Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДАҒЫ ГИМНАСТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар
1.2 Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
1.3 Лақтыру жаттығулары
2 САПҚА ТҰРУ, ЖАЛПЫ ДАМЫТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР, АКРОБАТИКА ЖАТТЫҒУЛАРЫ
2.1 Акробатикалық жаттығулар
2.2 Акробатикалық элементтері бар эстафеталар мен ойындары
2.3 Гимнастикалық жабдықтарда орындалатын жаттығулар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда қоғамның салауаттылығы маңызды сипатқа ие. Бүгінгі болашақ
мұғалімді дайындауда олардың салауатты өмір сүру мен денсаулық, дене
мәдениеттерін өздері игермей тұрып, оларды білімді, білікті маман ретінде
қалыптастыру мүмкін емес. Себебі әр болашақ маманның денсаулығы жеке
байлық қана емес, ол сондай-ақ халқымыздың білім және экономикалық қуатының
өсуі үшін де қажетті шарттарының бірі. Соның ішінде денсаулықтың басты
шарты-мәдени орта, салауатты өмір салты.
Президентіміз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан - 2030 стратегиялық
бағдарламасында Салауатты әрі гүлденген экономика құрмайынша, біз қуатты
мемлекет пен қарулы күштер құра алмаймыз, демографиялық, экономикалық және
әлеуметтік міндеттерді шеше алмаймыз, әрбір адамның жеке басының қадір-
қасиеті мен әл-ауқатын арттыра алмаймыз,- деген болатын.
Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – дене тәрбиесі арқылы
салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Соған байланысты көптеген
құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18
мамырдағы Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде Салауаттану-денсаулықты
сақтау бағдарламалары. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –дене
тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар тәрбиесі.
Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер
туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және
әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене
тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен қатар,
педагог кәсіби жұмысын атқарып қоймай, оқушылардың рухани жеке тұлғасын
қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.
Кейінгі жылдары жастардың тәрбиесіне байланысты бірқатар құжаттар,
заңдар, тұжырымдамалар жарық көрді. Оларда тәрбиенің мазмұны, ұстанымдары,
мақсаты мен міндеттері қайта қарастырылып, оларды түбегейлі жаңалау
қажеттілігі атап өтілген. Мұндағы мақсат – ұрпақты қазақ халқының
жауынгерлік тарихымен, ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың
өмір өнегесімен таныстыру, өз жерін, елін қорғай алатын елжанды ұлттық
намысы бар жігерлі азаматтарды тәрбиелеу, басқа ұлттардың өкілдерімен
жастардың өзара сыйластық, достық негізінде өмір сүруіне ықпал жасау,
ұлтаралық қатынастың жақсы негіздерін бойына сіңіру. Бұл қағидалар қазіргі
таңда қазақ педагогикасында тәрбиенің негізгі ережелерінің бірі болып
саналады.
Соңғы уақытта жеке тұлғаның дене тәрбиесі үздіксіз білім беру жүйесінде
дене тәрбиесінің мақсаты түрінде қарастырылып жүр. Бұл мақсат үздіксіз
білім беру мен жеке тұлғаны қалыптастыру жүйелерінің қазіргі даму
талаптарына жауап бере алады. Бұдан басқа, жеке тұлға үздіксіз білім беру
жүйесінің жекелеген бөліктерінің сабақтастық принципін бейнелейді; сонымен
қатар субъекттің жеке өмірінің мәдениет сапасын анықтауға бағытталған
болашақ жоспары туралы идея да бар. Айтылған мақсат және міндеттер оқу-
тәрбие үдерісінің тиімділік талап өлшемдерімен нақтыланады.
Жеке тұлғаның дене тәрбиесін қалыптастыру проблемасы зерттеліп, теориялық
негізінің жасалғанына қарамастан бүгінгі күні ол көкейкесті және ашық
мәселе болып қалуда. Бұл ең алдымен мемлекетіміздің әлеуметтік-
экономикалық, саяси және рухани дамуындағы өзгерістермен байланысты. Бұлар
дене мәдениеті саласында диалектикалық қарама-қайшылық тудырады. Сондықтан
философиялық, педагогикалық және психологиялық ғылымдардың әдіснамалық
негіздеріне сүйене отырып, мектеп оқушылары үшін дене тәрбиесінің жаңашыл -
педагогикалық ұйымдастыру жобасын жасау қажет. Бұл жоба олардың дене
мәдениетін қалыптастыруға бағытталады және оның көмегімен жеке
физиологиялық, гигиеналық жағынан алдын алу және емдеу қажеттіліктерін
жүзеге асырып қана қоймай, әлеуметтік белсенді тұлға болуға, жемісті еңбек
етуге дайындық жасалады

Сап және саппен қозғалу кезінде орындалатын жаттығулар. Сапқа тұрғызу
тәсілдері сыныптың немесе оқушылар тобының бірлесіп, бәрі бір мезгілде
қимылдар орындауын қамтамасыз етеді.
Сапты басқару команда және бұйрық беру арқылы жүзеге асырылады.
Команда деп белгіленген тәртіп бойынша сөз немесе арнаулы белгі арқылы
берілген бұйрықты айтады. Белгілі бір команданың сөзін және оның айту ретін
бұзуға болмайды.
Бұйрық - еркін айтылған сөз түрінде немесе белгі арқылы берілетін
жарлық. Команда да, бұйрықтар да дауыспен, дыбысты белгімен (ысқырық,
сирена және басқалар) беріліп, сол арқылы сынып оқушылары дене жаттығуларын
бір мезгілде орындауына мүмкіндік береді.
Сапқа тұрғызу тәсілдері екіге бөлінеді: 1) бір орында тұрып
орындалатын қимылдарға арналған командалар: Сапқа тұр! (Становись!),
Сап түзе! (Равняйсь!), Тік тұр! (Смирно!), Еркін тұр!
(Вольно!), Оңға бұрыл!, Солға бұрыл!, Артқа бұрыл! және т. б.;
2) жүру үстінде орындалатын қимылдарға арналған командалар (жүру,
жүгіру, жүріп бара жатқанда бұрылу және т. б.).
Сапқа тұру оқушылардың ұйымшыл және тәртіпті болуына, денені дұрыс
ұстауына, оларда қарқын мен ырғақ сезімдерінің дамуына, қимыл дағдыларын
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Сабақтың кіріспе бөлімінде олар сынып
оқушыларының зейіндерін іске жұмылдыруға, оқушылар организмін бір қалыпты
қыздыруға, денеде зат алмасуын арттыруга жағдай жасайды.
Сабақтың негізгі бөлімінде сапқа тұрғызу тәсілдері белгілі бір саптық
жаттығулардың тәсілдері мен үйлесімділігін меңгеру мақсатымен оқу материалы
ретінде де қолданылады. Мысалы, Жат!, Артқа бұрыл!, Тұр!
командаларының орындау техникасын үйрену және т.б. Ал сабақтың қорытынды
бөлімінде сапқа тұрғызу тәсілдері организмді белгілі бір тыныштанған күйге
келтіруге және алдағы оқу жұмысына оқушылар зейінін шоғырландыруға
көмектеседі.
Командалар жігерлі дауыспен айқын, түсінікті етіп беріледі.
Саптық жаттығулар
Саптық жаттығулар топты, сыныпты жаттығулар орындауға белсенді түрде
жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мына төмендегідей саптық жаттығулар
орындалуга тиіс.
1. Алаңның шекараларын (сыртқы жиегін) айналып жүру.
2. Команда және белгі бойынша бағытты өзгертіп (шеңбер бойымен, қиғаш,
ирелеңдеп) жүру:
а) шеңбер жасау үшін Шеңбер бойымен жүр! (По кругу марш!) деген
команданы сапты бастаушы алаң ортасына жақындап келгенде береді. Бұдан
кейін сапты бастаушы шеңбер бойымен жүреді;
ә) қиғаш жүру бір бұрыштан оған қарама-қарсы қиғаш жатқан бұрышқа қарай
жүру арқылы орындалады, мысалы, оң жақтағы бұрыштан сол жақтағы бұрыша
қарай жүру. Қиғаштап жүр! (По диагонали марш!) командасы сапты бастаушы
алаңның бұрышының біріне таяп келген кезде беріледі. Сапты бастап жүруші
карама-қарсы бұрышқа жеткен кезде Оң иықты (сол иықты) алға ұстап, залды
(алаңды) айнала жүр! командасы беріледі;
б) ирелеңдеп жүру (змейка) сапта ара қашықтықты бір-бірінен бір адым алшақ
ұстап, ирелеңдеген бағыт ұстап жүру. Ирелеңдеп жүру үлкен, орта және кіші
көлемде қиғаш, кесе-көлденең бағытпен жүріп жасалуы мүмкін. Онда мынадай
команда беріледі: Оң иықты алға ұстап, айнала адымдап жүр! Осы команда
бойынша сынып алаңның шекарасы бойымен жүреді. Ирелеңдеп жүру басталатын
жерге келгенде Солға (оңға), қарсы бағытқа жүр! командасы беріледі де,
сапты бастаушы бағытын 180°-қа өзгертіп, алғаш қарсы жүруді бастаған кезде
Ирелеңдеп жүр! командасын беру керек.
3. Гимнастикалық алаңның көлденең сызығын бойлай жүріп, бірте-бірте бұрылу
арқылы екі және үш қатарлы лекке (колонна) тұрғызу. Сапты өзгертіп
тұрғызатын жерде мұғалім Бір орында! (На месте!) деген команда, ал одан
кейін Солға! (Налево!) не Оңға! (Направо!), Екіден (үштен) жүр!
деген команда береді. Осы командадан кейін алдағы екі бала (үш бала) 90°-қа
бұрылады да, жаңа бағытпен жүреді, ал басқалар олардың бұрылған жерлеріне
дейін жүріп барады және екінші (не үшінші) Жүр! деген команда бойынша
екіден (не үштен) келе жатып бірте-бірте бұрылып, лекке (қолоннаға) екі-
екіден (не үш-үштен) тұра бастайды. Осындай лектік сапқа тұрғызылғаннан
кейін әр түрлі әдістер арқылы қажетті түрде қатардың аралығын жазу
жүргізіледі. Бұрынғы сапқа қайта тұрғызу, сапты оң (не сол) жақ капталға
(флангке) қарай бұру арқылы немесе қатарды жазу арқылы, Айналып, бір лекте
бір-бірлеп адымдап жүр! командасы бойынша орындалуы мүмкін. Осы команда
бойынша барлығы да алдағы шекараға (межеге) дейін жүріп барады, ал ол
жерден (бір орында тұрып жүріп) әрбір екіншілер (үшіншілер) оң иықты бұрып
айнала жүру арқылы сол (оң) екіншілердің (үшіншілердің) арт жагына барып
тұрады.
4. Жүріп келе жатқан лектің тоқтамастан екі (үш) қатар болып қайта тұруы
үшін, екіншілер (үшіншілер) оңға немесе солға бұрылуы тиіс. Бір қатар лекте
екінші (үшінші) болып келе жатқан оқушы аяғын басарда Жүр! деп команда
береді. Сол команда бойынша алдыңғы жақта келе жатқандар оң аяғымен қадам
жасап, оң аяғының басымен солға бұрылады. Бұрылғаннан кейін сол аяқпен
жасалатын алғашқы қадам ерекше нық басылуы керек.
Жүруде аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтере, алдағы аяққа
көбірек салмақ түсіре жүру дейтін жүру түрлері кездеседі.
Құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары:
1. Аяқтың арасын алшақ ұстап, қолдың ұшын иыққа тигізіп тұрып: аяқтың ұшына
көтерілу; белді қайқайта отырып, қолды жоғары көтеру, осы сәтте қолдың
ұшына қарау.
2. Негізгі тұрыс - қолды кеуде алдында ұстап тұрып: алақанды жоғары қарата
қолды созып, белді аздап шалқайтып, бір аяқты артқа қарай көтеріп, кеудені
жауырын тұсынан қайқайту.
3. Екі аяқты алшақ қойып, қолды екі жаққа созып ұстап тұрып: бір аяқты
тізеден бүгіп, бүгілмей түзу тұрған аяққа қарай еңкею, осы сәтте қолды
бастан жоғары көтеру.
4. Екі аяқты алшақ қойып, қолды екі жанға созып ұстап тұрып: бір аяқты
тізеден бүгіп, бүгілмей түзу тұрған аяққа қарай еңкею, осы сәтте бір қолды
бастан жоғары бүгіп көтеріп, екінші қолды арқа сыртына қарай жіберу.
5. Екі аяқты алшақ қойып, екі қолды желкеде ұстап тұрып: денені айналдыру.
6. Екі аяқты иық кеңдігіндей мөлшерде алшақ қойып, жұдырықты түйіп,
жұдырықты бүйірге тигізе екі шынтақты артқа шығарып тұрып: қолды алға қарай
кезек сермеу арқылы денені оңға және солға бұру.
7. Аяқты түзу ұстап шалқадан жатып: аяқты жоғары көтеру және оны бүгіп,
тізені маңдайға жеткізу.
8. Шалқадан жатып: аяқты жоғары көтеру және оны бастан асырып, ұшын еденге
жеткізу.
9. Қолды алға соза етпетінен жатып: аяқ пен қолды бір мезгілде көтеріп
қайық жасау (мейлінше қатты шалқаю).
10. Қолды жерге тірей етпеттен жатып: қолды бүгу және жазу.
11. Негізгі тұрыс: бір жақ жанға үлкен адым жасап, қолды екі жаққа жаза
жоғары көтеру.
12. Негізгі тұрыста қолды екі жаққа созып ұстап: бір жанға қарай үлкен
қадам жасап, қолды алға қарай айналдыру.
13. Негізгі тұрыста қолды екі жаққа созып ұстап: тізеден бүгілген аяқты екі
қолмен тобықтан ұстап көтеру арқылы тізені жазу (ақырына дейін); аяқты
қайта апарып еденге қою.
14. Негізгі тұрыста қолды алға қарай созып ұстап, сол аяқтың ұшын оң
алақанға, оң аяқтың ұшын сол алақанға жеткізу.
15. Аяқ аралығын иық кеңдігіндей алшақ ұстап тұрып: табанды қозғамай
отырып, тұру.
16. Негізгі тұрыс, бірақ жерге екі аяқтың ұшы ғана тиген қалыпта: денені
шалқайта ұстап тізерлеп отыру және қолды алға қарай сілтей секіріп тұру.
Жүріп келе жатып жасалатын жаттығулар
1. Қол иыққа қойылған қалыпта тұрып: сол аяқпен бір адым аттап, екі қолды
алшақ ұстап жоғары көтеру, оң аяқпен бір адым аттап, қолды қайта иыққа
тигізу немесе сол аяқпен бір адым аттап, сол қолды жоғары көтере денені оң
жаққа қисайту, оң аяқпен бір адым аттап, оң қолды жоғары көтере денені сол
жақка қисайту.
2. Аяқтың ұшына көтеріліп, қолды артқа жіберу арқылы тепе-теңдікті сақтап
тұрып: бір аяқты жоғары көтеріп, тізені маңдайға жеткізу; аяқтың арасын
ашып, қолды мықынға тірей отырып, екі аяқтың арасынан екі шынтақты кезекпен
еденге тигізу; екі бала бір-біріне арқасын қаратып шынтақтасып тұрған
қалыптан кезекпен алға қарай еңкею арқылы бірін-бірі көтеру, бұл кезде
көтерілген адамның аяғының ұшы жерге сәл ғана тиіп тұруы керек.
3. Бір аяқпен тұрып: отыру және қайтадан тұру; етпетінен жатып: артқа қарай
бүгілген аяғының ұшынан ұстап, оны жіберместен еденге тізесін, жауырынын
және аяқтың үшын тірей бір қырына аунап, қайтадан шалқасынан жату қалпына
келу.
Гимнастикалық таяқпен жасалатын жаттығулар
1. Негізгі тұрыста таяқты төмен көлденең ұстап тұрып: бір аяқты артқа
қоюмен бір мезетте таяқты сол қалыпта жоғары көтеру.
2. Негізгі тұрыста таяқты иыққа көлденең ұстап тұрып: бір аяқты жанға қарай
ұшымен қойып, солға қарай қисаюмен бір мезетте таяқты жоғары көтеру және
осыны оңға қарай қисаю арқылы орындау.
3. Аяқты алшақ қойып, таяқты кеуде алдында көлденең ұстап тұрып: кеудені
бір жанға қарай бұрып, сол жақтағы қолды соза көтеру.
4. Негізгі тұрыста таяқты төмен көлденең ұстап тұрып: таяқты жоғары
біртіндеп көтере жүрелеп отыру, содан кейін таяқты бастан асыра арт жаққа
шығару.
5. Таяқты алға көлденең қалыпта созып ұстап тұрып: басты шалқайтып қарау,
бір аяқпен таяқтан аттап асу және кері қарай өту.
6. Алақанға таяқты тік қойып тұрып: тепе-теңдікті сақтай отырып бос қолды
еденге жеткізу.
7. Бұл да сондай, бірақ тізерлеп отырып, қайта түрегеледі.
8. Бұл да сондай, бірақ отырып, қайта түрегеледі.
9. Етпетінен жатып, таяқты екі қолмен жоғары көлденең ұстаған қалыпта
лақтырып, қағып алу.
10. Таяқты горизонталь қалыпта ұстап отыру: аяқты бүгіп, артқа қарай
бүкірейген арқасымен жата қалып, таяқты аяқтың үстінен асыра өткізіп отыру
қалпына келу (таяқ аяқтың астында болады), алдыңғы тәсілмен таяқты аяқтың
үстіне шығару.
1.2 Кішкене доппен жасалатын жаттығулар
1. Аяқты алшақ қойып доп ұстап тұрып: допты екі аяқтың арасынан екі қолмен
алға әрі жоғары қарай ұшатындай етіп лақтырып, оны бір қолмен қағып алу.
2. Қолды жерге тірей жүрелеп отырып: допты жоғары лақтырған бетте алға
қарай домалап түсіп барып қағып алу.
3. Бұл да сондай, бірақ бір жағына қарай аунап түседі.
4. Қолды жерге тіреп етпетінен жатып: допты бір қолмен жоғары лақтырып,
толық бір аунап барып отыра қалып, допты қағып алу.
5. Жерде отырып: допты жоғары лақтырып, жата қалып, допты бір қолмен қағып
алу; допты қайта жоғары лақтырып, отыра қалып, екінші қолмен қағып алу.
6. Сол қолды алдыға созып ұстап тұрып: допты оң қолмен жоғары әрі сол қолға
бағыттай лақтырып, жүрелеп отыра қалып, оң қолмен қағып алу.
7. Бұл да сондай, бірак допты сол қолмен лақтыру керек.
8. Екі допты жоғары лақтырып, оларды бір-бірлеп қағып алу.
9. Сол қолмен бір допты жоғары лақтырғанда, оң қолмен екінші допты еденге
ұрып ыршытып, оларды бір мезетте қағып алу.
10. Екі допты бір қолға ұстап, оларды жоғары лақтырып, қағып алу.
11. Шалқасынан немесе етпетінен жатып, допты жоғары лақтырып, тез тұрып
барып қағып алу.
Іші нығыздап толтырылған доппен жасалатын жаттығулар
1. Негізгі тұрыста допты алда төмен ұстап тұрып: алға қарай доға жасау;
допты жоғары көтеру; бір аяқты жанға қарай жіберіп, допты ұшына қою; белді
қайқайтып, жоғарыда ұстаған допқа қарау; допты жоғарыда ұстап, бір жағына
қисаю.
2. Аяқты алшақ соза допты жоғары көтеріп отырып: алға қарай еңкейіп,
қайтадан жазылу.
3. Допты артына ұстап тұрған қалыптан еңкейе беріп алға әрі жоғары қарай
лақтырып, бойын жаза беріп екі қолмен қағып алу.
4. Бір аяқ түзу, екінші аяқты алға қарай тізеден бүгіп тұрып: допты оң
қолмен аяқтың астынан сол қолға және сол қолмен арт жағынан оң қолға беру.
5. Жерге отырып: бүгілген аяқты сәл жоғары көтере әрі тепе-теңдікті сактай
отырып допты жоғары лақтырып, екі қолмен қағып алу.
6. Аяқты алшақ қойып тұрып: допты оң қолмен арт жақтан алдыға қарай сол
иықтан аса ұшатындай етіп лақтырып, алдан екі қолмен қағып алу.
7. Допты еденге қойып, бір аяқпен секіре жүріп допты белгілі бір қашықтыққа
теуіп домалату.
8. Екі бала бір-біріне қарап, допты екеуі де сол не оң иығына қойып тұрып:
бір-біріне сілтей лақтырып, қағып алу.
9. Екі бала бір-біріне қарама-қарсы 6-8 м қашықтықта отырып: допты кеудеден
және төменнен бір-біріне лақтырып, қағып алу.
10. Екі бала допты бір-біріне бір мезгілде лақтырып, қағып алу. Доптар
соқтығысып қалмау үшін, біреуі допты жоғарыдан, екіншісі төменнен
лақтырады.
11. Етпетінен жатып: допты алға әрі жоғары көтеру және белді шалқайта,
аяқты көтеру.
Секіртпемен және секіртпесіз секіру жаттығулары
Секіртпемен секіру.
1. Секіртпенің екі ұшын бір қолмен қосып ұстап, көлденең бағытта бастың
үстінде айналдырып тұрып, тізерлеп отырып, тұру және осыны екінші қолмен
қайталау.
2. Төртке бүктелген секіртпенің ұштарын қосып ұстап, жерге отырып, аяқты
түзу етіп ұстап, жоғары көтере аяқтан асыра секіртпені өткізу, сол мезетте
қайтадан шығару.
3. Бір аяқты артқа қарай бүгіп түрегеп тұрған қалыпта секіртпені аяқтың
ұшына іліп тұрып, оны қолымен керу арқылы аяқты неғұрлым жоғары көтеру.
4. Екі аяқты бірге ұстап, секіртпені аяқтың астынан өткізе отырып секіру.
5. Оң аяқты алға қарай көтеріп тұрып, секіртпені сол аяқтың астынан өткізіп
екі рет секіру; содан соң оң аяқпен секіру.
6. Бір аяқты алға қарай көтеріп ұстап, екінші аяқпен әрбір екінші рет
секірген кезде секіртпені аяқтың астынан өткізіп тұру.
7. Бұл да сондай, бірақ бір аяқты артқа қарай бүгіп ұстау арқылы
орындалады.
Гимнастикалық орындықта жасалатын жаттығулар
1. Қолды орындыққа тіреп етпеттен жатып, аяқты кезекпен артқа қарай көтеру.
2. Орындықтың үстіне аяқты созып әрі қатты ұстап отырып: қолды мықынға,
иыққа және желкеге қойып, еңкею және шалқаю.
3. Орындықтың үстіне алақанды тірей ұзыннан жатып: қолды қозғамай, аяқтың
көмегімен денені жиырып отыру қалпына келу және бастапқы қалпына қайта
келу.
4. Қолды тірей етпетінен жатып: қолды бүгіп, жазу (ер балалар қолын еденге,
ал аяқтың ұшын орындыққа тірейді; қыз балалар аяғын еденге, қолын орындыққа
тірейді).
5. Орындыққа арқаны беріп, одан жарты адым қашықта қолды желкеге қойып
еденге отырып: артқа қарай шалқайып қолды орындыққа тигізу; өкшені еденге
тіреп, артқа қарай барынша шалқайып, қайтадан бастапқы қалыпқа келу.
6. Қолды орындықтың үстіне, аяқты еденге қойып төрт тағандап тұрып: екі
аяқты кезекпен артқа қарай көтеру.
Гимнастикалық қабырғада жасалатын жаттығулар
1. Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: екі аяқты тік бұрыш жасағанға
дейін кезекпен алға көтеру және бір мезгілде көтеру.
2. Аяқты бірінші шабаққа қойып, қолмен кеуде тұсындағы шабақтан ұстап
тұрып: қолды шабақтан төмен қарай ауыстыра ұстау арқылы еденге отыру.
3. Арқаны қабырғаға қаратып асылып тұрып: тізені бүгіп барынша жоғары
көтеру, маңдайға тигізуге тырысу.
4. Арқаны қабырғаға қаратып, аяқты бірінші шабаққа қойып, екі қолды
жоғарыдан арасын кеңірек етіп бүгіп ұстап тұрып: қолды жаза төмен сырғып,
белді қайқайту.
5. Бетті қабырғаға қаратып, аяқты бірінші шабаққа қойып, қолмен кеуде
тұсындағы шабақтан ұстап тұрып: қолды тез жіберіп, алақанды алдан,
жоғарыдан, арт жақтан шапалақтау.
6. Басты қабырғаға тақап, шалқадан жатып, екі қолмен үшінші шабақтан ұстап
тұрып: аяқты тік бұрыш жасап көтеріп, жайлап қайта түсіру.
Қандай жаттығу орындалса да, сол жаттығудың денеге тигізетін әсер-
ықпалын естен шығармау керек.
Қосымша мәліметтер
1. 11-14 жастағы балалар үшін гимнастикалық таяқтың диаметрі (жуандығы) 18-
20 мм, ұзындығы 78-80 см болуы қажет. Негізгі тұрыс қалпында таяқ оң аяқтың
ұшы жанында тік тұрады, жүрген кезде иықта ұстау керек. Таяқпен еркін
тұрғандағы ең жақсы қалып - аяқты иықтың кеңдігіндей етіп қойып, таяқты
төмен түсіріп көлденең ұстап тұру.
2. Кіші доптың салмағы 65-70 г, шеңбері (диаметрі) 20-22 см болады.
Жаттығулар үшін теннис немесе резеңке доптар пайдаланылады.
3. Секіртпемен секіру. Дайын секіртпе болмай қалған жағдайда диаметрі
саусақтың жуандығындай есілген жіпті немесе жұмыр резеңке кесіндісін
пайдалануға болады. Бала секіртпенің өзіне қажетті ұзындығын білу үшін оның
ортасын екі аяқпен иық кеңдігі мөлшерінде ашқан қалыпта басып тұрып, екі
ұшын қолды жоғары көтере керіп ұстап тұрады. Осы ұзындық әр баланың
пайдаланатын секіртпесінің қалыпты ұзындығы болып есептеледі.
Ер балалар бір мезгілде үзіліссіз секіруді 60-80 реттен, қыз балалар
40-60 реттен артық жасауға болмайды. Өйткені жүрек, қан тамыр жүйелеріне
шамадан тыс күш түсуі мүмкін. Секіртпені пайдаланар алдында еденнің шаңын
сүртіп, тазартып алу керек.
4. Гимнастикалық орындықтың ені - 20 см,
биіктігі -25 см, үш аяқ-тіреуішке
бекітілген ұзын (3-4 м) тақтай болып
табылады. Тақтайдың калыңдығы - 45-50 мм.
5. Гимнастикалық қабырға тіреулер мен жұмыр шабақтардан құралатын, бір-
біріне жанастырып тігінен қойылған ерекше кұрылымды бір қатар
баспалдақтардан тұрады.
Гимнастикалық орындық пен гимнастикалық қабырға бірнеше адам бірден
барып дене жаттығуларымен шұғылдануға мүмкіндік береді.
1.3 Лақтыру жаттығулары
Лақтыру қимылдардың жалпы үйлесімділігін дамытудың, ептілікті,
шапшаңдықты, дәлдікті жетілдірудің және кеуденің жоғарғы бөлігінің бұлшық
еттерін өсірудің ұтымды құралы болып табылады.
Лақтырудың мынадай түрлері бар: а) қашықтыққа лақтыру; ә) тік,
көлденең, қозғалып тұрған және бір сәт жылт етіп көрінетін нысаналарға
лақтыру.
Тік тұрған нысана қабырғаға параллель орналасады, мысалы, ортадан
бастап әрбір 10 см-ден кейін сызылған шеңберлері бар 1x1 м қалқан қойылады.
Көлденең нысаналар еденге параллель қойылады: еденге бормен сызылған
шеңберлер мен тік бұрыштар, төсеніштер немесе биіктігі 1 м-ге дейін жететін
белгілі бір нәрсенің үстіне қойылған жалпақ заттар. Қозғалып тұратын нысана
- кеңістікте белгілі бір шапшаңдықпен жылжитын нысана (мысалы, еденмен
домалаған үлкен доп, шеңбер, құрсау темір т. б.). Бір сәт жылт етіп (2-3
секунд) көрінетін нысана ағаш аттың, екі орындықтың сыртынан көрсетіледі.
Нысанаға лақтыру
1. Баскетбол доптарын қалқандағы себетке лақтыру.
2. 1x1 м қалқанға кішкене допты оң қолмен де, сол қолмен де лақтыру (ер
балалар 12-14 м-ге дейінгі қашықтықтан, қыз балалар 8-10 м-ге дейінгі
қашықтықтан лақтырады).
Алысқа және нысанаға лақтыру
1. Хоккей добын және салмағы 150 г-ға дейінгі ішіне құм толтырылған дорбаны
иықтан, бастан асыра сермеу әдісімен лақтыру.
2. Іші нығыздап толтырылған допты нысанаға, яғни диаметрі 1 м шеңберге
лақтыру.
Жыл аяғына қарай 150 г-дық допты мынадай қашықтықтарға лақтыру талап
етіледі:
1) ер балалар 5 алу үшін 36 м-ге, 4 алу үшін 29 м-ге, 3 алу үшін 21 м-ге
лақтыруы керек;
2) қыз балалар 5 алу үшін 23 м-ге, 4 алу үшін 18 м-ге, 3 алу үшін 15 м-ге
лақтыруы керек.
Күш, шапшаңдық қасиет-қабілеттерін дамытып, жақсы нәтижеге жету үшін
лақтыруға Ептілер мен мергендер, Төрт бағанға қимылды ойындары, жүгіру
мен секіру қамтылатын эстафеталар қолданылады.
2.1 Өрмелеп шығу және асып түсу жаттығулары
Гимнастикалық жабдықтарға өрмелеп шығу және асып түсу иық пен қол
бұлшық еттерінің күшін молайтады және олар сенімділікке, төзімділікке,
батылдыққа тәрбиелейді. Бұған әсіресе бір жабдықтан екіншісіне асып түсу
жаттығулары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz