Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ӘӨЖ 378.016.02:908 (574)
Қолжазба құқығында

БАЙДАЛИЕВ ДАРХАН ДӘУЛЕТЖАНҰЛЫ

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӨЛКЕТАНУ
ЖҰМЫСЫНА КӘСІБИ ДАЯРЛАУ

13.00.08 – Кәсіби білім берудің теориясы мен әдістемесі

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2009

Жұмыс Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университетінің А.Х. Темірбеков атындағы педагогика
және психология кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші: педагогика
ғылымдарының докторы,

профессор Успанов К.С.

Ресми оппонентер: педагогика
ғылымдарының докторы,

профессор Саипов А.С.

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Ахметова Г.Б.

Жетекші ұйым: М.О. Әуезов
атындағы Оңтүстік

Қазақстан мемлекеттік университеті

Диссертация 2009 жылы сағат Абылай
хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университетінде (050022, Алматы қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 200, 110
мәжіліс залы) педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру
жөніндегі БД 14.08.04 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады

Диссертациямен Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің кітапханасында танысуға болады: 050022,
Алматы қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, 200.

Автореферат 2009 жылы _______________ таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы
педагогика ғылымдарының докторы
Қозыбай А.Қ.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын
еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім – тәрбие және білім беруді жетілдірудің
басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті
мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Өскелең ұрпақтың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет.
Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының Осы заманғы білім беру
және білікті кадрлар жүйесін дамыту деп аталатын бөлімде: Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет. ...Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды
шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік
беретін күшті рух пен білім - деп атап көрсеткен.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, гуманитарлық
білім тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық
тәрбие берудің 2006 – 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен
білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған бағдарламаларындағы
туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше мән берілуі, бұл
мәселенің өзектілігін дәлелдей түседі.
Болашақ мұғалімдер жаңа заманның интеллигенциялық өкілдері ретінде
кәсіби біліктері мен қабілеттерін, ізеттілік көзқарастары және тұлғалық
қасиеттері арқылы ел мүддесіне сай қызметке даярлау Н.Д.Хмель жасаған
біртұтас педагогикалық процесс теориясы негіз болары анық. Зерттеліп
отырған мәселенің теориялық, әдіснамалық және ұстанымдық негізін жасауда
Н.Д. Хмельдің, В.А.Сластенинің, Н.В.Кузьминаның, Г.А.Умановтың, С.С.
Кунанбаеваның, Г.К.Нургалиеваның, Ш.Т.Таубаеваның, А.А.Калюжныйдың,
С.Т.Каргиннің және т.б. ғылыми еңбектері негіз болды.
Бірде – бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін силамайынша, өз
өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше,
азаматтық және рухани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін емес.
Өлкетану ұғымы М.В.Ломоносовтың кезінде пайда болып еліміздің
тарихымен бірге ұзақ даму жолын жүріп өтті, соның негізінде оның
өміршеңдігі қоғамымыз бен халыққа қажеттілігі дәлелденді.
Өлкетанудың негізіне, тәлім – тәрбиелік мәніне, білімдік мазмұнына
Қорқыт – ата, М.Қашқари, Әл – Фараби, Ж.Баласағұни, А.Иассауи, А.Науаи және
т.б ғұламалардың еңбектерінде ерекше мән берілсе, қазақ даласының төл
перзенттері, ақын – жазушылар А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов,
М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов шығармаларында өлкетану мәселесі
кеңінен қарастырылады.
Өз өлкесін тану идеясы мен педагогикалық процесте өлкетану
материалдарын қолдану, ұлы ағартушылар Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, К.Д.
Ушинский, А.Я.Герд және басқалардың еңбектерінде негізі қалыптасқан
болатын.
Өлкетану ғылымының негізін салушы К.Д.Ушинский оның туған тілге және
адамгершілікке тәрбиелеудегі маңызын көрсетіп, жергілікті өлкені танудың
педагогикалық мәнін айқындады. Ғылымның бұл саласын К.Д.Ушинский Отантану
деп анықтама берді. К.Д.Ушинскийдің идеялары мен көзқарастары XIX ғасырдың
ІІ - і жартысында педагог - әдіскерлердің А.Я. Гердтің (ең алғаш
практикаға экскурсияны оқыту әдісі ретінде кіргізді), В.П.Вехтеревтің
(балаларды табиғатта белсенді оқытуға шақырып, олардың өзіндік ғылыми іс -
әрекеттерін қалыптастыруды), Л.С.Севруктің (табиғат туралы ұғымның
біртұтастығын негіздеп енгізген) еңбектерінде жалғасын тапты.
Өлкетану ғылымының дамуына көптеген педагог - ғалымдар
П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.П.Пинкевич, С.Т.Щацкий өз
үлестерін қосты, олардың еңбектері барлық даму кезеңдерінде тәрбиелік және
білім беруде үлкен маңызы болды.
Қазіргі кезде педагогикалық өлкетанудың әртүрлі жақтарына арналған
ғылыми жұмыстар бар. Өлкетануды оқу - тәрбие процесінде қолдану мәселесін,
әртүрлі жылдарда бірқатар И.И.Бескоровайный, П.В.Иванов, Д.В.Коцюба және
т.б. ғалымдардың назарын аударды.
Д.В.Коцюба мен В.Дихтерев өлкетануды оқушылар ұжымын тәрбиелеудің
құралы ретінде қарастырса, П.Р.Атутов, М.Н.Скаткин, К.А.Иванович және
т.б. өлкетануды оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында қарастырған.
Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі және жалпы білім беретін
мектептердің бастауыш сынып оқушыларының өлкетанымын қалыптастыру
мәселелері А.М.Текесбаева, А.Е.Манкеш еңбектерінде қаралса, қазақ
этнопедагогикасы негізінде оқушылардың дүниетанымы мен өлкетанымын
қалыптастырудың кейбір тұстарын С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Кожахметова,
Б.Қ.Өтешова, С.Қ.Қасенов, Р.Н.Кенжебаева еңбектерінде қарасытырылған.
Орта білім беретін мектептерде өлкетану материалдарын пайдалану
мәселесі С.Қ.Қоңырова, Қ.Т.Айтжанова, А.Ж.Бекмағамбетов, М.С.Маженакова,
С.Орынбеков және т.б еңбектерінде ғылыми тұрғыда талданған.
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, М.М.Мұқанов, Қ.Б. Жарықбаев, Ж.И.
Намазбаева және т.б. психологтардың еңбектерінде оқушыларға білім мен
тәрбие беру жұмыстарында қоршаған ортамен қарым – қатынастарын қалыптастыру
оның психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болатындығын
дәлелдеген.
Педагогикалық өлкетанымдық іс–әрекет процесінде оқушыларды
адамгершілікке, ізгілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеуге болашақ мұғалімдерді
даярлауды кәсіби даярлықтың ажырамас бөлігі ретінде қарастырған К.С.
Успановтың ғылыми ұстанымын негізге алдық.
Қазақстандық педагогика ғылымында біздің ғылыми жұмысымыздың
мәселесіне қатысты Д.М.Джусубалиева, К.К.Жампейсова, А.А.Калыбекова, Н.Н.
Хан, А.А.Молдажанова, Г.Б.Ахметова М.Н.Сарыбековтің және т.б. еңбектері
бар.
XX ғасырдың ІІ - і жартысында туризм мен өлкетанудың педагогикалық
құндылығы жайында көптеген ғылыми жұмыстар жарық көрді. А.Ф.Родин,
А.П.Ставровский, О.Б.Мазбаев және т.б. жас туристер және өлкетанушылармен
жұмыс істеудің мақсат, міндеттерін, мазмұндары мен әдістемелерін ашып
көрсетеді.
А.А.Саипов - студенттерді жан – жақты дамыған тұлға ретінде
қалыптастырудағы факторлардың бірі ретінде, туристік - өлкетану жұмысын
қарастырған.
Географиялық өлкетану мәселелері М.Н.Мұсабаеваның, Е.А.Звягинцевтің,
В.П.Максаковскийдің, С.П.Аржакованың, Л.С.Бергтің және т.б. ғалымдардың
жұмыстары мен әдістемелік нұсқауларында ашып көрсетілген. Бұл ғалымдардың
еңбектерінде өлкетану жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен қатар туған
өлкенің табиғаты мен әлеуметтік - экономикалық жағдайын, тарихи
ерекшеліктерін оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылады.
Тарихи өлкетану мәселелері Д.В.Коцюба, А.Ю.Князев, Т.Т.Тұрлығұл,
К.Н.Раймханова еңбектерінде жарық көріп, оқу процесінде қолдану мәселерін
көтерсе, Г.Н.Матюшкин тарихи өлкетанудың арнаулы әдіс–тәсілдері мен
формаларын, зерттеу, ізденіс сипаттарын ашуға ұмтылған.
А.Н.Захлебный, А.П.Сидельковский, Н.С.Сарыбеков еңбектерінде
экологиялық білім беру мәселелерінің ерекшеліктерін аша отырып табиғатты
қорғау мен экологиялық өлкетану мәселелеріне тоқталса, В.М.Минаева
сыныптан тыс уақыттағы табиғатты қорғау жұмысын - бастауыш сынып
оқушыларының қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеудің құралы
ретінде қарастырады.
Болашақ мұғалімдерді оқушыларға экологиялық тәрбие беруге даярлығын
қалыптастыру мәселерін А.В. Афонин, М.Н.Сарыбеков, Р.В. Степанец, С.Н.
Глазычев, Е.С. Сластенина, Г.Қ Тұрабаева т.б. зерттеген.
Ал жоғары оқу орындарында өлкетану материалдарын пайдаланудың кейбір
тұстарын Г.В.Аверкиева, Т.В.Данилова, И.В. Кишкин А.А.Хуснитдинов өз
еңбетерінде қарастырған.
Қазіргі кезеңде қалыптасқан өте күрделі мәселелер тұлғаның
интелектуалдық, ізгілік, патриоттық қасиеттеріне жоғары талаптар қойған, ал
олардың қалыптасу деңгейлері, ғылыми арнаулы әдебиеттер мен мектептер
тәжірибесін талдау көрсетіп отырғанындай олардың практика мен ғылыми
теориялық негізі арасында алшақтық байқалады, осыған байланысты біздің
еліміздегі ұстаздар мен болашақ мұғалімдерде және оқушыларда төмендеу.
Сонымен зерттеліп отырған мәселенің теория мен практикадағы жағдайын
терең талдау бізге төмендегідей әлеуметтік - педагогикалық қайшылықтарды
анықтауға мүмкіндік берді:
- қоғамның мұғалімдердің жалпы кәсіби қасиеттеріне қоятын
талаптарының объективті өсе түсуімен, мұғалімнің белсенді
педагогикалық өлкетану іс - әрекетіне жеткіліксіз даярлығының
арасындағы;
- мұғалімдердің педагогикалық өлкетану жұмысына дарялығының
қажеттілігі мен жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді
педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың ғылыми –
әдістемесін қамтамасыз етіліуінің жеткіліксіздігі арасындағы.
Бұл қайшылықтарды шешу қажеттілігі болашақ мұғалімдерді жоғары
оқу орындарында педагогикалық өлкетануға даярлығын қалыптастырудың тиімді
әдіс - тәсілдерін іздестіруді зерттеу мәселесі ретінде көрсетеді.
Сондықтан біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: Болашақ мұғалімдерді
педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярлау деп таңдауымызға негіз
болды.
Зерттеудің нысаны: болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау процесі.
Зерттеудің пәні: болашақ мұғалімдердің педагогикалық өлкетану
жұмысына даярлығы.
Зерттеудің мақсаты: болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетануға
кәсіби даярлығының мазмұнын негіздеу және әдістемелік жүйесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
өлкетануға даярлығын қалыптастыру - мынадай шарттарды орындағанда тиімді
жүзеге асады:
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлауда
біртұтастық жүйесіндегі жүйелілік, пәнаралық байланыс
принциптеріне негізделсе;
- болашақ мұғалімдерді даярлау мазмұны педагогикалық өлкетану білім,
біліктерімен толықтырылса;
- болашақ мұғалімдердің педагогикалық өлкетану туралы білімдерін жан
- жақты тереңдету және осы салада ізденіс, білік дағдыларын
қалыптастыру мақсатымен оқу - әдістемелік кешені жасалынып,
қолданылса;
- жоғары оқу орындарының оқу процесінде біртұтас педагогикалық
процеске бағытталған оқытудың формалары мен әдістері, ғылыми
ізденіс сипатындағы тапсырмалар, практикумдар қолданылса болашақ
мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлаудың
нәтижелілігі арта түседі.
Зерттеудің міндеттері:
1. Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану
жұмысына дайындаудың мәні мен мазмұнын негіздеу;
2. Педагогикалық өлкетану, Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
өлкетану жұмысына даярлығы ұғымыдарының анықтамасын нақтылау және
болашақ мұғалімдердің педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығының
өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау;
3. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетануға кәсіби даярлау
процесінің мазмұның моделін жасау және шарттарын айқындау;
4. Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын
қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен
тексеру.
Жетекші идея: болашақ мұғалімнің педагогикалық өлкетану жұмысына
даярлығы мақсатты ұйымдастырылған кәсіби даярлау процесінің негізгі бір
саласы мен нәтижесі.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері: таным және іс
– әрекет, тұлғаның қалыптасуы мен дамуы туралы философиялық, психологиялық
және педагогикалық теориялар, біртұтас педагогикалық процесс және
мамандарды кәсіби даярлау теориялары; өлкетану, педагогикалық өлкетану,
экологиялық өлкетану туралы теориялық ілімдер жиынтығы және жүйелілік
принципі негізге алынды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Репсубликасының ресми материалдары
(Заңдар, Конституция, қаулы – қарарлар т.б), Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (тұжырымдамалар,
бағдарламалар т.б) зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық,
педагогикалық еңбектер, этнопедагогика және этнопсихология ғылымдарының
жетістіктері, педагогикалық өлкетану жұмыстарын пайдаланудағы алдыңғы
қатарлы мұғалімдердің озық іс – тәжірибелері сондай - ақ болашақ
мұғалімдерді өлкетану жұмыстарына даярлаудағы педагогтардың арнаулы
зерттеулері.
Зерттеудің әдістері: философиялық, тарихи-педагогикалық
және психолого-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау; алдыңғы қатардағы
мектеп пен жоғары оқу орындардағы педагогикалық өлкетанымдық іс
-тәжірибелерді зерттеу; оқу бағдарламалары мен оқу құралдарына контекстік
талдау, сонымен қатар анализ, синтез, салыстыру, қорыту, педагогикалық
моделдеу, сауалнама, тест, бақылау, студентердің оқу барысындағы
шығармашылық іс - әрекеттерін талдау, педагогикалық эксперимент.
Зерттеу базасы: Тараз қалалық Қайнар университетінің
филиалында,Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында, Тараз қалалық
мұғалімдер білімін жетілдіру институтында, Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінде, Тараз қаласындағы №5, 30, 49 орта
мектептерінде, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы №19 Д.А.Қонаев орта мектеп
гимназияларында өткізілді.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (2004-2005 жж.) зерттеу жұмысының тақырыбы анықталып
зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, психолого - педагогикалық,
әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттер сарапталынып оның теориялық
негізі анықталды. Зерттеу жұмысының жүйесі, ғылыми аппараты жасалынып,
айқындаушы іс - тәжірибе жүргізілді.
Екінші кезеңде (2005-2007 жж.) болашақ мұғалімдердің педагогикалық
өлкетану жұмысына даярлығының өлшемдері мен көрсеткіштері, оны қалыптастыру
әдістемесінің мазмұны мен формалары, әдіс тәсілдері анықталды. Жасалған оқу
- әдістемелік кешеннің тиімділігі тәжрибелік - эксперименталды жұмыс
барысында тексерілді. Тәжірибелік жұмыс алынған мәліметтерді талдап,
қортындылаумен қатар жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2007-2008 жж.) тәжірибелі - эксперименталдық жұмыстың
нәтижелері тексеріліп қортындыланды, жасалған жұмыс бойынша кейбір
анықтамалар нақтыланды, қортындылар қиыстырылды, жалпы нақтылы талдау
жасалынып зерттеудің нәтижелері мен әдеби рәсімдеу жасалынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- Педагогикалық өлкетану мен Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
өлкетану жұмысына даярлығы ұғымдары нақтыланған;
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығының
моделі негізделіп оның өлшемдері мен көрсеткіштері ашып
көрсетілген;
- сатылы бірізділіктен тұратын педагогикалық өлкетану жұмысына
даярлаудың әдістемесі жасалған.
Зерттеудің практикалық мәні:
Зерттеу процесі барысында болашақ мұғалімдердің педагогикалық өлкетану
жұмысына даярлығын диагностикалау және сатылы қалыптастырудың әдістемелері,
жоғары оқу орны студенттеріне арналған Педагогикалық өлкетану атты
курстың мазмұны, оқыту әдістемесі, болашақ мұғалімдерді педагогикалық
өлкетануға даярлығын қалыптастырудың нұсқаулары жасалынып, сынақтан өтті,
сонымен қатар педагогикалық өлкетану жұмысын жүргізудің әдіс – тәсілдері,
практикаға бағытталған оқытудың формалары анықталды.
Зерттеу барысында қол жеткен нәтижелерді педагогикалық жоғары оқу
орындарында, колледждерде және мұғалімдер білімін жетілдіруде пайдалануға
болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығының
қажеттілігі, теориялық негізі мен мазмұны;
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын
қалыптастырудың теориялық моделі;
- жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану
жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін қамтамасыз ететін
педагогикалық шарттар;
- болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын
сатылы қалыптастырудың әдістемесі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу тақырыбының
теориялық негізде дәлелденуімен, зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа
сәйкестенуімен, кешенді әдіс – тәсілдерді қолданумен, алға қойған
міндеттерге сәйкес пайдаланумен, нақтылығымен және дәйектілігімен
сипатталады.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс – тәжірибеге енгізу.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері тәжірибелік – эксперименттік
жұмыс барысында Республикалық, халықаралық ғылыми - практикалық
конференцияларда: Оқушыларды бейіндік оқыту: тәжірибе, мәселелер келешегі
Республикалық ғылыми – практикалық конференция [Тараз – 2006] және
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.Д.Хмельдің 80 – жылдығына
арналған 12 – жылдық мектеп мұғалімін кәсіби даярлаудың проблемалары атты
Республикалық ғылыми – практикалық конференциясында, Жаһандану және
қазіргі замандағы университеттер халықаралық ғылыми - практикалық
конференцияларында [Қарағанды – 2008] баяндалды.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты: мақсаты
нысаны, пәні, міндеттері, ғылыми болжамы, жетекші идеясы, әдіснамалық және
теориялық, практикалық маңыздылығы мен қорғауға ұсынылатын қағидалар,
зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі баяндалады.
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярлаудың
теориялық негіздері деп аталатын бірінші тарауда педагогикалық өлкетану
ғылымының дамуының зерттелу жағдайын талдау жасау арқылы оның педагогикалық
зерттеу пәні ретіндегі мәні ашылып көрсетіледі, қазіргі кезеңдегі болашақ
мұғалімдерді педагогикалық өлкетануға даярлығын қалыптастыруда атқаратын
қызметтері негізделіп, болашақ мұғалімдерді өлкетану жұмысына даярлығының
өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды және оны қалыптастырудың моделі
негізделді.
Болашақ мұғалімдерді өлкетану жұмысына кәсіби даярлаудағы тәжірибелі
педагогикалық жұмыстар атты екінші тарауда болашақ мұғалімдерді
педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудағы мүмкіндіктері
қарастырылып, оның тиімділігін қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар
анықталды. Арнаулы Педагогикалық өлкетану курсының мазмұны мен
бағдарламасы ұсынылып, зерттеудің әр кезеңдеріндегі тәжірибелік –
педагогикалық жұмыстың мазмұны, барысы мен нәтижелері баяндалды.
Қорытындыда болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына
дайындауды жетілдіру бойынша нақты тұжырымдар мен ұсыныстар берілген.
Қосымшада болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына дайындау
бойынша әзірленген негізгі әдістемелік материалдар, Педагогикалық
өлкетану арнаулы курсының бағдарламасы ұсынылған.

Негізгі бөлім
Қандайда болмасын елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар
қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің
дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттілігі күмән тудырмайды.
Жастардың ақыл – ой тәрбиесін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді
құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы артық болмақ.
Жеке тұлғаның өлкетанымы, кең көлемде алғанда, әлеуметтік ортамен
адамгершілік қарым – қатынаста болуымен қатар, оның салт – санасы, бағыт
бағдары сыртқы ықпалдарды қабылдап, оны ішкі жан дүниесінен өткізіп, өзінің
өмірлік іс - әрекетіне, қызметіне бағдарлап қабылдауымен қатар, ынта
жігерін болашаққа негіздеп, өз іс - әрекетін бағамдап, басқара білуге
дағдыланады. Сонымен бірге, жеке тұлғаның тұтас даму процесінде тарихи
әлеуметтік орта мен тәрбиелік тәжірибе ерекшеліктеріне орай, оның дербес
өмірлік белсенділігінің арқасында, өлкетанымның көлемі де тереңдеп арта
бермек.
Әр адамның айналасын қоршаған өлке жайлы ұғым – түсініктердің жоғарғы
сапасы – сенім, соның негізінде жеке тұлғалардың алдында тұрған мұрат,
мақсаттарының дұрыс – бұрыстығы да сенім деңгейіне байланысты, оларды іс –
жүзіне асыру, әр жеке адамның қабілет – бейімдері көлемімен сипатталады.
Өлкетануды зерттеудің ғылыми әдіснамалық негізі – диалектикалық
заңдылықтар. Сол ілімге сүйене отырып, біз өлкетануды зерттеуде адам,
қоршаған орта, қоғам тұтастығына негізделген диалектикалық, обьективті
дүниені танудың ғылыми заңдылықтарын басшылыққа алдық. Философтар
Ж.М.Әбділдин, А.С.Балғымбаев, К.А.Әбішев, Б.М.Кедров, А.М.Коршунов,
В.А.Лекторский және т.б танымдық ынтаны қалыптастырудың субъекті –
объектілік қатынас ерекшеліктерін анықтаған.
С.Д.Дерябо, В.А.Ясвин философиялық еңбектерге сүйеніп, адамның
табиғатқа қатынасын онтогенездік жағынан жіктеп көрсетеді.
Диалектикалық философияның негізгі әдіснамасының бірі – зерттеуді
жүйе түрінде қарастыру. Жүйе дегеніміз - өзара байланысты компоненттер
тұтастығы.
Қоршаған ортаға көзқарас, оның шығу тегі мен адамның орнын анықтау,
адам мен өлке арақатынасының сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі
заңдылықтарын танып білу философиялық өлкетанымның негізгі мәселелерінің
бірі.
Осы орайда, зерттеу жұмысымыздың алдындағы міндет - болашақ
мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярлығын
қалыптастырудың әдіс - тәсілдерін анықтау.
Оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда өлкетану жұмыстарының
педагогикалық құндылығын ерте кезде – ақ түсінген. Алғашқы өлкетанымдық
зерттеулердің алғы шарттарын біз көне дәуір оқымыстылары Геродот,
Эмпедокл, Гиппократ, Теофсраст еңбектерінен байқауымызға болады. Өлкенің
құбылыстарын зерттеушілер өсімдіктер мен жануарлар әлемінің қоршаған ортаға
тәуелділігін қарастырған.
Қазақ халқы ежелден – ақ қоршаған орта болмысын, оны бүкіл өзінің
шаруашылығының дамуы мен қалыптасуының, тіршіліктің даму жүйесінің көзіне
айналдыра білген. Қазақтың көшпелі өмірінің өзінде табиғатты пайдаланумен
қатар, оны аялаудың, қорғаудың тамаша үлгілері қалыптасқанын байқауға
болады.
ХІХ ғасырдың соңына қарай педагогика саласында табиғаттану атты
маңызды бағыт қалыптасты. В.Е.Глуздовский, И.М.Греве, С.Н.Боголюбский,
Г.И.Иванов бастауыш және орта мектеп бағдарламасына жергілікті жердің
географиясы, тарихы, табиғаты сынды пәндер енуі керек екендігін көрсеткен.
Алғашқы рет өлкетану аталатын ұғым ХХ ғасырдың басында пайда
болды. Бұны бірінші 1914 жылы тарихшы - әдіскер В.Я.Уланов және сібірлік
географ – мұғалім И.Н.Маньков пайдаланды. 20 – шы жылдардағы өлкетану
зерттеушілік әдістемені жүзеге асыруға ықпал етті, мектептің оқу процесі
мен сыныптан тыс жұмыстардың оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін
үлкен мәні болды.
Қазақстанда өлкетанудың дамуы аса көрнекті мемлекет қайраткерлері
С.Аспандияров, М.Д.Жолдыбаев, Ә.Жангелдиннің есімдерімен байланысты.
О.Жандосовтың Познай свой край мақаласы өлкетану саласына елеулі үлес
қосты. В.Д.Гордецкийдің Материалы для школьных экскурсий в Джетысу атты
оқу құралы Жетісу аймағындағы оқу орындарына таратылды. Бұл мектеп
оқушылары мен мұғалімдерге арналған алғашқы өлкетану саласындағы оқу құралы
еді.
Көрнекті тарихшы – ғалым С.Аспандияров - өлкетану ісі патриоттық
тәрбие беруде маңызды роль атқаратындығын дәлелдеген. А.С.Барков
студенттерді оқытуда өлкетанудың маңыздылығын атап көрсетті.
Ұлы Отан соғысының соңына қарай өлкетану оқушыларды социалистік
патриотизмге және ғылыми дүние танымдық көзқарасын қалыптастырудың құралы
бола бастады.
50 – жылдардың соңында өлкетануды адамгершілік тәрбиесімен
ұштастырған С.Д.Бабишиннің, Л.Н.Касумованың, Н.К.Котовичтің,
Н.Г.Лохичеваның, Н.В.Рубанованың еңбектері жарық көрді.
Өлкетаным мәселесін ғылыми тұрғыда талдаудың философиялық,
психологиялық және педагогикалық қорытынды нәтижелері төмендегідей тұжырым
жасауға мүмкіндік береді. Адам өлкетанымы оның тұрмыс – тіршілігіндегі
басқа да қажеттіліктерін қозғаушы күші, қоршаған ортадағы іс – әрекетінің
бағыт – бағдарын реттеуші болып саналады. Ол адамның жеке және жас
ерекшелігіне, қоршаған ортаға көзқарасына, өмірлік тәжірибесіне және
қоғамдағы әлеуметтік – психологиялық ұстанымына байланысты. Өлкетанымды
адам идеясының қоршаған орта жөніндегі ғылыми, философиялық, қоғамдық –
әлеуметтік, психологиялық – педагогикалық көзқарастардың және іс –
әрекетінің бағыт – бағдарын айқындайтын тұтас жүйесі ретінде қарастыруға
болады.
Жалпы ғылыми әдебиеттерге талдау және сараптау жасау бізге
педагогикалық өлкетану ұғымын анықтауға мүмкіншілік берді. Педагогикалық
өлкетану дегеніміз – тұлғаның туған өлкені - жүйелі және жан – жақты
танып білуі, оның қоғамдық өмір мен педагогикалық процесстегі мақсатын,
мазмұны мен құндылығын ескере отырып жүзеге асырудың құралдары мен әдіс -
тәсілдерін меңгеруі.
Осы анықтама негізінде, даярлық теориясының негізгі қағидаларына
сүйене отырып біз болашақ мұғалімдердің педагогикалық өлкетануға даярлығы
деген ұғымға келесі анықтаманы береміз: Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
өлкетану жұмысына даярлығы дегеніміз танымдық, құндылық– бағдарлы,
практикалық іс - әрекеттер негізінде оқушыларға өлкетанымдық сапаларды
қалыптастыру мүмкіншілігі.
Педагогикалық өлкетану және педагогикалық өлкетанымдық іс -
әрекет деген ұғымдар бір – біріне ұқсас. Педагогикалық өлкетану өзінің
туған жерін жан – жақты іс - әрекет арқылы танып білу деген толықтай
дәлелденген түсінікке ие.
Педагогикалық өлкетану жұмысының ерекшелігі әр түрлі оқиғаларды,
дәлелдерді анықтау және оқып үйрену процесі тек мұғалімнің басшылығымен
жеке тұлғаның ізденушілік – өлкетанымдық әрекетінде іске асырылады.
Педагогикалық өлкетану болса негізінен мақсатты ұйымдастырылған оқу –тәрбие
процесін қамтиды. Педагогикалық өлкетанудың бағыттары негізінен ғылыми
өлкетану бағыттарына ұштасып келіп жатады, оларға негізделеді немесе жаңа
мазмұнмен толықтырылады.
Педагогикалық өлкетану жұмысына болашақ мұғалімнің даярлығы деп, үш
компоненттен тұратын құрылымды айтамыз: танымдық (когнитивті), құндылық –
бағдарлы, және практикалық.
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық өлкетану дұмысына даярлық
компоненттерінің мазмұны белгілі жүйеден тұрады:
Танымдық компоненттің құрамы:
- табиғат, тарих, әдебиет, мәдениет, туған өлкенің дәстүрлері (идеялар,
деректер) туралы білімдер жүйесі;
- өлкетанудың психологиялық–педагогикалық мүмкіндіктері және оқытудың
өмірмен байланысы принципін жүзеге асыру туралы білімдер жүйесі;
- өлкетанымдық іс – әрекетті ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесі туралы
білімдер жүйесі;
- кәсіби іс – әрекетті туған өлке туралы білімді толықтыру және қолдануға
ұмтылыс.
Құндылық – бағдарлы компоненттің құрамы:
- жергілікті өлкенің құндылығын құрметтеу;
- кәсіби іс–әрекетте педагогикалық өлкетану бойынша, мұғалімнің
психологиялық позитивті бағдары;
- жергілікті өлке туралы білімдерін толықтыруға ұмтылыс және қажеттілік,
өлкетанымдық біліктерін жетілдіру;
- жергілікті өлке өмірінің әртүрлі жақтарына мақсатты бағыттылығына
тұрақты қызығушылық;
- мұғалімнің жұмысындағы өлкетанымдық аспектісінің маңызын түсінуі және
өлкетанушылық даярлығының қажеттілігі;
- өлкетанымдық іс – әрекеттің тиімділігіне бағыттылық;
- әдемілікті қабылдауға және жергілікті өлкенің табиғат үйлесіміне
позитивті бағдар.
Практикалық компоненттің құрамы:
- өлкетанудың көздерін табу және қолдану біліктері;
- өлкені зерттеу біліктері (практикалық жұмыс, жоспар, сызбалар);
- алынған білімді және материалдарды оқу процесінде қолдану білігі;
- оқушылармен оқу және оқудан тыс тәрбиелік өлкетанымдық іс – әрекетін
ұйымдастыру білігі;
- оқушыларда туған өлкеге деген адамгершілік қатынастарды қалыптастыру
білігі;
- ата – аналармен өлкетану бойынша ағарту жұмысын жүзеге асыру білігі.
Педагогикалық өлкетану бойынша, болашақ мұғалімдерді дайындаудың
өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау үшін де, өлкетанымдық іс – әрекеттің
компоненттері қарастырылады. Педагогикалық өлкетанымдық іс – әрекеттің
компоненттері ретінде: танымдық, құндылық – бағдарлы, практикалық
компоненттер алынады.
Танымдық компонент - оқушылармен жұмыста туған өлке туралы өз
білімдерін жинақтау және жаңартуға деген үздіксіз ұмтылыс арқылы көрінеді.
Құндылық – бағдарлы компонент - оқушылардың сүйіспеншілік және борыш
сезімдерін қалыптастыру үшін, оның мәні мен мүмкіндіктерін сабақта және
оқудан тыс түсіну, тиімді кәсіби іс – әрекетте жүзеге асыру үшін, туған
өлкені мұғалімнің тану қажеттілігіне белсенді кәсіби бағыттылығы арқылы
көрінеді.
Кәсіби – педагогикалық (практикалық) компонент - оқушылардың
практикалық және зерттеу іс – әрекетін ұйымдастыру, арнайы білім, білік
және дағдыларды қолдану нәтижесінде, мұғалімнің практикалық – зерттеу іс –
әрекетін жүзеге асыруда көрінеді.
Бұл өлшемдер болашақ мұғалімдердің кәсіби – өлкетанымдық іс –
әрекетке дайындығының негізгі сфераларын сипаттайды.
Аталған өлшемдер мен көрсеткіштерінің көмегі арқылы, педагогикалық
өлкетану жұмысына болашақ мұғалімдердің кәсіби даярлығының қалыптасу
деңгейін анықтауға болады.
Педагогикалық өлкетанудың әрекеттік сипатын ескере отырып, біз келесі
деңгейлерді анықтадық: пассивті – тұрмыстық – төмен, теориялық – орта,
әрекеттік – ізденістік – жеткілікті, қолданбалы зерттеу – жоғары.
Педагогикалық өлкетану бойынша болашақ мұғалімдерді кәсіби
дайындығының әрбір өлшемдері мен деңгейлерінің көрсеткіштері төмендегі
кестеде көрсетілген.

