Азия баспасөзінде көбінесе


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тарих және өнер факультеті
Тарих және қоғамдық пәндер кафедрасы
Дипломдық жұмыс
тақырыбы: Қазіргі кезеңдегі Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық байланыс
тарих
Орындаған: Абишева Г. Б.
Ғылыми жетекшісі: Абжаппарова Б. Ж.
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі: Абжаппарова Бибіхадиша
«___» 2009ж Жүрсінқызы
Арқалық - 2009
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1 XX ғ. ҚХР-НЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫНДАҒЫ ТЫҢ ӨЗГЕРІСТЕР . . . 12
1. 1 ҚХР-ның сыртқы саясатының қалыптасу мен дамуы . . . 12
1. 2 ҚХР-ның ТМД елдеріне ұстанған сыртқы саясат принциптері . . . 21
2 ҚХР МЕН ҚР АРАСЫНДА ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ . . . 25
2. 1 ҚХР мен ҚР арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасуы . . . 25
2. 2 Қытай мен Қазақстан қарым-қатынастарындағы шекара мәселесі. . 29
2. 3 ҚХР мен ҚР сауда-экономикалық және мәдени байланыстарының дамуы . . . 41
3 ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫ ЖӘНЕ ҚХР МЕН ҚР ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ДАМУЫ . . . 48
3. 1 «Шанхай бестігі» және Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы . . . 48
3. 2 ШЫҰ аясында ҚХР мен ҚР-ның саяси-әскери саладағы ынтымақтастығының дамуы . . . 50
3. 3 ШЫҰ аясындағы ҚХР мен ҚР-ның сауда-экономикалық байланыстарының дамуы . . . 54
Қорытынды . . . 59
Пайдаланылған әдебиет тізімі . . . 62
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатын және оның Кеңес Одағының ыдырауы нәтижесінде тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасымен қатынасын тарихи тұрғыдан зерттеуге арналған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қытай Халық Республикасының XX ғасырдың соңы XXI ғасырдың басындағы сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қатынасына талдау жасау - өте өзекті мәселелердің бірі болып табылады. ҚХР-ның сыртқы саясаты Қытайдың мыңдаған жылдар бойы жалғастырып келе жатқан дәстүрлі дипломатиялық ұстанымының негізінде жаңа заманға сай үйлестірілген саясат. Қазіргі кезеңдегі ҚХР-ның халықаралық деңгейде жүргізіп отырған сыртқы саясатының басты мақсаты - өздерінің ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету негізінде мемлекетінің халықаралық беделін арттыру, елінің ішкі саяси жағдайын тұрақтандырып, әлеуметтік деңгейін жақсарту арқылы мемлекетінің жалпы қуатын нығайтуға бағытталған. ҚХР үшін бейбіт тұрақты халықаралық жағдайдың сақталуы мен ішкі өнім құнының үрдіс артып отыруы тиімді болмақ.
ҚХР-ның саяси жүйесінің негізі 1949 жылы бұрынғы КСРО үлгісінде Қытайлық ерекшелікке сай құрылған. ҚХР құрылғаннан қазіргі кезеңге дейінгі аралықта Қытай өзінің ішкі және сыртқы саясатында бірнеше кезеңдерді басынан өткізді. Атап айтқанда социалистік қайта құрулар, «ұлы мәдени революция», «әлеуметтік реформалар жүргізу және сыртқа қарай есікті ашық ұстау», нарықтық экономикалық жүйені қалыптастыру сияқты кезеңдерден өтті.
XX ғ. 90-шы жылдарынан бастап ҚХР сыртқы саясатының шеңбері кеңейе түсті. Бұл кезеңде Қытайдың сыртқы саясатының стратегиялық маңызды бір бағыты бұрынғы КСРО құрамындағы болған Орталық Азия мемлекеттеріне, оның ішінде Қазақстан Республикасына ойысты. ҚХР аталмыш өңірдің мемлекеттерімен бірден дипломатиялық қатынас орнатып, олармен мемлекеттік шекарасын айқындап, көп салалы ынтымақтастық орната отырып, оны үздіксіз дамыту саясатын қолданып келеді.
ҚХР-ның бүгінгі жаһандану заманында жүргізіп отырған сыртқы саясатында Қазақстан Республикасының алатын орнын талдаудың өзектілігі еселеп артуда. Қазақстан Республикасы үшін Қытай Шығыс Азия мемлекеттерімен өзара қарым-қатынасты дамытуға қалай қажет болса, өз кезегінде ҚХР-ның Орталық Азия елдерінің экономикасының дамуына белсене ат салысуға бағытталған сыртқы саясат ұстанымдарын жүзеге асыруға да Қазақстан соншалықты қажет. Сондықтан екі мемлекет арасында өзара тиімді байланыстарды орнату халықаралық қатынастардағы аса өзекті мәселелердің бірі.
ҚХР-ның Қазақстан Республикасына бағытталған сыртқы саясаты саяси, экономикалық сауда және мәдени салалар бойынша жүзеге асырылуда. Сонымен қатар шекара аудандарының, қауіпсіздік аясындағы, лаңкестікке, сепаратизмге және діни экстремизмге қарсы күрес жүргізу саласындағы өзара ынтымақтастық даму үстінде. Сондықтан ҚХР-ның сыртқы саясатын және Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарын ғылыми тұрғыдан талдап зерттеу және оны тарихи тұрғыдан объективті түрде бағалау, екі ел қарым-қатынастарының одан әрі кең көлемде өрістеуіне септігін тигізетін маңыздылығымен ерекшеленеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатындағы Қазақстан Республикасының алатын орнын анықтау арқылы екі елдің қарым-қатынастарының даму үрдісін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді алдыға қойдық:
- Қытай Халық Республикасының зерттеліп отырған мерзімде мемлекеттік мүддеге бағытталған сыртқы саясатындағы өзгерістерді ашу;
- ҚХР-ның Қазақстан Республикасына және Орталық Азия елдеріне ұстанған сыртқы саясатын тарихи объективті түрде ашып көрсету;
- ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастың қалыптасуы мен дамуына тарихи талдау жасау;
- ҚХР мен ҚР арасындағы мемлекеттік шекараның делимитациялау мен демаркациялау принциптері мен негіздемелеріне талдау жасау арқылы екі мемлекет шекарасының анықталуының тарихи маңызын ашу;
- ҚХР мен Қазақстан Республикасы арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарының даму барысы мен болашақтағы даму бағыттарын айқындау;
- ҚХР мен ҚР Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастығының дамуын талдау;
- ҚХР-ның сыртқы саясатындағы ағымдық құбылыстарға ғылыми сараптама жасау.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қытай Халық Республикасының сыртқы саясаты және Қазақстан Республикасымен қарым-қатынастарының дамуына жан-жақтылы талдау жасау.
Зерттеу жұмысының пәні. XX ғасырдың соңы мен XXI ғасырдың басындағы Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатындағы өзгерістер, ҚХР-ның Қазақстан Республикасына қатысты қолданып отырған дипломатиялық ұстанымы және оның аясында екі ел арасындағы елшілік, саяси-дипломатиялық, экономикалық сауда, мәдени-ғылыми техника саласындағы қатынастардың қалыптасуы мен дамуы.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырып бойынша жарияланған нақты деректер мен ғылыми зерттеулер негізінде Қытай Халық Республикасының сыртқы саясаты және оның Қазақстан Республикасымен саяси, экономикалық және мәдени қатынасын жан-жақты тарихи тұрғыдан сараптап, зерттеу арқылы төмендегідей жаңалықтарға қол жеткіздік:
1. Дипломдық жобада қазақстандық тарихнама аясында алғаш рет мемлекеттік тілде Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық, тарихи, саяси және сауда-экономикалық, мәдени байланыстары кешенді түрде зерттеліп, олардың болашақтағы даму бет алыс мүмкіндігі ғылыми негізде сарапталып айқындалды.
2. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарының қалыптасу алғы шарттары және даму заңдылықтары объективті түрде сараланып, жаңа көзқарас тұрғысынан сипатталды.
3. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасының стратегиялық әріптестік деңгейіндегі ынтымақтастығының негізгі бағыттары анықталды. Тату көршілік және өзара тиімділік принциптеріне негізделген ара қатынастардың басым жақтарына жан-жақты талдау жасалынып, олардың ортақ тұстары мен ерекшеліктері бір жүйеге келтіріліп, талданылды.
4. ҚХР үкіметінің үшінші және төртінші буын жетекшілерінің жүргізген сыртқы саясаттарына талдау жасау арқылы, Қытайдың Қазақстан Республикасына қатысты сыртқы саяси ұстанымдары тарихи объективті тұрғыдан бағаланып, ғылыми негізде тұжырымдалып, ондағы жаңа бағыттар ашып көрсетілді.
5. Қазақстандық тарихнамада алғаш рет Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастары және олардың болашақта даму мүмкіндігі кешенді түрде зерттелінді.
6. ҚХР-ның ұлттық қорғаныс саясатының негізгі тұстары және оның ішінде ҚР-ның алатын орны, екі мемлекеттің саяси-әскери және қорғаныс саласындағы қарым-қатынастарының қалыптасу және даму динамикасының тарихи бет-бейнесі ашылды.
Зерттеу жұмысының теориялық-әдістемелік негізі. Зерттеу жұмысының методологиясы тарихтану ғылымының, халықаралық қатынастартану ғылымының және саясаттану ғылымдарының қазіргі замандағы теориялық методологиясы принциптеріне негізделді. Зерттеу жұмысында тарихи деректік материалдар мен құжаттарды ғылыми тұрғыдан жинақтау, сараптау, салыстырмалы тарихи талдау және қорыту әдістерін кеңінен қолдандым. Зерттеу жұмысында бұл әдістердің, әсіресе салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылуы тарихи құбылыстардың деңгейін және олардың даму бет алысын айқындауға, зерттеу нысанының ең негізгі бағыттарын ашуға, оларды бір жүйеге жинақтауға мүмкіндік берді. Зерттеу жұмысы тақырыпқа қатысты Қытайда, Қазақстанда және басқа елдерде жарық көрген деректерге және зерттеулерге негізделіп жүргізілді. Қытай Халық Республикасының Қазақстан Респбуликасына қатысты ұстанған сыртқы саясат принциптерінің мазмұнын ашуда теориялық-методологиялық негізге халықаралық қатынастар теориясы мен сыртқы саясат ұстанымдарында кеңінен қолданылатын «Мемлекеттердің сыртқы саясатындағы ұлттық және мемлекеттік мүдделерді сақтау принципі» алынды. Ол Қытай-Қазақстан ынтымақтастығының нысандары мен бағыттарын анықтауға, өңірде тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған саясаттарының шынайы сипатын тура айқындауға мүмкіндік туғызады.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шегі. Зерттеу жұмысында қарастырылған мәселелердің мерзімдік шегі Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылған 1992 жылдан 2009 жылға дейінгі мезгілді қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу тақырыбына қатысты деректер қытай, қазақ және орыс тілдерінде жарияланған құжаттық деректерден тұрады.
Деректердің бірінші тобын Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынастарға қатысты құжаттар мен материалдар жиынтығы, мемлекетаралық ресми келісімдер, меморандумдар мен декларациялар сияқты дипломатиялық құжаттар құрайды. Олардың қатарында «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы Достық өзара қатынастар негіздері туралы бірлескен декларация», «2003-2008 жж. аралығындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы туралы Бағдарлама», «Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы XXI ғасырда жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы бірлескен декларация», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуы туралы Декларация», «Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хартиясы», «Лаңкестікпен, сепаратизммен, экстремизммен күрес туралы Шанхай конвенциясы» сияқты ресми маңызды құжаттарды атауға болады.
Деректердің екінші тобын Қытай Халық Республикасы тарапынан Қытайдың үшінші буын жетекшісі Цзян Цзэминнің [1], тәртінші буынның жетекшісі Ху Цзиньтаоның [2], ҚХР Мемлекеттік Кеңестің премьері Вэнь Цзябаоның [3], ал Қазақстан Республикасы тарапынан ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың [4] және ҚР Сыртқы істер министрі Қ. К. Тоқаевтың [5] жасаған баяндамалары, ресми сапар барысында сөйлеген сөздері, ашық мәлімдемелері және тілшілерге берген сұхбаттары құрайды.
Деректердің үшінші тобына мұрағат материалдары жатады. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым-қатынасы бірнеше ғасырларға созылғандықтан тарихи құжаттар мен материалдардан құралады. Бұл құжаттарға Қазақ КСР Ғылым Академиясы жанындағы Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты және Ұйғыртану институты бірлесіп құрастырған 2 бөлімнен тұратын құжаттар мен материалдар жинағы жатады. Құжаттар жинағы XVIII - XIX ғасырлардағы қытай-қазақ қарым-қатынастарын қамтыйды.
Деректік негіздің тәртінші тобына қазақ, орыс және қытай тілдеріндегі отандық және шетелдік мерзімді басылымдарда жарияланған түрлі ақпарат материалдары жатады. Олар қазақстандық «Егеменді Қазақстан», «Жас алаш», «Панорама», «Казахстанская правда» газеттерінде және «Дипломатия жаршысы», «Ақиқат», «Шекарашы», «Отан тарихы», «Қазақ тарихы», «Саясат», «Қоғам және дәуір», «Казахстан-Спектр», «Аналитик», «Континент», «Центральная Азия и Кавказ», «Толстый», «Центральная Азия» журналдарында; ресейлік «Известия», «Независимая газета», «Аргументы и факты», «Проблемы Дальнего Востока», «Мировая экономика и международные отношения», «Азия Африка сегодня», «Нефть и газ» сияқты газет пен журналдары, сонымен қатар қытайлық «Rеnmіn ribао», «Zhangguo гіbао», «Хіnjiang ribао» газеттері мен «Көрші», «Контимост», «ZhongYa yanjiu», «Zhangguo waijiao», «Хіаndai guoji guanxi», «Shehui kexue», «Shijie jingji yu zhegzhe» журналдарында жинақталған.
Сонымен қатар зерттеу жұмысын жазу барысында деректердің бесінші тобын құрайтын әлемдік электронды интернет жүйесіндегі қытайлық «Хinhua», «Zaobao», «China. org. cn», «СRІ Оnlinе» ресми сайттардың және қытай баспасөз материалдарының электронды нұсқалары, соның ішінде біздің тақырыбымызға қатысты деректер мәселені жан-жақты қарастырып, талдауға мүмкіндік туғызды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қытай-Қазақстан қатынастары саласы бойынша жазылған еңбектер аз емес. Ол еңбектердің көбі Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты қатынастардың қалыптасып, дамуын тарихи тұрғыдан жан-жақты қарастырылған. Соңғы кезде Қытай және Қазақстан қатынастарын қазіргі кездегі дамуын зерттеген еңбектер де жарық көріп келеді. Сондықтан осы еңбектердегі пайдаланылған деректер мен жасалған тұжырымдарға сүйену мақсатында оларды ғылыми саралаудан өткізген болдық.
Кеңестік тарихнамада Қытайдың халықаралық жағдайы, сыртқы саясаты мен халықаралық қатынастарда қолданған негізгі ұстанымдары көптеген зерттеушілердің назарын аударды. Осымен қатар Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасы ұзақ жылдар бойы Орталық Азия мемлекеттерінің құрамында қарастырылып келді. Қытайдың көрші мемлекеттермен тарихи байланыстары, әсіресе, Цинь империясының сыртқы саясаты Қазақстан және Орталық Азия аймағымен байланыстары мәселелері Б. Н. Гуревичтің, В. А. Моисеевтың, К. Ш. Хафизованың, Ж. Қасымбаевтың, Н. Алдабектің еңбектерінде қарастырылған.
Қытай Халық Республикасы құрылған 1949 жылдан Кеңес Одағыны құрамындағы Қазақстан мен Қытайдың Шыңжаң өлкесі арасында өзара байланыстар әртүрлі жолмен жалғасып отырды. 60-шы жылдарының басына дейінгі ҚХР-ның сыртқы саясаты мен сыртқы саясат ұстанымының социалистік принциптері, Қытай-Кеңес Одағы байланыстары, олардың қатарында Кеңес Одағының Қытайға көрсеткен экономикалық көмегі кеңестік зерттеушілер М. С. Капицаның, Б. Колосковтың, О. Владимировтың, Г. В. Астафьев пен А. М. Дубинскийдің еңбектерінде орын алған.
Қытай-Кеңес қатынастарындағы шекара мәселесі, екі ел арасындағы шекара мәселесінің даулы тұстары мен оның әскери қақтығыстарға әкелуі, оған әлемдік геосаяси күштердің ықпалы сияқты мәселелер А. Прохоровтың, В. С. Мясников пен Е. Д. Степановтың, Г. В. Васильевтың, В. Ф. Бутурлиновтың еңбектерінде талдау жасалынған. Бірақ бұл еңбектерге тән ортақ кемшілік -олар кеңестік идеологияға сай империялық тұрғыдан ашылып, Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын арнайы қарастырмаған.
КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде, ресейлік зерттеушілер бұрынғы Қытай-Кеңес қарым-қатынастарына жаңа көзқараспен талдау жасап, екі мемлекет арасында беймәлім болып келген оқиғаларды жаңа мәліметтермен толықтыра бастады. Олардың қатарында А. АБрежневті, А. В. Панцовты, Д. В. Дубровскаяны, А. Б. Широкорадты, Ю. М. Галеновичті және т. б. зерттеушілерді атауға болады.
Бүгінгі Қытай тарихнамасындағы біздің тақырыбымызға қатысты, яғни ҚХР-ның Орталық Азияға қатысты жүргізген дипломатиялық саясаттарының кейбір тұстары Ян Фучаңның «Қытайдың қазіргі заман дипломатиялық тарихы», Ма Дачжэн мен Фэн Чишыдың «Орталық Азиядағы бес мемлекеттің Очеркі», Чжао Чаньсиньнің «Орталық Азиядағы бес мемлекет және Қытайдың батыс бөлікті қауырт игеруі», Сунь Чжанчжыдың «Орталық Азиядағы бес мемлекеттің сыртқы қатынастары», Син Гуанчэннің «Қытай және Орталық Азия» атты еңбектерінен кездестіреміз.
Ал ҚХР мен Орталық Азия мемлекеттерінің «Шанхай бестігінің», артынша «Шанхай ынтымақтастық ұйымының» шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелерінің негізгі тұстары Чэн Миншань мен Хэ Сицюаньнің «Аймақтық қауіпсіздікті, тұрақтылықты қамтамасыздандыру - «Шанхай бестігіндегі» ынтымақтастыққа баға беру», Дин Пэйхуаның «Шанхай бестігінің даму негіздері туралы теория», Ван Цзиньцунның «Шанхай бестігінен Шанхай ынтымақтастық ұйымына дейінгі өтпелі кезеңнің тарихи маңыздылығы» сияқты ғылыми мақалаларында қарастырылған. Аталмыш еңбектердегі қытайлық зерттеушілердің Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыздандыру саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың жаңа түрлеріне, Қытай және Орталық Азия мемлекеттерінің экономикаларының өзара үйлесімді дамуы мен олардың арасындағы көлік қатынасының дамуына назар аударғандығы, аймақтағы алпауыт мемлекеттер арасындағы алауыздықтарға баса көңіл бөлген Батыс зерттеушілерінің еңбектерінен ерекшелендіре түседі.
Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық мәселелері АҚШ-ның, Германияның, Францияның, Ұлыбританияның бірқатар зерттеушілерінің еңбектерінде де қарастырылған. Олардың арасында 3. Бжезинскийдің [6], Г. Кисинджердің, Р. Легволдтың [7], С. Хантигтонның, М. Б. Олкоттың [8], Р. Оливьенің [9] еңбектерін атауға болады.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, оны жүзеге асыру барысындағы кездескен қиыншылықтары мен жетістіктерінің бір қатар тұстары Ж. У. Ибрашевтың [10], Қ. Е. Байзақованың [11], К. Қ. Қожахметовтың [12], Ф. Т. Кукееваның [13] және т. б. еңбектерінде қарастырылған. Қытайдың елімізге ұстанатын сыртқы саясатының принциптері, стратегиялық басымдылықтары және олардың екі ел қарым-қатынастарына тигізетін әсері туралы қызықты да маңызды мағлұматтар саяси ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, дипломат Қ. С. Сұлтановтың [14] еңбектерінен кездестіреміз.
Орталық Азиядағы Қытайдың дәстүрлі дипломатиясын, Цинь империясының қазақ хандықтарымен қарым-қатынасын, оның сыртқы саясатындағы әдет-ғұрыптарын зерттеуге алғашқылардың бірі болып өз үлесін қосқан қазақстандық қытайтанушы-ғалым К. Ш. Хафизованың [15] . еңбектері мен көптеген мақалалары саяси, әскери, қауіпсіздік, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастық саласындағы Қытай-Қазақстан қарым-қатынастарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделегенін атап айтуға тұрады.
Қытайда қазақ қауымының қалыптасуының тарихи динамикасы, қазақ халқының атамекен ұғымы, олардың дәстүрлі шаруашылығы мен рухани мәдениеті, Абылай ханның ұлттық мемлекеттік территорияны қалпына келтіру әрекеті, Қазақ-Қытай сауда байланыстарын ҚХР-ның реформа ұстанымдарының эволюциясын және «Батыс бөлікті игеру» стратегиясының көздеген мақсатын зерттеуді Н. Мұқаметханұлының [16] бірқатар еңбектерінен көреміз, Шыңжаң өлкесіндегі державалардың күресі, Қытайдың осы өлкеде жүргізген ресми саясатын жан-жақтылы зерттеулерді Н. А. Алдабектің [17] монографиясынан және басқа еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектер тақырыбымызды ашуға өзіндік үлес қосты. Қытай-Қазақстан қарым-қатынастар мәселесін тереңінен зерттеуге өзіндік үлес қосушы қазақстандық саясаттанушы К. Л. Сыроежкин. Автордың соңғы үлкен еңбектерінің [18] бірі алдыңғы кезеңдердегі жасалынған ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындысы ретінде даярланып, тарих, әлеуметтік-экономика, саясаттану және халықаралық қатынастар мәселелерінің маңызды салалары бойынша зерттеулері жинақталған.
Қытай Халық Республикасының Орталық Азия елдерімен өңірлік қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық тақырыбы, халықаралық лаңкестікке, экстремизмге, есірткі бизнесіне бірлесе отырып қарсы күрес жүргізу мәселелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық құрылымдармен ынтымақтастығы ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының директоры Б. Қ. Сұлтановтың, М. Ж. Абдировтың, М. Е. Шайхутдиновтың, М. Т. Лаумулиннің еңбектерінде қарастырылған.
Орталық Азиядағы Қытай факторын талдауға арналған өзбек зерттеушісі А. Ходжаевтың монографиясы [19] да өзіндік үлес қосты. Автор ғылыми еңбегінде ҚХР құрылғанға дейінгі Орталық Азияның тарихына тигізген ықпалын баяндап, аймақтың бүгінгі дамуына өсер ететін Қытайдың кейбір факторларының мағынасын ашып көрсеткен.
Аймақтағы қауіпсіздікті қамтамсыздандырудың ең негізгі факторларының бірі ол шекара аймағын нығайту болып табылады. Бұл тұрғыда Қытай-Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекараның қалыптасу және айқындалу барысы, геосаяси өзгерістердің екі көрші мемлекеттің арасындағы мемлекеттік шекара шебін анықтауға тигізген әсері, Кеңес-Қытай қатынастарындағы шекара мәселесінің негізгі тұстары тақырыбына қалам тартқан зерттеушілер С. Ж. Сапановтың, Н. Б. Сейдіннің, Ч. Ибраевтың, Б. Тұрарбековтың еңбектерін зерттеу жұмысында кеңінен пайдаландық. Ал ҚХР мен ҚР арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі Б. Темірболаттың мақаласында қарастырылған.
Қарастырылған кезеңде ҚХР-ның Қазақстан Республикасымен мұнай және энергоқорлар саласындағы ынтымақтастығы жөніндегі мәселелер ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтында М. С. Әшімбаевтың редакциялық жетекшілігімен дайындалған еңбекте, сонымен қатар А. К. Нуршаның, Д. А. Қалиеваның, С. Л. Смирновтың, Н. К. Надировтың, М. Барбасовтың, Ж. Османовтың ғылыми мақалаларында орын алған.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары біздің зерттеп отырған тақырыбымызға тікелей болмаса да жанама қатысы бар диссертациялар қорғалған. Олардың қатарында қазақстандық Н. Мұқаметханұлының [20], М. А. Омарованың [21], А. А. Ақатаеваның [22], белорусиялық В. Р. Боровойдың [23] және және т. б. кандидаттық диссертацияларын атауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz