Дене тәрбиесінің тарихи негіздері, жас ерекшелігіне сәйкес спортты таңдау және таңертеңгілік жаттығуларды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

"Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеудi өз тарихынан бастау - ғылым жетiстiктерiн игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкiншiлiктер туғызады. " Дәл осы жағдай спорт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзiндiк тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдерi, тәрбиелiк маңызы халықтың саяси әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзiнде болды.

Демек, қазiргi бiзге жеткен өнердiң, театр элементтерiнiң қай-қайсысы болса да ойын үстiнде көрсетiлiп, осы ойындардың әр түрлi мәнерлi орындауының нәтижесiнде тап қазiргiдей үлкен өнер дәрежесiне жеттi. Адам баласы көне замандардан берi жабайы аңдармен талай рет "күш сынасуына" тура келдi. Аң және балық аулау, жемiс-жидек теру адамның күшi мен төзiмдiлiгiн, икемдiлiгi мен шапшаңдығын, байқампаздығын қалыптастырып, дамытты.

Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды.

Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктің бастамасы- таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы, құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.

10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс.

Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, валейбол, футбол т. б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады.

Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады.

Адам өзінің күнделікті тіршілігінде еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің қалыптасып, жетілуіне өзіндік әсер етеді. Кей жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да мүмкін. Бір бағыттағы артық қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап немесе деформацияға яғни ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын бір бағытта ғана жүргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы деуге болмайды.

Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты. Демек денені жүйелеп шынықтыру мен денсаулықты қалыптастыру адамның ой санасының жетілуі мен шығармашылық күштерінің дамуының негізі.

Ағза шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайтып жетіледі.

Саналы түрде орындалатын жаттығулар денсаулыққа, мінез-құлықтың белгілі бір мүсіннің қалыптасуына қалай әсер етеді деген сұраққа жауап бермесе бұрын ең алдымен азда болса адам ағзасының жұмыс істеу жүйесімен құрлысы жайында бірер сөз айта кеткеніміз жөн. Жалпы білім беретін мектеп бітіретін жасөспірімдер мектеп бағдарламасына сай адам дене құрылысымен танысады. Оның себебі адамның барлық ағзаның, іш құрылысының әрекеті өзара байланысты. Демек, қандай да болсын жеке мүшелерге түскен аруырпашылық бүкіл денеге әсерін тигізеді.

Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктің бастамасы - таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы, құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.

10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана- сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың қай түріне бейім екендігін мектеп бағдарламасының талабын орындағанда ғана байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелігіне сәйкес мінезді қалыптастыру әдістері
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеретін дене тәрбиесінің педагогикалық негіздері
Мектептегі дене шынықтыру пәніндегі дене тәрбиесінің мәні, ұйымдастыру түрлері және әдістемелік негіздері
Дене тәрбиесінің негізгі және қосымша амалдары: жаттығуларды топтау және гигиеналық тәсілдер
Дене шынықтыру мен спортты басқарудың теориялық және практикалық негіздері
Мектептегі дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі рөлі мен ұйымдастыру негіздері
Оқу үрдісіндегі дене тәрбиесінің гигиенасы және жас спортшылардың спорттық тамақтануы
Дене тәрбиесінің маңызы, мазмұны және мектептегі ұйымдастыру
Жас кезеңдеріне сәйкес спорт таңдау және физикалық белсенділік ұсыныстары
Спорттық жаттығуларды оқыту әдістемесі және 2007-2011 жылдарға арналған ҚР дене шынықтыру мен спортты дамыту мемлекеттік бағдарламасының стратегиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz