Оны жобалау кезінде жасалып жатқан ақпараттық білім беру ортасы компоненттерін университеттің білім беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Болашақ педагогтарды дайындаудағы жаңа ақпараттық технологияны пайдалану

Кейбір университеттер мен педагогикалық институттарда педагогика және
психология, жоғары математика, жалпы және теориялық физика, механика,
химия, жалпы және гуманитарлық пәндер бойынша оқытудың арнаулы программалар
пакеті жасалады.
Арнайы мамандардың зерттеулерінің көрсетуімен оқытылатын курстарда
компьютерлік сауаттылық аспектілері қарастырылады. Бұл бірінші кезекте
компьютердің негізгі компоненттерін білуге қажет. Сонымен қатар бұл
жағдайда оқу процесінде ЭЕМ-нің ролі мен жекелеп оқыту мәселесіне
байланысты туатын сұрақтар аз қарастырылады. Осыған байланысты келесі
ұсыныстар туады: барлық оқу курстарында компьютерлік сауаттылық
аспектілерін қарастыру; жоғары оқу орындарындағы дәріс беретін оқытушы-
профессорлар құрамы студенттердің компьютерлік сауаттылығын бақылау; кейбір
компьютерлік сауаттылық аспектілерін студенттердің игеруі бойынша бағалау;
оқу соңында компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша бағалап, куәландыру
құжатын беруіміз қажет.
Студенттердің компьютерлік сауаттылықтық жеке элементтерін игеруі үшін
оқу процесінде төмендегідей факторлар жүргізіледі:
педагогикалық практика (болашақ педагогтар педагогикалық практикада 10
немесе 11 апта болуы қажет; сонымен қатар, олар аптасына мектепте 5
сағаттан 10 сағатқа дейін болады, яғни бұл өткен практикасындағы
педагогикалық дайындығының қажет бөлігі болып табылады; студент практика
барысында оқу процесі мен ЭЕМ-нің байланысы туралы тәжірибе жинақтайды);
оқу материалдарын жасау практикасы (педагогикалық мамандықтағы
студенттер оқу материалын компьютерлік техниканы пайдалану есебімен жасауға
қатысады);
пәнді меңгеру (жоғары оқу орнын жаңадан бітірушілер, мұғалімдерге,
яғни оқу орнын бұрынырақ бітіргендерге қарағанда өз мамандығы бойынша сонуы
жетістіктерді, соның ішінде оқу процесінде компьютерді пайдалану мәселесін
жақсы біледі);
техникалық оқыту құралын меңгеру (студенттердің техникалық оқу
құралына деген көзқарасы бірнеше факторларға байланысты оқыту
программасымен қатар, қызығушылық деңгейі мен қолайлылығына қарай
өзгереді);
Компьютерлік сауаттылыққа байланысты ғылыми әдебиеттерді студенттер әр
түрлі жолмен алады. Біріншіден, баспадан шығатын журналдардағы мақалалар
жинағының мазмұны бойынша іздестіру. Бұл жинақты оқу процесінде ЭЕМ-ді
пайдаланатын барлық оқытушылар мен қолданушылар пайдалануы мүмкін.
Екіншіден, ортақтандырылған программалық жасақтау анықтамасы тәртібі
бойынша табу. Үшіншіден, жоғары оқу орындарында оқыған курстар бойынша
жасалған программалар анықтамасы және басқа мәліметтермен байланысын
жеңілдету.
Студент компьютерді жеке және білім алу мақсатында пайдалану үшін
ақпараттарды келесі түрдегідей ала алады:
- компьютерді пайдалану туралы курсты арнайы кафедраларға міндеттеу арқылы;
- педагогикалык, жоғары оқу орындарындағы программалап оқыту мәселесімен
айналысатын оқытушы-профессорлар құрамы жұмысына студенттерді қатыстырылуы;
-компьютердің көмегімсн оқытуда студенттердің жеке ерекшелігін есксру;
-студенттердің білім алу мен іскерлігін қалыптастыруды бағалау компьютерлік
программамен бағалау арқылы жүргізіледі.
ЭЕМ-ді техникалық оқыту құралы ретінде пайдаланып, ортаны басқара алу
болашақ педагогтар үшін маңызы зор. Оны студенттер әр түрлі оқу орындары
мен педагогикалық практикада одан әрі жалғастырады. Егер ЭЕМ-ді аудиторияда
пайдаланса, онда оқытушы ЭЕМ-ді оқу процесімен байланыстыратын жағдай
туғызуы керек. Жоғары оқу орындарында программалаулы жақсы меңгеріп, өз
бетімен программа құра білуі үшін программалаудың әр түрлі курстарын оқу
қажет. Студенттер Бейсик, Паскалг, Си тілдерімен танысады. Программалау
мәселесін тереңірек оқып үйренгісі келетін студенттерге, қосымша жоғары
деңгейдегі программалау курстары оқытылады.
Ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстардың тиімді бағыттарының бірі
информатика әдіснамасын енгізу. Берілген мамандықтардағы мамандандырылатын
барлық пәндер циклі бойынша өткізілетін практиканы оқу бағдарламасына
сәйкес жүргізу. Мұғалім берілген пән бойынша оқу процесіндегі багдарламалық
құрал кешенін сенімді бағытпен жүргізуі керек.
Болашақ педагогтардың оқу процесінде компьютерлік техниканы
пайдалануға неғұрлым тез бейімделуі оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы
аймағындағы педагог-зерттеушілерді дайындауға мүмкіндік береді.
Психологиялы-педагогикалық ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес,
болашақ педагогтарының жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы
тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, болашақ педагогтардың өздерінің белсене
қызмет етуі арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болуы үшін әр жаңа ұрпақ осы қол
жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керск.
Осыған байланысты студенттердің болашақ мамандандырылған қызметіне
сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру жоғары оқу орындарында маман даярлау
жүйесінің қажетті кешені болып табылады. Жоғары оқу орнының ақпараттың
білім ортасын қалыптастыру
Қазіргі жоғары білім жүйесінің тиімді түрде жұмыс істеуі үшін сапалы
ақпараттық сүйемелдеу қызметі қажет. Мұндай қызмет түрі оқьпу процесінің
мақсатымен, студенттердің болашақ мамандықтарының сипатымен, оқытылатын
пәндермен, білім беру құралдарымен және солардың нәтижелерімен анықталады.
Қазақстан Республикасы Білім жүйесін дамыту тұжырымдамасына сәйкес бізде
біртұтас ақпараттық білім ортасы құрылуы тиіс, ол жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану негізінде еліміздегі білім сапасын арттырып,
азаматтарымыздың әр түрлі деңгейде білім алуы үшін оларды бірдей
мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге және еліміздің ақпараттың кеңістігін
бүкіләлемдік білім кешенімен байланыстыруға жол ашады. Алғашқыда осындай
орталар бір жоғары оқу орнында жүзеге асырылады да, кейіннен олар белгілі
бір аймақтың және республиканың бірынғай ақпараттық ортасына бірігуі тиіс
деген болжам жасалуда.
Қазіргі кезде оқыту процесінің ақпараттық құралдары мен қорларын, оқу
орнының ғылыми-зерттеу, ұйымдастырушылық-басқару ісі мен сабақтан тыс
өткізетін жұмыстарын біртұтас ақпараттық білім ортасына біріктіруге
бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Бұл зерттеулердің негізгі принципі жоғары
кәсіби білім беру жүйесінде мамандар даярлаудың теориясын, методологиясын
және практикасын толық есепке алу болып табылады. Университеттің ақпараттық
білім беру ортасы алдыңғы қатардағы ақпараттық және телекоммуникациялық
технологиялар негізінде құрастырылады. Оны жобалау кезінде жасалып жатқан
ақпараттық білім беру ортасы компоненттерін университеттің білім беру
Интернет-порталымен біріктіруге бағытталған жүйелік технологиялык, көзқарас
қалыптасты. Осыған орай білім ортасын құрастыру кезінде Интернетке арналған
құжаттар мен қолданбалы программаларды жасаудың тиімді құралдары
пайдаланылды.
Ортаны құрастыру ісінің осы кезеңінде негізгілер санатында бес
функционалдық компонеттерге аса көңіл бөлінді, олардың жұмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық модельдеу
Информатикадағы жаңа технологияны қолдану
Электронды оқулықтың көмегімен информатика пәнінің оқыту әдістемесі
АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесіндегі студенттерге академиялық қолдау көрсетудің ерекшеліктері
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Болашақ жоғарғы мектеп оқытушыларының кәсіби-педагогикалық біліктілігін Университет магистратурасының білім беру жүйесінде қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда оқытудың белсенді әдістерін жүзеге асырудың дидактикалық шарттары
Болашақ бастауыш мұғалімдерін оқу тәрбие үрдісінде ойын технологиясын меңгерту
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Эксперттік жүйелер пәні бойынша электрондық оқулық
Пәндер