Бөкей хандығының құрылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бөкей хандығының құрылуы. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының
басшылығымен болған шаруалар көтерілісі.
1801 жылы Рождество мейрамының алтыншы аптасының дүйсенбісінде патша
Павел таңғы төрт пен бестің арасында оянып, сағат тоғыздарға дейін өзіне
берілген құжаттармен жұмыс істеді. Бұл 11 наурыздағы таң ол үшін соңғы күн
еді. Сол император Павел атты заңға қол қойды, соның ішінде Қырғыз
халқының Еділ мен Жайық өзендері арасында көшіп жүрулеріне рұқсат берілуі
арнайы заң да бар болатын.
Кавказ әскери желісінің басшысы генерал-лейтенант К.Ф.Кноррингке
жазылған жарлықта былай делінген: Кіші орданың хан кеңесінде төрағалық
етуші Нұралы ханның баласы Бөкей сұлтанды, шын жүрекпен қабылдай отырып,
оның қай жерге көшіп – қонғысы келсе, сонда көшіп қонып жүруіне рұқсат
етемін, және оған ризылығымды білдіретін өзімнің бейнем салынған алтын
медальді қара лентамен мойнына тағып жүру үшін сыйлаймын.
Сөйтіп, Жайық пен Еділ өзендері аралығының төменгі сағасында жаңа
этнотерриториялық бірлестік құрылды. Ол патша чиновниктерінің ресми
құжаттарында Бөкей Ордасы (1819 ж. дейін) немеес Ішкі Орда (1824 ж.) деп
аталды.
Патша үкіметі мұндай саяси қадамды Кіші жүздегі Сырым Датұлының
көтерілісінен кейін жағдайды реттеу мақсатында жасаған еді. Хандық биліктің
жойылып, кейіннен қайтадан қалпына келтірілуі, көптеген мал жайылымдарынан
айырылған халықтың наразылықтарын өз мақсаттары үшін өте шебер пайдаланған
сұлтандар арасында қайтадан алауыздық басталды.
Халық наразылығының алдын алу үшін қазақтардың біраз бөлігін Еділ
мен Жайықтың аралығына көшіру арқылы жер мәселесін шешу де ойластырылды.
1771 жылы 30 мың қалмақ отбасы Еділдің арғы бетіндегі даланы тастап,
Жоңғарияға көшіп кеткелі бұл жерлер бос жатқан болатын.
1801 жылдың соңында Жайықтың ішкі жағына өзіне қарайтын ауылдарымен
Бөкей хан өзі көшіп барды. Ал 1802 жылы 31106 жанды құрайтын 6266 шаңырақ
көшкен.
Бөкей Ордасы құрылғаннан кейін халықтың шаруашылығы да түзеле
бастаған. Бөкей Ордасының енді өздеріне сансыз жылқы үйірлерімен атағы шыға
бастады. Деректер мәліметіне қарағанда олардан орыс өнеркәсіп иелері ең ірі
әрі семіз қойларды сатып алып отырған. 1812 жылы есеп бойынша Бөкей
Ордасына 33400 түйе, 187000 жылқы, 92.500 ірі қара және 1737500 қой
болған екен. Ал малдың жалпы саны 2050400 басты құраған. 1813-1814 жылдары
қыс ауыр болып, мал арасында өлім-жітімнің көптігіне қарамай шаруалар
күйзеліске ұшырамаған. Мұрағат деректері бойынша 1814 жылы шілдеде 348710
бас саудаға түскен малды есептегенде Ордадағы малдың жалпы саны 2026700-ге
жеткен.
Бөкей хандығының аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырымды,
солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді қамтып, Астрахань, Саратов,
Орынбор губернияларын Жайық бойындағы бекіністермен және солтүстік Каспий
аймағымен шектесіп жатты.
1812 жылы 7 шілдеде Ішкі Ордада ресми түрде Бөкей хан болып
жарияланды. Құжаттар куәландырғандай хан келбетті, бойы орта бойлыдан сәл
ұзындау, толықша болып келген. Атқа салмақты денесіне қарамастан бір
адамның көмегімен өте жеңіл отыратын және күнде ат үстінде жүретін. Бөкей
хан үлкен киіз үйде тұрды; бірнеше кілем төселген төрдегі жоғарылау жерде
отыратын. Сондай-ақ ол үстіне венециандық қызыл барқыттан алтын жіппен
көмкерілген шекпен киіп жүрді; басына киген биік баскиімі де қызыл түсті
алтын жіппен көмкеріліп, иығына қара құндыз жамылды. Мойнына
І Павел сыйлаған алтын медальді тағып жүрді. Бөкейдің өз замандастарының
айтуына қарағанда: Ол үйдің әдемі көркем болып тұруы үшін, жыл сайын мыңға
жуық қонды қойларын барқыт, алтын, парча, інжу, маржан тастарға айырбастап
отырған.
ХІХ ғасырдың екінші ширегінде Бөкей хандығына оның баласы Жәңгір хан
(1824-1845) билігі кезінде жерге жеке меншік пайда болды. Жәңгір ханның
иелігінде 400 мың десятина (1 десятина-1,6 га) жер болды, ал оның інісі
Меңдігерей дәл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөкей хандығы
Хандықтардың құрылуы және шайқастары
XIX ғасырдың басында Хиуа ханы
Жәңгір ханның игілікті істері
Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ халқының жоңғар шабуылына қарсы күресі
Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы)
БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ҚҰРЫЛЫМЫ
Хандар
Жәңгір хан
Пәндер