Тәрбие жүйесінің философиясындағы өзін өзі танудың мәні


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

«ӨЗІН ӨЗІ ТАНУДЫҢ

ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛІГІНІҢ АДАМГЕРШІЛІК АЯСЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ»

Орындағандар:

Қарағанды облыстық МББҚБА және ҚД институтының

Т. Қ. Камзабаев атындағы

пед. менеджмент кафедрасының

аға оқытушысы магистр педагог

Баяндина Г. А.

Қарағанды қаласының Білім беру бөлімінің

мектепке дейінгі тәрбиесінің әдіскері

Базарбай А. С.

Қарағанды 2010

Мазмұны

Кіріспе… 3-5

І Негізгі бөлім. Тәрбие жүйесінің философиясындағы өзін өзі танудың мәні . . . 5

1. 1. Халық педагогикасының теориялары мен тұжырымдамалары . . . 6

1. 2. Өзін өзі тану аспектісіндегі жеке тұлға психологиясы. 9

1. 3. «Өзін-өзі тану» пәнініде жалпы педагогикалық инновациялық технологиялардың сипаттамалары . . . . 16

ІІ Зерттеу бөлім. Мектепке дейінгі мекемелеріндегі халық педагогикасының «Өзін өзі тану» пәніндегі орны . . . 20

2. 1. Бала-бақша жағдайындағы халық дәстүрлерінің жаңа формалары және әдіс, тәсілдері 22

Қорытынды . . .

Қосымша 1 . . .

Қосымша 2 . . .

Қосымша 3 . . .

Қосымша 4 . . .

Қосымша 5 . . .

«Егерде адам бір жылдығын ойласа - онда ол бидай егеді.

Егерде адам он жылдығын ойласа - онда ол ағаш отырғызады.

Ал егерде ғасырлығын ойласа - онда ол бала тәрбиелейді. »

(жапондық ескі мақал) .

Кіріспе

Біздің мемлекетте орын алып отырған әлеуметтік - экономикалық өзгерістер қалыптасқан тәрбие жүйесін қозғамай кетпейді. Қазіргі қоғамның дамуы кезеңінде, оның модернизациялану жағдайында білім мекемелерінде, білім және тәрбие жүйесінің маңызын мемлекеттік білім стандарттарына, ҚР білім саласының 2015 жылға дейін даму концепциясына және басқа нормативтік - құқықтық баптарына сәйкес жаңалау қажеттілігі пайда болады.

Егеменді Қазақстанда мәңгілік мәселе өзін- өзі тану білім беру бағдарламасы бойынша жаңа мәнге ие болды. Ол Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асырылып отыр. Өзін өзі танудың философиялық негізін алғаш рет А. Н. Нысанбаев пен Г. Г. Соловьева қалады. Олар «Өзін - өзі тану» пәнінің тұжырымдамаларының бір нұсқасын ұсынды.

Ғылым негізінде жаңа тәрбиеге тұжырымдамалық бап керектігі мақсаты ұсынылып отыр, оның стратегиялық бағдары - шығармашылық типі, дамыған мәдениетті көзқарасы бар жеке адамның қалыптасуы болуға тиіс. Бұл адамгершілікті және өнегелікті қоғам білім саласында тұрған мақсаттарды іске асыруға және Қазақстан Республикасында тұратын халықтар арасында бейбітшілік пен татулық сақтауға көмектеседі.

Соңғы жылдары Қазақстан басқа республикалармен қатар әлеуметтік - экономикалық реформалардың шығындарын толық шарасында сезді, бұл шығындар әсіресе өсіп келе жатқан ұрпақтың психикасына ауыр әсерін тигізіп отыр.

Өнегелі үлгілердің белгісіздігі, батыс мәдениетінің ең нашар үлгілерінің агрессиялық ықпалы, бостандық пен демократияның теріс түсінігі, балалардың арасында әр түрлі жағымсыз жағдайлардың өсуіне қоректік орта болып отыр. Бұл мәселелер жасөспірімдермен қатар бастауыш сыныптардың оқушыларына да қатысы бар. Жеке адамның тіршілік әрекеті мен қалыптасуында дағдарыстар асқынып кетті. Сондықтан, бүгінгі педагогикалық білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай, жаңаша қалыптасып отырған адам туралы концепцияның тұрғысынан анықталуы керек. Бұл қағиданың екінші бір қоғамдық көрінісі әсіресе жаңару кезендегі, адам тәрбиесінің әлеуметтік талабына келіп ұштасады.

«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, -дейді Н. Назарбаев-оларға жастайынан имандылық пен адамгершілік қасиеттерді сіңіре білске, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған Отынының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз».

Ол үшін ең әуелі ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-дәстүрін жақсы білетін саналы азамат болы өсуіне көңіл бөлуіміз керек.

Мақсаты:

Ұлттық дәстүрлігінің құралы ретінде мектепке дейінгі ересек балалардың адами-рухани қасиеттерін қалыптастыру.

Міндеттері:

  • «Өзін өзі тану» мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу;
  • Педагогикалық теориясындағы ұлттық дәстүрлерін анықтау;
  • Бала-бақша мен отбасы жұмысындағы ұлттық дәстүрлерін қолдану
  • Бала-бақша жағдайындағы іс-тәжірибесімен бөлісу (Қарағанды қ. «Жұлдыз», «Алтынай», «Балапан», балабақшаларының эксперименттік аландарының негізінде) .

Зерттеу объектісі: оқу- тәрбие үрдісі

Зерттеу пәні: . Бала-бақшаның ұлттық дәстүрлігінің әдіс, тәсілдері

І Бөлім. Тәрбие жүйесінің философиясындағы өзін өзі танудың мәні

  1. Халық педагогикасындағы өзін-өзі тану идеясы

« Жүрегіңмен сезбесең,

Әлемнің сырын ұқпайсын.

Көзіммен көрем дегенмен

Барлығын байқап шықпайсын

РУДАКИ

Қазақтың халық педагогикасы-адамның жан-дүниесін тәрбиелейтін ілім. Сондықтан оны түсіну үшін, жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуына кеткеткен уақыт пен оның тікелей адамның тегімен байланысып жатқаны жайында қысқаша шолу жасау ауадай қажет. Осыны ескере отырып, бүгінгі ғылымға белгілі замана ықылымдарынан сыр шертейік.

Адам тағдыры, оның өзін-өзі тануы мен өзіндік сана-сезімі мәселелері қазақтың философиясы мен халықтық дүниетанымының өзегі болып табылады. Бұған ұзақ уақыт бойы қазақтардың энциклопедиясы, білім мен тәжірибесі қазынасы және халықтың көңіл күйі мен арман-мүддесін білідіретін маңызды құралы болған ауыз әдебиетінде-фольклорында жүзеге асқан ғасырлар бойғы халық даналығы куә.

Қазақтың мақал-мәтелдері-ойдың асыл маржандары-адамгершілік-этикалық идеяларға толы. Олар моральдық нормалардың өзіндік кодексі рөлін атқарды.

Халықтық мақал-мәтелдердің тақырыбы кең, өмірдің барлық қырларын қамтиды. Онда шынайы адамның тіршілік ету мәселелері маңызды орын алады. Қазақты дүниетанымға ұғымның іргелі және құбылмалы, мәңгілік және ауыспалы диалектіліктері тән.

Қазақтың ділінде өмір сүрудің мәңгілі мен іргелілігі табиғатпен, оның құдіретімен, қуатымен, мәңгілігімен теңестіріледі. Адамның тіршілік етудегі тұрақтылығы табиғатпен сіңісуі, жақындасуы, үндесуімен тікелей байланысты қарастырады.

Адам өмірінің салыстырмалылығы, өткіншілігі, уақытшылығы дүниенің

«жалғандылығы», оның тұрақсыздығы, уақыттың құбылмалылығымен анықталады.

«Адамдар-бір-біріне қонақ, жан -тәнге қонақ». «Дүние-жалған» ұғымы адам өмірінің салыстырмалылығын, болмысының бұлдырлылығын, сезімнің жалғандылығын, табысының уақытшалығын және т. б. көрсетеді.

Жақсымен жүрсен-пейіш,

Жаманмен жүрсең-кейіс,

Жақсыға жуық бол,

Жаманнан аулақ бол.

Көптеген мақал-мәтелдердің идеялық мазмұны « жаман адам» және «жақсы адам» деген басты ұғымдармен тығыз байланысты. Халық осы сөздер арқылы «Жақсы іске, жаман асқа», «Жақсыдан аспа, жаманнан қашпа», деген моральдар тұрғысынан адамның мінез-құлқына дұрыс немесе бұрыс баға береді.

Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне жақсылық пен жамандық тақырыбына баса назар аударылады. Халық қолдаған, ұнатқан адмгершілік іс-әрекеттер, мінез-құлық қағидаттары мен нормаларының бәр де жақсылыққа жатады. Жақсылық ақыл-оймен, біліммен байланысты қарастырылады, адам өміріндегі оларға аса көңіл бөлінеді. Адамның қоғамдық және жеке өміріне зиян келтіретін, халық жақтырмайтын және жазғырып, айыптайтын әрекеттер мен қылықтардың барлығы жамандық болып табылады.

Жоғарыда айтылып өткендей, көшпелі өмір сүрген қазақтың өмірінде, оның тіршілік етуінде табиғаттың, яғни табиғи ортаның алатын орны ерекше.

Адамның Бүкіл әлеммен, космоспен ара қатынасы, ортақтастығын сезініп, түйсіну қабілеті сәби кезінен қалыптасады. Бесік жырларында ананың қолын сәбиді зарыға күтіп, оның жарыққа шығуын қуана қарсы алған ұлы Ұмай-ананың қолымен теңестірді. Сәби өмірінің алғашқы сәтінен-ақ оның бұл дүниеге келгендігіне әлемнің қуанышты екендігін және әлеммен кездесуінің қорқынышты да маңыздылығын сезінуімен бірге « бұл өмір мен дүниеге келуінің» маңыздылығын ананың ақ сүтімен «сіңіруі» үшін жүрке жылуына, қамқорлыққа, махаббатқа ( «сылап сипау-әлдилеп тербету») бөлінеді. Мәселен, қазақтын әдет-ғұрпында « баланың бесігі-кең дүниенің есігі» деп «бесікке салуға» үлкен мән береді. Бала тез жүріп, өмір жолы жеңіл, болашағы айқын болсын деп «Тұсар кесер» ырымын жасайды. Бұл ырым космостың ауыспалы күйінде тыныш, берекелі дүние, баланың өмір жолы ұзақ болсын деген тілкетерді білдіреді. Ырымның дүниетанымдық мағынасы адамды қалыптасушы, дамушы және шексіз кемелденуші жан ретінде тануда, Сөйтіп, баланың өсу шамасына қарай әр ырым адамның дүниемен ара қатынасының жаңа қырын ашып отарады.

Дәстүрлі қонақжайлылық рәсімі көшпелі халықтың ділін айқын сипттайды. Халықтық дәстүрге сай, қонақжайлылық ең басты этикалық адамгершілік ретінде түсіндіріледі. Қонақжайлылықты қазақтар ұлы бабамыз Алаш ханнан қалған мұра деп біледі. Қонаққа шыққан шығынның қайырымы мол деп есептейді. Қонақ кутуге кеткен шығын құдіретті күштің әсерімен артығымен қайтатындығына қазақтар сенімді болды.

Ғылыми еңбектердегі көшпелілердіғ қонақжайлық салты туралы пікірлер сан алуан. Мәселен, олардың бірінде қонақ-жайлық салтының негізінде әлеуметтік-экономикалық салтының негізінде әлеуметтік-экономикалық себептер бар деп есептейді. Екіншісі қонақжайлықтың түпкі тамырын қарым-қатынас феноменімен байланысты қарастырады. Бұл жөнінде Т. Сүлейменов: «Қарым-қатынасқа мұқтаждық экзистенционалдық қажеттіліктердің рөлін атқарады, себебі ол адамның психикалық саулығының басты шартыболып табылады», - деп жазды.

Өзіне ұқсас адамдармен қарым-қатынас жасауға мұқтаждық көшпелі өмір салтына байланысты туындайды. Қазақтар шағын топ болып көшіп отырған. Климат неғұрлым құрғақ болған сайын көшпендіқауым соғұрлым бытыраңқы, шашылыңқы өмір сүрді. Мұндай жағдайда қарым-қатынас жасау қажеттілігі әлдеқайда арта түсті, сондықтан да көшпелі қазақ адамдармен кездескенніне әрқашан өте қуанышты болды. Ол өз ұрпақтарына: «егер адамға кездессең, оны қуанышқа бөле: мүмкін сен оны соңғы рет көріп тұрған шығарсың» - деп өсиет етті. Дала халқының нағыз қонақ-жайлығының философиялық мәні осындай. Көріп отырғандай, көшпелілік қазақ халқының әлеммен және өз-өзімен қарым-қатынас жасауының құралын және тілін құрайтын идеялық және рухани құндылықтардың тендесі жоқ, берік жүйесін құра отырып, оның тағдырында, ділінде, сана-сезімінде аса манызды рөл атқарды.

Қазақ халқының құндылықтары жүйесінде «Ата-мекен», «Ата қоңыс» ұғымдары басты орын алады. Адам туысқандықсыз, дәстүрлі қауымсыз өзінің тіршілік ететінін көз алдына елестете алмайды.

Атасын, ата жұртын, күйеуін сыйлау және құрметтеу, рулас үлкердің, асқақтардың беделі сияқты этикалық құндылықтар доминантасы тектік бастауымен тығыз байланысты. С. Ақатаевтың атап өткендей, әке ата-ананың рухани қасиеттерін бойына сіңірген ұрапқ жалғастырушы ретінде отау иесі, шаңырақ басшысы болып табылады. Әкенің, ақсақалдың түрлі міндеттері (материалдық игіліктер тудырушы, шаруашылық- ұйымдастырушылық міндеттер және т. б. ) иерархиясында ата-ана, әке қасиеттері жетекші орын алады. Қара шаңырақты қадірлеу қазақтардың негізгі салт-дәстүрлері мен ырым-жолдарында қатаң сақталады.

Халық тарихында ерекшеорын алатын батыр- қазақтардың адамгершілік мұраты болып табылады. Олардың ата жұртын, ата мекенін қорғау кезіндегі ер жүректілігі, жанкештілігінің маңызы зорболды. Бөгенбай мен Қабанбай, Наурызбай мен Сыпатай, Малайсары мен Тайлақ, Жәнібек пен Өтеген, Саурық пен Әбілқайыр, Қошабек пен Естербек, Баян мен Тәуке, Бұқарбай мен Ақбайдың және басқалардың есімдері қазақтар үшін ерлік пен батырлықтың бейнесіне айналды. «Ер» ұғымы- қазақтың ұлттық даналығының ең маңызды ұғымдарының бірі. Мәселен, «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» дейді халық нақылында.

Жырау өз қандастарын әрқашан өзін-өзі қадірлей, құрметтей білуге, қарапайым, адал, шыншыл және қайырымды болуға шақырды. Оның пайымдауынша, адам өзінің аза ғана ғұмырында бұл дүниенің барлық қуаныштары мен қайғыларын бастан кешуі керек.

Ұлы ағартушы, жаңашыл педагог, жазушы Ыбырай Алтынсарин да халық ағарту идеясын ұстанды. Дейизмдік көзқарас жағынан ол қоршаған әлемді Алла тағала жаратқанын мойындайды. Ағартушы білімсіздікке, наным-сенімдерге, ескі көшпелі тұрмыс шеңберінде тұйықталып қалу және исламды пайдакүнемдік мақсатта пайдаланып жүрген діни қызметкерлерге қарсы тұрды. Педагог Ы. Алтынсарин өскелең ұрпақтың эстетикалық және этикалық тәрбиесіне аса көңіл бөлді. Ол адам бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оның бойында, ең адымен, еңбексүйгішті дамыту керек деп ой тұжырымдайды. Адамның өмір туралы дұрыс түсінігін, өзін-өзі және өзгелерді сыни тұрғыдан бағалай білуді дағдыландыруды ол парасатты түрде тәрбиелеу үрдісінде жақсы нышандар мен мінездердің дамуымен тығыз байланыста қарастырады. Ол балалар бойына әлемге деген кең көзқарас беретін және оларға адамгершілік тұрғысынан терең әсер ететін білім үшін күресті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген ойшыл, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев адамгершілік бастауы- махаббат пен әділдік деген тұжырым жасады. Абай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» -деп, әрбір адам өмірдегі, қоғамдағы өз орнын таба білу керек, ал ол үшін білімге, кәсіпке және өнерге ұмтылуға шақырады. Ол тек қажымай еңбек өтудің нәтижесінде ғана тұрмысты жақсартып, туған туысқандарына игілікті іс жасап, сыйлы болатындығына көз жеткізді. Абайдың ойынша, адам- жан дүниесі қайталанбас, әлемдегі жоғарғы құндылықтарға қол жеткізген, өз тағдырың иесі және жасампазы бола алатын бірегей тіршілік иесі. Ұлы ағартушы адамгершіліктің жоғарғы көрсеткіші-жақсылық жасау, сұлулыққа ұмтылу деген ойды үнемі қайталап отырды. Абайдың негізгі эстетикалық ұстанымы-«Адам бол!». Адам өзін-өзі тану және өздігінен кемелдену үдерісі кезінде өз мүмкіндіктері мен шығармашылық әлуетін жүзеге асыра алады және оны жүзеге асыруға міндетті де. Абай өз пайымдауымен адамның жақсы және жаман қасиеттеріне қатысты нақты бағдар беретін адамгершілік мінез-құлық кодексін жасады.

Елін жанындай сүйген Абай өз халқының болашағы білім алуда, сауат ашуда, ғылым мен өнерді, кәсіп пен шаруашылықты дамытуда, қажымай-талмай еңбек етуде деп біледі. Абай адамды Құдай жаратқанына, оның жоғары болмысына және бұл дүниенің зандылықтарын меңгере алу қабілетіне сенеді. Адамның ақыл-парасаты ақиқаттың өлшемі бола алады, ал адамның өзі ақыл-парасат пен еңбектің арқасында бақытқа қол жеткізеді деп есептейді.

Абай Он бесінші сөзінде: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып білсе, дүниедегі жақсы жаманды таниды. Сондықтан білгені, көргені көп адам есті болады.

«Қашан бір бала ғылым мен білімді махаббатпен көк-серлік болса, сонда ғана аты адамболады. Сонан соң ғана Алла тағаланы танымақтық, өзін танымақтық, дүниені танымақтық, өз адамдығын бұзбай ғана жәліб мәнфағат табыс, пайда дәфғы мұзарратларны зарарладан қашу айрылмақлық секілді ғылым-білімге үйренсе, білсе деп үміт қылмаққа болады. Болмаса жоқ, ең болмаса шала», - дейді «олардың адамшылығының кәмелет сенім таппағы - қиынның қиыны.

Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек. Әуелі -надандық, екінші- еріншектік, үшінші- залымдық деп білесің.

Нанадық- білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады.

Еріншектік- күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік- бәрі осыдан шығады.

Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады», дейді. [Отыз сегізінші қара сөз, 80-б]

Абайдың ойынша, «адам бойындағы ең қымбаты- оның жүрегі. Мейірімділік, ізгілік, өзгені өз бауырындай қабылдай білу, оған өзіңе тілейтін игілік тілеу- мұның барлығы жүректің қалауы. Махаббат та- жүректің қалауы» [Он төртінші қара сөз, 23-б ] .

Көріп отырғанымыздай, қазақтың данышпан ақынының шығармашылық мұрасы күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Біздің заманымызда да әлемді, табиғатты, адамгершілікті, рухани бастауларды сақтап қалу өзекті мәселе болып отыр. Бұл мәселелердің туындау себептерін Абай өзінің «Қара сөздерінде» жазып кеткен болатын. Ол адам бойындағы кемшіліктер- қорқақтық пен жігерсіздік, жалқаулық пен бойкүйездік, аярлық пен көргензіздік әлем білмейтін қатерлер мен зұлматтардың жол алуына әкеліп соқтыруы мүмкін екендігін ескертті.

Өз халқына ықыласы ыстық Абай өз халқын рулық тәкаппарлық пен даңғойлықтан арылып, басқа халықтардан жақсылық пен пайдалы іске үйренуге шақырды.

Қазақ халқының көрнекті ойшылы Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығының негізгі тақырыбы- мораль философиясы мен мәдениет туралы ілім. Шәкәрімнің рухани ізденістерінде көне сақтүркі дәуірінен қалыптасқан космостық дүниетаным ерекше орын алады, олардың киелі ұғымдары- Тәңірі, Әлем, Күн және Табиғат. Шәкәрімнің пайымдауынша, моральдың негізгі мәселелері-арұждан, намыс, сенім туралы ілім. Осы ұғымдар адам жанының тірегі болып табылады. Шәкәрімнің ойынша, адам жаны мәңгі бақи өлмейді, ол кемелденуге және өркендеуге қабілетті. Төзімділік, әдеттілік, қаырымдылық ретінде түсінілетін ар-ұят адам жанының өрге жылжып, дамуының негізгі болады. Шәкәрімнің адамгершілік туралы пайымдаулары оның «Үш анық» атты еңбегінде айқын көрінеді. Шәкәрімнің көзқарасы бойынша, бірінші анық - Жаратқанды, жанның мәңгілік екендігін мойындайтын сенім ақиқаты. Анық сезімге мән бермеген, қандай да бір ғылыми негіздемесі болмағандықтан, адамдардың негізгі бөлігі оны қабылдай алмады. Екіншң анық - сезіммен қабылдауға, және ұтымды ойлауға негізделген.

Ақыр соңында үшінші анық- ар - ұждан субстанционалдық негізін құрайтын жан анығы. Ар -ұждан жанның негізгі қажеттілігі ретінде зұлымдықтан артылып, игі өмір жолына түсіреді. Сондықтан да Шәкәрім жанның мәңгілік екендігін негіздеу және оның жаңа түрге енуге қабілеттілігі -адамның бақытқа қол жеткізуінің негізгі шарты деп есептейді. Шәкәрім адамның қайта туу туралы өзінің жеке тұжырымдамасын негіздеуге күш салды. Ол: «Парасатты, ар - ұжданы бар, өз бауырларына мейірімі мол адамдар қырып - жойып, бірін - бірі өлтіріп өмір сүре алмайды. Менің ойымша, адамның жақсы өмір сүруіне адал еңбек, абыройлы сана, адал жүрек негіз болады. Міне, осы үш қасиет барлығына билік құруы керек. Оларсыз өмірде бейбітшілік пен келісімге қол жеткізуге болмайды», - деп пайымдайды.

Өзін- өзі тану мәселесін ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қазақ зиялары, «Алаш» партиясының басшылары Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов және басқалар, ең алдымен, қазақ халқының өзара тұтастығы тұрғысынан қарастырады және оны тәуелсіздік пен мемлекеттік дербестік алу қажеттілігімен байланыстырады. Олар өз өмірін қазақ халқының өзін- өзі билеуіне арнап, туған халқының бойында ұлттық сана сезім оятуға және дамытуға ықпал еттті. Олардың ойынша, шын мәніндегі тәуелсіздікке қол жеткізу өзін -өзі тану мен халықтың сана сезімінің өсуіне байланысты жүзеге асады.

  1. Өзін өзі тану аспектісіндегі жеке тұлға психологиясы

Адам дегеніміз- өзін өзін-өзі танитын

Тіршілік иесі, ол өзін, өз жақынын,

өзінің өткенін және болашақ мүмкіндіктерін ұғынады

Эрих Фромм

Тәрбие, білім беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын сыртықы жағдайлар. Сондықтан да философтар, психолгтар адамның жан-дүниесін тәрбиелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді.

1993 жылы қабылданған тәлім-тәрбие тұжырымдамасында « тәрбие халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойын сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынас дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру» деп анықтама берілген (4), ал « Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігінде « тәрбие қоғамдық, өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатынасуымен даярлауды мақсат етіп қойған, жеке адамды қалыптастырудың жүйелі процесі» деген анықтама береді. Қазіргі заманда жастармен жұмыс жасаудың жаңа әдістерін, концептуалдық жолдарын және формаларын іздестіру керектігі-қоғам талабы. Қазіргі тәрбие туралы тұжырымдамалар жалпы адами құндылықтар мен барлық салалардағы әрекеттің өркениетті формаларына сүйенгенімен, өзіндік тұрғыдан еркешеленеді. Барлық тұжырымдамаларда:

  • гуманизм идеясын;
  • тәрбиені мәдени контексте жүзеге асыруды;
  • ашық тәрбиелік жүйелерді құруды;
  • тәрбиені отбасында қайта қарауды;
  • индивидуалдылықты дамытуды және қолдауды;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қара сөз
Монтень философиясының маңыздылығы
Абай философиясындағы адам мәселесі
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Қазіргі ғылым философиясының ұғымы
Адам мәселесі
Аристотельдің қоғамда алған орны
Ислам діннің адамзат қоғамындамғы орны
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Абайдың ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мәселесі адам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz