КОЗҒАЛЫС ҚИМЫЛЫН БАСТАПҚЫ ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢІ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. Қимыл-қозғалыс ойындарының әдістері
1.1 Қозғалыс ойынының тірек қимыл қозғалысына әсері
1.2 Қозғалыс ойынының дене тәрбиесіндегі маңызы

ІІ Тарау. Дене шынықтыру сабақтарындағы қимыл-қозғалыс ұлттық ойынды
қолдану
2.1 Қимыл-қозғалыс ойындарының түрлері
2.2 Төменгі сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағында қимыл қозғалыс
ойындарының алатын орны, маңызы

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік
саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек
айында ел президенті Тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-
тармақшасы “ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың
денсаулығын сақтауға деген Конституцияның құқығын іске асыру талабына сай
Қазақстан халқына Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі
(қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” жолдауын жасады. Осы жолдаудың
мақсаты жас ұрпақтың толқынды денсаулығын қалыптастыру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық
бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене
тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық
шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды
салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек
деген.
Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты
мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.
Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған
адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне
тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды
әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты
туралы сөз еткенде – спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады.
Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық
асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына
шалдығады.
“Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” – деп халқымыз денсаулықтың
адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен теңестіруге
болмайтыны жайлы ескертіп отырған.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық
пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және
республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық
ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты – күш
қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа
құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:
- Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге
ие болуын қамтамасыз ету;
- Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілеттілігін тұрақты арттыру
аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
- Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын
үйрету;
- Оқушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әртүрлі дене
жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;
- Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын
қалыптастыру.
Осы аталған міндетердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты
ұйымдастырудың денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін
арттырудың маңыздылығы оқушылардың дене тәрбиесі, мәдениеті мен спортқа
ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің, маңыздылығы
тұтастай бейнеленген.
Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да
шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір
тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына
қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған
үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен
дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да
толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны
шынықтырудың бірден бір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да
шынықтыруға қажет, оған да жол ашады.
Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі
физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен
шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене
шынықтыру үстінде бұлшықеттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген
организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр
жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан
дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.

І Тарау. Қимыл-қозғалыс ойындарының әдістері
1.1 Қозғалыс ойынының тірек қимыл қозғалысына әсері
Дене тәрбиесін үйрету үшін оқушылардың белсенді қозғалыс қызметі
ерекше және басты орын алмақ. Ол арқылы баланың денесі және психикасы
жетіледі. Осы органикалық бірлікте балалар дене тәрбиесі туралы арнаулы
білімге ие болады
Дене тәрбиесіндегі үйрету- дене және психикалық жағынан жетілдіруге
бағытталған қозғалыс қимылдары және арнаулы білімдер жүйесін беру мен
игерудің ұйымдасқан тәсілі болып табылады.
Қозғалыс қимылдарына үйрету атауы бір қимыл және оған қосарланатын
теориялық түсінік болған жағдайда қолданылады. Себебі ол қимыл және оған
енетін қозғалыстар құрылымын қосып көрсетеді. Ол жағдайда қозғалысқа
үйрету деген кең мағанадағы атауды пайдалануға болады. Нақты кезеңде әр
түрлі атауларды қолдану, жетекшінің педогогикалық міндеттерге топтастыруына
мүмкіндік жасайды.
Қимылға үйрету - білімді бір мезгілде қабылдау, қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру және тиісті дене мүмкіншіліктерін қалыптастыру процесі болмақ.
Бұлардың барлығы бір-біріне жәрдемдеседі, бірақ жеке әдістері мен құралдары
жөнінен бірыңғай емес. Сондықтанда педогогикалық жұмыста бір не өзге
міндеттерді баса көрсетуге жүгінеді.
Әрбір қимылға үйренуде оқушы жаңадан қабылдаған және өзінде бар
бұрынғы біліміне сүйенеді
Дене тәрбиесіндегі білім - бұл дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі
негізіндегі нақтылықтар мен түсініктер және заңдылықтардың белгілі жүйесі.
Білімнің сапасын арттыру мен көлемін кеңейту
оқытудағы саналық қағидасын жүзеге асырудың, баланың танымдық
белсенділігін тәрбиелеудің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Үйренетін қозғалыс қимылын меңгеру шартты үш деңгейге бөлінеді.
Олардың әрқайсысы, оларға жеке атау беруге мүмкіндік беретіндей белгілі
сипаттамаларға ие:
1-деңгей -алғашқы дағды; 2- деңгей -дағды; 3- деңгей -шеберлік
дағдысы(жоғарғы деңгейдегі дағды).
Деңгейлер арасында айырмашылық шекарасы жоқ. Бұл барлық деңгейлердің
негізінде дағдыны қалыптастырудың
біріңғай психофизиологиялық заңдылықтары жатқандылығымен
түсіндіріледі. Негізінде, бастапқы дағды -бұл әлі қалыптасып болмаған
дағды, ал дағды- қалыптасқан дағды, шеберлік бұл қалыптасқан дағдыны
меңгерудің жоғарғы деңгейі.
Қозғалыс дағдысы - жеке қозғалыстарда емес, қимылдың дәрежесіне және
жағдайына назар аудара қимылды орындау қабілеттілігі.
Егер дағды психофизиологиялық категория болса онда орындау -
педогогикалық категория. Қозғалыс қимылдарын меңгерудің барлық деңгейін
істей аламын, жақсы істеймін, өте жақсы істеймін деген сөзбен
бейімдеуге болады. Қимылды орындау қабілеттілігі адамның білімі мен
қозғалыс тәжірбиесі арқылы пайда болады. Мұндай қабілеттілік кенеттен емес,
сол қимылды қайталаудың белгілі бір санынан кейін ғана пайда болады.
Адам денсаулығының кепілі, ауырудың алдын алудың басты буыны
салауатты өмір салты мен дене тәрбиесі болуға тиіс дейміз. Ал дене
тәрбиесінің өзі қарапайым дене қимылдары мен қозғалыстарынан тұратындығы
белгілі. Сол себепті дене тәрбиесінің мамандарына көмекші болар,
әдістемелік құралға негізінен қозғалысқа қатысты материалдар, сондай-ақ
жоғарғы сынып оқушыларын жүгіруге үйрету, кіші допты лақтыру, секірулер мен
лақтыруларды бағалауға байланысты әдістемелік ұсыныстар енгізіліп отыр.
Жаттығушы қозғалыс қимылын үйрене отырып, әдетте оны жетілдіріп
меңгеруге ұмтылады. Жетілдіріп меңгеру күшті аз жұмсап, алға қойылған
мақсатқа жету. Тек қана осы жағдайда үйренген қимылды еңбек, қорғаныс және
спорттық қызметке дайындау үшін табысты пайдаланылмақ. Бірақ өз қимылын
еркін игеру қабілеттілігі оның орындалуында дағды белгілері болса ғана
қалыптасады.
Қалыптасқан дағды жағдайында қимыл құрамына енетін әрбір қозғалыстың
орындалуын қадағалау қажеттілігі керек болмай қалады. Бұл ретте қимылдың
нәтижелеріне көмектесетін жағдайларға және т.б. зейін аудару мүмкіншілік
туындайды. Ойын кезінде футболшы доп соғарда тірейтін аяқты қалай қоюды,
аяқты қалай сілтеуді және соғуды қалай жүгіре асыруды ойламайды. Оның
назары ойын жағдайына толық ауған. Мұндай қозғалыстардың міндетті түрде
саналы орындалуын қадағалау керек.
Дағды өмірлік тәжірбиеден және үйрену нәтижесінен жинақталады.
Арнаулы білімдер негізінде және үздіксіз жаттығу нәтижесінде дененің
қайсыбір бөліктерінің қозғалысын басқару сипаты өзгереді. Қимыл қозғалысын
меңгеру деңгейі үйретудің бірінші кезеңіндегі қимылды орындаудың шектелген
мүмкіншіліктерінен келесі кезеңдегі жетілдірудің шексіз болашағына дейін
біртіндеп артады. Дағдыны жинақтау процесі қозғалыс қимылына үйретудің
әрбір кезеңінің мазмұны дағдыларды қалыптастырудың психофизиологиялық
заңдылықтарын бейнелейтін болса ғана тиімді болмақ.
Балалардың жалпы қозғалыс дайындығы оларда қозғалыстың негізгі
өлшемдерін бағалау қабілеттілігін қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады.
Бұл үшін нақты қозғалыс әрекеттеріне үйрету кезінде арнайы дайындалған
тапсырмаларды пайдаланады. 1-3 сынып оқушыларына үлгі есебінде
төмендегілерді келтірелік.
Саптық және жалпы дамытатын жаттығулар.
1-сынып. Шеңберге, лекке, қатарға сапқа тұру; бір лекпен, көрсетілген
бағытпен айнала қозғалу; алдын-ала белгіленген бастаушылардың артына үш -
төрт лекке қайта сапқа тұру; үш- төрт лектен және алға, берілген қашықтық
пен аралықты анықтай отырып, созылу (0м-ден 2м-ге) біріңғай
психофизиологиялық заңдылықтары жатқандылығымен түсіндіріледі. Негізінде,
бастапқы дағды -бұл әлі қалыптасып болмаған дағды, ал дағды- қалыптасқан
дағды, шеберлік бұл қалыптасқан дағдыны меңгерудің жоғарғы деңгейі.
Қозғалыс дағдысы - жеке қозғалыстарда емес, қимылдың дәрежесіне және
жағдайына назар аудара қимылды орындау қабілеттілігі.
Қозғалыс ойынының тірек қимыл қозғалысына әсері.
Қазіргі талаптарды ескере отырып мектептегі дене тәрбиесі міндеттерін
толық және табысты шешу үшін табиғи ортаны және адамның қозғалыс қызметі
жағдайларын жан-жақты зерттеу қажет болады. Осы мәселенің маңызды
бөліктердің бірі - мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларын
дамытудың педогогикалық аспектілерін зерттеу.
Үйлесімділігі жөнінен күрделі қозғалыстарды адамның орындауы, оларды
басқара отырып, бір қозғалыстан екіншісіне ауысу, қоршаған ортаның
өзгермелі жағдайларына сәйкес жаңа қозғалыс- қимылдарды жылдам жасау
қабілеттілігі - бұлардың бәрі де биологиялық және педогогикалық факторларға
негізделген қозғалыс қызметтерінің қасиеттері
Биологиялық фактор балалар мен жеткіншектердің жас ерекшеліктерімен
байланысты, оның әсері елеулі тұрде олардың қозғалыс қызметтеріне әсер
етеді. Оның биологиялық дамуына қозғалыс анализаторының жетілуі, үлкен
жарты шар қабығындағы және жүйке-ет аппаратының жасқа байланысты
ерекшеліктері (олардың функционалдық мүмкіншіліктері);биологиалық жағынан
кемелденуі
(жыныстық жетілу); акселарация құбылысы; дененің дамуы себепкер
болады. Биологиялық фактордың барлық бөлшектерін физиологтар, гигиена,
морфология саласындағы ғалымдар зерттеуде; біздер, ұстаздар осыларды ескере
отырып, олардың көрініс беруіне сай іс-әрекет жасауымыз қажет.
Алайда, қозғалыстың жетілуі қозғалыс қызметінің белсенділігінің
тәртібімен де (режимімен де) байланысты. Ақырында, қозғалыс қызметтерін
қалыптастыру мен жетілдіру негізгі шарттарды сақтаған жағдайда ғана
педогогикалық әсер ету жолымен шешіледі.
Бірінші шарт - қозғалыс әрекеттеріне үйрету. Оқушылардың қозғалыс
тәжірибесі көп болған сайын, оларда жаңа қозғалыс-қыймыл түрлері
жылдамдырақ қалыптасады. Ақырында негізгі гимнастиканың ойындарын, жүзуді,
шаңғымен жүруді, спорттық жаттығуларды енгізе отырып оқушыларды кең көлемде
бағдарламамен оқыту қозғалыс функцияларының қалыптасуына себепкер болады.
Екінші шарт - дене қасиеттерін дамыту. Олардың дамуы қаншалықты
жоғары болса, қозғалыс дағдылары да соншалықты табысты, нәтижесінде
қозғалыс әрекеттері де қалыптасады 6-7 жастағы балалардың жеке қозғалыс
жылдамдылығына, иілгіштігіне, икемділігіне, бұлшық еттерінің тұрақты
күшіне, 8-10 жастағылардың жылдамдығына, икемділігіне, дене бұлшық
еттерінің тұрақты күшіне, 11-13 жастағылардың күш деңгейі шыдамдылығына, 14-
16 жастағылардың ең жоғарғы күш деңгейі мен шыдамдылығына назар аудара
отырып, барлық дене қасиеттерін бірқалыпты дамыту қажет.
Үшінші шарт (ең маңыздысы) - бұлшық ет күшін жұмсау мен уақыт бойынша
жасалған қозғалысты дәл бағалай білу біліктілігіне үйрету.
Осы шарттарды жүзеге асыру мұғалімнің қызметіне байланысты. Қозғалыс
әрекеттеріне үйрету барысында педогогикалық әсер етудің барлық шарттары
өзара бірігіп іс- әрекет етеді, өйткені қозғалыс функцияларының
көрсеткіштері қозғалыс дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олардың
қайсы бірін елемеу, үйрету барысын кідіртуі немесе күрделілендіруі мүмкін.
Дегенменде үшінші шарттың ерекше орын алатындығын есептен шығаруға
болмайды.
Қозғалыстың дәлділігі мен үйлесімділігі ет сезінуінің жақсы дамуымен
қамтамасыз етіледі. Ол дене жаттығуларының кемегімен арнайы үйреткен
жағдайда ғана жетілдіруге болатын қозғалыс анализаторлары қызметінің
нәтижесі болып табылады.
Қозғалысты басқару мүмкіндігі туралы айта отырып, И. П. Павлов адам
өз қимылының әрбір сәтін сезбейтін болса, онда оларды басқара да алмайды
деп атап көрсетті.
Өз кезегінде П. Ф. Лесгаф та дене мүшелерінің әртүрлі қозғалыстарын
талдау мен оларды өзара салыстыруға мүмкіндік беретін уақыт пен кеңістік
арқылы ғана қабылдаумен балаларды үйретуге болатындылығын сенімді түрде
дәлелдеді. Әрине, қозғалыс қимылдарына оқушыларды табысты түрде үйретудің
басты шарттарының бірі - қозғалыс анализаторының дамуына себепкер болатын
және уақыт, кеңістік пен бұлшық еттердің күш жұмсау дәрежесі бойынша
орындалатын қозғалыстарды басқару біліктілігімен тығыз байланыстағы
қозғалыстарды басқару қабілеттілігін оларда тәрбиелеу керек екендігі
түсінікті. Өкінішке орай, бұл шарттар мектептегі дене тәрбиесі сабақтарында
үнемі сақтала бермейді. Осыған байланысты айтылған шарттардың орындалуына
толық тоқтала кетелік. Қозғалысқа жұмсалған күш, кеңістік пен уақыт бойынша
орындалуды бағалау дәлдігі, осыған арнайы бағытталған қимыл-қозғалыстарды
және жіберілетін қателердің көлемі туралы жедел ақпараттар әдісін қолданған
жағдайда балаларда қалыптасатындығы сынау жолмен белгілі болған. Кеңістік
пен уақыт арасындағы қозғалыс әрекеттерін бағалау біліктілігін қалыптастыру
жалпы заңдылықтарға бағынатындығы да белгілі болып отыр. Сол заңдылықтарға
сәйкес қозғалыс дағдылары қалыптасады және олар қозғалыс әрекетерінің
үйлесімділік күрделілігімен тығыз байланысты. Қимыл-қозғалыстарды орындау
барысында осы біліктіліктер қалыптасады.
Бастапқыда балаларды қарапайым түрдегі қозғалыстың жекелеген
сипаттамаларын айыра білуге үйрету керек, яғни дененің жекелеген
бөліктерімен (қолдармен, кеудемен, аяқтармен) қимылды баяу және шапшаң
екпінде, сосын осы қозғалыстарды отыру түрінде дененің барлық мүшелерін
қатыстыра отырып, бірақ баяу және шапшаң екпінде, аз немесе көп күш жұмсап
орындау қажет. Сипаты бойынша бір-бірінен шапшаң айырылатын қозғалыстар
айырмашылығы аз, ұқсас қозғалыстарға қарағанда есте жеңіл сақталады. Осы
сипаттағы қозғалыс тапсырмалары 6-7 жастардағы балаларға оңтайлы. Олар
салыстырмалы түрде баяу жүріс пен жүгірісті жылдам жүріс пен жүгірістен,
доптың қашық не жақын лақтырылғандығын, баяу жасалған қозғалысты жылдам
орындалған қозғалыстан жеңіл айыра біледі.
Бірінші сыныптағылар бірнеше сабақтардан кейін-ақ дененің жеке
мүшелерімен қозғалысты орындауға ғана емес және дененің кеңістіктегі қалпын
(жағдайын) бағалай білуге де (берілген қалыпта қайта көрсетуге де)
қабілетті, кіші допты лақтырудағы лақтыру қашықтығын сондай-ақ үлкен допты
4-5м дейінгі лақтыруды жеткілікті дәл айыра алады, бір метрге дейінгі
белгіленген қашықтыққа орнынан ұзындыққа қарғуды да жақсы анықтайды, жүріс
пен жүгіріс кезіндегі адымның қысқа, орта және ұзын екендігін де айыра
алады. Бұдан бөтен де жүру мен жүгірудің баяу, орта және жылдам екпінінде
қимылды орындауға үйренеді.
2- сынып оқушылары берілген қашықтықты және саптағы жаттығуларды
орындау кезінде бір метрден екі метрге дейінгі аралықты анықтай білуге, 50
см-ден бір метрге дейінгі ұзындыққа секіруді, бағыт-белгі бойынша анықтауға
қабілетті, содай-ақ берілген секіру тапсырмаларының 50 процентін орындай
алады, берілген қашықтыққа кіші допты лақтыру қашықтығын жақсы анықтайды,
бір мезгілде қарқын жасай отырып, жүгіру екпінін өзгертуге қабілетті. Қол,
аяқ және кеудемен қимыл-қозғалыстарды орындағанда белгілі бір уақыт ішінде
кеңістікте қозғалысты дәл орындауға да қабілеттері жетеді. Екінші
сыныптағылар барынша және жартылай күш жұмсап секіру мен үлкен доптарды
лақтыру кезінде тапсырманы орындауға қабілетті. Заттардың көлемін көру
арқылы бағалау жолымен заттар мен қашықтықтың өлшемін (көлемін) анықтауға
берілетін тапсырмалар да тиімді болмақ. Бағалардың дәлдігі туралы
ақпараттарды балалар өздерінің тексеруі (өлшеуі) арқылы алу керек.
3 сыныпта әр түрлі қозғалыс тапсырмаларын орындауда кеңістікті,
уақытты және күш жұмсаудың сипаттамаларын бағалау біліктілігін қалыптастыру
жөніндегі жұмыстар осы тапсырмаларды күрделендіру жолымен жалғасуы керек.
Бұдан бөтенде, кеңістіктік, уақыттық және күш жұмсау сипаттамаларын
бөлшектеуге жаңа тапсырмалар енгізіледі. Ондай тапсырмалардың үлгісі
төмендегідей болуы мүмкін: үш-төрт рет қайталауда секіру ұзындығына азғана
қашықтық қосу, мұғалімнің тапсырмасы бойынша адымның ұзындығы мен жүгіру
екпінін өзгерту, бір орында жүгіргенде уақытты азайту, 3 сынып оқушылары
орнынан секіруді орындағанда ет күшін жұмсау дәрежесін бағалауға қабілетті-
өлшеп, белгіленген қашықтыққа секіру немесе нығыздалған допты көзді жұмып
(байлап) лақтыру, сезінуі бойынша нығыздалған доптар мен өзге де заттардың
салмағын анықтау.
Өз жетістіктерін бағалай білу біліктілігін үйренген оқушылар әр түрлі
қозғалыс әрекеттерін жеңіл меңгереді, қимылдарды салыстыра алады, қозғалыс
әрекеттерінің ұқсастығы мен әр түрлілігін анықтай алады.
Қозғалыстың негізгі сипаттамарын бөлшектеп қарастыру біліктілігіне
үйретуді дербес міндеттер есебінде, жалпы қимыл-қозғалыс дайындығы есебінде
қарастыру керек. Бұл, козғалыстың жекелеген сипаттамаларын бағалау
қаблеттілігі жекелеген дене қасиеттерінің даму деңгейіне қатыссыз
екендігіне негізделгендігін көрсетеді. Мысалы, оқушының күші жақсы жетілген
болып, бірақ оны басқару қабілетіне ие болмаса да, дене қасиетін меңгерген
болып есептеледі. Қозғалыстың жекелеген өлшемдерін (күш, шапшаңдылық,
кеңістіктегі дәлдік) бағалау қабілетілігі өзге қабілеттерге ауыспайды, яғни
оқушы қозғалыс шапшаңдығын жақсы бағалай алуы мүмкін де, кеңістіктегі
дәлдікті нашар бағалауы мүмкін. Қозғалыстың негізгі өлшемдерін бағалай білу
қабілеттілігі дене дамуы мен дене дайындығы денгейіне қатыссыз. Бұл
ережелер дербес міндеттер есебінде салыстырмалы түрде жалпы қозғалыс
дайындығын арнайы айырып қарастыру (жоспарлау) қажеттігіне дәлел болады.
Бұлар уақыт бойынша, кеңістікте және ет күшінің жұмсалу дәрежесі бойынша
негізгі қозғалыс өлшемдерін бағалау қабілетін қалыптастру жолымен шешіледі.
Қандай да болсын дене жаттығулары мен жаттығулардың кез-келген тобын
үйрету төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:
1. Оқушылардың белсенді қозғалыс қызметі оқу материалын меңгерудің
қажетті шарты. Баланың дене жаттығуларын үйренуі өзінде бар психикалық және
дене күшін жұмсауды талап ететін оқу-еңбек қызметі.
Жұмысқа қабілеттілік бірнеше факторларға байланысты:
тұқымқуалаушылық, өмірде жинақталған және нақты жағдайларға бейімделу
қызметінің тәсілдері. Олар көбірек дамыған сайын адам жоғары жұмыс
қабілеттілігін көрсете алады. Жай уақытта адам өзінің жалпы жұмыс
қабілеттілігінің белгілі бір бөлігін пайдаланады. Қор деп аталатын басқа
белгі ең жоғары талаптар қоятын жағдайларда ғана іске қосылуы мүмкін.
Кездейсоқ жағдай жұмыс қабілеттілігі қорын көрсетуді арттырып қана қоймай,
адам қабілеттілігін ең жоғары денгейде дамытады. Өз кезегінде мұндай
қабілеттілікті дамыту әр түрлі жағдайларға байланысты. Қимылды үйретуге
қолданылатын қолайлы жағдайлар үйрету әдісін жетілдіргенде көрінеді.
2. Қозғалыс дағдылары жүйесін қалыптастру. Тек қана қимыл жүйесі
оқушылардың дене дайындығының сипатын анықтайды. Бірақ жүйелер түрлерінің
көп болуы нәтижесінде, олар дене тәрбиесінің бағытына және оның нақты
міндеттеріне байланысты іріктеліп алынуы керек.
Бұл жүйелерді анықтау тәсілдері бір не өзге қимылдарды пайдаланудың
көп жылдық тәжірибесімен, олардың теориялық және тәжірибелік негізіне
сүйенеді. Мысалы, мектеп бағдарламасы үшін дене жаттығулары жүйесін жасауда
қолданбалылық принциптеріне сүйене отырып, өмірлік тәжірбиемен ең тығыз
байланыста болған қимылдар ғана іріктеліп алынады. Ол жүйе тәжірибеде
ыңғайлы болуы үшін бірін-бірі қайталайтын немесе екінші кезектегі қимылдар
қолданылады.
3. Қозғалыс қимылдарына үйрету дене мүмкіндіктерін қалыптастырумен
өзара байланысты. Екі процестің өзара шарттылығы үш бағытта көрінеді:
кейбір қозғалыс қимылдарына үйретуді дене мүмкіндіктерінің тиісті
деңгейінсіз жүзеге асыру мүмкін емес (мысалы, өрмелеуге үйрету қолдың
жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді);
Қозғалыс дағдыларының қалыптасуы дене мүшелерінің тиісті деңгейінің
бір мезгілде артуымен қоса жүреді (мысалы, кіші допты лақтыруға үйрету күш,
шапшаңдық мүмкіндігінің өсуімен қоса жүреді); қалыптасқан дағдының
нәтижелілігі арнайы мүмкіндіктер деңгейіне байланысты, ал ол өз кезегінде
өзге мүмкіндіктердің деңгейіне тәуелді (мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіруге
үйреткенде шапшаңдық мүмкіндіктері дамытылады, бірақ олардың дамуы күш пен
шыдамдылықтың қолайлы деңгейі жағдайына тиімді болады).
4. Қимылға үйрету нәтижелігі дене туралы білімнің қол жеткен
деңгейімен ғана емес, дене дамуының жинақталған деңгейімен де анықталады.
Білім жүйелерін және қимылды меңгерудің дұрыс ұйымдастырған педогогикалық
жұмыстары дененің даму көрсеткіштерінің артуымен де қоса жүруі керек.

1.2 Қозғалыс ойынының дене тәрбиесіндегі маңызы
Кезеңмен үйрету, оның ішінде өзара байланысты қозғалыс қимылын
меңгеру ісі ұзақ уақытты алады. Қимылды игерудің белгілі бір деңгейімен
сипатталатын әрбір кезеңі төмендегілермен түсіндіріледі: орындай алмайтын
дәрежеден оларды толық меңгеруге дейін. Нәтижесінде, үйретудің әрбір кезеңі
өз белгілеріне ие болады, соған сәйкес жеке міндеттер қоюға және тиісті
құралдарды, әдістерді және жаттығуды ұйымдастыру түрін іріктеп алуға тура
келеді,
Үйрету кезеңін қозғалыс дағдысының фазасымен араластыруға болмайды.
Фазалар - бұл қозғалыс дағдыларының қалыптасуының биологиялық
заңдылықтарының шартты бейнеленуі. Кезеңдер-педогогикалық және
психофизиологиялық заңдылықтарды бейнелейтін педогогикалық істің шартты
түрде бөлінуі.
Үйрету құрылымын өзгеріссіз болады деп қарастыруға болмайды. Бұл
үйретудің жалпы заңдылықтарын бейнелейтін кезеңдер бөліктерінің арасындағы
типтік қатынастар ғана. Мұндай қатынастар үйретудің нақты міндеттеріне
байланысты өзгеруі мүмкін. Егер қозғалыс қимылдарын орындаудың үлгі
есебінде бекітілген түрін жеткізу педогогикалық тұрғыдан қажетсіз болса,
онда кезеңдердің саны да азаюы мүмкін. Кей реттерде кезеңдердің кезектесуі
де өзгереді. Ал проблемалық оқыту қолданылған жағдайда оқушы мұғалімнен
қажетті хабарларды алмай-ақ дене жаттығуларын орындау ретімен өзінің білімі
мен қозғалыс тәжірибесін жинақтай отырып қойылған міндеттерді шешеді
(осында оқытудың алғашқы екі кезеңі орындарын алмастырады). Кезеңдердің
ұзақтығы әр түрлі болуы мүмкін: оқушының дайындық деңгейіне, қимыл
күрделілігіне, үйретудің ақырғы міндеттеріне және т.б. байланысты. Мысалы,
спорттық секциядағы жаттығуға қарағанда, мектептегі сабақтардың уақыты
қысқа болады, оның ішінде ең үлкен айырмашылық үйретудің соңғы кезеңінде
болады (спортшы жылдар бойы қозғалыс қимылын жетілдіреді).
Алғашқы кезеңдегі дайындық уақыты аз, ал соңғы оқыту кезеңі ұзақ
болады (қимылды бастапқы таныстыру бірнеше минутке созылуы мүмкін, ал
жетілдіру- бірнеше сабақтар бойына созылады). Қозғалыс қимылына үйретудің
тұтас процесін осындай кезеңдерге бөлу шарт. Олардың шекарасын да бөлуге
болады (бүгін бір кезең аяқталды делік, ал келесі сабақта басқасы
басталады). Бөлу шартты және қажетті: әрбір кезеңнің ерекшеліктерін білмей,
дағдыны қалыптастыратын қозғалыс қимылдарына үйретудің барлық ретіне түсіну
мүмкін емес.
Үйрету құрылымы - бұл жеке қимылға үйрету кезеңі, бірақ сабақтың
мазмұнын құрайтын қимылға үйрету кезеңі емес екендігін ұмытпаған жөн.
Нәтижесінде, қозғалыс-қимылдар сабағы - үйрету құралымына қанша рет
жоспарлаған болса, мұғалім әрбір сабақта үйрету құрылымының көмегіне сонша
рет сүйенеді. Үйретудің бірінші кезеңі бір құрылымдарға қолданылса,
басқалар үшін - соңғы кезеңі қолданылады. Кез-келген қимылға, тіпті
қарапайым қимылға үйреткенде де тиісті дағдыларды қалыптастыру қажеттілігі
туындайды.
Үйрету кезеңдерінің аралығында, олардың әрқайсысының айырмашылықтары
жағдайында мұғалім мен оқушылар үйренетін қозғалыс қимылдарын талдайды,
орындалуын бағалайды және қателерді түзетеді.
ҚОЗҒАЛЫС ҚИМЫЛДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУ КЕЗЕҢІ
үйретудің бірінші кезеңін таныстыру кезеңі деп атауға болады. Себебі
оның басты міндеті оқушылардың қозғалыс қимылын дұрыс орындау үшін қажетті
көзқарастарын қалыптастыру және олардың қимылды саналы және белсенді
меңгеруін ояту болып табылады.
Оқушыға үйрету оқу міндеттерін түсіндіруден және оны шешудің
ережелері мен тәсілдері туралы түсініктерді алдын-ала қалыптастырудан
басталады. Қозғалыс қимылдары туралы түсініктерді қалыптастыру - дене
тәрбиесіндегі үйретуге тән ерекшеліктердің бірі. Түсінік -қозғалыс
қимылдарының көрнектілігі арқылы оқушылардың өз біліміне, дағдысына сүйене
отырып, оның есту, көру және сезуі негізінде пайда болады.
Оқушы қимылдың маңызы мен мақсатын тереңірек түсінген сайын оны
дәлірек орындайды.
Түсініктің қалыптасу барысы өзара байланысты үш буынға бөлінеді: 1)
үйретудің міндеттерін түсіну, 2) оны шешу жобасын қарастыру, 3) қозғалыс
қимылын орындауға ұмтылыс. Көрсетілген буындарды осындай кезекке
орналастыру олардың үлгілік реттілігін көрсетеді. Нақты педогогикалық
жағдайға байланысты (мысалы, дене және теориялық дайындықтың жоғары
деңгейі) буындардың кезегі өзгеруі мүмкін (мысалы, қозғалыс сезімі мен ақыл-
ой қызметін жинақтау үшін міндетті шешу жобасы қимылды орындаудағы бірінші
ұмтылыстарға сүйенетін болады).
Оқыту міндеттерін түсіну - берілген қозғалыс қимылдарын оқушы
үйренуге арналған сабақтардағы міндеттерді (мысалы, кіші допты бір орында
тұрып лақтыру) және осы сабақ міндеттерін түсінуден(мысалы керілген садақ
жағдайын қабылдауға үйрету) құралады. Оқушылар техника негізін және
үйренетін қимылдың жетекші қозғалыстарын түсінуі керек. Үйретудің келесі
кезеңдерінде техникалық бөліктері танылады.
Үйрету міндеттерін шешу жобасын мұғалім ұсыныстары негізінде оқушы
жасайды (мұғалім түсіндіреді, көрсетеді т.б.).
Қозғалыс қимылын байқап көру - аталған қимылды таныстыру кезеңі
болады. Ол қайсыбір қимылға үйрету үшін үлкен көлемдегі арнайы қызметті
орындайды. Байқап көру- бір жағынан, көрнекі түрде сезіну арқылы алда
үйренетін нәрсе туралы түсініктер көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді,
екінші жағынан, байқап көруде оқытудың осы кезеңіндегі басты қиындықтарды
жеңуге болады. Көрген, естіген және түсінгендерін оқушы өзінің
қозғалыстарында жүзеге асыруға тырысады. Нәтижесінде, міндеттердің қозғалыс
мақсаттарын, оның басты бағыттарын ұғынып, орындау тәсілдері мен бақылауды
еркін сезіне бастайды. Байқап көру - үйренетін қимылдың күрделілігі мен
жарақат алу қаупі дәрежесіне байланысты түрліше жүзеге асырылады. Жаттығу
өте қарапайым болғанда, байқап көру қозғалыс қимылын тұтастай орындауды
қажет етеді. Осылайша үйренетін қимыл туралы жалпы түсінік қалыптасады,
міндетті шешу жобасының дұрыстығы тексеріледі. Егер байқап көру табысты
болса, немесе қимыл негізінде дұрыс орындалса, онда әрі қарай үйренуді
тұтастай үйрену әдісімен жүзеге асырған тиімді. Күрделі қозғалыс қимылдарын
үйренуде тұтастай байқап көру қауіпті болса, оқушы бөліктер бойынша байқап
көруді қолданады. Бұл үшін техника негізін құрайтын жетекші жаттығуларды
таңдайды.
КОЗҒАЛЫС ҚИМЫЛЫН БАСТАПҚЫ ҮЙРЕТУ КЕЗЕҢІ
Бұл кезеңнің басты міндеті - жаттығулар арқылы техника негізіне және
жетекші қозғалыстарға үйрету. Мұндай міндеттерді орындау үшін: біріншіден,
қозғалысты орындауда артық күш жұмсауды жою; екіншіден, керексіз
қозғалыстардың пайда болатынын ескерту және оны жою; үшіншіден, қозғалыс
қимылының жалпы реттілігіне қол жеткізу қажет.
Бұл кезеңде үйрету әдістерінің барлық топтары кең пайданалынады.
Мұғалім сөзді қолдану әдісін де (түсіндіру, тапсырма, нұсқау, командалар
беру), көрнекі қабылдау әдісін де (көрсету, плакаттар) қолданады, алайда
практикалық әдістер: бөліктер бойынша және тұтастай үйрену әдістері негізгі
орын алады.
Қозғалысты оқушының орындау сипаты әр түрлі жүйке орталықтарына
қозудың таралуына және ішкі тежелудің даму жеткіліксіздігіне негізделген.
Бұл сыртқы түрде қозғалыстардың пайда болуымен қатар жүретін қозғалыс
қимылдарының жалпы жобасын ғана жасайтын қаблеттілік немесе артық күш
жұмсап (қозғалыстағы қысылып -қымтырылу) ырғақты дұрыс орындамаса да.
қажетті қозғалысты орындаудан көрінеді. Бұл жағдайда қимылды орындау
барысында оқушының назары әрбір қозғалысты бақылауға бағытталады.
Нәтижесінде, ол өзінің санасын қозғалысты орындауға жәрдемдесетін
жағдайларды бағалауға бағыттай алмайды. Артық күш жұмсап және тез шаршайтын
жағдайда да жұмыс атқарылады.
Үйрету әдісін анықтағанда , оқушы өзінің қозғалыстарына бақылауды көп
жағдайда көру арқылы жүзеге асыратынын есте ұстау керек - қозғалыс кезінде
пайда болатын бұлшық еттер сезінуінің өзі, толық мағынасында талдау жасай
алмайды(салыстыру, айыру, бағалау).Сондықтан бір жағынан, көру және есту
бағдары үшін әдістемелік тәсілдерді екінші жағынан - бұлшық еттердің
сезінуі мен талдау қабілеттілігін әрқашан дамыту қажет.
Қозғалыс міндеттерін шешу әдістері әлі тұрақты емес және салыстыру
жолымен оны шешу үшін жеке қозғалыстарды тұтас қимылға біріктіру үшін
баланың көп ізденуі керек.
Қозғалыс қимылының қабілеттілігін үйрену, білу іскерлік қозғалыс
тәжірибесінен және жаңа қимылды бірнеше рет қайталау негізінде пайда болады
да, оқушы назарын әрбір орындалатын қозғалысқа аудару жағдайында жүзеге
асырылады. Сол себепті де ондай үйренуді бастапқы деп өте жиі айтады.
Сөйтіп, оларды даналық жағынан өте жоғары реттегі үйрену деп - жоғары
реттегі үйренуден немесе шебер үйренуден айырып отырады. Бала спорт
секциясында жаттықпаса да жүгіре алады, ал жүгіруден рекорд жасаушыны да
жүгіре алады деп атайды. Осы екі үйренудің арасында көп жылдық жаттығу жолы
жатыр. Бастапқы үйрену дағдының алдында келеді, ал шебер үйрену қалыптасқан
дағды мен өте кең білім негізінде пайда болады. Соңғы үйренудің кең
көлемдегі сипаттамасы үйретудің төртінші кезеңінде айтылады. Қимылды
меңгерудің бірінші деңгейінде бастапқы үйренуді ешбір жаттығушы аттап өте
алмайды. Шындығында, дағдыға ету үшін бұл ету деңгейінің ұзақтығы әр түрлі
және оқушы қабілеттілігіне, үйрету әдісіне, қимылдың күрделілігіне және
басқа себептерге байланысты. Дидактикалық қағидаларды сақтай отырып, дене
жаттығуларын үздіксіз орындау бірте-бірте қимылды ең дұрыс орындауға
әкеледі. Физиологиялық жағынан бұл жүйке орталығында қозудың өте артық
таралуы, тежеу процесінің дамуымен шектеле бастайды. Көру мен естуге ғана
емес, атқарылатын қозғалысты бақылауда өзінің ет сезінуімен бағдарлау
қабілеттілігі артады. И.Г.Павловтың айтуынша шартты рефлекстер тетігі
бойынша жинақталатын, шапшаң бейімделетін нерв процестері қалыптаса
бастайды. Осының нәтижесінде артық қозғалыстар жоқ болады, ал қажетті
қозғалыстар қолайлы күшпен тиімді ырғақпен және т.б. орындалады. Қимылды
орындаушының қорқыныш орнына бірте-бірте сенімділігі артып, орындау тәсілін
жақсы түсіне бастайды.
Нәтижесінде, үйретудің осы кезеңі қозғалыс қимылының негізгі түрін
меңгерумен аяқталады, оның орындалуы дағдының кейбір белгілерімен
сипатталады. Алайда, әлі де қимылдың орындалу тұрақсыздығы, әр түрлі
факторлардың әсерімен тез бұзылуы да сақталады. Оқушының сезімі, күйзелісі
жағдайында қозғалыс қателерінің пайда болуы да бұған мысал болады. Егер
баланың көңіл күйі болмаса, онда қимылды орындау бейімділігі тез
төмендейді. Міне, сондықтан да жақсы дайындалған баскетболшының өзі айып
добын түсіре алмайтын жағдайлар кездеседі. Сондықтан сабақтың дайындық
бөлімінде оқу материалын меңгеру үшін жағымды жағдай жасау қажет. Үйретудің
екінші кезеңінде қозғалыс қателерін ескерту және түзетуді қарастырған
маңызды. Соңғы есепте бұған үйретудің барлық табыстары тәуелді. Қимылды
меңгеру екі жақты жүруі мүмкін: қатесіз және қателердің пайда болуы.
Үйретудің негізінде қимылды меңгеру қатесіз болуы керек, кез келген
қате қауіпті, егер жеке міндеттер орындалып келесісін шешуге кірісетін
болса ғана қателерден құтылуға болады деген пікір бар.
Қателердің пайда болуы үйрету барысын тығырыққа тіремеуі керек.
Қателер арқылы оқушы қозғалыс міндеттерін шешуге ұмтылуы қажет. Бейнелеп
айтқанда қателіктер пайдалы болсын. Орындау техникасын жекелеуде қателер
ерекше байқалады. Оқыту ісінде қатенің пайда болуын жоққа шығара алмаймыз.
Мұнда әрбір қатені байқап көру-ізденістің көзі. Ал кез келген ізденіс
қатесіз болмайды. Қателерге: дұрыс емес қозғалыстарды және қозғалыс
-қимылын игеру барысында тиімділігі аз болатын қозғалыстың түрлерін
жатқызуға болады. Сөйтіп, бірінші жағдайда бұл нағыз қате, ал екінші
жағдайда- әрі қарай жақсартуды ғана талап ететін оқушының өсіп келе жатқан
мүмкіндігіне әсер етпейтіндей қозғалыс. Қателіктердің мынадай
айырмашылықтарын байқауға болады:
1. Нақты қозғалыс қимылындағы қателер (мысалы ілгері еңкейгенде
тізенің бүгілуі) және жалпы қателер (дамытатын жаттығуларды орындағандағы
тұлғаның сәйкессіздігі). Мұғалім жалпы сипаттағы қателерді ғана түзетсе,
нәтижеге жете алмайды.
2. Жеке және тұтас қателер. Жеке қателер сирек кездеседі, болған
жағдайдың өзінде, үйретудің алғашқы кезеңінде байқалады. Өте ірі қателер
болмаса, ондай қателер үйретуде кедергі бола алмайды. Қозғалыс қимылын
құрастыратын әрекеттер өзара байланыста және бір қатенің пайда болуы өзінен
кейін екінші қатені әкелетіндіктен де тұтас қателер жиі байқалады.
3. Дағдыға айналған және дағдыға айналмаған қателер. Бірінші қателер
қимылды игеру барысында бәрінен де жиі байқалады. Дұрыс үйрету әдісін
қолданғанда, оларды жою көп қиыншылық туғызбайды, олардың көпшілігі өзінен
өзі жойылып кетеді. Дағдыға айналған қателер дұрыс емес қимылды көп
қайталау нәтижесінде туындайды. Онда қателер тұрақты сипатқа ие болады да,
үлкен қиындықпен түзетіледі. Дағдыға айналған қатені түзетуде оқуды қимылды
дұрыс орындауға тырысса да қозғалыста ыңғайсыздықты сезінеді. Дегенмен
ондай ынғайсыздықты жеңуге болады. Үйреншікті қимыл дұрыс не бұрыс болса да
оған ыңғайлылықты сезіну тән.
4. Елеулі (ірі) және елеусіз (ұсақ) қателер. Қозғалыс қимылы
техникасының негізін бұрмалайтын қателер ір қателер деп есептеледі. Олар
бәрінен бұрын үйретуте кедергі келтіретіндіктен, ондай қателерді тезірек
жою керек. Ұсақ қателер қимылдың жеке бөліктеріне тән. Егер олар
қайталанбайтын жағдайда, онай қателерге жеңілдікпен қарауға болады. Елеусіз
қателердің өзі дағдыға айналса техниканы жетілдіруге кедергі келтіреді.
5. Ұқсас және ұқсамайтын қателер. Жиі кездесетін кейбір қозғалыс
қателері жалпы ұқсас сипатқа ие жоғарыда келтірілген санақтағы қателер
ұқсас болуы мүмкін. Ондай қателердің туындауын алдын ала анықтауға болады.
Мысалы, балалар қысқа қашықтыққа жүгіргенде төмендегідей ұқсас қателер
болады:
Сөреде - жамбастың (бөксенің) жоғары көтерілуі, қашықтықта жүгіруде
кеуденің өте-мөте ілгері қарай еңкеюі және басқалары.
Қателерді, олардың себептерін жеңіл анықтауға болады қателердің пайда
болу себебі: принцптердің бұзылуынан үйрету - ұйымдастыру ережелерінің
бұзылуынан болады деп жалпы түрде айтуға болады. Олардың ішінде, әсіресе
ұқсас болатындығы төмендегідей себептерден болады: 1) үйрету міндеттерін
оқушылардың дұрыс түсінбеуі; 2) міндеттерді шешу жобасының дұрыс жетілмеуі
және дене сезінуіне онын сәйкес келмеуі; 3) жалпы дене дайындығының
жеткіліксіздігі; 4) өз күшіне сенбеушілік, шешімділіктің болмауы; 5) бұрын
үйренген қимылдың жағымсыз әсері; 6) мезгілсіз шаршауға әкелетін, сабақты
ұйымдастыру талаптарының бұзылуы; 7) жаттығу орнының, спорттық құрал
жабдықтардың педогогикапық талаптарға сәйкес келмеуі.
Қателіктердің пайда болу себебін білу олардың пайда болуын ескертетін
шараларды қарастыруға мүмкіндік береді. Қателердің алдын алу шаралары:
1. Жаттығудың жалпы міндеттерін оқушылардың дұрыс түсіне білуіне көз
жеткізе білу керек олардың назарын мүмкін болатын қиындықтарды шешуге
аудару Мысалы биіктікке секіруге үйретуде алынатын биіктікке емес, орындау
техникасына назар аудару қажет.
2. Үйренетін қозғалыс қимылын орындау техникасын оқушылардың дұрыс
түсінгендігін анықтау.
3. Үйрену үшін қолайлы оқу материалын ұсыну. Оқушылар күшіне сәйкес
келмейтін жаттығуларды бере отырып, мұғалім қателердің пайда болу себебіне
кездерін жеткізеді.
4. Оқушылардың қате жібермеуге деген ұмтылысын тудыру, жаттығуды
нақты орындауын талап ету керек. Қимылды орындаудағы бірінші ұмтылыстарға
кеп назар аудару талап етіледі. Бірінші ұмтылыс табысты, не табыссыз болса
да есте ұзақ сақталады.
5. Қозғалыс шапшаңдығы мен дұрыс орындау арасындағы ең жағымды
қатынастарды сақтау. Егер қозғалыс шапшаңдығы жаттығулардағы олардың
дәлдігіне бағындырылса, әуелі қозғалыстың дұрыс орындалуына қол жеткізу
керек. Содан кейін ғана, оларды меңгеруіне қарай қозғалыс талап ететін
шапшаңдыққа ауысу керек. Алайда, салмақтың елеулі екпіні шапшаңдықты
арттыратын болса, бұл талап қолдалынбайды. Асылу мен тірелістегі айналу
жаттығалары суға секіру және соған ұқсас жаттығулар жай орындалуы мүмкін
емес. Егер міндет жоғары шапшаңдықты дамытуға тірелсе, онда бұл шапшаңдық
сақталатын кезеңнен тыс уақыттар ішінде қимылды орындауға болмайды. Егер
дәлдік пен шапшаңдық бірдей маңызды болса, қозғалыс үйлесімдігі бұзылмайтын
жағдайдағы шапшаңдықпен қозғалысты орындау тиімді. Жай және шапшаң
қозғалыстың өз құрылымы бар.
6 Жаттығушыларда қимыл туралы бұрыс түсінік қалыптаспауы үшін тиімсіз
ұмтылыстан (орындаудан) кейін жаттығуларды бірден аяқтауға болмайды. Үйрену
табысты келе жатыр, белгілі нәтижеге жеттік деген оймен ғана оқушылар
жаттығуды аяқтауы керек. Егер бұл қате қайта-қайта қайталанса, онда
үйренуді тоқтатқан дұрыс, өйткені көп қайталанған қате дағдыға айналады.
Қателердің пайда болу себебін біле отырып, оларды түзеудің ең тиімді
шараларын анықтауға болады. Дағдыға айналған қателер дұрыс емес қимылды көп
қайталау нәтижесінде туындайды. Ондай қателер тұрақты сипатқа ие болады да,
үлкен қиындықпен түзетіледі. Дағдыға айналған қатені түзетуде оқушы қимылды
дұрыс орындауға тырысса да қозғалыста ыңғайсыздықты сезінеді. Дегенмен
ондай ынғайсыздықты жеңуге болады. Үйреншікті қимыл дұрыс не бұрыс болса да
оған ыңғайлылықты сезіну тән.
4. Елеулі (ірі) және елеусіз (ұсақ) қателер. Қозғалыс қимылы
техникасының негізін бұрмалайтын қателер ірі қателер деп есептеледі. Олар
бәрінен бұрын үйретуте кедергі келтіретіндіктен, ондай қателерді тезірек
жою керек. Ұсақ қателер қимылдың жеке бөліктеріне тән. Егер олар
қайталанбайтын жағдайда, оңай қателерге жеңілдікпен қарауға болады. Елеусіз
қателердің өзі дағдыға айналса техниканы жетілдіруге кедергі келтіреді.
5. Ұқсас және ұқсамайтын қателер. Жиі кездесетін кейбір қозғалыс
қателері жалпы ұқсас сипатқа ие. Жоғарыда келтірілген санақтағы қателер
ұқсас болуы мүмкін. Ондай қателердің туындауын алдын ала анықтауға болады.
Бақылай білу - бұл бәрінен бұрын көргенді бағалай және таңдай білу.
Оқушылардың да талдап және бағалай білгені жен. Мұғалім оқушылар қимылын
талдап бағаласа, ал оқушы да өз қимылын талдап бағалайды. Дене жаттығуларын
орындай отырып, оқушы өзінің табыстары мен кемшіліктерін көреді, бұған
қимылдың сапасы, оның соңғы нәтижесі төреші болады. Алайда, барлық уақытта
нақты талдаусыз жетістіктер мен кемшіліктердің себептері анық бола
бермейді. Сол себепті қателіктер мен жетістіктерді айыра білуге мұғалім
оқушыларды үйретуге міндетті. Өзін-өзі талдауды дамытудың бір шарасы
-қимылды өзара бағалау (бір-бірінің қатесін түзету, жарыстарға терешілік
ету, нәтижені ұжым болып талқылау және т.б.)
Қатені түзетудің түрлері жеткілікті. Олардың ішінде ең көп таралғаны
төмендегілер:
1. Қателердің бәрін бірдей түзетуге болмайды, олардың маңыздылығына
байланысты біртіндеп түзеткен жөн. Қозғалыс қателері тізбек принципі
бойынша жиі құрылады. Себеп - салдарды құрай отырып, бір қате екінші қатені
тудырады. Мысалы, бұлшық еттің жиырылуындағы қателер езге қателердің пайда
болуына әкеп соғады. Түзетуді ең маңызды қатеден бастау қажет. Себебі одан
екінші дәрежелі қателердің пайда болуы мүмкін. Мысалы, соңғы "" күш
жұмсаудағы қателіктер, әдетте соңғы қозғалыстардағы қателерден емес, тұтас
қозғалыс әрекеттері аралықтарының үйлесімді жұмысына байланысты. Анықталған
қате алдыңғы қозғалысты дұрыс орындамағанның нәтижесі екендігін естен
шығармау керек. Техника негіздерін бұзатын қателер ең маңызды қателерге
жатады. Негізгі қатенің түзетілуі екінші дәрежелі қатені де өзін - өзі
түзететін мүмкіндігін қарастыра отырып, соңғысының дағдыға айналуынан
сақтану қажет.
2 Мұғалімнің қатені түзету туралы нұсқауы оқушылар мүмкіндігіне,
жасына сәйкес келгені дұрыс.
3 Бұрын болып кейін жоғалған қателердің кенеттен айта пайда болуы,
сол қатені түзетуге көмектескен жетекші жаттығуларды күнделікті пайдалануды
талап етеді. Жаңа қимылды күрделі жағдайларда орындауда, қателердің бұлай
ауысуы өте жиі байқалады.
4. Оқушы жіберген қателерді бұрмалап көрсету қажетсіз. Қатені түзету
тәсілдері қателерді тудыратын ең әуелі себептерге қарсы бағытталуы керек.
Ондай тәсілдерге:өткен оқу материалдарын қайталау, жетекші және дайындық
жаттығуларын пайдалану, дұрыс орындауға ұмтылдыратындай орындау жағдайын
өзгерту (мысалы, адымдардың арасы дұрыс болмаған жағдайда жүгіретін жерді
қайта өлшеу) түрлері жатады.
Қозғалыс қателерінің мәселесі үйретудің келесі кезеңдерінде өз
маңызын жоймайды.
ҚАБЫЛДАНҒАН БАСТАПҚЫ БІЛІМДІ БЕКІТУ КЕЗЕҢІ
Сабақтың үшінші кезеңі - қозғалыс қимылын орындауда қабылданған
бастапқы білімді бекіту кезеңі болып табылады, Оның басты міндеті -
қозғалыс дағдысын қалыптастыру және әртүрлі жағдайда оны пайдалану
біліктілігін қалыптастыру үшін негіз жасау. Үйретудің бұл кезеңінде
орындаудың тұрақты жағдайлары үшін бұрын бар бастапқы білімді қозғалыс
дағдысына айналдыруға мүмкіндік беретіндей білім және қозғалыс тәжірибесін
оқушы қабылдауы керек.
Үйретудің үшінші кезеңінде әдістердің барлық жиынтығы қолданылады,
алайда тұтастай үйрену әдісі жетекші маңызға, кейін ойындық және жарыстың
әдістер келесі маңызға ие болады. Көру және есту бағыттарын пайдаланудың
әдістемелік тәсілдерінің көлемі бір мезгілде азаяды, бірақ қозғалыс
сезімінің ролі артады.
Оқушы оларға назар аудармай-ақ, қимылға енетін жеке қозғалысты
орындауды үйрену керек. Қозғалысты бұлай орындау мүмкіншілігі олардың
дағдыландырылуымен түсіндіріледі. Қозғалысты дағдылы түрде орындау, үйрену
өмірлік тәжірибе нәтижесінде жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда, қимылды орындауда адам сана-сезімінің ролі зор. Мазмұн,
қимыл мағынасы емес, тек кейбір қозғалыстардың және оның құрылым
бөліктерінің орындалу процесі дағдыға айналдырылады. Дағдыға айналдырудың
басты үш қызметі мыналар: 1 .Оқушыға кез-келген қимылды жетекші болатын
міндетті түсінуге, орындау тәсілін таңдап алуға және жоспарды құруға
мүмкіндік беретін алғашқы қызметі; 2.Кейбір нақтылауды кірістіре отырып,
әрбір қозғалыстың орындалуын қажетті жағдайда бақылауға алуға мүмкіндік
беретін қайта қосу қызметі немесе өзге қимылды орындауға қайта
қосылу(мысалы, допты қолмен алып жүргеннен кейін екі қолмен беруді
орындау); 3. Қимылды аяқтау кезеңін анықтауға мүмкіндік беретін тежеу
функциясы;
Қозғалыстағы белгілі бір жүйелілік дағдыға тән. Ол артық қозғалысты
кідіртіп, жоя отырып, жеке қозғалыстарды тұтас қимылға біріктірумен
көрінеді. Дағдының әсерімен қозғалыстың дәлдігі артады, ырғақтылығы
жетілдіріледі, тұтас қимыл уақыты қысқарады. Дағды біртіндеп ғана емес,
оның қалыптасуының жеке кезеңдерінде әр түрлі деңгейдегі сапалық өсу
түрінде де көрінетін бірқалыпты емес жағдайда қалыптасады.
Бірқалыпты емес жағдайдың төрт түрі бар:
1. Дағдының өте жылдам қалыптасуы. Бұл үйретудің бастапқы қимылды
меңгеруі шапшаң жүретіндігін, ал одан кейін дағдының сапалы өсуі
баяулайтындығын көрсетеді. Мұндай бірқалыпты емес жағдай оқушы қимылдың
негізін шапшаң қабылдап және оның бөліктерін ұзақ уақытта меңгерген
жағдайда салыстырмалы түрде жеңіл қимылға үйрету үшін тән.
2. Дағдының ете жылдам қалыптасуы, үйретудің басында сапалық өсуі
шамалы болатындығын көрсетеді. Кейін ол шапшаң артады. Бірқалыпты емес
жағдайдың берілген түрі қимылды меңгерудің деңгейін арттырғанда, уақыт
өткен сайын ғана өзін көрсете алатын, сырттай елеусіз сапалық жинақталу
жағдайында өте күрделі қимылдарға үйрету үшін тән.
3. Дағды дамуындағы баяулылық. Бұл дағды белгілі бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт сайыстарында техникалық қимылдарды қолданудың сапасын көтеру
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Жеңіл атлетика түрлерінен сабақ өткізу әдістемесінің негіздері
Балалар мен жасөспірімдердің спорттық күресте дене-күш қабылетін арттыруда ойын әдістемесін қолдану
Қозғалу сапасының тәрбиелік әдісі
Жүзе білудің маңызы
Жүзудің жеңілдетілген әдістерін үйрету
Сапта тұру жаттығулары
Дене тәрбиесі құралдарының организмге тигізетін әсері
ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРДЫҢ ҚОЗҒАЛЫС ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Пәндер