Аумағының құрамы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Саяси-өкімшілік картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтаңдар. Тарих пәнінен алған білімдеріңді пайдаланып, Германия мемлекетінің қалыптасу тарихын естеріңе түсіріңдер.

Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Германия Федерациялык Республикасы (ГФР) - Еуропаның батысы мен шығысы тоғысатын орталық бөлігінде орналасқан. Экономикалық-географиялық жағдайының бұл ерекшелігі XX ғасырдың 90-жылдарында Германияның біртұтастығы қалпына келтірілген соң тіпті айқын көріне бастады. Германияның дамыған капиталистік елдер мен табиғат ресурстарына бай, даму болашағы зор Шығыс Еуропа елдері аралығындағы орны, оның экономикалық-географиялық жағдайының ұтымды жағына жатады. Солтүстігінде Балтық және Солтүстік теңіздерімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы әсер етеді. Германия жағалауларында жүк тасымалы жөнінен халықаралық маңызы бар ірі порттар орналасқан.

Германиямен көршілес орналасқан мемлекеттердің басым бөлігі онымен одақтас ретінде НАТО ұйымына енеді, ал Австрия мен Швейцария бейтарап елдерге жатады. Германияның бірігуі, социалистік жүйе мен Варшава шарты ұйымының ыдырауы елдің геосаяси жағдайын елеулі түрде жақсартты.

Аумағының құрамы. Аумағы бойынша Батыс Еуропада бесінші орын алатын Германия мемлекеттік құрылымы жағынан федерациялық республика. ГФР аумағы әкімшілік жағынан әрқайсысының парламенті (ландтаг), конституциясы және үкіметі бар 16 федералдық жерден тұрады. Әр жердегі атқарушы билікті жергілікті премьер-министр жүзеге асырады.

Ел парламенті екі палатадан тұрады: төменгі палата (бундесрат), жоғары палата (бундестаг) жалпы мемлекеттік маңызы бар заңдарды қабылдайды. Құрамында 496 депутат бар парламент 4 жылға сайланады. Федералдық канцлерді бес жыл мерзімге бундестаг пен ландтаг мүшелерінен тұратын Федералдық жиын сайлайды. Германияның ресми астанасы Берлин болғанымен маңызды мемлекеттік органдар, іпетел елшіліктері Бонн қаласында орналасқан. Елдегі маңызды саяси партияларға Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағы жатады.

Атлас карталарын пайдаланйп, Германияның табиғат жағдайының басты ерекшеліктерін анықтаңдар.

Табиғат ресурстары. Батыс Еуропа елдері арасында Германия әсіресе тас көмір қорымен көзге түседі. Тас көмірдің негізгі кен орындары Рур, Саар және Ахен алаптарында орналасқан. Көмірдің 2/3-сі кокстелетіндіктен аса жоғары бағаланады. Қоңыр көмір (Орта Герман, Төменгі Рейн алаптары) ашық әдіспен өндіріледі. Табиғи газдың кен орындары (қоры 385 млрд м 3 ) солтүстікте шоғырланған. Ел аумағында калий тұзы мен құрылыс материалдарының мол қоры бар.

Табиғат қорғау. Германияда табиғат қорғау мәселесіне айрықша көңіл бөлінеді. Мұнда қазіргі заманғы табиғат қорғау өнеркәсібі қалыптасты деуге болады: қоршаған ортаға зиянды әсерді азайту мақсатында ең жаңа технологиялар іске қосылуда. Елдегі 5 мыңға жуық фирма қоршаған ортаны қорғауға арналған техника жасайды. Мысалы, дүниежүзілік саудадағы экологиялық таза технологиялар мен техниканың 18%-ы Германияның үлесіне тиеді. Қала ауқымының артуы қоршаған ортаның ластануына себепші болуда. Соңғы жылдары Рейн өзені мен оның алабындағы экологиялық жағдайды жақсартуға байланысты бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде елде айрықша экологиялық және табиғи-географиялық маңызы бар аумақтарда 12 ұлттық қорық ұйымдастырылған. Бұдан басқа мұнда ЮНЕСКО биосфера корыққорлары ретінде таныған 10-нан астам аумақ бар. ГФР Солтүстік және Балтық теңіздерін қорғау жөніндегі халықаралық конференциялардың жұмысына араласып, олардың шешімдері негізінде әр түрлі шаралар жүргізуде.

Халқы. Германия халқының саны жөнінен Батыс Еуропада бірінші орын алады: мұнда 82, 4 млн халық тұрады. 2005 жылы елде табиғи өсім 1%о-ге тең болды: кейбір жылдары туған балалар саны (орташа 1000 адамға - 9 адамнан) өлгендер санынан (орташа 1000 адамга - 10 адам) кем болады. Соңғы онжылдықта ел халқы репатрианттар есебінен ұдайы толығуда.

Халықтың ұлттық құрамы салыстырмалы түрде біркелкі: 92%-ы немістер, 2, 5%-ы түріктер, 1%-ы югославтар, қалған бөлігін Еуропаның басқа елдерінен келгендер құрайды. Христиан діні мен оның жеке бағыттары (протестанттық, католиктік) басым, сондай-ақ ислам дінінің өкілдері де біршама.

Халқының орташа тығыздығы өте жоғары (1км 2 -ге 229 адам) болғанымен, ел аумағында біркелкі орналаспаған. Халықтың қоныстану тығыздығы шығысқа қарағанда батыста жоғары (2-суретті караңдар) . Кейіннен қосылған шығыс аумақтар ел ауданының 30%-ын кұрағанымен, онда халықтың 20%-ы ғана тұрады. Солтүстік Герман ойпатының шымтезекті батпақтар таралған аудандарында, солтүстік-шығыстағы Мекленбург, Бранденбург жерлерінде, халық сиректеу орналасқан (1 км 2 -ге 50 адамга дейін) . Елдің өнеркәсіпті аудандарында халық тығыздығы 1км 2 -ге 1000 адамнан асады.

Халықтың 86%-ы қалаларда тұрады. Елде ірі калалар көп: тұрғындарының саны 300 мыңнан асатын 19 қала, 100 мыңнан асатын 84 қала бар (картадан елдегі аса ірі қалаларды табыңдар) . Өнеркәсіпті аудандарда ірілі-ұсақты қалалардың тұтасып кетуінен ірі қала агломерациялары пайда болған. Рур өнеркәсіпті ауданы мен оған көршілес аудандар аумағында аса ірі Рейн-Рур агломерациясы қалыптасқан. Оның құрамында жүзге жуық қала (25-і ірі кала) бар, халық саны 11 млн-га жеткен. Еуропадағы басқа ірі агломерациялардан айырмашылығы - мұнда шағын калалар бір ғана алып каланың ("ядро") маңына емес, бірнеше ірі қаланың айналасына шоғырланады. Сондықтан қала агломерацияларының мұндай түрін көп ядролы деп атайды.

Ауыл халқы, негізінен, тұрұындарының саны 2 мыңнан аспайтын елді мекендерде тұрады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайы жоғары болатыны Германияда адамның өмір жасының ұзақтығы ер адамдар үшін 75 жас, әйелдерде 81 жасты құрайды. Елде халыққа медициналық қызмет көрсету жоғары деңгейде: маман дәрігерлер саны 270 мың шамасында, яғни 1 дәрігерге 300 тұрғыннан келеді.

Елдің еңбек ресурстарының экономика салалары бойынша арасалмағы соңғы онжылдықта өзгеріске ұшырады. XX ғасырдың 80-жылдары жұмыс істейтін халықтың 30%-ы материалдық емес сферада жүмыс істесе, қазіргі кезде 50%-ы осы салада еңбек етеді; өнеркәсіп пен құрылыс саласындағылардың үлесі 40%-дан 30%-га дейін қысқарды. Жалдамалы жұмысшылар арасында шетел жұмысшыларының саны артуда. Қазіргі кезде Оңтүстік Еуропа мен Азия елдерінен келгендер саны 8-10%-ды құрап отыр.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1*. Германияның бірігуінің елдің геосаяси жағдайына әсері қалай? 2. Германия аумағындағы халықтың орналасу тығыздығына қандай факторлар әсер етеді? Ел аумағында орналасқан ірі қалаларды тауып, аттарын дәптерлеріңе жазыңдар. 3*. Елдің табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылық құрылымы мен дамуына қалай әсер етеді? Жауаптарыңды нақты мысалдармен дәлелдеңдер.

ПГ Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, "Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары" -' деген тақырыпқа хабарлама дайындаңдар.

§ 5. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары

Өнеркәсібі. Германия - экономикасының қуаттылығы жөнінен дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Аса зор экономикалық жөне ғылыми-техникалық мүмкіндіктерге ие ГФР өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен АҚІП пен Жапониядан кейінгі үшінші орынды алады. Елдегі жалпы жиынтық өнімнің 33%-ы өнеркәсіп үлесіне тиеді. Өнеркәсібінің қазіргі дамуы мынадай белгілермен сипатталады: жергілікті шикізат негізінде қалыптасқан маманданған салалардың құрылымдық өзгерістер мен жаңа технологиялық жетістіктер енгізу нәтижесінде

күшті дамуы; ғылымды көп қажет ететін әрі экспортқа бағытталған жаңа салалардың пайда болуы; өнеркәсіп өндірісінде ірі монополияның үстемдігі.

Елдегі аса маңызды өнеркәсіп орталықтарына Франкфурт, Мюнхен, Эссен, Нюрнберг, Гамбург, Дортмунд жатады. елдің ішкергі бөлігіндегі Рур және Саар аудандарында шоғырланған. Болат балқытудан Германия дүние жүзіндегі алғашқы "бестікке" енеді (қосымшадағы 6-кестені қараңдар) . Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде ГФР мошина жасау өнеркәсібімен көзге түседі. Металды көп қажет ететін машина жасау кәсіпорындары қара металлургия орталығы саналатын Рур ауданына жақын орналасқан (5-сурётті қараңдар) .

Ал дәл машина мен прибор жасау, радиоэлектроника кәсіпорындарының орналасуы кәсіптік шеберлігі жоғары еңбек ресурстарына бағдарланған. Машина жасау саласындағы басты монополиялық концерндер қатарына "Даймлер-Крайслер" ("Мерседес" автомобильдері мен аэроғарыштың техника өндірісі), "Фольксваген", "БМВ" (автомобиль жасау), "Сименс" (электроника, электр техникасын жасау), "Дойче телеком" (ақпарат тарату техникасы), "Бош" (электр техникасын жасау) жатады. Жеңіл автомобиль жасаудан Германия дүние жүзінде Жапония, АҚШ-тан кейін үшінші орынды алады. Елдің автомобиль фирмалары жылына 5, 5 млн жеңіл, 0, 3 млн арнайы және жүк автомобильдерін шығарады.

Автомобиль зауыттары, негізінен, Вольфсбург маңына шоғырланған. Бұл қаланы АҢШ-тағы Детройт тәрізді "автомобиль астанасы" деп те атайды (6-суретті караңдар) .

Германия жеңіл автомобильдерін қазақстандықтар жиі сатып алады, 2004 жылы олар елдегі шетелдік жеңіл көліктердің 30%-дан астамын қүрады. Кеме жасау да дәстүрлі өнеркөсіп салаларының бірі. Кеме жасаудан (жүк сыйым-дылыгы бойынша) ел Жапония, Корея Республикасынан кейін үшінші орын алады. Оның үлесіне дүние жүзі бойынша жасалатын кеменің 5, 4% -ы тиесілі.

Машина жасау өнеркәсібі-ғылым мен техника жетістіктері ең көп енгізілетін салалардың бірі. Германияда гылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жүмыстарына жылдьщ жалпы өнімнің 2, 5%-ы жүмсалады. Әсіресе ақпараттык технологиялар мен электроника өндірісінде үлкен жетістіктер бар. 2002 жылдан бастап "Басф" концернінің дүние жүзіне белгілі аудио, видео және компьютерлік ақпарат сақтау күралдары "Эмтек" маркасымен шыгарылатын болды. Химия өнеркәсібініц кушпгі дамуына байланыстыГерманияны "химиялық держава" деп те атайды. Алуан түрлі өнім шыгаратын бүл салада "Байер", "Хехст" фирмалары көзге түседі.

Ауыл шаруашылығы. Ел аумагының жартысына жуығын (36 млн га) ауыл шаруашылыгы жері алып жатыр. Сондықтан Германияның шаруашылық қүрылымында жогары өнім беретін қазіргі замангы ауыл шаруашылығының да маңызы зор. Ауыл шаруашылыгы азық-түлік сұранысының 93%-ын камтамасыз етіп, жергілікті өндіріс есебінен канагаттандырады.

Аса жогары сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етумен қатар, ауыл шаруашылыгы бүл елде тагы бір маңызды қызметті атқарады. Ауыл шаруа-шылығы казіргі индустриялық қоғамда шагын елді мекендердің экономикалық дамуының кепілі ретінде мәдени ландшафтыны сақтап қалуға себепші болды. Елдің ауыл шаруашылыгын дамытуға қатысты шешімдері ЕО деңгейінде қабылданады. Дегенмен ауыл шаруашылыгының қүрылымына қатысты және табигат жағдайлары қолайсыз аудандарда фермерлік шаруашылықтарды дамытуга қаржы бөлу туралы мәселені Германияның жекелей шешуге өкілеттігі бар.

Ауыл шаруашылыгы құрылымында мал шаруашылыеы жетекші орын алады: оның үлесіне салада өндірілетін жалпы өнімнің 4/5 бөлігі тиесілі. Ірі кара мен шошка саны едәуір; олар мал шаруашылыгының сүт және ет багытында мамандануына себепші болады (қосымшадагы 7-кестені қараңдар) . Мал шаруашылығын үйымдастыруда елдің батысы мен шыгысы айырмашылық жасайды. Батыс бөлікте мал басы аз болатын шаруашылықтар басым: сүтті малдың 70%-ға жуығы мал басы 40-тан аспайтын шағын фермаларда, ал шошқаның 80%-дан астамы мал басы 600-ден аспайтын шаруашылықтарда күтіп-багылады. Шыгыс Германияның социалистік даму кезеңінде ірі ауыл шаруашылық өндіріс кооперативтері басым болған. Германияның бірігуінен кейін ауыл шаруашылығын қайта жекешелендіру жүрді. Нәтижесінде шағын шаруашылыктар саны көбейгенімен, орта және ірі шаруашылықтар басымдылыгын сақтап қалды.

Өсімдік шаруашылыгындагы басты дақылдар - бидай, қарабидай, арпа мен сүлы, қант қызылшасы. Германия егістіктерінен бидайдың мол өнімі жиналады.

Ііидай түсімі бойынша (69 ц/га) Германия дүние жүзіндеп жетекші елдер катарына жатады (Қазакстанда бұл көрсеткіш 11 ц/га) . Бавария дүние жүзшдегі аса ірі құлмак өсіру ауданы больш табылады. Жүзіадіктер Жоғары Реин, Мозель, I [еккар мен Майн аңгарларында орналаскан. Жаздык арпаның кейбір сорттары оыра өндірісі үшін арнайы өсіріледі. Баварияда жыл сайын казан аиында сыра мейрамы өткізіледі. .

Көлік жүйесі. Автомобиль - ел тұргындарының басты көлік құралы. Іас жолдардын жалпы ұзындығы 481 мьщ км. Елде автомобиль көліпнщ саны өте . сөп, өр шаршы км-ге 100 жеңіл автокөліктен келеді. Темір жолдар мемлекеттщ менішгі болып табылады. Олардың жалпы ұзындыіы 45 мьщ км, І/З-І әлектрлен-

Дф1 сГ ^көлігі жүйесі өзен жөне теңіз көлігінен түрады. Рейн езенінің үлесіне глдегі ішкі су жолдары аркылы тасымалданатын жүктің 2/3 бөлігі тиесілі. Солтүстік жөне Балтык тевдздерінің арасын жалгастыратын Киль каналының халыкаралык маңызы бар. Бүл канал арқылы Батыс және Шыгыс Еуропа елдері тшсындагы су жолы қатынасы жүзеге асьфылады. Теңіз көлігі катынасында (:олтүстік теңіз жагалауындағы аса ірі Гамбург, Бремен, Вилыельмсхафен жөне Палтык теңізі бойындагы Любек, Росток порттарының маңызы өте зор. Ьлдщ сяуда флоты 800-ге жуык кемеден түрады.

Еуропаның орталык бөлігіндегі орнына сәйкес, елде әуе жолы катынасы халыкаральщ маңызға ие болады. Орта есеппен жылына Германия өуежаилары аркылы 100 млн-ға жуык жолаушы, 2, 5 млн т жүк тасымалданады. Непзп „виакомпания - "Люфтганза", оның кұрамында 200-ден астам казірп замашы „айнерлер бар. Бұдан басқа елде "Кондор", "Аэроплойд" және т. б. шағын компаниялар жүмыс істейді. Ірі өуежайлар барлык ірі калаларда бар, олардың 16-сы халыкаралык вуе катьшасын жүзеге асырады. Өсіресе жылына 48, 5 млн жолаушы тасымалданатын Майндағы Франкфурт каласындағы әуежаидың халыкаралык маңызы зор (косымшадағы 8-кестені қараңдар) .

Сыртқы экономикалық байланыстары. Туризм. Ел сыртқы экономикалык

байланыстарды дамытуға айрыкша көңіл бөледі, сондыктан бүл саладагы үкімет

саясаты дүниежүзілік экономикалык ынтымактастыкка жөне халыкаралық

«. ңбек бөлінісін тереңдетуге багытталған. Германияда басқа ЕО елдершдеп

сиякты еуро айналымга түскен. Дюссельдорф жөне Майндағы Франкфурт аса

ірі халыкаралык каржы ортальщтары болып табылады. Сырткы экономикалық

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Топырақ қабаты
Қызылорда облысының физикалық-географиялық орнына сипаттама беру
ТМД Елдері
Турбуленттіліктің бастапқы деңгейінің әсерін сандық зерттеу
Қазақстанның топырақ жамылғысы
Солтүстік Қызылқұм шөлі аумағының геоэкологиялық жағдайы
Елді мекен аумақтарын есептеу
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Елді мекендердің жерлері
Алматы облысындағы шағын елді-мекенді жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz