Сегменттер мен сызықтар түйіндері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Дипломдық жұмыста Macromedia Flesh программасын пайдалануды үйрететін
электрондық оқулық қарастырылған. Электрондық оқулық Macromedia Flesh
программасының интерфейсі, графикалық мүмкіндіктері сонымен қатар кадрлар
дайындауда т.с.с. бөлімдерімен таныстырады.
Дипломдық жұмыс бағдарламасы Macromedia Flesh ортасында құрылған.
Мәтіні қазақ тілінде терілген.

Аннотация

В этой дипломной работе была составлена программа, которая позволяет
пользователю освойть программу Visual Basic. В электронном учебнике
рассматриваются возможности программирование графиков, анимации и
упровление систем и.т.п. программ.
При составление программы было использовона компоненты программ Delphi.
Работа напечатана на русском языке

Anode

The program was formed In this degree functioning, which allows the user
master program Visual Basic. In electronic textbook are considered
possibility programming graph, animation and control systems i.t.p.
programs. .
When sheduling the program was used components of the programs Delphi.
Functioning is typed in russian language

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
НЕГIЗГI БӨЛIМ
I ТАРАУ . Геометриялық фигураларды кескіндеуде, (салуда) қолданылатын
компьютерлік қолданбалы программаларға шолу ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...
1.1 Paint графикалық программасының фигура салу
мүмкіндіктері ... ... ... ... ...
1.2 Corel Draw-та геометриялық фигураларды салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.3 Abode Photoshop программасында геометриялық фигураларды кескіндеп,
көркемдеу
мүмкіндіктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ ТАРАУ. Геометриялық фигураларды кескіндеуде Macromedia Flаsh
программасын қолдану.
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Macromedia Flаsh программалау ортасы және мүмкіндіктері
... ... ... ... ... ..
2.2. Macromedia Flаsh программасымен геометриялық есептердегі фигураларды
кескіндеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3. Macromedia Flesh ортасында Геометрия пәнінің электронды оқулығының
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КIРIСПЕ

Қазiргi уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейi
мемлекеттiң даму көрсеткiштерiнiң бiрi ретiнде қарастырылады. Бүгiнде
жоғары және үздiксiз бiлiмге деген сұраныстың артуына байланысты бiлiм
берудiң түрлi мақсаттағы құрылымдары пайда болуда.

2006 жылдың 1 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу
қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп атап көрсеткен. Біз
электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз. Электронд оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту
процессін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық
ізденіс қабілетін дамыту. Қазiргi кезде бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары
үшiн электрондық оқулықтар жасау уақыт талабы болып отыр. Білім берудің кез
келген саласында Электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық
белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулық оқушы үшiн
дайын материал. Оқушылар үшiн электрондық оқулық мектепте оқыған жылдардың
барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға
дайындалуға көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электрондық
оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр окушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып,
оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.
Электронды оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық, сондықтан
электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.
Сонымен электронды оқулықтың мұғалімге көмекші құрал ретінде де,
баланың өз бетімен білім алуына да мүмкіндік беретін оқыту жүйесі ретінде
маңызы өте зор.
Геометрия пәнін таныстырушы электрондық оқулық құруды бастар алдында
пайдаланушыға жеңіл түрде пайдалану мүмкіндігін тудыру мақсаты қойылды.

Сол себепті программа Macromedia Flesh-тің компоненттерімен құрылған.
Өздеріңіз байқап отырғандай программаның интерфейсі көрнекі және программа
пайдалануға өте жеңіл. Барлық басқарушы түймелер атауымен көрсетілген.
Сонымен қатар басқарушы түймелердің көмекші сұқбат мүмкіндіктері бар.
Macromedia Flesh программалау ортасының негізі ерте қаланған. Microsoft
фирмасының бұл туындысы қазіргі таңда қосымша құруда, жеңіл әрі, оңтайлы
сайман. Маған осы ортаға қатысты оқытушы программа құру тапсырмасы берген
кезде, оқыту бағдарламмаларын қарастыратын арнайы зерттеу жұмыстары
жүргізілгендігін ескердім. Іздену барысында тақырыптарға жіктелген пән
мазмұнын құру қажеттілігі белгілі болды. Бұл мазмұндарды ашу — көп
жағдайда, оңай тірлік емес. Бірақ, басқарылатын іс-әрекеттер мазмұнын
анықтамай тұрып, басқару іс-әрекеттерін жоспарлауға болмайды. Өйткені
мазмұн ғана, оқу жүйесіндегі басқарылатын элементтерді бөліп алуға
мүмкіндік береді. Ал бөлініп алынған элементтер жиынтығы — басқару
жүйесіндегі берілгендер базасын құруға негіз болып табылатын жиынтық.
Мазмұн анықтау жолдарының ең бастысы - дараландырылған оқуға көшу.
Мұндай оқу - танымдық іс-әрекеттер мен информация игерудің дараланған
процесіне сәйкес келеді. Алайда, ең жоғары оку және тәрбие эффектісі
дараландырылған және топтық оқу түрлері бірлігі нәтижесінде ғана алына
алады. Бұл бағыттағы қосымша мүмкіндіктер, компьютерлік оқыту, әсіресе, оку
процесін оптимальді-әдістемелік басқару барысында пайда болмақ.
Қазіргі психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер
көрсетіп отырғандай, мүдделендіру ролінің төмендеуі кез-келген пәнді оқыту
нәтижелілігі деңгейін төмендетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мүдделенуді
қамтамасыз ету блогының қажеттілігі - түсінікті нәрсе. Шындығына келгенде,
оқуға оң мүдделілік қалыптастыру — дидактикалық принциптерді іске асыру
тәсілдерінің бірі бола отырып, оқу мен тәрбие бірлігін қамтамасыз ететін
арнайы мәселе ретінде қарастырылуы тиіс.

Оқудың ұйымдастырылу түрлерін жетілдіру нәтиже мазмұнмен бірге, осы
мазмұнның берілу түріне де, ұйымдастырылуына да әсер ететіндіктен, оқу
процесін жеке-жеке мәселелерге бөле отырып басқару тәсілдерін тандаудың
қайнар көзі болып табылады. Жеке ерекшеліктерін ескеру және реттеу
блоктарының қажеттілігі - бұларды жеткілікті деңгейде бағаламау,
шәкірттердің даярлық және нәтиже сенімділігі деңгейлерінің төмендеуіне алып
келетіндігі - айдан анық. Олай болса, кез келген пәнді оқу процесіне -
мақсатты жөндеу, түзету іс-әрекеттері ілесе жүруі тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Macromedia Flesh ортасында Геометриялық
фигураларды кескіндеуді – оқып, үйренушілерге арналған “ Фигураларды
кескеіндеу” электронды оқулығын даярлау.

I ТАРАУ . Геометриялық фигураларды кескіндеуде, (салуда) қолданылатын
компьютерлік қолданбалы программаларға шолу.

1.1 Paint графикалық редакторлардың міндеті мен негізгі мүмкіндіктері.

Графикалық редакторлар әр түрлі суреттерді, сызбаларды,
иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы
программалардың тобын қалыптастырады.
Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта
кетейік: визиткалар мен хабарландыруларды, иллюстративтік және іскерлік
графиктерді ресімдейді, есептіліктердің, мақалалардың, кітаптардың
суреттерін әзірлейді;
нақты іс жүзінде жоқ объектілерді модельдейді (үлгілейді);
уш өлшемді сцена мен анимациялық фильмдерді құрастырады; жарнама роликтерін
жасайды және т.б.
Барлық графикалық редакторларды екі топқа бөлуге болады: растрлық
және векторлық. Растрлық графикалық редакторларда (басқаша Віtmap-
графикалық редакторы деп аталады) кескін квадраттардың (кескіндердің,
пиксельдердің элементтері) шамалары бойынша кішкентай әрі тең растрларда
құрылады.
Растрлық редактордың негізгі элементі - нүкте (оның жағдайы анық та
қанық болуы, түсі).
Растрлық кескін бағандар мен жолдардың қиылысында орналасқан көптеген
жекелеген нүктелерден қалыптасады. Кескінді бұлай қалыптастырудың басты
артық-шылығы - қарапайымдылығында. Растрлық кескінді жадында сақтау үшін
растрлық суреттердің бірінші кемшілігіне айналған - жадында сақтаудың үлкен
көлемін қажет етеді. Растрлық суреттердің тағы бір кемшілігі - масштабын
өзгерту барысында кескін бұрмаланып кетеді.
Информацияны көрсетудегі растрлық тәсілдің артықшылығы объектінің
формалары мен түсін өзгерте алатын мүмкіндіктері шексіз десе де болады
Графикалық редакторлардың бұл тобының типтік өкілі - Windows операциялық
жүйелерінің құрылымына кіретін Раіnt графикалық редакторы болып табылады.
Растрлық графикалық редакторларға мыналар жатады: Аdobе Рһоtostyler,
Рһоtostyler,
Аdobе Рһоto–Раіnt, Picture Publisher, Corel Photo–Paint.
Векторлық графиктің негізгі элементіне сызық және математикалық
формула жатады. Олар осы сызықты сызады.
Векторлық графикте объектінің масштабын өзгерткен кезде әр түрлі
пиксельдердің орналасу карталары (кестелер, матрицалар) емес, объектінің
математикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасында пропорция дәлме-дәл
сақталады. Векторлық графикалық редакторлар – Аdobе Illustrator, Масromedia
Freehand және Corel Draw.
Векторлық графикте қисық үшінші реттің алуан түрлілігі болып табылатын
қисық Безье кеңінен тараған.
Динамикалық кескін 3D Studio МАХ, Corel Draw және Animator Pro
редакторларының көмегімен жасалады.
3D Studio МАХ дестесінде кескінді қальптастырудың мына схемалары
пайдаланылады, аз ғана түйінді кадрлар беріледі, ал олардың кадрларын
байланыстырушы қалғандары дестені интерполяция (жеткіліксіз деректерді
қалыптастыратын математикалық операция) арқылы автоматты түрде құрады.
3D Studio МАХ редакторы кескінделетін объектілерді былайша
түрлендіруді орындауға мүмкіндік береді:
• берілген траекторияның ұзына бойымен жылжыту;
• айналдыру;
• деформация (қысу немесе созу);
• морфинг (бір объектіні келесісіне жайлап трансформациялау).
Десте объектіні жарықтандырудың (жарық қылудың) бірнеше жарық көздерін
және объектіні әр түрлі көз-қарастан қадағалайтын бірнеше камераны
пайдалануға мүмкіндік береді. Обьектілердің қырлары (грани объектов)
кітапханада үлгілері сақтаулы болатын әр түрлі фактуралармен сурет етіп
салынуы (толтырылуы) ықтимал.
Corel Draw векторлық графикалық редакторы. Corel Corparation канадалық
фирмалары мүмкіндіктерінің ауқымдылығымен, әзірлеушінің маркетингтік
саясатына сенімді оқыту мен үйретудің аса қуатты жүйесінің, дайын
кескіндерге ие бай кітапханасының арқасында әйгілі болды. Corel Draw–тың
кейбір құралдарына ұқсас құралдар басқа векторлық редакторларда
кездеспейтіндіктен оның өнімдерін өзгеше етіп көрсетеді. Corel Draw
интерфейсі өте күрделі де қиын дейтін алыпқашпа әңгіменің ешқандай негізі
жоқ - программа пайдаланушыға графикті жасау мен редакциялауына қолайлы әрі
түсінікті құралым ұсына алады.
Corel Draw -ты Corel Photo–Paint расторлық графигінің өңдеу дестесімен және
Corel Ventura Publisher беттеу программасымен тығыз біріктіретін болса, ол
электрондық және полиграфиялық жарияланымдарды әзірлеудің аяқталған жүйесін
жасауға мүмкіндік береді.
Тұтастай алғанда Corel Draw интерфейсі Windus операциялық жүйесіңдегі
қолданбалардың дефакто стандартына айналған дәстүрінде орындалған. Яғни,
программалардың терезесі стандартты элементтерге ие: тиісті кнопкалары бар
тақырып жолы, мәзір жолы, қалып-күй жолы, құрал-саймандар панелі, құрамын
пайдаланушының өзі анықтай алатын басқа панельдер, айналдыру жолағы және
т.б. Алайда Corel Draw интерфейсінің басқа программалардан айрықшалап
көрсететін өз ерекшеліктері бар.
Біріншіден, интерфейстің конфигурациясы, мысалы, Аdobе Illustrator
немесе Масromedia Freehand сияқты басқа да әйгілі графикалық объектілерге
ұқсас бапталуы ықтимал. Басқаша сөзбен айтқанда, осы редакторлармен жұмыс
істеп үйренген пайдаланушы Corel Draw-қа көшкенде өзі игерген интерфейстің
аясында қала алады.
Екіншіден, сегізінші нұсқадан бастап басқару элементтерінің ерекше
тұрпаты -Dockers немесе түйістіруші палитра пайда болды. Мұндай палитралар
тышқан тетікті жұмыс алаңының бір тарапынан біріне жылжытқан кезде немесе
бөлікті қалыптастырып бір-біріне жылжытқанда жабысып қалатын өзгешелікке
ие. Палиторалар терезесінің тақырыбы жабушы және жинақтаушы кнопкаларды
қамтиды. Түйістіруші палитраның қолданылу қолайлылығы мынада: оны жинақтау
(ашу) бары-сында жұмыс алаңының мөлшері автоматты түрде өзгереді, сол
себепті де пайдаланушы басқа программалардағы сияқты кескіннің түрін қолмен
масштабтап, әуре болып жатпайды.
Ақырында, Ргорегtу Ваг (Өзгешелік панелі) бірегей интерактивті
озгешеліктерге ие. Оның басқару элементтерінің құрамы таңдап алынған
объектілердің тұрпатына қарай динамикалы түрде өзгереді, яғни өзгешелік
панелінен мәтінді таңдау барысында мәтіннің өзгешеліктерін басқарушы
элементтер, сызықты (линия) таңдау кезінде - сызықтың өзгешеліктерін
басқаратын элементтер пайда болады. Басқарудың интерактивті құралдарының
өзгешелік панельдері контурлардың параметрлерімен, толықтыруларымен және
объектілердің басқа да өзгешеліктерімен тығыз байланысты. Оларды шақыруды
таңдап алынған объектіні тышқан тетіктің оң жақ кнопкасын шертіп басудан
кейін пайда болатын (ашылған) мәзірден жүзеге асыруға болады.

Раіnt графикалық редакторы

Раіпі графикшық редакторы (Раіпі - бояу), Windows операциялыц
жүйесінің стандарттық аспаптық құралдары жиынтығына кіреді, қара–ақ
және түрлі-түсті суреттер, сызуларды жасау мен редакциялауга арналган.
Редакторда дайындалған суреттер принтерде басылып, мәтіндік редакторда
жасалған құжатқа көшірілуі немесе дисктік құрылғы файлына жазылуы мүмкіи.
Раіnt редакторы жасаған файлдар үнсіз келісім бойынша стандарттық кеңейту
bmp (bit map - биттік карта) алады.
Редакторда суреттер жасап, редакциялау үшін тьшқан-тетік пен компьютер
пернетақтасы қолданылады. Раіnt: редакторында суреттер сурет салута
арналған 16 әр түрлі құралдар жиынтығының көмегімен жасалады. Олардың
көмегімен ерікті де, стандартты да геометриялық фигураларды: квадраттарды,
көп-бұрыштарды, шеңберлерді және т.б. салу оңай. Сонымен бірге пайдаланушы
суреттерді әр түрлі қалындықтағы сызықтармен орындай алады. Сәтсіз салынған
фрагменттерді бірнеше тәсілдермен суреттен алып тастауға, өшіруге болады.
Ұсақ детальдар жасау немесе түзеу қажет болса, суретті бірнеше (2, 4, 6,
және 8) есе ұлғайтуға болады. Бұл уақытта пайдаланушы түрлі бояу дарытып,
кескіндеудің жеке пикселімен жұмыс істей алады. Суреттермен бірқатар
операциялар: созу, еңкейту, аудару жасауға болады. Оларға әр түрлі шрифт
пен мөлшердегі мәтіндік жазбалар кіргізуге болады.
Түрлі-түсті суреттер жасау үшін редакторда 28 түстен тұратын палитра-
бояулардың стандартты жиынтыгы болады. Сонымен қатар редакторда шамамен
16,8 миллион түсті әр алуан түрін алуға мүмкіндік беретін, үш негізгі
(қызыл, жасыл, көк) түстен әр түрлі үйлесімді араластыру қарастырылған.
Раіnt редакторында түстерді бұлайша араластыру түстерді редакциялау деп
аталады.
Раіnt редакторында жұмыстың негізгі тәсілдері қысқаша баяндалған,
стандарттық тәртіппен құрылған анықтама жүйесі бар. Анықтама шақыру Ғ1
функциональды перне немесе Анықтама–Анықтама шақыру бұйрығы көмегімен
атқарылады.

Раіnt редакторын іске қосу мен оның жұмысын аяқтау.

Редакторды іске қосу Windows негізгі мәзірінің Программалар
-Стандарттық - Раіnt бұйрығы көмегімен атқарылады.
Раіnt редакторымен жұмысты аяқтар алдында оның көмегімен жасалған
суретті сақтау керек.Редактордың жұмысын аяқтау мынадай стандартты түрде
орындалады:
• Аlt+Ғ4 пернелерін үйлестіре пайдалану;
• Редактор терезесі тақырыбындағы жүйелі мәзірді шақыру кнопкасында
тышқан-
тетікті қатарынан екі рет шерту;
• Жабу бұйрығымен редактордың жүйелік мәзірі;
• Файл–Шығу бұйрығымен редактордың операциялық мәзірі.

Раіnt редакторының терезе құрыльмы.

Суреті жоқ Раіnt редакторының терезесі 1-суретте бейнеленген. Сурет және
тіркемелер (Раіnt) аттары сақталатын файл атынан терезенің аты құралады.
Егер сурет әлі жоқ болса немесе ол диск қондырғысында сақталмаса, Есімсіз
деген ат қолданылады. Раіnt қосымшасының терезесінде бағынышты терезе жоқ,
сондықтан пайдалаиушы бір уақытта бір суретпен ғана жұмыс істейді.
Терезенің жұмыс аймағында үнемі сурет саласы тұрады. Сонымеп қатар мұнда
мыналар болуы мүмкін:
• сурет құралдарының панелі;
• түстерді жасайтын - палитра панелі;
• қалып-күй жолы;
• айналдыру жолағы.
Құралдар панелінің кнопкалары сызу-графикалық құралдарды шақыру үшін қызмет
етеді. Баптау палитрасында құралдар параметрлерін (сызықтың қалыңдығы,
бедер пішіні, фигураны толтыру әдісі және т.б.) тандауға болады.
Терезенің қалып-күй жолында мыналар бар:
• ағымдағы аңдату секторы;
• меңзер координатын нұсқағыш секторы.
Жалпы терезенің жұмыс аймағын қағаз парағынан (сурет аймағы) тұратын
өзгеше суретші жинағы ретінде қарастыруға болады, әр түрлі құралдардың:
қарындаштың, сызғыштың, циркульдің, бояу жаққыштың (сурет салуға арналған
құралдар панелі) және бояу жиынтығының (палитраның) көмегімен сурет салады.
Сурет салу саласында координат енгізілген. Мұнда барлық сала нөмірленген
жол тобы ретінде қарастырылған.

Сурет салуға арналған құралдар панелі әдетте терезенің жұмыс аймағының сол
жақ шетіне орналасқан. Оның суреттер жасаудың әр түрлі құралдарына қатысты
кнопкалары бар. Қажетті құралдарды таңдау үшін панельдің тиісті кнопкасын
басу жеткілікті. Төменде кнопканың аттары және құралдардың тиісті
кнопкаларының мақсаты аталған.
1. Ерікті саланы ерекшелеу суреттердің ерікті фрагменттерін бөліп
көрсету үшін қызмет атқарады.
2. Ерекшелеу - суреттердің тік бұрышты фрагменттерін ерекшелеу
үшін.
3. Өшіргіш - суреттің кей жерін өшіру үшін.
4. Толтыру - суреттің түйықталған ауқымын бояу үшін
пайдаланылады.
5. Түстерді таңдау - суреттің бір түсін басқасына көшіру және
ауыстыру үшін.
6. Ауқым - сурет ауқымын өзгерту үшін.
7. Қарындаш - ерікті сызықтарды салу үшін кәдімгі қаәрындаш
ретінде қолданылады.
8. Бояу жаққыш - ерікті сызықтарды салу үшін қолданылатын кәдімгі
бояу жаққыш.
9. Шашыратцыш - суреттің бірқалыпты түсін жасау үшін.
10. Жазу - суретке әр түрлі мәтін енгізу үшін .
11. Сызық - тура сызықты сызу үшін.
12. Қисық - әр түрлі доға сызу ушін.
13. Тікбұрыш - боялмаған және боялған тікбұрыштар мен шаршылар
(квадраттар) салу үшін.
14. Көпбұрыш - боялмаған және боялған кепбүрыштар салу үшін.
15. Эллипс - боялмаған және боялған эллипс пен шеңберлерді салу
үшін.
16. Дөңгелектенген тікбұрыш – дөңгеленген бұрыштары боялмаған және
боялған тікбұрыш пен шаршыларды салу үшін.
Сурст салу құралдары панелінің кнопкаларынан төменде таңдалган
құралдардан оның мазмұны, үлгі секторы тұрады. Сонымен бірге құалдар үшін
Сызық және Қисық секторлары 1, 2, 3, 4 және 5 пиксель қалындықтағы
сызықтардың үлгілері бар.Талап етілетін сызық қалыңдығын жасау үшін тышқан
пернелерін тиісті тәртіппен шерту жеткілікті. Сектор мазмұны құралды
тандағанда, автоматты түрде өзгертіледі.
Жұмыс аймағындагы құралдар панелінің бар болуы немесе жоқтығы
Сыртқы түр→Аспаптар жиынтығы түр ауыстырып қосқыш бүйрығымен Сtrl+Т
пернелерін үйлестіру арқылы реттеледі.

Сурет жасағанда реттелетін іс-кимыл тәртібі.
1) тышқанның оң пернесін басып, палитрадағы тандалған түс үлгісінде
тышқан нұсқағышын позициялауды орындап, сурет салу жағындағы түсті орнату ;
2) дискілік қондырғыларды сурет салу аумағында тұрғандарды қажет болса,
сақтап Файл - Құру бұйрығын орындау керек;
3) Сурет -Атрибуттар... бүйрығының көмегімен Атрибуттар терезесі
шақырылып , сурет салу аумағына сәйкес мөлшерлер мен суреттің түрлі-түсті
режимі (ақ-қара немесе түрлі-түсті) белгіленеді;
4) дискілік таратушыда жазылған файлдағы сурет алғаш рет сақталады;
5) сурет салу үшін құралдар панелінде сәйкес келетін құрал таңдалады;
6) таңдалған құралға сәйкес негізгі және фондық түсті, қалыңдықты, пішін
(форма) мен басқа параметрлерді белгілеу;
7) сурет салу аумағында істі (құру, бояу, өшіру) таңдалған құралмен жүмыс
істеу
ережелері бойынша орындау ;
8) суретпен жұмыс істегенде, оны оқтын-оқтын сақтап отыру;
9) осы схеманың 5-8 тармағын әрбір сызық немесе фигура ушін қайталау;
10) сурет жұмысын бітірген соң оны дискілік таратушыда сақтау керек;
11) қажет болған жағдайда сурет басылып шығарылады немесе басқа қосымшадағы
құжатқа көшіріледі

Кескіннің ауысып, өзгеруі.
Пішінді, графикалық объектілердің түрін, орналасуын немесе мөлшерін
автоматты түрде өзгерту ауысып-өзгеру (трансформация) деп аталады. Раіnt
программасында ауысып-өзгеру құралдары онша көп емес, дегенмен баршьлық
Оларды Сурет мәзірінен табуға болады.
Симметрияның тік немесе көлденең осіне қатысты суретті симметриялы
бейнелеу үшін, сондай-ақ 90°-қа тең. Кесінді белгіленген бұрышқа бұру үшін
басқару элементтері бар, Кескін мен бұрылыс диалогтық терезені
Сурет→Кескіндеу бұру бұйрығы шақырылады..
Сурет→Созу еңкейту бұйрығы Созу еңкейту диалогтық терезесін шақырады.
Оның басқару элементтері суретті көлденең және тік созуға немесе тік оське
қарай еңкейтуге мүмкіндік береді. Созу параметрлерін процентпен, ал еңкейту
параметрлерін бұрыштық градуспен береді.
Сурет→Түстерді ауыстыру бүйрығы қайта ауыстырғыш ретінде іс-әрекет жасайды.
Бұл бұйрықты орындағанда бейнелеудің әрбір нүктесінің түсі қарама-қарсы
болып өзгереді. Бұл жағдайда осы түсті аққа дейін толықтыратын түсті
қарама-қарсы деп атадық.

Экранды фотоға түсіру.
Windows операциялық жүйесінде әдетте экранды фотоға түсіру деп
аталатын мүмкіндіктер бар. Жүйеде жүмыс істеудің кез келген сәтінде немесе
оның қосымша қолданбасының қай-қайсысында да РаіntSerееn пернесін басып,
осылайша экранның ағымдағы жағдайын айырбас буферіне орналастыруға болады.
Одан әрі бұл бейнені экранның фотосын әдеттегі тәртіппен Windows
қосымшасында жасалатын кез келген құжатқа кол қоюға болады. Алайда кейбір
жағдайларда бұл фотосуретті редакциялауға, мысалы, керексіз дстальдарды
алып тастап немесе оған түсіндірмелік жазу қосу керек. Бұл үшін Раіnt
редакторын қолдануға болады. Экранды фотоға түсіргеннен кейін Раіnt
редакторына қайта ауысу (немесе оны іске қосу) керек және буферден алынатын
кірістіруді орындау керек. Кірістіру қосылған соң бірден фотоның қажегті
болігі сурет аумағының көрінетін бөлігінде болуы үшін фрагментті
сүйреу керек. Сосын редактордың қарапайым құралдарымен кескінді
қалауыңша өзгертуге, айырбас буферіне таңдалған учаскені көшіруге немесе
кесіп салуға болады. Сонан соң өзгертілген бейнеге басқа құжаттарды да
қосуға болады.

Тәжірибелік сабақ
Раіnt графикалық редактор жұмысының тәсілдері.
Бұл жаттығуда қарапайым сызулар (эллипс, сызық), Shift тіркеу пернесі
сурет құралдары жұмысына қалай әсер ететіндігін қаралық, мәтіндік
мәліметтер мен объектілерден суретті аудырмай басып алуды үйренейік.
1. Раіnt графикалық редакторын іске қосайық (Іске қосу →
Программалар →Стандарттар →Раіnt).
2. Палитрада негізгі ретінде қара түс - фондық ретінде ақ түс
берілгендігіне көз жеткізелік.
3. Сурет →Атрибуттар бұйрығын беріңіз, Атрибуттар диалогтық терезесінде
300 нүктеге тең және жоғарылығы -200 нүкте суреттің енін жасауды
тапсырыңыз. ОК кнопкасын басыңыз.
4. Эллипс құралын таңдаңыз және құралдарды баптау палитрасында
Толтырусыз нұсқасын көрсетіңіз.
5. Shift пернесін басыңыз және үстай тұрыңыз. Созу әдісімен суреттің
аумағындағы орталық бөліктің маңайын салыңыз. Шеңбер диаметрі сурет
биіктігінің жартысын кұрауы тиіс. Shift пернесін босатыңыз.
6. Сызғыш құралын таңдаңыз. Құралдарды баптау палитрасында сызық
қалыңдығының нұсқасын (жоғарыдан екінші) таңдаңыз.
• Shift пернесін басыңыз және ұстап тұрыңыз.
Созу әдісімен шеңберден тік, шағын келденең үзік суретін салыңыз. 8һіі
пернесін босатыңыз.
8. Ерекшелеу құралын таңдаңыз. Құралды баптау палитрасында мөлдір фоны
бар режимді тандаңыз.
9.Созу әдісімен салынған тік үзікті қамтитын, бірақ шеңберге тимейтін
тікбұрышты фрагментті ерекшелеңіз. Ctrl+Х пернелерін қисындастырып, оны
айрбас буферіне сыйдырыңыз.
10. Ctrl+V пернесімен қисындастырып, тік үзікті суретке кірістіріңіз.
Мұндайда ерекшелеу сақталатындығығына көңіл бөліңіз.
11. Ерекшеленген фрагментті тік үзік сол жақтағы шеңберге жанасатындай
етіп орналастырыңыз. Фрагментттің фондық бөлігі шеңберді жауып қалмауына
назар аударыңыз.
12. Сол жақтағы шеңберге жанасқан тік үзік. 10-11 тармақшаларында
баяндалған операцияларды қайталаңыз.
13. Мәтін құралын таңдаңыз.
14. Жетелеп созу әдісімен шеңбер ішіндегі мәтінді енгізу аумағындағы
жасаңыз. V символын кіргізіңіз. Шрифтер панелінің көмегімен сәйкес мөлшер
мен шрифтке тапсырма беріңіз.
15. Мәтінді енгізіп, ауқым шегіне дейін созғылап әкелу әдісімен V әрпін
шеңбер ортасьша орналастырыңыз .
16. Мәтінді сурет бөлігіне айналдыру үшін мәтінді енгізу ауқымынан тыс
жерді шертіңіз.
17. Жасалган кескінді scheme.bmp деп атап, сақтаңыз.

1.2 Corel DRAW программалық құралын үйрету технологиясы.

Графикалық программалардың көмегмен жұмыс жасайтын барлық кескінде екі
классқа бөлінеді: пикселдік және векторлық..
Пикселдік (нүктелік) кескінді массивтік кескін деп атайды. Әр пикселге
түс беріледі. Пикселдік кескіннің ең жақын аналогі мозайка болып табылады.
Пикселдік кескін пикселдеден тұратындай мозайкада жеке түрлі-түсті
әйнекшелерден тұрады-смальта. Аз көлемді самльталармен жекеленген бөліктер
көзге көрінбей мозайкалық кескінді құрайды – адам көзі кескінді біртұтасқып
қабылдайды.
Бұл құбылыс визуалды құбылыс деп атайды және ол компьютерлік графикада
үлкен роль атқарады.
Кескін кез-келген компьютердің мониторанда — пиксельдік, және ол үлкейткін
әйнектен өтке жақсы көрінеді.
Басу құрылғыларының көбі қағаз бетіне пикселдік кескін басып шығарады.
Вектролық кескін компьютерлік графикада күрделі және әртүрлі
графикалық объектілер деп танылған. Векторлық кескінге қарапайым
геометриялық фигуралар да енгізілген (шеңбер, эллипс, тіктөртбұрыш,
көпбұрыш, тік және доғал қисық сызықтардың кескіні).
Векторлық графиканың ең негізгі қасиеті ол геометриялық объектілер
немесе класстарын басқару объектілерінің параметрлерін және сыртық бейнесін
анықтайды.
Мысалы, шеңбер үшін басқару параметрлері диаметр, түс, түр, сызықтың
көлемі және ішкі ауданының түсы болып табылады.
Векторлық кескін компьютер жадында пикселдік кескінге қарағанда күрделірек
бірақ ол шағын ғана болады. Ол кескіннен құралған тізімнің барлығын болады
тағы сол сияқты ол әр объектінің қай классқа қатысты екенін және басқару
параметрлерінің мәнін көрсетеді.
Вектрлық кескінге өмірде анлог таңдау өте қиын.
Векторлық кескінр математикада – графикалық функция. Көбінесе
векторлық кескін экран бетіне немесе басу құрылғысынан шығар алдында
нүктелік кескінге айналады.
Компьютерлік графикада бұл құбылыс рендерингом деп аталады.
Пикселдік кескіннің басты кемшілігі пикселдің анықталған көлемінен
тұрады. Сондықтанда кескінді үлкейтіп және кішірейткен кезде кескіннің түрі
бұзылып кетеді.
Кескінді үлкейткен кезде біріне-бірі тығыз тұрған пикселдердің арасы
босап ашық орын қалады. Оны еш нәрсемен толтыра алмаймыз, тек қасындағы
тұрған пикселдің көшірмесін қоймасақ. Бұл кескінді үлкейткендегі пикселдің
көлеміне тепе-тең. Бірақ пикселді қатты үлкейтуге болмайды — өте үлкен
пикселдер адам көзіне дұрыс көрінбей кескін бұзылады. Машиналық графикте
бұл құбылысты түрдің бұзылуы. Түрдің ауысуы деген түсінік ол вектролық
кескіннен пикселдік кескінге ауысуы немесе бір пикселдік кескіннің екінші
пикселге параметірімен ауысуы болып табылады. Кескінді сақталған көлемімен
кішірейткен кезде бірқатар пикселдер түсіп қалып ақпараттың бір бөлігі
жоғалып кетуі мүмкін. Пикселді кішірейткенмен де құрылғылар (дисплей, басу
құрылғысы) өте кішкентай пискелдерді қабылдамайды –нәтижесінде кескіндердің
түрін ажырату қиынға түседі.
Пикселдік кескіннің бастапқы сақталған көлемін тек қана екі, үш есе
үлкейтуге болады. Егерде осы ереже сақталмаса онда кескінде — толқынтүрлес
сызықтар, нүктелер немесе торлар пайда болады. Олардан құтылудың өзі де
қиынға соғады.
Пикселдік кескіннің екінші кемшілігі ішкі құрылымының болмауы. Мысал
ретінде жасап көрейік.
Егерде нүктелік кескінде біз ер галстуктегі адамды көрсек – біздің
миымыздың ер адамдағы галстук сияқты объектілерді бөліп алғандағы жұмысының
нәтижесі.

Арнайы прграммалардың көмегі объектінің пикселдерін қалпына келтіру
үшін біраз еңбектену керек. Егерде жұмыс жасау кезінде бір белгіні өшіріп
тастау керек болса кейін сол өшірілген белгінің орны тесік болып қалады
сондықтан оны толтыру үшін қайта салып шығу керек.
Пикселдік кескіннің үшінші кемшілігі — сақтаған кезде жадыдан көп орын
алуы. Нүктелік кескінмен жұмыс жасау кезінде олардың жоғары сапалы кескін
алып көлемін өзгерткен кезде сол файл көлемі де жүздеген МБайт орын алуы
ғажап емес.
Векторлық кескін жұмыс жасауға өте ыңғайлы. Оны үлкейтіп немесе
кішірейту үшін тек қана басқару параметірінен – масштаб өзгерте салу
керек. Масштабы өзгерткен кезде векторлық кескін көлемі еш өзгермейді.

Барлық өзгертілген өзгертулер ескеріліп кескіннің сапасы өзгермейді.
1.1 суретте вектрлық және нүктелік кескіндердің үлкейтілген түрлері
көрсетілген.
Сур. 1.1. Векторлық кескін (солжақ) пикселдік кескінге (оңжақта) қарағанда
масштабын еш сапасын өзгерпей үлкейтуге және кішірейтуге болады.
2 Векторлық кескіннің пикселдік кескінге қарағанда құрылымын өз қалауыңмен
өзгертуге болады. Ол сурет салушының өз қалауымен анықталады. Кескінді
салған кезде оған ат беруге және текст жазуға болады.
Суреттегі ер адамның галустігін өзгерту еш қиындық туғызбайды оны тек
қана бұрыштардың мәндерін өзертсе болды. Векторлық файлдардың көлемі
пикселдік кескіндердің көлемінен әлдеқайда аз болады.

Жұмыс ортасы және интерфейсі.

CorelDRAW 12 программасын іске қосу үшін Windows стандарты түрлері мен
жүзеге асырылады.
Программаны іске қосқан кезде экран бетіне 1.2 суретте көрсетілгендей
негізгі терезе CorelDRAW өзінің негізгі тұтынушылық интерфейстік
элементтерімен ашылады.
Windows стандартты терезелері сияқты тақырып жолының астында меню жолы
орналасқан.
CorelDRAW мәзірі өте күрделі өзінің көптеген қосымша менюлері мен
командаларының түрлері. Кез келген басқа программалар сияқты мәзір
CorelDRAW көптеген функцияларын тез ашуға көмек береді, бірақ та оның
кейбір атқаратын қызметі программаның көмегінсіз де орындала береді.
Сол жақ жұмыс алаңында интерфейс элементі — саймандар тақтасы
(toolbox) орналасқан. Кесікннің объектілерімен барлық жұмыс саймандар
тақтасын таңдау арқылы басталады.

Сур. 1.2. CorelDRAW тұтынушысының жұмыс ортасы.
Кейбір саймандар батырмасы терезенің төменгі жағының оң бұрышында
үшбұрыштармен қамтамасыз етілген. Бұл — батырма мен бір немесе бірнеше
саймандарға байланысты екенін көрсететін бағыттауыш. Барлығын көру үшін
тышқан батырмасын тез басу арқылы көрсеткішке басу керек — экранға
саймандардың нақты түрлері ашылды. 1.3 суретте нақты ашылған
саймандар батырмасы көрсетілген Fill (Заливка).

Сур 1.3. Fill саймандар тақтасының ашылған түрі.
Қажетті сайманды таңдау үшін тышқан батырмаларының бірін шерту
жеткілікті. Ережеге сай әр сайманның өзіне тән тышқан батырмасының
көрсеткіші болады.
Меню жолының астына орналасқан стандартты басқару элементтернің
саймандар тақтасы (toolbar) жұмыс барысында өте жиі қолданылатын
элементтер орналасқан мысалы: құжатты сақтау, жабу, буермен опреациялар
жасау т.б.
Стандартты саймандар тақтасының төменгі жағында атрибуттар тақтасы
орналасқан (property bar). Ол таңдалып алынған сайманның параметірінің
көмегімен белгленген объектінің стандартты операциялар жасауға арналған.
Ол тұтынушының басты жұмыс саймандары болып табылады және ол әдайым өзгеріп
тұрады..
Оң жақ жиегінде экранның түс палитрасы (color palette) орналасқан. Ол
түстерді бейнелеуге негізделген. CorelDRAW терезесінің төменгі жағында
қалып күй қатары (status bar) орналасқан. Оған жұмыс барысында белгіленген
объекті жайлы және көптеген қосымша ақпараттар жайлы мәліметтер шығады.
CorelDRAW негізгі жұмыс бөлігі құжаттар терезесінде бейнеленген (drawing
windows).
CorelDRAW құжат құрғаннан кейін терезеде сурет салу парағының кескіні ғана
көрінеді. Парақтың жақтаулары көлеңке болып тұрады, бірақ оның кейбір
элементтері кескін элементтеріне жатпайды. Кескін жасалатын объектінің
көлемі сол парақтың жақтауларынан шықпауы керек. Кескін салынатын терезенің
қалған аудандарының жұмыс үстелі деген аты болады және олар объектілерді
уақытша сақтаушы болады.
CorelDRAW жұмыс үстелі біздің көзімізге көрінгеннен де үлкен болады.
Терезенің көрінбей тұрған жерін көру құжат терезесіүшін оң және төменгі
жақтарында айналдыру жолақтары арқылы көре аламыз.
Құжат терезесінің сол және жоғарғы жағында координаттық сызықшалар
орналасқан (rulers), оның қызметі объектінің координатасын өлшеп
орналастыру болып табылады.
Жаңа құжат құру.
CorelDRAW программасын іске қосқан кезде әрқашанда құжат терезесі
ашылады. Егер программа файл белгісі арқылы ашылмаса ол жаңа документ болып
ашылады. Жұмыс барысында жаңа құжат ашу керек болса File мәзіріндегі New
(Новый документ) командасын таңдау керек. Нәтижесінде CorelDRAW
программасының жаңа құжат, таза парақ ашылады.
Егер де жұмыс барысында саймандар тақтасында батырмаларды іздеу
қиындық тудырса, онда тышқан көрсеткішін сол батырманың орналасқан жеріне
қойып 1-2 секунд жібермей ұстап тұру керек. Сол кезде батырманың қасына
көмекші меню шығады.
Құжаттарды ашу және жабу.
CorelDRAW құжаттарын ашу барысында Windows басқа стандартты
программаларсияқты CorelDRAW файлының суреті бар құжаттарды тышқанмен
шерту арқылы жүзеге асырылады немесе стандарты саймандар тақтасынан Open
(Открыть) командасын орындау керек.
Соңғы екі жағдай бойынша 1.4 - суретте көрсетілгендей диалогтық терезе
Open Drawing (Открыть документ) ашылады..
Бұл диалогтық терезеде Windows қолданбалы программалардың барлық түрлері
көрсетілген. Одан басқа да файлдар тізімінің оң жағында алдын ала көру
алаңы Preview (Предварительный просмотр) болады ол жерде біздің ашайық деп
отырған файлымыздың кескіні немесе суреті кішірейтілген түрде көрінеді.
Ағымдағы құжатты жабу үшін жабу командасын орындаймыз. Егер құжат жадыда
соңғы рет өзгертілсе программа оны сақтау үшін анықтама сұрайды.
Сол өзгертілген файлды сақтағанда кішірейтілген көшірмесі қосылмауы
мүмкін. Ондай жағдайда жалауша қойғанның өзі көмектеспейді. Preview
(Предварительный просмотр).

1.4.- сурет. Диалогтық терезе Open Drawing

Құжатты сақтау

CorelDRAW құжаттарын сақтау стандартты саймандар тақтасындағы Save
(Сохранить) командасы арқылы жүзеге асады. Егер құжат бұрынырақ жадыға
сақталмаса, экранға сур. 1.5. көрсетілген Save Drawing (Сохранить документ)

диалогты терезе шығады.

1.5.- сурет
Save Drawing (Сохранить документ)

Құжаттарды сақтау үшін оның қай бумаға сақтау керек екенін таңдаймыз
содан кейін File name (Имя файла) жолына файлдың атын енгіземізде Save
(Сохранить) батырмасына баса саламыз. Егер файл бұрында сақталған болса
онда жадыға Save Drawing (Сохранить документ) командасы орындала береді..
2. CorelDRAW программасының объектіліері.
Тіктөртбұрыш
Жоғарыда айтылғандай CorelDRAW кескіндермен жұмыс негізінен объектілер
болып табылады. Барлық объектілерді үш категорияға бөлуге болады:
қарапайымдылық, сызықтық және мәтіндік. Бұл – төртбұрыштар, эллипстер,
көпбұрыштар және стандартты фигурлар.
Тіктөртбұрыштар категориясына тек стандартты фигураларды ғана өз
қалауымызша құрастыруға болады. 2.1- суретте тікбұрыштар класына жататын
бірнеше кескін келтірілген.

2.1.-сурет. Тікбұрыштар тобына жататын бірнеше кескіндердің үлгісі
Тікбұрыштың сыртқы түріне қарап көп жағдайларда басқа объектілерден оңай
ажырату қиынырақ. Егер сол объектіге тышқанның батырмасымен бассақ қалып
күй қатарында Rectangle on Layer 1 (Прямоугольник на слое 1) сөз шығады, —
бұл тікбұрыш екеніне сенімді болыңыз.
CorelDRAW программасында барлық қарапайымдылық сәйкес саймандардың
көмегімен құралады. Тікбұрыштар Rectangle (Прямоугольник) сайманының
көмегімен тұрғызылады.
Rectangle батырмасын басқан кезде тышқан көрсеткіші айқас сызыққа
айналады.

2.2.-сурет. Қалып-күй қатарындағы хабарлама және тікбұрышты бөліп алу
жолақтарының элементтері

Тікбұрыш салу үшін тышқан көрсеткішін Rectangle(Прямоугольник) құралына
апарып диагональ бойынша созу керек. Тышқанмен жылжытып болғаннан кейін
оның батырмасын жібергенде, экранда тікбұрыштың жан-жақтарына жиектерін
белгілеу және орталық маркері шығады. Ал қалып-күй қатарына тікбұрыш тобына
жататын объекті белгіленді деген хабарлама шығады.
Бөліп алу жақтауы дегеніміз экранда бөлініп алынған габариттер немесе
бірнеше объектілерді белгілейтін 8 маркерден (қара құйылмалы кішкене шаршы)
құралған топ.
Бөліп алу жақтауы қисық крестик түрінде маркер ортасында орналасады.
CorelDRAW-да кез келген графиктік объектіні құрғаннан кейін ол бөлініп
алынған болып табылады және оның айналасында бөліп алу жақтауы пайда
болады.

Тіктөртбұрыштардың атрибуттар құралы (2.3.-сурет) мына қасиеттерден
тұрады: төртбұрыштың өлшемін, төртбұрыштың орналасуын, масштаб
коэффиценттерін және т.б.. бұл қасиеттер батырмаларды өзгертуге мүмкіндік
береді. Сонымен бірге онда объектілермен жұмыс жасау батырмалары
орналасқан (бұру, айналық бейнелеу, бұрыштарды дөңгелектеу және т.б.)

Эллипс

Шеңбердің диаметрлерінен қашықтықта созу арқылы эллипсті құруға болады.
Эллипс объектілерінің құрамына оның доғалары мен секторлары енеді. Олар
төртбұрыштың бұрыштарын дөңгелектеу тәсілімен алынған.
CorelDRAW программасында эллипстің өлшемі төртбұрыштың пішінінің
(ерекшелендіру жақтауына сәйкес) өлшемімен анықталады. Ерекшелендіру
жақтауындағы орынға маркердің 4 орта қабырғасы орналасқан эллипс берілген
(2.4-сурет). Пайда болған эллипсте бар болғаны бір түйін ғана бар. Эллипс,
рамка выделения, указатель инструмента Ellipse

2.4. – сурет. Эллипс, ерекшелендіру жақтауы, Ellipse құралының көрсеткіші
және қалып-күй қатарының хабарламалары

Эллипсті салу үшін Ellipse (Эллипс) құралдар тақтасының жиынтығынан
қажетті құралды таңдау қажет. Rectangle (Тіктөртбұрыш) құралымен жұмыс
жасауда пернелердің қызметін қалай пайдалансақ, дәл сондай етіп, эллипс
құралымен жұмыс жасауда да оларды қолданамыз. Ctrl пернесін ұстап
тұрып,эллипсті емес дұрыс дөңгелекті салуға болады. Ал Shift пернесін
қолдану арқылы төртбұрыштың орта сызығынан бастап, созу арқылы эллипсті
салуға болады. Егер Ctrl мен Shift пернелерін қатар бассақ, онда
дөңгелектің центрінен созу арқылы эллипс пайда болады. Осы әрекетті
орындағаннан кейін ғана тышқан батырмасын жіберуге болады.
Эллипсті секторға түрлендіру үшін Shape (Форма) құралын таңдау қажет.
Жаңадан салынған эллипстің түйінін табу үшін оған тышқан көрсеткішін апару
жеткілікті. Түйінге апарып тышқан батырмасын басамыз және тіктөртбұрыштың
пішінінің орта сызығының бағытына түйінді орналастыру керек. Содан кейін
эллипстің шекарасынан шықпай, сағаттың тілі бойынша тышқан батырмасын
айналдырамыз. (2.5-сурет).

Осы әрекетті орындағаннан кейін тышқан батырмасын жіберсек, онда эллипс
секторға айналады (2.5. – сурет). Эллипсті секторға түрлендіру арқылы
эллипстің ішіндегі түйінге апарамыз. Егер эллипс түйінін оның ішіне емес,
сыртына орналастырсақ, онда эллипстің секторы емес доғасы салынады.

Көпбұрыштар мен жұлдызшалар

CorelDRAW программасында көпбұрыштар объектілер класына тек дұрыс
көпбұрыштар ғана жатады: дөңес және жұлдызша (көбіне оны қарапайым жұлдыз
ретінде қарастыруға болады).

2.6. – сурет. Көпбұрыштар класына енген объектілер жиыны
CorelDRAW программасында көпбұрышты салуға негізделген арнайы құрал бар.
Ол құралдар тақтасында орналасқан Polygon (Многоугольник) батырмасы.

2.7.-сурет. Құралдар тақтасындағы Polygon батырмасы.
Құралды таңдау үшін құралдар тақтасындағы орнын және 2.9.-суретте
келтірілген белгілердің ішінен біреуін таңдап, қажетті батырманы басу
жеткілікті..
Көпбұрышты салу үшін құралдар тақтасынан Polygon (Многоугольник) құралын
таңдаймыз. Атрибуттар тақтасындағы дөңес көпбұрышты таңдап, түйіндер санын
анықтап, тіктөртбұрыштың диагоналдары бойынша созу арқылы көпбұрышты
саламыз. Егер Ctrl пернесін жібермей тышқан батырмасымен қатар бассақ,
онда теңқабырғалы көпбұрыш пайда болады. Егер Shape (Форма) құралын
таңдасақ, онда оның көрсеткішін көпбұрыш қабырғаларының ортасында
орналасқан түйіндердің кез келгеніне апарып қою керек. Ctrl пернесін
жібермей, центрге дейінгі қашықтықтың жартысына радиусы бойынша түйінді
орналастырса, онда көпбұрыштың қабырғаларының ортасында орналасқан
қамтылған түйіндермен орналастырылатын болады.нәтижесінде жұлдыз пайда
болады (2.8.-суреттің ортасында).

2.8. – сурет. Бастапқы көпбұрыш және Polygon Стандартные фигуры құралының
көмегімен түйіндерді созу арқылы алынған фигура.
Тиімді құралдар тобының бірі — стандартты фигуралар (perfect shapes).
Бұл топтағы құралдар күнделікті өмірде көбірек кездесетін графиктік
үзінділерді тез салуға негізделген. Бұл топтағы құралдар 5 топшаға
бөлінеді: базалық фигуралар (basic shapes), бағыттауыштар (arrow shapes),
блок-кескіндер элементтері (flowchart shapes), жұлдызшалар (star shapes),
выноски (callout shapes). 2.9.-суретте Perfect Shapes (Стандартные фигуры)
құралдар тақтасы мен палитралар бейнеленген. Олардың әрқайсысына жоғарыда
аталған стандартты фигуралардың сәйкес келеді. Ал палитралар атрибуттар
тақтасындағы бірдей атты құрал арқылы ашылады.

2.9.- сурет. Perfect Shapes құралдар тақтасы және стандартты фигуралардың
ішкі топшаларының палитрасы
Стандартты фигураларды салу үшін мынадай екі амал орындалады: өздігінен
құру және формаларды баптау. Стандартты фигураларды салу үшін Perfect
Shapes (Стандартные фигуры) құралындағы батырмаға басу жеткілікті, не
болмаса тышқан көрсеткішін салынатын стандартты фигураның диагоналы бойынша
созу қажет. Сонда бөліп алу маркерімен қоршалған таңдалынған стандартты
фигура пайда болады. (2.18. – сурет, оң жақта). Стандартты фигураның сыртқы
түрін тышқанның көрсеткішін жылжыту арқылы өзгерте беруге болады.
Маркерлер бірден үшке дейін болуы мүмкін (2.10. - сурет, сол жақта және
ортасында).

2.10. – сурет блок-кескіннің ішкі элементтерінен құралған стандартты
фигуралар және маркердің көмегімен оның формаларын өзгерту нәтижелері

3. Сызықтар
Қисық сызықтар моделі

Түрлі топтағы сызықтарды түрлендіру үшін CorelDRAW программасында
объектілердің бірнеше топтары қарастырылған. Ондай объектілер тобына қисық
сызық (curve), өлшемді сызық (dimension line), жалғастырушы сызықтар
(interactive connector line) және суперсызық (artistic media group).
CorelDRAW программасында сызықтар моделі үшін екі ұғым қарастырылады: түйін
(узел) және сегмент.
Мұнда сызық ұғымы қисық сызықтар тобына жататын объектіні түсінуіміз
керек. Түзу сызықтар кесіндісі топ объектілерінің дербес бір бөлігі (үлкен
радиусты шексіз иілуден құралған қисық сызық)және ол жеке қарастырылмайды.
Түйін дегеніміз қисық сызық сегментінің бір жағы шектеулі жазықтықтағы
бейнелер нүктесі. Сегмент дегеніміз екі түйіннің арасы біріктірілген қисық
сызық. Түйіндер мен сегменттер бір-бірімен тығыз байланысты: тұйық
сызықтардың түйіндері қанша болса, сонша сегменті болады. Ал тұйықталмаған
сызықтарда бір түйін артық болады.
CorelDRAW графикалық ортасында кез келген қисық сызық сегменттер мен
түйіндерден құралады. Ал қисық сызықтармен орындалатын амалдар ол ортада да
орындалады. Түйін сегментке қатысты сипатты анықтайды. Сондықтан
тұйықталмаған сызықтар үшін түйіндердің бірі – бастапқы, ал тұйықталған
сызықтар – сызықтар бағыттары екендігін білу маңызды (сағат тілінің бойымен
немесе сағат тіліне қарсы). Түйін үш типке бөлінеді: тұйықталмаған қисық
сызықтар үшін бастапқы түйін, тік сызықты (line) және қисық сызықты
(curve) түйіндер.

3.1. – сурет. Сегменттер мен сызықтар түйіндері

3.1 – суретте аралық түйін 1 және соңғы түйін — тік сызықты, ал аралық
түйін 2 — қисық сызықты сегменттер мен сызықтар түйіндері бейнеленген
Сызықтар түйіндері экранда кішкене квадраттар түрінде бейнеленеді. Бастапқы
түйін кішкене өлшемді квадрат түрінде бейнеленеді. Түйіндерді редакторлеу
кезінде олар кішкене үлкейтілген қара түспен қоюланған квадрат түрінде
экранда бейнеленеді.

Тұйықталған, тұйықталмаған және біріктірілген сызықтар

Бастапқы түйіннен тұратын сызық тұйықталмаған (open curve) деп аталады.
Соңғы түйіндері жоқ сызықтар тұйықталған деп аталады (closed curve).
Тұйықталған сызықтарда бастапқы және соңғы түйіндер бір немесе бірнеше
түйіннің қызметін атқарады. Сондықтан түйіндерді таңдауда Shape (Форма)
құралын таңдаймыз. Сызықтарды тұйықтауды кішкене үлкейтілген квадрат
түрінде белгіленеді.
Біріктірілген сызықтар. Әрқайсысы тұйықталған немесе тұйықталмаған
сызықтардан құралған бірнеше бұтақтардан тұратын объекті болып табылады.
Дербес жағдайда, Combine (Соединить) командасы арқылы объектілерді
біріктіру амалын орындауға болады. Кішкене квадратиктермен белгіленген
бірнеше түйіндерден тұратын объектілерді біріктірумен ерекшеленеді. Ол оның
басқа белгілерден ерекшелігін анықтайды. 3.2. – суретте тұйықталған,
тұйықталмаған және біріктірілген сызықтардың мысалдары келтірілген.

3.2.-сурет Тұйықталған сызық (сол жақта), тұйықталмаған (ортада) және
біріктірілген сызықтар (оң жақта)
Құралдар тақтасындағы Curve (Кривая) құралы түрлі типтегі сызықтарды
сызуға мүмкіндік береді. Оның батырмаларына ену үшін тышқан батырмасын
жібермей ұстап тұрып, қажетті батырмаларды ашып, жіберу.

3.3.-сурет. Curve құралдар тақтасының батырмалары

Freehand (Произвольная кривая) құралы тышқанды Bezier (Кривая Безье)
құралына жылжыта отырып, траекторияны түрлендіруге мүмкіндік береді. Мұндай
жағдайда орындаушы сызылатын қисық сызықтардың түйіндерінің орналасу түрін
береді де, Shape (Форма) құралы арқылы алынған сызықтың түрін өзгертеді.
Artistic Calligraphic Polyline 3 point curve құралы Dimension (Размерные
линии) бір құрал емес құралдар тақтасының жиынтығын қолдануға мүмкіндік
береді. Мұндай жағдайда түрлі өлшемдегі кескіндерді бейнелеуге болады
(состоящих из выносных линий, өлшемді сызықтар және өлшемді жазулар ) және
выносных сызықтар. Өлшемдік кескіндер және выносные сызықтар келесі
топтардың құрамды объектілерін құрайды:
• сызықтық өлшем(linear dimension);
• бұрыштық өлшем (angled dimension);
• выноска (callout).
Объектілерді жалғау нүктесі өлшемдік кескін, жалғастырушы сызықтар немесе
выноска құралының элементтерімен байланысты нүктені айтады. Объектілерге
сызықтарды жалғау ережесі 12 программа версиясынан тұрады. Егер осы аталған
орындарда объектілер сызықтары өтсе, онда келесі версияда нүктелерді жалғау
ретінде тек объектілер түйіндері ғана емес, сонымен бірге жолақтарды бөліп
алу маркерін орналастыру да ерекше мәнге ие болады. Енді мұндай нүкте
объекті контуры мен баспаға берілетін беттердің кез келген нүктесі болуы
мүмкін. Дегенмен, базалық фигураны және өлшемдік кескінді автоматты түрде
өзгерткіміз келсе, онда объектінің түйіндерімен және бөліп алу
маркерлерінің ортасымен байланысты жалғау нүктелерін шектеу қажет.
Өлшемдік кескінмен және выноскамен жұмыс жасауда атрибуттар тақтасы
ерекше роль атқарады (3.4. - сурет). Онда орналасқан басқару элементтері
өлшемдік кескінде қолданылатын типті және оның бөлек құрастырушыларын
басқаруды таңдауға мүмкіндік береді.

3.4. – сурет. Dimension құралын таңдаудағы атрибут тақтасы

• Vertical Dimension Tool (Вертикальный размер). Кескіндердің өлшемдерін
қоюда өлшемдік сызықтардың вертикальды бағыттары қолданылады.
• Horizontal Dimension Tool (Горизонтальный размер). Кескіндердің
өлшемдерін қоюда өлшемдік сызықтардың горизонтальды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
COREL DRAW ҚҰЖАТЫ
Corel Draw программасын түрлі графикалық бейнелерді өңдеуге қолданудың әдістемелік негіздері
Біріктірілген сызықтар
Corel DRAW программалық құралын үйрету технологиясы
Corel Draw графикалық редактор
Бастапқы объекттер
CorelDraw 11
Объекттерді топтастыру
Векторлық графика компьютерлік графиканың әртүрлілігі
Corel Draw-та қарапайым пішіндер, объектілер жасау
Пәндер