Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту


Жоспары:
Кіріспе
І Тарау. Дарындылықтың теориялық негізі
1. 1 Дарынды балалар жөніндегі ғалымдардың көзқарасы
1. 2 Дарынды бала мәселесі және оның психологиялық ерекшіліктері
ІІ Тарау. Дарындылықты қалыптастыру жолдары
2. 1. Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты дамыту
2. 2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
«Қазақстан -2030» стратегиясы анықтап берген және республиканың ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі-мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы жолдауда негізгі жетекші күш- «адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы, білімі». Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл әлеуетін өсіру қажет, дарынды балалар анықтау мен дамыту үшін өркениетті жағдайлар жасау керек.
Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан. Қазақта «адам ұрпағымен мың жасайды» дейді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев: «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады» дейді. [11; 13] . Елбасымыз қазақ елінің азаматтары Орталақ Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады, дамыған елдер қатарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді.
Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ғ. с. : «Оқымысты адамдар - Алла тағаланың алдындағы сенімді жандар. Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің де тірегі» дегенді бұдан он төрт ғасыр бұрын айтып кеткен. [10; 8] . Бұдан шығатын тұжырым: барлық кезеңде, әрқилы уақытта байқап, анықтауда Алла тағаланың сенімді адамадарының сіңірер еңбегі зор. Білім үйретуде ел үмітін ақтауға барлық күш - жігерімізді, жауапкершілігімізді жұмылдырып, дарынды балаларды тәрбиелеп шығаруымыз керек.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.
Қазіргі таңда дарындылар азайып барады. Оның бірден бір себебі, қолдау көрсетудің аз болуынан. Сондықтан дарынды балалар мен жұмыстың жалпы мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыруды ел президенті Н. Ә. Назарбаев бастады. Президенттің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 «Дарынды балалар мектебін мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы» жарлығы жас таланттарды іздестіру мен қолдауға бағытталған жұмысты ұйымдастырудың кең көлемді бағдарламасын жазуға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дарынды балалардың қабілеттері мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау және дарынды балалар психикасын қалыптастыру жолдарын айқындау болып табылады.
Міндеттері:
1 . Дарындылық ұғымы және дарынды баланы зерттеудің теориялық негіздеріне талдау жасау.
2. Орта буындағы дарынды балаға тән даму ерекшеліктерін анықтау.
3. Дарынды әр түрлі әдіс-тәсілдермен зерттей отырып, дарынды бала психикасын қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау және дарынды балалардың психикасын анықтауға арналған әдістемелер арқылы эксперимент жасадық, сұрақнама, тест, диогностикалар, салыстыру, әңгімелесу, бақылау, матиматикалық сандық әдістер қолдандық және ой қорыту жасадық.
Жұмысыма теориялық негіз болған: Қ. Жарықбаев «Психология», Алматы 1993 жыл, Н. С. Лейтес «Возрастная одаренность школьников» М 2001 г, Б. Н. Теплов «Способности и одаренности», Москва 1985г, Сәбеп Бап-Баба «Жалпы психология», Алматы 2005 жыл. т. б.
І. Дарынды бала туралы теория
Дарындылық - адамның белгілі-бір істі орындауға бейімділігі мен ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік. Дарындылықтың санасы - зейінділік. Дарындылық-қуат пен серпін беретін сиқырлы күш. Дарындылық - даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшеленуі. Дарын - зерделілігімен, қабілеттілігімен дамып отыратын үздіксіз үрдіс. Дарындылар істен де, сөзден де ұтылмайды. Дарындылар-материалдық, рухани жағынан бай адамдар. Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен тәрбие. [15; 20]
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі.
1. ой-өрістің жоғарлылығы
2. академиялық табыс
3. шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
4. көркемдік әрекет
5. қатынас және белсенділік
6. қозғалғыштық
Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілі үшін басқа адамдармен араласуы керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.
Балаға әсер ететтін орталар:
-Ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, жолдастары.
Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалар мен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізумен аяқталады.
Бала бойындағы қабілеттің дамуы үшін міндетті түрде талап болуы шарт. Талап, құлшыныс болмаған жерде қабілетте дами алмайды. Талап әдетте көру және есту анализаторларынан, сондай-ақ жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттерінен құралады. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің арақатынасы мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға болады. Бірінші сигналдық жүйеге қабілет, қабылдау, есте сақтау, ал екіншіге шындықтың ұғым болып қалыптасуы жатады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И. Павлов адамның жоғарғы жүйке жүйесінің 3 түрін келтіреді. Олар көркем ойшылдық және орта түр болып бөлінеді. Бірінші түрге жататындар әсершіл, қызу қанды, ашық, ақжарқын болып келсе, екіншілері көргенімен естігенін әуелі ой елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері халықтың негізгі бөлігін құрайды, сондай-ақ аса талантты, дарынды жандарды қамтиды. Адамның кай түрге жататындығына қарай оның қабілетінде анықтауға болады. Адам қабілетінің әр қилы болуы ұлы физиолог сигнал жүйелерінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Әдетте ол адамда әр түрлі болып келеді. Мұны оқу үрдісінде көріп, байқап жүрміз. Кейбір оқушының ойлау жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзге құрдастарынан жоғарырақ тұратыны шындық. Бірақ оның барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Өйткені белгілі бір пәнге ғана бейім болады. Оқушының ми қабатында доминанто ошағы деп аталатын кеңістік болады. Яғни, ол өзі ерекше қадір тұтатын пәніне ғана қабілет-қарымы ашылып, бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де, өзге пәндерге келгенде әлгіндей белсенділігі тежеліп қалады. Бұл үрдістер әлбетте бізге көрінбейді. Әйтсе де баланың ішкі жан дүниесін, физиологиясы мен психологиясын жетік білетін сезімтал ұстаздар болсын өзінің бүкіл оқу тәрбие жұмысын оқушылардың әлгіндей психологиялық ерекшеліктері және заңдылықтарымен үйлестіре, сабақтастыра атқаруы тиіс. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болатыны ақиқат. «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер сияқты» болып қалып қоюы мүмкін» дейді американдық ғалымдар. [13; 30]
Дарындылық - психологияда таланттың синонимі белгілі бір іс-әрекетте жетістікке жету шарттары. Ғылыми психологияда көбінесе ақыл ой қабілетінің және ақылой потенциалының жүйесі ретінде түсіндіреді дей келе, осы дарындылардың психикасын қалыптастыру жолдарын айқындау үшін, ең алдымен психикаға тоқталсақ. Психика - адамның рухани күйі және ішкі сезімі, миға тән қасиет. Философияда обьективті дүниені субьективті бейнелеу психикаға тән.
1) обьективті шындықты қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, қабілет арқылы белсенді бейнелейтін мидің жүйелі қасиеті.
2) адамның жан дүниесінің сапалық күйімен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эвалюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тірішілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның обьективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құралының қимылын атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И. М. Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрлымның - сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылығы қалыптасады. Бұдан шығатын қорытынды дарын иесінің психикасын қалыптастыру үшін, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, қабілетін зерттей отырып, басқа қоғамдық жұмыстарындағы жетістіктерін анализдеу.
Дарынды балалардың психикасын қалыптастыру үшін мына мәселелерді басты назарға аламыз:
- түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерінің кең көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты бағалаудың кешендік сипаты;
- баланың танып білу мен зерттеудің ұзақтығы (балаланың түрлі жағдайдағы іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау) ;
- баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне, танымдық процестеріне талдау жүргізу (арнайы ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-шараларға қатыстыру) ;
- дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психикасындағы «кедергілерін» жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
- баланың бойындағы қандай да бір дарынды бағалауда жоғары санатты тәжірибелі мамандарды тарту;
- баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде ғана емес, сондай -ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау;
- жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-аналардың сараптамалық бағалары, баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-әрекетін бағалаумен байланысты психодиогностикалық эксперименттік маңызды әдістеріне сүйену.
Бала дарындылығының өзінің құрылымдық негіздері бойынша адами қайталанбастықтың көп өлшемді, көп қырлы болып байқалады. Басқаша айтқанда дарындылық өзара байланысқан үш: ынталандырушылық, когнитивтік, іс жүргізушілік толықтауыштан тұратын біртұтас сипатқа ие. Ғалымдар дарындылықты дамытудың басты белгілерін көрсетті:
- танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;
- болжам жасауға, еріктік ауыртпалыққа, ойларды тежелеуге, зейінді жинақтауға жоғары деңгейлі дайындық;
- өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының нәтижесін бағалай алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы;
- дарындылық мазмұнына сәйкес келетін қызметтен тұратын құндылықтар жүйесін құруға ұмтылу мен оған деген қажеттілік;
- қайталанбас, өзіндік қабіліттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс.
Сол сияқты дипломдық жұмыс жобасында дарынды бала ерекшеліктері, жүргізілетін әр түрлі жұмыс түрлері, ғылыми көзқарастар, жалпы принциптер мен топтастырулар, дамыту жолдары қарастырылған.
Елбасының «Дарынды балалар мектебін мемекеттік қолдау мен дамыту» туралы жарлығын жүзеге асырудың жаңа қадамына, жаңа ғылыми-білім беру мекемесі Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығын ашу туралы ҚР үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы жатады. Жаңа ашылған орталықтың алдағы негізгі міндет - республикалық дарынды балалармен жұмыстың негізгі орталығы болу. «Дарын» орталығын ұйымдастыруда ел басшылары елімізде дарынды балаларды анықтау және дамыту әдістерін жетілдіру мақсатымен көп салалы ғылыми - білім беру мекемесін ашудың қажеттілігін айқындады.
«Дарын» мақсатты бағытталған жүйелі жұмыстың негізгі міндеттерін шешуде келесі бағыттарды басшылыққа алады:
- басқарушылық іс-әрекет, ақпараттық баспалық
- білім беру -әдістемелік, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық:
- ғылыми-әдістемелік;
Дарындылық - адамның белгілі бір істі орындауға бейімділігі мен ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік. Бұл пікірге қарсы дау айту қиын шығар.
1. 1. Дарынды балалар жөніндегі ғалымдардың көзқарасы.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім және тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау психологияның негізін қалады деуге болады.
Х. Уартенің пікірінше , талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ бұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және т. б. дарындылықты жан-жақты қарастырған.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциациясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеу жүргізіле бастады. Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон (19 ғ) есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің «Таланттың тұқымқуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі:
- өте жоғары қабілеттілігі болмасы, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды;
- өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды.
Ф. Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізі шарт деген қорытындыға келеді.
Ф. Гальтоннан кейін неміс педагогі және психологі Э. Мейман (19-20 ғғ) дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның негізінде «дарындылық белгілерінің типтерін» белгіледі. Сонымен қатар туа біткен дарындылықпен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға тырысты. Э. Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін:оқу мен тәрбиенің дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке жетушілік арасалмағын қарастырды.
20 ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В. Штерн адамның жеке басы ерекшелігін зерттеп, жеке бас психологияның негізін қалады. Ол талантты бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» көрсетті. В. Штерн ақыл-ой қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынды: «Ақыл-ой қабілеттілігі-өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жаңдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі». Штерннің пікірінше , дарынды деп жаңа талаптарға әр түрлі салада, әр түрлі жағдайларда тез бейімделе алатын адамды айтуға болады. [27; 45]
19 ғасырда қазақ халқы ағартушылары да хылықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы Ы. Алтынсарин « Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім » дейді.
Ш. Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ойы жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектілігімен ерекшеленеді». Ш. Уалиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
А. Құнанбаев адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы-туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндер жоғалта береді. Ақын адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады». Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткен қасиет екенін мойындай отырып, тұлға дарындылығымен қабілетінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.
19 ғасыр бас кезінде Қазақстанда педагогика теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж. Аймауытов, А. Байтурсынов, М. Дулатов М. Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілетілігін қалыптастыру мәселенін ескеру керектігі баса айтылған.
Ж. Аймауытов «Психология және мамандық таңдау» еңбегінде эксперименттік зерттеу нәтижесіне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет. Сонымен қатар Ж. Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қызметпен айналысқаны тиімді болады.
М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тәрбиесі мәселесін интелектуалдық қабілеттілікпен тығыз байланысты қарастырады.
Дарындылық теориясы негізі кешегі кеңес психологтерінің еңбекетерінде көрініс тапқан. Л . Выготский, Б. Ананьев, В. Крутецкий, Н. Лейтес, В. Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралды жеке тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен, дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған жоқ. Сондықтан біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса ерекше байқалатын шығармашылқ қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
« Дарындылық » ұғымы « сый » « дар » деген сөзден шыққан, дамудың қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедия төмендегінше анықтама берілген: « Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі » . [3; 40]
«Дарындылық» ұғымы «қабілеттілік» ұғымына өте жақын.
Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында психолог Б. Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше, белгілі бір күрделі іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады. Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.
В. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген еңбегінде « Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі деуге болады » деп тұжырымдайды. Сонымен қатар
« дарындылық » қабілеттіліктің доғарғы деңгейін белгілейді.
Н. С. Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген «Дарынды балалармен ересек балалардың психологиясы» кітабы. Осы еңбегінде
Н. С. Лейтес «дарын» ұғымына мындай анықтама береді: «Дарындылық »-бала өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарлығы мен аса ерекше байқағыштығымен шығармашылық қабілетімен байқалады. Бұл ол тұжырымды дарын тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік тәні бар құбылыс.
Көбінесе «Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушы»деген пікір қалыптасқан. [7; 38]
Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар қоятын, өз жұмысмен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік туғызатын, қияли, әр нарсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz