Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тарау. ВЫГОТСКИЙ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Бала дамуы жайлы пікірі
1.2 Оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы
ІІ Тарау. ВЫГОТСКИЙ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯДА АЛАТЫН ОРНЫ
2.1 Адамның психикалық дамуының жалпы бағыты
2.2 Дамудың әлеуметтік жағдаяты
2.3 Ақыл-ойдың даму деңгейлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Л.С.Выготскийдің ізбасары, ғалым В.П.Зинченко Г.Л.Выгодская мен
Г.М.Лифанованың "Л.С.Выготский — жизнь, деятельность, штрихи к портрету"
кітабына алғы сөзінде былай деп ой толғайды: "Көптеген елдерде
Л.С.Выготский туралы ғылыми мақалалар мен кітаптар жарық көріп, оның
ілімдеріне арналған халықаралық және ұлттық конференциялар өткізілуде, оны
данышпан ғалым, психология ғылымының "Моцарты" деп атайды, ал біз болсақ
әлі күнге дейін қысылып, осы "Ұлы адам" туралы өз ойымызды толық жеткізе
алмай келеміз.
Л.С.Выготский дамытқан сананың мәдени-тарихи теориясы бізге ауадай
қажет. Оның теориясындағы негізгі ұғымдар: "мәдениет", "тарих", "сана"...
Л.С.Выготскийдің теориясы 1991 жылы коммунистік идеология қирағаннан
кейін де өз маңызын жойған жоқ. Ол тек кеңестік психологиядағы ғана емес,
әлемдік психологиядағы құбылыс...
Л.С.Выготский — отандық психологияның біртұтас дәуірі, оның ілімі
"құдіретті, себебі ол дұрыс" болғандықтан емес, себебі ол — зиялы, мәдени,
тарихи, сондықтан әрқашан да заман талабына сай және қызықты".
Осындай пікірді жалғастыра келіп, В.П.Зинченко: "Белгілі психологтар
— В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, Д.Б.Эльконин және
көптеген дефектологтар Л.С.Выготский теориясының іргелі қағидаларына сүйене
отырып, оны әрі қарай дамытқан", — деп атап көрсетеді. Л.С.Выготскийдің
сана мен іс-әрекет парадигмасын оның ізбасарлары тек іс-әрекет
парадигмасымен ауыстырды.
Л.С.Выготскиймен қатар еңбек еткен психологтардың көпшілігі ұмытылып
және ғалымның еңбектерін шығарута ұзақ уақыт бойы рұқсат берілмей
келгенімен, оның есімі ғылыми басылымдарда үнемі аталып отырады.
Л.С.Выготскийдің ізбасарлары оның сана туралы ойының екі жақтылығын
бөліп қарастыратынын: сана — тұрмыс үшін және сана — сана үшін екендігін
ұзақ уақытқа ұмытып кетті. Соңғысы, яғни "сана — сана үшін" міндетті түрде
іс-әрекеттен жоғары. Осы тұрғыдан қарағанда, ғана нағыз іс-әрекет пен
сананың арақатынасы дұрыс болып, адамның әрекеті жемісті болады. Осыған
байланысты Л.С.Выготскийдің адамның жеке-даралығы, оның жеке тұлғалығына
көзқарастары кеңестік кезеңнің идеологиясына сай келмейді.
І Тарау. ВЫГОТСКИЙ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Бала дамуы жайлы пікірі
Адам жан дүниесінің сыр-сипатын терең зерттеген Л.С.Выготскийдің адам
психикасының мәдени-тарихи дамуы және "бала дамуының жақын арадағы аймағы"
деп аталатын тұжырымдары айрықша атап көрсетуді қажет етеді. Мәдени-тарихи
теория туралы Выготский іліміндегі жүйе, ең алдымен, адамның әлеуметтік
өміріндегі тіршілік бейнесі қоғамның даму дәрежесіне, екіншіден, ондай даму
деңгейі сол әлеуметтік өрістің заттарды ұстап-тұтыну деңгейіне тәуелді,
үшіншіден, адамның жарық дүниеге келуінен өмірінің соңғы кезеңіне дейін
ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде қалдыратын өмір тәжірибесіне, іс-әрекеті мен
мінез-құлық бейнесіне, бір сөзбен айтқанда, бүкіл жан дүниесінің өзгеріп
өрістеуіне, қалыптасуына ықпал етіп отыратын тарихи фактор ретінде
қарастырылады. Сондай-ақ баланың дамуы мен өсіп жетілуі, кәмелетке толып,
азаматтық қасиетке ие болуы, кісілік сипаттарының жетілуі де өрістеп
отыратын тарихи жағдайларға, әлеуметтік ортаға байланысты дамып жетілуі,
сыртқы ортадан түйсініп, қабылдаған, көріп білгендерін ой елегінен өткізіп,
санасының өрістеуіне әсер етуі сыртқы факторлардың (экстериоризация) ішкі
факторларға (интериоризация) айналуымен белгіленеді. Осы жайт
Л.С.Выготскийдің адамның мәдени-тарихи дамуы жайындағы теориясының
мәнісінен туындайды.
Л.С.Выготский теориясының енді бір ерекшелігі: баланың айналасындағы
адамдармен қарым-қатынас жасауда тарихи тәжірибелерді, тыныс-тіршілік
шындығын өзгелердің сөзінен, тәлім-тәрбие өнегесінен жанамалай үйренуі.
Осылайша, бала өзінің дербестігін, жеке басының психикалық қасиеттерін
өрістетеді, әлеуметтік ортадан меңгерген білімі мен әр алуан мағлұматтары
оның ішкі дүниесінің, психикасының дамуындағы ең жоғары функция, яғни
болмыстың бала санасындағы бейнеленуі деп аталады.
Баланың басынан кешірген әр қилы оқиғалар мен болмысты белгі,
таңбалар ретінде танып-біліп, мән-жайын түсінуі оның жан дүниесін байытады,
яғни мұндай процесс баланың әрбір нәрсенің мазмұнын өз ойымен, ақылымен
пайымдай білуін қалыптастырады. Выготскийдің айтуынша, дамудың осы жолы
бойынша материалдық (заттық) дүние жоғары психикалық қызмет арқылы мәдени
факторға (оның бейнесіне) айналады. Сондай-ақ жаттаудың сөздік-мағыналық
еске айналуы, нәрселердің бейнесін көз алдына келтіріп елестетуі — сол зат
жайындағы ойлау әрекетіне алып келеді, немесе бұлар шығармашылық қиялға
айналады: қарапайым қимыл-қозғалыстар ерікті қимыл-әрекеттерге ауысады.
Жоғарыда айтқанымыздай, ішкі процестер толығымен сыртқы әсерлер нәтижесінде
пайда болып, қайтадан ішкі процестерге (интериоризация) айналады.
Психикалық құбылыстардың пайда болуы туралы осы пікір, баланың мәдени
дамуындағы кез келген функциясының сыртқы көрінісінің сахнаға шығуы екі
түрлі бағытта анық байқалатынын көрсетеді. Оның бірі — әлеуметтік сипатта,
екіншісі психологиялық сипатта көрініп отырады. Даму процесіндегі мұндай
психикалық заңдылық алдымен адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы өріс
алса, кейіннен оның нәтижелері адамның ішкі көңіл-күйінен жақсы байқалады.
Л.С.Выготский "Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы" дейтін
еңбегінде (1931) осы пікірін одан әрі жалғастыра түсіп, "баланың жоғары
психикалық функциясы әлеуметтік ортада ересектермен қарым-қатынас жасау
арқылы туындап отырады, осы жағдайда ғана оның сана-сезімі өсіп жетіледі",
— дейді. Л.С.Выготскийдің бұл тұжырымы "баланың дамуының жақын арадағы
аймағы" жайындагы қағидасына негіз болды.
Л.С.Выготский тарихи даму кезеңдерінде адам психикасының өзгеріске
түсіп отыратындығын, әсіресе оның ойлауы мен сөйлеуінің өрістеу сатыларын
жан-жақты іздестіреді. Осы тұжырымның мәні 1934 жылы жарияланған "Ойлау мен
сөйлеу" деген еңбегінде қарастырылған.
"Ойлау мен сөйлеу" еңбегіне жазған алғы сөзінде, осы еңбектің
міндеттерін Л.С.Выготский былай анықтаған: "негізгі міндетке сәйкес біздің
зерттеуіміз бен жұмыстың бағдарламасы да анықталды. Біз жұмысты мәселені
қою мен зерттеу әдістерін іздеуден бастадық. Содан кейін мәселенің қойылуы
мен зерттеу әдістерін басынан-ақ дәстүрлі сұрақ қою мен дәстүрлі әдіске
қарама-қарсы қоя отырып, осы арқылы өз жұмысымыз барысында нені іздеуіміз
керек және, ең соңында, ол бізді қайда әкеп тірейтінін белгілеу мақсатында
сыни зерттеуімізде Ж.Пиаже мен В.Штерннің аяқталған және ең мықты екі
теориясы — сөйлеу мен ойлаудың дамуы туралы теорияларын талдауға тырыстык,
Одан әрі сөз түріндегі ойлаудың негізгі түрлері мен түсініктерінің дамуын
эксперименттік зерттеу, ойлау мен сөйлеудің генетикалық түп тамырын анықтай
отырып, сол арқылы сөз түрінде ойлаудың генезисін зерттеу — жұмысымыздың
бастапқы мәселесі".
Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырым-дамасының түйіні болып
табылатын "Жоғары психикалық функциялардың даму тарихы" (жоғары психикалық
функциялар дамуының проблемасы; олардың талдауы; кұрылымы; шығу тегі),
сонымен қатар психикалық функциялардың негізгілеріне жататын ойлау мен
сөйлеу (іштей және сырттай), балалық шақтағы көптілділік мәселесі және
"мәдени жас" проблемалары қарастырылады.
II тарауда жасөспірімдердің жоғары психикалық функцияларының (ойлау,
ұғым қалыптасу, қиял) қалыптасып дамуына арналған еңбектері, ал III тарауда
ойлау мен сөйлеу проблемалары, оның түпкі мәселелерінің зерттелуі берілген.
Л.С.Выготскийдің психология ғылымы саласынан жазған еңбектерін 1930
жылдары қазақ оқырмандарына алғаш таныстырып, түсінік берген профессор
Т.Т.Тәжібаев болса, психологиялық идеяларының бірсыпыра мәселелерін арнайы
зерттеп, жеткізген профессор М.М.Мұқанов.
Ғалымның таңдамалы еңбектері Ә.Ж.Алдамұратовтың құрастыруымен 1999
жылы Алматыда басылып шыққан. (Алғы сөзде Ә.Ж.Алдамұратовтың
Л.С.Выготскийді алғашқы аударушылардың бірі ретіндегі кейбір ой-тұжырымдары
пайдаланылды.)
Психология ғылымының даму проблемаларын XX ғасырда теория жүзінде де,
эксперименттік зерттеулерінде де жан-жақты қарастырған, психологиядағы
мәдени-тарихи дамудың іргетасын қалаған, атақты ғалым Л.С.Выготский
еңбектерінің неғұрлым толық аудармасы қазақ тілді оқырмандарға алғаш
ұсынылып отыр. Қазіргі кезде психология мамандығына деген қызығушылық өсіп,
көптеген жоғары оқу орындарында психолог-мамандарды дайындау қолға алынып
отырғаны белгілі. Соған орай психологияны қазақ тілінде сөйлету де бүгінгі
күннің қажеттілігі болып отыр.

Адамды оқыту мен дамытудың арасындағы байланыс – педагогикалық
психологияның ең бір маңызды проблемасының бірі. Оны қарастыру барысында:
а) дамытудың өзі күрделі инволюциялық-эволюциялық алға жылжушы қозғалыс
болып табылады, оның жүру барысында адамның өзінде ілгерінді - кейінді
интеллектуалдық, тұлғалық, мінез-құлықтық, әрекеттілік өзгерістер жүреді
(Л.С. Выготский, Б.Г Ананьев);
б) дамыту, әсіресе тұлғалық өмірдің өзі тоқтаған сәтіне дейін тоқтамайды,
ол тек бағыты, қарқындылығы, сипаты мен сапасы бойынша ғана өзгеріп
отырады. Дамытудың ортақ сипаттамалары: қайтымсыздық, прогресс-регресс,
бірқалыпсыздық, алдыңғының жаңада сақталынуы, өзгеру мен сақталудың бірлігі
болып табылады [4]. Психикалық дамуды анықтаушы факторлар ретінде В.С.
Мухина оның алғышарттарын, дамудың шарттары мен байланыстарын және баланың
ішкі позициясын қарастырады [6, 11-566.].
Білім берудің кез-келген жүйесінің негізгі мақсаты - білім алушы (оқушы)
тұлғасының дамуы жөнінде айта келе, ең алдымен қазіргі замандағы
педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірін атап өту қажет, оған
сәйкес оқыту адамның психикалық және жалпы алғанда, тұлғалық дамуының шарты
ғана емес, сонымен қатар оның негізі және құралы болып табылады. Оқыту мен
дамытудың ара қатысының сипаты туралы сұрақ та маңызды. Бұл сұраққа жауап
педагогикалық психология үшін өте маңызды.
Бұл сұрақты шешуде әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы, олардың бірі
бойынша, оқыту дегеніміз дамытудың өзі (У. Джемс, Э. Торндайк, Дж. Уотсон,
К. Коффка), алайда, оқыту табиғатын (оқу, үйрету) барлығы өздерінше
түсінеді. Басқаларға сәйкес, оқыту - бұл тек қана жетілудің, дамудың сыртқы
шарттары. Даму - мүмкіндік туғызады, оқыту - оны жүзеге асырады немесе,
басқа сөзбен айтқанда, оқыту дамытудың ең аяғында келе жатыр [47, 225-226
б.]. Ж. Пиажеге сәйкес, баланың ойы белгілі фазалар мен кезеңдерден
қажеттілік болғандықтан өтеді, ол баланың оқытылуы, оқытылмауына тәуелсіз
[47, 227 б. цит. бойынша].
Отандық психологияда Л.С. Выготский тұжырымдаған және зерттеушілердің
көпшілігі құптайтын көзқарасты ұстанады. Бұл көзқарасқа сәйкес, оқыту мен
тәрбиелеу баланың психикалық дамуында жетекші рөл ойнайды. Оқыту дамуда
тек қана жуық арада болатын салдар ғана емес, алыс болашақта болатын
салдарға ие болады, оқыту тек қана дамудың соңынан ғана, онымен қатарласа
жүріп отыра алады, ол дамудың алдына түсіп, оны ары қарай итермелеп, онда
жаңа қасиеттер туғызып жүре алады [47, 231 б.]. Бұл ереже тек қана отандық
психологияда ғана үлкен бетбұрыс емес, сонымен бірге оны АҚШ-та қабылдаған
Дж. Брунердің когнитивтік психологиясы үшін үлкен бетбұрыс болды. Брунер
атап өткендей, ...ғылым негіздерін оқытуда, ең қарапайым деңгейдің өзінде,
баланың танымдық дамуының табиғи ағымына көзсіз еріп отыруына болмайды.
Оқыту осы дамытудың жетекші факторы бола алады, ол оқушыға қызықты және
әлбетте жүзеге асырылатын мүмкіндіктерді пайдаланып. өз дамуын қарқынды
түрде жүргізу мүмкіндігін ұсынады [34, 364 б.]. Л.С. Выготскийдің тезисі
бойынша, оқыту мен дамыту- біртұтас оқыту дамытуды озып өтіп, оны
стимулдайды, және дәл сол уақытта оның өзі актуалды дамуға сүйенеді. Осыдан
барып, оқыту кешегі күнге емес, бүгінгі күнге бағыттануы тиіс [47, 251
б.]. Бұл ереже оқытуды ұйымдастырудың барлығына, жалпы педагогика үшін
маңызды.
Дамудың қарастырылған проблемалары бірқатар сұрақтардың жауабы болып
отыр: тұлғаның психикалық дамуының жалпы бағыттары қандай, оның қозғалтушы
күші не, дамудың әлеуметтік жағдаяты қандай, ол қандай негізгі бағыттар
бойынша жүреді. Кез-келген тип бойынша жүзеге асырылатын оқыту, егер ол
басқарылатын және өзінің негізгі мақсаты - оқушы тұлғасын дамытуға, оның
психикалық дамуына қол жеткізгісі келсе, осы сәттердің барлығын ескере
алмауы мүмкін емес.

Жалпы ғылымдық анықтама бойынша, даму дегеніміз материя мен сананың
жалпыға ортақ қасиеті. Ол бір мезгілде үш қасиетпен: өзгерістердің даму
үстіндегі объектісінде болып жатқан бағыттанулар және заңдылықтармен,
қайтымсыздықпен сипатталады. Бұл жерде оның негізгі сипаттамасының бірі
-уақыт, нақтырақ айтқанда, уақыт бойында созылмалылығы, ол дамудың бағытын
анықтайды. Г. Гегельдің даму бағытын абстрактіден нақтыға қозғалыс
ретіндегі дамудың бағыты деп (жалпы рухтың) анықтауы - Г. Спенсердің
еңбектерінде дамудың ортақ заңының күшіне ие болған. Ол психикалық дамуды
тұжырымдау үшін өте маңызды. Бұл жалпыдан жекеге даму туралы ой Я. А.
Коменскийдің оқыту жүйесіндегі негізін қалаушы табиғи сәйкестілік
принципінің негізінде алынған болатын, ...табиғат барлығын көлемі бойынша
мардымсыз, бірақ ішкі қуаты бойынша күшті бастаулардан алады... табиғат
өзінің жалпыға білім беру қызметін ең ортақтан бастайды және жекемен
аяқтайды [231, 34-35 б. цит. бойынша].
Ақыл - ой дамуының ортақ заңдарын талдай келе, Н.И. Чуприкова оны,
біріншіден, когнитивті құрылымдардың жүйелі ұйымдастырылуымен, когнитивтік
схема-көрсеткіштермен, екіншіден, кез-келген басқа жүйе сияқты, когнитивті-
көрсеткіштік құрылым да дамиды, яғни ой-еңбегінің дамуы жалпыға ортақ даму
процесінің жеке көрінісі, ол да жалпыдан жеке заңына бағынады деген
тұжырыммен сәйкестендіреді. Психикалықтың да, атап айтқанда, адамның ой-
еңбегінің дамуы, тұлғаның жалпы дамуымен салыстырылмауы тиіс. Тұлға мен
психика бірлікте болса да салыстырылуға келмейтіні сияқты, тұлғаның дамуы
(қоғамдық қатынастардың субъекті, индивидтің жүйелі әлеуметтік сапа-сы
ретінде) мен психиканың дамуы бірлік құрайды, алайда олар тепе-теңдік
құрамайды [168, 15 б.].
Психикалық дамудың қозғаушы күштері
Қарама-қайшылық категориясы диалектикадағы ең басты категория екені
белгілі (Г. Гегель, Ф. Энгельс). Г. Гегель қарама-қайшылықты дамудың ішкі
импульсы ретінде қарастырған. Қарама-қайшылық категориясын отандық
психологияда оның қозғушы күштерін талдау барысында психикалық дамудың
сипаттамасына кіргізеді (А.Н. Леонтьев, А.В. Запорожец, С.Н. Карпова). Бұл
күштер әр түрлі қарама-қайшылықтармен сипатталады: адамның сұранысы мен
сыртқы жағдайлар; дамып келе жатқан қабілеттіліктер (физикалық және рухани
мүмкіндіктермен) мен әрекеттің ескі формаларымен; жаңа әрекеттің тудыратын
жаңа сұраныстары мен оларды қанағаттандырудың мүмкіндіктерімен (құралдары
және әдістерімен); әрекеттің жаңа талаптары мен әлі қалыптаспаған біліктер
арасындағылармен, жалпы алғанда жаңа мен ескінің арасындағы диалектикалық
қарама-қайшылықтар. Басқа сөзбен айтқанда, адамның психикалық дамуындағы
қозғаушы күш болып оның меңгерген білімінің, дағдысы, қабілеті мен мотивтер
жүйесінің даму деңгейі мен оның қоршаған ортамен байланысының түрлері
арасындағы қарама-қайшылықтар болып табылады.
Психикалық дамудың қозғаушы күштерін осылайша түсінуді Л.С. Выготский,
А.Н. Леонтьев, Д.Б. Эльконин тұжырымдаған болатын. Бұл жерде психикалық
дамуы тұлғаның ілгерінді сапалық өзгеруі ретінде дәлелденеді, оның
барысында оларда әр түрлі динамика мен жас ерекшеліктеріне байланысты жаңа
өзгерістер қалыптасады. Жас ерекшеліктерге байланысты өзгерістер деп
тұлғаның қалыптасуы мен әрекетінің жаңа типін, берілген жас ерекшелік
сатысында алғашқы рет пайда болған және ең маңызды және негізгіде баланың
санасын, оның қоршаған ортасына көзқарасын, оның сыртқы және ішкі өмірін,
яғни берілген уақытта оның дамуының барлық ағымын анықтаушы оның психикалық
және әлеуметтік өзгерістерін түсіну қажет [49, 248 б.].
Даму баяу, бірқалыпты немесе қызу жүре алады. Л.С. Выготскийдің
анықтамасы бойынша, революциялық, кей жағдайларда апаттық сипатта бола
алады. Күрт алға басулар, қарама-қайшылықтардың шиеленісуі, дамудағы
бұрылыстар шиеленіскен дағдарыс формасын қабылдай алады. Л.С. Выготский
бойынша, психологияда дағдарыстық кезеңдердің бес түрі белгілі. Жаңа туған
нәресте дағдарысы дамудың ұрықтық кезеңін нәрестелік жастан бөледі. Бір жас
дағдарысы- нәрестелік жасты ерте балалық шақтан бөледі. 3 жастың дағдарысы
- бұл ерте балалық шақтан мектепке дейінгі жасқа көшу. 7 жастың дағдарысы
мектепке дейінгі жастан мектеп жасының арасындағы қосушы буын болып
саналады. Ең соңында, 13 жастың дағдарысы - бұл мектеп жасынан пубертаттық
жасқа көшудегі дамуда үлкен өзгеріспен сәйкес келеді [49, 248-256 б.]
(пубертаттық -толысқан, жыныстық қалыптасу). Бұл жерде дамудың
салыстырамалы, бірқалыпты және шұғыл өзгерістеріндегі сәттердің біршама
кезектесуінің ортақ схемасы тұрақты болып қалады. Бұл жағдайда
дағдарыстардың баланың өмір сүру жағдайында орын алатын өзгерістермен
байланысты екеніне назар аудару қажет, мысалы оның мектепке дейінгі балалық
шағынан мектепте оқу кезіндегі балалық шағына көшуімен байланысты.
2.2 Дамудың әлеуметтік жағдаяты
Л.С. Выготский педагогикалық психология үшін өте маңызды дамудың
әлеуметтік жағдаяты ұғымын кіргізді. Дамудың әлеуметтік жағдайы бала мен
әлеуметтік ортаның қарым-қатынасының белгілі бір жүйесі болып табылады, ол
даму процесінің мазмұнын, бағытын және жаңадан пайда болған негізгі
өзгерістермен байланысты оның орталық бағытының қалыптасуын анықтайды. Бұл
жүйенің өзгеруі жас ерекшеліктердің өсімінің негізгі заңын айқындайды. Осы
заңға сәйкес, баланың белгілі бір жаста дамуын қозғаушы күштер ішкі
қажеттілік пен дамудың әлеуметтік жағдаятының күшін жоғалтуын анықтай
отырып, осы жаста дамудың барлық даму негіздерін теріске шығару күйзелтуге
сөзсіз әкеліп соғады, дамудың берілген дәуірінің аяқталуы келесі немесе
жоғары жас ерекшеліктік сатыға ауысқанын анықтайды [49, 260 б.].
Осымен қатар, Л.С. Выготский әр уақытта психикалық даму - бүкіл
тұлғаның біртұтас дамуы деп үнемі ерекше атап өтеді. Баланың әлеуметтік
өмір шындығына қатынасы ретінде дамудың әлеуметтік жағдаяты деген ұғымға
осы қатынастарды жүзеге асырушы құралдарды - жалпы әрекет пен жетекші
әрекеттің нақты түрлері де кіреді, атап айтқанда, Л.С. Выготский бойынша,
әрекеттің кейбір түрлері берілген кезеңде жетекші болады және тұлғаның ары
қарай дамуында үлкен маңызы болады, басқалары- азырақ. Кейбіреулері дамуда
басты рөлді ойнайды, басқалары - бағынышты рөл ойнайды [111, 285 б.].
Психикалық дамудың негізгі сызықтары
Ұсынылып отырған қарастыру тұрғысынан жалпыға ортақ қабылданған
ережені басшылыққа аламыз, алайда даму бала тұлғасын толығымен қамтиды, бұл
процесте бірқатар негізгі сызықтар (бағыттар) белгілене алынады. Мысалы,
баланың психикалық дамуы оның біртұтас тұлғалық дамуы сияқты бір мезгілде
келесі сызықтар бойынша жүзеге асырылады: танымдық аясы (интеллектің
қалыптасуы, таным механизмдерінің дамуы); әрекеттің психикалық құрылымы мен
оның мазмұны (мақсаттар, мотивтер және олардың ара қатынасының дамуы,
әрекеттің құралдары мен әдістерін меңгеру); тұлғаның (бағыттануы, құндылық
бағдарлануы, өзіндік сана - сезімі, өзін-өзі бағалау, әлеуметтік ортамен
өзара әрекеттесуі, т.б.). Бала дамуының бағыттары біраз басқаша ұсынылуы да
мүмкін - даму ретінде:
а) білімдердің; әрекеттің тәсілдері;
б) меңгерілген тәсілдерді пайдаланудың психологиялық механизмі; в)
тұлғаның дамуы, оған әрекет те кіреді [43, 30 б.].
Л.И. Айдарова осы сызықтардың қатарында интеллектуалдық, тұлғалық
сызықтармен қатар тілдік дамуды да белгілеп атап өтеді [3]. Баланың барлық
интеллектік, тұлғалық- әрекеттік қалыптасуында психиканың арындылығы,
интегративтілігі, жүйелілігі, сензитивтілігі, компенсаторлығы сияқты
негізгі заңдылықтарының көрініс табатыны маңызды. Бала дамуы сызықтарының
үшеуінің әрбіреуін толығырақ қарастырайық (интеллект, әрекет, тұлға),
сонымен қатар нақты өмірде олардың бір-бірінен ажыратылмайтынын атап
өткеніміз қажет.
Интеллектің дамуы
Баланың интеллектің оның танымдық саласын дамыту, отандық психологияда
Л.С. Выготскийдің жоғары психикалық функцияларды дамыту теориясының жалпы
контексінде беріледі. Бұл теорияда адамның әлеуметтік мәні және оның
әрекетінің жанама түрдегі сипаты (оның құралдылығы, белгілілігі)
аталынады. Жалпы адамның интеллектуалды дамуы келесі негізгі салалар
бойынша жүреді: тікелейден - жанама түрліге; жалпы бөлшектелмегеннен
жіктелгенге және де сол уақытта өмір шындығын жалпыланған түрде
(абстрактілі) бейнеленуіне, еріксіз, реттелуге келмейтіннен - еркінге.
Баланы интеллектуалдық дамыту барысында психикалық танымдық процестердің
өздерінде де өзгерістер жүріп жатады. Олар сапалық жағынан, мысалы, еріксіз
есте сақтаудан еркін есте сақтауға, ойлаудың көрнекі - әсерлі, көрнекі-
бейнелік түрінен оның дерексіз және абстрактілі қисынды (логикалық) және
теоретикалық ойлау түріне өзгереді.
Онтогенезде күрделенетін құрылым ретінде интеллекті дамыту, ең
бастапқы кезеңінен бастап - баланың интеллектуалдық дамуының сенсомоторлық
деңгейін белгілеуді (0-2 жас) толығымен Ж. Пиаже ашқан. Ол ойлау әрекетінің
құрылымы болып табылатын интеллекті баланың (логикалық) қисынды ойлауын
дамыту мысалында шешті. Оның зерттеулерінің ең басты міндеті - логикалық
(қисынды) операциялардың психикалық механизмдерін зерттеу үшін интеллектің
тұрақты, біртұтас, логикалық құрылымдарының біртіндеп пайда болуын
белгілеу [150, 20 б.]. Бала логикасының онтогентикалық дамуын зерттеу Ж.
Пиаженің теориясында келесілерге сүйенеді:
- интеллектуалдық даму тепе-теңдікке ұмтылады, оның соңғысы бөлшектер
мен тұтастың теңестірілетін құрылымы;
- интеллектуалдық дамудың әрбір деңгейі жинақталған тәжірибе ретінде
әрекеттер схемасына рәсімделеді;
-жаңа ой-еңбектік құрылымдар әрекеттер негізінде қалыптасады;
1) субъектің қоршаған ортамен өзара әрекеттесуінің құралы ретіндегі
функциялар (динамикалық процестер): ассимиляция мен аккомодацияның тепе-
теңдігінен тұратын ұйымдастыру мен бейімделу;
2) өмір сүру барысында қалыптасатын жүйелер ретіндегі құрылымдар
арасындағы ара қатынас дамудың үздіксіздігін, сабақтастығын және әрбір жас
ерекшелік сатысында оның сапалық өзінділігін қамтамасыз етеді [150, 23
б.].
Ойлау қисынын дамыту, Ж. Пиаже бойынша, операцияны дамыту, бұл ішке
қарай көшірілген әрекеттер, олар жүйе ішінде қайтымды және үйлестірілген,
жүйеге біртұтастық ретінде қарайтын заңдарға бағынатын әрекеттер [173, 579
б.], мұнда қарама-қарсы әрекетке ауысу ретіндегі қайтымдылық (мысалы,
қосылу және ажырастыру) негізін қалаушы категория болып табылады. Ж. Пиаже
бойынша, операцияны құру төрт кезеңнен өтеді: қайтымдылыққа енді ғана
белгілі беталыстары біліне бастаған моторлық әрекеттерден, тек қана
сенсомоторлық әрекеттердің ғана қайтымдылығымен сипатталатын операцияға
дейінгі кезеңге дейін; логикалық, қисынды операциялар ... қайтымды
жүйелер формасына ие болған қосылу, ажыратылу, ретке келтірілу және
сәйкестікті белгілеу әрекеттерінің үйлестіру өнімі ретінде нақты операцияға
дейін жетіліп өседі [173, 587 б.] және ақыр соңында, балада үлкен адамның
логикасы... болжамдар мен ойлау қабілеттілігі қалыптасқан жағдайда -
пропозиционалды немесе формалды операцияларға [ 173, 587 б.] .
Операционализм негізінде интеллектуалдық (логикалық) дамуды осылайша
түсіну - бұл процесті жалпы инволюциялық-эволюциялық, үдемелі процесс
ретінде, жалпы дидактикалық анықтамамен байланыстырады, онда әрекеттің
талдамалық-синтетикалық дамуы мен жетілдірілуінің негізінде (С.Л.
Рубинштейн) интеллектің құрылымдануы, оның біртұтас құрылымының пайда
болуы, компоненттерінің ара қатынасының өзгеруі одан есе көп жүреді, ол
есею кезеңінде де жалғаса береді. Бұл құрылымды интеллектуалдық
міндеттердің әрбіреуінің арасындағы белгілі байланыстар неғұрлым анығырақ
байқала бастайды, олар бір бүтін болып қосылады. Осылайша, ересектердің
әсерінен (олардың қатысуымен де), баланың өзінің және оқытудың пәндік-
коммуникативтік әрекетінің әсерінен оның танымдық аясын өзгерту, жасы өскен
сайын оның ой-еңбектік әрекетінің біртіндеп күрделенуі, Б.Г. Ананьев
бойынша, сенсорлық-перцептивті (сезіну, қабылдау) мнемикалық (ес, ойлау),
атенциондық (зерде) сияқты компоненттерінде интеллектің біртұтас құрылымын
қалыптастыру түрінде көріне бастайды [7,348-362]. Б.Г.Ананьев мектебінің
зерттеушілері интеллект құрылымының үнемі өзгеріп отыратынын көрсетті.
22 жастан 25 жасқа дейін адам интеллектінің құрылымында екі ұйытқы
сақталынады (факторлық және корреляциялық талдаудың деректері бойынша),
оларға барлық психикалық процестер мен көрсеткіштерді қосатын байланыстар
тартылады. Бірінші ұйытқы - мнемикалық, яғни, ес пен ойлаудың бірыңғай
құрылымы, екіншісі - атенциондық, яғни, зерде ұйытқысы. 30 жастан 35 жасқа
дейін интеллект құрылымында тағы да үш ұйытқы қалыптасады: мнемикалық,
логикалық және атенциондық. Атенциондық ұйытқының болуы адамның зердесін
анықтайтын сананың бағыттануы мен шоғырланушылығы, оның интеллектуалдық
әрекетінің маңызды шарты болып табылады. 34-35 жаста интеллект құрылымында
тағы да екі ұйытқы пайда болады, былайша айтқанда, оның тартылуы жүреді
және барлық корреляциялық байланыстар логикалық және атенциондық ядролардың
төңірегіне топталады.
Интеллектің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz