Ыбырай тағылымдарынын басы енгізуді ұмытпаған абзал


Ы. Алтынсарин және мектептегі білім және тәрбие
Тәжірбие-барлық ғылымның деп Ы. Алтынсарин айтқандай, Қазақстан педагогикалық-мектептеріміздің даму тәжірибесіне негізделіп қалыптасқан ғылым. Сондықтан ұлттық мектептің даму тәжірибесінен Ы. Алтынсариннің депедагогикалық көзқарастарының тарихи желісімен біртұтастығының заманалық өміршеңдігін көреміз, олардың негіздерінің оқу-тәрбие ісінде жүзеге асып келгеніне және асырыла беретініне көзіміз жетеді.
М. Әуезов "ірі ағартушы, озақ саналы әлеумет қайраткері, өнерлі ақын" деп бағалаған Ы. Алтынсариннің педагогикалық және шығармашылық қызметінің кез-келген саласымен өзектесіп жататың ағартушылық ой пікірлері Қазақстаның баршы мектептері сияқты Алматы қаласындағы №159 жан-жақты профильді гимназияның да іс-тәжірбиесінде көрініс бері келеді. Мұнда Ы. Алтынсариннің:"Халық мектептері үшін ең керектісі-оқутышы. Тамаша жақсы педагогика құралдары да, ең жақсы үкүмет бұйрықтары да, әбден мұқият түрде жүргізілетін инспектор бақылауы да оқытушыға тең келе алмайды" (Н. И. Ильминскийге жазған хаттан. Сонда, 141-б ) деген өсеті орындалды деуге болады.
Ы. Алтынсарин салып берген педагогикалық үлкі ұлттық мектебіміз үшін сара жолға айналғанына осы мектептегі атқарлып жатқан істер куә дерліктей. "Мен жақсы оқытушыны дүнедегі заттың бәрінен де қымбат көремін" (сонда, 141-б. ) деп Ы. Алтынсарин айтқандай №159 гемназяның ұстаздарының бейнесі мен өрлеу сатысын мектептің қол жеткен табыстары айқындай алады.
Мұнда ұстаздардың біліктіктері үнемі жоғары үдемелі ілгерілеумен сипатталады. Мысалы, гимназия мұғалімдерінің арасында жаңа буын оқулық авторлары, дидактикалық оқу құралдарының авторлары, республикалық озат әдістемелік ұстаздық атаулы мектеп мүшелерінің болуы шет елдерінде білімдерін көтеріп келген ұстаздар -6. Барлық 117 мұғалімнің 2-уі ҚР еңбек сініргең қызметері, 52-с ҚР Оқу ісінің үздігі, 54-і жоғары санатты мұғалім, 24-і бірінші санатты мұғалім деген көрсеткіштер мұғалім шығармашылығының үнемі жоғары денгейде болуына педагогикалық ұжымның қолы жеткенін білдіреді. Сондай-ақ жыл сайын қалалық, Республикалық оқушылар олимпиядаларында табысты жетістіруге жету, оқушылардың республикалық ғылыми жобаларының қорғауда жүлделі орындар жеңіп алу, "Жыл мұғалімдері" сайысында көріну гемназия ұжымында дәстүрлі іске айналған.
Ы. Алтынсарин атыедағы №159 жан-жақты гимназияның ұстаздарының мұндай шығармашылық табыстар биігінең табылуына оның Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясымен тығыз ыңтымақтастықтары болуы ықпал еткенін айту әділ болмақ. Бұл арада Ы. Алтынсариннің " оқытушылар мектебінің" рөліне үлкен мән бергенің, ондай мектептердің сапалы болуын ойлаған арманын еске алу керек.
Міне, Қазақ Білім акадимясы өзінің тірек мектептерінің бірі болып саналатын №159 гимназия мұғалімдері үшін де сол Ы. Алтынсарин армандаған оқытушы мектебіміз ретінде мектеп үшін ғылыми-әдістемелік жүйе жасап, ұлы педагогтың идеясын жүзеге асырып келеді. Қазақ Білім академиясынан шығатын оқулықтар мен тағы басқа оқу-әдістемелік жобалар осы №159 гимназияда эксприменттен өтеді, жаңа буын оқу-әдістемелік кешеңдерін жазуға гимназия оқытушылары кең тартылады, академия ғылымдары гимназия ұстаздарымен ғылыми семинарлар, дәрістер өткізізіп отырады, оқушылармен жүргізілген сан- түрлі жұмыстарға ғылыми-әдістемелік көмек жасауды дәстүрге айналдырған.
Ы. Алтынсарин оқытушының өз жұмысында оқушыларын зерттеп танып білу керек екендігіне көңіл аударған. Оқытушының әрбір оқушының жалпы мінез-құлқына, ақыл-парасатына зер салып өзгешеліктерін ескеріп шын көңілімен еңбек сіңіруі тиіс екендігін ескерткен. Мұндай педагогикалық жұмыстар ұстаздар тарыпынан №159 гимназияда ұдайы жүргізіледі, әрбір шәкіртке лайық саралай оқыту ұйымдастырылады, олардын даралық ерекшіліктері жеке тұлғалық сапаларға ұлғасып, дамытылады. Сондай жұмыстардың нәтижесін оқушылардың жетістіктерің кейбір табыстарынан көруге болады. Мысалы, соңғы 10 жыл ішінде барлық мектеп бітіріуші оқушыларының жоғары оқу орнына түсу көрсеткіші-98 % болса, 13 оқушы "Алтын белгіге", 113 оқушы ерекше үлгідегі аттестатқа бітіреді. Тек өткен 2000-2001 оқу жылының өзінде аудандық олимпиадаға - 54, қалалық алимпиадаға-13, республикалық алипиадаға 6 оқушы қатысты, ал ғылыми жобалар сайысында қатысқан 14 оқушының 12-сі жүлделі орынды жеңіп алды. Олардың ішінен Құсайнов Ақылбек, Әбдилдина Дана республикада жеке ғылыдар бойынша жүлделі орындар алса, Құрманов Индира Мәскеуде халықаралық олимпиадада орыс тілінде 1-орынды иеленді.
Оқушылар арасындағы тапқырлық, интеллектуалдық, әсемдік, спортық бейнелеу және қолтанбалы өнер сияқты сайыстардағы табыстарды айтпағанның өзінде гимназияның "Ер Төстік" атты ер балалар хоры 1992 жылдан бері үзбей жұмыс атқарып келеді. Онда 7 жастан 16 жасқа дейінгі 40 ер бала ән салады, олар әнді әлемнің 15 тілінде орындайды. Ер Төстіктің республикадағы сайыстарды үздік көрінуімен бірге, 1999 жылы Германияда өткен классикалық музикадан 2 Европалық балалар фистивалінде лауреат атанса 2000 жылы Австралияда өткен "Хор олимпиадасы-2000" байқауының женімпазы болып, қола медаль алды, ал 2001 жылы артек халықаралық балалар орталығында халықаралық биіктіктен 3 орынға ие болды.
Ы. Алтынсарин мұраларынан жеке пәндердің оқытылу әдістерін, жолдарын айтқан ұсыныстарын да молынан кездестіруге болады. Олардың кейбірі қазіргі мектепте орын алып отырған жетімсіздіктерді атқаруға түрткі береді. Мысалы, есепті оқушылардың үлгіруіне қарай, қабілетіне қарай және түсініне қарай оқытып отырумыз керек. Сондықтан да оқушылардын оқу жүктемесін үстемелеп отырудан сақтандыру мәселесіне жаңа буын оқулықтарының идеяларынын жүзеге асырудың республикалық байқауында бастауыш мектеп мұғалімі Г. Үржігітова 1-орынды емденуі мектепте бұл мәселеге жеткілікті көңіл бөлінетіне айғақ бола алады. Ы. Алтынсарин ұстаздық піккірінің жүзеге асуының бұлда бір белгісі сияқты.
Қазақстан мектептері Республика Тәуелсздігінің 10 жылдығы қарсаныңда Ел Президентінің мектептерді ақпараттандыруға бағдарламасының жүзеге асырлып компьютерлермен жабдықталып біткені белгілі № 159 гимназияда 3 компюьтерлік сынып жұмыс істеиді. Олар интернетке қосылып рулық-ақсақалдың, бектік-феодалдық қоғамның қалдығы; 2( патша өкіметінің отаршыл саясаты дейді. С. Торайғыров жастарды дүниетану оқуларына, өнеркәсіпті үйренуге, мәдениетке жетуге, өнерлі, алдынғы қатарлы елдерден үлгі алуға, сөйтіп, ілгерлі өрлеуге, басқа елдермен теңесуге шақырады.
Ы. Алтынсариннің балаларды оқыту барысында ұстанған дидактикалық қағидаларына сүйене отрып С. Торайғыров басты екі қағйда ұсынады: "1) балаларды оқытқанда, оларға ең әуелі түсінікті нәрселерді үйретуден бастау керек. Бұл дидактиканың жеңілден күрделіге қарай оқытуды ұсынатын жүйелік қағидасы; 2) оқуда балалардың жас ерекшіліктері және дербес ерекшіліктерін есепке алу қағидасын" - ұсынады.
Осы идяны әсіресе Ы. Алтынсариннің бірігей шәкірті А. Байтұрсыновтың жалғастырғаның көруге болады. Ол: "Ғылым атаулары қазақ тілінде нақты баламаларын тапқанда ғана ғылымды қазақша сөилете аламыз. Тілді халық жасайды, ол сл халықтың өзімен бірге өсіп-өркендеп, қанат жаяды", -дейді.
А. Байтұсынов пен ұстазының педагогикалық ой-пікірлерін салыстыра зерттегенде, қос ағарушының көруге болады. Өйткені, екеуі де бар ғұмырларын мектеп ашуға, сол мектептерге басшылық жасайтын оқу жоспарлары мен бағдарламаларын түзге, мектептің жанын кіргізетін сайлы мамандар даярлауға, сол мамандар сапалы сабақ беуі үшін ұллтық ділімізге негізделген оқулықтар мен әдістемелік құралдарды жазуға арналған. Дегенмен, ғалымдардың әр кезенде, түрлі саяси-әлуметтік ортада өмір сүргендігін әрқайсысының өзіндік қолтаңбасы мен ерекшіліктері болған. Мысалы, - ұстазы мен шәкіртінің құрылымын көруге болады.
Құрылымы
1) 2 жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2) 4 жылоқытатын 1класьық мектеп
3) 6 жыл оқытатын 2 кластық училище
Құрылымы
1) Жылдық бастауыш мектеп
2 Бастауыш мектептің алғашқы сатасы 3 жылдық ауыл мектебі.
3) Бастауыш мектептің кейінгі сатасы 2 жылдық болыстық мектеп.
Оқытылған пәндер
Әліппе, грамматика орыс тілі, арифметика, жағрафия, дүние тарихы, химия т. б.
Оқытылған пәндер
Ана тілі, грамматика, әдебиет, ұлттық тарих, жағрафия, жаралыстану т. б.
Олардын тарихи-әдеби көркем шығармалары да мазмұны жағынан өте ұқсас, бір кезеңде өмір сүрмесе де, бірін-бірі қайталап тұрғандай болар еді. Екі ғұлама ғалымның ағартушылық қызметтері де, қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі саяси пікірлермен түпкі мақсаттары да бір бағытта болған. Мәселен, Ы. Алтынсарин " Қазақ" атты газет ашып халқының рухани көзін ашу мақсатына жете алмай кеткенін архив деректерінен білеміз. Ал, А. Байтұрсынов ұстазының осы арманы жүзеге асырып, "Қазақ" газетінің мінберін халқына қызмет етуге пайдаланған. Екі газеттің де алға қойған мақсатының үндестігін байқауға болады.
Ы. Алтынсариннің ізбасарының бірі- М. Кәшімов. Оның " Әдеп", " Сабақ", "Насихат қазақия", "Ақыл кітабы", т. б. жарық көрген еңбектерінде қазақ балаларына оқу-білім, тәрәм - тәрбие, тазалық, мәдениет мәселелерінің төңірегінде көптеген ақыл-кеңес, өнегелі тағылымдар бар. Ол шәкірт тәрбиесін ұлттық салт-дәстүрге негіздеудің қажеттігін, оны имандылық, адамгершілікпен ұдайы ұштастыруға ниет болса қадірі кемімейді", -дейді.
Ы. Алтынсариннің шәкірті Спандияр Көбеев "Үлгілі бала" атты оқулық жазып, оның алға сөзінде: "Мен алдымен Ы. Алтынсариннің хрестоматиясын үлгету. Өйткені, Ыбырай әрі шебер педагог, әрі жақсы әдіскер еді. Сондықтан, бастауыш мектептерде оқитын қазақ баларына арнап жазғалы отырған хрестоматия, сөз жоқ, Ыбырайдың үлгісі бойынша жазылуы керек. Ыбырайдың оқу құралдарындағы негізгі сарын мінез-құлықты түзеудің, жауыздыққа, озбырлыққа қарсы күрестін, адалдық, әділеттілік, адамгершілік тәрбиесін берудің сарыны еді" - деп ұстазының еңбегін әділ баға береді. С. Көбеевтін оқу кітабы сол заман талабына сай педагогикалық, әдістемелік шеберлікпен жазылған. Ондағы әрбір әнгіме мен ертегі, мысал мен өлең оқушы жастарға өмір мен тіршілікке қажет түсінік, білім берді.
Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеяларын жалғастырушылардың бірі М. Сиралин. Ол оқыту, тәрбие беру, оқыту әдістемесі сияқты мәселерді өзі редактор болған " Айқап "журналы арқылы кең түрде насихаттап елге жеткізе білді. Ол сол кездерде қазақ халқының ұлт болып өмір сүруі мүмкін емес дейтін реакциялық пікірге қарсы " Қазақ мектептері хақында", " Тіл және тіл мәдениеті" деген мақалалар жазып, өз ойларын ортаға салды. Оның басқа ұлттардың өнегелі жақтарын оқуын үйреніп халқымызға тарату мәселесін көрсете білгені Ы. Алтынсариннің " осы зхамандағы жан таңқаларлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Өнердің барлығы ғылымда"-деген оймен ұштасып жатыр.
Ә. Балғымбаев Ы. Алтынсариннің шәкірті әрі ол ашқан мектептен ұшқан алғашқы түлектерінің бірі еді. Ол Қостанай қаласындағы Ы. Алтынсарин жасаған оқу жүйесін басшылыққа алып, екі кластық орыс-қазақ училищесінде мұғалім болып істеді. Оның қазақ ауылдық мектептеріне арналған әліппесі жазылуы мен мказмұны жағынан Ы. Алтынсариннің оқулықтарына ұқсас.
Ә. Балғымбаев Ы. Алтынсариннің география, жараластану, орыс тілі мен әдебиеті, математика сияқты пәндерін оқытылуы қажет деген пікірін қуаттар. Ол мектептегі пайдаланатын оқулықтарды белгілі бір жүйеге келтіру, сабақта және сабақтан тыс уақытарды кітапты дұрыс пайдаланудын мәні туралы құнды пікірлер айтты. Осыған байланысты Ә. Балғынбаев орыс-қазақ мектептерінде кітапханалары ұйымдастыоудың жоспарын ұсынды. Ә. Балғынбаев пен Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларының тоғысатын тағы бір тұсы, ол - санитарлы- гигиеналық жағдай, оқу жоспарына дене шынықтыру, еңбек ұлттық қолөнер, дін сабақтарын енгізу мәселелері болды.
Ы. Алтынсариннің шәкірттерінің бірі ретінде журналист-жазушы С. Дөнентаевты да атап өткен жөн. Ол "Заман кімдікі?" деген өлеңінде ескі заманның әлуметтік сырын қоғамдық теңсіздікті, әкімдер мен байлардың халыққа істеп отырған әділетсіздік пен қияанаттарын дәл көрсетеді. Оның бұл өлеңі Ы. Алтынсариннің "Сөз басы" атты өлеңінің идеясымен үндеседі.
Оқулықтарды құрастыруда және оқулықта берілген материалдарды талдау және жинақтау әдісін К. ДУшинский бастаған, ал оны қазақ топырағына Ы. Алтынсарин тұнғыш енгізген әдістерін 1907-1914 жылдары аралығында баспа арқылы жарық көрген Қ. Сырғалиннін "Қазақ әліппесін", М. Нұрбағарды. Хрестоматияға Ыбырай, біріншіден, қазақ халқының Қара батыр, Байұлы, Жеренше шешен, Тзша бала туралы ертегі, аңыз-әнгімелерін енгізсе, екіншіден өзінің "Бай баласы мен жарлы баласы", "Таза бұлақ", "жеміс ағаштары", "Аурудан аянған күштерек", "Әке мен бала", т. б. ғибаратқа, өсиетке құрылған дидактикалық әнгімелерін, үшіншіден "Талаптың пайдасы, "Бір уыс мақта", "Силинші ханым", "Алтын шекілдеуік", "Мейрімді бала", "Жаман жолдас" т. б. орыс, батыс кассиктерінің тәлімдік мәні зор әңгімелерін аударып енгізді.
Ол өзінің христоматияға енгізген әдеби шығармаларының бәрін негізгі педагогтық ісімен тығыз байланыстыра бәлді. Яғни христоматияға енгізген шығармаларды іріктеуде, біріншіден әр халықтын тұрмыс-тіршілігі мен салт- дәстүрлерінен хабардар ету принципін көздесе, екіншіден, оқушыларды адалдыққа, қайырлымдылыққа, еңбекке, ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, адамгершілік жақсы қасиеттері олардың бойына дарыту көзделеді. Үшіншіден, жастардың, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының түсінігіне жеңіл, тілі жатық әнгімелерді беруге тырысты.
Ыбырай діни оқудың өзін адамгершілікті, гуманизмді насихаттауға бейімдеу қажет деп қарады. Осы мақсатпен 1883 жылы өзінің "Мұсылмандық тұтқасы" атты оқу құралын жазып, Қазан қаласында араб әрпімен, өзінің досы Н. И. Ильминскийдің көмегімен бастырып шығарды.
Бұл еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде кітаптың кіріспесінде "Біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, ал екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеу үшін осы оқу құралын құрастыруға кірістім" дейді.
Ыбырайдын бұл кітабының құндылығы, біріншіден, мұсылман дінінің шариғат зандарына ана тілінде түсінік беру болса, екіншіден, діни терминдердің мән мағынасын ашуға зер салуында, үшіншіден, (ең бастысы) шариғат заңын өмір тіршілігімен, адам тәрбиесімен тығыз байланыстыра талдауында болып отыр. Ол діннің өзін тәрбиенің құралы ретінде қарастырып, " имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жлқ. Мәселен, біреу намаз оқыса да, ол намаздың керектігіне көңілін дұрыстамаса, әлбетте, ол намаз болып табылмайды" деп адамның не нәрсеге болса да берік сенімі жүректен терең орын алмаса, ол нәтиже бермейді деген қортынды жасайды. Екінші, Ыбырай мұсылмандықтың бес парызының бірі ораза тұту, намаз оқу болса оны да жұртты алдау үшін немесе құдай алдындағы парызымды өтей салып, жұрқа мұсылман болып көрінейінші деген айла-әрекетпен іске асырудың өзі күнә дегенді айтады. Үшінші, көңілдегі жақсылық, жамандық ниеттер сол адамның іс-әрекеті арқылы сыртқа көрінеді. Қашан да иман мен дін мәнісін шын көнілдің адалдығымен насихаттағанда ғана ол құдайдың сүйген құлы болады, онсыз тілдің ұшымен дінді өтірік насихаттау күпірлік деп түсіндіреді.
Ы. Алтынсарин өзінің біраз еңбектерін қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ерекшіліктерін зертеп, этнографиялық очерктер жазуға арнады. Ол 1870 жылы Ресей география қоғамның Орынбор ведомствосы қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлерінің очирктері" атты екі еңбегін жазып тапсырды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz