ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАСТАМАСЫН ДАМЫТУ


Биология журналы 2005 №3
Дарындылықты дамыту жолдары
Шығармашылық қабілет - бұл бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері - шығармашылықтың нәтижесі.
Кандай да болсын бір нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін.
Өзектілігі: Оқушылардың өзіндік танымдық жұмыстарын ұйымдастыру, оқушының өздігінен оқып, ой-өрісін тереңдетуге баулу арқылы ғылыми ізденіске жетелеу.
Оқушыларды білім жүйесімен ғана қаруландырып қана қоймай, олардың назарын, білгендерін, жадында сақтай білу қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, өмірге көзқарасының дұрыс қалыптасуын, ықыласын, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін, басқа да қасиеттерін жетілдіретін негізгі мақсат болу қажет.
"Неғұрлым баланың кабілеті мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғүрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті бағаламаса оның "өзгелер сияқты" болып қалып қоюы мүмкін" дейді американдық ғалымдар.
Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жеке жұмыс жүргізгенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік жағдайына назар аудару керек.
Биология пәнін оқып үйрену барысында оқушылар дүниенің үш құрамдас бөлігі адам, қоғам, табиғат туралы білім алады.
Проблеманың болу себептері:
- оқушылардың білгендерін жадында сақтамауы;
- өз бетімен жұмыста дарынды баланың қабілетінің ескерілмеуі;
- баланың дарындылығын мұғалімнің тиімді пайдаланбауы, бағаламауы;
- дарынды баланың өз бетімен ізденісінің болмауы;
- дарынды балаға мұғалімнің қолдауының жеткіліксіздігі. Өзіндік шешу жолдары:
Дарынды баланың дамуы үшін кажетті мұғалімнің үш типін анықтаған:
- пән саласына кірістіре отырып оған кызығуын оятып, үйіріп алып кететін мұғалім;
- бала бойына шеберлік негіздерін сіңдіре отырып, орындау дағдысын қалыптастыра алатын мүғалім;
- бала дарынын жоғарғы кәсіби деңгейге шығаратын мұғалім.
Бұл дарынды баланың дамуына алғы шарт болатын қасиеттердің бірі адам бойында жинақталуы өте сирек кездеседі.
Дарынды баламен жұмыс жасай алатын мұғалімнің сыныптағы атмосферасы мен дамытушылық жігері жағымды танылуы тиіс.
Осындай туындаған проблеманы шешудегі мақсатым - оқушыларға саналы да, тиянақты білім берудің негізі - өз пәніңді жан-жақты игеру, оқушы санасына жеткізе білу, шығармашылық ойлауын қалыптастыру, оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдану.
Ұстаз оқытып жүрген окушыларының өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, біліп алған соң ғана оларды дамыту деңгейіне орай әдіс-тәсілдерді іріктеп, таңдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аударуы керек.
Мұғалімнің шеберлігімен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу арқылы ұйымдастырылған сабақтар, үйірмелер, факультатив сабақтар оқушылардың дарындылығын дамыту жолдарының бірі болып табылады.
Сабақ, үйірме барысында оқушылардың өздігінен ізденуін қадағалап, білім дағдысын толықтыруға бағытталған сабақ өткізу әдістерінің бірі "Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау" жобасы.
Дарындылықты дамыту шаралары: баланың мүмкіндігін толықтыру, жүйелеу, ғылыми негіздеуге жоспар кұру.
Дарындылықты дамыту үшін жұмысты жүйелі ұйымдастыру қажет. Жаңа технология мүмкіндіктерін пайдалану, сыныптан тыс шараларды өз дәрежесінде өткізу, өз бетімен білім алуға жетелеу.
Дарынды оқушылармен жұмыс жасайтын мұғалімдер аз сөйлеп, ақпаратты өзі аз береді, олар аз түсіндіріп, көбірек сұрақтар қояды, көбірек ойлантады. Сұраққа өзі жауап берудің орнына кезекті оқушыларға береді.
Тіпті, сұрақ қоюында да ерекшелік бар. Мұғалімдер ашық сұрақтарды жиі колданып, талқылауға көмектеседі, жетелейді, білімді балалардың өз бетімен білім алуына жағдай жасайды. Баланың шешім алуын, бағалауын, қорытындыға келу жолын зерттеуге тырысады. Осылайша, бала мұғалім пікіріне тәуелсіз, шешімді өзі табуға дағдыланады. Сөйтіп, мұғалім тұлғасы мен дарынды бала түлғасы арасында тұлға аралық қатынас туады.
Дарындылықты дамытуда мынадай әдіс-тәсілдер тиімді: кубизм, екі жақты күнделік, семантикалық карта, бес жолды тұжырым, Венн диаграммасы, топтастыру, эссе жазу т. с. с.
"Эссе жазу" аркылы оқушы сол мәселеге байланысты өз ойын білдіреді, ішкі жан дүниесін ұғып, күнделікті өмірде туындайтын ойларды айтады.
"Топтастыру" арқылы оқушы бір нәрсе туралы ойындағы негізгі қажеттіліктерін, өз білетіндерін, білгендерін талдайды.
"Кубизм" арқылы оқушы ұғымды жан-жақты, әр қырынан салыстырады, анықтайды, зерттейді, суреттейді.
"Екі жақты күнделік" арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымдарды өз бетімен анықтайды, талдайды.
"Семантикалық карта" арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін, қасиеттерін, қызметін, маңызын таниды, анықтайды. зерттейді, салыстырады.
"Бес жолды тұжырым" арқылы оқушы сабақ кезінде жаңа ұғымын бір ғана сөзбен жан-жақты талдайды.
"Венн диаграммасы" арқылы оқушы екі жаңа ұғымды салыстырады, екі ұғымның ортақ қасиеттерін табады.
Осы әдіс-тәсілдер нәтижесінде оқушы өз бетімен жеке жұмыс жүргізеді, зерттейді, салыстырады, жаңа ұғымдарды ғылыми негізде меңгереді. Осының нәтижесінде оқушы ғылыми негізде сабақ айтуға, өз бетімен сабақ үстіндегі өсімдіктер немесе жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттеуде, биологиялық ерекшеліктерін анықтауда, мектептің оқу-тәжірибе үлескісіндегі бақылау қорытындыларын шығаруда, ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, әр түрлі басылымдағы материалдарды оқып, корытынды фшығаруға үйренеді, телехабарлардан талдау жасау арқылы оқушының білімі тереңдейді, танымдық, ғылыми бейнесі қалыптасады.
Биология сабақтарында зертханалық жұмыс, яғни оқушының эксперименті кеппешөпте берілген өсімдіктің биологиялық ерекшеліктерін анықтау немесе жапырақтың ішкі құрылысына, пияз өңінен микропрепарат дайындау оқушының өзіндік жұмысының түрлері бола алады.
Мектепішілік пәндік олимпиада әрбір оқу жылында өткізіледі. Оны өткізудегі негізгі мақсат - білімді насихаттау, оқушының ғылыми ізденіске қызығуын дамыту, дарынды балалардың қабілетін дамытуға қажетті жағдай туғызу. Оқушыларды пәндік олимпиадаларға қатыстыру өз бетімен жеке жұмыс жүргізудің нәтижесінде биология пәні бойынша оқушылар пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды.
Қандай нәтиже алынды?
Осындай жеке жұмыс жүргізу арқылы дарындылықты дамытудың кезінде:
- өз бетімен жұмыста дарынды баланың қабілеті ескеріліп, оның әрі қарай дамуына ықпал жасалады;
- дарынды бала өз бетімен ізденіп, білімін жан-жақты кеңейтеді;
- мұғалімнің қолдауының нәпшжесінде дарынды баланың кәсіби деңгейі көтеріледі.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде оқушылармен жеке жұмыс жүргізу арқылы дарындылықты анықтауда әр түрлі әдіс-тәсілдерді, әдебиеттерді пайдаланып өткізілген сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарда дарынды балалар өз ойларын анық айтады, өзін еркін ұстап өз білімін өзі толықтыруға мүмкіндіктер жасалады. Пәнге қатысты мәселелерді өмірмен, тәжірибемен
байланыстыра алатындығы көрінеді
Бүгінгі білім беру процесінде оқушымен жеке жұмыс жүргізу арқылы дарындылықты дамыту оқушының зерттеу жұмысына танымдық белсенділік арқылы қызығуды қалыптастыру проблемасының мәні барған сайын ұлғайып келеді. Жас дарынмен жұмыстың ауыртпалығы мен қуанышын бірге тататын адам, оның шығармашылық қабілеттерін ашатын кілт - мұғалім қолында. Сол себепті қазіргі таңда дарынды оқушылармен жұмыста бір мақсатты көздеген жүйе қалыптастыру қажет. Ол үшін:
- дарынды балаларды оқытуды, қабілетін дамытуды қолға алатын жеке жұмыс жүргізу жүйесін қалыптастыру;
- дарынды балалардың қабілетін дамытатын жаңа жоспарлар құру .
"Өмірді тану - ғылым, өзінді тану - өнер" дегендей, оқушының дарынын жоғалтпай, жұлдызын сөндіріп алмай, уақытында танып, дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай тәрбие беру ол әрбір ұстаздың міндеті.
Биология журналы. 2007
Шығармашылық қабілет
"Барлық мүмкіндіктер балалардың боиында "
Л. Н. Толстой.
Баланың жан дүниесі сиқырлы дүние, ал оның кабілетін танып, талантының ашылуына қамқорлык көрсету, ең алдымен ұстаз парызы.
Оқушы - жеке тұлға, қайталанбас даралық қасиеттер жиынтығы. Жеке тұлға сөйлеу мен іс-әрекет қабілеттіліктердің арқасында танылады.
Қабілеттілік-оқушының жеке психологиялық ерекшелігі, адамдардың анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктері, іс-әрекетке бейімділік негізінде қаланатын бір адамды екінші аламнан ерекшелейтін іс-әрекет табыстылығын айқындайтын дара психологиялық ерекшелік, адам бойындағы жақсы қасиеттер жиынтығы. Соған орай ол әр адамда әр қилы болады. Мұны оқу үрдісінде көріп байқап жүрміз.
Кейбір оқушының ойлау жүйесі, зерделеу деңгейі. кейбір іс-әрекет тәсілдері мен әдістерін жылдам, терең, әрі берік кабылдауы соны тез игеру жолындағы ептілігі мен табандылығы өзге құрбыларынан жоғары тұратыны шындық. Бірақ, сол оқушының барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Өйткені, белгілі бір пәнге ғана бейім оқушының ми қабатында "доминанта ошағы" деп аталатын кеңістік болады, яғни оқушы өзі ерекше қадір тұтатын, қастерлейтін пәніне ғана кабілет-қарымы ашылып бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де өзге пәндерге келгенде әлгіндей белсенділігі танылады. Әйтсе де баланың ішкі жан дүниесін, физиологиясын, психологиясын жетік білетін, ұстаздар мұны айна-қатесіз дәл ажырата алады. Сондықтан да оқушы бір пәннен ерекше қабілетті болса, басқа пән иелері сол қабілетті өз пәндерінен таба білуі қажет. Яғни, қабілет жақсы қасиеттер жиынтығы болғандықтан . қабілетті бала жерде қалмайды.
Қайсыбір ұстаз болсын өзінің бүкіл оқу-төрбие жұмысын оқушылардың әлгіндей психологиялық ерекшеліктерімен, зандылықтарымен үйлестіре сабақтастыра атқаруы тиіс. Қабілеттіліктің қалыптасуына адамның өз ұстазының тәртібі, алған бағыты әсер етеді. Қабілет өз кезегінде қарапайым және күрделі болып бөлінеді. (оқу қабілеті, шығармашылық кабілет) .
Өмірді танып-білу әдетте оқып үйренуден басталады. Сол алған білімді шығармашылықпен жұмыс жасауға пайдалануы, яғни оқушы бір деңгейден екінші деңгейге көтеріліп әрі қарай өз бойындағы қабілетті дамыту мен қатар шығармашылық қабілетті дамыта бастайды. Ал, қабілеттің дамуы үшін оқушы бойында міндетті түрде талаптың болуы тиіс. Талап, құлшыныс болмаған жерде қабілет те дами алмайды. Талап қоюшы. козғаушы, бағыт-бағдар беруші ұстаз болғандықтан оқушының оқу қабілетінің, шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай жасайтын бірден-бір себепші адам ұстаз.
Қабілетті балаларды оқыту тенденциялары:
- білім беруді саралау;
- мемлекеттік стандартты басшылыкқа ала отырып, оқушы-ның жеке қабілетіне сәйкес оқытуды саралау;
- деңгейлік тапсырма арқылы дамыта оқыту;
- бағдарлама талабына сәйкес келмейтін үрдіспен оқыту (күрделенген, қосымша тапсырмалар мен тақырыптар, бағдарламадан тыс материалдар) .
Себебі орта дәрежедегі тапсырмалар мен стандартты білім нормативі, құрбы-құрдастарының іс-қимылы, қабілет деңгейі жоғары баланы қызықтырмайды, әрі жалықтырып жібереді. Сондықтан да әр оқушыға өз қабілетіне карай тапсырманы күрделендіріп беру қажет. Ұстаздар мынаны есте сақтауы тиіс: үнемі бір сарынды сабақ сызбасын сақтау оқушы белсенділігін жойып, ойлау қабілетін төмендетеді; әр сабақта баланы таңқалдыра білу керек.
Ұстаз оқушы үшін барлық туындайтын сұраққа қандай да болмасын жауап тауып беруі қажет. Оқушы тарапынан берілген сұрақты жауапсыз қалдыруға болмайды. Мұғалім әр уақытта қандай да болмасын проблемалық жағдайларға дайын болуы қажет.
Баланың ақыл-ойы биіктеген сайын шығармашылық кабілеті де жоғарылай түспек. (Американ психологі М. Корне) .
Дамып түрған баланың ойлау қабілетін, қызығуын жойып, жоғалтып алмау үшін бір сарынды сабақ өтілмеуі тиіс. Баланың бойынан ашылмай жатқан көптеген ғажап кайталанбас жаңалықтарды табу және де соған баланы өзінің нендей нәрсеге қабілеті жоғары екеніне көзін жеткізу ұстаз міндеті.
Демек, біз ұстаздар сыры ашылмай бұйығы жатқан мол мүмкіндікдер кезінде аша білуіміз, дұрыс жолға бағыттай білуіміз керек. Қорыта айтқанда, бұл жұмыс бәрімізден де аса үлкен жауапкершілікті, сезімталдықты талап етері сөзсіз.
Қазіргі заманғы сабақ. Әбілқасымова. А. Е. Алматы-2004жыл 138-149 бет
ҚАЗІРГІ МЕКТЕПТЕГІ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ САБАҚ.
Шығармашылық мүмкіндік-заман белгісі
Білім жүйесінде мектеп негізгі топ болып табылады, онда шығармашылық ой-өрісі және жалпы адамгершілігі бар адамдар тәрбиеленуге тиісті.
XIX ғасырда француз психологы Рибо былай жазған: "Егер де ойлау шығармашылығына оқытуға болатын болса, онда етікшілерге қарағанда өнертапқыштар көп болар еді". Мұндай көзқарасты жақтаушылар шығармашылық қызметтің табиғи алгоритмделмегенін де жақтайды. Бұл ұстанымның қарсыластары да бар. Олардың ойынша шығармашылыққа, оның ішінде өнертапқыштыққа үйренуге болады.
Шығармашылық жөніндегі мәселені жандандырудағы белгілі жаңылыс мектепте оның практикалық мүмкіндіктегі шешімі шығармашылықты әр түрлі белгілермен араластырып, оның біркелкі негізін ұстамай жиі қарастыратындығынан шығады. Не оны нәтижесі бойынша (жаңа сапалыны жасауға), не шығармашыл адамдардың мінезіне қарай (жинақылық, қиындықты жеңе білу және т. б. ), не оқытудың тәсілдері бойынша, тәсілдердің әр түрі неге үйрететінін талдамай, не бұл қызметтің эмоционалдық бояуы бойынша, не оның процестік сипаттамасы бойынша көрсетеді.
Егер нәтиже бойынша шығармашылықтың кеңінен танымал анықтамасын алсақ, онда мектепке дейінгі балаларды айтпағанда, оқушылардағы шығармашылықтың түп нүсқасының бір де бір актісін мойындауга болмайды. Тіпті жоғарғы оқу орындарында да студенттерді негізгі шығармашылық қызметке тек кейінгі жылдарда ғана, онда да олардың ең таңдаулысын ғана кірістіре бастады. Мұндай әдісте бір-біріне байланыссыз. бір ғана нәтижеге келгендердің шығармашылық табыстарын мойындауға болмайды.
Шығармашыл адамдардың мінез-құлықтарындағы белгілерді де есепке алу нәтижесіз, Жинақылық, ұқыпсыздық, қажырлылық соларда ғана кездеспейді. Мұның бәрі ескеруге жатады, бірақ нағыз шығармашылық процеске үйретпейді. Адамды өнертапқыштыққа үйретудің бір ғана жолы бар - шығармашылық процеске, яғни шығармашылық қызметінің мәнін құратын сол құрылымдарға оны үйрету. Қалғандары көмекші қызметін орындайды. Шығармашылық процедуралар:
1. Бұрын меңгерілген білімін жөне білігін жаңа жағдайға дербес көшіру.
2. Таныс жағдайдағы проблеманы көре білу.
3. Объектінің жаңа қызметін кере білу.
4. Объектінің құрылымын анықтау.
5. Шешімнің немесе оның әдістерінің баламасын көре білу.
6. Бұрын меңгерілген қызмет тәсілдерін пайда болған проблемаға үйлесімді қолдану.
Мектептің және жоғары оқу орындарының шетелдік және отандық педагогикасында шығармашылық қызметтегі енгізетін кәп тәсілдер мен түрлер жинақталған. Мектепте талқылаудың әр түрлі үлгісі қолданылады - топтық, дөңгелек үстел, семинардағы пікір-сайысы. Шығармашылықтың осы түрлерімен қатар, жоспар құруға ұсыныс және қызықты адамнан сұхбат алу болып табылады. Шамаға шақ жоспарлауды кірістіру орынды (мысалы, көрмелер, коллекциялар, газеттен өз бетінше іріктеп алынғанды талдау және т. б. )
Шығармашылықтың түрі болып, әсіресе, жоғары сыныптарда ойын болып табылады. Бұл ойын әр түрлі бағыттағы "саясаткерлердікі", ғылымның әр түрлі ілімін жақтаушылардікі немесе қалалық проблемалар туралы әр түрлі пікірлер жөнінде.
Қазіргі заманда шығармашылық тәрбиенің шешуші басты шарты интеллектінің дамуы болып табылады.
Тұлғаның іскерлік сипаттамаларына интеллект саласында мазмұндай білетін, ақпарат бере, құбылыстың құндылығы мен қорытындыларды анықтау, проблемаға бейімделе білу және ұмтылу, оның күйі, елеулі . емес және орташаны анықтау қабілеті, жинақтау, элементтен құрылым жасау, елеуліні іздеуге бағдар жасау, айыра білу, талдау және басқалар жатады.
Шығармашылық қабілеттердің дамуы қаланатын, дамыған интеллект, интеллектілік біліктілікті меңгеру негіз болып табылатынын үғыну қажет.
Шығармашылықты тәрбиелеу тұлғаның интеллектуалдық аспектісін ғана емес, оның психологиялық, мінез-құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қажырлылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастыққа, қажырлы еңбекке қабілеті, бұлыңғыр, белгісіз жағдайдағы сенімділік, ақиқатты іздеудегі және қарым-қатынастағы адалдық жатады, Әр аудиторияда әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шартты - аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Өз бетімен білім алу тұлғаның шығармашылық сапасын дамытудың негізі болып табылады. Мектеп жылдарында оқушылардың кемшілігінде негізгі біліктілікті тәрбиелеуге болады, шығармашылық сапасын құратын, жоғарғы мектепте - оны едәуір дамытып, бірақ шығармашылық тұлғаның нақты қалыптасуы бүкіл өмір бойына өз бетімен білім алу процесінде өтеді.
Оқушыларды жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай-ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді. .
Шығармашылық бастаманы дамыту аудиторияда белгілі бір адамгершілік және эмоционалдық ахуалды қалыптастырмай мүмкін емес. Шешуші рөлді мұғалімнің ұстанымы, оның шығармашылық ынтасы, мейірбандық, еркін ойлау мүмкіндігін жасауы және өзін-өзі көрсетуі ойнайды.
Бұл мақсатқа жетудің көп тәсілдері бар:
- бастапқыда түсінуге оңай шығармашылық тапсырмалар беру керек;
- жақсы белгілі нәрсені жаңаша жеткізуді сұрау;
- оқушылардың іс-әрекетіне қызығушылық таныту;
- көптеген жауаптардың нұсқасын мадақтау және көрсету;
- оқылғанның және жасалғанның тұлғаның мен ашу;
- алдын ала таң қалу мен күту сезімін мадақтау, сабақта күту сезімін
қолдау;
- білетінді білместей етіп істеу (басқа біреудің көзқарасымен) ;
- шектеулі берілгенге болжау жасау;
- арақатысты еместі көрінуі бойынша арақатыстыға белгілеу;
- қателік жібергеннен кейін, кінәлеу сезімін көрсетпеу керек;
тілді жиі қате болса да, жауаптың маңызын көтеру, оның тиімді бөлігін табу және басқа.
Шығармашылық мүмкіндікті қалыптастырудың маңызды міндеті дарынды балалармен, оларды табумен жөне мадақтаумен, олардың өзін-өзі жоғары дәрежеде дамытуға жағдай жасаумен байланысты больш отыр, .
Дарынды балалар - бұлар қандай да бір салада: математикаға, физикаға, ән-күйге, гуманитарлық пәндерге және т. б. жоғары қабілеттіліктерін көрсетеді. Олардан айырылуға болмайды жөне оларда қиялды, елестетуді дамытуға жағымды жағдайлар жасау керек, жалғыздыққа деген қажеттілікке қанағаттандыру үшін, тапжылмай жұмыс істеу мүмкіндіктерін, бір жақты ынтаны бір мезгілде қанағаттандыру керек, салалардағы жұмысты жеңілдету керек, мүнда жетістіктер көп емес, бірақ оларға қызығушылық жоқ, басқаға бейімділік ашық көрсетілген.
Сонымен, шығармашылыққа мыналарды да үйретуге болады:
1) Шығармашылық қызметінің, оның ерекше мазмұнын құратын, бағдарламаға және оқулыққа, біліммен және қызметінің тәсілдерімен лайықты кірістірілетін, репродуктивті меңгерілетін іс жургізу жағын айыру қажет: Бұл жете түсіну - шығармашылық мүмкіндікті мақсатты бағытталып дамыған басты алдыңғы себеп;
2) одан басқа шығармашылық мүмкіндікті қалыптастыру тәсілдері, оның шарты. тұлғаның ерекшелік белгісі және проблемалык тапсырмалардағы шығармашылық қызметтің белгілеу түрлерін айыру керек. Бұл категорияларды араластыруға болмайды, өйткені бұл жұмысқа зиян келтіреді: проблемальгқ тапсырмалардъщ жүйесін және оның көрсеткіштерін ескермейді, процестің стихияльшығын қолдайды;
3) адамгершілік-психологиялық ахуалға, оқыту тәсілдерінің өр түрлілігіие, тапқырлық көрсету түрлерінё ерекше назар аудару керек;
4) дарындыларды табу жөне мадақтау - мектептің табанды міндеті;
5) шығармашылыққа үйрету керек және біздің қоғамымыз үшін оны бірінші кезекті міндеттердің бірі ретінде алдымызға қою қажет.
Шығармашылық сабақты әзірлеу
Егер сабақта және тәрбиелік жұмыстарда шығармашылық тапсырмалар басым болса, ондай жағдайда тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мүмкін. Педагоггың шығармашылығына балалардың шығармашылық деңгейі де байланысты болады.
Білім беру жемісін құруда, оқушыларды қисынды әрекетке бастайтын, шығармашылық сабақтың жетістігі "стартты" тапсырмамен анықталады.
Оқушылардың өздері орындаушының шығармашылық деңгейі, тек айтылған тапсырманың мазмұньша теуедді екенін төжірибе көрсетеді. Егер тапсырма нашар берілсе немесе оның өзінің тәжірибесінің, немесе негізгі ғылымның нақты проблематикасынан түсініксіз алыс болса, онда сапалы нәтижеге жетуге мүмкіндік аз.
Әзірлеп жатқан тапсырмаларға қойылатын талаптар:
- тапсырмалар оқу багдарламасьщца көрсетілгеқдей нақты ба-залық сүрақтарға оқудың тақырыбына немесе объектісіне қатысты болуға тиіс;
- тапсырмалардың аддымен белгілі шешімі болмауы керек;
- тапсырманың түжырымдамасы оқушылар үшін де, мұғалім үшін де сондай қызықты немесе тосын болуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz