Дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты.
Педагогика және филология факультеті
Педагогика және психология кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Дарынды баланың психикасын қалыптастыру жолдары
Орындаған:
050103 Педагогика және психология
мамандығының
4 курс студенті
Мухышева.Г.М.
Ғылыми жетекшісі:
оқытушы
Абдиганиева.С.Ж.
Қорғауға жіберілді:
кафедра меңгерушісі
Ахметова П.А.
Жоспары:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
І. Дарындылықтың теориялық
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.1.Дарынды балалар жөніндегі ғалымдардың
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ...10
1.2.Дарынды бала мәселесі және оның психологиялық
ерекшіліктері ... ... ... .20
1.3.Балалар дарындылығының түрлерін классификациялау және диогностикалаудың
негізгі концептуалдық принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
ІІ. Дарынды балалармен жұмыс.
2.1.Дарынды балаларды даярлау арқылы дарындылықты
дамыту ... ... ... ... ...33
2.2.Дарынды тану және оқыту тәрбиелеу
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..40
2.3.Қазақстан Республикасындағы дарынды балалар мәселесін Қытай еліндегі
дарынды балалар мәселесімен
салыстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .43
2.4.Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
ІІІ. Дарынды балаларды анықтау және
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...60
3.1.Дарынды балаларды анықтауға қажет
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..62
3.2. Зерттеу нәтижесін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..63
3.3. Зерттеу
қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...88
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .95
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...100
Кіріспе
Қазақстан -2030 стратегиясы анықтап берген және республиканың
ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі-
мемлекет үшін Қазақстанның гүлденуіне, егеменді еліміздің өсіп -
өркендеуіне өз үлесін қосар білімді, мәдениетті жастарды тәрбиелеу. Осы
жолдауда негізгі жетекші күш- адамдар, олардың еркі, жігері, табандылығы,
білімі. Бұл мақсатты орындау үшін республиканың ақыл-ойлы, шығармашыл
әлеуетін өсіру қажет, дарынды балалар анықтау мен дамыту үшін өркениетті
жағдайлар жасау керек.
Қоғам үнемі даму үстінде. Осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың даму
деңгейі мен тыныс-тіршілігі әр алуан. Қазақта адам ұрпағымен мың жасайды
дейді.Қазақстан Республикасының президенті Н.Назарбаев: Біздің жас
мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен
немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өресі биік,
денсаулығы мықты өкілдері болады дейді.[11;13]. Елбасымыз қазақ елінің
азаматтары Орталақ Азия барысына айналады, дамушы елдерге үлгі болады,
дамыған елдер қатарына қосылып, әлемдік биік дәрежеге жетеміз деп асқақ
сезіммен алға тартып, үлкен сенім білдіреді.
Ал пайғамбарымыз Мұхаммед ғ.с.: Оқымысты адамдар – Алла тағаланың
алдындағы сенімді жандар. Білім үйрену ғибадаттан да артық және ол діннің
де тірегі дегенді бұдан он төрт ғасыр бұрын айтып кеткен. [10; 8]. Бұдан
шығатын тұжырым: барлық кезеңде, әрқилы уақытта байқап, анықтауда Алла
тағаланың сенімді адамадарының сіңірер еңбегі зор. Білім үйретуде ел үмітін
ақтауға барлық күш - жігерімізді, жауапкершілігімізді жұмылдырып, дарынды
балаларды тәрбиелеп шығаруымыз керек.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім беру
заңында мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет Әр баланың жеке
қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту
сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отыр. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі
саналы да, салауатты ұрпақ тәрбиесі.
Қазіргі таңда дарындылар азайып барады. Оның бірден бір себебі, қолдау
көрсетудің аз болуынан. Сондықтан дарынды балалар мен жұмыстың жалпы
мемлекеттік бағдарламасын ұйымдастыруды ел президенті Н.Ә.Назарбаев
бастады. Президенттің 1996 жылғы 24 мамырдағы №3002 Дарынды балалар
мектебін мемлекеттік қолдау мен дамыту туралы жарлығы жас таланттарды
іздестіру мен қолдауға бағытталған жұмысты ұйымдастырудың кең көлемді
бағдарламасын жазуға негіз болды.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Дарынды балалардың қабілеттері мен
таланттарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау
және дарынды балалар психикасын қалыптастыру жолдарын айқындау болып
табылады.
Міндеттері:
1. Дарындылық ұғымы және дарынды баланы зерттеудің теориялық негіздеріне
талдау жасау.
2. Орта буындағы дарынды балаға тән даму ерекшеліктерін анықтау.
3.Дарынды әр түрлі әдіс-тәсілдермен зерттей отырып, дарынды бала психикасын
қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу пәні: Дарынды баланың психикасын зерттеу.
Дипломдық жұмыстың болжамы: Егер дарынды баланың ерекше дарындылық
қабілетін ескеріп, тиімді жан-жақты жұмыс жүргізу, басты назарға алынып
отырса, жүргізілген жұмыстар тиімді нәтиже береді деп топшылаймыз.
Дарынды баланы дұрыс жолға қойсақ, дарынды бала ашыла түсер еді және
олардың санын көбейтер едік.
Зерттеу обьектісі: Орта мектеп жасындағы дарынды балалардың
психикасын қалыптастыру жолдары.
Зерттеу базасы: А.Құнанбаев атындағы жалпы білім беретін профильді
№ 6 орта мектептің 5 А гимназия сынып оқушылары және 5 Б сынып
оқушылары.
Дипломдық тәжірибеде: Дарынды баланы қабілетті баламен салыстыра
отырып жұмыс жасадық. Әдістемелер, диогностикалар, сұрақнамалар жүргізіп
қортындылап анализ жасадық. Сол қорытынды нәтижесі бойынша диограмма
жасадық.
Зерттеу әдістері: Тақырып бойынша әдебиеттерге теориялық талдау
және дарынды балалардың психикасын анықтауға арналған әдістемелер арқылы
эксперимент жасадық, сұрақнама, тест, диогностикалар, салыстыру,
әңгімелесу, бақылау, матиматикалық сандық әдістер қолдандық және ой қорыту
жасадық.
Жұмысыма теориялық негіз болған: Қ.Жарықбаев Психология, Алматы
1993 жыл, Н.С.Лейтес Возрастная одаренность школьников М 2001 г,
Б.Н.Теплов Способности и одаренности, Москва 1985г, Сәбеп Бап-Баба Жалпы
психология, Алматы 2005 жыл. т.б.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш негізгі
бөлімнен тұрады, әр тарау үш төрт параграфқа бөлінген және қорытынды мен
әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Дарынды бала туралы теория
Дарындылық - адамның белгілі-бір істі орындауға бейімділігі мен
ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік.
Дарындылықтың санасы - зейінділік.Дарындылық-қуат пен серпін беретін
сиқырлы күш.Дарындылық - даналығымен даралану, ойлылығымен ерекшеленуі.
Дарын - зерделілігімен, қабілеттілігімен дамып отыратын үздіксіз
үрдіс.Дарындылар істен де, сөзден де ұтылмайды. Дарындылар-материалдық,
рухани жағынан бай адамдар. Дарын өкілдерінің қуат-қабілетінің шарықтайтын
шегі болады. Мұндайда олардың санасы барынша өткірленіп, мейлінше
айқындалады, бақылампаздығы онан сайын арта түседі. Ж.Аймауытовтың
пікірінше, адам өмірге өзіндік табиғи қасиеттерімен, қабілеттерімен
келеді.Ал баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын - оқыту мен
тәрбие. [15;20]
Дарындылық төмендегідей топтарға жіктеледі.
1.ой-өрістің жоғарлылығы
2.академиялық табыс
3.шығармашылық және тиімді ойлау, пікір айту
4.көркемдік әрекет
5.қатынас және белсенділік
6.қозғалғыштық
Адам жан-жақты даму мен өздігінен жетілі үшін басқа адамдармен араласуы
керек. Дарынды балаларды анықтағанда және олармен жұмыс істегенде сол бала
жанындағы ортаның педагогикалық, психологиялық әлеуметтік жағдайына баса
назар аударуымыз керек.
Балаға әсер ететтін орталар:
-Ата-ана, мұғалім, мектеп, жұртшылық, жолдастары.
Жұмыс істеу барысында баланың осы орталармен байланысын жете бақылап
отыру керек. Ол үшін арнайы тесттер жасалады. Дарынды балалар мен жұмыс
істеудің соңғы нәтижесі білімді өз еркімен, өзі игере алатын дәрежеге
жеткізумен аяқталады.
Бала бойындағы қабілеттің дамуы үшін міндетті түрде талап болуы
шарт. Талап, құлшыныс болмаған жерде қабілетте дами алмайды. Талап әдетте
көру және есту анализаторларынан, сондай-ақ жүйке жүйесінің типологиялық
қасиеттерінен құралады. Бірінші және екінші сигнал жүйелерінің арақатынасы
мен даму деңгейін де талапқа жатқызуға болады. Бірінші сигналдық жүйеге
қабілет, қабылдау, есте сақтау, ал екіншіге шындықтың ұғым болып қалыптасуы
жатады. Сигнал жүйелерінің арақатынасының ерекшеліктеріне орай И.Павлов
адамның жоғарғы жүйке жүйесінің 3 түрін келтіреді. Олар көркем ойшылдық
және орта түр болып бөлінеді. Бірінші түрге жататындар әсершіл, қызу қанды,
ашық, ақжарқын болып келсе, екіншілері көргенімен естігенін әуелі ой
елегінен өткізіп, талдағанды, саралағанды жақсы көреді, ал үшіншілері
халықтың негізгі бөлігін құрайды, сондай-ақ аса талантты, дарынды жандарды
қамтиды. Адамның кай түрге жататындығына қарай оның қабілетінде анықтауға
болады. Адам қабілетінің әр қилы болуы ұлы физиолог сигнал жүйелерінің
өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Әдетте ол адамда әр түрлі болып
келеді. Мұны оқу үрдісінде көріп, байқап жүрміз. Кейбір оқушының ойлау
жүйесі мен зерделеу деңгейінің өзге құрдастарынан жоғарырақ тұратыны
шындық. Бірақ оның барлық пәндерден бірдей үздік болуы екіталай. Өйткені
белгілі бір пәнге ғана бейім болады. Оқушының ми қабатында доминанто ошағы
деп аталатын кеңістік болады. Яғни, ол өзі ерекше қадір тұтатын пәніне ғана
қабілет-қарымы ашылып, бүкіл болмысымен жарқырап көрінеді де, өзге пәндерге
келгенде әлгіндей белсенділігі тежеліп қалады. Бұл үрдістер әлбетте бізге
көрінбейді. Әйтсе де баланың ішкі жан дүниесін, физиологиясы мен
психологиясын жетік білетін сезімтал ұстаздар болсын өзінің бүкіл оқу
тәрбие жұмысын оқушылардың әлгіндей психологиялық ерекшеліктері және
заңдылықтарымен үйлестіре, сабақтастыра атқаруы тиіс. Сонда ғана жұмыс
нәтижелі болатыны ақиқат. Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға
ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала
бойындағы ерекше қасиеттерді оған жақын жасы үлкендер дұрыс, жеткілікті
бағаламаса, оның өзгелер сияқты болып қалып қоюы мүмкін дейді
американдық ғалымдар.[13; 30]
Дарындылық – психологияда таланттың синонимі белгілі бір іс-
әрекетте жетістікке жету шарттары. Ғылыми психологияда көбінесе ақыл ой
қабілетінің және ақылой потенциалының жүйесі ретінде түсіндіреді дей келе,
осы дарындылардың психикасын қалыптастыру жолдарын айқындау үшін, ең
алдымен психикаға тоқталсақ. Психика - адамның рухани күйі және ішкі
сезімі, миға тән қасиет. Философияда обьективті дүниені субьективті
бейнелеу психикаға тән.
1) обьективті шындықты қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін, қабілет арқылы
белсенді бейнелейтін мидің жүйелі қасиеті.
2) адамның жан дүниесінің сапалық күйімен сипатын жинақтайтын рухани
бірлестігі. Психика биологиялық эвалюцияның жемісі және жалғасы. Психика
сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде
бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тірішілік
иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық
сипаты оның обьективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құралының
қимылын атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын
алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл әрекетін
реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрлымның – сананың
негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және
әлеуметтік заңдылығы қалыптасады. Бұдан шығатын қорытынды дарын иесінің
психикасын қалыптастыру үшін, қабылдау, ойлау, есте сақтау, зейін,
қабілетін зерттей отырып, басқа қоғамдық жұмыстарындағы жетістіктерін
анализдеу.
Дарынды балалардың психикасын қалыптастыру үшін мына мәселелерді басты
назарға аламыз:
- түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерінің кең көлемде
қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-жақты
бағалаудың кешендік сипаты;
- баланың танып білу мен зерттеудің ұзақтығы (балаланың түрлі жағдайдағы
іс-әрекетін кең уақыт көлемінде бақылау);
- баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет
аясында баланың іс-әрекетіне, танымдық процестеріне талдау жүргізу (арнайы
ұйымдастырылған пәндік-ойындық сабақтарға қатыстыру, сәйкесінше түрлі іс-
шараларға қатыстыру);
- дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психикасындағы кедергілерін
жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану;
- баланың бойындағы қандай да бір дарынды бағалауда жоғары санатты
тәжірибелі мамандарды тарту;
- баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейінде
ғана емес, сондай –ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала
отырып бағалау;
- жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелесу, мұғалімдер мен ата-
аналардың сараптамалық бағалары, баланың эксперимент жағдайындағы нақты іс-
әрекетін бағалаумен байланысты психодиогностикалық эксперименттік маңызды
әдістеріне сүйену.
Бала дарындылығының өзінің құрылымдық негіздері бойынша адами
қайталанбастықтың көп өлшемді, көп қырлы болып байқалады. Басқаша айтқанда
дарындылық өзара байланысқан үш: ынталандырушылық, когнитивтік, іс
жүргізушілік толықтауыштан тұратын біртұтас сипатқа ие. Ғалымдар
дарындылықты дамытудың басты белгілерін көрсетті:
- танып-білуге, ақыл-ой жұмысына деген шынайы қызығу, ұмтылу және
еңбектену, нәтижесіне қуану мен қанағаттанудың айқын көрінуі;
- болжам жасауға, еріктік ауыртпалыққа, ойларды тежелеуге, зейінді
жинақтауға жоғары деңгейлі дайындық;
- өзін жетілдіруге, ойларын жүзеге асыруға, өзін және өз жұмысының
нәтижесін бағалай алуға қабілеттілігі мен ұмтылысы;
- дарындылық мазмұнына сәйкес келетін қызметтен тұратын құндылықтар жүйесін
құруға ұмтылу мен оған деген қажеттілік;
- қайталанбас, өзіндік қабіліттер аясында түрлі оқу және оқудан тыс
уақыттағы жұмыстарға қатысуға деген ұмтылыс.
Сол сияқты дипломдық жұмыс жобасында дарынды бала ерекшеліктері,
жүргізілетін әр түрлі жұмыс түрлері, ғылыми көзқарастар, жалпы принциптер
мен топтастырулар, дамыту жолдары қарастырылған.
Елбасының Дарынды балалар мектебін мемекеттік қолдау мен дамыту
туралы жарлығын жүзеге асырудың жаңа қадамына, жаңа ғылыми-білім беру
мекемесі Республикалық ғылыми-тәжірибелік Дарын орталығын ашу туралы ҚР
үкіметінің 1998 жылғы 24 наурызындағы № 256 қаулысы жатады.Жаңа ашылған
орталықтың алдағы негізгі міндет - республикалық дарынды балалармен
жұмыстың негізгі орталығы болу. Дарын орталығын ұйымдастыруда ел
басшылары елімізде дарынды балаларды анықтау және дамыту әдістерін
жетілдіру мақсатымен көп салалы ғылыми - білім беру мекемесін ашудың
қажеттілігін айқындады.
Дарын мақсатты бағытталған жүйелі жұмыстың негізгі міндеттерін
шешуде келесі бағыттарды басшылыққа алады:
- басқарушылық іс-әрекет, ақпараттық баспалық
- білім беру -әдістемелік, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық:
- ғылыми-әдістемелік;
Дарындылық - адамның белгілі бір істі орындауға бейімділігі мен
ыңғайлылығын білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік.Бұл пікірге
қарсы дау айту қиын шығар.
1.1.Дарынды балалар жөніндегі ғалымдардың көзқарасы.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе,
оны дамытуда білім және тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды. Қайта
өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып білу мәселесімен испандық
дәрігер Хуан Уарте айналысты. Ол Испан империясының қайта өрлеуінің
болашағы мемлекеттік қызметке аса дарынды азаматтарды тарту деп есептеді.
Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы
қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып
табылады. Бұл зерттеулер саралау психологияның негізін қалады деуге болады.
Х.Уартенің пікірінше, талант адам табиғатына байланысты, дегенмен,
оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен
айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас
жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу
керектігі, сондай-ақ бұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар
жүргізу керек деп есептейді. Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта
Азия мен Қазақстан ойшыларын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының
негізін қалаушылар Әл-Хорезми, Фердауси, Әл-Фараби, Ибн Сина, Беруни және
т.б.дарындылықты жан-жақты қарастырған.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциациясы негізінде
адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеу жүргізіле
бастады.Қабілеттілік ілімі жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі
Френсис Гальтон (19 ғ)есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара
ерекшелігі мәселесін зерттеген. Ол өзінің Таланттың тұқымқуалаушылығы:
оның заңдылығы мен шығу тегі еңбегінде қабілеттіліктің шығу тегін
әдіснамалық тұрғыда негіздеп, келесі заңдылықтарды белгіледі:
- өте жоғары қабілеттілігі болмасы, ешбір адам қоғамда жоғары дәрежеге,
атаққа, даңққа ие бола алмайды;
- өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары
дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды.
Ф.Гальтон көптеген ұлы да қабілетті адамдардың өмірін бақылай келе
кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқымқуалаушылық негізі шарт деген
қорытындыға келеді.
Ф.Гальтоннан кейін неміс педагогі және психологі Э.Мейман (19-20
ғғ)дарындылық мәселесін зерттеуді теориялық тұрғыда жалғастырып, соның
негізінде дарындылық белгілерінің типтерін белгіледі. Сонымен қатар туа
біткен дарындылықпен кейіннен игерілген дарындылықты бірлікте қарауға
тырысты.Э.Мейман дарындылықтың педагогикалық аспектілерін:оқу мен тәрбиенің
дарындылықтың дамуына әсерін, дарындылық, қабілеттілік, жетістікке
жетушілік арасалмағын қарастырды.
20 ғасырдың бірінші жартысында неміс психологі В. Штерн адамның жеке басы
ерекшелігін зерттеп, жеке бас психологияның негізін қалады. Ол талантты
бағалау әдістерін қарастырып, оқушылардың ақыл-ой қабілетін анықтауға
арналған қабілеттілік коэффициентін көрсетті. В.Штерн ақыл-ой
қабілеттілігінің келесі анықтамасын ұсынды: Ақыл-ой қабілеттілігі-өз ойын
саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір
жаңдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі. Штерннің пікірінше,
дарынды деп жаңа талаптарға әр түрлі салада, әр түрлі жағдайларда тез
бейімделе алатын адамды айтуға болады.[27;45]
19 ғасырда қазақ халқы ағартушылары да хылықты сауаттандыру, жеке
тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы
Ы.Алтынсарин Табиғи ақыл өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны
дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана
өркениетке жетелейтін озық білім дейді.
Ш.Уалиханов шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің
шешуші рөлі көрсетілген.Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі
жөніндегі пікірі мынадай: Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ойы
жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектілігімен ерекшеленеді. Ш.Уалиханов
тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи
бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
А.Құнанбаев адамды қоршаған орта – табиғаттың бір бөлігі дей келе,
табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы-туылғаннан бастап білуге,
түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті
біртіндер жоғалта береді. Ақын адамның ойы мен санасы еңбек іс-әрекеті
кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды: Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі
еңбек арқылы қалыптасады. Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттің туа біткен
қасиет екенін мойындай отырып, тұлға дарындылығымен қабілетінің дамуына
білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін
айтады.
19 ғасыр бас кезінде Қазақстанда педагогика теория негіздерінің
қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж.Аймауытов, А.Байтурсынов,
М.Дулатов М.Жұмабаевтардың педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде
балалардың қызығуы мен қабілетілігін қалыптастыру мәселенін ескеру
керектігі баса айтылған.
Ж.Аймауытов Психология және мамандық таңдау еңбегінде эксперименттік
зерттеу нәтижесіне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған
кеңестерін ұсынады.Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке
қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру
қажет.Сонымен қатар Ж.Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір
мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің
табиғатына тән қызметпен айналысқаны тиімді болады.
М.Жұмабаев өзінің Педагогика еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы
туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше
түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тәрбиесі мәселесін интелектуалдық
қабілеттілікпен тығыз байланысты қарастырады.
Дарындылық теориясы негізі кешегі кеңес психологтерінің еңбекетерінде
көрініс тапқан.Л.Выготский, Б.Ананьев, В.Крутецкий, Н.Лейтес,
В.Тепловтардың психологиялық тұжырымдары дарындылыққа интегралды жеке
тәрбие ретінде жүйелі көзқарас тууына негіз болды, адам қабілеттілігінің
құрылымдық бөліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен,
дарындылықтың мән - мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қойған
жоқ. Сондықтан біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен
салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің жоғарылығы мен аса
ерекше байқалатын шығармашылқ қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Дарындылық ұғымы сый дар деген сөзден шыққан, дамудың
қолайлы ішкі алғышарттарын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедия
төмендегінше анықтама берілген: Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет
саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары
деңгейі . [3; 40]
Дарындылық ұғымы қабілеттілік ұғымына өте жақын.
Дарындылық пен қабілеттілік ұғымдары өткен ғасырдың 40-50 жылдарында
психолог Б. Тепловтың еңбектерінде толығырақ зерттелді. Оның дәлелдеуінше,
белгілі бір күрделі іс-әрекетті жүзеге асыруда қабілеттіліктің бір ғана
түрі жеткіліксіз, сондықтан бірнеше түрлерінің жиынтығы қажет болады.
Белгілі бір іс-әрекеттің ұтымды орындалуына тікелей әсер етуші
қабілеттіліктің ерекше сапалық жиынтығын дарындылық дейді ғалым.
В. Крутецкий өзінің математикалық қабілеттіліктің құрлымын зерттеген
еңбегінде Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп
түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының
бірлігі деуге болады деп тұжырымдайды. Сонымен қатар
дарындылық қабілеттіліктің доғарғы деңгейін белгілейді.
Н. С. Лейтестің редакциялауымен 1996 жылы жарық көрген Дарынды балалармен
ересек балалардың психологиясы кітабы. Осы еңбегінде
Н. С. Лейтес дарын ұғымына мындай анықтама береді: Дарындылық-бала өз
құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білімді игеру деңгейінің
жоғарлығы мен аса ерекше байқағыштығымен шығармашылық қабілетімен
байқалады. Бұл ол тұжырымды дарын тек педагогикалық қана емес, әлеуметтік
тәні бар құбылыс.
Көбінесе Дарынды оқушы - бұл жақсы оқитын оқушыдеген пікір
қалыптасқан. [7; 38]
Белгілі ағылшын психологі П. Торранстың зерттеулері бұл пікірдің
мұғалімдер арасында да жиі кездесетінін анықтады. Оларға оқуда қиыншылық
туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын нақты
және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақтар
қоятын, өз жұмысмен ғана айналысатын, тәуелсіз, көбіне, түсініспеушілік
туғызатын, қияли, әр нарсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнайды.
П.Торренстың зерттеуі нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық
дарындылығын көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арсында да аз
емес екендігін айқындаған. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеудің нәтижесін
есте ұстағандары жөн. АҚШ-та П. Торренс дарындылыққа мындай анықтама
берген: жеке адам функционалдық немесе потенциалдық мүмкіндіктерімен
бірқатар салаларда немесе психомоторлық салаларда ерекшеленеді. Осы
анықтама ертеректе қабылданған анықтамаларға қарағанда, дарындылық
құбылысын зерттеуге деген алғашқы қадамның басталуын көрсетумен
ерекшеленеді. П. Торренс жеке адамның интелектуалдық мүмкіндіктерімен ғана
шектеліп қоймай, әртүрлі тәсілдерді жатқызуға болады деп ұсынды.
П.Торренсқа қарағанда ол мүмкіндік түсінігінен ауыстырылатын
дарындылық терминін қолданбайды. Бұл жеке бастың дарындылығының адам
өмірінің әртүрлі жастық кезеңдеріне сәйкес көрінетін жасырын сипаты
болатындығын көрсетеді. Педагогикалық практикалық міндетіне сыртқа
байқалмайтын дарындылықты анықтаудың адекватты жолдарын іздестіру жатады.
Дегенмен, АҚШ-та осы анықтаманың қабылдануымен байланысты, оны сынға
алушыларда өсе түсті. Бұл анықтамаға қарсы тұрушылар, П.Торренс ұсынған
пайымдауда жеке адамның қабілеттілігі және осы қабілеттіліктердің
практикада жүзеге асырылуы шатастырылып берілген деп көрсетеді. Анықтаманы
сынаушылардың пікірінше, автор дарындылықты ғана емес, оның көріну жолдарын
анықтауда да қателік жіберген. П. Торренс анықтамасын сынаушылармен
келіспеуге болмайды. Шындығында, автор өте үлкен әдістемелік қателік
жіберген. Ол психологиялық құбылыстың сипаты ретінде осы құбылыстың өзін
және оның сыртқы көрінуін біріктіріп берген. Әрине, оның дарындылық -
тұлғаның ішкі мүмкіндігі екендігін мойындауы алға басталған үлкен қадам
болды. Дарындылық құбылысы жеке адамның интелектуалдық қабілеттілігімен
ғана шектелмеуі керек.
Талантпен дарындылық әр түрлі жеке тұлғалық және интелектуальдық
ерекшеліктеріде көрінуі мүмкін. Н.Б.Шумаков зерттеулерінде 5 пен 20 жас
аралығындағы балаларда ізденгіш, шығармашылық белсенділік дамуының
ерекшелігі қандай түрде жүреді деген сұрақ зерттелген. Зерттеу нәтижелері
балалар қабілетінің дамуында екі критикалық кезең 6 және 8 жаста
байқалады:егер де мектеп жасына дейінгілер шектен тыс білуге деген
құштарлығымен ерекшеленсе, ал мектепке қабылданғаннан кейін балалардың
көпшілік бөлігінде (20 - 25) белсенділіктің төмендеуі байқалады, сонымен
қатар балалардың 20 - 25 пайызында белсенділіктің күрт жоғарлауы байқалады.
Бұл кезеңде балалардың танымдық сұрақтары жаңа қасиетке - ізденіш сипатқа
ие болады, олар негізінен өз бетінше белгісіздікті табуға бағытталған.
Д. Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз - үш байланыстың
үйлесімділігі:
1. Жоғары интелектілік
2. Креативтілік
3. Нәтижеге жетудегі ынталылық
Осы үш қасеттің біреуі болмаса, адам дарын ретінде қалыптаспайды.
Интелектіліктің жетіспеуінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге
жетем деген ынтасы болмаса нәтижеде болмайды. Ал, креативтілік нашар
болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі.Адам
сүйіспеншілікпен, жанымен қалап істегенісін үнемі дамыта отырады. Бала өз
қалауымен бастаған ісін жетілдіре, дамыта ұйымдастырса, ол - шығармашылық,
яғни дарынды баламен жұмыс істеуге алдымен нәтижеге жету ынтасын
қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге әсер ету өте маңызды. Адамның
потенциалдық мүмкіндіктеріне негізделген Д. Ж. Рензули ұсынған
дарындылықтың анықтамасы оған жан - жақты толық берілген деп қарауға
мүмкіндік береді. Осы анықтаманы қабылдау дарындылықты анықтау, қолдау және
дамыту бойынша оқу - тәрбие жұмысын тек қабілетті балалармен ғана емес,
басқаларменде ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Оның анықтамасын басшылыққа
алып, дарынды балалармен педагогикалық жұмысты арнайы мектептерде ғана
емес, сонымен қатар білім берушілік және тәрбиелеушілік үрдісті атқаратын
барлық мекемелерде жүргізуге болады. Д. Ж. Рензули концепциясына толығырақ,
жан-жақты талдау жасау оның мотивациялық параметрді дарындылықты анықтаудың
басты сипаттамасы ретінде қарастырғанын анықтауға мүмкіндік береді. Адамның
қабілеттілігі оның табиғатынан бар. Әйтседе, табиғи қабілеттілікті дамыту
баланың нені істегеніне байланысты емес, оны неге істегеніне және
әрекетінің негізінде қандай мотив жатқанына, оны істеуге қандай күш
итермелегеніне байланысты болмақ.
Іс-әрекет құрлымындағы мотивациялық саланың маңыздылығы мен оның ең
алғаш ойлап табылғанына сүйене отырып, Д. Ж. Рензули өзінің мотивтер
классификациясын ұсынды. Сонымен қатар, ол іс-әрекеттің осы мотивтері
соншалықты маңызды емес, олардың арасындағы иерархия маңызды екендігін
көрсетеді. Іс-әрекет мотивтері психикада бірінен соң бірі жай ғана орын
алмайды. Олардың арасында нақты өзара қатынас бар. Олардың бірі жеке бастың
мотивациялық - қажеттілік саласында басымдылық көрсетсе, басқалары
бағынышты жағдайда болады. Мотивтер иерархиясы салыстырмалы тұрақты
психикалық құрылымдар ретінде көрінеді. Сондықтан зерттеуші-педагогтің
міндеті мотивтер арасындағы ең жақсы ғылыми жұмыстар мен жобалар сайыстарын
жыл сайын өткізу дәстүрге айналды. Дарындылық котегориясына жататындар
қатарын Американдық зерттеуші Д. Ж. Рензули бұрынғыдан көбейтті. Әлемнің
көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақстан, Ресей ол ұсынған дарындылық
формуласы педагогикалық практикада негіз ретінде қабылданған. Мысалы, Д. Ж.
Рензули оқудың әр түрлі мотивтерін қарастыра отырып, келесі бір жайыттарды
ескертеді. Дарындылықтың басты сипаттамасының біріне мотивациялық -
қажеттілік саласында оқу мазмұнымен байланысты жаңа білім, факторлерді,
құбылыстарды, заңдылықтарды меңгеруге, оқып - үйреніп жатқанның мәнін
түсінуге, міндетерді шешу жолдарын меңгеруге бағытталған мотивтердің
басымдылық көрсетуі жатады. Д. Ж. Рензули теориясын жақтаушылар мен
қарсы шығушылар арасындағы даулы сұрақтардың бірі, дарындылықтың
сипаттамасының бірі ретінде креативтілік туралы ой желісі болды. Отандық
ғалымдар дәстүрі бойынша креативтілік құбылыстың мәні шығармашылық
түсінігімен ұғындырылады. Көптеген ғалымдар шығармашылық үрдісін іс -
әрекеттің нақты түрімен байланыстырады, яғни шығармашылық туралы сөз етіп
тіпті қажеті жоқ шығармашылық түрі мәселен, көркемдік, техникалық, ғылыми
және т. б. туралы айту қажет. Ол шығармашылық табиғатынан шыға отырып, бір
салада бір нәрсені жасауды үйренген жеке адам өзінің осы іскерлігін келесі
салаға еш қиындықсыз жеткізе алады деген болжам жасайды. Осыған сәйкес,
жеке бастың шығармашылық түрлерін белсенділігіне сүйеніп, шығармашылық
түрлерін бөлудің еш қажеттігі жоқ екендігін айтуға болады. Д. Ж. Рензули
пікірінше, шығармашылық табиғат адам іс-әрекетінің түрі ретінде жалғыз,
сондықтан жеке адамның шығармашылыққа қабілеттілігі де бір тұтас, түрлі
қажетке жарамды болмақ. [17; 29]
Белгілі ағылшын психологі Г.Айзенк осы мәселе жайындағы көзқарасын
былай түйіндейді: Термометрді алғаш ойлап тапқанда ғылымда жылу құбылысы,
оның өлшем бірліктері туралы мәлімет өте мардымсыз болды ... .түбінде
жылулық теориясы термометр және басқа да құралдармен өлшеулер жүргізу
арқылы дамыды . Сөйтіп, Г. Айзенк дарындылық туралы түбегейлі, тұрақы
қортынды шығаруға асықпаған жөн деп тұжырымдайды ойын.
Канада ғалымы Д. Хебб генотиптік интеллект деген ұғымды
енгізді. Бұл таза тұқымқуалайтын интелект сыртқы ортамен қарама-қатынас
орната отырып, фенотиптік интеллектіні құрайды. Д. Хеббтің және басқа
да гендік дарындылықты жақтаушылардың тұжырымдары практик-ғалымдар мен
білім қызметкерлері тарапынан қатты сынға алынды. Олардың бірінші қарсылық
қатып қалған интеллектініжоққа шығарудан басталады. Сегіз бен он алты жас
арасындағы сынақты өткен оқушылардың 50 пайыз ғылымның әр түрі саласына әр
дәрежеде ой-өріс деңгейін көрсете білген.
Сонда оқушы 8 жыл ішінде тұрақсыз интеллектуалды дарындылығын танытқан. Д.
Хеббтің ойынша ген арқылы берілу мен сыртқы ортаның әсерінің арасындағы
қатынас 8 : 2. Мұнда 8 - тұқым қуалаушылық, 2-сыртқы орта. Осыдан мынадай
қортындыға келеді: ой -өріс бұл мәдени-әлеуметтік орта мен индивидтің
тәжірибесінен пайда болады.
1. 2. Дарынды бала мәселесі және оның психологиялық ерекшелігі.
Дарындылық дегеніміз не? Дарынды балалармен қалай қарым-қатнас жасау
керек? Олар арнайы зерттеуді қажет етеді ме? - деген сұрақтар қазіргі
таңда өзекті мәселе болып тұр. Балалардың дарындылық мәселесі жайында
көптеген шетел және отандық психологтар зетттеулер жүргізген. Адамдардың
шығармашылық мүмкіндіктері өте ерте байқалады. Оның ең алғашқы көріну
кезеңі - 2 мен 5 жас аралығы. Бұл жаста жеке тұлғаның негізгі қалыптасады
және ол өз-өзін көрсетеді. Қабілеттіліктің алғашқы көрінуі балаланың әр
түрлі аймақтағы іс-әрекетке еріксіз қызығушылығын оята бастайды. Яғни,
шығармашылық мүмкіндіктердің алғышарттарын осы кезден іздеу керек. Ата-
аналардың, тәрбиешілердің, мұғалімдердің міндеті - баланың осы талпынысын
қолдау. Дарынды балалар ерте жаста - ақ себеп - салдарының байланысын
айырып, соған сәйкес қортынды жасай білуге қабілетті.
Әуесқойлық пен ерекше қызығушылық олардың әрқайсысының дамуында
ерекше көрінеді. Балалардың зерттеу аймағын таңдау - жіберіп алуға
болмайтын маңызды сәт. Шығармашылық өсудің шеңбері шексіз. Бұндай жеке
тұлғалық таңдау табиғатқа, өнерге, ғылымға, техникаға, спортқа, кәсіби
әлемге, әлкеуметтік өмірге деген қызығушылық теңдей болуы мүмкін. Тағы да
бір олардың бойындағы ерекшелік - есте сақтау қабілеті. Еске сақтаудың
жоғарылығы ерте тіл шығу мен абстрактілі ойлаудан басталады. Дарындылар
алған ақпаратттар мен тәжірибені жіктей алу қабілеті, жиналған білімді кең
көлемде қолдана алумен ерекшеленеді. Кең көлемдегі сөздік қор, сұрақтарды
дұрыс қоя білу кішкентай Вундеркиндтерді ерекшеленеді. Олар сондай
қызығушылықпен сөздіктер мен энциклопедияларды оқиды, қиялындағы
құбылыстарға сөздер ойлап табады, ақыл-ой қабілетін дамытуды талап ететін
ойындар ойнағанды ұнатады. Психоәлеуметтік даму аймағында дарынды
балаларға келесі сипаттар тән. Оларда өте ерте жастан байқалатын әділеттік
сезімі күшті дамиды. Олар өзіне және қоршаған ортаға жоғары талаптар қояды.
Кішкентай таланттылардың айқын қиялы өмірде жоқ жолдастары мен фантастикаға
сай әлемнен тұрады. Көптеген жылдар өткеннен кейінде олардың көпшілігі
жұмыста және өмірлерінде сол ойының элементтерін және шығармашылықты сақтап
қалады. [38;6]
Дарынды балаларға шектеп тыс қорқыныш тән.Өйткені олар әр түрлі
қауіпті құбылыстарды қиялдауға қабілетті. Олар сонымен қатар өте сезімтал,
эмоционалды тәуелді, шыдамсыз. Дарынды балаларға мынадай қатарынан озық
танымдық даму тән.
1. Қабілдаудың кеңдігімен ерекшелене отырып, олар қоршаған ортада болып
жатқан барлық нәрселерге өте сезімтал және қандай да бір заттың қалай
жасалғандығына қатысты білуге деген құштарлықтары өте жоғары. Олар бірнеше
іс-әрекетті бір уақытта бақылай алады және қоршаған ортадағы заттардың
бәрін белсенді зерттеуге бейім келеді.
2. Олар құбылыстар мен заттардың арасындағы байланысты қабылдауға қабілетті
және соған сәйкес қорытынды жасайды. Оларға өздерінің қилядарында жанама
жүйелер құру ұнайды.
3. Жоғары есте сақтау қабілеті ерте тілдік дамуымен үйлесе отырып балада
кең көлемде ақпаратты жинауға және оны жүйелі қолдануға көмектеседі.
4. Дарынды балалар сөздік қорға өте бай, ол ойын еркін және айқын
баяндауына көмектеседі. Кейде олар өз қызығушылықтарын қанағаттандыру үшін
өздері сөздер ойлап табады.
5. Дарынды балалар дайын жауаптары бар сұрақтарды ұнатпағандықтан жоғары
қабілеттіліктерінің арқасында бұрын көріп - білмеген тапсырмаларды, күрделі
сұрақтарды өздері шешкенге құмар.
6. Олар қандай да бір тапсырманы шешуде табандылық танытумен және зейінін
ұзақ уақыт шоғарландра алу қабілетімен ерекшеленеді.
Дарынды балалардың физикалық сипаттамалары:
1. Дарынды балалар әдеттегіден аз ұйықтайды және талап қойғыш деңгейі өте
жоғары.
2. Олардың қолмен жұмыс істеу қабілеті танымдық қабілеттерінен артта
қалады.
Талап пен дарындылық әр түрлі жеке тұлғалық және интелектуалдық
ерекшеліктерде көрінуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы егемендік алғалы бері еліміздің білім жүйесі
үзіліссіз реформалар үстінде келеді. Авторлық, тереңдетіп оқыту, дарынды
балалар мектептері жұмыс істеуде. Он екі жылдық орта білімге өтуге қадамдар
жасалынуда. Әрине, еліміздің халықаралық білім кеңістігіне, бүкіл әлемдік
сауда ұйымына, бәсекеге барынша қабілетті 50 ел қатарына өтуі барысында
орта мектеп өмірінде орын алып отырған бұл жағашыл оқыту түрлері барынша
құпталынуы тиіс. Өйткені, кез келген елдің экономикалық әлеуеті оның
интелектуалдық әлеуетімен өлшенеді. Бұл тұрғыдан алғанда Елбасы
Н. Назарбаевтың еліміздегі білім жүйесін дамыта отырып әлемдегі алдыңғы
қатардағы жүйеге шығару мақсатында ел дамуының басым бағытына айналдыруы
тектен - тек емес.
Бұл жағдай еліміздің білім саласында болып жатқан реформаларға жаңа
заман талабына сай сын көзбен қарауды, кемшіліктерді ашық түрде көрсете
отырып жою, алдыңғы тәжірибелерді мектеп өміріне батыл кіріктіруді қажет
ететіндігі күмән туғызбасы анық.
Елімізде дарынды балаларды ерте тауып, арнайы мектептерде,
гимназияларда оқытуға қатысты айтарлықтай іс-шаралар атқарылуда. Алайда
осы іс-шаралардың түпкі нәтижелерін қарастырсақ, онда ауыз тұшытарлық еш
нәрсе таба алмайтынымыз, дарынды деген бала дарынды болмай шығып немесе
дарындылығын тез жоғалтып алып, оның өзі де, мұғалім де қиналып жүретіні
ащы болсада шындық. Мұның басты себебі:мектеп өмірінде дарын және
дарынды бала ұғымдарының толық зерттелінбеуінде, ерекшіліктерінің толық
айқындалынбауында, оқу үрдісінің осы ерекшеліктерге сай жүргізілмеуінде
болса керек.Сонымен дарын деген не? Дарынды баланың қандай ерекшелігі бар?
Жалпы кез-келген адам үш параметр: мүмкіндік - адамның нәтижесі тек өзі
үшін ғана қажетті іс-әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетсе,
қажеттілік - оның нәтижесі қоғамға немесе әлеуметтік топқа қажетті іс-
әрекетті дұрыс орындай алу деңгейін көрсетеді. Ал мүдделік - адамның жеке
тұлға ретіндегі сипаттамасы.
Нәтижелі орындаушы адам үшін ғана керек болатын іс - әрекеттің оқу
іс-әрекеті деп аталатынын белгілі. Яғни мүмкіндік - адамның оқушы ретіндегі
сипаттамасы. Ал қажеттілік - адамның белгілі бір әлеуметтік топ ретінде
сипаттаушы сипаттамасы. Мүмкіндік - орта мектеп қабырғасында, қажеттілік-
жоғары мектепте, ал мүдделік - аспирантура немесе докторантура
қабырғасында. Мүмкін қалыптасқан адам - оқыған қажеттілік қалыптасқан адам
- білімді, ал мүдделік қалыптасқан - ғалым деп аталады. Еліміздің білім
жүйесінде қалыптасқан нормативтерге сай оқығандық дәрежеге жету үшін 11 -12
жыл, білімділікке жетуге 15 - 17 жыл, ал ғалым болу үшін 17 - 20 жыл қажет.
Алайда, белгілі бір себептермен білімділік не шығармашылық сипат оқушылық
кезеңде көрініс беруі мүмкін.Яғни, дарын-іс-әрекеттің шығармашыл сипатының
оқушылық кезеңде көрініс табуы. Дарын атауының тек бала, оқушы үшін ал
қабілетті атауының оқушы үшін де, қызметкер үшін де айтылатындығы
осыған байланысты. Әрине білімді адам-өзінің қоғамдағы орнын, өзінің
неліктен осы орында отырғанын біліп түсінетін, оны өзі тиімді өмір сүру
үшін пайдалана алатын адам. Ал ғалым-қоршаған орта, дүниетаным туралы өз
көзқарасы қалыптасқан адам. Ол өз көзқарасы ауқымында ғана іс-әрекет
жасайды. Дарынды бала - оқушы бойында бұл қасиеттердің бірде-бірі, әсіресе,
дүниетанымдық көзқарас қалыптасып үлгермейді. Сондықтан оқушының дарындылық
қасиеті барынша орнықсыз қасиет. Оның басқа түрге енуі немесе сөніп қалуы
көзқарастың өз еркіне байланысты кез келген сәтте орын алуы мүмкін. Сонымен
қатар уақыт өте келе дарындылық қабілеттілікке, ал қабілеттілік кәдімгі
қатардағы қасиетке ауысады. Орта буындағы оқушылары арасында дарынды
балалар болмайтындығы сондықтан. Дұрыс оқытылған жағдайда дарынды баладан
ғалым, ал қабілетті баладан жақсы қызметкер шығады. Алайда, дарындылықты
дамыта отырып орнықты шығармашыл қызметке айналдыру үшін орта мектепте
оқытудың қазіргі мен салыстырғанда тіптен өзгеше, жаңашыл түрі керек .[30;
5]
Әр бір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды.
Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілететтілік
байқатады. Бірақ, бұл қабілеттілік қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса,
ол қасиет жас өскен сайын бірте - бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің
болшақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды. Қазіргі әлеуметтік -
экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке жалпы және арнайы қабілеттілік,
білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата -
аналардың, мұғалімдердің алдында жаңа міндет: балалардың жеке
қабілеттілігін, бейімдігіін анықтау және оны дамыту, соның негізінде
олардың болашағына бағыт беру тұр. Осы аталған мәселенің өзектілігі
соншалық, жеке тұлғаның дарындылығын дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру
қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Бүгінгі таңда дарындық балалар
мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар
тереңінде жатқаны да белгілі. Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі
идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек
философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы
қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтерінің еңбектірінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікрлер ерте грек
философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы
танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға өте қиын мәселелердің
бірі болғандықтан, жекеленген адамдардың табиғи ерекшелігі мен оларда
ерекше табиғи қабілеттіліктің болуы құдыретті күшті құдайдың жарылқағаны
деп есептеген. Плотонның пікірінше, ақын туындылары өзінің өнерлілігі мен
білімінен емес, құдайдың құдыретінен, оның белгілеуінен. Ерте кезде 14
ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп
есептеген. Үкімет қызметкерлеріне әскери адамдарға ғалымдарға қатысты
дарындылық қабілетін жат санаған. Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет
жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интелектуалдық іс-
әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандылық
ұғымдарына да тоқтала кетейік.
Шығармашылық - өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім
алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім мен
біліктіліктің, түрткінің болуы.
Талынт - қабілеттіліктің жоғары деңгейі. Ол суретшінің өнертапқыштың,
ғалымның және кез келген істі шығармашылықпен шешуді талап ететін өзге де
мамандық иелерінің өзгешелілімен, түп нұсқалылығымен ерекшеленетін
еңбектерінің болумен сипатталады.
Данышпандық - қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен
сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі. Данышпан адам өз ісінің
аумағында жаңа ғасыр тудырады.
Дарындылық тұқым қуалайтындығы ұрпақтан-ұрпаққа берілетіндігі
даусыз. Ғылым бұны дәлелдепте берді. Дарынды балалардың ерте сөйлеуі мен
абстрактілі ойлауға негізделген есте сақтауы жақсы жетілген. Олар
топтастыру қабілеті, мәлімет пен тәжірибені категориялауда алынған білімді
кең көлемде қолдану ерекшелігімен байқалады. Олардың топтастыру мен шешімге
бейімділігі, дарынды шешімге бейімділігі, дарынды балалардың сүйікті ісі -
колекция жинау мен қайта жасау үлкен қуаныш сезімін әкеледі, бірақ әсемдеу,
тәртіппен жинау олар үшін мақсат болып табылмайды.
Дарынды балалардың ата-аналарын ойландыратын мәселенің бірі-
мектептегі оқу кезінде кездесетін қиындықтар. Бұл қиындықтар дарынды бала
туралы қоғамда қалыптасқан түсінікке байланысты. Өйткені, орта
қабілетті бала мектепте мақталады да, ақылды балаға сенімсіздік
жасалады.Оның қабілеті көп жағдайда ескерілмейді. Соның салдарынан дарынды
бала ерекшеленбеуге, көзге түспеуге тырысады. Ортаның осындай ықпалы
әсерінен дарынды бала өз қабілетін танып, дұрыс бағалай алмайды. Сөйтіп, өз
деңгейінде дамып жетілмей, шектеледі. Дарынды балаларды таңдап олардың
бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірде дұрыс бағдар бере білуіміз
керек.Дарынды бала білуге құштар. Дарынды бала өз әрекетін шектеуді
ұнатпайды.
Дарынды баланың эмоциональды сферасының негізгі ерекшеліктерінің
бірін көптеген зерттеушілер жоғарлатылған деп санайды. Дарын иесі бірнеше
құбылыстарды жан-жақты қарауға қабілетті болып келеді. Ғылыми зерттеулерге
қарағанда дарынды, талантты балалардың миының биохимиялық ,электрлік
белсенділігі жоғары келеді. Дарындылар кішкентайынан - ақ себеп –салдарға
көңіл аударып, соған сәйкес қортынды жасап отырады.Кез келген жүйенің
балама моделін жасауды ұнатады. Олар жинақтаған білімін, тәжірибесін кең
пайдалана біледі, хабарларды жүйелеп, бөліп талдайды. Кейбір балаларда
математикалық қабілет, кейбірінде ой жұмысын талап ететін ойындарға,
көпшілігінде оқу қабілеті басым келеді. [25;29]
Дарындыларда адалдық сезімі күшті жетіледі.Шындықта, турашылдықты
қостайды. Қоғамдағы теңсіздікті бірден сезеді. Қиялы бай, әрі анық келеді.
Дарынды балалардың шамалары жетпейтін мәселелерді шешуге талпынуы, олардың
даму тұрғысынан пайдалы. Дарынды балалардың қабілеттілгіне ортаның
тигізетін әсері жан-жақты. Ал, талантқа талдау жасасақ, дарындылықтың
жоғары деңгейі, ол қызмет өнімін алуға рұқсат етеді. Данышпандылық - бұл
дарындылықтың жоғары деңгейі. Дарынды оқушы тұлғаның 4 негізгі
аспектілерімен өзара байланыса сипатталады.Олар:
1.Интеллект
2.Шығармашылық
3.Мотивация
4.Тұлғаның әлеуметтік бейімділігі.
Сонымен, дарынды бала өз талантын түрліше сезінеді. Отбасында іні,
бауырларымен ойнағанда өз ерекшелігін сезінсе, мектепте құрдастарымен өзін
салыстыру арқылы байқайды. Баланың таным процестері қабылдауы мен
тәжірибесіне байланысты. Бала қоршаған ортаны зеттеу барысында нақты нені
жасай алатынын, нені істей алмайтынын біледі. Ал, айналадағы адамдар оның
істеген істерін түрліше бағалайды. Бұл кезеңде ол өзін қоршаған адамдардың,
ата-анасының өзіне көңіл аударғанын ұнатады. Ата-ана үшін баласының
әрекетін бақылап, бағыттап, оқыту көп қиындық жасамайды. Психологтардың
зерттеуі бойынша интеллект жас өскен сайын өспейді, толыса түседі.
Дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз ету
жөнінде мысал келтірсек, Батыс Қазақстан обласында Өскемен қаласындағы
Дарынды балаларға арналған №34 лицейге тоқталсақ. Дарынды балаларға
арналған №34 лицейдің психологиялық жұмысының мақсаты: ғылыми зерттеу
процессін психологиялық білім беру жүйесімен ұштастыру болып табылады.
Психологиялық қызмет балалар дарындылығын дамыту негізінде жүргізілетін
жұмыстың мына бағыттарын анықтады:
- балалардың жеке ерекшелігімен интеллектуалды және шығармашылық даму
потенциалын диогностика жүргізу арқылы зерттеу;
- топтағы сыныптағы психологиялық климатты зерттеу;
- ата-анаға, мұғалімге, педагогқа, балаға психологиялық көмек көрсету және
топтарға консультатция беру;
-педагогикалық коллективті ғылыми әдістемелік жұмыспен қамтамасыз ету;
-даму және түзету сабақтарын өткізу;
№ 34 лицейдің психологиялық жұмысының әдіснамалық теориялық негізі болып,
Қазақстан Республикасындағы дарынды балалардың дамуына демеу беру және
дарынды балаларға арналған мектептегі психологиялық қызметінің деңгейін
көтеру.
1.3.Балалар дарындылығының түрлерін классификацициялау және
диогностикалаудың негізгі концептуальдық принциптері.
Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі жағдайы өзінің
өзектілігін дарынды балалардың ғылыми зерттеулік жұмыстарын арнайы
ұйымдастыру міндетін алға қойды. Елімізде балалар дарындылығы құбылыстарын
зерттеу мәселесі Б.У.Байтуковтың жұмыстарынан орын алады. Арнайы және білім
беретін мектеп жағдайында педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру әртүрлі
аспектілерді көптеген мұғалімдер жұмысында баяндалған. Әр кезеңде
дарындылық мәселесін зерттеген зерттеушілердің көзқарасын тұжырымдай келе
келесілерді атап көрсетуге болады:
1. Зерттеушінің көпшілігі қабылдаған дарындылықтың ортақ анықтамасы жоқ.
2. Дарындылықтың жалпы анықтамасын берудің қиындығына қарамастан оның
кейбір көрсеткіштеріне сипаттама беруге болады.Оларға келесілерді жатқызу
қажет:
А) дарынның табиғи сипаты бар;
Б) дарынды екі түрге бөлуге болады: актуальды, потенциалды;
В) дарындылық әртүрлі деңгейде барлық балаға тән;
Г) арнайы қабілеттің дамуы баланың жалпы дарындылығына тірек етеді.
3. Дарындылықтың көрсеткішіне келесілерді жатқызуға болады:
А) белсенді ақыл-ой, танымдық іс-әрекетке даярлық;
Б) икемдік, көп нұсқалық, шешімнің ерекшелігіне тән шығармашылық іс-әрекет;
В) дарынды баланың танымдық белсенділіктерінің қозғаушы күшінің рольін
атқаратын жағымды мотивацияның болуы.
4. Дарынның сыртқы көрінуіне мыналар жатады:
А) тым болмағанда бір көрсеткіш арқылы құрбы құрдастарынан алда болу;
Б) интелектуалдық іс-әрекеттің табыстылығы;
В) танымдық тапсырмаларды шығармашылықпен шешу.
5. Дарынды баламен жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық міндеттері
А) баланың психологиялық жастық және психофизиологиялық ерекшеліктеріне
негізделген дарынды анықтаудың адекватты және сенімді әдістер кешенін құру;
Б) арнайы жалпы білім беретін мектеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz