Ғұн державасының құрылуы этникалық және саяси тарихы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минстрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт

Тақырыбы:

Ғұн державасының құрылуы.

Орындаған: Күшікбаева Айгүл

Тексерген: Сейдалықызы Дана

Арқалық қаласы - 2007 ж

Жоспар .

Кіріспе.

І. Ғұн державасының құрылуы этникалық және саяси тарихы.

І. Негізі бөлім

Ғұндар шаруашылығымен қоғамдық құрылысы.

ІІ Кәсіби мен саудасы.

ІІІ ғұндардың әлеуметік экономикалық жағдайы.

ІV. Қорытынды.

Ұлы қоныс аудару.

Ғұндар. Б. з. б. I мыңжылдықта қазіргі Монғолияның оңтүстігіндегі Ордостан Каспий өңіріне дейінгі Орталық Азияның ұлан - байтақ кеңістігін тегі мен этникалық құрамы жөнінен әр түрлі тайпалар мекендеген.

Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну (ғұндар) болды. Б. з. б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну (ғұн) атауы тегі әр түрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ара-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды.

Ғұндардың жоғарғы билеушісін қытай авторлары шаньюй деп атайды. Б. з. б. 206 жылы ғұн тайпаларын Мөде шаньюй басқарды. Мөде билік еткен алғашқы жылдардың өзінде - ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап оған күйрете соққы берді. Кескілескен күресте Мөде әскери - саяси қуаты басым Хань әулетін сюнну-ғұндардың Ордостағы көшіп жүретін жерлерінен дәме етуден бас тартуға мәжбүр етті. Сань императоры Гаоцзу Мөденің алдында бас иіп, онымен «тыныштық және туыстық туралы шартқа» қол қоюға мәжбүр болды, бұл шарт бойынша ол шаньюйге өзінің ханшасын әйелдікке беруге және жыл сайын «сыйлық» ретінде салық төлеп тұруға міндеттенді, кейін ол салықты үнемі төлеп тұрды.

Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Текске берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, сірә, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек.

Б. з. б. 177 жылы сюнну - ғұндардың Тынық мұхиттан Каспий теңізінің жағалауына дейінгі барлық елдерді бір князьдің атты әскері күшімен бағындыруын шындыққа жанаспайды деп санау керек.

Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әр түрлі тайпалар немесе этникалық-саяси құрылымдар кірген. Конференцияның қоғамдық өміріне бір орталыққа бағынғысы келмейтін қуатты күштер, кең-байтақ жердің әр түрлі аудандары арасында берік саяси және экономикалық байланыстардың болмауы зор ықпал жасады. Алғашқы кезде біршама бірлік ғұн қоғамындағы фратрияаралық ұйымның ерекше түрі болуы арқылы орнаған.

Б. з. б. 49 жылы Чжичжи көрші князьдікке дипломатиялық сапарға кеткен Хуханьенің аз уақыт болмауын пайдаланып, оның жерін басып алып, сол арқылы конфедерацияның бірлігін қайта орнатуға әрекет жасады. Алайда оның күші жетпейтін еді. Шежірешінің айтқанындай, «Чжичжидің өзі сюннуде күшпен нығая алмайтынын білді».

Ғұндар.

Б. З. Б. 206 ж -ғұндардың билеушісі моде жаньюй (Б. З. Б. 228-174ж) Батыста үйсіндерге шабуыл жасады. Солтүстікте саян-Алтай тайпаларын бағындырып Оңтүстікте қытайдағы хан әулетін женді. Қытай билеушісі Мөде шаньюге бас иіп «Тыныштық және туыстық туралы шартқа отырып жыл сайын оған салық төлеп тұрды. Осы кездегі ғұн одағының териториясына Байқалдан Түбекке, шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейінгі жерлер қосылды. Халқы -15 миллион адам.

Б. З. Б. 55 ж Ғұн Одағы екіге бөлінді. Оңтүстік бөлігі Хань империясына бағынышты болды ( Шаньши хуани) .

Солтүстік хандар Монғолияның Солтүстік- Батысындағы Қырғыз -Нұр көлі манына орталарынын орнатты (шаньюй Чжи-Чжи) Оңтүстік және Солтүстік арасындағы өзара қырғыстан кегін Чжи-Чжи басқарған Солтүстік ғұндар.

Солтүстік Монғолия шығыс Түркістанға қарай қоныс айдарды.

Б. З. Б. 47 ж -Солтүстік ғұндар Тянь-Шаньнан өтіп қаңлылармен көрші болды.

Чжи-Чжи шаньюй Үйсіндерге қарсы Қаңлылармен әскери одақ құрды. Олар Үйсіндерді және алмағандықтан өзара жанжалдасып Чжи-Чжи талас өзенің жоғары ағысына кетіп, 2 жыл бойы сол жерде қала салдыртты (Б. З. Б. 37-36)

Чжи-Чжи өз қаласын қорғауда Марка Красс армиясының римдік жауынгерлерін пайдаланды.

Ғұндардың күшеюі Қытай империясын алаңдатып жорыққа дайындалды. Шайқастың салдары:

- Ғұн әскері талқандатып қала қаратылды.

- Чжи-Чжимен бірге 1518 адам тұтқынға түсіп қатаң жазаланды

- 1200 жауынгер «Қытайдың қол астындағы Ферғана және Үйсін билеушілерін сыйлыққа берілді.

Б. З. Б. 93 ж -ғұндардың Қазақстанға 2 рет қоныс аударуы.

Ғұндар Сырдарияға Арал жағысына Орталық және Батыс Қазақстан жетті.

Б. З. Б. ІV ғасыр - Оңтүстік Орал даласына Дунайға жетіп «Ғұндар» деген атпен Венгрияға қоныстанды.

Ғұндар тарихы әсіресе жауынгершілік жорықтарымен белгілі аты аңызға айналған үлкен ақыл иесі, Каһарман жауынгер, көреген қолбасшы әккі саясаткер, айлакер дипламат Аттила (410 - 453 ж) (Еділ) басшылығымен ғұндар еуропалық елдердің бірқатарын тізе бүктірген.

Б. з. б V ғасырдың ортасы -Аттила әскері Шығыс Рим империясын жеңді. Оның білімін көрегендігін мойындаған Франк Бургундия билеушілері балаларын оқуға тәрбиелеуге жіберіп отырған.

Еділ патша тұсында Ғұн империясы өз дамыуының жоғарғы сатысына жетті.

Еуропаны Рим үстемдігінен азат етті.

Құл империясының жойылуына ықпал жасайды.

Ғұндарда әскери -демократиялық құрылыс нығайды. 451 ж - Аттила әскері Галлиядағы Рим- франк соғыс одағымен шайқасты. 452ж - Аттила Италияны ойрандап, Надуя, Милан қалаларын алды. 453 ж. Еділ қайтыс болғаннан кейін Ғұн империясы ыдырай бастады.

Қазақ ғалымдарынан Аттила (Еділ) алғаш рет жазып ғылымға еңгізген Шоқан Уалиханов «Пайғамбар» деген өлеңде «ғұн - түркілердің» арғы атасы деген тұжырым жасаушы -Мағжан Жұмабаев.

Ғұндардың Қазақстан жеріне енуіне байланысты тайпалардың түріктенуі басталған. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан тайпаларының антропологиялық сипаты - монғолоидтық.

(Б. з. б т І мың І жартысы) .

Ғұндар Қазақстанға Орталық Азиядан Б. з. б. І ғасырдаң соңы мен Б. з. б ғасыры аралығында келді. Бұл «халықтардың Ұлы қоныс аударуы» -атанған тарихи оқиғамен тұспа -тұс кезең.

Шаруашылығы.

Ғұндар өмірінде мал шаруашылығының маңызы ерекше болды. Көшпелілер тұрмысында мал қысы - жазы тебіндеп бағылған. Жылқы ерекше маңызды орын алды.

Ғұндарда сонымен қатар егіншілік пен аңшылық та дамыған. М. Қашғари - ғұндардың отырықшылыққа көшкенін және түркілене бастағанын жазады. Баспаханасы - киіз үй. Ошақ тастан қаланып, оның үстіне қола қазан орнатылған. Ғұндар ошақты қадір тұтқан. Тарих ғылымында Ғұн шаруашылығының жүйесі алғашқы қауымдық немесе экстенсивті мал шаруашылығы деп сипатталады.

Қоғамдық құрылысы.

Ғұн қоғамында патриархалдық - рулық қатынастар үстемдік етті. Ғұндар 24 руға бөлініп, әр руды ақсақалдар (ағамандар) жылына 3 рет өткізілетін халық жиналысында мемлекеттік іс талқыланып, көк (аспан) құдайына арнап құрбандық шалынған.

Малға, жерге жеке меншік болған. Соғыс тұтқындарын құн етіп, үй қызметшісі, бақташы, қолөнерші, жер жыртушы есебінде пайдаланған. Мемлекет билеушісінің титулы - Шаньюй. Олар өз туыстарынан түменбасын (әскер басшысы) сайлап, оларға жер бөліп берді. (24 түменбасы болған) .

Түменбасылар мыңбасыларды, жүзбасыларды сайлаған. Қоғамда билік мұрагерлікпен беріліп отырды. Басқару аппаратын қаржыландыру үшін үшін халыққа салық салынды. Ғұндарда жазу ісі де дамыған.

Ғұн қоғамында соғыс ісінің дамуы шарықтау шегіне жетті. Әскердің негізі - атты жауынгерлер. Басты қарулары - садақ. Бұдан басқа темір қалқан және қамал бұзатын қарулары болған.

Ғұндардың әскери қуаты қытайларға Ұлы Қытай қорғанын салдыртты. (Ұзындығы 5000 шақырым, биіктігі 6-10 м, ені 5-6 м) .

Ғұндардың дағдылы құқық ережелері

  • Ұрлық жасаған адамның жері алынады.
  • Шайқаста жаудың басын алған немесе жауды тұтқынға түсірген адамға қолға түскен олжа мен тұтқындар қоса беріледі.

Ғұндар таптық қоғамға және мемлекеттік басқаруға өте бастаған белгілері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғұн державасы
Ғұндар мемлекеті
Оғыздыр мемлекеті
Ғұн мемлекетінің қалыптасуы
Ерте орта ғасырлардағы түркілер құрған мемлекеттер
Ысқырғыш жебелер
«Түркі халықтарының тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы нәтижесінде пайда болған ерекше басқару органдары
ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ АВАР ҚАҒАНАТЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстан территориясындағы ерте дәуір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz