Оқытудың ақпараттық және бейнекомпьютерлік орталары


Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ішінде оқуды технологиялардыру элементтері бар ақпараттық - пәндік орта теориясының негізгі ережелері
2. Сабақтарда қолданылатын қазіргі заманғы электрондық - коммуникативтік орталардың жіктелуі
3. Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі міндеттері
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Бүгінгі таңда болашақ қызметіндегі негізгі мәселелерді ақпараттық технологиялар көмегімен шешетін, жұмыс барысын оңтайлы ұйымдастыруға қабілетті кәсіби маман даярлау жүйесін жетілдіру өзекті мәселелердің бірі. Ақпараттық технологиялар аймағында педагогикалық сала мамандарын оқыту мазмұнын қалыптастырудың келесі мақсаттарын қолдануға әкелді:
- ақпараттық технологиялар аймағында оқыту мазмұнын анықтаудың маңызды факторы оның бағыттылығы;
- оқыту мазмұны педагогикалық мамандықтар студенттерінен ақпараттарды, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өңдеуді талап етіп, өз бетінше педагогикалық мәселелерді шешуге жеткілікті білімдер мен оларды қолдану дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуі тиіс;
- мазмұн студентте педагогикалық мәселелерді шешуде пәнаралық байланыстың негізінде өзінің педагогикалық қызметіндегі білімдерді комбинациялауда пайдаланылатын білімдер жүйесін тұтас қабылдауын қалыптастыруы тиіс.
Педагогикалық практиканы жетілдірудегі жаңа жетістіктер педагогикалық мамандықгар студенттерін оқытуда жаңа технологияларының пайда болуына әкелуде. Акдаратгық төңкеріс, қоғамның, білім берудің ақпараттандырылуы өмірлік маңызды мәселелерді өздігінен шешуді, білімдегі бос кеңістіктерді жылдам жою қабілеттілігін белсендіруді талап етеді. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үрдісінде аталған мақсаттарға жету үшін жаңа шарттар құрылады: білім беру стандартында студенттің өзіндік жұмысына бөлінетін нормативтік уақыттың көлемі ұлғайтылады, студенттің таңдауы бойынша элективті курстар енгізіледі, оқу сабағының жаңа формалары жасалып, іске асырылады.
Кәсіби блок (бұл жалпы кәсіби пәндер блогы, арнайы пәндер және мамандандыру пәндері блогына да қатысты) пәндерін оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың өзіндік мазмұны бар және оны бағалау қиын мәселелердің бірі. Ақпараттық технологиялар оқытудың қолданыстағы дәстүрлі технологияларын өзгертеді және оларды пайдалануда салмақты әдістемелік жұмыстарын талап етеді.
Адам қызметінің түрлі салаларында компьютерлік технологиялардың ендірілуінің білім беру саласына да ықпал етпеуі мүмкін емес. Компьютерлер оқу үрдісінің техникалық орталары ғана емес, адам оқытудың алғашқы қадамынан бастап өзінің дамуына, педагогикалық тәжірибесінің өсуіне пайдалануға тиісті жаңа интеллектуалдық фонды, жаңа орналастыруларды, қалыптастыруға әкеледі. Оқу үрдісін ақпараттық технологиялар қорында құру оқытушылардың алдынан жаңа мүмкіндіктер ашып, одан жаңа білімдерді, жаңаша ойлауды, оқытудың жаңа принциптері мен формаларын талап етеді.
Педагогикалық мамандықтар студенттері үшін педагогикалық қызметті тиімді үйлестіру біліктіліктерін меңгеру үшін ақпараттық технологияларға негізделген пәндерді игеру өте маңызды. Бүгінгі күні қоғамның көптеген салаларында мамандардың өз қызметінде ақпараттық мәдениеттің негізгі құраушысы болып табылатын ақпараттық технологияларды пайдалана білу біліктілігі маман сапасына қойылатын негізгі талаптардың бірі болуда. Ақпараттық технологиялар интеллектуалды оқытуды, эксперттік жүйелерді, гипермәтін және мультимедияны, микроәлемдерді, имитациялық оқытуды, демонстрацияларды қамтиды. Бұл дербес әдістемелер оқу мақсаттары мен оқу жағдайларына тәуелді қолданылады, яғни оқушылардың қажеттілігін ескеру, пәндік аймақ бойынша білімге талдау жасау және оқытудың психологиялық принциптерін ескеру.
Соңғы жылдардың тенденциялық сипаты жоғары оқу орындарының (ЖОО) білім беру үрдісінде информатиканың жетістіктерімен мазмұндалған ақпараттық технологияларды, дербес жағдайда, Web - технологияны, ақпараттық қорларға ену тұтынушылық қосымшасынан - Интернетке, мәліметтерді басқару Интернет қызметтерімен, хаттамаларымен және мамандандырылған Web - серверлермен өзара әрекеттесуге негізделген. Аталған технологияның негізгі ерекшеліктерінің бірі ЖОО-дағы оқытушының қатысуымен өтілетін аудиториялық сағаттардың кемуі. Бұл оқу үрдісін оқытушылар ақпараттық ортадан алатын оку-әдістемелік жабдықтамалардың рөлін нақты ұлғайтуға әкеледі. Web - технологияны кеңінен пайдаланудың келесі себебі Интернет желісінде өте үлкен ақпарат көлемі жинақталған, бұларды жаңа білім беру бағдарламаларын ендіру сатысында нақты оқу-әдістемелік қор құрылғанға дейін білім беру мақсатында қолданған тиімді.
Қазіргі заманғы электрондық - техникалық орталар мен ақпараттарды тасымалдау құралдары жылдан-жылға жетілдіріліп, білім беру мекемелерінде білім беруге қатысты түрлі міндеттерді шешу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Сабақтарда қолданылатын қазіргі заманғы электрондық - коммуникативтік орталардың қысқаша жіктелуі:
Аудиальды орта. Дыбыстық техникалық орталар класына жататын дәстүрлі техникалық орта.
Визуальды орта. Қазіргі уақытта оқытудың визуальды орталарына қатысты дәстүрлі статикалық жобалау орталары (дипроекторлар, графопроекторлар) мен жаңа үлгідегі презентациялық құрылғыларға қатысты жобалау құрылғылары осылай аталады.
Аудиовизуальды орталар. Аудиовизуалдық орталар класы оқушыларға бір мезетте ақпаратты екі канал бойынша ұсынуға арналған электрондық-техникалық орталарды қамтиды. Қазіргі кезде аталған класқа қатысты ақпаратты аудивизуалдық тасымалдау құралдары (бейнежазбалар, оқу теле хабарлары, мультимедиа бағдарламалық орталары) пайдалануға мүмкіндік беретін электрондық орталар (бейнемагнитофондар, бейнекамералар, бейнежүйелер, теледидар, дербес компьютерлер, мультимедиа-жобалаушылар) осылай аталады.
Оқытудың ақпараттық және бейнекомпьютерлік орталары. Аталған технологиялардың анықтамасынан оларды іске асыру орталары дербес компьютерлер мен қазіргі заманғы бейнежүйелер екендігі шығады. Сабақта оқытушы бағдарламаларды пайдаланудың қажеттілігі туралы ұмытпау қажет.
Мультимедиа-орта. Анықтамасы бойынша аталған класқа қатысты деп мәтіндік ақпаратпен, графикалық бейнемен, дыбыспен, анимациялық компьютерлік графикамен бір кешенде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы техникалық орталар осылай аталады. Мультимедиа-технологияларды іске асырудың негізгі ортасы бейнелеудің компьютерлік және бейнеокомпьютерлік ортасы болып табылады.
Цифрлық бейнежазба. Соңғы уақытта цифрлық бейнежазбаға байланысты жаңа технологиялар жылдам қарқынмен дами бастады. Бейнежазбаны құру, өңдеу және көрудің бұрын белгісіз мүмкіндіктерін ұсынатын компьютерлер мен пайдаланушылардың саны тұрақты өсуде.
Қазір көрнекі құрал ретінде ақпаратты плакаттарда немесе тақтада жазу сапасында құру жиі қолданысқа ие емес. Қазіргі заманғы шарт жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануды ұсынады, мысалы, оқушылардың әрқайсысының өз жұмыс орнында компьютерден көру мүмкіндігі бар Роwеr Роіnt слайдтары жүйесін атауға болады.
Сабақты қазіргі заманғы техникалық орталарды және жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып өту, жадыны, көрнекілікті, қабылдауды жаттықтырып, екпінділігін арттырады, оқушылардың зейінін тұрақтандырады, сондай-ақ, ұсынылатын ақпаратты басқаша бағалауға мәжбүр етеді.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізінде қалыптасатын ақпараттық мәдениет педагогтың кәсіби мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігінің бірі болып табылады.
Педагогикалық мамандықтар студенттерінің ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы оның күнделікгі қызметінде ақпараттың, бұқаралық ақпараттық құралдарды пайдалануы ықпалына байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда орта және жоғары оқу орындарында болашақ педагогтарда ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі нақтылана түседі.
Болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениетінің қалыптасуы оның күнделікті қызметінде ақпараттың, бұқаралық ақпараттық құралдарды пайдалануы ықпалына байланысты болады. Осы тұрғыдан алғанда орта және жоғары оқу орындарында болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігі нақтылана түседі.
Болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда келесі шарттар сақталуы тиіс:
1. Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларының нақты саладағы ақпараттық технологиялар тенденцияларына сәйкес келді.
2. Жоғары білім беруге жаңа ақпараттық технологиялардың енгізілуі.
3. Студенттерде өз қызмет саласында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қолдану қабілеттілігі мен информатика және есептеу техникасы орталарын меңгеруінің кәсібилігін қалыптастыру.
4. Маман-педагогтардың кәсіби даярлығының ақпараттық және компьютерлік технологиялар аймағы бойынша жоғары деңгейі.
5. Қазіргі заманға сәйкес техникалық (компьютерлік) қордың бар болуы.
Әрбір маман білікті маман болып қалыптасуы үшін адамзаттың іргелі ғылым саласында жинақтаған білім қорының анықталған мөлшерін меңгеруі және күнделікті кәсіби қызметте қажет болатын практикалық біліктіліктер мен дағдылар жиынтығын игерулері тиіс.
Білім беру саласын жетілдіру тәсілдерінің бірі оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Оны бір жағынан техникалық мәселе ретінде, екінші жағынан оқу үрдісін ықпалды құру заңдылықтарымен байланысты білім аумағы ретінде қарастыруға болады.
Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану компьютердің оқу үрдісіндегі функциялары мен орнын, оның көмегімен оқу әрекетін басқару ерекшеліктері арқылы сипатталады. Оқу үрдісін компьютерлендіру ісінің үрдісінің мүмкіндігі адамның орындайтын функцияларын парапар техникалық орталардың көмегімен алмастырып, атқарғанда пайда болуы мүмкін. Оқу үрдісін автоматтандыру мұғалім әрекетінің ықпалы аз, ал басқа еңбек ықпалдылығын көтеру шаралары анықталған міндетті тиісті деңгейде шешуді қамтамасыз ете алмағанда қажет.
Оқытуды компьютерлендіру болашақ мұғалімнен әдіснамалық жаңа тәсілдерді және қазіргі заманғы педагогика, психология, оқыту әдістемесінің жетістіктері негізіндегі оқу-тәрбие үрдісінің әдістемесін талап етеді. Жақын болашақта кдзіргі заманғы педагогикалық және психологиялық тұжырымдамалардың негізінде оқу-тәрбие үрдісін толық қайта құру қажет. Ақпараттық технологиялар арқылы оқытудың әдістемесі мен принциптерін пайдалануды игеру біліктілігі мұғалім біліктілігіне қойылатын негізгі талаптардың кәсіби қажетті сапаларының бірі болуы тиіс.
Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдалану үшін есептеу техникасы, оған сәйкес бағдарламалық жабдықтама, мұғалімнің ақпараттық сауаттылығы қажет.
Соңғы шарт педагогтің пән бойынша өздігінен компьютер және оқытуды компьютерлендіру туралы психологиялық кедергілерді жеңуі тиістігін айқындайды. Оқу үрдісінде компьютерлерді пайдалануға тек информатика мұғалімі ғана емес басқа да педагогтар жауапты. Бұл ақпараттық қоғам дамуындағы оқушы тұлғасын қалыптастырудағы компьютердің атқаратын орнын түсінуді қамтамасыз етеді.
Сондықтан мұғалім өз оқушыларын тәрбиелеу, оқыту және дамытуда ақпараттандыру және ақпараттық технологиялар орталарын пайдалануға даяр болуы тиіс. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту үшін мұғалім аталған мәдениет түрін алдымен өз бойында қалыптастыруы тиіс. Педагог қызметкерлердің ақпараттық мәдениеті - бұл педагогикалық ақпарат пен мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізе білу. Сонымен қатар, ақпаратты алу, өңдеу, тасымалдау үшін ақпараттандыру мен ақпараттық технологиялар орталарын пайдалану.
Оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі міндеттері:
- оқу-тәрбие үрдісін екпінді ету негізінде білімнің сапасы мен ықпалдылығын арттыру;
- білім алуға қызығушылық пен шығармашылық қабілеттің ынтасын дамыту;
- ақпараттандыру үрдісіне негізделген оқытудың жаңа тәсілдерін жасау;
- педагогикалық қызметтің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру;
- оқу-тәрбие үрдісін басқару жүйесін жетілдіру.
Қазіргі заманғы педагогикалық білім беру стандарттары пәндік аймақтағы арнайы информатика пәнімен қатар, мұғалімнің пәндік даярлығын қалыптастыратын арнайы пәндерді оқытуда ақпараттық технологияларды екпінді түрде қолдануды қарастырады (1 -сурет) .
Ақпараттық технологияларды өз қызметтерінде екпінді түрде қолдану арқылы педагогтар келесі мүмкіндіктерге ие болады:
- мәліметтерді бейнелеудің, өңдеудің жаңа әдістері мен тәсілдері;
- өздерінің оқытушылық қызметтерінде оқу материалдары мен көрнекі құралдардың кең көлемін пайдалану;
- компьютерлік оқытушы және бақылаушы бағдарламаларды құру және қолдану;
- жоғары оқу орындарында қашықтан білім алу арқылы өздерінің біліктіліктерін арттыру;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz