Құрылыстың барлық дуалдарын бітімі төрт қырлы қатар - қатар тірек бағандар ұстап тұр
Дәндібай-Бегазы мәдениеті. Дәндібай-Бегазы заманындағы (біздің заманымыздан
бұрынғы X—VIII ғасырлар) тайпалар мәдениетінің дамуы тетелес үш дәуірге —
өтпелі, кемелді және соңғы дәуірлерге белінеді.
Атасу заманынан Дәндібай-Бегазы заманына дейінгі өтпелі дәуір Атасу
өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен
сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы II, Ортау II, Байбала II, Бесоба,
Бұғылы III комплекстері жатады. Бұл ескерткіштерге тән сипат—бір жағынан,
андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа
элементтерінің тұрпаты ерекше бейіттік тамдардың жатаған, домалақ
ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес.
Әдеттегі бүктетілген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан
жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі, ерте темір
дәуірінде Қазақстан территориясында тұрған малшы тайпаларда кеңінен
тараған.
Соңғы қола дәуірінің өтпелі кезеңін, яғни әуелгі Бегазы дәуі-рін Ақсу-
Аюлы II (Қарағанды қаласының оңтүстігіне таман) жерлеу комплексі бәрінен де
гөрі толық сипаттайды. Бұл комплекс біріне-бірі ұқсас төбешік обалардан
құралған; обалардың етегі қабырғасынан қазылып орнатылған ірі гранит
тақталармен айнала белдеуленген. Бұлар патриархаттық-семьялық қауымдардың
рулық бейіттері емес, патриархаттық-рулық қоғамның неғұрлым көрнекті
мүшелерінің қабірлері. Мол ішкі құрылыстары бар мұндай бейіттер тұрпатының
пайда болуы соңғы андрон дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы XIII— XI
ғасырлар) мүлік теңсіздігінің шығуы нәтижесінде Орталық Қазақстан
тайпаларында бола бастаған өзгерістерді көрсетеді.
Ақсу-Аюлы II комплексіндеп ең үлкен обаның биіктігі 2 метр, диаметрі
30 метр. Үйіндінің астынан бір-біріне жалғасқан төрт тас құрылыс — үш
қоршау және үлкен-үлкен төрт тақта тастан жасалған шомбал тас жәшік шықты.
Бірінші, сыртқы қоршау, қабырғасынан қазылып орнатылған ірі гранит
тақталардан құ-ралыпты. Екінші қоршау әдейі іріктелген тік бұрышты
тақталардан көлденең қалау техникасы арқылы салынған. Қалау сол кездегі
жердің бетінен басталыпты. Дуалдардың төменгі жағы тіп-тік, ал жоғарғы жағы
аздап ішке қарай иілген. Бұл — соңғы қола дәуіріндегі құрылыс техникасына
тән әдіс; мұнда артылта қалау арқылы жалған күмбез жасау шешімінің
бастамасы көрінеді. Үшінші кіші қоршау екіншісіне жалғастырылған. Ол тік
бұрышты түрде салыныпты, бірақ бұрыштары иілген. Екінші қоршау сияқты, бүл
қоршау да эллипсоид бітімдес. Оның батыс және шығыс дуалдарының
маңдайшасына қосымша бір-бір үлкен тақта орнатылған. Құрылыс төбесінің
негізгі салмағы осы тақталарға түсірілген.
Сонымен, ішкі қоршау бейне бір екі дуалмен және айналма галереямен
қоршалған үй сияқты. Бейіт тамның ортасында, аумағы 4 шаршы метрдей,
тереңдігі 1,5 метрдей қазылған шұңқырдан шомбал тас жәшік шықты; оның
үстіне екі үлкен тақта тас жабылыпты. Бір кезде тігінен орнатылған және там
төбесінің орталық тірегі болған нақ осындай ірі тақталар жәшіктің қасында
да жатыр.
Бүкіл құрылыс алаңын тығыздалып тапталған және қалың-дығы жарты
метрдей балшық, құм, қиыршық, түйір тас араласқан қабат басып жатыр. Бұл
қабат дуал тіректеріне дейін жеткізіліпті; мұның өзі дуалдар мен басқа
тіректердің орнықтылығын қамтамасыз етіп, бүкіл құрылыстың астын нықтаған.
Қиыршық, түйір тас, саз балшық қабірдің астына да құйылған. Өтпелі
дәуірдегі бірқатар басқа бейіттік тамдардың құрылымы да осындай немесе
осыған жақын.
Дәндібай-Бегазы мәдениетінің өтпелі және кемелді дәуірле-ріндегі
құрылыстардың көбінің ішкі қоршауларында ағаш төбе-сінің қалдықтары
сақталыпты; бұл төбе пирамидалы-сатылы жақтау түрінде бөренелерден қиылған.
Бөренелерден қалған көмір мен күлдің кейде 30 сантиметрдей болатын калың
қабаты төбеге жабылған ағаштарды өртеу ғұрпы болғанын көрсетеді. Ағаш
құрылыстарды өртеп бата қылудың мұндай ғұрпы Қазақстан территориясында
соңғы қола дәуірі тайпаларында кеңінен тараған. Мәселег, Оңтүстік
Қазақстандағы Түгіскен мавзолейін қалдырран тайпаларда осындай немесе
осыган ұқсас ғұрып болған.
Ақсу-Аюлы II комплексіндегі үлкек обаның тас жәшігінде
қол-аяғы созылып жатқан адамның қаңқасы шықты. Дәндібай-Бегазы мәдениетінің
басқа ескерткіштерінде созылып жатқан қаңқалармен қатар әдеттегідеи
бүктетіліп жатқан қаңқалар да кездесті.
Бұл обадан табылған қыш көзе етпелі дәуірдегі керамикалық ыдыстың
үлгісі бола алады. Бітімі мен өрнектелуі жағынан ол Андронов ыдыстарына
жақын. Оның ернеуі шимақталған үш бұрыштармен және сопақша ойықтармен
сәнделіпті. Бүйіріне жоғарғы жағын белдеулей бүршақ көлеміндей ойықтар
салынған. Мұндағы өрнек түсіру техникасы көлденең сызықтары бар ірі тарақ
тәрізді қалып мұндай қалып Орталық Қазақстандағы соңғы қола дәуіріне тән.
Жалпы алғанда, керамикалық ыдыстың бітімі түбірінен өзгереді, көшіп- қонымы
көп тұрмыс салтына барған сайын бейімделе түседі.
Соңғы қола дәуірі тайпаларының шаруашылықтағы прогресі және бәрінен
бұрын, жайлаулы, кейін көшпелі мал шаруашы-лығына көшуге байланысты мал
санының ұдайы көбеюі жерлеу ғұрпынан да аңрарылады; бұл ғұрып бойынша
өлікпен қоса ол жейді деп ет салынатын болған. Қабірлерде үй жануарларының
сүйектері көп. Құрбанға шалынатын малдар үшін тіпті арнаулы тас жәшіктер
қойылатын болған.
Дәндібай-Бегазы мәдениетінің кемелді дәуіріне жататындар —Бегазы,
Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәндібай, Ортау ІІІ, Саңғыру I, III зираттары,
Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы I—III қоныстары және басқалары. Бұл
қорымдар мен қоныстар тұрғын үйлері мен ғұрыптық-табыну үйлерінің
архитектуралық-құрылыстық формаларының дәйектілігімен, шұңқыр тәрізді
керамиканың жаңа түрлерінің әр алуандығымен сипатталады. Әсіресе, Бегазы
тауының сілемдерінде орналасқан Бегазы тақта тас қоршаулары айта қаларлық.
Бегазыдағы ескерткіштер тобында бір тектес алты қоршау бар, көлемі
жағынан бұлардың екеуі көзге түседі. Бегазы құры-лыстарының негізі —
кіретін дәлізі, айналма галереясы мен тіреуіш тас бағандары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz