Ағатай батыр


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Ағатай батыр

Мақтарал ауданы Жетісай өңірі ынтымақ ауылында Ағатай есімді қарт кісі тұрған. Ол кісінің өмірден өткеніне бірнеше жыл болса да оның өмірлік жұбайы Ағатайдың қандай болғандығын айтып ол еске түсіріп отырады. Ағатай өте ержүрек батыр ақылды адам болған және шабандоз да болған екен.

Ағатай революция басталғаннан кейін қызылдардың қатарында ақтарға қарсы соғысады. 20-жылдары басмашыларға қарсы соғысқан. одан кейін Шолақ белсенділермен қызылдардың тыныш жатқан қарапайым момын халыққа жасаған қысымдарымен зорлық зомбылықтарын көріп, қарапайым халықтың мүддесін қорғауға шығады. Сонан соң ол кісі НКВД -ның қуғынына ұшырайды. Олардан жолын тауып қашып, Алашордашылардың отрядына қосылады. Ал қызылдар Ағатайдың басына көп мөлшердегі ақша тігеді. Ағатайдың кейінгі өмірі қашумен өтеді. Ол кісі көптеген айқастарды басынан өткізген.

(Бір күні) Новои облысының Кениме ауданында құмның ішінде қызылдардың қоршауында қалады. Бірнеше күн атысып, сол айқаста қаза болады.

Содан 1924 жылы Ағатайға Өтемұрат совхозында ескерткіш орнатылады және ол жерде (Аға) батырдың құрметіне үлкен ас береді. Асқа батырдың ұл қыздары мен немерелері қатысты.

Қайыпназар Әйтпенов ұлы өзгерістер күтіп тұрған жаңа ғасырдың басталар алдында, 1900 жылы Қызылқұмның Сыр бойына таяу өңіріне (Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысның Шардара ауданы) малшы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Бұл «түйенің өркешіне шығып жыл басы атанған» Тышқан жылы екен.

Өлеңі:

«Махамбетке ақыреттен хат»

Сәлем де Махамбетке Төлешіңнен.

Өлгенше шығармадым сені есімнен

Жолдасын жақсы кісі ұмыта ма

Шыққанша шыбын жаны денесінен.

Махамбет қатар өскен Төлеш едім,

Мен сені басқа кісі демес едім.

Дүниеде тірі жүрген уағымда.

Іренжіп ешбір қайғы жемес едім.

Мен сені мұншалықты көрмеуші едім.

Бір елдіғ адамсынған немесі едің.

Шығарда деп жүруші ең жаным басқа,

Бір туған санаушы едім қарындасқа.

Артымнан шақырсам да бір келместен

Досыңды айналып ең танымасқа.

Шымкентте больница да қадаланып

Мен кеттім іздесең де табылмасқа

Махамбет адамдығың сәл -ақ екен.

Көңлің көр көкірегің тар-ақ екен.

Бір күнге уақыт тауып келе алмадың

Сондағы зәрулі ісің арақ екен

Суретің адамға ұқсап жүрген менен.

Миың жоқ басың құры қауақ екен.

Адамзат қиындыққа кездескен соң.

Дереу -ақ мүсәпір боп қалады екен.

Қайғысын келсе алып тастайтындай.

Есіне жолдастарын алады екен.

Көз жұмыс өлгенімше жолға қарап

Деп жаттым сені келіп қала ма екен.

Кісінің жора - жолдас туысқаны

Болады осындайда суыспағы.

Бір күнге өкімет те босатады.

Болса да қандай қиын жұмыстары.

Өмірім жүре алмадым біткеннен соң

Қоймайды Әзірейіл діттеген соң.

Бостықтан өліп қалды деп жүрмісің.

Қатты ұстап Төлеш өзін күтпеген соң.

Бір шайтаннан басқаның бәрі өледі.

Мойнына парыз етіп жүктеген соң.

Шайтанға қосыламын деп жүрсің бе.

Бір қауым оларды да жұрт деген соң.

Мінерсің сен де бір күн ағаш атқа.

Бесікте жатқандай боп бала шақта.

Бір келіп көңілімді сұрар едің

Ақыл мен ие болсаң парасатқа.

Төбеңді қиындықта көрсетпедің.

Жолдас деп денсаулықта санасақ та.

Бұл жаққа келмей кетсең сөз сенікі.

Кеп қалсаң сөйлесермін арасатта.

Махамбет өкінбеймін өлгеніме

Жалғаннан шын дүниеге келгеніме

Бұл жақтың халқы тіпті ұқсамайды

Көксудың ол жақтағы елдеріне.

Жолдасқа опасы жоқ кісі екен деп.

Боп жатыр көп әңгіме сен жөнінде

Тосып жүр жолдарыңды мүңкір - нәңкір

Келгеннен алмақшы боп тергеуіне

Дозаққа салатұғын сияғы бар.

Сөзінің қарағанда бейнеуіне

Тергеліп қылған ісің анықталар

Талқыға әкеп сені салып қарар

Әкеліп тергемекші болып жатыр

Кешікпей әзірешіл барып қалар.

Қыла бер бас қамыңды осы бамтан

Сүйенер кісі болса алып қалар.

Қайыпназар Әйтпеновтың «Жаңарған Мырзашөлге» деген арнауында былай дейді:

Алпыс жыл нақ осы жерде бұдан бұрын,

Даланың қайғы қаптап ой мен қырын,

Езіліп кедей байдың табанында,

Өшіріп шығара алмай жүрді үнін

Ішіп - жеу жоқшылықтың себебімен,

Жегені желім болып, ішкені ірің

Тамақ үшін өзі құл, әйел күң

Олардың итке берсін көрген күнін

Сен соның көзбен көрген куәсімін

Тұрмыстың арқалаған ауыр жүгін

Нақ осы жер шаң қаптаған шөл боп еді,

Отырған маңайында ел жоқ еді.

Өсіру балы асырап қиын болып

Көз жасы талайлардың көл боп еді.

Мінеки сол жер қазір гүлдей жайнап

Бау - бақша бұтағында бұлбұл сайрап

Жасырып жер астында жатқан алтын

Жарқырай жер бетіне шықты жайнап

деп, жырлаған. Мырзашөл сияқты бір кезде ұшқан құстың қанаты, жүгірген аңның тұяғы күйетін сардаланың адам қолымен жаңғырып, гүлстанға айналғанын өз көзімен көрген ақын қалай жырламасын. оның жаңарған Мырзашөлге шалқыған Шардараға, марқайған Мақтааралға арналған толғаулары осы елдің, жердің тарихынан сыр тартып, тағдырынан тағылым береді.

Өлеңі:

«Ақыреттен келген хат

Сәлем хат жіберілді Бөрібектен

Дүниеге адам мейман келіп - өткен

Пейіштің есігінен орын алдым

Аз күнде әжеп емес төріне өтсем

Бір қатар жақсыларды көзім көрді

Ең төрге сақылықпен қолы жеткен

Дүниеден өкінбеймін өткеніме

Ақыры келер жеріме жеткеніме

Жас еді, балаларым, арманым сол -

Жылатып тастап соңға кеткеніме

Амалсыз кеттім Құдай панасы деп,

ешкімнің болмас бұған шарасы деп

Бір қатар жолдастардан үміт еттім

Сағырлық халін көрсе жаны ашыр деп

Жәрдем қып тұратұғын шығар дедім.

Есіркеп Бөрібектің баласы деп

Бастығын сенгенімнің сен ең бірі

Басқадан дәулетің де, денең де ірі

Есіттім балдарыма қылғаныңды

Сөйлесермін осы даққа келген күні

Қоңсы боп отырып ек іргелесіп

Істеп ек қызметті біргелесіп

Арамыз тіршілікте тату еді

Тапқанды бөле - жара бірге жесіп

Қолыма артық - аспай олжа түссе

Апарып беруші едім түнделетіп

Есіңнен осыларды шығарыпсың

Білекті бай болуға сыбаныпсың

Барлығын жора - жолдас барлап шығып

Дүние жинау жолын құп алыпсың

Баламның көз жасына қарамапсың

Күлпарды көнторыңа қамап апсың

Хал сұраудың орнына дау шығарып

Қорқытып ұруға да шамалапсың

Айтыпсың Бөрібекті атым бар деп

Алатын мәлімем затым бар деп

Бөрібек теңдік бермей өліп кетті

Алуға енді сенен хақым бар, деп

Сөйтіп сен өлгенімді пайдаландың

Алдыңа әйелімді айдап алдың

Шынымен мен де қарыз атың болса

Ауырып жатқанымда қайда қалдың?

Мен өлген соң алуға аттаныпсың

Көңіліне әйелімнің дақ салыпсың

Көшеде келе жатса ұстап алып

Тетелеп көпторыңа ап барыпсың

Құрт бағып, өліп - өшіп тапқан пұлын

Қалтасын тінтіп түгел ап қалыпсың

Жүрсің бе дүниеде өлмеймін деп

Мен келген ақыретке келмеймін деп?

Жүрсің бе жұдырықты арқа тұтып

Жанымды Әзірейілге бермеймін деп

Осында сен де бір күн кеп қаларсың

Ойлымы Бөрібекті көрмеймін деп

Күшіңмен әзірейіл санаспайды

Қорқыт аты сияқты қашсаңдағы

Табады тура барып, адаспайды

Іліп ала жөнелед барған күні

Ісіңе анау - мынау қаратпайды

Сүйеніп жүрген сенің дәулеріңнен

Келісіп ешбірімен жанаспайды

Алдымен маған әкеп көрсетеді

Батырым сонда көзің алақтайды

Мұнда жоқ менімен келіспеген

Мұндағы тергеушінің ең бастығы

Таныстым мүңкір - нәңкір періштемен

Деуі олар еш адам жоқ өлмейтұғын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы
Мағжан Жұмабаев шығармаларындағы тарихи шындық және көркемдік шешім
Қазақ батырлары: Исатай, Махамбет
Қазақ қоғамындағы батырлар институты
ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ
Кенесары көтерілісі
Ә. КЕКІЛБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МАХАМБЕТ БЕЙНЕСІ
МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ ПОЭМАЛАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ШЫНДЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ҚИЯЛ
Батыр Баян поэмасы
Жыраулар поэзиясындағы Абылай хан бейнесінің көрінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz