Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе

I бөлім. Мектептегі дене шынықтыру пәніндегі дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.

I . 1. Мектептегі дене шынықтыру пәніндегі дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері

I . 2. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының балаларға беретін әсері

II бөлім. Мектептегі дене шынықтыру пәніндегі дене тәрбиесінің маңызы және оның ерекшеліктері.

2. 1. Дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігі жұмысының үлгісі

2. 2. Дене тәрбиесі сабақтарын талдау

2. 3. Дене тәрбиесі сабақтарында оқушылардың білімін қалыптастыру

2. 4. Дене тәрбиесі сабағын өткізуге қойылатын талаптар

2. 5. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру міндеттері

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев 2007 жылы бекіткен Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңы басты міндеттер есебінде жеке адамның дене мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершілікті қалыптастыруды қарастырады. Адам өмірі мен денсаулығы, ауру-сырқаттың алдын алу, денені жетілдіру мен жаттығушылардың салауатты өмір салтына ұмтылысына басымдық беріліп отыр. «Білім туралы» жаңа заңда көрсетілген осы міндеттерді шешу үшін оқу орындарындағы оқу-тәрбие барысын тиісті материалдық-техникалық тұрғыдан қамту, оқу жүктемесінің жеткілікті көлемі болуы (оқу мерзімінің ішінде жалпы білім беретін мектептерде аптасына 3 сағат, орта және ЖОО-да 4 сағаттан кем емес міндетті сабақтар) және толық мәнінде тамақтану қажет. Алайда, көптеген оқу орындарында жеткілікті көлемдегі спорт құрылыстары жоқ, орта және жоғарғы мамандық беретін оқу орындарының сабақ кестесінде 1-2 курстарда аптасына тек екі сабақ қарастырылған. Беделді ғалымдар күн сайын дене жаттығуларымен шұғылдануға кеңес береді (Н. А. Амосов, 2003) . Ресей ғалымдары оқушылар мен студенттер үшін қозғалыс белсенділігін аптасына 8-12 сағат көлемінде жоспарлауды ұсынады (КСРО-дағы дене тәрбиесі бағдарламасы, 1990) . АҚШ Сенаты бастауыш мектептердің оқу жоспарына дене жаттығуларымен күн сайын шұғылдануды енгізуді ұсынады. «Қалыпты дамыған балалардың қозғалыс қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2-4 сағаттық күн сайынғы қарқынды дене жаттығулары қажет» (П. Виноградов, С. Гуськов, 1990, 112 б) .

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек айында ел президенті Тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-тармақшасы “ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың денсаулығын сақтауға деген Конституцияның құқығын іске асыру талабына сай Қазақстан халқына «Қазақстан 2030 барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі (қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” жолдауын жасады. Осы жолдаудың мақсаты жас ұрпақтың толқынды денсаулығын қалыптастыру.

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген.

Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.

Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты туралы сөз еткенде - спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады. Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына шалдығады.

“Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” - деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен теңестіруге болмайтыны жайлы ескертіп отырған.

Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және республикада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі башылық ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:

- Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету;

  • Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілеттілігін тұрақты арттыру аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
  • Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету;
  • Оқушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әртүрлі дене жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;
  • Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.

Осы аталған міндетердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты ұйымдастырудың денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін арттырудың маңыздылығы оқушылардың дене тәрбиесі, мәдениеті мен спортқа ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің, маңыздылығы тұтастай бейнеленген.

Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды.

Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктің бастамасы- таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы, құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.

10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс.

Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, валейбол, футбол т. б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады.

Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады

10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың қай түріне бейім екендігін мектеп бағдарламасының талабын орындағанда ғана байқалады.

Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын қанша уақыт аралығында орындауға болатынын дәл кесіп айту қиын. Себебі, әркім уақытын өзінше пайдаланады. Бір оқушы 20 минут кетірсе, екіншісі 30-40 минут жасайды. Сондықтан таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын өткізу- әркімнің өз қалауы бойынша жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны жөн.

Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын далада өткізген дұрыс. Бұл жылдың жылы маусымында ғана емес, қыс мезгілінде де қатаң сақталуы тиіс. Жаттығу керіп-созылудан басталуы тиіс, олардың түрлері үй жағдайында басқаша да, далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын дұрыс орындауларын қадағалап бақылап отырулары керек.

Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын жерге жеткенше алғашқы кезде тез жүріп, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. 5-10 минут уақыт жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай керіліп созылу жаттығулары басталады. Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді қозғайтын жаттығулар орындайды да содан ары қарай күрделендіре береді.

Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, валейбол, футбол т. б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады. Ал керісінше болса ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып бала спортты тастап кетіге мәжбүр болады.

Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады.

Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта да қажет. Оларға жататындар: өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Бұндай табиғи ортаны жүйелі пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.

Ең әуелі ауаның адам ағзасына тиетін әсерін алайық. Жүгірген, секірген кезде т. б. адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылыстарының жұмыс істеу алғашқы қалыптан әлде қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу процесі де тездетіледі, ағза ауаны бастапқы тыныштықта тұрған қалыптан 15-20 есе артық көлемде қажет етеді. Осылайша үнемі үзбей өткізілетін жаттығулардың арқасында адамның демалу процесі толық қалпына келеді. Жақсы жаттыққан спортшы алқынуды сезбестен ұзақ уақыт жүгіреді, жүзе де күресе де алады. Ал жаттықпағандар алғашқы кезден-ақ алқынып, өзінің дегеніне жете алмай қалады. Мұның аты- тез шаршау. Демалу жүйесінде қиындық болған адамның ағзасы әлсірейді. Асылы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары немесе спорт жаттығуларын мүмкіндік болғанша далада, таза ауада өткізген жөн. Бұдан шығатын қорытынды- ағзаны жаттықтыру ең әуелі ауамен дем алудан басталады.

Ал суға шомылу денсаулық пен дене шынықтыру үшін маңызды. Көпшілкке арналған су қоймаларында шомылуға болады. Суға түсетін жердің жағасын құмайттау, жел соқпайтын, күн көзі жақсы түсетін жер болған дұрыс.

Күнге қыздырыну да адам ағзасы үшін баға жетпейтін өте қажетті табиғи құрал. Күн ваннасын алудың жөні осы деп, шомылып шығып тырп етпей жағада жатып алу да болмайды. Мұндай жағдайда оның пайдасынан зияны басым.

Тәуліктің күнге қыздырынып, суға түсетін уақыты таңертеңгі тоғыздар шамасынан он екіге дейін болғаны жөн. Содан кейін түс ауа сағат төрттен алтыға дейін және орайына қарай басқа да уақытты пайдалануға болады.

Күн сәулесі адам ағзасына бірден тез әсер ететін болған соң, күнге күюді мүмкіншілік болғанша уақытпен мөлшерлеп біртіндеп бастаған жөн. Егерде күніне екі реттеп күн сәулесін қабылдайтын жағдай болғанда, ең алғашқы күні 15-20 немесе 30-40 минуттай қыздырынуға болады. Талтүстің алғашқы күні 15-20 минут жеткілікті.

Күн сәулесін қабылдаған кезде суға түсудің қандай жүйесі болады десек, онда суға түскеннің жөні осы екен деп қалай болса солай ұзақ уақытты сарп етуге болмайды. 10-15 минуттан кейін судан шығып, дем алған жөн. Суға түсіп, күнге қыздырынудың да өзіндік ғылыми негізде зерттеліп дәлелденген жүйесі бар. Әсіресе, ең алғашқы күндері суға түскенде дене қызып, терлеп тұрса, келген бетте суға түсуге болмайды. Себебі, ашық күн түсіп тұрған жердің температурасы ең төмен дегенде 40-тан жоғары. Ал судікі болса одан әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Сондықтан ауа мен судың арасындағы температураның айырмашылығы өте жоғары болғандықтан, өзі қызып тұрған ағзаға бірден әсер етеді. Сондықтан денені суытып, терді басып берып қана суға түскен дұрыс.

Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды орын алады. Гигиена- денсаулықтың кепілі. Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.

Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған бүлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды.

Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т. б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.

Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.

Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны - өмiрде белгiлi қағидалар.

Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентiнiң халыққа жолдауы (Қазақстан - 2030) осы мiндеттердi шешуге бағыттайды. Онда "…бүгiнгi кезеңнiң мiндеттерiнен өзге бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтыны" сонымен бiрге жастар алдындағы жауапкершiлiк туралы да айтылған.

Қазақстанның болашағы - қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.

Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.

I бөлім. Мектептегі дене шынықтыру пәнінде дене тәрбиесінің мәні мен мағынасы.

I. 1. Мектептегі дене шынықтыру пәнінде дене тәрбиесі сабақтарын ұйымдастырудың түрлері.

Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны шынықтырудың бірден юір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да шынықтыруға қажет, оған да жол ашады.

Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшықеттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.

Бағдарлама мектептің бастауыш сатысына арналған бағдарламамен сабақтастықты сақтай отырып спорттық пәндер мазмұнын күшейтуді көздейді.

Дене тәрбиесі базалық мазмұнын сапа тұрғысынан жаңарту сабақ берудің дидактикалық себептілік және адамгершілік-эстетикалық негіздерін одан әрі нығайтуды, дене тәрбиесін жетілдіру мақсатында оқушылардан жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып дамытуды көздейді.

Дене тәрбиесі құралдарының құрамында негізіне қоса қосалқы элементтер де болуы қажет. Сондықтан ашық алаңда немесе жабық орында пайдаланылатын оқу материалдары нақтылы мақсаттарды жүзеге асыру есебімен жасалуы керек. Бұл негізінен мына мәселелерге қатысты: мүсіннің өсіп дамуына жоспарлы ықпал ету, әртүрлі жаттығу түрлерін жүріспен, жүгіріспен, секірумен байланыстыра отырып, шыдамдылық көрсеткішін жақсарту. Мұндай педагогикалық міндеттерді орындауға жалпы дамытатын және арнайы дамытатын жаттығуларды шебер ұштастыру үлкен мүмкіндік береді. Бұлай ұштастыру оқушыларды спорттық мінез-құлық жағдайына үйретеді, еркін қозғалысты іске асыруда олардың ерік-жігерін нығайтады.

Дене тәрбиесі жаттығулары.

Адамның арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған қимылын дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек тәрбие міндеттерін шешуге бағытталып педагогика заңдылықтарына бағынған қимыл қозғалыстары ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек тұрмыс қимыл қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес ол бір ғана негізгі элемент. Дене тәрбиесі жаттығулары көп ретте қайталанатын күрделі қозғалыс. Қазіргі пайдаланып жүрген дене тәрбиесінің жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны әр түрлі.

Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі.

Жаттығулардың тәсілі әрқашанда дамып отырады. Дене тәрбиесі жаттығуларының тәсілі өзіне тән бөлімі бөлшегі болады. Жаттығулар тәсілінің негізгі - жалпы қозғалыс суретінен тұрады. Мысалы, ұзындыққа секіруді алсақ, ол екпіндеп жүгіру, серпілу, ұшу, жерге түсу болып бөлінеді.

Мұндай шешуші сәттер тәсілді толық және жақсы меңгеруге көмектеседі. Жаттығуды орындау 3 кезеңге бөлінеді:

  1. Дайындық кезеңі - негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл (ұзындыққа секіру алдында екпіндеп жүгіру) .
  2. Негізгі кезең - негізгі мақсатты орындауды шешетін қозғалыс (ұзындыққа секірудегі серпін жасау, ұшу кезеңі) .
  3. Қорытынды кезеңі - қозғалыстың аяқталу кезі (ұзындыққа секірудегі жерге түсу кезеңі) .

Жаттығуларды топтау.

Дене тәрбиесі тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Оларды тиімді пайдалану үшін жаттығуларды топтау қажет.

  1. Дене тәрбиесі жүйесін тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Ол бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді. Гимнастикалық жаттығулар.

в) Ойын жаттығулары

с) Туристік жаттығулары

д) Спорттық жаттығулары

  1. Белгілі дене қуатын дамыту бағытындағы жаттығулар:Төзімділік пайда болуына әсер ететін жаттығулар.

в) Икемділікке арналған жаттығулар.

с) Комплексті қимылды талап ететін жаттығулар.

  1. Дененің бұлшықеттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшықеттеріне кеуде, аяқ, іштің бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
  2. Қозғалысқа арналған жаттығулар. (жүру, жүгіру, ескек есу, снаряттағы гимнастика, жеке сайыс, т. б. )
  3. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау. Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секунд аралығында орындалады) .

в) Өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар. (20 секундтан 5 минутқа дейін) .

Жүру үстінде орындалатын жаттығулар.

I.

  1. Сол аяқпен алға аттағанда, екі қолдың ұшын иыққа

тигізу.

  1. Оң аяқпен аттағанда екі қолды екі жаққа қарай созу.
  2. Сол аяқпен алға қарай аттағанда, екі қолды жоғары

көтеру.

  1. Оң аяқпен аттағанда екі қолды жоғары көтеру.

II. Орындалу жылдамдығы жоғарымен бірдей, бірақ қолдың әрбір қимылы кезінде аяқпен екі адым жасау керек.

III. Бір қалыпты қолды алға жоғарырақ алақанды төмен қаратып ұстау.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарын оқыту
Дене тәрбиесі жаттығуларының жіктемесі
Дене жаттығуын орындаудағы қатені түзету
Спорт жаттығуының топшалары
Дене тәрбиесінің құралдары
Дене тәрбиесінің негіздері
Ұлттық спорт түрлерінде жылдамдықты, дәлдікті, қашықтық сезімін дамытуға арналған жаттығулар
Дене тәрбиесінің жаттығуларын талдау
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
Сапта тұру жаттығулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz