Тәрбие аясы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның ерекше ғылымдық саласына бөлінуі және зерттеу аймағы.

Педагогикалық …. (білім) өсіп келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындауға немесе тәрбиеге бағышталған адамзат іс-әрекетінің ерекше бір саласына кіреді.

…(Педагогика) - адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды.

Педагогика тәрбие теориясы мен әдістерін нақтылай отырып, жеке адам дамуының астарлы, тереңде жатқан тетіктерін және оның дайындығын қоғам тарапынан қойылған талаптар мен әлеуметтік сатыларға орай арнайы ұйымдастырылған …. (қалыптасу) процесін зерттейді.

Педагогиканың әдіснамалық негіздері. Оның басқа ғылымдармен баланысы және зерттеу әдісі.

Ғылым …(әдіснамасы) бұл- табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.

…(Матерялистік) тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінің сыртта, әрі оның қалыптасуы «әлеуметтік бағдарламаға» сәйкес, қоғамдық ықпалдың, соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде іске асады.

Педагогикалық …(бақылау әдісі. ) -бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен танысу зерттеуге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерге үйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді.

…(Әңгімелесу әдісі. ) бұл әдіс те ғылым-тәрбиеші мен тәрбиешінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді.

…(Педагогикалық эксперимент) - бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогогикалық іс- әрекеті.

Тәрбие аясы …(жеке адам) және оның дамуының ішкі сыртқы факторлары.

…(«Жеке адам») дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

…(Даралық) бір адамның екіншісіне ұқсамайтын өзіндік ерекшелігімен өзгешілігін сипаттайды. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін «Индивид» түсінігін білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша «жекелік» дегенді білдіреді.

…(Даму ) - бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі .

…(Қалыптасу ) - түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуі білдіреді.

Жеке адам дамуы мен қалыптасуы жөніндегі теориялық көз қарастар.

…(Биологизаторлық бағыт) : Адамның дамуы оның табиғи (бологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани қасиеттері қалыптасады.

…(Психоаналиктикалық бағыт) : Жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамнын дамуы мен оның мінез - құлқы толығымен жыныстық инстинкте тәуелді.

…(Прагматикалық бағыт) : Адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамды тұрақты нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады.

Жеке адамның дамуындағы өзіндік белсенділіктін маңызы.

Қоршаған орта және тәрбие - сыртқы әсерлер: Табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерімен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы- ішкі әсерлерге жатады.

Педогогикалық қызмет ретінде тәрбиенің мәні және оның жалпы заңдылықтары мен принсиптері.

Адамзаттық болмыс дегеніміз адамдардың көптеген ұрпағының еңбегі және жасампаздық ұмтылысынан туындаған қоғамдық тәжірибе. Өз қызметінің күшімен, шығармашылық ұмтылысымен ғана адам қоғамдық тәжірибені және оның құрылымдық бірліктерін игеруі мүмкін. Тәрбие - бұл жеке адамның қоғамдық тәжрибені ( білімді, ептіліктер мен дағдыларды шығармашылық іс- әрекет тәсілдерін, әлеуметтік және рухани қатынастарды) игеру үшін бағытталған белсенді іс- әрекетін қолдап, қуаттаушы әрі ұйымдастырушы мақсат бағдарлы әрі сапалы орындалатын педогогикалық процесс.

Тәрбие заңдылықтары. Бұл түсініктің мәні: Орындалуы және адам дамуы мен қалыптасуына тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.

Педагогика мақсат болжау проблемасы.

Мақсат - субъекті санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы.

Мақсат болжау - бұл қазіргі заман өркениетінде жасап жаңартушы қабілетке ие осы дәуір жеке адамның қажетті даму деңгейін қамтамасыз ететін объектив. әлеуметтік-психологиялық және мәдени жағдайларды түсіну; бұл сондай адаманың жалпы идеал бейнесін мейлінше нақтылайтын сөз жүйесін іздестіру; бұл тәрбие мақсаттын қабылдауға мүмкіндік беретін шарттар ретінде балалық шақ табиғатына, жеке адам даму мәніне және даралық болмысына талдау, баға бере алу; бұл нақты бала жасаған нақты жағдайларды талдай отырып, оларды қойылған мақсат мазмұнымен орайластыру.

Арман - елесің немесе қиялдың субьектіге бере біршама қанағатану сезімі. Арман адамды шындық болмастан алшақтатады.

Мақсат - бұл да бейне, бірақ онан келеті қанағаттану тек ішкі қабылдауынан емес, сол бейнені іс- әрекетке қосып шындыққа айналдырудан.

Міндет - бұл мақсатқа жету жолдарындағы бір саты, орындалуы қажет нәтиженің бір бөлігі, осы бөлік өзінің іс-әрекеттік бітімін таппаса, жалпы нәтиже де жоқ.

Мақсат болжау - мақсат пен міндеттердің өзара байланысын тану нәтижесі.

Тәрбие процессі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.

Тәрбиенің ең маңызды субъективті факторы - бұл тәрбиеші тұлғасы.

Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компонентті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады.

Тәрбие мазмұнын түсіндіре қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.

Тәрбие процесінің принциптері - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері.

Жақсы өнегеге сүйену принципіне тағы бір маңызды принцип жанасады - ол гуманизация.

Тұлғалық сапаларға сүйену тәрбиенің өте маңызды сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере білу.

Бұл принцип келешек ұрпақ тәрбиесіндегі мектеп, отбасы және қоғамдық орындар талпыныстарын реттеу принципі деп те аталады.

Отбасы мен мектеп арасын байланыстыруда өзін ақтаған құрал - оқушының күнделігі.

Тәрбие формасы - бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.

Мектеп тәрбиесін ұйымдастырудың топтық формасы ұжымдық деп аталады.

Оқушылар ұжымы - бұл жалпы әлеуметтік маңызды мақсаттарымен, іс-әрекеттерімен, іс-әрекетті ұйымдастырумен, жалпы міндеттерімен, теңдік жағдайында ортақ мүдде бірлігімен ұжымдасқан оқушылар тобы.

Қозғалыс - ұжымның өмір сүру формасы; тоқтау - оның жойылу формасы.

Дәстүрлер - тәрбиеленушілерді эмоционалды қабылдайтын әдет-ғұрып, тниет арқылы жасалатын ұжым өмірінің тұрақты формалары.

Жақын перспектива - ертеңгі пнвм серуен, яғни ұжым мүшелерінің жеке қызығушылығынан туындайды.

Орташа перспектива - уақыт бойынша алыстау ұжымдық оқиғаның жобасы.

Алыс перспектива - ұзақ уақытқа көзделген үлкен мағыналы, маңызды талаптарға қол жеткізуге арналған мақсат.

Тұлға мен ұжым арасындағы қатынастың қазіргі мектепке сай типі - бұл бірлікті өмір сүру талпынысы.

Тәрбие әдісі - бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.

Тәрбие тәсілі - жалпы әдәстің бөлігі, жеке дара әрекет, нақты іс.

Тәсіл деп жеке әсер етуді түсінсек, құрал түсінігі сол тәсілдердің бірлігін білдіреді.

Абстрактты жағдайлар болмайды, жағдайлар болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік шара - істер - педагогикалық ситуация деп аталады.

Әдістердің жіктелуі - анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі.

Бастауыш сыныптарда пайдалынатын этика тақырыбындағы әнгіме - бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.

Түсіндіру - тәрбиеленушіге эмоционалды - сөзді әсер ету әдәсі.

Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс түрі.

Пікірталас - тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы.

Өнеге-өрнек - өте күшті тәрбие әдісі.

Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі - бұл жаттығулар.

Талап - бұл тәрбиеленушінің білгілі бір іс-әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым-қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі бір қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі.

Үйрету - бұл пәрменді жасалатын дағдыландыру. Тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда осы әдісті қолданамыз.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекеті мен жасанды жағдайдағы қылығын ұйымдастыру әдісі тәрбиелеуші ситуациялар әдісі деп аталады.

Тәрбиеленушінің іс-әрекетіне қойылатын жақсы бағаны мақтау деуге болады. Мақтау әдісі әдептілік пен нақты мөлшерді сақтауды талап етеді.

Жазалау - қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар-ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.

Тәрбиелеушілерге тәрбиесіз болудың пайдасыз екндігін сезіндіретін жағдайларды тудыру-ынталандырудың субъективтік-прагматикалық әдісі деп аталады.

Жарыс - адамға, қоғамға қажетті сапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс.

Тәрбиенің жүйелілігі, комплекстілігі, бірізділігі, үздіксіздігі «тәрбие ісі» деген түсінік береді.

Тәрбие істері ұжымдық және шығармашылық сипатта болатындықтан және ұжымдық тәрбие істері (ҰТІ) немесе ұжымдық щығармашылық істер (ҰШІ) деп аталады.

Оқушылардың өмірі мен іс-әрекетінің тәртібін күн ережесі деп аталады.

Өмірлік ұстаным (позиция) - бұл ішкі наным, тұлғаның қоғамға субъективті қатынасын көрсететін, оның дүниетанымдық, моральдық, психологиялық сапаларынан шығатын сана-сезім бағдары.

Енжар ұстаным мәні - жаңалықтан қоқу, өз белсенділігінен қашу, әрқашан қауіпсіздікке бола, бағынышты халде жүру, жауапкершіліктен бас тарту.

Адамгершілік тәрбиесі - бұл тәрбиеленушінің қоғамдық мораль талаптарына сай санасына, сезіміне, әдет-қылығына, мақсат бағытына жүйелі түрде ықпал ету.

Эстетикалық (әсем) істер - арнайы бағыттағы тәрбие жұмыстарының жалпы атауы, мақсаты - өмірге өмірге эстетикалық қатынас баулу: еңбекке, қоғамдық іске, табиғатқа, өнерге, өз қылығына деген қатынасты таныту.

Эстетика категориясының ең негізгі - әлемдік, әсемдік катигориясы.

Еңбек тәрбиесі процесінде алған білім, ептілік және дағдылардың негізгі мақсаты немесе педагогикалық істің соңғы жемісі емес, ол тұлғаның басты қажеттігі - еңбек ету қабілетін дамыту құралы.

Қоғамдық (әлеуметтік) тәрбие - бұл «адам-адам» қатынастары желісінде жүргізілетін тәрбие, яғни тікелей адамаралық байланыстар мен осы мақсатқа арнайы ұйымдастырылған қоғамдық мекемелер (қайырылымдылық қорлары, ұйымдары, қоғамдар, бірлестіктер т. б. ) тарапынан болатын істер.

Отбасы тәрбиесі - көзделген нәтижеге жету мақсатында ата-аналар мен жанұя мүшелерінің тарапына жасалатын ықпал процестерінің жалпы атамасы.

Креативтік (екпінділік) - бала қабілетінің кедергісіз өз бетінше дамуы.

Гуманизм - тұлға болмысын тану әрі оның беделін мойындап, ең жоғары құндылық ретінде бағалау.

Демократизм - ересектер мен балалар арасындағы рухани қатынастар тендігін қалыптастыру.

Азаматтық - қоғам мен мемлекеттік жүйеде тұлғаның өз «Менін» таным, қастерлеу білуі.

Дидактика - педагогиканың маңызды саласы. Дидактика (didaktikas - оқушы, didasko - оқушы) ұғымы грек тілінен алынған, оқыту немесе үйрету деген сөз.

Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зертттейтін ғылым саласы.

Дидактиканың зертттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.

Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.

Оқыту мазмұны - өкімет арнайы тандап анықтаған белгілі салада жұмыс істеу үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі.

Түрткі - әрекеттің себебін, оны неге жасау керектігін анықтайды.

Мақсат - әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиісті екенін анықтайды.

Қабылдау - адамға тікелей әсер ететін заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену процесі.

Сезім мүшелерімізге әсер етіп, оның миымызда бейнеленуін түйсік деп атайды.

Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді жинақтау процесі, қорытынды шығару.

Қарапайым ұғым дегеніміз баланың оқудан емес, өмірден көріп - білгендерінен туатын әртүрлі құбылыстар жөніндегі түсінігі.

Құбылыстар мен процестер арасындағы объектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдай қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады.

Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.

Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүелі түрде баяндайтын кітап.

Оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.

Түсіндіру - оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.

Әңгіме - мұғалімнің сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тәсілі болып табылады.

Әңгімелесу - мұғалім мен оқушылар арасында жаңа білімдерді хабарлау, пысықтау, қорытындылаулы дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тәсілінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары туралы мағлұмат
Адамзат тәрбиесіндегі халық педагогикасының ролі
Сыныптағы тәрбие жұмысын мақсатты жоспарлаудың әдістемесі мен технологиясы
Педагогикадағы жеке адамның дамуы мен тәрбие ісінің проблемалары. Жеке адам, оның дамуы мен қалыптасуы жөніндегі mүciніктер
Тәрбие аясы жеке адам және оның дамуының ішкі, сыртқы факторлары
Қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру моделі
Әдебиеттік оқу пәнінен отансүйгіштік, елжандылық бағытындағы тапсырмалар
Мобилді құрылғыларға арналған балалар әдебиетінің анимациялық сюжеттерін жобалаудың теориялық негіздерін зерттеу
Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ИНВАРИАНТТЫ МАЗМҰНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz