Көкірек клеткасының бұлшық еттері
БҰЛШЫҢ ЕТТЕР ТУРАЛЫ ІЛІМ
Жалпы түсінік. Бұлшық еттер қимыл қызметтерін атқаратын аппарат болып
саналады. Дененің сыртқы орталықта қимылдауы, оған бейімделуі, бір-бірімен
қарым-қатынас жасауы да осы бұлшық еттердің жұмысының нәтижесінде жүріп
отырады.
Бұлшық еттің жұмысы оның жиырылғыштық қасиетіне байланысты. Жиырылу
нәтижесінде организмде бірнеше күрделі өзгерістер (жылу бөлінуі, қан
құрамының өзгеруі т. б.) пайда болады. Бұлшық ет жұмысы (жиырылуы, босаңсуы
қатаюы т. б.) нерв жүйесімен реттеліп отырады.. Егер бұлшық еттер жиырылған
кезде дене не оның бір мүше бір орыннан екінші орынға
- қозғалса, оны динамикалық, ал егер қозғалмаса (қатайып орнында қалса)
статикалық жұмыс деп атайды. Дененің бұлшық еттері өзінің пішініне қарай
әр түрлі қызмет атқарады. Олардың күші көлденең қимасына,
яғни ет талшықтарының санына, олардың қалыңдығына байланысты өтеді.
Адамның еттері бірыңғай салалы және көлденең жолақты ет
тканьдерінен түзілген. Бірыңғай салалы ет ткані эволюциялық шығу тарихына
қарағанда өте ерте пайда болған. Себебі, олар төменгі сатыдағы жануарларда
да көп кездеседі. Жануарлардың ортаға бейімделу процесіне, қимыл
әрекеттеріне байланысты бірыңғай салалы ет ткані біртіндеп көлденең жолақты
ет тканіне ауысады да, көлденең жолақты ет ткані дами бастайды. Бірыңғай
салалы ет тканьдері адамның ішкі,оргаңдарында тамырларының және терінің
құрамында ғана қездеседі. Бұл ткань жалпы еріксіз жиырылып, ішкі
органдардың толқынды қимылын, қан тамырларының кеңейіп тарылуын қамтамасыз
етеді. Бүкіл дене бұлшық еттері көлденең жолақты ет тканінен түзілген.
Бұлардың бірыңғай салалы ет тканінен айырмашылығы ерікті жиырыла алады.
Мүшенің орталықтағы қимылы, дененің теңдік сақтап, тік тұруы, жүруі,
жүгіруі т. б. қимыл қозғалыстары осы ерікті жиырылатын көлденең жолақты ет
тканінің қызметіне байланысты. Осымен қатар тыныс алу, сөйлеу, құрсақ
еттерін қатайтып, тік ішек пен қуықты босату, босану, жөтелу т. б.
физиологиялық процестер де осы ет тканінің жиырылу, қатаюі нәтижесінде
жүріп жатады.
Бұлшық еттердің құрылысы. Жалпы адам денесінде 600-ден аса бұлшық ет
болады. Олардың көбі жұп болып келеді. Бұлшық ет майда миофибрилдерден
(етталшықтары) түзілген. Олардың әрқайсысының шеттерінде шашыранды
ядросы мен сыртын қаптап жатқан сарколемма деген қабықшасы
болады.Миофибрилдербір-бірімен бірігіп, дәнекер тканімен қапталған ет
будаларын түзеді.Бұл будалар өзара бірігіп, жеке жиырыла алатын бұлшық ет
бөліктерін құрайды. Олардың әрқайсысы дәнекер тканінен тұратын кілегей
қабықшасымен қапталып жатады.
Бұлшық еттердің түсі атқаратын қызметіне қарай күрең қызғылт, ашық
қызғылт болады. Егер ет көп жұмыс істейтін болса, қанның көп келуі
нәтижесінде күрең қызыл, ал аз жұмыс істесе ашықтау келеді. Адам жасы өскен
сайын бұлшық еттері де, түсі де өзгере бастайды. Осыған байланысты жаңа
туған нәрестеде ашық қызыл, ал жасы өскен сайын күрең қызыл бола бастайды.
Бұлшық еттердің толық келген жерін денесі десе, ал екі шетін ет сіңірі деп
атайды. Ет сіңірлері арқылы бұлшық еттер бір сүйектен басталып, екінші
сүйекке тіркеледі. Сол себептен оның бір сіңірлі басын басталар жері десе,
екінщі сіңір бөлігін аяқталар жері дейді. Осы басталар жерінен аяқталар
жеріне жеткенше бұлшық еттер міндетті түрде бір, не бірнеше буындардан
аттайды.Ет жиырылған кезде сол буынды не бүгіп, не жазып мүшені қимылға
келтіреді.
Бұлшық еттердің пішіні әр түрлі, өйткені олардың ет талшықтарының бағыты
атқаратын қызметіне байланысты. Жалпы оларды ұзын, қысқа, жалпақ еттер деп
үш түрге бөледі.
Дене еттері қол-аяқ еттеріне қарағанда жалпақ, жұқа болып келеді де,
дененің бірталай жерін жауып жатады. Ал қол-аяқ еттерінің керісінше ұзынша
келеді. Олар бірнеше буындардан аттап өтеді. Ұзын еттердің жоғарғы сіңірін
басталар жері десе, төменгі сіңірін тіркелер бөлігі деп атайды. Қысқа
салалы еттер омыртқа жотасының бойында, қол-аяқ басында терең орналасқан.
Ал жалпақ еттерді көбінесе денеңің арқа, құрсақ, көкірек бөліктерінде
кездестіреміз. Мысалы, арқайың жалпақ еті, кеуденің үлкен еті, құрсақтың
қиғаш еттері. Жалпақ еттердің ет сіңірлері өздеріне тән жалпақ, жұқа
келеді. Сол себептен оларды ет шандырлары деп атайды. Сақиналы еттер
дененің табиғи тесіктерінен айнала орналасқан. Мысалы, көз, ауыз, қуық,
тікішек тесіктерін жиектеп қоршап жатады. Осы сақиналы еттердің ет
талшықтарының жиырылуы нәтижесінде сол тесіктер тарылып тұрады. Кейде
бұлшық еттер сіңірлері бірнеше бөліктерден түзілуі мүмкін, ондай жағдайда
оларды қосбасты, үшбасты, төртбасты еттер дейді.
Бұлшық еттердің жоғарыда айтылған негізгі құрылысынан да басқа қосымша
құрылыстары да болады. Бұған кілегейлі қалталар, кілегейлі қынаптар,
қатпарлар, сесам сүйектері, ет шандыры жатады. Бұлар бұлшық еттердің
қалыпты жұмыс істеуіне көмектесіп отырады. Еттердің шаңдырлы жапқыштары
(фасциялары) жалпы және меншікті болып екіге бөлінеді. Олар тығыз талшықты
дәнекер тканінен түзілген. Шандыр жапқыштар жеке еті немесе еттер тобын
(бүгетің, жазатын) және дененің ет бөліктерін (иық, сан, балтыр, білек
еттерін) қаптап қоршап жатады. Егер шандырлы жапқыш жеке еттің өзін қоршап
жатса,оны меншікті шандыр жапқыш дейді. Ал еттерді тобымен қаптаса жалпы
жапқыш деп атайды. Олар бұлшық ет аралығымен сүйек қабығына дейін барып
перделер түзіп; еттердің әрбір тобын бір-бі-рінен ажыратып тұрады. Осының
нәтижесінде бұлшық еттер жұмыс істегенде орын ауыстырмай бір жағдайда
бекемделіп, қалыптасып жатуына себеп болады. Бұл перделерге кейде ет
сіңірлері де тіркелуі мүмкін. Қорыта айтканда шандырлы ет жапқыштары
корғаныштық қасиетімен бірге тіректік те кызмет атқарады.
Ет сіңірлерінің сүйектен басталар жерінде ылғалды келген кілегейлі қалталар
орналасады. Осы кілегейлі қалталар ішіндегі кілегейлі ылғал ет пен сүйектің
бір-біріне үйкеліспеуіне себеп болады. Бұл қалталар жас нәрестеде туғаннан
кейін пайда болып, есейген сайын ұлғайып қуысы кеңейіп кілегейлі қынаптарға
айналады. Оларға ет сіңірлерін бірктіріп, сыртынан қаптап жат-қан қапшықтар
да жатады. Бұлардың ішінде де калталар ішіндегідей кілегейлі (синовия)
ылғалы болады. Ол ет сіңірлерінің сыртын ылғалдап, үйкелісін азайтады.Бұлар
әсіресе, қол-аяқ еттерінің басталар жерінде көбірек кездеседі.
Сесам сүйектері көбінесе ет пен буын сіңірлерінің арасында кездеседі. Олар
жалпы тіректік маңызымен қатар бекемдік те береді.
Шығыршық деп шеміршекпен қапталған ойық келген сүйек бетін айтады. Ол
кебінесе сіңір өтетін сүйек басына жақын орналасады.
Бұлшық еттердің жұмысы. Бұлшық еттердің жұмысы жиырылу қасиетіне
байланысты болып келеді. Олар жиырылған кезде ет талшықтары
қысқаруымен қатар жуандайды. Жалпы дене белгілі бір қимыл жасағанда бірнеше
бұлшық еттер қатысады. Олардың жұмыс әрекеттері әр түрлі келеді. Еттер
атқаратын қызметіне қарай (бір уақытта бірыңғай жұмыс атқаратын
еттер) синергистер, (бір-біріне қарама-қарсы жұмыс атқаратын еттер)
антогонистер, (бір қалыпта қимылсыз қатайтып ұстайтын еттер)
фиксаторлар, деп үш топқа бөлінеді. Мысалы,синергистер тобына білектің
алдыңғы бетіндегі қол басы мен саусақтарды бүгетін еттер жатады.
Антогонистерге білектің артқы бетіндегі қол басы мен саусақтарды жазатын
еттер жатады.Егер синергистер мен антогонистер бір уақытта жиырылып жұмыс
істесе, дененің сол бөлігін бір күйде қимылсыз қатайтып тұрады. Бұл
жағдайда ол еттер қатайтушы фиксатор тобы болып саналады.
Әрбір бұлшық ет буын арқылы белгілі бір қимыл атқарады.
Қимылдың түрі еттің буыннан қалай өтуіне байланысты болып келеді. Егер ет
буынның көлденең білігінің алдыңғы не артқы жағынан өтсе, онда бүгу не
жазу қимылдары жүреді. Ал, егер ет сагитальды біліктің сырт жағынан өтсе,
сыртқа тарту, ал іш жағынан өтсе ішке тарту қимылдарын қамтамасыз етеді.
Бұлшық ет тік біліктің алдыңғы жағынан киғаш өтсе ішке айнал-
дыру, ал сырт жағынан қиғаш өтсе сыртқа айналдыру қимылдары орындалады.
Бұлшық еттерді бір буынды немесе көп буынды еттер деп бөледі. Егер ет бір
буыннан аттаса бір буынды, ал екі не одан да көп
буындардан аттаса екі буынды не көп буынды еттер
деп атайды. Мұндай бұлшық еттер мүшенің көрші бөлініп ғана емес, оған
жалғаса жатқан буынды бөліктерінде қабат қимылға келтіреді. Бұлшық еттердің
жұмысына әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Әсіресе пішіні керісінше ұзынша
келеді. десе, оның жиырылу күші қозу дәрежесіне тікелей қатысты, тәуелді
болады, ал қозу дәрежесі организмнің жалпы жағдайына, қоректенуіне,
күштілігіне т. б. жағ-дайларға байланысты.
Орыстың атақты анатомы П. Ф. Лесгафт (1880) көлденең жолақты бұлшық
еттердің қызметін зерттеп, оларды статикалық (тік ұстау) және динамикалық
(қимылдау) жұмыстарына бөлінетінін анықтаған.
Статикалық бұлшық еттер өте күшті болғандықтан талшықтары ірілеу, өздері
қысқа, қиғаш орналасқан, қан тамырларына бай, түсі күрең қызыл болып келеді
және жиырылу жылдамдығы баяу, тез шаршамайды. Бұл еттер дененің алға тарту
салмақ күшіне кері әсер етуінің нәтижесінде дененің тік тұруына әсер етеді.
Динамикалық бұлшық еттер ұзын талшықты, беку беттері кең емес, қан
тамырлары аз бөлады. Сондықтан түстері ашық қызыл. Бұл еттер статикалық
еттерге қарағанда тез жиырылып, тез шаршайды. Бірақ кем болғанымен, алуан
түрлі күрделі қимылдар жасайды.
Бұлшық еттер жұмысы адамның жалпы тіршілік етуіне өте қажет. Сол себептен
дене еттерін күнделікті шынықтыру, қимыл қызметіне жаттықтыру жалпы
организмнің қабілетінің артуына күшті әсер етеді.
Адам денесіндегі бұлшық еттерді орналасу жағдайына қарай тұлға, мойын, қол-
аяқ еттері деп жіктейді. Тұлға еттерін терең және беткей еттер деп екі
топқа бөледі. Тұлғаның терең меншікті еттері дене сүйектеріне жапсарлана
жатып, қозғалысқа келтіреді. Беткей еттері . тері астында орналасып,
дененің арқа және көкірек бөліктерін ала жатады. Олардың көбі тоқпан
жілікке тіркесіп жалпы қолды қимылға келтіріп отырады.
Бастың еттерін шайнау және ымдау еттері деп екіге бөліп қарастырады.
Қол-аяқ еттерін де жатқан жағдайларына қарай- иық, жамбас және еркін
қимылды қол-аяқ еттері деп бөледі.
ТҰЛҒАНЫҢ БҰЛШЫҚ ЕТТЕРІ
№ 7 жұмыс
Т а қ ы р ы б ы: Көкірек клеткасы мен құрсақ бұлшык еттері.
Жұмыстың жоспары: 1. Әрбір еттің құрылысын, қай сүйектен басталып, қай
сүйекке тіркелу жағдайын білгеннен кейін қандай жұмыс атқаратынын анықтау.
2. Жалпы көкірек клеткасының еттері мен құрсақ1 еттерінің тыныс алу т.
б.физиологиялық процестердің өтуіне тигізетін әсерін зерттеу. Жұмысқа
керек жабдықтар: Адам қаңқасы. Көкірек еттері мен құрсақ еттерін
көрсететін муляждар мен тсрстар. Тыныс алу еттерінің муляждері.
Атыластар мен таблицалар:Көкірек клеткасының бұлшық еттері, Құрсақ
еттері.
Көкірек клеткасының бұлшық еттері. Көкірек клеткасының бұлшық ет
тері дененің алдыңғы бөлігінде қабырғаларды жаба жатады. Олардың жоғарғы
шекарасы мойынмен шектелсе төменгі жағы соңғы қабырғалар жиегі мен төстің
семсер өсіндісі болып саналады, Тұлға еттері арқа, көкірек және құрсақ
бұлшық еттері деп бөлінеді.
"
Қөкірек бұлшық еттері арқа еттері тәрізді теріасты және меншікті еттер
болып екіге бөлінеді. Беткей еттері жиырылған кезде қол сүйектерін қимылға
келтіріп отырады. Бұл еттерге көкіректің үлкен және кіші еттері, бұғанасты
және алдыңғы тісті еттер жатады.
1. Көкіректің үлкен еті (большая грудная мышца)— бұғанадан, төстен төменгі
(V—VI) қабырғалар шеміршектерінен басталып ет талшықтары сүйірлене сіңірге
айналады да, тоқпан жіліктің үлкен төмпешіктеріне бекиді. Бұл ет жиырылған
кезде иық белдеуін, қолды алға қарап тартып ішке айналдырады (пронацио).
2. Қөкіректің кіші еті (малая грудная мышца)— кекіректің үлкен етінің
астында орналасқан. Ол жоғарғы (II—V) қабырғалардың алдыңғы бетінен
басталып жауырынның құс тұмсық өсіндісіне бекиді. Жиырылған кезде жауырынды
темен және алға қарай тартады. Егер басқа еттер жиырылуы нәтижесінде
жауырын қимылсыз тұрса, онда қабырғаларды көтеріп тыныс алуға көмектеседі
(27-сурет).
3. Алдыңғы ирскті ет (псрсдияя зубчатая мишца) — көкірек клеткасының бүйір
бөлігінде жатады. Бұл етті жоғарғы жағынан үлкен көкірек еті жауып түрады.
Ол VIII—IX тіс тәрізді бөліктер мен қабырғалардың сырт бетінен басталып,
жауырынның астына өтіп, оның ішкі қыры мен төменгі бүрышына бекиді. Бұл ет
жиырылған кезде жауырынды төмен және сыртқа қарай тартады. Көкірек
клеткасының терең жатқаң меншікті еттері не сүйекке таяу жатқан еттер
жатады. Олар қабырғ аларды қимылға келтіріп көкірек клеткасын кеңейтіп
тыныс алу процесін жүргізеді. Бұл еттер тобына сыртқы [қабырғааралық, ішкі
қабырғааралық және көкіректің көлденең еттері, диафрагма жатады
. 4. Сыртқы қабырға аралық еттер (наружные межре-ферные мышцы)— ет
талшықтары қысқа келеді. Олар жоғарыдан төмен қарай қисық орналасып омыртқа
жотасынан қабырға шеміршектеріне дейін созыла жатады. Бұл еттер жиырылған
кезде қабырғаларды көтеріп көбірек клеткасының кеңеюіне, Дем алуға .жәрдем
етеді. Сондықтан ет тыныс алу процесінде негізгі қызмет атқарады.
. 5. Ішкі цабырғааралық еттер (внутренние межреберные мышцы)— сыртқы
қабырғааралық еттердің іш жанында орналасқан. Ет талшықтары қарама-қарсы
төменнен жоғары қарай қиғаш жатады. Олар жиырылған .қабырғаларды төме,н
түсіріп көкірек клеткасының көлемін кішірейтіп тыныс шығаруға көмек етеді.
6. Қөкіректің көлденең еті (поперечная мышца груди)—төстің ішкі бетіне
жабыса жатады. Пішіні желпуіш тәрізді жұқ-а келгең ет. Төстің семсер
өсіндісімен қабыралардың ішкі бетіне барып тіркеледі. Жиырылған кезде тыныс
шығаруға қатысады. Осы айтылған еттер тыныс алу процесіне қатысуымён бірге
қабаттаса орналасру нәтижесінде көкірек сүйектерінің берік болуына да
жағдай жасайды.
7. Диафрагма — көкірек қуысын құрсақ куысынан өліп тұрған көк ет.
Бүл ет ұрықтың даму дәуірінде мойын миоуомынан көкірек органдарымен
бірге мойын рөлігінде пайда болады. Сол органдардың өсіп, дамып,
Ылемдерінің ұлғаіоы нәтижесінде диафрагма төмен қалай ығысып үш айлығында
өзінің кемелді орнына келеді. Сондықтан да ол мойын өрімінен алатын
нервтерін де төмен тарта кетеді. Диафрагма перделеніп жатқан жұқа, салпақ
ет. Ол көкірек қуысының төменгі, құрсақ қуысы-іың жоғарғы
қабырғасын'түзеді. Шсті ет талшықтарынан тұрады. Шандырлы келген орта жері
жоғары қарай күмбездене жатады. Күмбездің үстіңгі жағында жүрек
орналасқан. Ет талшықтарының шеті көкірек клсткасының төменгі жиегіне
бекиді. Диафрагманың арт жақ бөлігі арқылы өңеш, қолқа, төменгі қуыс
венасы, лимфа жолдары мен нерв талшықтары өтеді. Диафрагманың ет алшықтары
жиырылған кезде күмбезі төмен түсіп, көкірек қуысының көлемін ұзынынан
ұлғайтып тыныс алуға өмектеседі. Ал ет талшықтары босаған кезде күмбезі
керісінше көтеріліп, көкірек қуысын кішірейтіп тынысты шығаруға
жәрдемдеседі. Атқаратын негізінен қызметі тыныс алу процесі болып табылады.
Көкірек клеткасының шандырлы фасцияларына меншікті және ішкі көкірек
шандырлары жатады. Меншікті кекірек шандырларына қол қимылына қатысы бар
еттерді жауып жататын шандыряар жатады. Олар төменгі жағынан қрсақ
шандырына жалғасады. Ішкі көкірек щандырлары кө-кірек қуысының ішкі
қабырғасын астарлап жатады. Құрсақтың бұлшық еттері. Адамның құрсақ
бөлігі төменгі қабырғалар жиегінен басталып, жамбас сүйегінің мықын
қырына дейін созылады. Құрсақ еттері жатқан жағдайларына қарай алдыңғы,
екі бүйір және артқы құрсақ еттері бо-
лып бөлінеді.. Алдыңғы құрсақ еттеріне — тік және пирамидалық еттер, бүйір
еттеріне — сыртқы, ішкі қиғаш еттері м.ен көлденең құрсақ еті; ал артқы
(бел бөлігіндегі) еттерге белдің шаршы еті .жатады (28-сурет).
1. Құрсақтың тік еті (прямая мышца живота)—төменгі (V—VI—VII) қабырға
шеміршеқтері мен төстің семсер өсіндісінен басталып төмен қарай тік түсіп,
шат сүйектсрінің қосылысар жсріпс бскиді. Бұл ет көлдсиси сіңірлермен 3—4
ет бөліктеріне бөлінеді де қүрсақтың қиғаш еттерінің апонервоздарынан пайда
болған шандырлы қынап ішінде жатады. Бұл ет жиырылған кезде денені алға
иеді, құрсақ қуысының қысымын күшейтіп, ішкі сарайлы органдардың өз
орындарына қалыптасуымен бірге т. б. физиологиялық маңызды жүмыстар атқа-
рады.
2. Пирамидалық ет (пирамидальная мышца)—қалдық еттерге жатады.Шат
сүйегінен басталып орталық ақ сызыкка бекиді. Бұл төменгі сүтқоректілердің
қалталы бұлшық қалдығы болып саналады. Қызметі жағынан бұл тік етке Ц
ұқсас және құрсақтың ақ сызығын кіреді.
3 Құрсақтың сыртқы қиғаш еті (наружная косая мышца живота) төменгі
қабырдың сырт жағынан басталыл, ет талшыктары жоғарыдан төмен қарай бағыт
алып мықын сүйегінің қырына бекиді. Бұл ет алдыңғы
жағынада тік еттін қынабын құрайтын жалпақ шандырға (апоневрозға)
ауысады. Ол құрсатың ортасында екінші жағындағы ет шандырымен байланысып
ақ сызықты түзуе катысады. Шандырдың төменг жағы қалыңдап, қабатталып,
мықын сүегінің алдыңғы жоғарғы өсіндісінен шат дөңесіне дейін созылып
жатқа шат сіңірін түзеді. Бұл ет екі жақты жиырылған кезде, көкірек
клеткасын төмен тартып денені июға, ал бір жағынан жиырылғанда тұлғаны
қарама-қарсы жағына бұруға көмектеседі және жалпы кұрсақтың етіне тән
құрсақ қысымын ұлғайтуға катысады.
4. Құрсақтың ішкі қиғаш еті внутренняя коая мышца живота – сыртқы қиғаш
еттің астында жатады.Бұл ет бел-арқа шандырынан, мықын сүйеігінің
жиегінен және шат сіңірінен басталып, төменнен жоғары қарай қиғаш
бағытталып, бір бөлігі төменгі қабырғаларға бекиді. Алдыңғы жақ бөлігі ума
қалтасының құрамына еніп, аталық безді қоршап оны көтеріп тұрады.
5. Құрсақтың көлденең еті поперечная мышца живота – төменгі
қабырғалардан,бел-арқа шандырынан,мықын сүйегінің жиегінен және шат
сіңірінен басталып,алдыңғы жағында тік ет кынабы мен ақ сызық шандырлы
апоневрозға ауысады.Бұл ет құрсақтың
бүйір қабырғасының үшінші қабатын жасап жатады.
Қызметі: кұрсақ қысымын ұлғайту, ішкі органдарды қалыптастырып ішектерді
босату дем шығаруға қатысу.
Белдің шаршы еті (Квадратная мышца поясницы)-мықын сүйегінің жиегінен
басталып бел омыртқаның көлденең өсінділері мен төменгі қабырғаларға
бекиді.Бұл ет құрсақтын артқы қабырғасын түзеді.Мұның екі жағы бірдей
жиырылса, төменгі қабырғаны төмен тартады.
Бір жағынан жиырылса омыртқа жотасының бел бөлімін өз жағына қарай иеді.
Құрсақ еттері әр түрлі жұмыс атқарады. Олар құрсақ қуысының қабырғасын
құраумен бірге ішкі органдарды өз орындарына ұстап тұрады және іш қысымын
ұлғайтып, зәр шығару, құсу, жөтелу, шашалу, дем алу, босану және омыртқа
жотасын алға ию процестеріне де қатысады.
Кіші жамбас астауының түбіндегі аралық бұлшық еттері адамдарда өзгерген, ал
жануарларда құйрық т. б. бұлшық еттері болып табылады. Ол анал тесік пен
зәр шығару каналының қысқыштарын түзуге де қатысады.
Құрсақта негізінде төрт шандырды жапқыш болады. Олар — беткей, екі меншікті
және ішкі шандырлар. Беткей шандырлар құрсақтың төменгі жағында тері
астында жатады. Меншікті шандырлар үш жапырақшадан түзілген. Беткей
жапырақшасы құрсақтың қиғаш еттерінің аралығында орналасқан, ал терең
жапырақшасы — құрсақтың ішкі қиғаш және көлденең еттерінің аралығында
орналасқан. Соңғысы басқаларға қарағанда қалың келеді. Бұл шандыр құрсақтың
тік етінің қынабының ішкі қабырғасын және шат каналын құрауға қатысады.
Шат каналы (паховый канал)— құрсақтың төменгі шат бөлігінде орналасқан
ұзындығы4—5 см саңылау кеңістік. Шат сіңірінің қабатында жатады. Шат
каналының төрт(төменгі, жоғарғы, ішкі, сыртқы) қабырғасы, екі (ішкі,
сыртқы) тесігі болады. Оның төменгі жағы шат сіңірінен, жоғарғы жағы
құрсақтың ішкі қиғаш етінен, алдыңғы жағы іштің көлденең шандырынан тұ-
рады. Сыртқы тесігі шат сүйегінің жоғарғы жағында орналасқан. Ол құрсақтың
сыртқы қиғаш етінің шандырының ажырауынан пайда болады. Ішкі тесігі құрсақ
қуысында шат сіңірінің үстінде орналасқан.
Ер адамдарда шат каналы- шаует бауы, ал әйелдерде жатырдың жұмыр сіңір
байламы өтеді. Кейде осы аймақтың осалдығына байланысты шат жарығы пайда
болуы да мүмкін.
Кұрсақтың ет талшықтарының өзара айқасуының нәтижесінде құрсақ
қабырғасының беріктігі артады. Оның кейбір жерлері, яғни шат каналының,
кіндік аймағының және іштің ақ сызығының тұстары осал келеді. Себебі, ет
талшықтарының ыдырауы нәтижесінде жарык пайда болуы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz