Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Мектептегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру әдістері
2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру
формалары
2.3. Сауықтыру білімінің педагогикалық міндеті
2.4. Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен оны ынталандыру
бағдарламасы
2.5. Салауаттылық — дене тәрбиесінің құрамды бөлігі

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе

Денсаулық педагогикасы – денсаулықты жоғалтпай білім беру, тәрбиелеу,
дамыту жұмыстарына арналған педагогикалық ғылымның жаңа деңгейі болып
табылады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығының жақсаруына себеп
болатын бұл жолды жалпы білім беру жүйесі ұстануы тиіс. Білім берудің бұл
тәсілінің нәтижесі баланың өзінің генетикалық, физиологиялық және
психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік беретін денсаулықты сақтау
мен дамытудың тәсілдерін, әдістемесін қадағалау құралдарын ұсынатын, ол
білімді айналасына тарата алатын адамның валеологиялық мәдениетінің
қалыптасуы арқылы көрінуі тиіс.
Оқытуды валеологизациялау технологиясы білім беру процесін оқушыларда
өз денсаулығына деген мотивациялық-құндылықты жүйе қалыптастыратындай етіп
құру арқылы жүзеге асады. Ол үшін бұл процеске қажетті білім қорының
қалыптасуына септігін тигізетін тиімді ұйымдастыру-басқару формалары мен
технологияларын профилактикалық сауықтыру, реабилитациялау іс-шараларын
қолданған қажет. Сонымен бірге, білім беру процесінің барлық
субъектілерінде валеологиялық мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын да қоса
алып жүру керек.
Денсаулықты сақтау педагогикасы – бұл білім процесіне қатысушылардын
бәрінің денсаулығын сақтай отырып, оқу бағдарламасын толыққанды игеруді
қамтамасыз ете алатын, ұстаздардың, оқушылардың, олардың ата-анасының
бірлесе отырып атқаратын жұмыстарының біртұтас функционалды жүйесі. Бұл
процесті структуризациялау тәсілі болып табылады.
Мұндағы мақсат - денсаулықты сақтайтын, дамытатын білім беру ортасын
қалыптастыру және оқушының дені сау тұлғасын қалыптастыру мен тәрбиелеу.
Оған қол жеткізу үшін:
• Оқыту процесін басқарудың сапалы жүйесін қалыптастыру;
• Денсаулықты сақтайтын оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру;
• Мектептің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын пәндік курстар арқылы
денсаулық сақтау ортасын қалыптастыру жұмыстарына бағыттау;
• Оқушылардың жастық ерекшеліктерін ескере отырып, сыныптастарың түстік
(боялық) шешімдерін табу;
• Мектептегі әр оқушыға физиологиялық және психологиялық жайлылық жасай
білу;
• Оқушының отбасымен қарым – қатынас қалыптастырудың кешенді
бағдарламаларын оқу қатынас қалыптастырудың кешенді жасау және жүзеге
асыру, отбасына консультативті-диагностикалық, әдістемелік,
коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асыру
қажет.

2.1. Мектептегі сауықтыру шараларын ұйымдастыру әдістері

Қазіргі кезеңде оқушылардың, ата-аналардың, социумның қажеттіліктерін
ескеретін білім беру қызметіне деген әлеуметтік тапсырысты мектептің өзінің
түсіну мүмкіндігін ашу үшін жалпы білім беретін мектептердің өзіне тән
проблемаларын нақтылау, ол проблемалардан арылудың жолдарын табу және
мектеп өмірінің өзіндік білім беру кеңістігін қалыптастырудағы нақты
концептуалды идеясын анықтау керек.
Демек, мектептің алдында тұрған педагогикалық проблеманы оқушылардың
жоғарғы білім деңгейін олардың денсаулығын сақтай отырып қалыптастыру
деген сөздермен бейнелеуімізге болады.
Бұл мәселені білім беру процесінде жаңа педагогикалық технологияны -
мектеп жүйесіндегі оқу-тәрбиелеу жұмыстарын валеологизациялау арқылы шешуге
болады.
Бұл моделдің өзіндік ерекшеліктері – білім беру жүйесін жаңғырту, яғни
мектептегі моделін жасау және валеологиялық процестерді басқаруды моделдеу
арқылы жүзеге аспақ. Басты мақсат – дені сау тұлғаны тәрбиелеу және дамыту
үшін денсаулықты сақтайтын және дамытатын орта қалыптастыру жұмыстары
педагогикалық процестің барлық қатысушыларының танымын денсауалықты
күнделік ретінде қабылдайтын бағытта өзгерту арқылы атқарылады.
Осы басты мақсатқа қол жеткізу үшін:
- білім беруді ұйымдастыру жұмыстарын денсаулық мектебі режиміне
бағыттайтын процесті сапалы басқару жүйесін жасау;
- оқу-тәрбиелеу процесін валеологизациялау және басқару;
- оқушылардың жеке тұлгасын дамытатын психовалеологиялык, дене шынықтыру-
сауықтыру қызметтерін құру;
- мектептің пәндік кеңістігін сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру қажет.
Оқу-тәрбиелеу процестерінде сауықтыру технологиялары да табысты түрде
колданылады. Денсаулық сақтау технологиясы: ынтымақтасу педагогикасы,
қуаныш мектебі, оқытудың креативті жүйелері, индивидуалды, тұлғалық-
бағыттау жүйелері арқылы оқыту, оқытудың ұжымдық, индивидуалды, әр
деңгейлі, модульді-рейтингтік, дифференциалды, белсенді, интерактивті
жүйелері, сын тұрғысынан ойлау, бағдарламалық, рефлексивтік оқыту жүйелері.
Денсаулықтың психо-эмоционалды жүйесі: түстік терапия, музыкатерапия,
метеотерапия, белсенді демалыс, толыққанды тамақтану, релаксация,
аутотренинг, би терапиясы, сәуле терапиясы.
Реабилитациялау жүйелері: психологиялық көмек, емдік массаж,
физиотерапия, функционалды жағдайдың мануалды түзетулері, халықтық емдеу
жолдары, балшықпен емдеу, сауна, монша, белсенді демалыс, емдік және
адаптивті дене тэрбиесі, фитотерапия, ине салу, ароматерапия, Чижевский
шамы, гомеопатиялық құралдар, дұрыс ұйқы.
Дұрыс тағамдану жүйесі: вегетариандық, шикілей тамақтану, бөлек
тамақтану, түрлі емдік диеталар, ашығу (П. Брэгг бойынша).
Шынықтыру жүйелері: суық сумен шомылу, табиғи (күн, ауа, су), су
қүйыну, контрастық душ, жалаң аяқ жүру, халықтық жүйелер, П.Иванов жүйесі.
Бұл моделді ұйымдастыру мен табысты жүзеге асыру үшін қазіргі білім
беру жүйесін оқытудың жеке тұлғалық-бағдарлау жүйесін ескере отырып,
қазіргі заманғы компьютерлік құралдарды, валеология, психология, физиология
саласындағы жаңа гипотезаларды қолдана отырып, балалардың эвристикалық және
эмоционалдық фонын олардың белсенділігін арттыру мақсатында пайдалана
білген жөн. Осы ұстанымдар Білім берудің 2010 жылға дейінгі мемлекеттік
бағдарламасында, 2015 жылға дейінгі білім беру концепциясында да
қарастырылып отыр. Қазір қоғам XXI ғасырдағы кез келген технологиялық,
энергетикалық, экономикалық, гео саяси ірі жоба сапалы адам материалынсыз,
дені мен жаны сау, психикалық, интеллектуалдық потенциалы жоғары адамдарсыз
жүзеге аспайтынына көз жеткізіп келеді. Олардың білімге деген құлшынысы,
біліктілігі, әлеуметтік, биологиялық, кәсіби адаптациясы, моральдық-
адамгершілік параметрлері елдің қазірі мен болашағын анықтамақ. Мектеп
қазіргі заманның талаптарына адекватты жауап бере алатын, қоғам алдындағы
рөлін ойдағыдай атқара алатын, әлеуметтік тапсырысты лайықты орындай алатын
білім ордасы болуы үшін де жоғарыда сөз болған мәселелердің бэрі шешімін
табуы тиіс.
Демек, оқу-тәрбиелеу процесін валеологизациялау, оқушылардың
денсаулығын жақсартып, жұмысқа қабілетін жоғарылата отырып сапалы білім
беру – жалпы халықтық мақсат.
Адам денсаулығының жағдайы тек қоғамдық дамудың ғана көрсеткіші емес,
сонымен бірге қуатты экономикалық, еңбек, қорғаныс жөне мәдени әлует болып
табылады. Бүгінгі таңда балалар мен жастардың денсаулық жағдайы басты назар
аударуды талап етіп отыр. Оны жақсартудың бір жолы "Сауықтыру" пәні арқылы
оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.
Сауықтырудан білім берудің мақсаты — оқушыларды салауатты өмір
салтының ғылыми негіздерімен таныстыру, гигиеналық білім мен дағдыларын
қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды үйрету.
"Сауықтыру" пәні салауатты өмір салтының мотивациясын (түрткісін)
қалыптастыруға, денсаулықты нығайту мен сақтауға, гигиеналық білім мен
дағдыларын дамытып, организмді улануынан, зақымдауынан, әртүрлі жұқпалы
және созылмалы аурулардан сақтануға, зиянды заттарға қарсы тұруға және т.б.
үйретеді.
Сауықтыру сабақтарында оқушылар денсаулықты сақтау мен нығайтудың
іргелі заңдылықтарын меңгереді, организмге қоршаған орта факторларының
әсерін анықтайды, адамдар арасындағы қарым-қатынаста кикілжіңді
болдырмаудың, денсаулықты сақтаудың әдістері мен құралдарымен танысады.
Сауықтыру ғылыми мамандық ретінде денсаулықтың ғылыми теориясын ғана
емес, адамның биологиялық, психологиялық, гигиеналық, әлеуметтік,
экологиялық, этникалық сипаты туралы білімді меңгеріп, оқушылардың өз
денсаулығын іс жүзінде қорғауға үйретеді.

2.2.Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру
формалары

Балалардың денсаулық күйінің нашарлауының себептерінің бірі
оқушылардың имандылық-рухани құндылықтарының күрт төмендеуі, санитарлық
мәдениеттің жеткіліксіздігі, қарапайым гигиеналық дағдылардың болмауынан
және өз денсаулығына жауапсыз қарағандығынан екендігі анықталды.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру
формалары мына ұстанымдарға негізделеді:
— жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
— табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
— ғылымилық тек тексерілген ғылыми дәлелдеген деректерге ғана сүйену;
— экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының әсерін
білу;
— ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық
салт-дәстүрлерімен танысып, оны ұстана білу;
— үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз қалыптастырып,
үнемі пайдалану;
— әлеуметтендіру, салауатты өмір салуын ұстанған қоғам мүшесін дайындау;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру — үздіксіз процесс. Сондықтан
"Сауықтыру" пәні мектепке дейінгі кезеңнен бастап, орта мектептің бастауыш,
негізгі, жоғарғы сатыларында, орта кәсіптік жөне жоғары оқу орындарында
оқытылады.
Мектептің бастауыш сатысында оқушылардың гигиеналық білімі мен
дағдылары қалыптасады. Бұл кезде қалыптасқан гигиеналық дағдылар болашақта
денсаулық кепілі бола алады. Мектептің бастауыш сатысында "Салауаттану"
пәнінің оқу материалы организм жайлы алғашқы мәліметтерді, белсенді
қозғалыстың мәні, денені шынықтырудағы табиғи күштердің маңызы, тамақтану
ережелері, жеке бастың тазалығы, тағы басқа тақырыптарды қамтиды.
Мектептің негізгі сатысында салауатты әмір салтын қалыптастырудың
бастауыш мектепте игерілген дағдылар әрі қарай дамытылады, оқушылардың өз
денсаулығын қоғамның рухани байлығы ретінде ұғынуға бағытталады. Оқу
материалында оқушылардың өз организмінің мүшелер мен жүйелер қызметін,
физиологиялық, психологиялық ерекшеліктерін танып білу ескерілген, сонымен
қатар, әр алуан аурулардың себептерін, салдарын жөне сақтандыру жолын, өз
организімін нығайту шараларын, бейімделудің заңдылықтарын танып біледі.
Мектептің жоғарғы сатысында оқушылар денсаулықтың негіздері және
түрлерімен танысып, аурулардың пайда болу себептерін, олардан сақтандырудың
осы заманғы өдістерін әлдеқайда кеңірек және тереңірек талдап, сауықтыруды
әлеуметтік тұрғыдан оқып үйренеді. Мектептің жоғарғы сатысындағы оқу
материалында оқушылар негізгі психикалық даму әдістерімен танысып және
өзінің психикалық күйіне өзі талдау жасай білуі, өзінің биологиялық
ырғақтарын есептей алуы, дәрігерге дейінгі алғашқы жәрдемді көрсете білу,
сондай-ақ денсаулыққа әлеуметтік факторлардың әсерін, жастарды
аутоагрессиядан сақтандыру шараларын білуі, мультимедиа,
компьютерлендірудің таралуына байланысты оқушылар компьютермен жұмыс
істеудің гигиеналық ережелерін және олармен жұмыс істеу уақытының ұзақтығын
білуі қарастырылған.

2.3. Сауықтыру білімінің педагогикалық міндеті

Сауықтыру білімінің педагогикалық міндеті оқушыларды денсаулығын
сақтап нығыйтуды үйрету, кәсіптік бағдар беру мен болашақтағы отбасылық
тіршілікке дайындығын ескере отырып, салауатты өмір салтының дара өзіндік
әдісін тандап алуына жәрдемдесу.
Мектепте оқушыларға сауықтырудан білім беру — өскелең ұрпақтың
денсаулығын сақтауға, аурудың алдын алудың алғашқы қадамдары мен
денсаулықты нығайтудың түрлерін түсіне білуге көмектеседі. Денсаулыққа
қауіпті жағдайларға қарсы идеялық дайындық қалыптастыруға мүмкіндік
жасайды.
Егемен елдің туын көкке көтеретін, әрине, өркениетті ұрпақ. Ендеше сол
елдің елдігін танытатын бүгінгі ұрпақ қандай болуы керек? Өкінішке орай,
қазіргі кезде жасөспірімдердің бір бөлігі салауатты өмір салтына қайшы
келетін іс-әрекеттерге баратыны барлығымызға белгілі жайт.
Сондықтан бүгін білім беру жүйесінде еліміздің өсіп өркендеуіне орай,
заман талабына жауап беретін рухани – адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырған, қоғамдық өмірге икемделген, білім және кәсіпөнер сырларын
бойына мұқият сіңірген, қоғам, мемлекет және отбасы алдындағы
жауапкершілігін сезінетін, салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған.
Өркениетті ұрпақ тәрбиелеу кезек күттірмес міндет. Бұл жерде балаларға
валеологиялық тәлім - тәрбие беру ерекше орында. Сондықтан валеологияны
оқыту барысында балалар мен жасөспірімдердің бойына салауатты өмір салтын
қалыптастыру мен денсаулықты сақтау және нығайту мәселелеріне айрықша мән
беру керек.
Сабақты оқытудың белсенді түрлерін пайдаланып өткізген дұрыс: сюжетті
ойындар, тест, реферат жазу, пресс-конференциялар, семинарлар өткізу,
ғылыми қарапайым әдебиетпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс.
Сонымен қатар валеологиядан алған білім мен тәрбиенің бірлескен жүйесі
бойынша салауаттың өмір салтын қалыптастыру барысында көптеген іс-шаралар
өткізілуі қажет.
Себебі мектептегі барлық жұмыстың бағыты салауатты өмір салтының
негізгі құралдарын орындау болып табылады, яғни баланың - денсаулыққа деген
көзқарасын тәрбиелеу;
- жас кезден бастап дұрыс тамақтануы;
- жас кезден бастап белсеңді демалыс мәдениетін, қозғалыстың қажеттігін
тәрбиелеу;
- зиянды әдеттердің алдын алу, осы заттардың зиянын түсіндіру.

ээ

Осыған орай, мектеп тәрбие ісінің меңгерушісі, валеология пәнінің
мұғалімі, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, мектеп психологы мен медбикенің
араларында үлкен байланыс болу керек, яғни мектепішілік сауықтыру шараларын
ұйымдастырудың жоспарын бірлесіп жасау керек.
І бөлім. СӨС арналған және тәрбие бағдарламаларын енгізу
А) ЖҚТБ мәселелері және оның алдын алу мәселелері
Б) Зиянды заттарды қолданудың алдын алу шаралары, т.б.
2 бөлім. Денсаулықты сақтау.
А) Санитарлық – гигиеналық жағдай: жарық, температура, түс гаммалары, т.б.
Б) сабақ кестесін бақылау
В) Үзіліс уақыты
Г) Ыстық тамақты ұйымдастыру
Д) Дәрігерлік тексеріс
Е) Арнайы дәрігерлік топтың құрылуы
Ж) Денсаулық беті
3 бөлім. Спорттық сауықтыру мерекелерін ұйымдастыру.
А) спорттық секциялар
Ә) әр түрлі спорттық жарыстар
В) спорттық мерекелер
Г) президенттік тест тапсыру
Д) денсаулық күндері
Е) жазғы демалысты ұйымдастыру
4 бөлім. СӨС қалыптастыру барысында жүргізілетін мерекелер
а) сабақтар
б) клубтардың жұмысы (Денсаулық, Рауан, Дебат, т.б.)
в) дөңгелек стол басында кездесулер, кештер, КВН, ата-аналар жиналысы.
"Бақытты болу жағдайы, біздің денемізге жасаған қамқорлыққа байланысты
болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтааатты рух пайда болады. Ақыл-ойдағы
айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді" (П.С.Брегг) дегендей,
оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы әрекеттің
барлық түрінің жоғары нәтижелі болуы - өзін-өзі жақсы сезінуі және дене
мүшелерінің ең жоғары деңгейде қызмет етуімен тығыз байланысты. Осы бағытта
жас жеткіншектерді тәрбиелеу әрі тартымды және онша қиындықты туғызбайды.
Себебі, дені сау бала барлық бастамалар мен істерге қанағаттанарлық
сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана
қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына бірден-бір кепіл
болады. Бұл, тәрбиенің мақсаты ретінде баланың әлеуметтену жағдайына
нәтижелі ықпал етеді. Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты өмір салтын
ынталандыру - тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір
бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.
Платон "мемлекет туралы" өзінің философиялық трактатында жазған пікірі
бойынша біздің назарымызды екі жағдайға аударады: адамның денесі үшін
гимнастика, жаны үшін музыка" қажет. Ондағы айтайын деген ойы, біздің
көзқарасымыз бойынша, "гимнастика" тек денені жаттықтыру үшін ғана емес, ол
адамды "әдемілік заңы" бойынша дене мүшелерін үйлесімділік пен
көтеріңкілікке тәрбиелеудің, ал "музыка" - тар мағынасында біздің тек
музыка жайында ғана біліміміз деп түсінбеуімізді, керісінше барлық музаға
(көркем өнер мен ғылымның қамқоршы құдайы) қызмет көрсету деп түсіну
керектігін меңзейтіндей.
Олай болса"Салауатты өмір салты" деп нені айтамыз?
Ол үшін "салауаттылық" пен "өмір салты" деген ұғымдардың мәнісін
анықтап алған жөн.
"Салауаттылық", яғни "деннің саулығы" Бүкіләлемдік денсаулықты сақтау
ұйымының Жарғысында көрсетілгендей дененің, моральдық және әлеуметтік
саулықтың, есендіктің толыққанды түрдегі жағдайы. "Деннің саулығы" -
адамның қоршаған ортаға байсалды, теңгерушілік қатынасын білдіретін дене
мүшелерінің қалыпты жағдайы.
"Өмір салты" - адамның дене, интеллектуальдық және еңбек әрекетін;
тұрмыстық өзара қарым-қатынасын; дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін,
өмір сүру қарқынын; бірсарынды жұмысы, демалысы және қарым-қатынас
ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, "өмір салты" — деннін саулылығына
нәтижелі ықпал ететін салауатты өмір сүру ұғымын білдіреді.
Қазіргі ғылым "'салауатты өмір салтын":
-ең жақсы үйлесімді тәртіп;
-иммунитетті және денені шынықтыру;
-дұрыс тамақтану;
-орнықты өмір сүру әдеті;
-зиянды әдеттің болмауы ("ауыру қалса да - әдет қалмайды");
-жоғары дәрігерлік белсенділік - деп түсіндіреді.
Қазақта "Деннің саулығы - бастың амандығы" - деген ұғым қалыптасқан.
Олай болса, салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген
ғасырлар бойы күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар
күрделі мәселе. Себебі, жаңа XXI ғасырдың адамы — дені сау, рухы күшті, жан
дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан, оқушылардың салауатты өмір сүруін
қалыптастыру - мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам - қоғамның маңызды
құндылығы.
Деннің сау болуы — ол, яғни өмірді шексіз сүю, қуаныш сезіміне бөлену,
өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір
таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік қам-көңілсіз,
кіршіксіз тәтті ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзінді өзің сүю, құрметтеуден
басталады.
Ол үшін, оқушыларды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тәрбиелеу
қажет. Оған жету, ерінбей, шалдықпай үлкен еңбек етуді қажет етеді. Ондай
еңбек — деннің сау болуын қажет етеді. Міне, осы тұрғысында оқушылардың
санасы таза, сенімі айқын болуы шарт. Кімде кім өзінің өмірін темекі
түтінімен, ішімдік уытымен уласа, арам қылықпен өмір сүрсе, сол ертеңгі
күнге сенімсіздікпен қарайды. Ол үшін тіршілік, өзін қоршаған орта
көңілсіз, беймәлім, күңгірт болып келеді. Осы қағиданы әрбір баланың
жадына, зердесіне тоқыту, жалпы адамзаттың, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулықтың гигиеналық негіздері
Дене шынықтыру және оқушылардың салауатты өмір салты
Оқушылардың салауатты өмір сүру дағдыларын денсаулық сақтау технологиясы негізінде қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени-гигиеналық дағдылары
Мектеп жасына дейінгі балаларда мәдени
Химияны пәнаралық байланыс негізінде оқытуда салауатты өмір салтын қалыптастыру
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудың сынып жетекшінің іс-әрекеті
Биология сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Мектеп оқушыларында салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері
Оқушылардың салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың мәні
Пәндер