Дамыта оқытудың қажеттілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І. Тарау. Дамыта оқыту
1.1 Дамыта оқыту туралы түсінік
1.2 Дамыта оқытудың қажеттілігі
1.3 Балалардың дамуына əсер ететін факторлар

ІІ. Тарау. Дамыта оқыту ТЕХНОЛОГИЯСЫ
1.1 Эльконин, Давыдов, Занков дамыта оқыту жөнінде.
1.2 Дамыта оқыту технологиясының түрлері
1.3 Бастауыш мектеп оқушыларының тілін жаңа технологияны қолдану арқылы
дамыту əдіс-тəсілдері.

Қорытынды
Пайдаланылған əдебиеттер

КІРІСПЕ
Курстық жұмысының көкейкестілігі. Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан
ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық
деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тəрбиелеуде
бастауыш мектептің алатын орны ерекше. Мектеп қазіргі қоғамның дамуымен,
əлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа əлемнің
есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Тəрбиенің сан-салалы, күрделі мəселелеріне терең бойлауға бастайтын,
күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне əсер
ететін білім мен тəрбиенің алғашқы баспалдағы- бастауыш мектеп. Бастауыш
саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы. Келешекте жалпы
білім алумен кез-келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы
бастауышта қаланады. Сондықтан оның сипаты мен мазмұны, оқытудың əдістері
мен формалары қазіргі жағдайда жан-жақты талданып отыр. Өйткені жеке
баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің
қалыптасуы мектепке дейінгі тəрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның
алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту,
іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып,
ынтасын арттыру.
Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз. Тек
білімді, іскер, мықты ұстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады. Ол
үнемі ізденіс үстінде болады. Сондай ізденістердің бірі - жаңа технологияны
пайдалана отырып бала тілін дамыту.
Халқымыз əрқашанда ұстаз мəртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,
бағалаған. Сондықтан ұлы Абай Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға,
Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады - десе, чех педагогы
Я.А.Коменский: Мұғалім мəңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой
мен қимыл əрекетіне ақылдың дəнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз жалын иесі, -
деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Ендеше мұғалім алдыңғы қатарлы
тəжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа технологияларын енгізіп,
оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Сонда ғана білімді, ойшыл,
тапқыр оқушыларды тəрбиелеп шығара аламыз деп ойлаймыз.
Оқушылардың танымдық əрекеттерін арттыру қазіргі заман педагогикалық
геориясы мен практикасының даму кезеңінде актуальді проблемалардың бірі
болып отыр. Оқушылардың негізіі əрекеттерінің түрі оқу болғандықтан, бұл
заңды. Мектеп алдында тұрған жасөспірім ұрпақты өмірдің сан-саласында еңбек
етуге əзірлеу. ғылыми-техникалық прогреске белсене қатысу сияқты негізгі
міндеттер осы үрдіс барысында шешілмек.
Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын, белсенді,
əрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Бұл білім беру үрдісін дұрыс жолға
қою - біздің міндетіміз. Себебі оқыту үрдісін жетілдірмей. қоғамның
қажеттілігін қанағаттандыратын жеке адамды тəрбиелеу мүмкін емес.
Халқымыздың ұлы ақыны Абайдың қара сөздеріндегі даналық ойлары əрқашан
еске оралады. Əсіресе оның Адам баласы өмірге келгеннен кейін ішсем,
жесем, көрсем, білсем, үйренсем екен деп армандайды деген қағидасын жас
жеткіншектерге жете түсіндіруіміз абзал.
Осы мақсатта, алдымен баланың танымын дамытып, тəрбиелей білуіміз
шарт. Сол үшін əрбір ұстаз алдындағы балауса шəкірттерінің дүниетанымын
бақылап, оған дұрыс бағыт-бағдар беріп, айналадағы өмір болмысына сай жан-
жақты тəлім тəрбие беруді көздейді. Сондықтан жас бүлдіршіндердің мектепке
алғаш келген күннен бастап біліммен қатар танымдылық қасиеттерін де
дамытып, тəрбиелсуіміз қажет. Себебі, өзін қоршаған дүниені жете таныған
бала сабақты да терең меңгереді.
Курстық жұмысымның мақсаты мен міндеттері.
- Дамыта оқытудың тілдамытуға қажетгілігін дəлелдеу.
- Дамыта оқытуға əсер ететін факторларды айқындау.
- Бала тілін дамытудың психологиялық жəне педагогикалық срекшеліктерін
көрсету.
Курстық жұмысының нəтижелерін теориялық тұрғыдан:
- Бала тілін дамытудың психологиялық, педагогикалық жəне липгвистикалық
ерекшеліктерін анықтауда, практикалық тұрғыдан:
- Бала тілін зерттеуші əдіскерлер:
- Бастауыш мектеп мұғалімдері;
Курстық жұмысының — ғылыми болжамы:
Егер бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуда жаңа технологияны
пайдаланса жақсы нəтижеге қол жеткізуге болады.
Курстық жұмысын жазуда байқау, талдау, жинақтау жəне салыстыру əдістерден
пайдаланылды.
Курстық жұмысының зерттеу нысанасы: Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту
үрдісі.
Курстық жұмысының құрылысы:
Кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан жəне пайдаланылған
əдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Тарау. Дамыта оқыту
1.1 Дамыта оқыту туралы түсінік

Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ,
ойшылдар білім мен ақыл-ой тəрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына
əсерін зерттеген. Бізге белгісі алғашқы дидактардың бірі Квинтилиан мектеп
алдында баланың қабілеттілігіне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық
ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының жəне тілінің дамуын қамтамасыз
етуді қойған.
XVII ғасырдағы Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі
қағидаларының бірінде де баланың ақыл-ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың
білімге деген құштарпығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет қасиеттерін дамыту
идеясымен арқауланған бастауышта оқыту əдістемесін жасауға əрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің əйгілі Неміс мұғалімдерінің
білім беру ісіне басшылық. (Руководство к образованию немецских учителей)
атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп баланың білім
алуға əрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты
өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді -
деген.
Ал орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикапық еңбектерінде
бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мəселелеріне ерекше
тоқталып, арнайы əдістеме жасаған.
Осылай бола тұрғанмен, дамыта оқыту деген терминге көзқарастар мен
пікірлер əр түрлі. Себебі дамыта оқыту ұғымына берілген түсініктер
əртүрлі жəне дамытпай оқыту бола ма? деген сұрақтар жиі қойылады.
Алайда дəстүрлі оқыту бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы
əсер етсе, дамудың соңында жүрсе, ал екінші жағдайда оқыту дамуды өзімен
бірге ала жүреді деген Л.С. Выготскийдің пікірінен көп нəрсе аңғаруға
болады. Алғашқыда, оқытудың тиімділігі алынған білімінің тиімділігі
көлемімен, сапасымен өлшенсе, соңғыда білімнің тиімділігі қабілеттің
деңгейімен, əрекеттің негізгі түрлерінің қаншалықты дамығандығымен
өлшенеді.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың əртүрлі деңгейін, типтерін
(Л.В. Выготский. А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) жəне басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев. Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) жəне т.б. іс-əрекет теориясының технологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев. П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нəтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі эксперимент жасаған. Жүйенің
авторлары дамыта оқыту деп оқыту мақсаты, міндеттері, əдіс-тəсілдері
баланың даму заңдылықтарына сəйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы
баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапапық
өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі -
бапаны оқыта отырып жалпы дамыту, оиың еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше
ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру,
басшылыққа алу, əрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Л.С.Выготскийдің теориясы Д.Б.Эльконин басқарған шығармашылық топ
жұмысында əрі қарай жалғастырылды. Баланың өзін-өзі өзгертуші субьект
ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Екі
авторлар да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтарын,
əдістемелік құралдар дайындап, шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми
теориядан практикалық іс-тəжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту - дəстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп
қарастырылды.
Дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген
мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған
орай, бұл жүйенің əдіс-тəсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру,
қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Жəне баланың
ізденушілік зерттеушілік əрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол
үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тəсілдерінің жаңа
мəселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан
барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады. Білім алуға əрекеттенеді.
Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дəлелдеу.
Бүл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің
негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын
үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, содан кейін жинақтау арқылы
жүзеге асады.
Л.В.Заньков жүйесінде арнайы. жаңадан ойлап табылған əдіс-тəсіл жоқ.
Өзіміз қолданып жүрген əдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады.
Мысалы, дəстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, əңгімелесу əдістері балалардан
іаныс нəрсені сұрап-білуге негізделген. Ана тілі сабақтарында тақырыптың
мазмұны бойынша. қазақ тілінде түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау
мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады.
Дамыта оқыту жұйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды.
пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын,
өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта
болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы. Əңгіменің кейіпкері жайлы не
айта аласың? түріндегі сұрақтар.
Көрнекілік т.б. əдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сəйкес өзгертіле,
күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді.
Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.
Талдау бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім əр баланың
көңіл-күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Интеллект
деңгейін анықтай алады. Əсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы
шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят,
қайырымдылық, əдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар
бойына жұғысты болады.
Бұл жүйедегі баланы ойпауға үйрететін тəсілдердің бірі салыстыру
əдісі. Салыстыру деген не? Философияпық сөздікте салыстару Салыстыру
объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы
шарты, - делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мəнді ойлау
операциясы, оқушының талдау. жинақтау қызметінің маңызды жағы, заттар мен
құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.

Айналаны тануда сапыстырудың мəні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский:
...салыстыру ойлаудың жəне қабылдаудың негізі. - деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тəсіл болып табылады. Заттарды салыстыра
отырып түсіну тек адамға ғана тəн.
Мұғалім салыстыру тəсілімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай,
көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру
белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқты. Оқушыларға өмірінен тысқары
білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен
объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді.
Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамуындағы
негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып,
бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық
байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді
ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі
оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын жапқызып
қоймай, опардың себептерін айқындаудың бала дамуы үшін маңызы зор.
Біріншіден. заттардың əртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе,
екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді.
Сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдасгыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап
етеді.

1.2 Дамыта оқытудың қажеттілігі

Адам мəдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштің бірі - оның тілі болып
табылады. Сондықтан бала тілін дамыта оқытудың маңызы айырықша. Бала тілі
алғашқы кезеңде жеке сөз ретінде шығып, ешқандай грамматикалық бəйланысқа
түспесе, кейіннен оның қолданылуының аясы кеңіп, бірте-бірте ұлғаяды. Бүл
өте күрделі процесс. Бала алғашқы фонегикалық қатар мен жəне лексикалық
сөздерді оқып-үйрену барысында сөздің өзгеру заңдылықтарын (жіктелуі,
септелуі) жəне сөз тіркестерін меңгереді, сонымен қатар диалог пен
монологты, əр түрлы жанрлар мен стильдерді игеріп, бала тілінің айқындығы
мен мəнерлілігі дамиды. Осылардың нəтижесінде бала өзінің өсу-өну
процесінде тіл байлығының барлық аспектісін жай ғана емес, аса белсенді
түрде меңгереді. Бала тілінің дамуы мынадай кезеңдерге бөлінеді: А) Бір
жасқа дейінгі кезең - қыдыру; Б) Бір жастан үш жасқа дейінгі кезең - мұнда
бал сөз құрамының дыбысталуы мен буындарын сөйлем ішіндегі жай сөз
байланыстарын меңгереді. Тілі логикалық ситуативтік болады; В) Мектепке
дейінгі, 3 жастан 6 жасқа дейінгі, кезеңде контексті монологтың тіл пайда
бола бастайды. Г) Кіші мектем жасында, 6 жастан 10 жас аралығында, тіл
формаларын білу (сөз құрамының дыбысталуы. лексика, грамматикалық қатар)
жазбаша тілді меңгеруі, əдеби тіл мен нормасы туралы түсінігі пайда болады;
Д) Орта мектеп жасы 10 жастан 15 жас аралығында əдеби тіл нормаларын тілдің
функционалдық стилін меңгереді. Е) Үлкен мектеп жасында, 15 жас пен 17 жас
аралығында тіл мəдениетін, тіпдің кəсіби ерекшеліктерін меңгереді.
Бұлардың бəрі ең бірінші кезекте баланың өмірден туатын қажеттілікті,
өз суранысын айтуға талаптануынан туады.
Ана тілі əдістемесінің үлкен жəне күрделі бөлімі тіл дамыту.
Балалардың тілін дамытуда əдістемепік əдіс-тəсілдердің атқарар қызметі
үлкен. Себебі, тілдік материалдарды балалардың қабылдауының алуан түрлі
əдістері бар. Балалардың тілі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы
арқылы дамиды. Мысалы, мектеп балаға əдеби тілді жай сөзден ажыратуды
үйретеді. Оқушылар оқуды, жазуды үйренумен қатар, ол өзінің жазу тіпін
дамытады. Мектеп оқушыларының мəдени тілін дамытады.
Оқушылардың тіл дамыту проңесінде анық та айқын мағына болуы тиіс. Тіл
дамыту үш бағытқа бөлінеді:
1. Сөзбен жұмыс лексикалық талдау;
2. Сөз тіркесі жəне сөйлеммен жұмыс, синтаксистік іалдау:
3. Сөз бен сөздің байланысымен жұмыс. Мұнан басқа тіл дамытуда бірқатар
жұмыстар бар. Олар: дикция, орфоэпия, мəнерлілік.
Осы көрсетілген үш бағыт қатар дамиды.
Балалардың тілін дамытуда сабақ жоспарларының мақсатына байланысты
жасапған көрнекіліктер мен əр түрлі ойын түрлерінің алатын орны ерекше. Осы
орайда. бастауыш сынып оқушыларының тіпін дамыту, қалыптастыру процесінде
көркем əдебиеттің. оның ішінде балалар əдебиетішң атқарар қызметі зор.
Өйткені кітап баланың дүниетанымын кеңейтеді, эмоциялық-танымдық іс-
əрекеіін. өмірге деген белсенділігін арттырады жəне өнерді суюге баулиды.
Мысалы, ойын-сауық өлеңдері, санамақтар, мазақтамалар, жұмбақтар,
жаңылтпаштар, ертегілер жəне т.б. Бұлардың əрқайсысының өзіндік пайда болу
заңдылықтары бар.
Бала тілін дамыту жүйесінің маңызды тағы бір ерекшелігі сынып
оқушыларын жақсы, жаман оқушылар деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін
қолайлы жағдай туғызу.
Нашар оқушының да өз шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін
еңбек етуін ойластыру. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дəрежеге дейін дамыта
алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылысуы мүмкін. Тек мұғалім тарапынан
кəрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып,
алға жетелейді.
Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас жаңа
қағидаларга негізделеді. Олар ынтымақтастық. өзара сыйластық, түсіністік
сияқты қасиеттер. Бала өз ойын қорықпай, сеніммен
айта алатындай ахуал болуы басты назарда ұсталынады. Ол үшін оның əрбір
жауабы мұқият тыңдалып, дұрысы мақталып, қатесі еппен түзеліп отырылады.
Оқушыны кішкентай бала деп қарамай, оның да пікірімен санасу, көзқарасын
құрметтеу оның дамуына орасан зор əсер ететіндігі дəлел.
Жалпы дамыта оқытудың қажеттілігі оқушылардың жан-жақты ойлауы, есте
сақтауы, бір-бірімен қарым-қатынасы, дүниетанымы, тапқырлығы, өткірлігі,
білімдерінің артуына үлкен септігі бар.

1.3 Балалардың дамуына əсер ететін факторлар

Даму ұғымының технологиялық анықтамасы - жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері
бойынша баланың даму процесіне 3 түрлі фактор қатысады. Олар:
1. Биологиялық фактор. Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті жəне өмір сүру
барысында кабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі
құбылысынын ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-
қатынасының нəтижесі.
2. Əлеуметтік фактор. Бұл бала өмір сүретін орта, ең əлдымен адамдардың
ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары,
мінез-құлық жəне ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері
мен сөздері, талаптары мен дағдылары. Ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын
рухани орта.
1. 1. Баланың өз белсенділігі.

Даму процесіне əсер ететін бұл үшінші күш болып саналады.
Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде баланың өз
белсенділігінің рөлі зор.
Туғаннан дені сау баланың белгілі дəрежеде дамитыны сөзсіз. Алайда.
əрбір баланың педагогикалық-психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін
ескерсек, барлық баланың бірдей дəрежеде дамуы мүмкін емес.
Көптеген ғалым - педагогтардың, практик - мұғалімдердің тəжірбиесіне
сүйенсек, оқу тəрбие үрдісі негізінде дамыту мəсепесінде басты рөлді ең
алдымен, оқушының өз бетімен əрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тəжірбиелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік,
əрекет болмаса жұмыстың нəтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
А.Байтұрсыновгың пікірінше, бала білімді тəжірибе арқылы, өз бетімен
алуы керек.
Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін
шағымдап беру жəне қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.

ІІ. Тарау. Дамыта оқытудың тіл дамытудағы ролі
1.1 Эльконин, Давыдов, Занков дамыта оқыту жөнінде.

В.В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең
алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы
қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан -
ортаққа, абстрактіліге, тұтастыққа бағытталған; жағдайдан, фактіден -
жүйеге; құбылыстан - мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында
дамитын баланың ойлауы В.В.Давыдов бойынша, эмпирикалық деп аталады.
Л.С.Выготский мен Д.Б.Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық
контексінде В.В.Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден гөрі: жалпыдан
жекеге, абстрактіден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық
әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде
дамитын баланың ойлауын В.В.Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін
дамытушы деп атады. Бұл жерде В.В.Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың
жетекші маңыздылығы, ең алдымен, меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы
көрінеді деген Л.С.Выготский мен Д.Б.Элькониннің негізгі ережелеріне
сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер (немесе тәсілдер) туады. ,
В.В. Давыдов эмпирикалық және теоретикалық білімнің алты негізгі
айырмашылықтарын келтіреді (бұл жерде білім термині абстракция,
жалпылау, ұғым үшін ортақ)
Эмпирикалық білім
1. Білім заттарды, олар туралы ұғымдарды салыстыру барысында пайда
болады; нәтижесінде оларда ортақ қасиеттер бөлінеді.
2. Талдау барысында генетикалық бастапқы қатынас, жалпыға
ортақ негіздеме, біртұтас жүйенің мәні ашылады.
3. Заттарды ойша қайта кұру ретінде пайда болатын білім түсінік
шеңберінен шығып, олардың ішкі қатынасы мен байланыстарын бейнелейді.
4. Іс жүзінде өмір сүретін біртұтас жүйе мен оның әртүрлі нышандарының
байланысы жалпыға ортақ және жеке дараның байланысы ретінде саналады.
5. Нақтылау біртұтас жүйенің жалпыға ортақ негіздемелерінің ерекше
және бірегей нышандарын бөлігі шығару түсіндіруден тұрады.
6. Білім ақыл-ой әрекетінің құралдарында, содан соң символ-
таңбалық құралдар арқылы көрінеді.
Теоретикалық білім
1. Білім тұтас жүйенің ішіндегі кейбір ерекшелік қарым-қатынастардың
рөлі мен міндеттерін талдау барысында пайда болады, қарым-қатынастар
генетикалық тұрғыдан жүйенің барлық көріністерінің бастапқы негізі болып
табылады.
2. Салыстыру барысында заттардың белгілі бір класқа қатысты бірқатар
жиынтығы бөлінеді (олардың ішкі байланысын ашпай ортақ қасиеттерінің
негізінде).
3. Байқауға негізделген білім, затты елестетуде оның сыртқы
касиеттерін бейнелейді.
4. Ортақ қасиет формалды түрде ерекше және жеке дарамен қатар
қойылады.
5. Білімді нақтылау пәндердің берілген класына кіретін мысалдар мен
иллюстрациялар таңдаудан тұрады.
6. Білімді зердеге тую құралы термин-сөздер болып табылады.
В.В.Давыдов мазмұнды абстрагирлеу және жалпылау барысында алынатын
теоретикалық біліммің сипаттамасын келтіреді. Ол дамыта оқытудың негізін
құрайды. Генетикалық бастапқы негіздеме, ой-еңбек әрекетінің жалпыланған
тәсілін анықтау, қайта өңдеу үшін барлық қасиеттердің байланысын белгілеу
үшін салыстыру және қайта өңдеудің ғана емес, анализдің ойлау әрекетінің
(сәйкес синтездің де) маңыздылығы аталып өтеді. Теоретикалық білімнің тағы
бір маңызды айырмашылығы: оның қалаптасуы барысында біртұтас жүйе ішінде
жалпыға ортақ және жекенің байланыстары орнатылады, оның мәнін түсіну, ол
белсенді ойлау әрекетін ұйғарады (тек қана түсінік емес), үшінші, оны да
ерекше атап ету қажет, теоретикалық білімнің өмір сүру түрі. В.В.Давыдовтың
теориясында бұл, ең алдымен, ой-еңбегі қызметінің әдістері, әрекеттің
жалпыланған тәсілдері.
Теоретикалық білімнің және оқьпудың негізгі бағытын осылайша түсіну,
яғни абстрактіден нақтыға, қолданыстағы дидактикалық принциптердің басқа,
психологиялық тұрғыдан түсіндірілуіне негізделеді. Мысалы, В.В.Давыдов
саналықтың, көрнекіліктің, сабақтастықтың, ұғынымдылық, ғылымилықтың
жалпы дидактикалық принциптерін қарастыра келе, олардан басқа,
психологиялық-педагогикалық табиғаты бар екені жөнінде айтады.
Біріншіден, сабақтастық принципі оқыту кезеңдерінің сапалық
айырмашылықтары принципіне өзгертіледі, олардың әрбіреуі психикалық дамудың
әр түрлі сатыларымен байланысты. Екіншіден, ұғынымдылық принципі дамыта
оқыту принципіне өзгертіледі, ол жаңа мазмұнмен толықтырылып, дамудың
жылдамдығы мен мазмұнын заңды тұрғыдан білім берушінің әсер етуді
ұйымдастыру көмегімен басқаруға болады. Үшіншіден, саналылық принципінің
әрекет принципі ретінде жаңа мазмұны бар. Оқушылар бұл жағдайда
мәліметтерді дайын түрде алмайды, олардың әрекет құралы ретінде өту
шарттарын анықтай отырып қана алады. Бұл үшінші принцип (В.В.Давыдов,
В.В.Рубцов) оқушылардың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекеті ретінде
оқытудың жаңа моделін қалыптастыру үшін негіз рөлін атқарды. Төртіншіден,
көрнекілік принципін В.В.Давыдов заттық принципі ретінде қарайды. Бұл
принципті жүзеге асыра келе, оқушы оның затын анықтап, оны модель түрінде
ұсынуы тиіс. Бұл оқытудың қайта құрушы - қайта өндіруші әрекетінің маңызды
сипаттамасы, бұнда процесс пен нәтиженің модельдік, таңбалық-символикалық
көрінісі маңызды орын алады.
Оқу пәндерінің мазмұнын меңгеру негізінде оқу әрекетіндегі дамыта
оқыту оның құрылымы мен ерекшеліктеріне сәйкес зерттелінуі тиіс.
В.В.Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы
пәндерді игеру "Барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де
тұжырымдайды:
1. Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру, оқушылар,
оған қарағанда, жеке және нақты білімдермен танысу алдында жүреді;
соңғысында оқушылар өзінің бірыңғай негізі ретіндегі жалпы және
абстрактіден шығарады.
2. Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін
білімдерді оқушылар олардың пайда болуының шарттарын талдау процесінде
меңгереді, солардың арқасында олар қажетті болады.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік
талаптарға, оқушылардың жеке басының даму мүмкіндіктеріне сай оқудың
мазмұны мен әдістерін жетілдіріп, оқу құралдарының жаңа түрлерін жасау
қажеттігі туды.Оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық
материал көлемінің артуы, оқытудың дамып келе жаткан саласына оқушылардың
танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуда.
Қазіргі педагогикалық технологияны обьективтік қажеттілік тұрғысынан
таңдап алуды талап етеді.”Оқыту технологиясы ”деген түсінік бүгінгі күні
дәстүрлі педагогикада көпшілік мақұлдаған түсінікке жатпайды.ЮНЕСКОның
құжаттарында оқыту технологиясы оқытудың құрылу, қолдану және анықтау
барысының жүйелі әдісі мен адамның қорлары, оның өзара қатысы болып
табылады.Ол білім беру түрлерін оңтайландыруды өзінің алғы шарты деп
таниды.Бір жағынан оқыту технологиясы Бір жағынан оқыту тех

2.2 Дамыта оқыту технологиясының түрлері

Өмірімізде болып отырған түбегейлі өзгерістер коғамымызға жаңа
талаптар қойып отыр. Бүгінде жоғары оқу орындарының музыка факультеттерінде
қазақ мектептеріне ән-күй мұғалімін дайындау сапасын көтеру ісі — ең басты
мәселенің бірі. Ол мамандардың іскерлігінің түп тамыры сырнай аспабын еркін
меңгеруінде жатыр. Музыка бөліміне түсушілердің бәрі дерлік музыка
мектептерін бітірмеген, ауыл-село балалары екенін былай қойғанда, олардың
жас мөлшеріне сай орындаушылықты меңгеруге тежеу болатын буындары қатып
кеткен ересек жастар екенін айтып кеткеніміз жөн. Ендеше, нота сауатын
танымайтын студенттің оқып, білім алуына күнде өсіп, дамып, қарқынды
адыммен алға басып отыруы керек, ол үшін оқытудың алдыңғы қатарлы,
әдістемелерін қолданып, маңызды үрдістерін сақтап отыру шешуші рөл
атқарады. Ол үрдістердің ең озығы — дамыта оқыту. Бұл мақсатты оқыту
сапасын жақсарту мақсатында пайдалану ісі — бүгінгі педагогиканың ұстанған
талабы.
Музыкалық білім беру саласында музыкант-оқытушының кемелінің әртүрлі
деңгейін көрсететін дидактикалық үш жүйе бар:
1. Догматикалық, яғни жаттау арқылы оқыту үрдісі.
2. Түсіндіру арқылы оқыту.
3. Дамыта оқыту.
Догматикалық оқытудың әдістемесі жаттығуға механикаландырылған
қайталауға, санасыз жаттытуға негізделіп, студент ойлау мүмкіндігінен
айырылады. Мұндай оқытудың мәні мынадай: Мен сияқты ойна, Менің айтуымша
істе, Менен кейін қайталап отыр, Мына саусақпен мына нотаны ойна, т.б.
Аталған талаптар үстірт үйрететін теріс жүйені көрсетіп, оқытушының
студентті өзіне бағындырып, үстемдік жасауына әкеп соғады. Мұндай оқытушы
студентті өз бетінше ойлауға, талдауға, қорытындылауға үйретпей, көзді
жұмып артынан ере беруді қолдайтын, жалған қамқоршы қызметін атқарады.
Бұл қағиданы ұстанған оқытушылардың жұмысы кертартпалыққа
соғып, ақыры студенттің музыкаға зауқы соқпай, тіпті музыкадан жеріп кетуі
мүмкін.
Түсіндіру арқылы оқыту мақсаты оқушы студенттің оқу материалын саналы
түрде ұғып алуы үшін, жүйелі әңгімелеп, егжей-тегжейлі түсіндіріп оқытуды
қайталайды. Оқытудың бұл түрі ноталы тексті талдап, әрбір үзіндіні
талқылап, анықтау арқылы, қиындықтардың көзін ашу жолын қарастырады. Осының
бәрі оқытушының жан-жақты түсіндіруі арқылы жүзеге асып, келесі шығармаға
да жұмыс осылай жүргізіледі. Түсіндіріп оқыту мақсаты білім беру саласында
жиі қолданып дұрыс деп табылса да, қарапайым әдістеме болып саналып
диалектикалык түрлендіруді талап етеді.
Түсіндіре оқыту мақсаты бүгінгі оқыту жүйесінде жетекшілік орын алып
отыр. Бірақ күнде өзгеріп, қайта құрылған қоғам оқу білімнің тез өріс
алуына байланысты, адамның үздіксіз саналы білім алуына қажырлы еңбек етуін
талап етіп отыр.
Дамыта оқыту жүйесінің де мақсаты студенттің білімпаздыққа
құштарлығын, күш-жігерін арттырып, ақыл-ой еңбегіне қолайлы әдіс-тәсілмен
қаруландырады.
Музыканттың шығармаға жұмыс істеу арқылы өз еңбегімен тапқан
орындаушылық нышаны, оның шығармашылық табысы, ендеше, оңың жұмысы нәтижелі
болары сөзсіз. Шынымен, студенттің ізденіп өз еңбегімен алған білімі берік
болады.
Дамыта оқыту мақсаты бұрынғы үйреншікті әдістермен қатар іске асып,
олардың дидактикалық бағыттылығын түбегейлі өзгертті. Бұл өзгерістің мәні
неде? Оның мәнісі — білімнің оқытушыдан студентке берілуінде емес,
студенттің оқытушы басшылығымен, оның бағыттай қадағалауымен білім алуында.
Оқытудың бас кезінен қолданылатын бұл мақсат түсіндіріп оқыту әдісімен
ұштаса отырын, студентгің ойлау дағдыларын бірте-бірте дамытып өз бетінше
жұмыс істеуіне үйретеді.
Әдістемелік әдіс-тәсілдерді жете зерттеп, білгірлікпен орынды қолдану
— оқытушының шығармашылық ізденісі. Соның нәтижесінде ол дамыта оқытудың
міндетті қызметін арттыра түседі.
Дамыта оқыту мақсатының мәні — (проблемалық) зерттеушілік жағдайды
туғызу арқылы білім алуға үйрету, яғни студенттің өз бетімен ойлап, түсініп
мәселенің дұрыс шешімін іздеп табуға талаптандыру. Мұның бәрі оқу-тәрбие
жұмысын жан-жакты қамтитын дамыта оқыту жүйесінің әдістемелік әдіс-
тәсілдері арқылы іске асады; соның кейбірін мысалға келтіріміз:
1. Музыкалық шығарманы талдаудың әр кезеңінде қолданылатын тәсілдер.
Бастапқы кезеңде жүргізілетін жұмыстың екі түрі;
а) Шығарма қиын болмаса, талдауды студенттің өзі жүргізеді;
ә) Қиындау шығарманы оқытушы сабақта студентке таныстырып
талдатқызады.
2. Студенттің өзбетімен істеген жұмысына қорытынды талдау жасау
тәсілі;
а) Үй жұмысының орындалу деңгейін талдау;
ә) Қателіктерді тузету мақсатымен орындаушыны тоқтату;
б) Сабақ қорытындысын жасау.
3. Оқытушының студентімен рөл алмасып оқыту тәсілі.
4 Шығарманы орындау үлгісін талдау тәсілі.
5. Сабақты жеке студентпен немесе топтастырып өткізу тәсілі.
6. Дайын бағдарламаны топтасып тыңдау тәсілі.
7. Студенттің өз бетімен дайындаған музыкалық шығармасын топтасып
тыңдау, талқылау тәсілі.
8. Жарыс тәсілі.
а) Есту арқылы таныс әуендерді орындау, оның гармонизацияланған
сүйемелін, транстгозициялауын орындау;
ә) Нотаны оқып-ойнау;
б) Таңдап алынған шығармаларды орындау;
в) Лайықтау мен өңдеулер.
9. Студенттің өз шығармашылық өсуін талқылау тәсілі.
10. Студенттің басқа бөлімдердің оқу ерекшеліктерімен танысу тәсілі.
Жоғарыда аталған тәсілдер бірнеше жылдар бойы іс-тәжірибеде қолдану арқылы
тексеруден өтіп, студенттердің бітгім алып, ақыл-ойының дамуына ықпалын
тигізді. Ол тәсілдер студенттердің музыкалык шығармаға өзбетімен жұмыс
істеу дағдыларын дамытып қалыптастырғандығын, оқытушы басшылығымен аз уақыт
ішінде анағұрлым көп шығарманы талдап, оларды меңгергендігін көрсетті. Топ
алдында ойнағанда студенттердің жауапкершілігі артып, араларында жарыс
туып, оның өзі оларды мектеп аудиторияларында, сахнада емін-еркін ойнауға
тәрбиеленгендігі, ал талдау барысында сырт көзбен байқағанын айтып,
пікірталас тудырып, өз ойын тұжырымдап жеткізуге үйренгендігі.
Қорытып айтқанда, музыкалық ойлау қабілетімен қатар жалпы ақыл-ой
кабілетінің, ой-өрісінің дамып, түбінде жаттығу арқылы түрлі киындықтағы
дағдыларды қалыптастырып меңгерудің нәтижесінде дамыта оқытудың түпкі мән-
мағынасы — оқуға үйрету мақсаты орындалады.
Музыкант-оқытушының оқыту жұмысында дамыта оқыту негіздерін сақтап,
әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, асқан шеберлікпен қолданғанда ғана жоғарыдағы
аталған міндеттер өз шешімін табады.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени
салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту
теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа
сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл-ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын
талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің
бастауыш сатысының алар орны ерекше. Окушылардың білім берудің барлық
кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта
қаланатындығы баршаға белгілі.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану
Ауызша жаттығулардың теориялық тұрғыдан негізделген жүйесін жасау
Сабақты өткізу әдістемесі оқыту
Эвристикалық әдістің сипаттамасы
Даярлық топта математиканы дамыта оқытудағы сабақтастық мәселелері
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕ АУЫЗША ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ АТҚАРАТЫН РӨЛІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Математика сабақтарында дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын математиканы оқытуда жобалық технологияны қолданудың әдістемелік негіздері
Психикалық даму және оқыту жайлы
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Пәндер