Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл


Жоспар:
КІРІСПЕ
І Тарау. ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1. 1 Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
1. 2 Оқыту әдістерін жетілдіру - бүгінгі күннің басты мәселесі
1. 3 Оқу танымдық әрекеттегі белсенділік әдістерін қолданылу жолдары
ІІ Тарау. ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
2. 1 Педагогикалық технологияның деңгейлері
2. 2 Педагогикалық технологияның құрылымы
- Педагогикалық технологияның мағынасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
И. Т. Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық жағдайын көре алатындай болса деген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді бекітуде, қайталап қорытындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар мен бөліктерін қайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру, таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау) ; эксперименталды сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы, лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экскурсияларда, іс - тәжірибені демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабараториялық сабақ, іс-тәжирбиелік жұмыс) ; жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы, бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен әдістік оқыту байланысы) ; оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі) . Мақсатты бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің классификациясында қолданады. Олар М. А. Данилов, М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, Н. А. Сорокин, Н. Ф. Талызына, В. Ф. Паламарчук т. б. ғалымдардың еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметтінің құрылу кезеңдерінде және жалпы білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық жүйені жетілдіру мен айналысқандықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенді және белсенді емес деп бөліп қарауға болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін қолданылып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің қолданылған оқыту әдісі "белсенді" болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында "белсенсіз" болуы мүмкін.
Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде, жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.
1. 1 Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, көп образдық біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмұнын талдауда оқушыларға білім беру анықтамасын нақтылап алу керек.
Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін "білім беру" оқыту процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық жағдайда пәндік-оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау, айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.
Оқушылардың жеке дара психологиялық қабілеттіліктерінде барлық пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдық оқу іс-әрекетті формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына, есіне, тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым-қатынасына, сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына, педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.
Оқушыларды қажеттілікте - оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды құрал болып табылады.
1. 2 Оқыту әдістерін жетілдіру - бүгінгі күннің басты мәселесі
Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жекедеп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылыды. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылыды.
Әдіс деген сөз гректің «metodos» деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғымды белгілі ақиқатқа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдірді.
Қысқаша психолгиялық-педагогикалық сөздік «әдіс» - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет деген анықтама береді.
Оқыту әдістері-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік дағды қалыптастырып, оқушылардың дүние таным мен қабілеті артады
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
«Әдіске» қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: «Белгілі бір мақсаты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет». Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат міндеттеріне сай оның мазмұны оқушыларға меңгеруде мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырылады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр. Оқыту әдістерінің тиімділігін артырып, оқытудың жаңа формалары мен тәсілдерін меңгеру қажетілігіне педагогикалық зертеулерде айрықша мән береді.
Алайда оқыту әдісін қайта құру - күрделі процестің бірі. Кейбір әдістерді қолдануда бір жақтылы асыра сілтеушілікке жол бермеген жөн. Тіпті әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді. Сондықтан оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Олай болса, оқыту әдісін мұғалімнің таңдап алу белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
1. Оқыту әдістерін оның мақсат - міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2. Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын, кәбинет жабдықтарын ескеру.
3. Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы, оқытуды қала мектептерінде оқушылардың өндіріс жасау мүмкіндіктерімен, ал ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскілерге, тәбиғатқа, ауыл шаруашылық өндірісіне бару жағдайларымен байланыстыру.
4. Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын тұп мақсатының жүзеге асуы. Мұғалім қандай тақырып өтсе де ең алдымен оның мақсатын айқындап алуы тиіс. Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте сақтау тиіс және оқушылардың ойына бекітілуге қажетті қосымша материалдар анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.
1. 3 Оқу танымдық әрекеттегі белсенділік әдістерін қолданылу жолдары
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс істеудің мәні өсуде.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне, талабын ұштауға білім деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес. Ол іс-әрекет мақсатын, мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін, мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-
ой әрекеті. Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық
Қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық еріктік, сезімталдық үрдістер мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Демек, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністерімен және т. б сипатталады.
Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс- әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы -деп анықтама беруге мүмкіндік болды .
Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т. б сипатталады деген тұжырым
жасауға болады.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді.
Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми жұмысты жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу-танымдық белсенділік - оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласын құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы керек. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай элементтері дамиды; зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және сөйлеу дербестігі т. б.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар өздерінің игерілген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып, өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей қорытынды жасалады;
-танымдық белсенділікті қалыптастыру түрлі пәндерді оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму бағыттарының түрліше болуымен байланысты;
-танымдық белсенділікті оқушының өзіндік жұмыс, өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алу ретінде қарастырады.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселесі зерттелмеген.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1. Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана білуі.
2. Іргелі білімдерге қол жеткізу.
3. Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері
4. Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.
5. Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара әрекеті.
6. Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.
Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған. Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, Ж. Ж. Руссо, А. Дистерверг, К. Д. Ушинский және т. б оқытушының негізгі міндеті - оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. А. Дистерверг былай деп жазған «нашар мұғалім шындықты өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді. »
Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин қоғам қайраткерлері және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге шақырған.
Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең маңыздыларына тоқталамыз.
- Іс-әрекеттік тәсіл- оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі ретінде қарастыруды көздейді. Іс-әрекеттік амал-тәсілдері негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай айтылады. Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс-әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі компоненті: мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны, құралдары, түрлері, әдістері және амалдар нәтижесі. Бұл дегеніміз - мұғалімнің көптеген құралдар арқылы оқушының әсерлі- қызығушылығына, ой-еңбегіне, тұлғалық- тәжірибелік шамасына әсер ету қажет. Таным әрекетінің барлық осы компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі тиіс.
Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу қажет, сонымен бірге оқушыларда; оқыту- танымдық, әлеуметтік, еңбек, ойын, эстетикалық, спорттық- сауықтыру. Бұл іс- әрекеттің барлық түрлері оқушылар мен мұғалімдердің бір- бірімен қарым- қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Ол іс- әрекеттің барлық түрлерін бір- бірімен байланыстыру өте маңызды.
- Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық- бағдарлық тәсілтөмендегі ережелерді тірек етеді.
-Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді. Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды; бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.
-Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі іске асыруға ұмтылады; адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін бірін- бірі түсінуі өте қажет, бұл қарым- қатынас барысында жүзеге асады.
Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады. Адам үшін, адамның өзін- өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады.
Тұлғалық - бағдарлық оқыту жағдайында мұғалім оқушылардың танымдық өзіндік әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде тұлғалық- бағдарлық оқыту нұсқаулық бағдарламалармен, дифференциалды әдістер мен, шығармашылық, үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс іс- әрекетін ұйымдастыру түрлері арқылы жүзеге асырылады. Солардың ішіндегі ынтымақтастық педагогика әдістерінің келешегі зор.
- Оқыту процесіндегі зерттеушілік әдіс- алдыңғыларымен тығыз байланысты. Дәл соны жүзеге асыру оқушылардың нәтижелі өзіндік танымдық әрекетімен қамтамасыз етіледі, ойлау қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды. Оқушыларды зерттеушілік ізденіс жұмыстарына тарту үшін әртүрлі эвристикалық әдістер қолданылады; ізденістік әңгіме, ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді шешу, өз бетінше қорытынды жасау, зертханалық және сарамандық жұмыстар, бақылаулар және тәжірибелер. Мектеп тәжірибесінде бірге оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері тәжірибеге ендірілген.
Проблемалық оқыту- зерттеушілік- ізденіс - танымдық іс- әрекеттің маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі көзін Сократтың эвристикалық әңгімелерінен көруге болады, яғни әңгіменің қисынды құрылуы және сұрақтардың көмегі арқылы өзінің шәкірттерін қарама-қайшылыққа және біртіндеп қажетті қорытындыға алып келген. Ойлаудың эвристикалық тәсілі бойынша; оқыту мен ойлауда проблемалық жағдай туғызу; проблемалап оқыту И. Я. Лернер, М. И. Махмутов, В. Н. Максимова, В. Окунь т. б. ізденістік- зерттеушілік міндеттерді, стандарттық міндеттерді шешудегі оқушылардың танымдық әрекеті бұрынғы жүріп өткен жолдардан, үлгіден басқаша екендігін педагогтар мен психологтардың қазіргі заманғы зерттеулері нақты дәлелдеп отыр. Ізденістік іс- әрекет бірқатар жағдайда қарқынды, қызу жүреді, онда эмоционалдық процесстер бірқатар айқын көрінеді, шарықтау шегі кейде шешімді, таңдауды іздеуге және шамалауға әкеліп соғады. Проблемалап оқытудың негізгі мәні оқыту процесінде ерекше жағдай туғызу, яғни оқушы қатынаспай қалмайды, мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп қана калмайды. Проблемалық жағдай оқушының меңгерген білімі мен оны шешу міндеттері арасында қарама - қайшылық айқындалады. Проблемалап оқытудың алгоритмі мәселені қоюдан және саналы түсінуден, болжамды тудырудан, оларды білімімізді тексеруден, сонымен қатар мәселенің шешілуінің дұрыстығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар, эвристикалық әңгімелер, проблемалық баяндау және т. б. қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz