастарда, бағаларда бейнеленген. Оқу іс-әрекетінде тұлғаның барлық сапалары көрінеді және қалыптасады.
Оқу іс-әрекеті мазмұн, жеке іс-қимылдар, мотивтер сияқты бөліктерден тұрады. Оқу іс-әрекеті арқылы оқу міндеттері шешілсе, оның құрамында мынадай бөліктер болады: міндеттерді талдау; міндеттерді орындау туралы шешімге келу; оларды шешуге керекті білімдерді еске түсіру; міндеттерді шешу жоспарын жасау; жүзеге асыру, шешілетін міндетті бақылау және бағалау; оқу міндеттерін шешу процесіндегі іс-әрекет тәсілдерін түсіну.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz