Дене тәрбиесінің сабақ жоспары


Жоспар:
Кіріспе
І бөлім
1. Дене шынықтыру денсаулық көзі.
1. 1. Мектептегі дене тәрбие сабағын ұйымдастыру түрлері.
1. 2. Дене тәрбие сабағындағы үйрету тәсілдері.
1. 3. Мектептегі дене тәрбие сабағындағы әдістемелік принциптері.
ІІ бөлім
2. Мектептегі дене тәрбие сабақтарының маңызы.
2. 1. Мектептегі дене тәрбиесі жұмыстары Бақылау әдістері.
2. 2. Сабаққа қойылатын талаптар.
2. 3. Сабақты дұрыс ұйымдастыру әдістері
2. 4. Дене тәрбие сабағына қойылатын талаптар;
ІІІ бөлім
3. Дене тәрбиесі сабағындағы дене қуатының қасиеттері
3. 1. Дене тәрбиесі сабағындағы жылдамдық, ептілік, төзімділікті үйрету әдістемесі
3. 2. Дене тәрбие сабағында икемділікті дамыту әдістері.
ІV бөлім
4. Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің құжаттары.
4. 1 Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
4. 2 Дене тәрбие сабағын талдау
4. 3 Физкультура сабағының жоспар-конспектісі
Қорытынды
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап мемлекеттік саясатта халық денсаулығы басты назарда болып келеді. 1997 жылы қыркүйек айында ел президенті Тәуелсіз Қазақстанның ата заңының 44-бабының 8-тармақшасы «ҚР азаматтарының денсаулық жағдайын жақсарту және олардың денсаулығын сақтау» деген Конституцияның құқығын іске асыру талабына сай Қазақстан халқына Қазақстан 2030 «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» жолдауын жасады. Осы жолдаудың мақсаты жас ұрпақтың толқынды денсаулығын қалыптастыру.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан-2030” стратегиялық бағдарламасында салауатты өмір салтына ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға дұрыс тамақтануымызға, тазалық пен санитарлық шараларын сақтауымызға бағытталған денсаулықты нығайту үшін жастарды салауатты өмір салтына насихаттап, ақпараттық іс-шаралар жүргізілуі керек деген.
Қазіргі таңда жастардың дене шынықтырумен айналысуының ең басты мақсаты салауатты өмір салты болып табылады.
Дене тәрбиесімен ерте жастан айналысып, тиімді де уақытылы дем алған адамның оқуға, еңбек етуге қабілеті арта түсетіні белгілі. Спорттың өзіне тән керемет қасиеті темекі тарту, ішімдік, нашақорлық сияқты зиянды әдеттерден бойды аулақ салуға тәрбиелейді. Елбасының салауатты өмір салты туралы сөз еткенде - спорттың бұқаралығына ерекше мән беріп отырады. Себебі, денсаулық болмаса тән азабын былай қойғанда, адам нағыз азаматтық асқарына көтеріле алмай, аңсаған армандары көңілді мазалап, жан азабына шалдығады.
“Он екі мүшең сау болса жарлымын деме” - деп халқымыз денсаулықтың адам өміріндегі орнын, тән сұлулығын, жан тазалығын ешнәрсемен теңестіруге болмайтыны жайлы ескертіп отырған.
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, заңдылық пен ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиындығы және респкбликада дене тәрбиесі мәселесін үйлестіріп отыратын әрі басшылық ететін ұғымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі сабақтарының міндеттері:
- Дене тәрбиесі саласы бойынша оқушылардың өмірлік маңызы бар білімге ие болуын қамтамасыз ету;
- Дене шынықтыру арқылы жұмыс қабілеттілігін тұрақты арттыру аясында оқушылардың денсаулығын нығайту;
- Оқушыларды өмірлік маңызды қозғалыс біліктері мен дағдыларын үйрету;
- Оқушыларды үнемі шынықтыра отырып тәрбиелеу, әртүрлі дене жаттығулары түрлерін өз бетінше меңгеруге дағдыландыру;
- Оқушылар бойында жеке тұлға және қоғамдық тәртіп нормаларын қалыптастыру.
Осы аталған міндеттердің әрқайсысында қозғалыс тәртібін жан-жақты ұйымдастырудың денсаулықты нығайтудың және дене шынықтыру деңгейін арттырудың маңыздылығы оқушылардың дене тәрбиесі, мәдениеті мен спортқа ықыласын арттыру мақсатында дене шынықтыруға тәрбиелеудің, маңыздылығы тұтастай бейнеленген. Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді. Дене шынықтырумен қатар адамның денсаулығы да күшейеді. Сонымен дене шынықтыру әр түрлі дене жұмысын атқаруға ғана емес, одан басқа да толып жатқан жұмыстарды игеруге қажет және денсаулықты сақтаудың, оны шынықтырудың бірден бір кепілі таймайтын жолы, шыныққан дене жанды да шынықтыруға қажет, оған да жол ашады.
Дене шынықтырудың ерекше бір түрі және көпшілікке мәлім түрі физкультура мен спорт арқылы жасалады. Жас кезінен физкультурамен, спортпен шұғылданғандардың дене құрылысы жақсы дамып, күш-қайраты мол болады. Дене шынықтыру үстінде бұлшық еттердің аса жетіліп дамуынан басқа да көптеген организмнің пайдалы жетістіктер пайда болады. Спортшылардың қан тамыр жүйесі дамып, нығаяды, олардың қызметі жеңіл және пәрменді жүреді. Шыныққан дененің табиғатқа икемделгіштігі де анағұрлым жоғары болады.
Дене тәрбиесін үйрету үшін оқушылардың белсенді қозғалыс қызметі ерекше және басты орын алмақ. Ол арқылы баланың денесі және психикасы жетіледі. Осы органикалық бірлікте балалар дене тәрбиесі туралы арнаулы білімге ие болады
Дене тәрбиесіндегі үйрету - дене және психикалық жағынан жетілдіруге бағытталған қозғалыс қимылдары және арнаулы білімдер жүйесін беру мен игерудің ұйымдасқан тәсілі болып табылады.
«Қозғалыс қимылдарына үйрету» атауы бір қимыл және оған қосарланатын теориялық түсінік болған жағдайда қолданылады. Себебі ол қимыл және оған енетін қозғалыстар құрылымын қосып көрсетеді. Ол жағдайда «қозғалысқа үйрету» деген кең мағанадағы атауды пайдалануға болады. Нақты кезеңде әр түрлі атауларды қолдану, жетекшінің педогогикалық міндеттерге топтастыруына мүмкіндік жасайды.
Қимылға үйрету - білімді бір мезгілде қабылдау, қозғалыс дағдыларын қалыптастыру және тиісті дене мүмкіншіліктерін қалыптастыру процесі болмақ. Бұлардың барлығы бір-біріне жәрдемдеседі, бірақ жеке әдістері мен құралдары жөнінен бірыңғай емес. Сондықтанда педогогикалық жұмыста бір не өзге міндеттерді баса көрсетуге жүгінеді.
Әрбір қимылға үйренуде оқушы жаңадан қабылдаған және өзінде бар бұрынғы біліміне сүйенеді
Дене тәрбиесіндегі білім - бұл дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі негізіндегі нақтылықтар мен түсініктер және заңдылықтардың белгілі жүйесі.
Білімнің сапасын арттыру мен көлемін кеңейту оқытудағы саналық қағидасын жүзеге асырудың, баланың танымдық белсенділігін тәрбиелеудің ең маңызды міндеттерінің бірі.
Үйренетін қозғалыс қимылын меңгеру шартты үш деңгейге бөлінеді. Олардың әрқайсысы, оларға жеке атау беруге мүмкіндік беретіндей белгілі сипаттамаларға ие:
1-деңгей -алғашқы дағды;
2- деңгей -дағды;
3- деңгей -шеберлік дағдысы(жоғарғы деңгейдегі дағды) .
Деңгейлер арасында айырмашылық шекарасы жоқ. Бұл барлық деңгейлердің негізінде дағдыны қалыптастырудың біріңғай психофизиологиялық заңдылықтары жатқандылығымен түсіндіріледі. Негізінде, бастапқы дағды - бұл әлі қалыптасып болмаған дағды, ал дағды - қалыптаскан дағды, шеберлік бұл қалыптасқан дағдыны меңгерудің жоғарғы деңгейі. Қозғалыс дағдысы - жеке қозғалыстарда емес, қимылдың дәрежесіне және жағдайына назар аудара қимылды орындау қабілеттілігі. Егер дағды психофизиологиялық категория болса онда орындау - педогогикалық категория. Қозғалыс қимылдарын меңгерудің барлық деңгейін «істей аламын», «жақсы істеймін», «өте жақсы істеймін» деген сөзбен бейімдеуге болады. Қимылды орындау қабілеттілігі адамның білімі мен қозғалыс тәжірбиесі арқылы пайда болады. Мұндай қабілеттілік кенеттен емес, сол қимылды қайталаудың белгілі бір санынан кейін ғана пайда болады. Адам денсаулығының кепілі, ауырудың алдын алудың басты буыны салауатты өмір салты мен дене тәрбиесі болуға тиіс дейміз. Ал дене тәрбиесінің өзі қарапайым дене қимылдары мен қозғалыстарынан тұратындығы белгілі. Сол себепті дене тәрбиесінің мамандарына көмекші болар, әдістемелік құралға негізінен қозғалысқа қатысты материалдар, сондай-ақ жоғарғы сынып оқушыларын жүгіруге үйрету, кіші допты лақтыру, секірулер мен лақтыруларды бағалауға байланысты әдістемелік ұсыныстар енгізіліп отыр.
1. Дене шынықтыру денсаулық көзі.
"Ғылымның қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға баспайды. Демек, зерттеудi өз тарихынан бастау - ғылым жетiстiктерiн игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкiншiлiктер туғызады. " Дәл осы жағдай спорт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек. Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзiндiк тарихи даму жолдары, қалыптасу кезеңдерi, тәрбиелiк маңызы халықтың саяси әлеуметтiк-экономикалық дамуының негiзiнде болды.
Демек, қазiргi бiзге жеткен өнердiң, театр элементтерiнiң қай-қайсысы болса да ойын үстiнде көрсетiлiп, осы ойындардың әр түрлi мәнерлi орындауының нәтижесiнде тап қазiргiдей үлкен өнер дәрежесiне жеттi. Адам баласы көне замандардан берi жабайы аңдармен талай рет "күш сынасуына" тура келдi. Аң және балық аулау, жемiс-жидек теру адамның күшi мен төзiмдiлiгiн, икемдiлiгi мен шапшаңдығын, байқампаздығын қалыптастырып, дамытты.
Дене тәрбиесiнiң пайда болуы мен бастапқы даму дәрежесi халықтың тұрмысы мен санасына байланысты белгiлi бiр мақсатты шешуге бағытталды. Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады.
Адам өзінің күнделікті тіршілігінде еңбек барысында толып жатқан әрекеттер мен әр түрлі қозғалыстар жасайды. Осының бәрі дененің кейбір жекелеген мүшелерінің қалыптасып, жетілуіне өзіндік әсер етеді. Кей жағдайда мұндай ықпалдар теріс болуы да мүмкін. Бір бағыттағы артық қозғалыстың әсерінен дененің бір мүшесі шаршап немесе деформацияға, яғни ағзаның қалыпты формаларының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да күнделікті тіршілікте болатын бір бағытта ғана жүргізілетін дене қозғалыстары мен әрекеттерінің бәрін бірдей дене тәрбиесінің құралы деуге болмайды.
Адамның жеке басының қасиеттері дененің қалыптасуымен тығыз байланысты. Демек денені жүйелеп шынықтыру мен денсаулықты қалыптастыру адамның ой санасының жетілуі мен шығармашылық күштерінің дамуының негізі.
Ағза шамасы келетін жаттығуды және дұрыс ұйымдастырылған жұмысты орындағанда ғана дамып, нығайтып жетіледі.
Саналы түрде орындалатын жаттығулар денсаулыққа, мінез-құлықтың белгілі бір мүсіннің қалыптасуына қалай әсер етеді деген сұраққа жауап бермесе бұрын ең алдымен азда болса адам ағзасының жұмыс істеу жүйесімен құрлысы жайында бірер сөз айта кеткеніміз жөн. Жалпы білім беретін мектеп бітіретін жасөспірімдер мектеп бағдарламасына сай адам дене құрылысымен танысады. Оның себебі адамның барлық ағзаның, іш құрылысының әрекеті өзара байланысты. Демек, қандай да болсын жеке мүшелерге түскен ауыртпашылық бүкіл денеге әсерін тигізеді.
Адамның қимыл әрекеті таңертең ұйқыдан оянудан басталады. Алғашқы тіршіліктің бастамасы - таңертеңгілік бой жазу жаттығулары. Бала спорттың қай түрімен шұғылданса да, өзінің жас ерекшелігі мен ағзасының құрылысы, құбылысының хабары болуы керек. Осы негізді нақтылы спортпен шұғылдану үшін жоғарыдағы жағдайлардың бәрін ескере отырып, болашақта нәтиже көрсететіндей спорттың түрін таңдап алған жөн. Мәселен, гимнастика, суда жүзу тәріздес спорт түрлерімен шұғылдануды жасырақ кезден бастаған жөн.
10-15 жастағы жасөспірімдердің мінез құлқы мен сана-сезімінде әлі де болса тұрақтылық бола бермейді. Демек, олар өзінің спортпен шұғылданудағы әрекетін өз санасымен қажетті деп, белгілі бір жүйеде бақылап та отырмайды. Жасөспірімдердің спорттың қандай түріне қабілеті бар екеніні жаттықтырушылар мен мұғалімдерден сұрап ақылдасып барып содан кейін ғана жаттығуды бастауы керек. 14-15 жасқа дейінгі ұлдарға қыз балалардың дене жағынан даму процесі тез болады. Осы кезде олар спорт қоғамындағы жаттығуларға басқа да балалар спорт мектептеріндегі әр түрлі жаттығу түрлеріне қатысып шеберліктерін шыңдаған дұрыс. Әр оқушының әуелі спорттың қай түріне бейім екендігін мектеп бағдарламасының талабын орындағанда ғана байқалады.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын қанша уақыт аралығында орындауға болатынын дәл кесіп айту қиын. Себебі, әркім уақытын өзінше пайдаланады. Бір оқушы 20 минут кетірсе, екіншісі 30-40 минут жасайды. Сондықтан таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын өткізу - әркімнің өз қалауы бойынша жүргізіледі. Дегенмен де 15-20 минуттан кем болмағаны жөн.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын далада өткізген дұрыс. Бұл жылдың жылы маусымында ғана емес, қыс мезгілінде де қатаң сақталуы тиіс. Жаттығу керіп-созылудан басталуы тиіс, олардың түрлері үй жағдайында басқаша да, далада бөлек болады. Ата-аналар өз балаларының таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын дұрыс орындауларын қадағалап бақылап отырулары керек.
Бала далаға шыққан бетте жаттығулар жасайтын жерге жеткенше алғашқы кезде тез жүріп, бара-бара жылдамдықты үдете түседі. 5-10 минут уақыт жүгіріп, одан кейін тұрып қалмай керіліп созылу жаттығулары басталады. Кеудені кере дем алып, иық, кеуде, белді қозғайтын жаттығулар орындайды да содан ары қарай күрделендіре береді.
Республикамызда 50-ден астам спорт түрі дамыған. Солардың бір түрімен жаттығатындардың жолы әр түрлі. Ал спорттық ойындарды алсақ, баскетбол, валейбол, футбол т. б. жаттығулар кестесі дұрыс құрылса ғана нәтиже береді. Ол шұғылданушыны әр уақытта қызықтырып, ынталандырып отырады. Ал керісінше болса, ол шұғылданушыны қызықтырмайды. Содан барып бала спортты тастап кетіге мәжбүр болады.
Жаттығудың ойдағыдай болуы көбіне жаттықтырушыға байланысты. Жаттығуды белгілі ғылыми жүйеге негіздеп, жаттығушының шама-шарқына, жас мөлшеріне қарай ынталандырып отырса ғана жақсы спортшы шығара алады.
Дене тәрбиесі жүйесінде спортпен шұғылданып, болашақта жоғарғы көрсеткіштерге жету үшін табиғи орта да қажет. Оларға жататындар: өзімізге жақсы таныс ауа, су және күн сәулесі. Бұндай табиғи ортаны жүйелі пайдаланудың денсаулық үшін үлкен маңызы бар.
Ең әуелі ауаның адам ағзасына тиетін әсерін алайық. Жүгірген, секірген кезде т. б. адамның бұлшық еттері мен ішкі құрылыстарының жұмыс істеу алғашқы қалыптан әлде қайда тездетіледі. Осы кезде дем алу процесі де тездетіледі, ағза ауаны бастапқы тыныштықта тұрған қалыптан 15-20 есе артық көлемде қажет етеді. Осылайша үнемі үзбей өткізілетін жаттығулардың арқасында адамның демалу процесі толық қалпына келеді. Жақсы жаттыққан спортшы алқынуды сезбестен ұзақ уақыт жүгіреді, жүзе де күресе де алады. Ал жаттықпағандар алғашқы кезден-ақ алқынып, өзінің дегеніне жете алмай қалады. Мұның аты - тез шаршау. Демалу жүйесінде қиындық болған адамның ағзасы әлсірейді. Асылы, таңертеңгілік бой жазу жаттығулары немесе спорт жаттығуларын мүмкіндік болғанша далада, таза ауада өткізген жөн. Бұдан шығатын қорытынды- ағзаны жаттықтыру ең әуелі ауамен дем алудан басталады.
Ал суға шомылу денсаулық пен дене шынықтыру үшін маңызды. Көпшілікке арналған су қоймаларында шомылуға болады. Суға түсетін жердің жағасын құмайттау, жел соқпайтын, күн көзі жақсы түсетін жер болған дұрыс.
Күнге қыздырыну да адам ағзасы үшін баға жетпейтін өте қажетті табиғи құрал. Күн ваннасын алудың жөні осы деп, шомылып шығып тырп етпей жағада жатып алу да болмайды. Мұндай жағдайда оның пайдасынан зияны басым.
Тәуліктің күнге қыздырынып, суға түсетін уақыты таңертеңгі тоғыздар шамасынан он екіге дейін болғаны жөн. Содан кейін түс ауа сағат төрттен алтыға дейін және орайына қарай басқа да уақытты пайдалануға болады.
Күн сәулесі адам ағзасына бірден тез әсер ететін болған соң, күнге күюді мүмкіншілік болғанша уақытпен мөлшерлеп біртіндеп бастаған жөн. Егер де күніне екі реттеп күн сәулесін қабылдайтын жағдай болғанда, ең алғашқы күні 15-20 немесе 30-40 минуттай қыздырынуға болады. Талтүстің алғашқы күні 15-20 минут жеткілікті.
Күн сәулесін қабылдаған кезде суға түсудің қандай жүйесі болады десек, онда суға түскеннің жөні осы екен деп қалай болса солай ұзақ уақытты сарп етуге болмайды. 10-15 минуттан кейін судан шығып, дем алған жөн. Суға түсіп, күнге қыздырынудың да өзіндік ғылыми негізде зерттеліп дәлелденген жүйесі бар. Әсіресе, ең алғашқы күндері суға түскенде дене қызып, терлеп тұрса, келген бетте суға түсуге болмайды. Себебі, ашық күн түсіп тұрған жердің температурасы ең төмен дегенде 40-тан жоғары. Ал судікі болса одан әлдеқайда төмен болуы мүмкін. Сондықтан ауа мен судың арасындағы температураның айырмашылығы өте жоғары болғандықтан, өзі қызып тұрған ағзаға бірден әсер етеді. Сондықтан денені суытып, терді басып берып қана суға түскен дұрыс.
Спортшылардың өмірінде дене тәрбиесі жаттығуларының гигиенасы маңызды орын алады. Гигиена - денсаулықтың кепілі. Мектеп мұғалімдеріне балалар денсаулығы үшін аса үлкен жауаптылық жүктеген. Сондықтан олар сабақ өткізбес бұрын оқушылар отырған орынның гигиеналық талаптарға сай болуына назар аударғаны орынды.
Ал дене тәрбиесі сабағында мұғалім оқушылардың жаттығулар орындағанда дем алысының дұрыс та бірқалыпты болуын бақылайды. Дұрыс терең дем алудың ашық алаң мен жабық орындарда шұғылданушылар үшін орны ерекше. Тағы бір ескертетін жайт- шұғылданушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн. Спортпен шұғылдана бастаған бүлдіршіндердің сүйегі қата қоймаған, буындары дұрыс бекімегендіктен, жаттығуды жасына, шама-шарқына қарай шамалап орындайды.
Адамның рухани өсуi мен денесiнiң өсiп-жетiлуi балалық шақта қалыптасады. Гимнастикамен, жеңiл атлетикамен, жүзумен, шаңғымен, волейболмен т. б спорт түрлерi және қазақ халқының, сонымен қатар өзге ұлт өкiлдерiнiң ұлттық ойындарымен жүйелi түрде және үздiксiз айналысатын балалар денi сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыспаған өздерiнiң құрдастарына қарағанда сергек, саналы болып өсетiнiн ғылым мен өмiр тәжiрибесi толық дәлелдеп отыр.
Дене тәрбиесiмен айналысатын оқушы жақсы оқып, бiлгендерiн iске асыратын табанды, жiгерлi азаматтар қатарына қосылады.
Спорт қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетiнi, ұжымдық және өзара көмек беру сезiмдерiн жетiлдiретiнi, белсендi өмiрлiк көзқарасты тәрбиелейтiнi, жоғары адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыратыны - өмiрде белгiлi қағидалар.
Сондықтан да "Барлық қазақстандықтардың өсiп-өркендеуi, қауiпсiздiгi және әл-ауқатының артуы туралы" Республика Президентiнiң халыққа жолдауы (Қазақстан - 2030) осы мiндеттердi шешуге бағыттайды. Онда "…бүгiнгi кезеңнiң мiндеттерiнен өзге бiздiң ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершiлiк жүгiн арқалайтыны" сонымен бiрге жастар алдындағы жауапкершiлiк туралы да айтылған.
Қазақстанның болашағы - қазiргi жеткiншек жастардың денсаулықтарына, оны нығайту iсiне айрықша назар аударылып, салауатты өмiр салтын тұрмысқа толық енгiзу көзделген. Салауатты өмiр салтының бiр белгiсi әрбiр адамның дене тәрбиесiмен жүйелi түрде айналысуы болып табылады.
І бөлім
1. 1 Мектептегі дене тәрбие сабағын ұйымдастыру түрлері.
Балалар дене тәрбиесiнiң түрлерi сан салалы. Мектептегi сабақ кестесiне енгiзiлетiн дене тәрбиесiнiң мiндеттi сабақтарынан бастап, сыныптан және мектептен тыс секциялық сабақтар, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерiндегi жаттығу сабақтары, дене шынықтыру үзiлiстерi, үзiлiс кезiндегi қимылды ойындар, таңертеңгi гимнастика, өздерiнiң арнайы машықтануы - осының бәрi осы жасөспiрiмдердiң денсаулықтарын жетiлдiрiп қана қоймай, оларды адамгершiлiк рухқа, көпшiл болуға тәрбиелейдi.
Күштiлiк, төзiмдiлiк, жылдамдық, икемдiлiк, сергектiк, өмiрге деген құштарлық, мықты денсаулық тәрiздi сапалы қасиеттер дене шынықтыру мен спорт арқылы орнығып, қалыптасады.
Спортшы болу балалардың барлығына бiрдей мақсат болмас, бiрақ денi сау, қоғамымызға пайдалы азамат болып өсу - барлық жастардың мiндетi және парызы болып саналады.
Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдар тәрбиелеу.
Дене шынықтыру деген тек қана денені ғана шынықтыру емес, ол жанды да шынықтырады. Себебі, күнделікті спорттық жаттығулар үстінде адам өзін бір тиянақты тәртіпке тәрбиелеп, жігерін дамытады, жаттығу үстінде ол алдына қойған мақсатына жету үшін ерікті түрде дене қызметін жасап, соған үйренеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz