ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе

І. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ТУРАЛЫ ҰҒЫМ

1. 1 Балалар дарындылығының түрлерін классификациялау және диогностикалаудың негізгі концептуалдық принциптері

1. 2 Дарынды тану және оқыту тәрбиелеу мәселесі

ІІ. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы дарынды балалар мәселесін Қытай еліндегі дарынды балалар мәселесімен салыстыру

2. 2 Дарынды балаларды анықтауға қажет әдістер

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Дарындылық - адамның белгілі-бір істі орындауға бейімділігі мен ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік. Дарындылықтың санасы - зейінділік. Дарындылық-қуат пен серпін беретін сиқырлы күш. Дарындылық - даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшеленуі. Дарын - зерделілігімен, қабілеттілігімен дамып отыратын үздіксіз үрдіс. Дарындылар істен де, сөзден де ұтылмайды. Дарындылар-материалдық, рухани жағынан бай адамдар. Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі. Ж. Аймауытовтың пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен келеді. Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен тәрбие. Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі.

1. ой-өрістің жоғарлылығы

2. академиялық табыс

3. шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту

4. көркемдік әрекет

5. қатынас және белсенділік

6. қозғалғыштық

Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілі үшін басқа адамдармен араласуы керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық әлеуметтік жағдайына баса назар аударуымыз керек.

Балаға әсер ететтін орталар:

-Ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, жолдастары.

Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын жете бақылап отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалар мен жұмыс істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге жеткізумен аяқталады.

  1. Балалар дарындылығының түрлерін классификацициялау және диогностикалаудың негізгі концептуальдық принциптері

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі жағдайы өзінің өзектілігін дарынды балалардың ғылыми зерттеулік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру міндетін алға қойды. Елімізде балалар дарындылығы құбылыстарын зерттеу мәселесі Б. У. Байтуковтың жұмыстарынан орын алады. Арнайы және білім беретін мектеп жағдайында педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру әртүрлі аспектілерді көптеген мұғалімдер жұмысында баяндалған. Әр кезеңде дарындылық мәселесін зерттеген зерттеушілердің көзқарасын тұжырымдай келе келесілерді атап көрсетуге болады:

1 . Зерттеушінің көпшілігі қабылдаған дарындылықтың ортақ анықтамасы жоқ.

2. Дарындылықтың жалпы анықтамасын берудің қиындығына қарамастан оның кейбір көрсеткіштеріне сипаттама беруге болады. Оларға келесілерді жатқызу қажет :

А) дарынның табиғи сипаты бар;

Б) дарынды екі түрге бөлуге болады: актуальды, потенциалды;

В) дарындылық әртүрлі деңгейде барлық балаға тән;

Г) арнайы қабілеттің дамуы баланың жалпы дарындылығына тірек етеді.

3. Дарындылықтың көрсеткішіне келесілерді жатқызуға болады:

А) белсенді ақыл-ой, танымдық іс-әрекетке даярлық;

Б) икемдік, көп нұсқалық, шешімнің ерекшелігіне тән шығармашылық іс-әрекет;

В) дарынды баланың танымдық белсенділіктерінің қозғаушы күшінің рольін атқаратын жағымды мотивацияның болуы.

4. Дарынның сыртқы көрінуіне мыналар жатады:

А) тым болмағанда бір көрсеткіш арқылы құрбы құрдастарынан алда болу;

Б) интелектуалдық іс-әрекеттің табыстылығы;

В) танымдық тапсырмаларды шығармашылықпен шешу.

5. Дарынды баламен жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық міндеттері

А) баланың психологиялық жастық және психофизиологиялық ерекшеліктеріне негізделген дарынды анықтаудың адекватты және сенімді әдістер кешенін құру;

Б) арнайы жалпы білім беретін мектеп жағдайларындағы дарынды қолдау және оның барынша дамуы үшін қолайлы педагогикалық жағдайды қалыптастыру.

А. И. Гробовский психология ғылымының жетістігіне сүйеніп дарындылық бұл қабылдаудың ерекше қырынан көрінуі деп көрсетеді. Көптеген дарындылыққа берілген анықтамалардың көптігіне қарамастан дардылық деңгейі өзіндік ерекше қасиетімен даму сипаты - бұл баланың іс-әрекеті. Тұқымқуалаушылық әлеуметтік ортаның күрделі өзара әрекетінің нәтижесі екенін мойындайды. Бала дарындылығының сыртқы көрінуі тек сабақ табысында ғана емес мектептен тыс жұмыстарда сонымен қатар оның өзі ойластырған іс-әрекет түрін жүзеге асады. А. И. Гробовский «дарындылық белгісі бар бала » деген сөз тіркесін қолдануды ұсынады. Өте дарынды балалар арасындан қазіргі жаңа әлеуметтік жағынан маңызды талаптарға жауап беретін жоғары нәтижеге қол жеткізе алатын бала талантты деп атаған ерекше котигорияға жатады. Талантты бала іс-әрекетінің нақты нәтижесі кәсіби шеберліктің шығармашылық көрсеткіш тұрғысынан бағаланады. Сондықтан баланың таланты жөнінде қортынды жасау соған сәйкес іс-әрекет саласын жоғары дәрежелі мамандардың ғана қолынан келмек. Потенциолдық дарын бұл баланың қандайда бір іс-әрекетте жоғары дәрежеге жету үшін нақты психикалық мүмкіндіктері бар, бірақ сол кездегі функциянальдық күшке сәйкес оны жүзеге асыра алмайтын психологиялық сипатпен байланысты. Бала дарындылығының жасырын бөлудің әртүрлі себебі бар. Мысалы: Дарынды баланы жасырын бөлудің бір себебіне бала дамуындағы қиыншылықтар жатады.

Инструменттік аспектілердің белгілеріне келесілері жатады :

1 . Іс-әрекеттің жалпыға бірдей қабылданатын түріне ұқсамайтын өзгеше бағыттың болуы. Бала жаңа өзіне белгісіз іс-әрекетті тез меңгеруі және оның нәтижеде орындау. Шешімді іздестіру жағдайында өзінде бар бағытты қолдану және іс-әрекеттің жаңа тәсілдерін жинақтау;

2. «Бәрін өзінше жасау» ниетін көрсететін іс-әрекеттің өзіндік ерекшелігі бар түрлердің қалыптасуы;

3. Білімнің жоғары құрлымының болуы, зерттеліп отырған затты немесе құбылысты жүйені көре білу іскерлігі, сол салаға сәйкес әрекет ету тәсілінің ықшамдылығы. Бұл белгілі барынды бала қабілетінде болуы бір жағынан көптеген басқаша заттар туралы мәліметтер барысынан ең керек деген фактыны тез арада тауып алуын, ал екінші жағынан таңқаларлық жеңілдікпен фактылерді талдап қорытуға түсінуге ауыса алуынан көрінеді;

4. Дарынды балаларда оқудың ерекше түрі тән. Ол оқудың жоғарғы жылдамдығымен жеңілдікпен сонымен қатар баяу оқу жылдамдығынан байқалады. Бірақ келешекте білім түсінік дәне іскерлік құрлымының шұғыл өзгеруі де мүмкін;

Мінез-құлық мотивациялық аспектілеріне мыналар жатады:

1 . Баланың заттың немесе құбылыстың нақты бір жағынан немесе өзінің іс-әрекетіндегі белсенділіктің бір түрінен қанағат алуынан көрінетін жоғары таңдамалы сезімталдық;

2. Қандайда бір сабақ іс - әрекет аймағында деген айқын қызығушылық қандайда бір затқа шамдан тыс құмарлықтың іс - әрекеттің нақты бір түріне деген соншалық бейімділіктің болуы таңқаларлық бір беткейліктен еңбек сүйгіштікке әкеледі;

3. Аса қызығушылықтың және іс - әрекетке қиын талаптар шегіне өз қалауынан шығуынан көрінетін жоғарғы танымдық қажеттілік;

4 . Стандарты типтік тапсырмалардың даяр жауабтарын қабылдау әдеттегіден тыс қарама - қайшы белгісіз ақпараттарды қалауы;

5 . Өз еңбегінің нәтижесіне деген жоғарғы сын аса қиын мақсат қоюға бейімділікке үнемі жетуге деген талпынысының болуы;

Классификациялаудың келесі бір себебі дардылықтың жалпы және арнайы деп бөлінуінде. Көптеген зерттеушілердің дарындылықты жалпы арнайы деп қолданғанына қарамастан ол қатал сынға алынуда. Мысалы: А. С. Совенков дарындылықты жалпы және арнайы деп бөлуді артық деп есептейді, өйткені жалпы және арнайы қабілеттің дамуының негізі болды. А. Н. Гробовскийдің пайымдауынша жалпы дарындылық балада жалпы болып жатқан оқиғаларды түсіну деңгейін оның іс-әрекетке деген эмоциональдық және мотивациялық әуестенуіне тереңдігін өзін - өзі жөнге салу мен мақсатқа қол жеткізу тиімділігін анықтайды. Жалпы дарындылық әртүрлі іс-әрекетке байланысты көрінеді. Оның психологиялық түріне эмоциялық мотивацияға толы ақыл-ой қабілеті жатады. Арнайы қабілеттілік нақты іс-әрекеті анық байқалады. Жалпы дарындылық дарындылықтың ықпалымен өзін-өзі реттеу танымдық процестері т. б. тиімділік көрсеткіші.

Балалар дарындылығының диогностикасы маңызды әйтседе ол жеке міндет болып табылады. Ол дарынды анықтау дәне қолдану дамытуға қатысты барлық мәселелердің ішінде жан-жақты қарастырылған болып табылады. Сонымен қатар балалар дарындылығын анықтау бұл нақты бір нәтижеге қол жеткізетін жолдың бастамасы ғана. Дарындылық диогностикасы балалардың қабілетін бағалауға негіз бола отырып, оларды саралауға мүмкіндік беретін қызметті атқарады. А. Совенков дарынды балаларды анықтаудың келесі принциптерін ұсынды:

1. Кешенді бағалау принципі : жан-жақты және кешенді болу керек. Баланың интелектуалдық қабетін басқа психотерапиялық қасиеттеріне құбылыстардың мүмкіндігінше кең аймағын зерттеуіміз қажет. Зерттеуші бұл үшін баланың шығармашылық қабетінің даму дәрежесін психо әлеуметтік физикалық даму деңгейін зерттеу аса маңызды бола бастады.

2. Ұзақ мерзімді принцип: балалар дарындылығының деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін диогностиканың зерттейтін бір уақыттағы шара болу мүмкін емес.

3. Тренингтік әдістермен тапсырмаларды қолдану принципі : бір ретте зерттеуге арналған кәдімгі диогностикалық әдістерінің арнайы стандартты тапсырмалары арнасын талап ету және оның нәтижесі бойынша бағалау жатады.

Тренингтік әдістемелер диогностикасындағы мақсатты өзгертуге яғни олардың ең әуелі бала қабілеттерінің коррекцияларын дамытуға бағыттарына мүмкіндік жасайды. Тренингтік әдістерді қодана отырып ұзақ мерзімдік диогностиканы жүзеге асыруға сол арқылы реттік зерттеуде міндетті түрде болатын кейбір психологиялық бөгеттерді шектеу мүмкіндігі болады. Тренингтің көмегімен ұзақ зерттеуге алынған бала біртіндеп қысымнан құтыла отырып өзінің табиғи қабілетін көрсете бастайды.

4. Баланың потенциолдық мүмкіндігін ескеру принципі: көптеген мамандар балаларын дарындылық деңгейіне бағалауда қанша актуалды жағынан бағаласақ керек дегенді айтады. Бұдан басқа педагогикалық жұмыстар жағынан баланың сол сәттегі істегені емес одан болашақта не күтуге болады сол маңыздырақ.

« Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балалармен қалай қарым-қатнас жасау керек? Олар арнайы зерттеуді қажет етеді ме? » - деген сұрақтар қазіргі таңда өзекті мәселе болып тұр. Балалардың дарындылық мәселесі жайында көптеген шетел және отандық психологтар зетттеулер жүргізген. Адамдардың шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Оның ең алғашқы көріну кезеңі - 2 мен 5 жас аралығы. Бұл жаста жеке тұлғаның негізгі қалыптасады және ол өз-өзін көрсетеді. Қабілеттіліктің алғашқы көрінуі балаланың әр түрлі аймақтағы іс-әрекетке еріксіз қызығушылығын оята бастайды. Яғни, шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы кезден іздеу керек. Ата-аналардың, тәрбиешілердің, мұғалімдердің міндеті - баланың осы талпынысын қолдау. Дарынды балалар ерте жаста - ақ себеп - салдарының байланысын айырып, соған сәйкес қортынды жасай білуге қабілетті.

Әуесқойлық пен ерекше қызығушылық олардың әрқайсысының дамуында ерекше көрінеді. Балалардың зерттеу аймағын таңдау - жіберіп алуға болмайтын маңызды сәт. Шығармашылық өсудің шеңбері шексіз. Бұндай жеке тұлғалық таңдау табиғатқа, өнерге, ғылымға, техникаға, спортқа, кәсіби әлемге, әлкеуметтік өмірге деген қызығушылық теңдей болуы мүмкін. Тағы да бір олардың бойындағы ерекшелік - есте сақтау қабілеті. Еске сақтаудың жоғарылығы ерте тіл шығу мен абстрактілі ойлаудан басталады. Дарындылар алған ақпаратттар мен тәжірибені жіктей алу қабілеті, жиналған білімді кең көлемде қолдана алумен ерекшеленеді. Кең көлемдегі сөздік қор, сұрақтарды дұрыс қоя білу кішкентай « Вундеркиндтерді » ерекшеленеді. Олар сондай қызығушылықпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, қиялындағы құбылыстарға сөздер ойлап табады, ақыл-ой қабілетін дамытуды талап ететін ойындар ойнағанды ұнатады. Психоәлеуметтік даму аймағында дарынды балаларға келесі сипаттар тән. Оларда өте ерте жастан байқалатын әділеттік сезімі күшті дамиды. Олар өзіне және қоршаған ортаға жоғары талаптар қояды. Кішкентай таланттылардың айқын қиялы өмірде жоқ жолдастары мен фантастикаға сай әлемнен тұрады. Көптеген жылдар өткеннен кейінде олардың көпшілігі жұмыста және өмірлерінде сол ойының элементтерін және шығармашылықты сақтап қалады. [38; 6]

Дарынды балаларға шектеп тыс қорқыныш тән. Өйткені олар әр түрлі қауіпті құбылыстарды қиялдауға қабілетті. Олар сонымен қатар өте сезімтал, эмоционалды тәуелді, шыдамсыз. Дарынды балаларға мынадай қатарынан озық танымдық даму тән.

1. Қабілдаудың кеңдігімен ерекшелене отырып, олар қоршаған ортада болып жатқан барлық нәрселерге өте сезімтал және қандай да бір заттың қалай жасалғандығына қатысты білуге деген құштарлықтары өте жоғары. Олар бірнеше іс-әрекетті бір уақытта бақылай алады және қоршаған ортадағы заттардың бәрін белсенді зерттеуге бейім келеді.

2. Олар құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті және соған сәйкес қорытынды жасайды. Оларға өздерінің қилядарында жанама жүйелер құру ұнайды.

3. Жоғары есте сақтау қабілеті ерте тілдік дамуымен үйлесе отырып балада кең көлемде ақпаратты жинауға және оны жүйелі қолдануға көмектеседі.

4. Дарынды балалар сөздік қорға өте бай, ол ойын еркін және айқын баяндауына көмектеседі. Кейде олар өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін өздері сөздер ойлап табады.

5. Дарынды балалар дайын жауаптары бар сұрақтарды ұнатпағандықтан жоғары қабілеттіліктерінің арқасында бұрын көріп - білмеген тапсырмаларды, күрделі сұрақтарды өздері шешкенге құмар.

6. Олар қандай да бір тапсырманы шешуде табандылық танытумен және зейінін ұзақ уақыт шоғарландра алу қабілетімен ерекшеленеді.

Дарынды балалардың физикалық сипаттамалары:

1. Дарынды балалар әдеттегіден аз ұйықтайды және талап қойғыш деңгейі өте жоғары.

2. Олардың қолмен жұмыс істеу қабілеті танымдық қабілеттерінен артта қалады.

Талап пен дарындылық әр түрлі жеке тұлғалық және интелектуалдық ерекшеліктерде көрінуі мүмкін.

Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар жасалынуда. Әрине, еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бүкіл әлемдік сауда ұйымына, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына өтуі барысында орта мектеп өмірінде орын алып отырған бұл жағашыл оқыту түрлері барынша құпталынуы тиіс. Өйткені, кез келген елдің экономикалық әлеуеті оның интелектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Бұл тұрғыдан алғанда Елбасы

Н. Назарбаевтың еліміздегі білім жүйесін дамыта отырып әлемдегі алдыңғы қатардағы жүйеге шығару мақсатында ел дамуының басым бағытына айналдыруы тектен - тек емес.

Бұл жағдай еліміздің білім саласында болып жатқан реформаларға жаңа заман талабына сай сын көзбен қарауды, кемшіліктерді ашық түрде көрсете отырып жою, алдыңғы тәжірибелерді мектеп өміріне батыл кіріктіруді қажет ететіндігі күмән туғызбасы анық.

Елімізде дарынды балаларды ерте тауып, арнайы мектептерде, гимназияларда оқытуға қатысты айтарлықтай іс-шаралар атқарылуда. Алайда осы іс-шаралардың түпкі нәтижелерін қарастырсақ, онда ауыз тұшытарлық еш нәрсе таба алмайтынымыз, дарынды деген бала дарынды болмай шығып немесе дарындылығын тез жоғалтып алып, оның өзі де, мұғалім де қиналып жүретіні ащы болсада шындық. Мұның басты себебі:мектеп өмірінде « дарын» және «дарынды бала» ұғымдарының толық зерттелінбеуінде, ерекшіліктерінің толық айқындалынбауында, оқу үрдісінің осы ерекшеліктерге сай жүргізілмеуінде болса керек. Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар? Жалпы кез-келген адам үш параметр: мүмкіндік - адамның нәтижесі тек өзі үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе, қажеттілік - оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделік - адамның жеке тұлға ретіндегі сипаттамасы.

Нәтижелі орындаушы адам үшін ғана керек болатын іс - әрекеттің оқу іс-әрекеті деп аталатынын белгілі. Яғни мүмкіндік - адамның оқушы ретіндегі сипаттамасы. Ал қажеттілік - адамның белгілі бір әлеуметтік топ ретінде сипаттаушы сипаттамасы. Мүмкіндік - орта мектеп қабырғасында, қажеттілік-жоғары мектепте, ал мүдделік - аспирантура немесе докторантура қабырғасында. Мүмкін қалыптасқан адам - оқыған қажеттілік қалыптасқан адам - білімді, ал мүдделік қалыптасқан - ғалым деп аталады. Еліміздің білім жүйесінде қалыптасқан нормативтерге сай оқығандық дәрежеге жету үшін 11 -12 жыл, білімділікке жетуге 15 - 17 жыл, ал ғалым болу үшін 17 - 20 жыл қажет. Алайда, белгілі бір себептермен білімділік не шығармашылық сипат оқушылық кезеңде көрініс беруі мүмкін. Яғни, дарын-іс-әрекеттің шығармашыл сипатының оқушылық кезеңде көрініс табуы. « Дарын » атауының тек бала, оқушы үшін ал « қабілетті » атауының оқушы үшін де, қызметкер үшін де айтылатындығы осыған байланысты. Әрине білімді адам-өзінің қоғамдағы орнын, өзінің неліктен осы орында отырғанын біліп түсінетін, оны өзі тиімді өмір сүру үшін пайдалана алатын адам. Ал ғалым-қоршаған орта, дүниетаным туралы өз көзқарасы қалыптасқан адам. Ол өз көзқарасы ауқымында ғана іс-әрекет жасайды. Дарынды бала - оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде-бірі, әсіресе, дүниетанымдық көзқарас қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы көзқарастың өз еркіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Сонымен қатар уақыт өте келе дарындылық қабілеттілікке, ал қабілеттілік кәдімгі қатардағы қасиетке ауысады. Орта буындағы оқушылары арасында дарынды балалар болмайтындығы сондықтан. Дұрыс оқытылған жағдайда дарынды баладан ғалым, ал қабілетті баладан жақсы қызметкер шығады. Алайда, дарындылықты дамыта отырып орнықты шығармашыл қызметке айналдыру үшін орта мектепте оқытудың қазіргі мен салыстырғанда тіптен өзгеше, жаңашыл түрі керек . [30; 5]

Әр бір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілететтілік байқатады. Бірақ, бұл қабілеттілік қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте - бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болшақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата - аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімдігіін анықтау және оны дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі таңда дарындық балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектірінде кездеседі .

Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікрлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекеленген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдыретті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Плотонның пікірінше , ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен білімінен емес, құдайдың құдыретінен, оның белгілеуінен. Ерте кезде 14 ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне әскери адамдарға ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интелектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.

1. 2 Дарынды тану және оқыту тәрбиелеу мәселесі.

Қазақстанның орта білім жүйесінің алдына бүкіладамзаттық құндылықтар, ұлттық рухани мұралар, адамгершілік пен ізгілік, елжандылық тұғырнамасында қалыптасқан, тәні және жаны сұлу, өзіне өзі сенімді, ғылыми -теориялық білімділігі мен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлімдік, өмірлік әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға тәрбиелеу міндеті қойылып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Балалардың дарындылығын бақылау
Дарындылық негізгі түрлері
Дарынды балалар және қабілеттілік олардың диагностикасы
Дарындылықтың негізгі түрлері
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Талантты және дарынды бала
Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz