Атмосфералық өзгерістер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ӨЗГЕРІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

Миллиондаған жылдар бойы геологиялық орта эн-догендік және экзогендік әрекеттерге байланысты және Жердің сыртқы қабаттарының өзара қарым-қатынаста-ры нәтижесінде қалыптасып, тепе-теңдік жағдайда бо-лып келді. Кейінірек қоғам өмірінің даму барысында, әсіресе қазіргі замандағы ғылыми-техникалық револю-ция жағдайында, адамдардың геологиялық ортаға тигізетін әсері күшейе түсті. Соның салдарынан қорша-ған ортанық табиғи жағдайдағы тепе-теқдігі бұзылып, әр түрлі өзгерістер байқалады. Кейде мұндай әрекеттер

ғаламдық көлемдегі ірі өзгерістер туғызады. Антропо-гендік әрекеттер (инженерлік кұрылыс, ауылшаруашы-лық, гидротехникалық, тау-кен өндірісі және т. б. ) әдет-те жер қыртысының белгілі бір аймақтарын қамтьш (техногендік әрекеттердің қарқындылығына қарай) өзін-дік із қалдырады. Мұндай аймақтар техносфера немесе ноосфера (грекше «ноос» - ақыл, ес, парасат) деп ата-лады (Вернадский, 1944) . Қазіргі кезде В. И. Вернад-ский негізін қалаған биосфералық ілім адамдардың са-налы іс-әрекеттерін бүкіл планеталық сферада түгел қамтитын ілім негізі (ноосфера) болып қалыптасып келеді.

Адамдардың геологиялық ортаға тигізетін техноген-дік әсері минарагениялық, геохимиялық, геофизикалық, геодинамикалық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық болып ажыратылады.

Минарагениялық және геохимиялық өзгерістер антро-погендік әрекеттерге (тау-кен өндірісі, құрылыс ісі және гидротехникалық және т. б. ) байланысты жер қыртысын қүрайтын заттардың орын ауыстырып, қайтадан көшіп-қонуымен сипатталады. Мұндай әрекеттердің нәтижесін-де минералдық ресурстар қоры азайып, кен өндіру ісі-нің технологиялық жағдайы өзгереді (минарагениялық өзгерістер), сонымен бірге геологиялық ортаның химия-лық тепе-теңдігі бұзылып, литосфера-атмосфера-гидро-сфера араларындағы экологиялық қарым-қатынас өзге-реді (геохимиялық өзгерістер) .

Геофизикалық өзгерістер жер қыртысының жоғары бөліктерінде геофизикалық жасанды өрістер (сейсмика-лық және дыбыс толқындары, электромагниттік токтар және т. б. ) түрінде байқалады. Олар литосфераны құ-райтын заттарға әсерін тигізіп, металдардың коррозия-сын күщейтеді.

Геотермиялық езгерістер жер бетінің және су қойма-ларының жылулық режимдерінің өзгерістерімен анық-талады. Әсіресе, олар көп жылдық тоңды аудандарда жақсы байқалады.

Геодинамикалық өзгерістер тау-кен өндірісімен бай-ланысты кен орындарын игеру барысында (орасан көп тау жыныстарын қопарып) пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жоғары көтеру кезінде байқалады. Сол се-кілді, мұнай мен газ кен орындарын және жер асты суларын игеру кезінде де (геодинамикалық езгерістер байқалып) геостатикалық өрістің бұзылысын байқауға болады. Техногендік әрекеттердің геоморфологиялық көрінісі

техңогендік бедер пішіндері түрінде байқалады. Мұндай әрекеттердің нәтижесівде аккумуляциялық және денуда^ циялық процестердің арасындағы тепе-теңдік бұзылып, жер бетінщ алғашқы бедері өзгереді (жаңа бедер пішін-дері қа^ыптасадьі) .

Гидрогеологиялық өзгерістер сулы горизонтқа (қа* баттарға), тікелей немесе жанамалай әсер еткенде ғана байқалады. Соның нәтижесінде жер асты суларьщың қоры, деңгейі, режимі және сапасы түгелдей өзгереді.

Инженерлік-геологиялық өзгерістер (опырылып құ^ лау, сусып жылжу және суффозия және т. б. ) экзогендік процестердің күшеюімен байланысты жиі байқалады. Техногендік әрекеттердің нәтижесінде геологиялық объ-ектілер азды-көпті өзгерістерге ұшырап, кейде жаңа текті объектілер (техногендік) пайда болады. Экзоген-дік техногенез сыртқы геодиңамикалық процестердің дамуына көп әсерін тигізеді. Әсіресе, үгілу процесін, жер асты, жер беті суларыңың, теңіздің, көлдер мен батпақ-тың, желдің денудациялық және аккумуляциялық әре~ кеттерін күшейтіп, диагенездік процестердің дамуым^н сипатталады.

Сонымен бірге, техногендік әрекеттер жер қыртьь сында жиі байқалатын эндогендік, геодинамиканың кей-бір түрлеріне (тербелісті және дислокациялық қозға* лыстар, жер сілкіну, магматизм, метаморфизм, физика-лық өрістердің өзгеруі) ұқсас жағдай туғызып, олардьщ дамуына қосымша әсерін тигізеді.

ХІҮ. 1. СЫРТҢЫ ГЕОСФЕРАЛАРДЫҢ ТЕХНОГЕНДІК ӨЗГЕРІСТЕРІ

Атмосфералық өзгерістер. Алғашқы атмосфэраның негізгі құрамы метан, аммиак, су буы тәрізді компонент-терден құралып, кейінірек (өсімдіктердің пайда болуьь мен байланысты) фотосинтездік реакция нәтижесінде (атмосфераның алғашқы құрамы) азот-оттегілік болыц өзгереді. Инженерлік-шаруашылық әрекеттерге байла-нысты атмосфераның құрамындағы газдардың тепе-тең-дігі бұзылады. Мысалы, соңғы 100 жыл ішіңде көмір қышқыл газының концентрациялық мөлшері 0, 027 %-теқ 0, 0325 %-ке дейін көбейгендігін айтуға болады, ал XXI ғасырда 0, 038 %-ке дейін өсуі мүмкін (оның өсу жыл-дамдьіғы қазіргі деңгейде сақталған жа^дайда) деп жо-і рамалданады. Сонымен қатар, атмосфера қабатына. дү-І

кірт қосындылары да көп шлшерде қосылып жатады. бңың негізгі көзі энергетика, түеті және қара металлур-щя деп ^аналады.

Атмосфера құрамының өзгерістері, - әсіресе көмір рьішқыл газының көбеюі (көпщілік ғалымдардың пікір-лері бойынша) климат жағдайын ғаламдық (глобаль-дьіқ) көлемде өзгертуі мүмкін ? Мысалы, температура-ныд артуьі екі мықьшшы жылы 0, 5°С шамасында болуы мүмкін, ал оның одан әрі ^коғарылауы ацаттьі жағдайға әкеліп соғар еді.

Шаң басып, тозаң көтерілу жағдайыында атмосфера-ның күн сәулесін шағылыстырып, кері қайтару қабілеті жоғарылайды, соның натижесінде бұлт жамылғысы пай-да болып, мұздықтар мен қарлы шыңдар ери бастайды. Сонымен бірге, шаң-тозаңдар жер бетінен көтерілетіа жылу ағындарын ұстап қалады, Сондықтан болар, мұн-дай жағдайда парник эффектісі байқалып, планеталық, көлемде ауа температурасы жоғарылайды. Сол тәрізді жер бетінде байқалатын жылу энергиясының белгілі бір мөлшері бөлініп шығып, атмосфера қабатына қосылып жатады. Мысалы, 100 жылдан кейін атмосфера қабатьь ңа қосылған техногендік жылу мөлшері, Күннен бөліне-ті. н энергия мөлшеріне теңеледі деп жорамалданады. • Гидросфералық өзгерістер. Адамдардың су қабатына тигізетін техногендік әсері планетамызда қалыптасқа^ су режимін (сапа және сан жағынан алғанда да) және гидросфераның атқаратын геологиялық ролін көп өзгер-теді. Су қабаттары ластанады. Оның түрлері тұрмыстьщ, агрохцмиялық және өндірістік болып ажыратылады.

Тұрмыстық ластану дәрежесі кір жууға арналғаң синтетикалық үнтақ заттарды жиі қолданумен байла-ңьісты және олардың химиялық активтігі мен тұрақты-лығына қарай анықталады. Ағын суды ластаущы орга-никалық заттардың ыдырауы судың құрамында ерітіңді түрінде кездесетін оттегінің таусылуына әкеліп соғады. Агрохимиялық ластану ауыл шаруашылығында ты-ңайтқыштар ретінде қолданылатын улы химикаттардың орынсыз көп пайдалануымен тікелей байланысты. Ат^ мосфералық сулар (жауын-шашын) тыңайтқыштар мең улы химикаттарды жуып-шайып, біртіндеп топырақ қа-батына сіңу барысында жер бетіндегі өзен сулары мен жер асты суларына араласады. Соньщ нәтижесінде бұд сулардың құрамьшда нитраттар ; және т. б. зиянды затч тар көбейіп, ластанады. Сбндықтан да мұндай суларды ауыз суы ретінде пайдалануға болмайды. Өндірістік ластану. Өндірістік кәсііюрьшдарының қалдықтары әдетте су қоймалары мен ағын суларға қосылып отырады. Оның құрамындағы зиянды және улы заттар өте нашар еритіндіктен көп жылдар бойы өзге-ріссіз сақталады. Соның салдарынан су қоймалары мен ағын сулары ластанып, тірі организмге зиянды әсерін тигізеді. Олардың ішінде, әсіресе, мұнай қалдықтары мен радиоактивтік заттар ерекше зиянды. Мысалы, мұ-найдың бір тамшысы су бетінде диаметрі 0, 3 м-лік дақ қалдырады; өте жұқа мұнай пленкасы су бетін атмосфе-ралық ауа қабатынан бөліп тастайды, соның нәтижесінде су бетінде көмірқышқыл-оттегі алмасу режимі өзгеріп, йулану қабілеті төмендейді, басқаша айтқанда эколо-гиялық тепе-теңдік бұзылады. Жыл сайын мұхит суына 6 млн т-дан астам мұнай өнімдері қосылып отырады. Бұл тәрізді ластану ғаламдық көлемде байқалады. Әсі-ресе, мұхит суларында жиналған радиоактивтік қалдық-тардың концентрациялық мөлшері жылдан жылға ұлғая түсуде. Бұл жағдай өте зор қауіп туғызады. Сонымен, бүкіләлемдік мұхит суының ластануы ғаламдық көлем-де байқалады. Мысалы, жыл сайын мұхит суына шама-мен 25 млн. т темір, 400 мың т мыс, мырыш және марга-нец, 180 мың т қорғасын және фосфор, 3 мың т-ға жуық сьшап ерітінділері қосылып жататындығы есептелінген. Мұхит суының қалың қабаты орасан зор сүзгіш-фильтр ролін атқарады. Өйткені, континенттен келіп қосылып :жатқан заттар (органикалық және минералдық) алғаш-кыда бұзылысқа ұшырап, кейінірек ерітіндіге айналып мұхит түбіне шөгінді түрінде қабатталып жинала бере-ді. Бірақ, соңғы кездері техногендік ластану мөлшерінің өте тез қарқынмен ұлғаюы, мұхит суының ластануы мен табиғи жолмен тазалану әрекеттері арасындағы эколо-гиялық тепе-теңдікті бұза бастады. Сондықтан, мұндай жағдайды болдырмаудың тиімді әдістерін ойластырып, дарастыру қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атмосфералық ауа гигиенасы
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Организмге әсер ететін зиянды факторлар
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Ауа, жер мониторингі
Қоршаған ортаның негізгі құрама бөліктері мониторингін жүргізу әдістемесі
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлігі
Экологиялық жауапкершілік
Барометр
Антропогендік әсерлер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz