Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі.

Қазіргі қоғамымызда болып жатқан дүбірлі өзгерістерге байланысты әрбір мұғалім оқытудын сан қилы әдістерімен формаларын білулері қажет. Сондықтан жоғарғы оқу қабырғасында бүгінгі студент, ертенгі маманға қойылатын талап та аз емес.

Солардың бірі студенттерге келешек оқытатын пәнінің мазмұнын білумен шектелмей, мектеп окушылары үшін ұйымдастыруға қажетті жұмыстардың барлық әдістері мен формаларын меңгеру керек.

Оқу процесінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы өзара тығыз байланысты екі міндетті есте тұтуды қажет етеді.

Бұл, біріншіден оқушылардың танымдық қызметіндегі өзіндік, яғни оларды өз бетінше білім алуға үйрету болса, екіншіден алған теориялық білімдерін, дағдыларын практикада өз бетінше қолдана білуге үйрету.

Оқушылардың өзіндік жұмысы- бұл мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның басшылығымен және бақылауымен орындайтын жұмысы.

Өзіндік жұмысты орындау кезінде оқушы теориялық білімін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс-әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып жауапкершілікті сезіну қалыптасады.

Бұл жас жеткіншектің мәселе түйінін өз бетімен шешуге талпыныс жасауын, дағдының дұрыс

қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Физика пәні бойынша оқу процесінде оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының түрлері өте көп

Оларды мынадай 3-топқа бөлуге болады:

  • меңгерген жаңа білімдер бойынша жұмыстар;
  • меңгерілген біліктер мен дағдылар бойынша жұмыстар;
  • білімдерді, біліктерді және дағдыларды қолдану бойынша жұмыстар.

Бұл аталған жұмыс топтары бір-бірімен өзара тығыз байланысты.

Мысалы оқулықпен, ғылыми -көпшілік әдебиеттермен, сөздіктермен, анықтамалармен жұмыс істеудің көмегімен білім қорын толықтыруға, сондай-ақ бұрын алған білімдерді қолдануға қол жеткізуге болады. Оқушылардың орындайтын өзіндік жұмыстарының барлығына мұғалім жетекшілік роль атқарады.

Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруда дидактикалық талаптардың орындалып отыруы қамтамасыз етіледі.

Олардың ішінен мыналар басшылыққа алынады: жоспарлы түрде, жүйелі, түсінікті, бірізділікпен жүргізілуі, жаттығулардың біртіндеп яғни қиындық дәрежесіне қарай өз кезегімен күрделеніп отыруы, теориялық, практикалық даярлықтарымен оқушылардың жеке - дара ерекшешіктерінің ескерілуі, сабақта орындалатын өзіндік жұмыстарымен сабақтан тыс орындалатын өзндік жұмыстардың бір-бірімен үйлесімлілігі, теорияның практикамен байланысы және үздіксіз жүйелі түрдегі бақылаудың үнемі болуы қажет. Өзіндік жұмыстарға басшылық жасауда бұл дидактикалық талаптарды пайдаланудың кейбір ерекшеліктері бар. Әрбір өзіндік жұмыстың мазмұнымен көлемі оқушылардың шамасы келетіндей, жас және дара ерекшкліктері ескеріліп берілуі тиіс.

Өзіндік жұмыс үшін ұсынылатын тапсырмалар оқушылардың ғылыми - танымдық қызығушылығын, ерік-жігерін тәрбиелеу, білім деңгейін ескеру, сондай-ақ өзін-өзі бақылауға тәрбиелеу.

Оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтарды өткізудің пайдасы зор. Пікір сайыс, дөңгелек үстел, диспут, ойын элементтерін сабақта пайдалану оқушының пәнге дегенқызығушылығын арттырып өмірге көзқарасын қалыптастырып, түсінігін молайтады. Ал бұл өз кезегінде оқушылардың озіндік жұмыстарды үлкен ықыласпен орындауына қол жеткізеді.

Өзіндік жұмыстарға ұсынылатын тапсырмалар алдымен репродуктивті деңгейде, ал сонан соң продуктивті деңгейге көтерілуі тиіс. Мысалы,

Отын энергиясы тақырыбын қарастырайық.

Репродуктивті деңгейде оқушы тақырыптағы физикалық шаманы табады, онымен танысады, үлгілер бойынша тапсырманы орындайды.

Продуктивті деңгейде шығармашылық, іздену барысындағы тапсырмаларды орындайды, яғни берілген тапсырма жоспарын жасау, баяндама дайындау, талдау, өлшеу, зерттеу, приборлар жасау, коллекциялық материалдар жинау, жоба құру және т. б.

Тапсырма жоспарын мынадай үлгіде құруға болады:

1. Шамаларды (энергия, температура, жылу мөлшері т. б), отын түрлерін анықтау.

2. Берілген шамалар денелердің қандай қасиетін немесе қандай физикалық құбылыстарды сипаттайды.

3. Берілген шамалардың өзарабайланысы, осы байланысты өрнектейтін формула.

4. Берілген шамаларға қатысты өзге пәндерден алынатын мағлұматтар.

5. Шамаларды өлшеу бірліктері.

6. Оларды өлшеу тәсілдері.

Егер оқушылар отын түрлерінің коллекциясын жинаса, олардың калориялылығын және аттарын дәптеріне жазып, талдау жасап салыстырулар жүргізеді.

«Отынның меншікті жану жылуы» атты таблицаның физикалық мағынасын тусіндіру қажет. Мысалы, бұл кестеден тас көмірдің меншікті жану жылуы 2, 7*10 Дж/кг-екні белгілі.

Ал бұл - массаны 1 кг тас көмір жанғанда 2, 7*10 Дж энергия бөлініп шығады деген мағынаны береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Биологиядан зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемесі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлетінің маңызы
Оқытушының сабаққа дайындығы
Өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Оқу әдістемелік жұмыстар және оны ұйымдастырудың жолдары
Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz