Кіші жастағы оқушылардың дамуы


Кіші жастағы оқушылардың дамуы
Бастауыш сынып мұғалімі баланы оқыту және тәрбиелеу ісімен тікелей айналысатын болғандықтан, баланың жалпы дамуымен, психологиялық ерекшеліктерімен таныс болуы тиіс. Мұның өзі мұғалім мен оқушы арасындағы өзара түсіністікке, өзара сыйластыққа, жайлы қарым-қатынастың орнығуына ықпал етеді.
Негізінен, бала алты жастан бастап жүйелі мектептік оқытуға дайын болады. Бұл жастағы баланы тұлға ретінде сөз етуге болады, өйткені ол өз мінез-құлқын сезіне алады, өзін басқалармен салыстыра алады. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында бірқатар жаңа психологиялық құрулар қалыптасады:
- қоғамдық маңызды әрекеттерге ұмтылу; өз мінез-құлқын басқаруға қабілеттілік; қарапайым қорытынды жасай алу білігі; практикалық сөйлеу тілін игеруі; өзге адамдармен өзара байланыс және ынтымақтастықты құра алу білігі.
6-7 жаста баланы өміріндегі бірінші ірі өзгерістер күтіп тұрады. Мектептік жасқа өту оның әрекеттерінде, қарым-қатынасында, өзге адамдармен қатынасындағы шешімді өзгерістермен байланысты болады. Жетекші әрекет оқу болып табылады, өмір тәртібі өзгереді, жаңа жауапкершіліктер пайда болады, баланың қоршаған ортамен қатынасы жаңарады.
Қазіргі бірінші сыныптықтардың ерекшелігі - мұғаліммен қарым-қатынастағы «демократиялылық», мінез-құлқының еріксіздігі, мектеп өмірі нормаларына сәйкес өз әрекеттерін реттей алмауы. Мұғалімдердің айтуынша, мұндай олқылықтар қазіргі балаларда тіпті 1-сыныптың соңында да байқалады. «Қажет», «болмайды», «аяғына дейін орында» тағы басқа талаптар - үлкендердің барынша табандылығымен қабылданады және орындалады. Мұның өзі олармен қарым-қатынас сарынын өзгерту керектігінен белгі беру емес пе екен?
Мұғалімдердің пікірінше, қазіргі бірінші сыныптықтар осыдан он жыл бұрын партаға отырған құрбыластарынан өзгеше. Ақпараттар ағымының көптігі балаға, сөз жоқ, бір жағынан ауыртпалық түсірсе, екінші жағынан балалардың неғұрлым дамыған, өз сезімдерін жеткізуде әлеқайда еркіндеу болып келетінін айқындайды. Адамдар арасында айқын жіктелу пайда болды. Балалар мұны түсінеді. Олардың жоғары сұранысын қанағаттандыру мектепке қиынға түсуде. Тәрбие осы өзгерістерге үлгеріп, өз уақытында қайта құрыла білуі керек.
Биологиялық жағынан кіші жастағы балалар екінші дөңгелектену кезеңін бастан өткереді: олардың бұрынғы жасқа қарағанда бойларының өсуі бәсеңдейді және салмағы біршама өседі; сүйектері қатаяды, бірақ бұл үдеріс тоқталмайды. Бұлшық ет жүйелері қарқынды дамиды. Сүйектің ұсақ бұлшық еттерінің дамуымен нәзік қозғалыстарды орындау қабілеттілігі пайда болады, осының арқасында балалар жылдам жазу дағдыларын игереді. Бұлшық еттердің күші артады. Бала организмінің барлық тіндері өсу жағдайында болады.
Кіші мектеп жасында нерв жүйесі жетіледі, бас миының үлкен жартышар фукциясы қарқынды дамиды, қыртыстардың талдау және жинақтау функциялары күшейеді. Кіші мектеп жасындағылардың ми салмағы үлкен адамдардың ми салмағына жете қабыл болады және орташа салмағы 1400 грамға дейін көбейеді.
Бала психикасы жылдам дамиды. Қозу және тежелу үдерістерінің өзара қатынасы өзгереді: тежелу үдерісі неғұрлым күшті болады, қозу бұрынғыша басымырақ - кіші мектеп жасындағылар жоғары деңгейде қозғыш келеді. Сезім мүшелері жұмысының нәзіктігі артады. Мектепке дейінгі жастағылармен салыстырғанда түстерге сезімталдық 45 пайызға, буын-бұлшық ет сезінулері 50 пайызға, көру - 80 пайызға артады (А. Н. Леонтьев) .
Кіші жастағылардың танымдық әрекеттері оқыту үдерісінде айырықша өтеді. Қарым-қатынас саласын кеңейтудің мәні зор. Оқушыларда қалыптастыру немесе дамытуға қажетті жылдам ағымдық құрулар, жаңа сапалардың көптігі, барлық оқу-тәрбие жұмыстарын педагогке қатаң мақсатты бағыттауды талап етеді.
Кіші жастағы оқушылардың қабылдауы тұрақсыздықпен және ұйымдаспағандықпен, сонымен қатар қызығушылықтың өткірлігі және балғындығымен ерекшеленеді. Кіші жастағы оқушы 6 және 9 цифрын, р әрпі мен ь (жіңішкелік белгісін) шатастыруы мүмкін, алайда күн сайын өзі үшін жаңалық ашатын қоршаған өмірді қызығушылықпен қабылдайды. Айқын көрінетін сезімталдық қабылдауды шамалы саралау мен талдаудың әлсіздігі орнын толтырады. Осыған сүйене отырып, тәжірибелі мұғалімдер біртіндеп оқушыларды мақсатты түрде тыңдай білуге және көңіл аударуға үйретеді, байқампаздықты дамытады. Мектептің бірінші сатысының соңында баланың қабылдауы күрделенеді және тереңдейді, талдау, саралау пайда бола бастайды.
Кіші жастағы оқушылардың зейіні ырықсыз, тұрақсыз, көлемі жағынан шектеулі болып келеді. Сондықтан бастауыш мектептегі оқу үдерісі түгелдей зейін мәдениетін тәрбиелеуге бағындырылады. Мектеп өмірі баладан ырықты зейінге үздіксіз жаттығулар жасауды, шоғырлану үшін ерік күшті талап етеді. Ырықты зейін басқа функциялармен және ең алдымен - оқу мотивациясы, оқу әрекеттеріндегі жетістікке жауапкершілікпен бірге дамиды.
Бастауыш мектеп балаларының ойлауы эмоционалды-бейнеліден абстракті-логикалыққа қарай дамиды. К. Д. Ушинский «Бала формалар, түстер, дыбыстар, жалпы сезінулер арқылы ойлайды» - деп, мұғалімдерге ескерте келе, алғашқы кезде бала ойлауының осы ерекшеліктеріне сүйенуге шақырды. Мектептің бірінші сатысының міндеті - бала интеллектісін себеп-салдарлық байланысты түсінуге дейін дамыту. Л. С. Выготский мектеп жасында баланың салыстырмалы түрде интеллектісінің әлсіз функциясын көрсететінін (барынша жақсы дамыған қабылдау және еске сақтау функцияларымен салыстырмалы түрде) айтты. Басқа уақытта емес нақ осы мектеп жасында бала интеллектісі барынша қарқынды дамиды. Осы кезеңде, әсіресе, мұғалімнің рөлі зор. Зерттеулер көрсеткендей, оқу-тәрбие үдерісін әр қилы ұйымдастыру, оқыту мазмұны мен әдістерін өзгерту, танымдық әрекеттерді ұйымдастыру әдістемесі арқылы кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының мүлдем әр түрлі сипаттамасын алуға болады.
Бала ойлауы сөйлеу тілімен өзара байланыста дамиды. Зерттеулерге сәйкес қазіргі үшінші сыныптықтардың активті сөздік қоры шамамен 3500-4000 сөз деп есептеледі. Мектептік оқыту әсері тек қана баланың сөздік қорын байытудан ғана көрінбейді, ең алдымен, өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізудің маңызды білігін иеленуден көрінеді.
Оқушының танымдық әрекеттерінде ес үлкен рөл атқарады. Бірінші саты оқушыларының табиғи мүмкіндіктері өте зор: оның миының созымдылығы соншалық, оған сөзбе-сөз еске сақтау тапсырмаларын оңай орындауға мүмкіндік береді. Салыстыратын болсақ: 15 сөйлемнен мектеп жасына дейінгілер 3-5, кіші жастағылар 6-7 сөйлемді еске сақтайды. Оның есі көбінесе көрнекі-бейнелі сипатта болады. Қызықты, нақты, көрнекі материал қатесіз сақталады. Алайда бастауыш мектеп оқушылары өз есін басқарып ұйымдастыра алмайды және оны оқу міндеттеріне бағындырады. Мұғалімге балалардың жаттау кезінде өзін-өзі бақылау, өзін-өзі тексеру, оқу еңбегін ұтымды ұйымдастыру білігін дағдыландыру оңайға түспейді.
Кіші оқушылардың тұлға болып қалыптасуы үлкендермен (мұғалімдермен) және құрбыластарымен (сыныптастарымен) жаңа қарым-қатынастар, жаңа әрекеттерден (оқу) және қарым-қатынастардан, ұйымдардың (жалпымектептік, сыныптық) тұтас жүйесіне кіруі әсерінен шығады. Оқушыда әлеуметтік сезім элементтері, қоғамдық мінез-құлық дағдылары (ұжымшылдық, қылығы үшін жауапкершілік, жолдастық, өзара көмек және т. б. ) қалыптасады. Кіші мектептік жас тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер береді. Бұған оқушылардың икемділігі (көнгіштігі) және иланғыштығы, олардың сенгіштігі, ал ең бастысы - мұғалімнің орасан зор беделі септігін тигізеді. Тұлғаны әлеуметтендіру, адамгершілік мінез-құлықтың қалыптасу үдерісінде бастауыш мектептің рөлі зор.
Мотивациялық сала қарқынды даму жағынан интеллектуалдық жағынан қалып қояды. Ерік қалыптаспаған, мотивтер (себеп, дәлел) жете түсінілмейді (ұғынылмайды) . Көтеріңкі сезімталдық, терең және күшті бастан кешіруге қабілеттілік ақыл дәлелдерінен басым болып келеді де, оқушы көптеген әрекеттерді ойланбастан жасайды. Мысалы, эксперименттің бірінде оқушыларға өте күрделі тапсырманы және онша қызықты емес жеңіл тапсырманы орындағандары үшін қызықты ойыншық беруді жария етеді. Балалардың барлығы дерлік тек 1-сынып қана емес, 4-сынып оқушылары да ойланбастан қиын тапсырманы таңдайды. Олар оны орындай алмады және ешбір сыйлық алмады. «Сендер не туралы ойладыңдар?» - деген сұраққа: «Еш нәрсе, конструктор алғымыз келді», - деп жауап берген. Тіпті жасөспірімдер осылайша жауап береді: қалау күшті, ал оның салдарын ешкім ойламаған. Демек, балада өте күшті тілек пайда болған жағдайда, оған дұрыс таңдау жасауға көмектесу керек.
Гуманистік тәрбиедегі үлкен проблемалар оқушылардың өзін-өзі жағымды бағалауымен байланысты. Оның қалыптасуына баланың отбасынан мектепке өтуі аса мәнді әсер етеді. Баланы мақтаған отбасындағы бағалау, және де оның мектептегі басқа балалармен салыстыра отырып нақты бағалануы, бір-бірімен сәйкес келмейді немесе сирек сәйкес келеді. Екіжақты қысымға төтеп беру(шыдау, төзу) қиын, сол себепті бала, жол табу үшін бір жақ жағаға жабысады, бұл көбінесе өзін-өзі бағалаудың төменгі деңгейі. Отбасы мен мектептің көзқарасы бір жерден шықпағанда, өзін-өзі төмен бағалау терең ішкі жайсыз сезінумен (дискомфорт) байланысты, бұл әрдайым бала психикасына қосымша күш түсіреді. Мұны жақсы түсінген Ж. Ж Руссо: «Тәрбие үйлесімділігі тәрбиешінің қалауы бойынша емес, баланың өз қалауы бойынша істелгенде мүмкін болады» деп айтқан. Бала қыңыр. Ол өз мінез-құлқындағы қайсыбір ерекшеліктерден босауды өзі қалағанда ғана барып, оны қайта тәрбиелеуге қол жеткізуге болады. Сондықтан жеке еркіндіктің алғаш белсене көрінуі балада дербестіліктің біртіндеп пайда болуына қарай бағытталуы керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz