Мұғалімнің жұмысы - балалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
2.Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты,
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі, жүктелшіп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі
бастауштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында
ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуға
қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша
барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
қалптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді әрі
пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын
түрлендіре түседі, олардың пәнге қызғушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына
баулйды және оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір
тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйретіп нерв жүйесін демалдырады. Міне
сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу
іс-әрекетінде белгілі жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді.
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына, танымдық іс-әрекет сипатына,
ойын құрлымын сәйкес жіктемелері бар.
Қазақ халық ойындарының жіктемесі оқушылардың жас ерекшелктеріне; дене
қасйеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға сәйкес жасалды.
Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:
1.Ойын – саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе
оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі; қарапайым
жұмбақ арқылы; қиындық-оңай жолмен; қажеттілер-қызық жолмен беріледі.
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттармен әрекет, сөздік
тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға
негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар мен не істер едім деген сұраққа
негізделеді. Ойының дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық
міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты
жағдайда ұштастыра байланыс есептерін тағайндауды талап етеді.
4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі- логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу
және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы
қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және
балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын
мазмұнында ерекше сйпатқа ие болады ойынның құндылығы- олар эмоциональдық
түрге белсендендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп
ойлануға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4.Оқукшылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
5. Ізденіс іс- әрекетіне бағытталған ойындар.
Құрылымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктейді:
1.Сюжеттік –рөлдік ойындар.
2.Жаттығу ойындар.
3. Драмалық ойындар.
4. Шығармашылық ойындар.
5. Әдеби – музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі
бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда келтірілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және
өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен
мазмұнына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқыту
үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
3.Қоғамның ғылыми – текникалық, әлеуметтік – экономикалық дамуы
өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін
жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін
мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс – тәсілдер
көптеп енгізіліп жатыр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті
әдіспен шектеліп қана қалмай, яғни, мұғалім мен оқушы арасындағы қатынас
тұлға – тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген.
Мұнда оқушы оқыту үрдісінде тек дәлелденген, қатвп қалған білімдерді ғана
игермей, өзіндік мақсатты іс- әрекеттер жасай алатын болуы қажет. Өйткені,
бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған. Демек, оқушының бойында қалыптасқан
дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқанына
қарай оқыту үрдісінің нәтижелігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін
оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ыбырай Алтынсариннің пайымдауы бүгінге
дейін өзқ құнын жоймағаны байқалады. Мәселен, мына айтқандары соған дәлел:
Мұғалімнің жұмысы – балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса,
онда оқытушы оларды көкейне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс.
Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі
керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз
сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек .
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру
жолдарын білумен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана
әдіспен өтілген сабақта оқушылардың пәнге деген қызығуын кемітіп, білімді
игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды
қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді
пайдалану ұтымды. Әсіресе, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды
пайдалану өте-мөте қажет. Ол оқушылардың сабаққа деген құлшынысын тұғызады.
Бұл жерде мұғалім әрбір сабақта дидактикалық ойындарды жаттығуларға,
тақырыпқа байланыстырып кірістіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл –
дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді
жетілдірудің негізгі бағыты.
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-
сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін
сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыу үрдісіне енгізу
әрбір қазақ тіл мұғалімнің міндеті болуы шарт. Өйткені, қазақ тілі
сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының
алтын қазынасымен, кәусар бұлағы мен сусындатуға болады.
Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаев Халық педагогикасының мақсаты бірнеше
ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ ұрпақты өмірге
дайындау, өнер – білімге баулу, бүкіл елдің қамын ойлау сияқты ең жоғары
адамгершілік, имандылық қасиеттерге тәрбиелеу. Халық педагогткасының
негізіне халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар,
халықтық тәрбие дәстүрлері, халық ойындары, т.б. жататындығын атап көрсете
келе, халық педагогикасының оқушыларды тәрбиелеудегі рөліне айрықша тоқтала
отырып ...халық өзінің тарихы мен тәжірибесін жалғастыратын жас түлектерді
ғасырлар бойы тәрбие әдістері мен тәсілдерін қолданып, өмір тәжірибесі
сынынан өткен әдептілік, сыпайлық, адалдық, инабаттылық, іскерлік,
мейрімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат
көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті дейді. 1 [4. 378]
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында
шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен
қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің
жетілуіне негіз бола алады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуда
дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді. Себебі,
дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз
ойларын қысылып –қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық
қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал
етеді.
Демек, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана
білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық
қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ал ойындар кезінде оқушылар өздерін
еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой – пікірін дәлелдеуге үйренеді.
Ұлттық педагогика негіздері мен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз
халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-
бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілдікпен қарауды, әдеп сақтауды
, сыпайы сөйлесуді қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл
мәдениеті жетіледі.
4.Адамның жан дүниесінің дамып жетілуі, әлеуметтік өмірге бейімделіп
тіршілік етуі әрі түрлі іс-әрекеттермен шұғылдану барысында қалыптасады.
Сондай әрекеттердің бір саласы – ойын әрекет. Баланың психикалық даму
үрдісінде ойын әрекетінің тағлымдық және тәрбиелік маңызы осы заманға
тәлім-тәрбие психологиясында өзекті мәселе болып саналады. Ойын әрекетіде
баланың денесі мен ақыл-ойы дамып, өзін қоршаған ортаның заттарымен
құбылыстарын танып біледі.
Ойын әрекеті – тек адамдардың даму үрдісінде ғана емес, ол хайуанаттар
дүниесінің тіршілігінде де кездесіп отыратын биологиялық фактор.
Хайуанаттардың ойын әрекеті жаттығу мен тіршілік етуге беймделіп даралық
сипатқа ие болады. Ал жоғары сатыда дамып жетілген сана-сезім мен ақыл-ой
иесі – адам баласының ойын әрекеті, бір жағынан, тіршілік ету негізгі
формасы болып саналатын болса, екінші жағынан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп
отыратын өмір тәжірибесінің нәтижесі болып табылады. Міне, осы тұрғыдан
алғанда адам баласының ойын әрекеті, негізінен, балдырған кезінде кеңінен
дамып, баланың өсіп-жетілуіндегі басты және жетекші факторға айналады.
Тәлім-тәрбие ғылымы мен адамның жан дүнйесінің сырын зерттейтін психология
пәні ойын әрекетін адамның эволюциялық даму үрдісінің белгілі кездегі
тіршілік қажеттілігі ретінде қарастырады. Осы бағытта адамның ойын әрекеті
әлеуметтік өмірдің негізгі бір құрамды бөлігі және баланың үлкендердің
өмірін бейнелеу, айналадағы ортаны тану жолы екендігін көрсетеді.
Ойын әрекетінің психикасының дамуында шешуші қызмет атқаратындығы Ж.
Аймауытов, Т. Тәжібаев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Ш. Құдайбердіұлы, т.б.
қоғам қайраткерлерінің бізге мұра болып қалған еңбектерінде айрықша орын
алады. Қазақ ағартушылары мен демократтарының, ұстаздар мен ғалымдардың
еңбектерінде бұл мәселенің мән-жайы кең ауқымда даралап қарастырылып,
оларға ғылыми тұрғыдан баға беріледі.
Біз осы мәселе төңірегінде белгілі ғалым, мемелекет және қоғам
қайраткері болған Т. Тәжібаевтың педагогикалық мұраларындағы жайттарды
қарастырмақпыз. Т. Тәжібаев халық ағарту ісімен оқу-тәрбие саласындағы
зертеулерінде баланың ойын әрекетін психалогиялық тұрғыдан қарастырып, оның
тәлім-тәрбиелік, білімдік маңызын халықтың тағлым беру өнерімен ұштастыра
отырып зерттейді. Мұндай күрделі мәселе ұлы ұстаздың монографиялық
еңбектері мен ана тіліміздегі ғылыми – педагогикалық баспа сөзде
баяндалады. Атап айтқанда 1930 жылдардың аяғынан бастап өмірінің соңғы
кезеңіне дейін Т. Тәжібаев бұрынғы Халық мұғалімі , кейіннен Қазақстан
мектебі деп аталған ғылыми-педагогикалық және әдістемелік журналда
үздіксіз мақалалар жарияланған. Бұл мақалаларда ол адамның психикалық дамуы
және әр түрлі психикалық үрдістердің қалыптасу заңдылықтарын зертеудің
тәсілдеріне, жеке адамның дамуындағы биологиялық және тарихи - әлеуметтік
факторлардың рөлі жайлы мәселелерді егжей – тегжейлі талдай отырып, олардың
тағылымдық және тәрбиелік маңызы жөнінде өзінің теориялық тұжырымдарымен
ғылыми-педагогикалық көз қарастарын білдіреді. Ұстаз- ғалымның бұл салада
жүргізген зерттеулерінде оқу-тәрбие жұмыстарын ғылыми талаптарға
сәйкестендіріп, оларды бала психикасының даму ұстанымдарына, жас
ерекшеліктеріне сәйкес жүргізу қажеттілігіне тоқталады. Мұндай талап
Қазақстан топырағында сонау 30 жылдардың аяқ кезінен бастап кең түрде
іздестіріле бастаған ғылыми – педагогикалық көзқарас еді.
Қазақ халқының өмір тәжрибесінде баланың әр алуан ойын түрлері олардың
қимыл – қозғалыстарын, ептілігі мен бейімділігін, танымы мен пайымын
дамытып, өрістетіп отырады деп санаған. Т. Тәжібаев өз зерттеулерінде ұзақ
жылдар бойы қалыптасқан ұлттық ойындармен спорт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие жұмыстарының негізгі формалары
Тәрбие жұмысын жоспарлау технологиясы
Бастауыш сынып окушыларың тәрбиелеуде мектеп пен отбасы рөлі
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
Ана тілі пәнін оқыту әдістемесі
Мұғалімнің басшылығымен сабақ барысында оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру үрдісі
Жазу және тіл дамыту әдістемесі
Шағын жинақты мектеп мұғалімінің сабаққа дайындығы
Шағын кешенді мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен технологиясы
Сыныптан тыс оқыту тәрбие жұмысының негізі
Пәндер