Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс.
Тақырыбы :
1. Оқу-тәрбие процесінде ойындарды қолдану, ұлттық ойындардың маңызы.
І. Кіріспе бөлім :
1. Ойын туралы ұғым.
2.Дене шынықтыру сабағындағы ұлттық ойындарды пайдалану.
ІІ.Негізгі бөлімі :
1. Ойынның мазмұны және ойынның ережесі.
2. Ұлттық ойындардың түрлері.
ІІІ.Қорытынды бөлімі :
1. Ұлттық ойындарды ұйымдастыру.
2. Қорытындысы.

1. Халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, әдеп-дағдыларын жас ұрпақтың
бойына сіңіру, ойын арқылы дарытып, көңіліне қондыра білу өмір
қажетімен туып отыр. Өйткені баланы нәресте шағынан бастап,
адалдыққа, батылдыққа, елін, жерін, тілін сүйе білуге, отаншылдыққа,
адамгершілікке, мейірімділікке, еңбек етуге тәрбиелеудің құралы-
ойын. Оның тәрбие, тәлім берудегі сиқырлы сырын терең меңгеру
үшін ежелден бері өркен жайып, үздіксіз дамып келе жатқан
ұлттық ойынды тәрбие мақсатына пайдаланудың тиімді жолдарын
қарастыра түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Дүниеге келген
әрбір перзенттің өмірі, келешегі тәрбие ісіне байланысты, Одан
сыртқары болуы мүмкін емес. Нәресте сәби шақтағы тәрбие ойыннан
басталады. Сондықтан ойын тәрбиенің басталуы, ол мәңгі жас, әрбір
сәби бастан кешіретін кезең деп саналады. Тәрбие ісі адамзаттың
бүкіл даму тарихымен қатар жүріп келеді. Тәрбие бір ұрпақтың
өмір сүру тәжірибесін екінші ұрпаққа жалғастырушы үрдіс. Осы
арқылы дамытады және адамның дамуына басшылық жасалады. Қазақ
халқы бала тәрбиесіне өте үлкен жауапкершілікпен қараған. Тіпті
жазу-сызу мәдениеті қалыптаспаған дәуірдің өзінде де ұшы-қиырсыз
жазира деген тұрғындары өздерінің тарихында жас буынға тәлім-
тәрбие берудің басқа ұлтта қайталанбайтын бай тәжірибесін
жинақтап, өзіндік салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр-рәсімдерін дүниеге
әкелді. Олардың әрқайсысы өзіндік ерекшеліктерімен бала тәрбиесіне
өте үлкен ықпал жасайды. Қай ұлт болса да, оның ұлттық үрдісі,
өзіндік әуені, білікті қасиеті ұлттық болуы арқылы болашақ
ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Бүгінгі заман талабы –
еліміздегі болып жатқан саяси – экономикалық ғылыми техникалық
мәдени өзгерістерге байланысты жас өспірімдердің тәрбиесіне жаңа
тұрғыда қарауды талап етіп отыр. Қазіргі кездегі тәрбиенің басты
мақсаты ұлттық сана-сезімі оянған, мәдениетті рухани ойлау,
дәрежесі биік шығармашылықпен қызмет атқара алатын қоршаған
табиғи ортаға әлеуметтік ортаға икемді, үйлесімді дамыған тұлға
қалыптастыру болып табылады. Қазіргі кездегі жалпы білім беретін
мектептердің оқулықтарының мазмұны қазақ халқының өмір
тәжірибесіне, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне, рухани қазынасына
саяси әлеуметтік, экономикалық ерекшеліктеріне ыңғайланып жасалуда.
Бұны біз ұрпағымыздың бойына ұлттық құндылықтарымызды,
қасиеттерімізді сіңірудің қажеттілігінен туындаған жағдай деп
түсінуіміз керек., яғни, ұрпағымызға ұлттық тәрбие беру қажет.
М.Жұмабаев бұл мәселе жөнінде былай деп ой түйеді : Әрбір
ұлттың балаға тәрбие беру туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке
жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп жақтық жол
болғандықтан әрбір тәрбиеші сөз жоқ ұлт тәрбиесімен таныс
болуға тиісті. Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында, өз
ұлты үшін қызмет атқаратын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт
тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті. Халқымыздың тарихи-мәдени
мұраларының түрлері сан алуан. Осындай аса құнды мәдени
игіліктердің бірі – ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық
педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам
баласы жасаған жеті кереметтің қатарына сегізінші етіп осы
ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Қазақ халқы материалдық
мұраларға қоса мәдени қазыналарды аса бай халықтардың бірі.
Сондай қомақты дүниелер қатарына ұлт ойындары сол халықтың
әлеуметтік экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамығанына
қазақ халқының ұлттық ойындарымен таныса отырып көзіміз әбден
жетеді. Өйткені қазақ халқының ұлттық ойындары өте ертеде туып,
оның көші-қоны тұрмыс жағдайларында үйлесімді жасалғандай әсер
береді. Олай дейтініміз осы ойындардың көпшілігі сол көшпелі
тұрмысқа лайықталып арнайы материалдық әзірліксіз ойнала
беретіндігінде ғана емес, сонымен бірге халықтың психологиялық
ерекшеліктеріне де байланысты екендігіне көзіміз жетеді. Сол ойын
арқылы шынығып, өзінің бойындағы табиғи дарынын шыңдай түседі.
Ойынға халық ерекше мән берген. Сондықтан халық оған тек ойын-
сауық, көңіл көтеретін орын деп қарамаған. Ең бастысы ел
қорғауға қабілетті болашақ қайраткер, өзінің аса қабілетін шаршы
топтың алдында баршаға тең. Еркін бәсекеде жеңіп алуға тиісті
болған. Сондай-ақ таланты жас ойын өнеріне өзінен жасы үлкен
танымал ұстаздан үйреніп, жаттығатытынын, оянбай тер төгетінін
байқаймыз. Ұлт ойындары осылайша атадан-балаға, үлкеннен-кішіге
мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық,
мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған.
Қазақ халқы ұлт ойындарына бай халықтардың бірі. Қазақтың ұлт
ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен оның және
нұсқаларын жинаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап,
көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді.
Әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынын кейін сәтті
аяқталған аңшылықтан соң немесе ел шетін басып кірген жауынан
кек алып жеңіске жеткенде ас бергенде халық мерекелері ойын-
сауықтар өткізген. Бұл мерекелер күн ілгері жарияланып отырылды.
Сондықтан түр-түріне күн ілгері даярланып әзірдікпен келді. Қыз
ұзату, келін түсірумен байланысты Қалың дық ойнау салты пайда
болды. Қыз ұзату той ында жар-жар, келін түсіру тойында беташар
айтылады, бұл нағыз творчестволық негізі бар, салттық ойынның
жоғары түрі. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,
батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандықты,
байсалдықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшкліктерімен бірге күш қуат
молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді.
Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары
принциптеріне негізделген, өйткені ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған
күн ілгері көп адамдардың тер төгіп, еңбек етуіне
тура келеді, Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге
қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап-бағып, күтуге тура
келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі
мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн сайын
жүргізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп
шабатын бала күн ілгері осы сынаққа қатысады, Атқа ауыр болмау
үшін оған мініп шабатын баланың жасы 11-12-ден аспауы керек.
Бәйге шарты мүлтіксіз орындалу үшін төреші тағайындалады. Бәйгеге
қосылатын аттардың шабатын жерінің алыстығына қарай кейде ат
айдаушылар біреу емес, бірнешеу болуы да мүмкін. Ол ат шабатын
қашықтықтың он бойына орналастырылады. Бәйгеге әзірліктің бас
қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен
шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады. Сондық тан қазақтың
ұлттық ойындары тек ойын-сайықтық жағынан маңызды емес, ол –
спорт, ол - өнер, ол – шаруашылық, тәжірибелік маңызы бар тәрбие
құралы. Қазақтың ұлттық ойын дары көкпар, сайыс күрес, теңге алу,
қыз қуу, алты қабақ ату, жамбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге
үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды. Қазақ халқының ұлттық
ойындары елдің өмірімен тығыз байланысты, оның шаруашылық
экономикалық әлеуметтік тұрмысынан туған. Қазақ халқының өмірінде
ойын араласпаған бірде-бір тұрмыс, шаруашылық салалары жоқ десе
де болады. Бұл елдің ескі бір салты бойынша, көшіқон кезінде
жастар әуелі үлкендердің үйін тігісіп береді. Одан соң жетім
қалған үйлерді де тігіседі. Ең соңында отау үйлерді қалдырып,
аяғын ойын-сауыққа айналдырып әкетеді,- деп жазды. Қазақ халқының
фольклорларын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Э.Диваль өзінің
Қырғыз-қазақ балаларының ойыны - деген еңбегінде оның бала
тәрбиелеудегі әдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай
жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі : бір жастан жетіге
дейін – нәресте жеті жастан он бес жасқа дейін – бозбала, ол он
бестен отызға дейін – жігіт осының негізінде қазақ ойындарын да
сәбилер ойыны, бозбалалар ойыны және жігіттер ойыны деп
негізінен үш топқа бөледі. Баланың әр түрлі ойындармен ойнау
және өзі тцуып, өмір сүрген ортасына байланысты алған әсерлері
мен түйсіктері олардың қиялын қозғап, тврчестволық шабытын оятып,
алғашқы іс-әрекетке жетелейтін, осы арқылы баланың өзін қоршаған
дүниені танып білуіне алғашқы қадам жасайтыны туралы бағалы
пікір болып табылады. Әсіресе, ерте замандарда жау жасырынып
келіп түнде ауыл маңын торитын жаудан сақтық күзетінде тұрып,
бұл ойынды бір жағынан ермек ретінде де жаттығу үшін де
пайдаланған. Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр
алуан болып келеді. Бұл жинаққа біз тек ұлт ойындарын ғана
кіргізіп отырмыз. Ұзақ жүргізілген жинау, зерттеу жұмыстарының
нәтижесінде біз ұлт ойындарының тақырыбына, мазмұнынына, ондағы
көзделген мақсатына байланысты негізінен үш үлкен салаға бөліп
топтастыруды лайық деп таптық. Атап айтқанда, ойын-сауық, тұрмыс-
салт ойындары, дене шынықтыру спорт ойындары және оймен келетін
ойындар. Шындап келгенде, ұлт ойындары ауыз әдебиетінің бір
саласы. Жан-жануарларды бейнелейтін ойындардың кейбіреулері
тұрмыстық ойын-сауықтық мақсатта берілсе, кейбірі дене шынықтыру
спорттық мақсатты көздейді. Қазақтың қай ойыны болса да, айтыс,
өлең-жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өрелі өнеге
беріп, қатты әсер береді. Сөйтіп, дүниені танып-білуге арналған
бейнелі жүйелі оймен астасып-қабысып жатады. Мұндай мақсатты
адамгершідік, іс-әрекет, әдет-ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге
негізделген ұлт ойындарының бояуы қоюланып, баланың, жас
жеткіншектердің дене, ақыл-ой жағынан да дамуына тамаша
мүмкіншілік туғызады. Ойын тегінде адам баласының коллективтік
творчествосы орындалуы да көбіне коллективтік түрде болатындықтан
ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа әдеттенуге
тәрбиеленуге мүмкіншілік мол. Қазақ халқының ұлт ойындарымен
таныса келіп, мұның растығына әркімнің-ақ көзі жетері анық.
Қазақтың ұлт ойындарының бір қыдыруы асық ойынынан тұрады.
Кезінде мән беріп, дұрыс бағасын ала алмаған бұл ойындар
бүгінде мүлде ұмыт болуға айналған. Олай дейтініміз асық ойыны
деген далпы атпен баспа беттерінен анда-санда шаң бергені
болмаса, осы күнге дейін бірде-бір асық ойынының нақтылы түрлері
мен мазмұны жазылып көпшілік назарына ұсынылмағанын айтсақ
артық емес деп ойлаймыз.Біз осы жинаққа сық ойынының кейбір
түрлерін енгізіп отырмыз. Асық ойындары алдымен адамның нерв
жүйелерін шыңдап, ұстамдылыққа, дәлдікке, тұрақтылыққа, тыныс
мүшелерінің қалыпиы дамуына т.б. тәрбиелейді. Қазақтың ұлт
ойындарының бір қыдыруы ойлануды қажет ететін ойындарға
жатады. Олар негізінде логикалық ойлау мен математикалық,
философиялық ойлануды дамытуға негізделіп жасалғандай. Солардың
төресі Тоғызқұмалақ ойынының фотосуретімен ойнау тәртібін алғаш
түсірген этнограф Н.Пантусов 1906 жылы : Бұл ойын өте көне
және кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының
барлығына тегіс тараған деп жазды. Қазір бұл ойынның тарихы
жайлы Н.Пантусовтың көрсеткенінен гөрі анығырақ айтуға болатын
тың деректер ашылды. Ұлт ойындары ата-бабамыздан бізге жеткен,
өткен мен бүгінгіні байланыстыра баға жетпес байлығымыз, асыл
қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа
пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан
зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның творчестволық
қабілетін оятып, бүкіл өмірге ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің
сөзімен айтқанда Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуда жоқ және
болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық
терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен
ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын
дегеніміз ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар
оты. Міне, ойын дегеніміз тынысы кең алысқа меңзейтін ойдан-ойға
жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып
нәрсе, ақыл-ой жетекшісі денсаулық кепілі, өмір тынысы демекпіз,
өйткені қазақ халқының ескі дәстүрі бойынша жыл басы наурыз
айынан басталып, үлкен мейрам, ойын –той ретінде өтіп отырғаны
белгілі. Осы Наурыз мейрамы Наурыздың 22-сі күндерінде ойын-
сауықта көбінесе ұлт ойындары ойналатын болған. Әр ауылдың
арасында бәсеке өнер жарысы ретінде алдымен ойын түрінде
басталған. Соны бейнелейтін бірақ бүгінгі жұртқа белгісіз, ұмыт
болудың алдында тұрған Қалтырауық Қамыр кемпір және Ақ боран
дәстүрлі ойындары жатады. Тәрбиенің мақсаттары заман өзгерісіне
қоғамның даму бағыты бейімделіп, жетіліп отырғанымен оның түпкі
мұраты өзгермейді, ол адамды адам деген атқа лайық етеді.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының егеменді ел болып
қалыптасқан кезеңінде ұлттық мәдениетті өркендетуге келер ұрпақты
қазақ этнопедагогика қағидалары негізінде тәрбиелеу, соның ішінде
дене тәрбиесін беруге толық мүмкіндігі туып отыр. Оқушылардың
дене тәрбиесіне ұлттық этнопедагогикалық қажеттілік жайында
ғылыми теориялық негіздері туралы этностор мәдениетінің шығу,
қалыптасу және даму заңдылықтары мен ерекшеліктері бар. Біраз
ғалымдар мен зерттеушілерге қазақ халқының дене тәрбиесінің
ішіндегі халық орындарының түрлері, жіктелуі, іске асырылуы терең
ой салары анық. Жас баланың өміріне ойын өте керек екендігі
әркімге де мәлім болса керек. Оқып жүргенде бала ойнап жүрсе,
оның жігері, күші молайып, құлқы түзеліп, білігі артады. Ойын адам
денесін ширатады, зейінін ашады. Балалармен бірлесіп жұмыс
істеуге дағдыландырады. Ойын - өрнекті әлеумет тәрбиесінің мектебі.
Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай
әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге әзірлеу
секілді, жауапты міндеттер жасап отыр. Бұл мәліметтерді абыроймен
орындау үшін ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен
қарап, күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие
құралдарын пайдалануы, оқытудаң жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы
керек екені анық. Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі – ұлттық
ойындарымыз. Ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы
болып табылады. Ол сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды
өмірге әзірлеу қажетін өтеген сыннан өткен бағдарлама бойынша
бірінші сыныптың оқушыларына гимнастика сабағы, сапқа тұру және
қайта өзгеріп тұру сабағынан басталады. Осындағы сапқа тұру
колоннада бір-бірден жүру т.б. толып жатқан ұғымдарды оқушылар
бірінші күннен бастап түсіндіре қою қиынға соғатыны белгілі.
Мәселен, оның мұғалім үшін қиыншылығында емес, балалардың бірден
күрделі ұғымдар мен қимылдарды меңгеріп алуының күрделілігінде,
сондықтан алғашқы 10-15 күн мұғалім халық ойындарымен бастап,
балалардың қимыл бірлігі қалыптасып, бір-біріне жақындаса бастаған
кезде, ойыннан сабаққа біртіндеп көшкні жөн. Алғашқы бірнеше
сабақ бойы мұғалім ойынан негізгі материалға, одан қайта ойынға,
одан және ойынға көшіп, қайтадан негізгі материалды өтеді де,
сабақтың аяғын ойынмен бітіреді. Бұл әрине мұғалімнің шеберлігіне
оқу материалдарын өткізуді күн ілгері егжей-тегжейлі
ойластыруына сабаққа мұқият әзірлігіне байланысты. Зерттеулер
сабақтың ортасында пайдалану оқушылардың дене шынықтыру
сабағындағы арнайы материалдарды дұрыс түсініп, ұғынуына
негізделеді. Бастауыш сынып оқушыларының назары тұрақты болмайды.
Көп жағдайларда дене жаттығуларын мұғалімнің көрсетуі бойынша
қайталай береді. Ал мұғалім балалардан жаттығуды өз беттерімен
жасауын талап еткенде, олардың көпшілігі дұрыс орындалмайды.
Сондай-ақ қимыл бірлігі бұзылады. Балалардың назарын сабаққа
аудару үшін мұғалім сабақ арасында 5-10 минут осы сабаққа
ұқсас халықтың қимыл ойындарын ойнатып, олардың көңілдерін басқа
жаққа аударады да осының негізінде пайда болған ерік-жігерлерін
негізгі материалдарға аударады. Ал ойын сабақтың аяғында көбіне
оқушылар негізгі оқу материалдарын меңгерген сенімді тәрбие
құралы. Бұл туралы көрнекті педагог В.А.Сухомлинский : ойын
баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін
оятады,- дей келіп, былай жазады. Бұл пікірге қарсыдан айту
қиын. Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің
ұтымды құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-
жабдықты өткізетін орынды талғамайды. Олар бүгінгі
мектептеріміздегі тәрбие жұмысына пайдалануға қолайлы. Халық
ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып
табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-
тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре
беруді көздеген ойын бала табиғатымен егіз, өйткені, бала ойынсыз
өспек емес. Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе халық ойындарының
бүгінгі педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп ретті
қолдана білсек, онда ол сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін
арттырады, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жандандыра түседі.

Баяндағалы отырған халық ойындары.
Семей қаласы мен облыс мектептерінің 1-4 сыныптарында ұзақ жылдр
бойы сыннан өтіп, мұғалімдер тарауынан қолдау топты тәжірибе
нәтижелері оьлыстық республикалық баспа беттерінде үзбей жарияланып
келеді. Анығын айтқанда, күні бүгінге дейін сабақпен сыныптан тыс
жұмыстарын нақтылы педгогикалық үйлестік таппай, тәрбие жұмысы оқумен
тығыз ұштаспай тәрбие жұмысында үзіліс болмауы тиіс. Сыныпта
берілетін білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз
байланыста, бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық
ойындарын пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілдерін тапқан жерде ол
тәрбиенің басқа да құралдарымен астаса отырып, бұл олқылықтың орнын
толтырады. Бұл жерде біз халық ойындарын тек 1-4 сынып оқу тәрбие
жұмысында пайдалану жолдарын ғана сөз етіп отырмыз. Бірақ бұдан
ұлттық ойындарды жоғарғы сыныптарда қолдануға болмайды деген ұғым
тумайды.

Дене шынықтыру сабағында ұлттық ойындарды пайдалану.
Дене шынықтыру сабағында халық ойындарын пайдалану мұғалімнің
күнбе-күнгі сабағына әзірлену кезінде белгіленіп, сабағында
көрсетіледі. Халық ойындарын сабақтың басында, ортасында, соңында
пайдалануға болады. Мектептің табалдырығын жаңа аттап отырған балалар
бақшасында болмаған топтасып әрекет жасап қалыптаспаған балалар
үшін дене шынықтыру сабағын бірдей бастап кету мұғалім үшін де,
оқушылар үшін де қиындық келтіреді. Мысалы, кезде қолдануға болады.
Сабақ бітуге 5-10 минут қалғанда біртіндеп ойынға көшкен жөн.
Сабақтың аяғында ойын элементтерін пайдалануға мұндайда көбіне баяу
қимылды ойынды пайдаланған жөн. Өйткені оқушылардың үзіліс кезінде
байсалды демалуына нұқсан келмеу жағын ескерген орынды. Ойын
дгеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді деген.
П.Ф.Лесгафтың пікіріне көңіл бөле отырып, біз мектеп табалдырығын
алғаш аттап отырған балалардың ұжымын ұйымдастыруға олардың дене
шынықтыру сабағын сүйіп оқуына жету үшін халық ойындарын тәрбие
құралы деп таптық. Халық ойындардың бағдарламаның қимыл ойындары
деген бөлімінде ғана пайдаланып қоймай, әр сабақтың мақсатына қарай,
сонымен бірге мазмұнын сол сабақ кездеріне орай пайдалануға
тырысу. 1- сыныпта ден шынықтыру сабағын бағдарламада көрсетілгендей
бірден гимнастикадан бастау оқушылардың ұғымына ауыр тиеді. Бұл
жерде мұғалімнің пәнаралық байланысты толық сақтай отырып, сабақ
берудің үлкен білімдік тәжірибелік мәні бар. Оқу жылының басында 1-
сынып оқушылары мектепте үйленісіп мектептегі оқу, жазу т.б. туралы
мағлұмат алады. Сонымен бірге мұғалімде өз шәкірттерінің мінез-
құлқын, ой-өрісін, қимыл-қозғалысын тексереді, зерттейді. Осыған орай
сынпыптағы оқушыларды бірнеше шағын топтарға бөліп, олардың бір-
бірімен теңесіп, бірдей дамып қамтамасыз етуін ойлайды. Сыныптағы оқу
үлгерімінің жоғары көрсеткішке жетуінің ең басты шарттарының бірі
оқушылардың мақсаттас бір ұжымға біріктіру болып табылады. Берік
ұжым саналы тәртіп пен сапалы оқудың бірден-бір кепілі. Олай болса
оқушылардың алғашқы күннен-ақ оқу мен тәртіпке, ұйымшылдыққа
қалыптастырудан басталады. Сыныпта жүргізілетін тәрбие жұмыстарының
негізіне халық ойындары жатады деп біз батылырақ айта аламыз.
Бірінші сынып оқушылары үшін қимыл ойындарының ішінен алдымен
көпшілік болып ойнайтын ойындарды таңдап алу керек. Осын дай халық
ойындарының бірі Қасқыр қақпан ойыны мектеп ауласында дене
шынықтыру сабағына арналған кең алаңда өткізіледі. Мұғалім оқушыларды
қатар тұрғызып алдымен ойынның атын атап мазмұнымен таныстырады.
Ойнау тәртібін, ойын ережесін, ойында әркім өзін қалай ұстайтынын
т.б. мұғалім балалардың жеті қимылдарын, қолдарының жұмыс істеу
қабілетін тездету мақсатымен олардың нерв жүйелеріне арналған оның
жүйелерін дамытуды көздейтін ойындарды басқа пәнде де қолданады.
Егер ойында тақпақ болса, онда мұғалім оқушыларға сол тақпақты
алдымен өзі айтып, сонан кейін сөздеріне көңіл аударады. Қасқыр
қақпан ежелгі ойыны, ол туралы балалар отбасында айтылатын әңгіме,
ертегіден таныс. Бұл балаларды ойынға ынталандырмай қоймайды. Олар
мұғалімнің әр сөзін ұғып отыруға тырысады. Ойындағы тақпақты тез
жаттап алады, ойын ешбір дене шынықтыру, спорт мүліктерін керек
етпейді. Ойын өтетеін орын мектеп ауласы, дене шынықтыру алаңы. Ойын
тәртібі : балалар екі топқа бөлінеді ; үлкен топ қақпан кім тобы –
қасқырлар ойынды мұғалімнің өзі басқарады. Мұғалімнің айтуымен
тақпақты ең жақсы жаттап алған бала бастайды, қалғандары оған
қосылады.
Қасқыр түссе қақпанға,
Ұстамасқа бола ма?
Қол ұстасып құрайық,
Біздің қақпан болаттай,
Қасқырды тұр жолатпай
Қасқыр, қасқыр келіп көр,
Қақпан, қақпан берік бол!
Оқушылар бір-бірімен қол ұстасып, дөңгеленіп шеңбер құрып тұрып
болғанша :
Қане, қане тұрайық,
Қасқыр қақпан құрайық!-
Деген өлең жолдарын қайталап айта береді, слнан соң өлең шумағы
:
Қане қақпан берік бол,
Қасқыр, қасқыр келіп көр!-
Деген жолдарды айтып болысымен қақпан болып тұрғандар бір-бірінің
ұстаған қолдарын жоғары көтереді. Ал қасқыр топтағы оқушылар арғы
беттегі қораға көтерілген қолдардың астымен жүгіріп, өтіп кетуге
тырысады. Қасқырлар осылай өтіп жатқан кезде мұғалімнің ла-ап! деген
белгісімен көтерілген қолдары төмен түседі. Оқушылар жүрелеріне отыра
қалады. Сөйтіп қақпан жабылады. Іште қалғандар қақпан тобына
қосылады да, қасқырлар азая береді. Ойынды осылай жалғастыра беруге
болады.Ойынға балалар кезектесіп отырады.Оқушылар ойынға жаттыққаннан
кейін мұғалімнің көмегімен өз іштерінен бір оқушыны ойын басқарушы
етіп сайлайды. Бұл ойынды таңдап алумен ойнатудағы мақсат алдымен
ойында балалардың тілін, ақыл-ой өрісін, есте сақтау қабілетін
дамыту, оларды еліктіріп, қызықтыру, екіншіден осы ойын арқылы
оқушыларда ұйымшылдық патриоттық сезім қалыптасады. Үшінші ден
шынықтыруға байланысты бір дене екі қатар болып сапқа тұру, шеңбер
болып қол ұстасып тұру ойындағы қимыл бірлігі, бұйрықпен қозғалу
бір адамға бағынып тыңдай білу сияқты қарапайым дағдылар қалыптаса
бастайды. Бұл ойынды 2-3 сыныпқа ойнату. Қолдың, аяқтың, кеуденің
басты негізгі қалыптары мен қозғалыстары тақырыбына байланысты
жаттығуларды өткен кезде. Мысық пен тышқан ойынын ойнауға болады.
Ойынның бәртібін мұғалім оқушыларға өзі түсіндіреді. Ойын сабақтың
екінші жартысында жүргізіледі. Ойынның өтетеін жерлері мектеп ауласы,
дене шынықтыру алаңы, спорт залы. Ойнаушылар дөңгеленіп қол ұстасып
тұрады. Оқушылар араларынан екі баланы ортаға шығарып, оның бірін
тышқан, екіншісін мысық деп белгілейді. Тышқан болған оқушы
шеңбердің ішінде қалады. Мысық болған оқушы шеңбердің сыртына шығады
да тышқанды аңдып, оны ұстауға тырысады. Шеңбер құрып тұрған
оқушылар міндетті мысық, тышқан қуған кезде ұстасқан қолдарымен
бөгеп, тышқанды ұстатпауға тырысады. Мысық қапылыста ішке кіріп
кетсе, тышқанды сыртқа шығарып, мысықты ұстап қалуы керек. Егерде
мысық сыртқа шыға қалса, онда тышқанды ішке кіргізіп, мысықты сыртқа
қалдырады. Осылайша бірін-бірі қуып жүріп, мысық тышқанды ұстауға
тиіс. Тышқан ұсталғаннан кейін басқа екі оқушы шығады да, ойын
жалғаса береді. Бұл ойынды пайдаланудағы мақсат біріншіден ойынға
сыныптағы оқушылардың барлығы да қатынасады, әрі қарапайым, әрі
оқушылардың түсінігіне жеңіл және сабақтың мазмұнына сай, баланың
қозғалысқа қажетті барлық қимылдары бар. Екіншіден оқушының
белсенділігін көтеріп, сезімталдық, батылдық мақсат қоя білушілік, өзін-
өзі ұстай білу, өзіне-өзі сену, табандылық тәрізді т.б. адамға
қажетті қасиет-қабілеттердің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Үшіншіден,
оқушыларды қимыл-бірлігіне, ұжымдық іс-әрекеттерге баулиды. Біздің
бақылауларымыз бен тәжірибелерімізге қарағанда осы ойынды бірнеше
оқушының өз беттерімен бос уақытында ойнағандай емес, мұғалімнің
басшылығымен класс ұжымы бірігіп ойнағанда оқушы өзін жауапкершілік
сезіммен ұстап, ойынға өзінің бойындағы бар қабілетімен қатысады,
сонымен оны барынша жылдам түсінеді.
Доппен ойналатын сабақтарда мұғалім бағдарламадағы талаптарды,
оқушыладың толық орындауын қамтамасыз ете отырып, оның сапалық жағын
да қарастыру керек. Осыған орай ол балаларға доппен ойнайтын халық
ойындарын ойнатуға тиісті.
Дәл түсір, Допты соқ, Доп тебу, Доппен жарысу, т.б. ойындарды
ойната отырып, оқушылардың мөлшер, бағдар, төзімділік, алғырлық сияқты
әдеттерін қалыптастыруға болады. Қазақтың байырғы доп тебу ойыны
ертеде қара бие деп аталған. Ойыншылар жеребе таратады. Жеңгені
допты қорғаушы болады. Ойынға қатысушылар оны қорғап тұрады. Ойын
дене шынықтыру алаңында өтеді. Ойынға класс оқушыларының бәрі
қатынасады. Ойынға қажетті зат – доп. Қорғаушы ортадағы допты айналып
жүреді. Ойынның тәртібі бойынша допты айналып жүреді. Ойынның тәртібі
бойынша допты аяқпен ғана қорғауға тиіс. Ал әрбір ойыншы оны
теуіп ала қашуы тиіс. Ойнаушылардың бірі допты тебуге, ұмтылған
кезде оған қорғаушының аяғы тиіп кетсе, ойнаушы қорғаушы болып
қалады да, доп қорғаушы әлгі ойнаушының орнына шығады.Егер
ойнаушылардың біреуі допты теуіп шеңберден шығара қалса, басқа
ойнаушылар қашып допты қорғаушы қуып жетіп, допты ажыратып алғанға
дейін кезек-кезек тебе береді. Допты қорғаушы қуып жетіп, допты
ажыратып алса, ойнаушылар бұрынғы орнына қарай жүгіреді. Осы кезде
ойнаушылардың бірін доппен ұруға тырысады. Егер допты алса, доп
тиген болса, қорғаушы болады. Осы кезде ол допты ала сала қашып
бара жатқан ойнаушылардың бірін белгілі бір сереге жеткенше ұрып
үлгіруі керек. Егер ешкімді ұра алмай қалса, сол ойнаушы доп
қорғаушы болып қайта бастайды. Қорғаушы допты ешкімге тигізе алмаса,
қашан допты біреуге тигізгенге дейін қорғаушы болып қала береді.
Әдетте, бірінші сынып оқушылары бұл ойынға түгел қатынасуға
тырысады, ойынға қыз балалар да қатысады. Мұғалім қыз балаларды
қатыстырғысы келмесе, онда доппен байланысты басқа ойындардың бірін
ойнауға рұқсат береді.Ойын сабақтың алғашқы жартысында ойналуға
тиіс.Ойын балалардың тыныс мүшелері мен бұлшық еттерінің жетілуіне,
жүгіруге үйретеді. Олардың жеңіске деген ерлік қайраттарын шыңдайды.
Батырлыққа, тапқырлыққа баулиды. Жүру мен жүгіру тақырыбын өткенде
құтқар ойынын ойнату жөн. Алғашқы сабақтар бағдарламаға сай етеді
де, оқушылар тиісті дағдыларды меңгергеннен кейін оны қалыптастырып
бегіту мақсатында мұғалім құтқар ойынын ойнатады. Ойын негізінен
жүйріктікке, тапқырлыққа негізделген ойнату үстінде оқушылардың тыныс
мүшелерінің қалыпты жұмыс істеп, аяқтарының бұлшық еттерінің дамуына
мүмкіншілік жасалады. Бұл тақырыпқа байланысты жаяу жарыс ойынын
да ойнатуға болады. Бірінші сынып оқушыларына көбінесе команда болып
ойнамайтын көпшілік ойындар ойнатқан дұрыс. Екінші сынып оқушыларына
бірінші сыныпта ойнап үйренген ойындарын күрделене отырып, тақырыпқа
байланысты жаңа ойындарды ойнауға болады. Өйткені бірінші және
екінші сыныптың дене шынықтыру сабағы өзара сабақтасып дами түсуі
тиіс. Екінші сыныпта сапқа тұру, сапқа тұру және қайта өзгертіп
жүру тақырыбын өткенде қасқыр қақпан ойынын ойнаумен бірге
қоян, қырықаяқ, т.б. ойындарды ойнауға болады.
Қолдың, аяқтың, кеуденің негігі қалпы және қозғалысы тақырыбына
байланысты Үлек пен тайлақ, Мысық пен тышқан ойынының бір түрі
Сыңараяқ, Қырықаяқ, Қапы қалмас, Жанды дөңгелек, Қарғымақ, т.б.
халық ойындарын пайдалануға болады. Қырықаяқ ойынын оқушылар
мектептің дене шынықтыру алаңында өткізеді.Ол үшін мұғалімнің
басқаруымен оқушылар тең 2 топқа бөлінеді. Екі топтағыларды бірінің
белінен бірі қапсыра құшақтап тұруы керек. Олар тұрған жерден 25-30
метр қашықтықта көмбе белгіленеді. Мұғалімнің бұйрығы бойынша екі
топтағы оқушылар сол қалыптарымен аяқтарын тепе-тең алып жүгіре
жөнеледі. Қай топ көмбеге бұрын жетсе, ел жеңіске ие болады. Мұғалім
ойын тәртібінің бұзылмауын қадағалап отырады. Ойынды оқушылар
меңгергеннен кейін басқарушыны олар өздері алады да, мұғалім жалпы
қадағалаушының міндетін атқарады. Ойын сабақтың екінші жартысында
ойналуға тиіс. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың барлық денелерін
қозғалысқа келтіруді, қамтамасыз етуді, ұжым болып қимыл бірлестірудің
нәтижесінде жеңіске жетуге деген еркін қайратын шыңдау, олардың өз
ұжымы алдында жауапкершілігін арттыру және төзімділікке тәрбиелеу
болып табылады. Үлкен кіші доппен жасалатын жаттығулар өткенде халық
ойындарын орынды пайдалану, оқушылардың сабаққа деген ынталарын
арттыра түседі. Екінші сынып оқушыларына жеңіл командалық ойындар
ойнатуға болады. Осындай ойындардың бірі – Бойға доп дарытпа
ойынның мазмұнымен таныстырғаннан кейін, балаларды екі командаға
бөледі. Ойын мектеп ауласында өтеді. Ойынға кіші доп пайдаланады.
Бірінші команданы екінші командадан 8-10 метр қашықтықта сыртынан
қоршап тұрады, сосын сыртқы команда мүшелері қолдарына доп алып,
ортадағы команда мүшелерін доппен ұрады. Ортадағылардың міндеті –
допты бойларына дарытпау, доп тиген бала сыртқы команда өз
қатарларына қосып алады. Шеңбер ішіндегілерге доп түгел тиіп
болғаннан кейін енді олар шеңбер сыртында тұрған команданы ортаға
алады. Сөйтіп бұл командада алдыңғы команда орындаған ережелерді
қайталайды. Ал бұл ойын ұзаққа созылып кетпес үшін мұғалім әр
командаға бірдей уақыт береді. Осы бөлінген уақыт ішінде қай
команда мүшелері екінші команда мүшелеріне көбірек доп тигізсе, сол
команда жеңеді. Ойын оқушыларың топқа бөлініп команда құруы, ойнау
тәртібін меңгере түсінуіне көмегін тигізеді. Өз командасы үшін
күресу олардың ұжымдық патриоттық сезімін туғызады, дәл көздей
білуге, мөлшерлей білуге баулиды. Сондай-ақ, Доп ортадағыға, Таспа
доп, Доп үшін күрес, Кім алысқа лақтырады?, Әуе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытуда ұлттық ойындарды дұрыс, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
Дене шынықтыру сабақтарында оқушыларға үйретуге болатын ұлттық ойындар
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН МӘНІ
Казақ спорт және туризм академиясы
Дене мәдениеті және спорт
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Дене тәрбиесінде ұлттық ойындарды пайдаланудың педагогикалық негіздері
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Бастауыш сынып оқушыларын ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесінде жетілдіру жолдары
Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың жолдары
Пәндер