Есептеу машинасы мен қүрылғының әрекетгестігін басқаратын программа


Д
ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР (Персональный компьютер; реrsоnаl соmрutеr) - жеке пайдаланушыларға арналған кіші өлшемді және бағалы, әмбебап микрокомпьютер; үстелге қоятын, ықшамды, тіпті қалтаға салып жүретіндей етіп жасалған, жеке пайдалануға арналған компыотер. Ол, әдетте, біртұтас корпусқа жинақталған компьютерден, мәліметтерді енгізу мен шығаруға арналған пернетақта мен экраннан, сондай-ақ сақтауыш құрылғыдан тұрады.
ДЕСТЕ (Пакет; раcket) - желі арқылы тасымалданатын мәліметтерді сипаттайтын жалпы аталым. Құрамына адрес, мәліметтер және тексеруші элементтер кіретін, біртұтас нәрсе ретінде тасымалданатын биттер (ақпарлар) тобы.
ДЖОЙСТИК (ТЕРТЕ), КООРДИНАТТЫҚ ҚОЛТҰТҚА (Джойстик, координатная ручка; joystick) - дисплей экранында меңзерді басқаруға арналған тұтқа түріндегі кұрылғы.
ДИАГРАММА (Diagram) - сандық шамалар мен олардың ара қатынастарын геометриялық тәсілдермен көрсете отырып, шартты түрде кескіндеу.
ДИАГРАММА ШЕБЕРІ (Мастер диаграмм; diagram visard) - диалогтық терезелер көмегімен қажетгі мәліметтерді біртіндеп ала отарып, диаграмма немесе график құруды және оны жұмыс парағына орналастыруды қамтамасыз ете алатын ЕХСЕL программасының іс-әрекеттері тізбегі.
ДИСК (Disk) - шығарьш оқу-жазу бастиегіне қатысты айналдырылатын диск формасындағы мәліметтер тасуышы; ақпаратты сақтау және қайта шығару қасиеті бар жұқа материалмен қапталған дөңгелек пластинка түрінде жасалған мәлімет тасуыш құрылғы.
ДИСКЕТ, ИІЛПШ ДИСК (Дискета, гибкий диск; floppy disk, diskette) - иілгіш магнитгік дискімен (флоппи-диск) бірдей; есептеу шиналарында арнаулы каптамада сақталатын иілгіш ақпарат тасығыш; компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, алмалы-салмалы шағын табақша түрінде жасалған, магниттік қабықшасы бар, қорапқа салынған сақтауыш құрылғы.
ДИСК ЖЕТЕК (Дисковод; disk drive) - 1) магниттік дискілер орната және олармен жұмыс істеуге (дискіні айналдыруға) арналған тетік; магнитгік дискі тасуьтшынын бір бөлшегі; 2) ақпаратты дискіде сақтауға және оны оқуға арналған қүрылғы (сыртқы жад кұрылғыларының контроллері) ;
3) айналып тұратын қозғалыстағы магнитгік дискілерг мәлімет жазып, оны оқуға арналған электромеханикалық құрылғы.
ДИСКІНІ ПІШІМДЕУ (Форматарование диска) - дискіде ақпарат сақтау үшін жүргізілетін дайындық. Дискіде пішімдеу (бөліп-белгілеу) операциясы жүргізілген кезде ондағы мәліметтер түгел жойылады.
ДИСПЛЕЙ (display) - мәліметтерді көрнекті түрде кескіндеуге арналған кұрылғы. Д. мәліметгерді енгізуде де, шығаруда да қолданылады. Сондай-ақ дисплей компьютердің жұмысын басқаратын болғандықтан, оны көбіне монитор деп атайды.
ДИСПЛЕЙ АДАПТЕРІ (Адаптер дисплея) - есептеу машинасының дисплей қосылатын бөлшегі. Дисплей жұмысын басқаруға арналған. Аппаратуранын бейнежадты бейнешығыстыққа түрлендіретін (бейімдейтін) әлементі.
ДОМЕН (Domain) - бір компьюгерден басқарылатын немесе желілік түйіннің (жұмыс бекетінің) жалпы басшылығымен жұмыс істейтін қатынастар әрекетінін немесе желілік ресурстардың тобы.
ДРАЙВЕР (Driver) - жеке сыртқы құрылымды басқаратын операциялық жүйенің программасы; операциялық жүйенің кейбір шалғай құрылғыларға қызмет көрсететін программасы. Есептеу машинасы мен қүрылғының әрекетгестігін басқаратын программа.
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК (БҮКІЛ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК) ӨРМЕК (Мировая всемирная паутина; World Wide Web (WWW, 3W, Web) - Дүниежүзілік кеңейтілген ермек - әр жерде орналасқан мәліметтер базасындағы керекті ақпараттарды Internet-тегі гипермәтіндік логика арқылы іздеп табатын тармақталған гипермедиалық ақпараттық жүйе.
Е
ЕКІ РЕТ (ТЫШҚАНДЫ) ШЕРТУ (Двойной щелчок (мыши) ; double click) - тышқанды қозғалтпай, оның сол жақ батырмасын қатарынан екі рет жылдам шерту әрекеті. Ол белгілі бір әрекет орындайды, мыс., программаны іске қосады.
ЕКІЛІК КОД (Двоичный код; binary code) - тек екі таңбадан (әдетте, 0 және 1) тұратын шарттаңбалар жиынтығы.
ЕНГІЗУ (Ввод; input) - мәліметтерді сыртқы құрылғыдан (мәліметер көзінен) дербес компьютердің негізгі жадына кіргізу (беру) ; арнайы құрылғылар (пернетақта, ташқай, диск және т. б. ) арқылы жүргізіледі.
ЕНГІЗУ - шығарудың базалық жүйесі MS DOS опреациялық жүесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдердің бірі.
ЕНГІЗУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ (Устройство ввода; input device; devices an entering ) - 1) есептеу машинасына бастапқы мәліметтер мен есеп шешетін программаларды енгізуге арналған кұрылғы; 2) ақпаратты адамға да, компьютерге де түсінікті етіп түрлендіру мен өңдеуге қолайлы құрылғы;
3) мәліметтерді, программаларды, сигналдарды процессорға беретін кез
келген құрылғы.
ЕРЕКШЕЛЕУ (БЕЛПЛЕУ, ТАҢДАП АЛУ) (Выделение, выбор, маркирование; selesting) - жұмыс үстеліндегі бір объектіні тышқан меңзермен көрсетіп тұрып, оны басу арқылы белгілеп алу.
ЕСЕП БЕРУ (Отчет; report) - ақпараттың корытындыланып, такырыптары мен бет нөмірлері койылып, кағазға басылған құжат түрінде бейнеленген түрі.
ЕСЕПТЕУ ЖҮЙЕСІ (Вычислительная система; computer system) - ақпарат қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және оның нәтижесін пайдаланушыларға ыңғайлы түрде шығаруға арналған есептеу техника құралдарының өзара байланыскан жиынтағы ретінде берілген мәліметтер өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.
ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫ (Вычислительная техника; computer science ) - адамзат іс-әрекетінің әр түрлі саласындағы күрделі ақпаратгың үлкен ағындары мен массивтерін автоматтандырылған түрде өңдеуге, жеткізуге және сақтауға арналған техникалык құралдар мен программалық жасақтама жинағы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz