Тәрбиенің оқу процесінен ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі – динамикалық жүйе ретінде.

Жоспары:
1. Бастауыш мектептегі ұйымдастыру әдістемесі пәні
2. Тәрбие барысының құрылымы
3. Бастауыш сынып мұғалімінің тәрбие жүйесін құраудағы іс - әрекеті

Тәрбие жұмысы – іркіліссіз, әрі кешенді түрде жүргізілетін іс. Сондықтан
баланы қазіргі әлемдік мәдениеттің рухымен де қоректендірген абзал. Ол
үшін жас ұрпақтың туған халқының қастерлі қасиеттерімен бірге, өзге
жұрттардың озық дәстүрінен үлгі алуына ықпал ету керек.
Тәрбие жұмысының әдістемесі пәні осы саладағы студенттердің білімін
кеңейте, тереңдете отырып, болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне кіші мектеп
жасындағы оқушыларды тәрбиелеу процесін ұйымдастыра білуді игеруге, оларды
педагогикалық ғылыми талаптарды ескере отырып, басқаруды үйретуге
жұмылдырады.
Тәрбие – педагогикалық процестің өте маңызы және өзіндік бет-
бағдары бар бөлігі екені белгілі. Оның өз мазмұны, өз принциптері бар және
өзіне тән әдістер мен тәсілдер көмегімен жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысының әдістемесі пәні педагогикалық ғылымдардың дамуы
барысында өзіндік бет- бағдары бар ғылыми пән ретінде қалыптасып және дамып
келеді. Оның міндеті – тәрбие беру жұмысын ұйымдастырудың негізгі бағыттары
мен принциптерін, формалары мен әдістерін ашып көрсету, педагогтарға тәрбие
беру өнерін меңгеруге көмектесу.
Тәрбиенің мәнін анықтайтын өзіндік белгілері болады. Ең алдымен, оның
тәрбие мақсатына бағытталған ықпалы көптеген жағдайларға байланысты
қиындай түсетін өте күрделі диалектикалық сипатының болуы. Тәрбиенің мәні –
адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендіріп, оынң ұжыммен және қоғаммен
практикалық қатынастарының жүйесін құру.
Зерттеуші ғалым Б.Иманбекова: Тәрбиелік жүйе дегеніміз – тұлғаның
рухани – адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін әлеуметтік
шындық құрауыштарының жиынтығы деп анықтама берген. Сондай – ақ автор
қазіргі мектеп тәжірибесіндегі негізгі жүйеге тоқталған. Осы екі бағытта:
а) оқушылардың оқу әркеті мен мұғалімдердің әдістемелік жұмыстарын
қамтитын дидактикалық жүйе ;
ә) оқудан тыс тәрбиелік іс – шаралар деп түсіндірілетін тәрбие жұмыстарының
жүйесі.
Мектеп тәрбиесінде осы екі жүйе қатар жүзеге асырылады, оны
директордың орынбасарлары басқаратыны белгілі. Мектептегі тәрбие жұмысының
мазмұны, әдістемесін, техналогиясын оның тәрбиелік жүйесі анықтайды.
Бастауыш мектептің тәрбиелік жүйесі төмендегідей қызметтерді
атқарады.
Кіріктіруші қызметі бұрын жинақталмаған стихиялы сипаттағы,
келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіреді.
Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістеді реттейді және басқарады.
Дамытушы қызметі тәрбиенің дамытуына, жетілдірілуіндегі динамикалық
жүйе болып табылады.
Мектептің тәрбиелік жүйесі туралы сөз қозғағанда оның құрылымына
тоқтамай кетуге болмайды. Олар :
- мақсаттар, бастапқы тұжырым дамыды. Көрсетілген (демек, идеялар жинағы):
- олардың іске асырылуын қамтамасыз ететін әрекеттер;
- оны ұйымдастыратын және оған қатысушы әрекет субьектілері;
- әрекет барысында, оқыту үрдісінде туындайтын субьектілерді бір
қоғамдастыққа кіріктіретін қарым – қатынас;
-субъектілер игерген жүиенің ортасы мен құрауыштарын тұтас жүиеге
кіріктіретін және осы жүиенің дамуын қамтамасыз ететін басқару.
Мектептің тәрбиелік жүиесі туындаитын, жетілдіретін, жаңартатын,
ескіретін, жойылатын динамикалық құбылыс.
Бірінші кезеңде тәрбие үрдісін ұйымдастырудың басты бағдарламасы
жасалады. Тәрбиелік жүйенің мақсаттары айқындалады.
Екінші кезеңде тәрбие жүйесінің барлық бағыттағы түрлері нақтыланып,
бекітіледі, тиімді формалары мен әдістері таңдалады.
Үшінші кезең нақты жүйе мектеп өміріне тәжірибеге енеді.
Оқу мен тәрбе кіріктіріледі және сабақтаса жүргізіледі.
Төртінші кезең жаңашылдыққа орай мақсат, міндеттер, ұйымдастыру және
басқару үрдістері өзгереді. Мұндай өзгерістер тәрбиелік жүйені жаңа сатыға
көтереді. Мектепте тәрбиелік жүйелеуді қалыптасуын жан – жақты зерттеген
ғалым В.С.Кукушин төмендегідей белгілерді атап көрсеткен:
- мектептің педагогтары мен оқушылары толық қабылдаған олардың бүгін мен
болашағын бейнелейтін кіші, яғни, өзіндік тәрбие тұжырымдасамының
болуы;
- ұжымда салауатты өмір салтының қалыптасуы;
- жалпы азаматтық құндылықтар бағдарының болуы;
- үлкен ұжымдық істердің оқиғалық сипатқа ие болуы;
- мектептің бес қабырғада тәрбиелейді деген ұстаныммен безендірілуі;
- орта мектепке, мектепті ортаға енгізу;
- туындаған қақтығыстары ішкі күш есебінен әділетті, орынды шешу;
- балалармен ересектердің өзара қатынасының гуманистік сипатта болуы,
өзара сенім, мекемедегі ұжымның мейірімділігі;
- бастауыш сыып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар ұжымының психологиялық ерекшеліктері
Педагогика ғылым ретіндегі жалпы түсінігі
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстардың әдістемесі
Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
Жан - Жак Руссоның педагогикалық теориясы
Педагогикалық процестің негізгі міндеттері
Мұғалім психологиясы оның педагогтық қызметі
Мектеп тәжірибесінде авторитарлық тәрбиенің позитивті және қарама-қайшылықты жақтарын зерттеу
Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Бала қиялын дамыту
Пәндер