Мәскеу уақыты бойынша сағат


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Географиядан жүргізілетін практикалық жұмыстар

Мектептің өмірмен байланысын нығайту мақсаттарының бірі сыныптан және мектептен тыс жүргізілетін өлкетану жұмысының сапасына байланысты.

Мектептегі өлкетану жұмысының мазмұны және оны жүргізудің тәсілдері өмір талабына сәйкес түрлі практикалық жұмыстарды шешуде оқушылардың мүмкіндігін арттырады. Ғылым- білімнің әр түрлі тарауларынан ақпарат беріп, практикалық жұмыстарды шешуге араластырып, оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өмірге қажетті іскерлікпен қаруландыру. Сонымен қатар, оқушыларға жан-жақты оқу-тәрбие беру міндетін тиімді шешуде географиялық өлкетану үйірмесі де өнімді жұмыс істеп келеді.

Мектептен алған географиялық білімдерін оқушылар өлкетану жұмысында кеңінен пайдаланып, тереңдңтіп отырады. Мысалы, табиғатқа саяхатқа шыққанда түрлі практикалық жұмыстар жасап, өз беттерімен жұмыс істеу дағдыларын кеңейтіп, дамыта түседі. Әр түрлі практикалық жұмыстарды жүргізу арқылы олардың іскерлігі жетіле түседі, теориялық білімдерін іс жүзінде асыруға үйренеді. Біз бұл мақалада, өлкетану жұмысында географиядан жүргізілетін пратикалыө жұмыстардың кейбір түріне тоқталамыз. Бұлар мектепте жүргізілетін жұмыстардың жалғасы болып табылады. Ал, кейбіреулерін өлке зерттеу кезінде жүргізетін болады. Қалай болғанда да географиялық білімді іс жүзіне, тәжірибеге асыру болып табылады.

Практикалық жұмыстар көп, біз солардың төмендегі бірнеше түрлеріне тоқталамыз.

1. Табиғатқа саяхатқа шыққанда келген жерінің географиялық адресін білу. (Жергілікті жердің ендігі мен бойлығын анықтау) .

2. Күннің биіктігін өлшеу.

3. Азимут арқылы жол табу, жан-жақты бағдарлау.

4. Кез-келген зеттың биіктігін және қашықтығын арнаулы құралсыз-ақ өлшей білу.

5. Қиықтап (заческа) өлшеу арқылы, т. б. өздері бара алмайтын нүктенің қашықтығын өлшеу.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған практикалық жұмыстарды шешуде оқушылардың географиядан басқа пәндерден алған білімдерін пайдалануға тура келеді. Мұның өзі мектепте пәнаралық байланысты күшейтуді талап етеді. Сонымен қатар, өлкетану жұмысында көптеген пәндерден алған білімдері өзара ұштасып отырады.

1. Келген жерінің географиялық адресін анықтау.

Картадан кез-келген нүктенің координантын табуға болады. Бұл туралы 5-сыныпта «Физикалық география курсында» толық өтіледі. Ал, саяхатқа шыққанда келіп тоқтаған жеріміздің адресін радио арқылы хабарлау керек болса қалай хабарлауымыз керек?

Ол үшін, ең алдымен, тұрған жеріміздің жергілікті ендігін табу керек. Оны «Темірқазық» жұлдызы арқылы табамыз. Осы жерде «Темірқазық» жұлдызы жайында қосымиша мәлімет келтіруге болады. Мысалы, қазақ атаулының күллісіне мәшһүр «Темірқазық» жұлдызы ғылым тілінде Кіші Аюдағы «α » дейтін жұлдыз. Дүние полюсіне жақын (1 градустай) тұрғандықтан оны, көбінесе « Полярная звезда» деп атайды. Арабша-орысша сөздіктен оның арабшща аты Құтыб екенін көреміз. «Темірқазық» аты тіпті ертеден келеді. Махмуд Қашқари 1072-1074 жылдарда жазған «Диуани лұғат ат-түрк» деген кітабында «Темірқазық» аспанның кіндіг, яғни темір шеге, аспан әлемі сол шегені айналып тұрады деп жазған.

Сонымен, «Темріқазық» жұлдызының солтүстік жартышарда жақсы көрінетінін оқушылар жақсы біледі. Ол солтүстік полюсте тас төбеден көрінеді, оның биіктігі 90 грнадусқа тең, олай болса солтүстік полюстің ендігі де 90 градусқа тең болады. Ал біз тұрған жерде ол горизонт үстінде тұрады, ал экваторда горизонт сызығының жиегінде тұрады. «Темірқазық» жұлдызының биіктігі градус арқылы өлшенеді. Оны эклиметр деп аталатын бұрыш өлшеуіш құрал арқылы өлшейді. (1 сурет) . Бұл кәдімгі мектеп транспортирінен жасалған қарапайым құрал. Транспортирдің ортасына 0 белгіленіп, оның екі жағынан 90 градус қа дейін цифрлар қойылады. Транспортирдің табанына қақ ортасына жіп тартылып оның ұшына жүкше тағылады. Енді өзіміз тұрған жердің ендігін табуға кірісеміз.

Кеш түскенде «Темірқазық» жұлдызына қарат транспортирді көздеп тауып аламыз (ол үшін алдын-ала эклиметрді (транспортирді) дәл көздеп жаттығу керек) Жергілікті ендікті бұдан басқа құрылысы күрделідеу трубкалы эклиметр деп аталатын құралмен білуге болады.

Бірақ жолға шыққанда өте ыңғайлы және құрылысы өте қарапайым болғандықтан эклиметрдің алғашқы түрін пайдаланған жөн.

Енді тұрған жеріміздің бойлығын табу керек. Ол үшін сыныпта өткен географиялық білімді еске түсірейік. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:

-күн мен түннің ауысуы не себепті болады?

-жер өз білігінен неше сағатта толық бір айналып шығады?

-жер бір сағатта неше градусқа айналады?

-бір минутта, төрт минутта, отыз минутта неше градусқа айналады?

Жауап: Жер 24 сағаттың ішінде 36 градусқа айналады. Бір сағатта неше градусқа айналатынын білу үшін 360:24=15, яғни бір сағатта 15градусқа айналады.

Радио арқылы Мәскеудке уақыт 12 деп хабарлағанда 30 градус шығыс бойлықта декреттік уақыт 12 болады да, күн арқылы белгіленген уақыт 11 болады. Мұның мәнісі 1930 жылы маусымның 16 күні КСРО- да уақыт бір сағат алға жылжыды. Сонымен жергілікті уақыт пен декреттік уақыттың айырмасын тағы білдік.

Тағы да мынадай сұрақтар қойылады. Мәскеу уақыты бойынша сағат 12 болғанда 15, 45, 60 шығыс бойлықтарда сағат неше болады?

Жауап: 15. ш. б. - сағат 11, 45. ш. б. - сағат 13, 60. ш. б. - сағат 14.

Себебі әрбір 15 градуста бір сағат айырма жасайды, Мәскеу 30 градус шығыс бойлықта жатыр.

75 градус бойлық алып шығады. (Мәскеу уақытымен есептегенде) Бұдан мынадай қорытынды шығарамыз. Тұрған жерміздің бойлығын уақыттың айырмашылығы арқылы табады. Демек, Мәскеудің (37, 5 градус ш. б. ) не Санкт-Петербургтағы (Ленинградтағы) Пулков меридианының (30. ш. б. ) уақытымен өзіміздің тұрған жеріміздің дәл күн уақытын білуміз керек. Мәскеу уақытын радио арқылы қадағалап білеміз де оны шын күн уақытына айналдырамыз. Осы екі уақыттың айырмасын табу арқылы жергілікті жердің бойлығын анықтаймыз.

Енді жердің талтүстегі дәл күн уақытын табу керек. Ол үшін мектеп жанындағы географиялық алаңда жергілікті меридинның бағытын қалай тапқанымызды еске түсірейік. Енді біз тұрған жеріміздің жергілікті меридианын табуға кірісеміз. Өйткені сол тапқанг жергілікті меридиан арқылы талтүстегі дәл күн уақытын, яғни күннің горизонттан жоғары ең биікке көтерілген кезін, талтүсті оңай біле аламыз.

Тұрған жеріміздің жергілікті меридианын оқушыларға бұрыннан таныс, құрылыс өте қарапайым гномон деген құрал арқылы табамыз (гномон- көлеңке арқылы бағытты көрсететін қазық немесе қада) . Оқушылардың назарын сағатқа аудармау керек, себебі, біздің елімізде күндізгі сағат 12-де түс боып жетпейді (декреттік уақыт бойынша) .

Бұдан әрі жетекші, күннің горизонт үстіндегі биіктігінің күнұзағына өзгеріп отыратындығы туралы оқушылардың біліміне сүйеніп, гномонды қалай бақылау керектігін айтуға тиіс. Гномон биіктігі 1, 5 см болатын қада. Қаданы жіп арқылы тіктеп алып жерге қағады да одан түскен көлеңкеден сәл кішірек етіп айналасына шеңбер сызады. Таңертең қаданың көлеңкесіұзын болады да, ол сызылған шеңберден шығып кетеді.

Күн неғұрлым биікке көтерілген сайын, көлеңке де соғұрлым қысқара береді. Көлеңкенің шеті шеңбердің сызығына дәл келетін мезгілді мұқият байқау керек, сол жерге қазықша қағылады. Күн барған сайн көтеріле береді де қаданың көлеңкесі шеңбердің ішіне кіреді. Демек, біздің жергілікті жеріміздің меридианы осы болып шығады, яғни солтүстікті көрсетеін бағыт. Мұны бағыттарды айыру үшін де қолданады.

Онан кейін қол сағатты радиомен белгілеп алып оны бір сағат кейін шегереміз. Сонда біздің сағатымыз 30- меридианның дәл күн уақытын көрсетіп тұрады. Талтүс жақындаған кезде гномон арқылы көлеңкенің жергілікті меридианға жақындап келе жатқанын байқаймыз. Көлеңке жергілікті меридианға тура түскенде бізде талтүстегі уақытты көрсетеді. Дәл осы кезде сағат бойынша уақытты белгілейміз. Уақыт бұл кезде 11 сағат 12 минутты көрсетті дейік. Бұл тұрған жеріміздің жергілікті талтүстік күн уақыты. Ал мәскеу уақытымен м белгілеп алған сағат 9-ды көрсетіп тұр, айырма сағат 2 сағат 52 минут. Бұдан мынадай қорытынды жасаймыз, бізде талтүс Мәскеуге қарағанда 2 сағат 52 минут бұрын болады. Бір сағатта 15 айырма барын, 4 минутта 1 айырма жасайтынын еске салып градустық шаманы табамыз.

Сонымен жергілікті жердің бойлығын табу үшін Мәскеудің дәл уақытын біліп, оның арасындағы айырманы табамыз. Ол үшін кәдімгі қолсағат пен гномон қажет болды.

Жергілікті дәл уақытты, қолдан оңай жасап алатын күн сағаты арқылы білген анағұрлым жеңіл болады. Күн сағатын пайдаланғанда гномон арқылы талтүстік уақытты қадағалап жатпай-ақ, кез-келген уақытты пайдалана беруге болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұрыптаушы төбешіктің техникалық жабдықтандырылуы
Күш сапасын бақылау
С.М.Соловьевтің тарихшы ретінде қалыптасуы
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Жарылыстың адамға әсері
Чехов әңгімелеріне талдау
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СПОРТҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН АРТТЫРУ
Жұлдызды аспан көрінісінің жыл бойындағы өзгеруі
Уақыт және оның түрлері
Қазақстың тұңғыш ғарышкері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz