Тіл мүкістігі бар балалар



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 8
1 Дислалия туралы жалпы түсінік және оның түрлері 11
1.1 Механикалық дислалия және оның себептері 11
1.2 Функционалды дислалия және оның себептері 12
1.3 Фонемаларды түзету туралы жалпы мәлімет 16
1.4 Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға психологиялық
педагогикалық мінездеме 23
2 Арнайы ғылыми әдебиетте дислалиясы бар мектепке дейінгі балаларда
дыбысталуды түзету мәселелері 38
2.1 Мектепке дейінгі балалардағы дислалияны жою жолдары 38
2.2 Мектепке дейінгі балалардың диспалиясын жою жөніндегі логопедтік
жұмыстың кезеңдері мен мағынасы 42
2.3 Жоғары мектепке дейінгі балаларда дыбыстаулың бұзылуының пайда
болуын көрнекі құралдарды қолдана отырып алдын алу бойынша тәжірибелік
зерттеу жүргізу 48
2.4 Көрнекі құралдарды қолдана отырып дислалиясы бар мектепке дейінгі
балалардың дыбысталуының бұзылуын жеңу 53
2.5  Логопедиялық жұмыстың нәтижелерін талдау 58
Қорытынды 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63

Кіріспе

Адамдардың әлеуметтік қарым-қатынас жасаудың негізгі факторларының бірі
тіл болып табылады.
Сөйлеу - іс-әрекеті қарым-қатынасы үшін тілді қолдану процесі болып
табылады.
2005 жылдың 13 сәуірінде қабылданған Қазақстан Республикасында
мүгедектерді әлеуметтік қорғау және білім беру Заңына сәйкес мүмкіншілігі
шектелген балалар толығымен білім алуға және шығармашылық, дүниетанымдық
қабілеттерін ерікті дамытуға тең құқылы [1].
Елімізде әлеуметтік процестерді жан–жақты жеделдету мақсаты күн
тәртібіне қойылып отырған мектеп реформасы әр бір педагогикалық ұжымға,
мұғалімдер мен тәрбиешілерге зор міндет жүктеп, олардан шығармашылықпен
еңбектенуді талап етеді.
Баланың жан-жақты даму мәселелерінің бірі сөйлеудің дамуы болып
табылады. Баланың сөйлеуі қаншалықты жақсы дамыса, соншалықты баланың
қоршаған ортаны тануда мүмкіндіктері ашылады және оңай қарым-қатынас жасай
алады.
Сөйлеу қарым-қатынасы психикалық даму факторы ретінде, өзіндік
регуляция шарты ретінде, тұлғаның қоғамдық білімге және қоғамдық
тәжірибені игеруге үйрену және ойлаудың даму шарты әдісі ретінде адам
өмірінің орталық маңызды орнын алады[12].
Сөлеу тілі толық жетілмеген баланың мектептегі оқу үлгерімі нашар
болатыны сөсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын
болмасын орнығып, қиындап кетпей тұрған-жасына дейін жою керек. Сонымен
бірге, баланың мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі күшті
қарқынмен күн санап дамитынын және тілі кез келген дыбысқа еліктегіш,
қабылдағыш, бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілгіш келетінін ұмытпау керек.
Сондықтан дислалияның барлық түрлері жеңіл, әрі тез жойылады.
Сондай-ақ, тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы күрделі мүкістіктері толып
жатқан қатты асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу
тілі мен жазу тілінде басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет.
Сөйлеу қарым-қатынасының дамуы баланың дамуымен қоса бірте-бірте жүзеге
асады. Сөйлеудің қалыптасуы баланың барлық психикалық функцияларының
дамуымен өзара байланысты. Қалыпты сөйлеу қарым қатынасын қамтамасыз ету
үшін әріптің дыбысталуының дұрыс шығуы қажет. Сөйлеудің айтылуы жағы
немесе айтылу түсінігі сөйлеудің фонетикалық құрылымын білдіреді және
біруақытта сөйлеу-жүргізуші дағдылар жиынтығын білдіреді. Бұған сөйлеу
тыныс алу, дыбыс шығару, дыбыстарды және олардың маңызын айту дағдылары,
орфоэпия нормаларын бақылай отырып, сөздік екпін қою және фразалық
интонация жасау дағдылары жатады.
Сөйлеудің айтылу жағының қалыптасуы қарым-қатынас жасау процесінде
жүзеге асады, және лексикалық, грамматикалық және интонациялық-ритмикалық
жақтарынынң дамуына байланысты болады, яғни, тілдің толық дамуына
байланысты болады.
Сөйлеудің даму процесі кезінде әр түрлі тілдік әдістерді қолдану
балалардың дыбыс шығаруының қалыптасуының жастық ерекшелігін анықтайды.
Дұрыс дыбыс шығарудың қалыптасуының қиындықтарының пайда болуы және
олардың алдын алу сөйлеудің дұрыс айтылу жағының қалыпты дамуын қамтамасыз
етеді. Сөйлеудің айтылу жағының бұзылуы кезінде сөйлеудің фонетикалық
қалыптасуының ақаулары пайда болады. Ең кең таралған сөйлеу ақауы дислалия
болып табылады. Дислалия кезінде кейбір дыбыстар тіпті айтылмайды да,
немесе естілмейді, немесе басқасымен ауыстырылады. Жеткіліксіз анық емес
сөйлеу қоршаған ортамен қарым-қатынасты қиындатады, сөйлеудің басқа
дефектілерін тудыруы мүмкін, баланың жеке тұлғасына әсер етеді.
Сөйлеудің бұзылуы – балалар арасында ғана емес сонымен қатар үлкендер
арасында жеткілікті кең таралған құбылыс. Мұндай бұзылулардың себебі әр
түрлі болып келеді. Бірақ бұлар дұрыс емес немесе эффективті емес емдеу
жасағаннан пайда болады. Осы көріністе көп жағдайда мұндай балаларда қандай
да бір деңгейде дыбысталудың, лексиканың, грамматиканың, фонематикалық
процесстердің және т.б. бұзылулар бар болады. Егер осы бұзылуларды бала
кезінде алдын алмаса, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасаған кезде
қиындықтар тудырады, ал одан кейін бала-жасөспірім-ересек даму тізбегінде
тұлғаның белгілі өзгерулеріне әкеледі. Балаларда оқуына кедергі жасайтын
және өзінің табиғи мүмкіндіктерін ашуға кедергі жасайтын қысылудың пайда
болуына әкеледі. Камелетке толмаған ерте жаста сөйлеу баланың
психологиялық және физикалық дамуына сәкес келеді. Әрі қарай осы
кемшіліктерден қоршаған ортамен қарым-қатынасы қиындай түседі. 4-5 жасында
дамыған балалар өздерінің сөйлеу кемістіктерін байқайды және оны ауыр
басынан өткереді. Мектепке дейінгі жас – сөйлеу кемістіктерінің алдын алу
үшін нағыз жас болып табылады. Бұған мектепке дейінгі балалардың келесі
ерекшеліктері әсер етеді: мидың жоғары пластикалығы, балалардың барлығын
ойынға айналдыру мүмкіндігі, бұл түзету жұмыстарында тез жетістікке жетуге
мүмкіндік береді, сөйлеудің дыбысталуын үйренуге ұмтылуы болып
табылады[49]. Егер, осындай уақытта дыбысталудың бұзылуын жоюға көңіл
аудармайтын болса, онда ол тұрақты дефектке айналады. Сондықтан да дыбыс
шығарудың әр түрлі бұзылуларын өз уақытында дұрыстап отыру маңызды.
Сөйлеудің бұзылуын жөндеу бойынша жұмыстар сөйлеудің жетіспеушіліктерін
түзетуде болып табылады. Дислалия кезінде коррекциялық жұмыстың негізгі
мақсаты сөйлеу дыбыстарының дұрыс шығу білімі мен дағдыларының қалыптасуы
болып табылады[40]. Логопедиялық әсер ету
принциптеріне сүйенетін болсақ,
дислалия кезінде логопедиялық және психолого-педагогикалық зерттеу
жүргізеді. Зерттеу нәтижелері практикалық, суреттік және сөздік әдістер
көмегімен түзету жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Дыбысталудың
дұрыс шығуының бұзылуын зерттеумен және оларды жөнге келтірумен А. Г.
Богомолова, К. П. Беккер, Л. С. Волкова, Р. Е. Левина, О. В. Правдина, Е.
Ф. Рау, М. Совак, Т. Б. Филичева, М. Ф. Фомичева, , М. Е. Хватцев, Н. А.
Чевелёва айналысқан.
Дыбысталуы дұрыс балаларды тәрбиелеу бойынша түзету жұмыстарының жүйесі
психолого-педагогикалық жол негізінде құрылады. Логопедиядағы психолого-
педагогикалық жолды Р. Е. Левин өңдеп шығарды. Психолого-педагогикалық жол
бала психикасының басқа жақтарымен өзара қатынасын және сөйлеу жүйесінің
қызметінде бұзылудың қатынасының есебін білдіреді.Дислалия кезінде
дыбысталудың бұзылуы әр түрлі патогенді факторлармен қамтамасыз етілуі
мүмкін, әр түрлі пайда болу дәрежесі болуы мүмкін. Сондықтан да осы
сөйлеудің бұзылуын түзетудің әсерлі жолдарын іздеу қажет.
Зерттеу мақсаты: дыбыстың бұзылуын әсерлі әдістермен және көрнекі
құралдармен түзету жұмыстарын теориялық негіздеу және оны тәжірибеде
апробациялау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жету үшін келесі мәселелерді шешу керек:
1. Теориялық материалдарды игеру негізінде дислалия кезінде дыбысталудың
бұзылу ерекшеліктерін және оларды түзету жолдарын қарастыру керек.
2. Дислалиясы бар мектепке дейінгі балалардың дыбысталуының бұзылуын табу
және жүйелеу керек.
3. Ұсынылған әртүрлі түрдегі көнекіліктерді қолдана отырып дислалиясы бар
мектепке дейінгі балалардыңдыбысталуының бұзылуын алдын ала отырып
тапсырмалар мен ойын жаттығуларын жасау.
4. Логопедиялық жұмыстың эффективтілігін анықтау.
Зерттеудің болжамы: дислалиясы бар мектепке дейінгі балаларда
дыбысталуының бұзылуын түзету бойынша логопедиялық жұмыс әсерлі болады,
егер төмендегілерді ескеретін болсақ:
- Мектепке дейінгі балалардың жүргізуші қызмет түрі
- Дислалия кезінде дыбысты айтудың бұзылуының этиологиясы, механизмі
және құрылымы
- Түзету жұмыстары оқытудың көрнекі құралдарын қолдана отырып кезеңімен
жүзеге асырылады.
Зерттеудің объектісі дислалия кезінде мектепке дейінгі балаларда
дыбысталудың бұзылуы және оны түзету болып табылады.
Зерттеудің пәні үйретудің көрнекі құралдарын қолдана отырып дислалиясы
бар мектепке дейінгі балаларда дыбысталуын түзету болып табылады.
Қойылған тапсырмаларды шешу үшін келесі зерттеу әдістері қолданылды:
1. Зерттеу мәселесі бойынша арнайы әдебиеттердің теориялық талдауы.
2. Психолого-педагогикалық тәжірибе.
3. Тәжірибелік зерттеудің сандық және сапалық нәтижелер анализі.
Біздің зерттеудің практикалық маңыздылығы дислалиясы бар мектепке дейінгі
балаларда дыбысталуды түзетуге бағытталған ұсынылған тапсырмалар,
жаттығулар болып табылады. Берілген практикалық және көрнекі материалды
логопедтерге қолдануға болады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеліп отырған мәселенің өзектілігі негізделген, мақсаты
анықталған, зерттеу есептері және оның пәні, зерттеу әдісі анықталған,
жұмыстың практикалық маңыздылығы құрылған.
Қорытындыда дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелі бөлімі
көрсетілген.

1 Дислалия туралы жалпы түсінік және оның түрлері

1.1 Механикалық дислалия және оның себептері

Дислалия гректің dis-бұзылу,logos-сөйлеу деген сөздерінен құралған.
Қазіргі уақытта дислалия дегеніміз есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі
аппаратының инерциясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуының бұзылуы.
Экологиялық себептері бойынша дислалия механикалық (органикалық) және
функционалдық болып екі түрге бөлінеді
Механикалық (органикалық) дислалия дегеніміз сөйлеу тілі аппаратының
сыртқы органикалық, оның сүйегі мен бұлшық еттері құрылысы ақаулықтарының
салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы.
Тіл астындағы сіңірдің қысқаруы механикалық дислалияның біршама жиі
кездесетін себептеріне жатады. Бұл ақаулықта тілдің қалыпты денгейден нашар
қимылдауы себебінен өте қысқа тіл асты желбезегі оның жоғары көтерілуіне
мүмкіндік береді. Одан басқа, тілдің зорға ауызға сиып тұратын өте
үлкендігінен, жөнді бұрыла алмауына да, дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі
мүшелерінің әрекеті бұзылады.
Жақ сүйектері құрылысының ақаулықтары үстінгі және астынғы ауытқуына
себеп болады. Үстінгі тістер астынғы тістермен қабысқанда дәлме-дәл
қиюласып түйіскенде тістену дұрыс болып шығады.Тістенудің ауытқуларының
бірнеше түрлері болады.
Кемиек (прогнатия) - үстінгі жақ сүйегі алға қатты шығып тұрады. Осының
салдарынан үстінгі тістер астынғы тістермен жағына түсіп тұрады.
Опырауыз (прогения) - астынғы жақ сүйегі сойдиып алға шығып кетеді де,
қабысқанда үстінгі тістер астынғы тістердің жанына түсіп тұрады.
Тістенудің қабыспауы - үстінгі және астынғы жақ сүйектеріндегі тістер
қабысқанда тістенбей, аралары ашық қалады. Кейбір жағдайларда тістенбей
қалу тек тістердің арасында болады.
Азу тістердің қабыспауы - сол жақтың, оң жақтың екі жақтың болуы мүмкін.
Тістердің орналасу құрылысы дұрыс болмай, қатарларының бұзылуынан
сақаулануы мүмкін. Мысалы, тістердің арасының алшақтығынан және
ретсіздігінен сөйлегенде тілдің ұшы сыртқа шығып кетіп, сөздің анықтығы
бұзылады.
Стомотолог - дәрігерлер арнайы шина қою арқылы тістерді және жақ
сүйектерін реттейді. Сүйегі әлі қатаймаған 5-6 жастағы кезінде қойылған
шинаның әсері өте күшті болады.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына қалыптаспаған таңдай құрылысы да
зиян тигізеді.Тар, өте жоғары немесе керісінше аласа, тегіс таңдай сөйлеу
тіліндегі дыбыстардың көпшілігінің дұрыс айтылуына кедергі келтіреді.
Еріннің қалындығы, астынғы еріннің салпиып тұруы, немесе қысқа әрі
қимылдайтын үстінгі ерін, ерін және ерінтісті дыбыстарының анық айтылуына
кедергі келтіреді[42].

1.2 Функционалды дислалия және оның себептері

Функционалды дислалия дегеніміз дыбыс шығару аппаратында ешқандай
кемістік болмаса да, сөйлеу тілі дыбыстарының дұрыс айтылмауы. Басқа сөзбен
айтқанда - ешқандай органикалық негіз жоқ.
Функционалды дислалияның көп тарауының себебі баланың сөйлеу тілін үйде
дұрыс тәрбиелемеуден, кейде ересектер, баланың балдырған сөзін қызық көріп,
ұзақ уақытқа дейін оған өзі де бейімделіп шолжыңдасып сөйлесетін болады.
Қорытындысында көп уақытқа дейін баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс
айтылуының дамуы кешеуілдеп қалады.
Баланың сақаулығы еліктеуден де болуы мүмкін. Қағида бойынша балаға
сөйлеу тіліндегі дыбыстарды әлі дұрыс қалыптаспаған жас баламен әрдайым
қатысып, сөйлесіп жүрудің де зияны тиеді. Бала үйдегі ересек адамдардың
сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұрмалануына жиі еліктейді, балаға әсіресе
сөзі түсініксіз, тілі мүкіс немесе өте жылдам сөйлейтін быдық, кейде тіпті
жергілікті тілдің ерекшеліктерімен сөйлейтін адамдардың арасында көп болып,
өздерін тындаудың да ерекше зияны тиеді.
Балаға үйдегі адамдардың екі тілде сөйлеуі де кедергі болады. Бала әр
тілде сөйлеу кезінде бір тілдің ерекшеліктерінен екінші тілдің айтылу
еркшелігіне жиі ауысып отырады.
Балалардың дыбыс айту кемшіліктері өнегесіз тәрбиенің себептерінен де
жиі пайда болады, баланың сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуына жанында
жүретін ересек адамдар мүлде көңіл аудармайды. Сіздегі дыбыстардың
қателігін түзетпейді, өз сөзімен түсінікті етіп анық айтудың үлгісін
көрсетпейді. Басқаша айтқанда, баланың сөйлеуге дағдылануының дұрыс
жетілуіне ересектердің жүйелі ықпал жасауы тиіс.
Баланың сөйлеу тіліндегі ақаулық есту қабілетінің жетілмеуінен де болуы
мүмкін. Айтылу бір-біріне ұқсас дыбыстарды ажыратуда баланың қиналатындығы
байқалады. Мысалы: ұяң және қатаң дауыссыздарды, жіңішке және жуан, ысқырық
және ызың дыбыстарды айтқанда. Қортындысында, дыбыстардың дұрыс айтылуының
дамуындағы бұндай қиыншылықтар ұзақ уақытқа кешігеді. Сонымен бірге
дыбыстардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктері, әсіресе сөздердегі алмастырулары
мен шарттастырылу уақытында фонематикалық есту қабілетінің қалыптасуына
зиянын тигізуі мүмкін, ал егер олай болса, қалған жағдайда, оның салдары
жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауына және жазуы мен оқуының бұзылуына
себебін тигізетіні сөзсіз.
Сақаулық сонымен қатар дыбыс шығару мүшелері: тілдің, еріннің, төменгі
жақ сүйектерінің нашар қимылдауынан да болуы мүмкін. Соның салдарынан бала
тілін қалыптағы жағдайда дұрыс ұстап тұра алмайды немесе қажетті қимылдарды
тез арада орын алмастыра алмайды.
Дислалия сонымен бірге есту қабілетінің нашарлығынан да болуы мүмкін.
Керең балалардың 10% -на дейінгілерінің сөйлеу тіліндегі дыбыстардың
айтылуы бұзылған. Бұндай жағдай ызың мен ысқырық, ұяң және қатаң дауыссыз
дыбыстары бөлшектеп мүшелегенде байқалады.
Дислалияның ауыр және ұзаққа созылуына ақыл-ойының жеткіліксіз дамуы да
себеп болуы мүмкін. Іштен туа біткен ақыл-ойы кеміс балалардың 55%-дан
көпшілігі сөйлеу дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы белгілі.
Сөйлеу түрі мүшелерінің күрделі қимылдарын және тілдің қатысуын онша көп
керек етпейтін м,н,т,п дыбыстары сирек бұзылатыны, ал басқа дауыссыз
дыбыстардың кез келгені жиі бұзылып айтылатындығы байқалады.
Әсіресе сөйлеу тілі мүшелерінің қиын айтылатын р,л тіл дыбыстары,
ысқырық (с, з, ц ) және ызың (ш, ж, ч ,щ) дыбыстары жиі бұзылады.
Әдетте қатаң және ұяң дауыссздар сыңарлары мен қоса бірден бұзылады.
Мысалы: бала, с, з, дыбыстарын дұрыс айтпаса, онда олардың жіңішке
сыңарларының да ақаулары болады. Р, л дыбыстарының ғана жіңішке сыңарлары
көбінесе дұрыс айтылады, өйткені бұл дыбыстардың жіңішке сыңарлары сөйлеу
тілі мүшелерінің ыңғайына қарай келіп тұрады.
Баланың сөйлеу тілідегі дыбысдардың бұзылуы түрліше болады, мысалы кез
келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бір оларды
бұрмалап немесе басқа дыбыспен алмастырып айтуы мүмкін.
Бұзылудың осы түрлерін жеке-жеке қарастырып көрейік. Сөйлеу түріндегі
дыбыстардың түсіп қалуы сөздің басында, ортасында және аяғында кездесуі
мүмкін. Мысалы: ракета-акета, тарақ-таақ, батыр-баты.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуын бұрмалаған кезде тіл дыбыстарының
жүйесінде болмаған түсініксіз дыбыстарды шығарады. Мысалы: Р дыбысын
айтқанда жұмсақ таңдайдың артқы жағының шеті дірілдеп, қырылдаған дыбысын
немесе кішкентай тіл тербеліп, көмейден ырылдаған тұрпайы Р дыбысы,
тілдің шайнап С дыбысын, тілін бұрап бір езуін Ш дыбысын , еріндерін үрлеп
Л дыбысын шығарады.
Тіл дыбыстарының жүйесіндегі бір дыбыс екінші дыбыспен алмастырып
айтылады. Алмастырулардың мынадай түрлері болуы мүмкін:
1. Жасалу жолдары жағынан ұқсас, сөйлеу тілі мүшелеріндегі
айтылуында айырмашылығы бар дыбыстар алмастырылады. Мысалы, тіл артық
түзелмелі (шұғыл) дыбыстарын тіл алды Т,Д шұғыл дыбыстарына алмастырылады.
(Кәлима-Тәлима, Гүл-дүл).
2. Сөйлеу мүшелеріндегі айтылуы ұқсас, жасалу жолдарының айырмашылығы
бар дыбыстар алмастырылады, мысалы тіл алды С дыбысы тіл алды Т дыбысына
алмастырылады. (сабын-табын)
3. Жасалу жолдары ұқсас, ал сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бойынша
айырмашылығы бар С дыбысына алмастырылады. Мысалы самат-фамат және т.б.
4. Cөйлеу тілі мүшелерінің айтылу мен жасалу жолдары ұқсас дыбыстар
дауыстың қатысуымен шығатын дыбыстармен, мысалы: Ұяң дыбыстар қатаң
дыбыстармен алмастырылады. (болат-полат, қозы-қосы)
5. Жасалу жолдары ұқсас дыбыстармен сөйлеу мүшелерінің белсенді
әрекеттері бойынша шығатын дыбыстар жуан жіңішке белгілерімен айқындалатын
дыбыстармен, мысалы: жіңішке дыбыс жуан дыбыспен, жуан дыбыс жіңішке
дыбыспен алмастырылады: (пяз-паз, өрік-өріқ)
Сөйлеу тілінде бұзылған дыбыстардың мөлшері бойынша дислалия қарапайым
және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған
дыбыстардың саны төртке дейін болса, оны қарапайым, ал одан көп болса
күрделі дислалия дейді.
Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дыбыстардың ақаулықтары дыбыс
шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі бір топтағы (мысалы,
ысқырықтар) дыбыстарда болса, оларды мономорфиялық дислалия дейді. Егер
мұндай ақаулықтар дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетіндегі
бірнеше топтардағы (мысалы, ротацизм, сигматизм және ламбдацизм) дыбыстарда
болса, оларды полиморфиялық дислалия дейді.
Белгілі бір топтағы дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктеріне қарай
дислалия мынадай түрлеге бөлінеді:
1.(Сигматизм) гректің сигма деген әріпінің дыбысталуымен ысқырық (с, сі
, з, зі, ц) және ызың (ш, ж, ч, щ ) дыбыстарының айтылуы мүмкіндіктерін
білдіреді. Мүкістіктер сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы ең көп
тараған түрлері.
2.(Ротацизм) гректің ро деген әрпі р дыбысын білдіреді, (р, рі)
дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.
3.(Ламбдацизм) гректің лмбда деген әрпінен л дыбысын білдіреді, (л, лі)
дыбыстарының сөйлеу тілінің айтылуында болатын мүкістік.
4.Сөйлеу тіліндегі айтылуында болатын таңдай дыбыстарының ақаулықтары;
Каппацизм- к, кі, дыбыстары;
Геммацизм- г, гі, дыбыстары;
Хитизм-х, хі , дыбыстары;

Йотацизм-й дыбысы;
(гректің капп, гамма, хи, йотта деген әріптері қ, г, х, й дыбыстарын
білдіреді).
5. Ұяң дауыссыз дыбыстарының ақаулығы - сөйлеу тіліндегі ұяң дауыссыз
дыбыстардың айтылуындағы ақаулықтар. Бұндай ақаулықта ұяң дауыссыздар
өздерінің қатаң дауыссыз сыңарларымен орын алмастырады: в-п, д-т, в-ф, з-с,
ж-ш, г-ғ, к-қ.
Бұндай ақаулықтар құлағы нашар еститін керең балаларда жиі кездеседі.
6. Жіңішке дауыссыз дыбыстардың ақаулықтары. Сөйлеу тіліндегі жіңішке
дауыссыздардың өздерінің қатаң дауыссыз саңыраулармен орын алмастыру
ақаулары: д і-д, п і-п, к і-к, р і-р.
Өздерінің жіңішке сыңарлары жоқ ш, ж, ц дыбыстары мен қатаң сыңарлары
жоқ ч, щ, й дыбыстарында бұндай ақаулықтар кездеспейді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістіктерін түзету қажеттілігі.
Сөлеу тілі толық жетілмеген баланың мектептегі оқу үлгерімі нашар болатыны
сөсіз. Сондықтан баланың сөйлеу тіліндегі мүкістіктердің қандайын болмасын
орнығып, қиындап кетпей тұрған-жасына дейін жою керек. Сонымен бірге,
баланың мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі сөйлеу тілі күшті қарқынмен күн
санап дамитынын және тілі кез келген дыбысқа еліктегіш, қабылдағыш,
бұрмалауға көнгіш, өте жұмсақ иілгіш келетінін ұмытпау керек. Сондықтан
дислалияның барлық түрлері жеңіл, әрі тез жойылады.
Сондай-ақ, тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы күрделі мүкістіктері толып
жатқан қатты асқынуларға әкеліп соғуы мүмкін және баланың ауызекі сөйлеу
тілі мен жазу тілінде басқа кемістіктерді шығаратынын ескеру қажет.
Бұл қалай болады?
Сөйлеу барысында, демек дыбыстардың атылуы кезінде сөйлеу мүшелерінің
қимылынан сезім түйсігі пайда болатыны мәлім. Осы сезім тітіркенуінінің
күші бас миының қыртысына барады. И.П.Павлов екінші сигналды жүйенің
қалыптасуына байланысты сезім тітіркендіргішіне үлкен маңыз берген және
оларды “базальды бөлігі” толығымен қатыспайды, ендеше фонематикалық
түйсіктің толық дамымайтындығы өзінен өзі түсінікті.
Фонематикалық түйсіктің бұзылуы баланың сөйлеу тіліндегі үндестік
жағынан немесе сөйлеу тілі мүшелерінің әрекетінде бір-біріне ұқсас
дыбыстарды дауысынан ажырата алмауы душар етеді. Оның өзіндік қорына
құрамына ажыратылу қиын, ұқсас дыбыстары бар сөздер кірмейді. Соның
салдарынан бала өзінің жас мөлшерінен біртіндеп қала бастайды.
Алдынғы себептерінің салдарынан сөйлеу тілінің граматикалық құрылысы
қажетті дәрежеде қалыптаспайды. Фонематикалық түйсіктің, сөздің
жалғаулықтары мен екпінсіз жалғаулары баланың көзіне шалынбайтыны
түсінікті.
Сонымен, баланың сөйлеу тілінде фонетика-фонематикалық және лексика-
граматикалық сияқты тұтас тізбек кемістіктерінің пайда болатынын көрсетуге
болады. Басқа сөзбен айтқанда, күрделі дислалияның нәтижесінде жалпы сөйлеу
тілінің толық дамуына себепші болатын фонематикалық түйсігі бұзылады, ал
жалпы сөйлеу тілінің толық дамымауын мектеп жасына дейін жоймаса, онда оның
зардабы келешекте баланың жазуы мен оқуының бұзылуына душар етеді. Міне
дислалияны дер кезінде анықтап жоймаса кейбір жағдайларда ауыр зардапқа
ұшырату мүмкін.
Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуындағы барлық мүкістіктері 5 жасқа
дейінгі мерзімде тексеріп анықтау қажет. Неге?
Дыбыс шығарудағы сөйлеу тілі мүшелері әлі жеткілікті дәрежеде дамымаған,
әрі орнығып бекімеген жас бала сөйлеу тіліндегі дыбыстардың барлығын бірдей
дұрыс айта алмайтындығы өзінен-өзі түсінікті. 4-5 жасқа дейінгі баланың
сөйлеу тіліндегі дыбыстардың бұзылып айтылуы потологиялық деп саналады.
Сонымен дислалияны жоюдағы логопедиялық жұмысты дәл осы жастан бастап
жүргізу керек.
Бірақ сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылуын жетілдіру сабағын
бастамас бұрын баланың сөйлеу тілін тексеріп алу керек.

1.3 Фонемаларды түзету туралы жалпы мәлімет

Дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық жұмыс кезеңдері:
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудегі логопедиялық
жұмыс кезеңдеріне әртүрлі пікір айтылады.
Мысалы: Ф.Ф Рау екі кезеңге бөлсе, О.В. Правдина. О.В.Токаева үш, ал
М.Е. Хветцев төрт кезеңге бөлді. Кезең саны әр-түрлі болғанмен, олардың
негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық түзету жұмысының мақсаты мен
міндетіне байланысты төмендегідей кезеңдерге бөлу тиімді:
Дайындық кезеңі
Дыбысты қою кезеңі
Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі
Аталған кезеңдердің арасында айқын шекара жоқ-біріншісінің аяқталуы
екіншісінің басталуына ұласып кетеді.
Дайындық кезеңі - бұл кезеңнің негізгі мақсаттары: баланы түзету
жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейінін
тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық міндеттерге
артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату жатады.
Артикуляцияны дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады.
Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл
қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін
және жаттығуларды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әр-түрлі атпен
аталады. Мысалы: Күрекше-жалпақ тілді шығарып астынғы ерінге ұстап тұру
керек. Инеше-ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-
15секунд ұстап тұру керек.Төбешік-аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ
шетін жоғары азу тістерге жабысып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп
ұстау.Түтікше-қалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын
көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. Ожау-ауызды кең шып,
жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру
керек. Сағат-тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек.
Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек. Саңырау құлақ- ауызды кең
ашып, тілді таңдайға жабсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең
ашып тұру. Алтыбақан-жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мұрынға созып,
біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15
рет қайталау керек. Тәтті қайнатпа –жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді
жалап , тілді ауыз қуысына тереңірек апару. Сылақшы- ауызды кең ашып тұрып
тілдің ұшын жоғарғы таңдайдың алдына артына қозғалту. Тоқылдақ- ауызды кең
ашып тілдің ұшымен жоғарғы альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай
қимыл жасау керек. Ат шауып келеді- ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру-
айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттыулардан тек әр дыбысқа керекті
жаттығулар алынады.
Дыбыстарды қою кезеңі. Феноменалды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру
қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады.
Бірінші тәсіл еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактильді-
тербелісті, бұлшық ет түйсігін пайдалана отырып фонеменың дыбысталуы мен
артикуляциясын қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті түрде
қимылын, қажетті дыбыстарын қайталауға талаптанады. Бұл жағдайда
дыбыстардың тікелей естіп қабылдау, сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау,
сөйлеу қимылдарын көру арқылы қабылдау, оның ішінде өзінің (айнаға қарау
көмегімен), ішінен шығатын ауа ағынын, көмекей дірілін қолмен сезіну түрлі
құралдардың көмегімен сөйлеу органдарының жұмысын бейнелеп көрсетумен
толықтырылуы мүмкін.
Тиісті дыбыстарды айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның
жеке элеменеттерін қалыптастыруға күш салу керек. Мәселен, Р фонемасының
айтылуын түзеткенде тілді дұрыс формасы мен позициясын игерілетін
жаттығулар жасап, содан кейін ғана оның тербелісінің қалыптастыру болып
табылады. Сөйлеу мүшелерінің қимыл баяулығы немесе қатар басқарылуы
қиындықтары кейде дайындық артикуляциясы жаттығуларының тұтас жүйесін
пайдалануға, өзіндік артикуляциялық гимнастикаға сүйенуге мәжбүр етеді.
Екінші тәсіл құралдардың (шпатель, зондылар) немесе саусақтың көмегімен
сөйлеу органдарына механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі
бір бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу органдары
механикалық жолмен баяу түрде қажетті қалыппен қозғалысқа келтіріледі.
Сөйлеу органдарының белгілі бір қалпымен немесе қимылымен байланысты
генетикалық тітіркендіргіштермен бірлесе отырып ми қабатындағы іздер жүйесі
түрінде бекиді. Бұның өзі қажетті артикуляцияны кейінірек еркін және
белсенді айтуға алғы шарт болып табылады.
Таза күйіндегі осы тәсілге тең әсер-механикалық әсердің нәтижесінде
алынатын артикуляция бастапқы кезде баланың талабына сай келуі мүмкін.
Мәселен қ дыбысының айтылуын механикалық тәсілмен түзету кезінде оған та-та-
та буындарын айту ұсынылады және осы кезде тілдің алдынғы белгілі
шпательмен басып қойылады. Та буынын ұмытпаған бала оны-тя түрінде, ал
шпательмен тілді ақырын жылжытып итерген жағдайда-кя сосын-ка түрінде
бастайды.
Үшінші-бұл аралас тәсіл бойынша сөйлеу тілі механикалық ықпал жасаудың
мақсаты-еліктеу және ауызша түсіндіру арқылы қажетті артикуляцияны мейлінше
толық және дәл айтуға көмектесу. Бұған баланың қажетті артикуляцияны еркін
меңгере алмаған жағдайда төменгі тіс сигматизімін түзетуді қараңыз, тілдің
ұшын астыңғы тістің артқы жағына түсіріп ұстап тұру үшін зонд қайталау
мысал бола алады.
Аталған тәсілдердің бәрінде де дыбыстардың артикуляциялық тегістігін
ескеру қажет және мүкіс дыбысты түзеткенде оның тектестерінің дұрыс
айтылуына сүйену керек. Мысалы, үнді дауыссыздарға еліктеу арқылы
түзеткенде сәйкес ұяң дауыстыға сүйенген пайдалы. Егер қос ерінді ұяң
дыбысы қалыптасқан болса ол тіл-тіс қатысында айтылатын –д дыбысын
меңгеруге көмектеседі. Ал д дыбысын меңгеру осы әдіспен немесе механикалық
жолмен тіл-таңдай түбі қатысында айтылған г дыбысын қалыптастыру негіз
болады.
Көптеген жағдайда дыбыс туыстығы екі бағытта пайдалануға болады. Мысалы,
ш дыбыс дұрыс айтылса, ол артикуляциясы тілдің сәйкес жолмен сипатталатын
–р дыбысын қалыптастыруға негіз болады. Керісінше –р дыбысы ш дыбысын
қалыптастыруға өте қолайлы.
Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру үшін жаттығу материалын таңдаған кезде
фонетикалық талаптарды еске алу, айту қиындықтарын сатылап арттыруды сақтау
керек. Сонымен қатар сөздік материалдарының (сөз, сөз тіркесі) мәні балаға
түсіну мүмкіндігінше күнделікті алынуға тиіс.
Қарапайым жаттығулардан барынша күрделі сөйлеу қызметіне біртіндеп көшу
өте маңызды. Мысалы: логопед ілесе қарапайым буындар мен сөздерді
қайталаудан бастап, дауыстап оқуға заттарды атауға, суреттер бойымен
суреттерден бейнеленген қарапайым көріністерді сипаттауға, есептерге,
өлеңді, жұмбақты мақал мен мәтелді, жаңылтпашты тиісті дыбысты қатыстырып
жатқа айтуға, одан әрі сұрақтарға толымды жауап беруге, суреттер сериясын
әңгімелеп беруге, ақырында еркін әңгімелесуге ұмтылу керек.
Алайда есте болатын жай-түрлі дыбыстардың айтылу кемшілігін түзету
қиындығының дәрежесі көбінесе бұл кемшіліктердің сипатына және бағытына
және ерекшелігіне байланысты. Сондықтан дыбысты түзету ретін анықтағанда
тілдің фонетикалық қалпын сипаттайтын мәліметтерге алдын-ала арнаулы
сұрақтарға сүйену керек, олар кемшіліктердің түзетуге икемділік дәрежесін
білуге көмектеседі.
Екі немесе оданда көп дыбыстармен жұмыс істеуді жоспорлаған кезде екі
түрлі талапты сақтау керек. Біріншіден мұндай жұмыс үшін сөйлеу
органдарының құрлысындағы қарама-қарсы дыбыстарды алу тиімсіз. Бұл
интерференция туғызуға, дыбыстарды айтуға қажетті қимылдардың өзара
ықпалының біржақты тиуіне соқтыру мүмкін. Мысалы, с дыбысының қайталап
айтылуын түзету кезінде онымен бір мезгілде қысқа –у түрінде айтылатын –л
дыбысын түзету тиімсіз. Бұндай жағдайда бір кемшілікті түзету үшін тілдің
бір қалпын ортасында науашасы қатыстырып, екіншісін түзеткенде мүлде қарама-
қарсы қалып пайда болады, үшкірленіп (азу тіспен арадағы бүйір саңылыуы).
Екіншіден әсіресе айтылуы ағашқы кезде үлкен энергия шығындауды қажет
ететін дыбыстармен бір мезгілде жұмыс істеуден аулақ болу керек. Мысалы,
тыныс органдарына елеулі түрде түзететін ш және р дыбыстарымен қатар жұмыс
істеу тез шаршатуы мидың тыныс алуды басқаратын орталығын уақытша талдыру
мүмкін. Бұлай шаршаудың белгісі беттің қуаруы, жеңіл бас айналу, лоқсу
сезімі. Жоғары дыбыстарды қалыптатыруды сипаттағанда кейде арнаулы
артикуляциялық гимнастика керек екенін айттық. Бұндай гимнастикаға
дыбыстардың дұрыс айтылуына қажетті сөйлеу қимылдарын қалыптастыратын жеке
жаттығулар енгізіледі. Алайда дыбыстардың түрлі тобын қамтитын күрделі тіл
кемшілігі жағдайында, ол сөйлеу моторикасының жалпы жеткіліксіздігіне
байланысты болса (мысалы дизартрианың алуан түрінде), артикуляциалық
гимнастикаға келтірілген программа бойынша жүргізіліп сөйлеу апаратының
түрлі бұлшық ет топтары қызметіне әсер етуі тиіс. Қойылған дыбысты ұқсас
дыбыстардан ажырату кезеңіндегі логопедиялық жұмыс дыбысты дұрыс айтуға
машықтандыру кезеңіндегідей жүйемен жүргізіледі.
Тіл кемшіліктерін түзетуге арналған логопедтің жұмыс тиімділігінің
қажетті шарты оның сенімді жабдықталуы. Жабдықтар ең кем дегенде мыналарды
қамтиды:
А) оқушы мен лолгопедтің бетін қатар көрсете алатын үлкен
айна.
Б) шпательдермен зондылар, тазалық құралдары.
В) сөзді жазып, қайталайтын магнитафон.
Г) тыныс алуды қажет ететін дамытуға қажетті ойыншықтар
альбам мен құралдар.
Д) дыбыс айтылуын зерттеуге қажетті суреті бар альбом.
Е) түрлі дыбыс топтарына қажетті сөйлеу материадарымен жұмыс
істеу үшін суреттер, суретті лото.
Ж) түрлі дыбыстың айтылуына бекітуге қажетті тілдің
материалы бар кітап- құрал.
З) әр класқа арналған оқу материалы бар кітап.
Сөйлесуді көзбен бақылау (фиброскоп “Двин”) немесе сөйлеу органдарына
механикалық әсер етуге арналған түрлі приборлар мен құралдар шыққан сайын,
олар да жабдықтар жиынтығына өтуге тиіс.
Нақты дыбыстардың айтылу кемшіліктерін түзету тәсілдерін сипаттауға
көшпестен бұл кемшіліктердің ішінде дыбыстың өзгеруінен туатындары, сонымен
қатар бір дыбысты өзге дыбыспен ауыстырудан пайда болатындары бар екенін
атап көрсету керек. Кемшіліктердің алғашқы антропофоникалық, соңғы
фонологиялық деп аталады.
Антропофоникалық кемшіліктің үлгісі р дыбысын тамақпен айту немесе с
дыбысын тіске қысып айту бола алады. Фонологиялық кемшіліктің мысалы ш
орнына с алмастыру (“ескі”-ешкі), немесе р орнына л (“роза”-лоза), сонымен
қатар фонологиялық кемшілік аралас дыбыс түрінде де кездеседі. Бұндай
жағдайда бала тиісті дыбысты дұрыс айта отырып, оларды сөйлеу кезінде
шатастырып алады. Мысалы: Самат маған көрші тұрады, қате айтылуы “Шамат
маған көрсі тұрады”. Бұндай жағдайда дыбыстардың артикуляциясын
қалыптастыру қажет болмағандықтан біздің қарастыруымыздан тыс қалады.
Сонымен қатар, дыбыстың тұрақты алмастыруын түзету кезінде мынадай
жағдайды ескерген жөн. Жаңа артикуляцияны меңгерген кезде біраз уақыт жаңа
қойылған дыбыспен бұрынғы ауыстырылып айтылған дыбысты сөйлегенді жиі
қолданылады. Мысалы, ш дыбысы с дыбысымен алмастырылады дедік. Енді ш
дыбысы қолданылады. Сабын-Шабын, Қасық-Қашық т.б.
Фонологиялық қателіктер уақытша сипат алуына қарамастан жазу
қателіктеріне де соқтыру мүмкін. Сондықтан фонологиялық қателікті түзету
нәтижесінде бекіте отырып дифференциалық мақсатына тиісті дыбыстарды және
буын мен сөздегі әріптерді салыстырып отыратын жаттығуларға көңіл бөлу
керек.
Түрлі дыбыстардың айтылу кемшіліктерін сипаттау барысында осы
кемшіліктердің пайда болуына себеп болатын олардың түзетілуіне кедергі
болатын аппараттың шекті бөліктерінің құрлысындағы кейбір аномалиялар
ескертіледі
Бірақ есте болатын жай бір жағынан айту кемшіліктері кейде сөйлеу
аппаратының өте дұрыс, құрылымы бұзылған жағдайда да бола берсе, кейде
сөйлеу аппаратының елеулі кемшілігіне қарамастан сөйлеу тілінің фонетикалық
жағы дұрыс, дамуы жиі кездеседі. Бұл фактілер жоғарыда нерв қызыметінің
ерекше икемділігінің куәсі, дұрыс сөйлеу үшін сөйлеу аппаратының зор
мүмкіндігі бар екенін танытады.
Шекті сөйлеу аппаратының құрлымының анық аномалиясы жағдайында
дыбыстарды дұрыс айту мүмкіндігін ескерудің маңыздылығы сонда, кейде бұл
анамалияларды дыбыстың айтылу кемшіліктігін коррекциялауды қимылдататын
фактор ретінде асыра мән беру кездеседі.
Тек ерін, тіс, таңдай, жақ, тіл құрылысындағы ең ауыр аномалиалар
болғанда ғана логопедиалық жұмыстан бұрын хирургиялық операция реттеу
немесе протездеу түріндегі медециналық әсерді қажет ететін тәж көрсетуде.
Бұндай әсердің қажеттілігін логопед пен дәрігер (стомотолог, отоларинголог)
бірлесіп шешеді.
с,з,ц дыбыстарды айтудағы кемшіліктер және түзету жолдары. (Дауыссыз)
с,с; з,з мен ш, ж, ч, щ, дыбыстарының айтылу мүкістіктері сигматизм
деген терминмен аталады.
Бір дыбыстың басқамен тұрақты алмастырылған жағдайы, мысалы ш
орнына с немесе с орнына парасигматизм деп аталады. Ерінде күлкіге
тән сәл керіледі. Тістер қысылған немесе жақындасқан қалыпта
болады, тіл ұшы төменгі иекке тіреледі, ортасы дөңестеледі, бүйір
шеттері жоғары азуларға, таңдайдың бүйір жақтауларына с жабысады.
Тілдің бойында оның ортасымен, жырашақ пайда болады, альвеолі
тұсында сыртқа қарай жіңішке дөңгелек тесік болып ашылады. Жұмсақ
таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады. Дыбыс перделері ажырайды,
дем шығару ауасы көмекей мен ауыз қуысына еркін жібереді. Ол ауа
ауызда тар саңылау түріндегі кедергіге ұшырап ысқырынған шу шығады,
ол шудың биіктігі тіл үсті денесінің алдыңғы мен күрек тістер
арасындағы қуыстың көлеміне байланысты. Жұмсақ с дыбысының
артикуляциялық ерекшелігі тіл үсті дөңесінің биігірек көтерілуі, оның
біршама ілгері жылжып, тіл мен тістің арасындағы қуысты қысуына
негізделген. Еріннің керілуі айқындала түседі. Бұнда да с дыбысына о,у
тіркесіндегіндей ерін дөңгелектенеді. Бұны-ся,се,сю буындарын айтып
байқауға болады.
З дыбысын с дыбысынан сі жәнез зі дыбысының айырмасы дыбыс перделері
бірігеді және тербеліске түседі, сонымен қатар дем шығару өкпені әлсірейді,
тіл үсті мен альвеол арасындағы саңылау таралады. Ц-дыбысы біріккен дыбыс
ретінде де дауыссыз т мен с дыбысының бірігуін білдіреді.
Алғашқы сәтте тіл үстіңгі алдынғы бөлігі альвеолмен бірігеді. Тіл ұшы
төменгі қызыл иекке тіреледі. Жұмсақ таңдай көтеріледі, дыбыс перделері
ажырайды. Ізінше олардан ажырап тіл үсті альвеолға с дыбысы артикуляциясына
тән қалыпқа түседі.
Сигматизмнің негізгі 6 түрін атауға болады: еріндік тістік, тіс аралық,
тіс төңіректік, ысқырмалы, бүйірлік және мұрындық. Еріндік-тістік сигматизм
кезінде с дыбысы – ф оттенокпен айтылады, себебі қуыс жасауға тілден басқа
жоғарғы тіске таянатын ерін де қатысады.
Тіс аралық сигматизімде с дыбысына тән ысқырық болмайды, оның орнына
тілдің тістері арасына енетін қалпына буындаған төмен үнді әлсіз шу
естіледі. Осы артикуляцияның нәтижесінде альвеолдағы дөнгелек саңылау
тегістеледі. Дыбыстын артикуляциясы мен дыбысталуы соған сәйкес келеді. Тіс
сигматизімнің пайда болуына азу тістер тиісіп тұрған мен төменгі, жоғарғы
күрек тістер арасында елеулі ашықтық болатындығы әсер етеді.
Тіс аралық сизматизімнің алғы шарты-тілдің қомақты, аз икемді, баяу
қимылды болуы. Сонымен қатар аденойдыға ұшыраған, соған сай ауыздан дәм
алатын және аузын ұдайы ашық ұстайтын балалардың да тіс-аралық сигматизімге
бейімділігі де байқалған.
Тіс төңіректік сигматизімінде тіс-аралық сияқты ысқырықтың жойылуымен,
сондай-ақ с,ц,з дыбыстарын т,д дыбыстарымен алмастырумен сипатталады.
(сағат-“тағат”, қозы-“қоды”).
Тіс төңіректік сигматизімнің (парасигматизм) пайда болу себебі, ауыз
қуысының ішнара немесе толық бітелуі. Бұған алғы шарт туғызатын жағдай
терең деп аталатын тіс қалпы яғни төменгі күрек тістер мен күрк тістердің
айқасуы. Тіс төңіректік сигматизм көбінесе есту нашарлығына, әсіресе
жоғарғы дауыстыларды есту төмендігіне серіктеліп келеді. Кейде
сигматизімнің бұл түрі с,ц,з дыбыстары мен қатар ш,щ,я,ч дыбыстарына
қамтиды. Ызың сигматизмі кезінде с,ц,з дыбыстары азды көпті шу естілетін
оттенкке ие болады. Анық байқалған түрлерінде бұл кемшілік парасигматизм
аттарына ие болады, сағат орнына-“шағат” цирк орнына “чирк” деп айтылады.
Бұлай айтылу тіл ұшының ауыз қуысында қажеттен тыс күрек тістен шегініп
келуі нәтижесінды пайда болады. Сигматизімнің алғы шарты тіс, жақ жүйесінің
тілді күрек тіспен жақындауға кедергі болатын анамалиясы. Тіс төңіректік
сигматизіміндегі сияқты бұл да нашар еститіндерде жиі болады. Олар сөйлеу
танымын ең жоғарғы дыбыстарын нашар естіп, оның с,ц,з дыбыстарын ч,ш,щ
түрінде қабылдайды.
Бүйірлік сигматизмі кезінде с орнына шопылдауға ұқсас шу естіледі, егер
тістерді қысып тұрып л дыбысын қатты сыбырлап айтса осындай шу естілер еді.
Оның себебі тілдің ұшы мен алдынғы жағы күрек тіспен және альвеолмен
жабысады да тіл бүйірлері азуға жабыспайды, сөйтіп бүйір қуысы пайда
болады, сол арқылы дем шуылдап шығады. Бүйірлік сигматизімнің алғы шарды-
бүйірлік ашық тістеу қалпы. Бүйірлік сигматизмде ц,з дыбыстары с дыбысы
сияқты акустикалық қасиетке ие болады.
Мұрындық сигматизімі түрлеріне жалпы тән қасиет с,ц,з дыбыстары
айтылуына тән шудан өзгешеленеді одан кейінгі дауыстылар мұрындық оттенкіге
ие болады. Мұрындық оттенок жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтан кейінгі
қабырғасы арасында елеулі қуыс болады, соның жолдарынан шығатын дем мұрын
арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады.
Еріндік-тістік сигматизімі кезінде балаға ең алдымен с дыбысын айтқанда
төменгі ерін жоғарғы күрек тіске тиспеуі немесе жақындамауы керек екенін
көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса,
онда ерінді жалаңаштанған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсету қарапайым
артикуляциалық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі
ерінді шпателмен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.
Тіс аралық сигматизмінде ол тіс-жақ жүйесінің аномадиясымен қиындамаған
болса, кейде тісті қысып тиістіріп с дыбысын айту да жеткілікті, егер
ысқырса, шамалы су шықса төменде ұсынылатын қосымша тәсілдер қолдану керек.

Үйреншікті тіс арасына тілді қысқартуды тоқтату үшін буыннан, сөзбен
жаттығуларды тістерді қысып тұрып жасау керек. Бұл әсіресе с дыбысы буын
және сөз басында келсе де ерекше маңызды. Алайда мүмкін болған сәтте мұндай
тістеніп сөйлегенді тоқтатып, қалыпты айтуға көшу керек. Жаттығу кезінде
айна арқылы артикуляцияны көзбен бақылау қамтамасыз етіледі.
Ш, Ж, Щ,Ч дыбыстарының айтылу кемшіліктері және түзету жолдары.
Ш дыбысының жасалу механизмі мынадай. Ерін аздап дөңгеленеді. Тістер сәл
қысылған, не жақындаған, арасында жіңішке саңылау 1-2мм болады. Тіл
таңдайға ожауланып көтеріледі. Оның бүйірлері жоғары азуларға тиеді.
Алдыңғы ұшы ауыздың таңдайына тиіп, ортасында жарты ай қуыысын жасайды.
Жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрын жолын бітейді. Дұрыс перделері ажырап
шығатын демді жұтқыншақ пен аыз қуысына еруін өзкізеді. Ауызда тіл ұшына
мен таңдай арасындағы саңылау түріндегі кедергіге кездесіп, шығатын дем с
дыбысының төмен тылсым болып естіліп шу шығарады. С-ға қарағанда ш дыбыстау
төмен шуы таңдайға көтерілген тіл мен алдыңғы тістер арасындағы қуыстың
көлемділігімен болады. Шудың қосымша төмендеуі еріннің дөңгеленуімен іске
асар.
Ш және дыбыстарының айтылуында дауыс перделері жабысып, қозғалысқа
түсуінен ауа ағының әлсіреуінен, тіл мен таңдай аралық ұуыс таралудан
болады.
Жұмсақ щ дыбысы ш-дан тіл үстінің жоғарырақ орналасуымен, оның ілгері
ығысуымен, одан тіл мен алдыңғы тіс арасы таралуымен, соның нәтижесінде
шымылдаған шудың күшеюімен ерекшеленеді.
Бірінші ч дыбысы жабысқақ т дыбысымен қуыстық щ дыбыстарының тығыз
бірігуін танытады. Алғашқы тіл астындағы таңдай алдына қабысады. Тіл үсті
мен бүйірлері щ дыбысындағыдай қалыпта болады. Жұмсақ таңдай көтеріледі,
дауыс перделері ажырайды. Оның үстіне жабысу бұзылады да тіл алды щ
артикуляциясына тән кейін серпіледі. Ц, З дыбыстарын сипаттағанада
кездесетін көптеген кемшіліктер кездеседі. Оған еріндік-тістік, тіларалық,
тіс төңіректік, бүйірлік, мұрындық сигматизм түрлері жатады. Соның ішінде
кей жағдайда бұл дыбыстардың кемшілігінен ерінің дөңгеленуіне, соған сай
шудың төмендеуіне байланысты ерекшеленеді. Басқа жағдайларда келтірген
жұптарының айырмасы болмайды, бұл ш мен т,ж және д, ч, щ мен т
парасигмитизм сияқты жазуды игеруге қатты қиындық келтіреді. Кейде з дыбысы
с, сі, л, щ дыбыстарының өкілі - жі, дыбысы з, зі, ж,ч дыбысы ч,ц
дыбыстарының орнына айтылатын сигматизмдер түрі кездеседі. Ызың дыбыстарға
тән парасигматизмнің түрі ызың дыбыстардың ысқырық дыбыстармен алмасуы
(шана-сана, қонжық-қонзық, ащы-асы). Парасигматизмнің бұл түрі ысқырық
сигматизм деп аталады және бұл кемістік көбінесе балабақша арасында
кездеседі. Ш мен ж дыбыстарын жігері айтуда ұрт томпаяды, содан сай келетін
оны ұрт сигматизмі дейді. Ц,х дыбыстарын айтудағы кемшіліктер қатарына
оларды х дыбысына жақын немесе сай келетін, оның үнді түрімен дыбыспен
алмастыруда кездеседі. Есте болатын жай қатаң ш мен ж дыбыстарын айту
кемшілігі кейде жұмсақ ч, щ дыбыстарының айтылуына сай келеді. Бұған
сигматизмнің аталған үш түрі жатады.

1.4 Тірек-қимыл аппараты зақымданған балаларға психологиялық
педагогикалық мінездеме

Мүмкіндіктері шектеулі балалар, немесе аномалды балалар тобына
психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқылары бар және жалпы дамуы
бұзылған балалар жатады. Аномалды – ол anomalos грек тілінен қате, теріс,
дұрыс емес деген мағынаны береді
Мүмкіндіктері шектеулі балалардың санының өсуі, оларды оқыту мен
тәрбиелеу, қоғамдық өмірге және еңбекке араластыру – күрделі әлеуметтік
және педагогикалық мәселе болып отыр.
Бір ғана әрекеттің, қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір
жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бірақ, бір ғана кемістіктің
болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы
естімесе немесе бір көзі көрмесе – бұл міндетті түрде жалпы кемістік
дамуға, ауытқуға әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көрү, естү
мүмкіншілігі бұзылмайды, олардың негізгі әрекеттері сақталады. Аталмыш
кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын әлі бұзбайды және
жалпы білім беретін мектептерде оқуына да кері әсерін тигізбейді.
Сондықтан, бұл кемістіктер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып
есептелмейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл кемістігін топтастыру
Жазбаша тілдің бұзылуы
СӨЙЛЕУ ТІЛІНДЕ КЕМІСТІГІ БАР БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Компьютерлік бағдарламалар тізбегі
Логопедиялық тексеру
Инклюзивті білім беру принцптері
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Пәндер