Кесте 1 - Педагогикалық өлкетану жұмысына болашақ мұғалімдердің
кәсіби даярлығының өлшемдері мен деңгейлерінің көрсеткіштері

Деңгейлер мен
Компоненттер көрсеткіштер
мен өлшемдер
Пассивті – Теориялық Әрекеттік - Қолданбалы
тұрмыстық ізденістік зерттеу
Педагогикалық Педагогикалық ПедагогикалықПедагогикалық
Танымдық өлкетану туралыөлкетанудың өлкетану өлкетану туралы
білімі жүйесіз.бір жақтары туралы терең,жүйелі, терең,
Өлке туралы Оларды кәсіби туралы жалпы жан - жақты жан-жақты білімі
білімдерінің педагогикалық білімдердің білімдері байқалады.
жүйелілігі меніс-әрекеттерді болуы мүмкін. бар. Оларды Оларды
жан-жақтылығы меңгеру Бұл білімдердітолықтыруға толықтыруға
барысында қажет болған тұрақты деген тұрақты
толықтыруға жағдайда ғана ұмтылыс бар. ұмтылыс бар.
деген ұмтылыс толықтыруға
нашар. ұмтылады.





1- кестенің жалғасы
Педагогикалық Педагогикалық Өлкетану Өлкетанудың
Құндылық – өлкетану туралыөлкетануға жұмысының кәсіби
бағдарлы білімдерге деген кәсіби педагогикалық
қызығушылық қызығушылық педагогикалық іс–әрекетегі
Туған өлке шамалы, олардыңтұрақты, бірақіс–әрекетке тиімділігін
туралы кәсіби әлсіз екендігіқажеттілігін терең түсінеді.
материалдардыңпедагогикалық байқалады, саналы ұғынады.Педагогикалық
мұғалімнің іс–әрекетте оның кәсіби Жалпы өлкетануға
кәсіби деген педагогикалық педагогикалық деген тұрақты
іс-әрекетте қажеттіліктерініс–әректтегі өлкетану қызығушылық, оны
қолдану сезіну төмен. маңыздылығын жұмысына деген үнемі ізденіс
құндылығы сезіну сыртқы тұрақты пен зерттеуге
әсерден пайда қызығушылық ұмтылтады.
болады. байқалады.
Өлке туралы Туған өлке Жергілікті өл -Педагогикалық
Практикалық білімдерді туралы білім –ке туралы бі - өлкетанымдық
педагогикалық дерді кәсіби лімдерді кәсібибілімдерін іс
Мұғалімнің іс-әрекет педагогикалық педагогикалық жүзінде шебер
өлке тануда барысында іс-әрекетте іс – әрекетте қолдана алады.
оқушылардың қолдану қолдану білігіжақсы қолдана Оның формалары
практикалық біліктері орташа. алады. мен
және зерттеу нашар. Оларды Балалардың Балалардың әдіс-тәсілдерін
іс жетілдіруге ізденіс пен зерттеу мен белгілі бір
–әрекеттерін деген ұмтылыс практикалық практикалық ісмақсатқа сай
жүзеге асыруы байқалмайды. іс–әрекеттерін- әрекеттерін тиімді және
ұйымдастыруда ұйымдастыра шығармашылық
үлкен алады. Үнемі -пен
қиындықтарға шығармашы – ұйымдастырады.
кездеседі. лыққа ұмтылысы
байқалады.

Педагогикалық өлкетану жұмысына болашақ мұғалімдерді кәсіби
даярлау процесі өзінің құрамына келесі компоненттерді енгізеді:
субъектілер, мақсат, міндеттер, мазмұн, формалар, әдістер мен нәтижелер.
Болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындаудың мақсаты ретінде, олардың
педагогикалық өлкетануға деген даярлығын қалыптастыру алынады.
Педагогикалық өлкетану, Болашақ мұғалімдердің педагогикалық
өлкетануға даярлығы ұғымдарына, педагогикалық процесс және кәсіби даярлау
теорияларына негізделіп, жүйелі тәсілді қолдана отырып, болашақ
мұғалімдердің педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығының құрылымдық
моделін жасадық.
Модельдеу – дамушы процестерді құру, жағымсыз немесе қиындық тудыратын
факторларды жою, оларға қарама–қарсы факторларды құру. Модельдеудің көмегі
арқылы педагогикалық процеске қатысушылардың дамуын қамтамасыз ететін,
педагогикалық технология құрылады.
Теориялық қағидалар педагогикалық өлкетану, болашақ
мұғалімдердің педагогикалық өлкетануға даярлығы ұғымдарының анықтамалары
және оның кұрылымының мазмұны бізге төмендегідей графикалық түрде болашақ
мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына кәсіби даярығын қалыптастыру
процесінің моделін көрсетуге мүмкіндік берді.



С
У
Б
Ъ
Е
К
Т

О
Қ
Ы
Т
У
Ш
Ы

Сурет 1 - Болашақ мұғалімдерді педагогикалық
өлкетану жұмысына
кәсіби даярлығын қалыптастыру
процесінің моделі
Сонымен, педагогикалық өлкетану бойынша болашақ мұғалімдердің
даярлығы – жеке тұлғаның моральды – ерікті сапаларымен бекітілген, өзара
байланысқан, әлеуметтік маңызды мотивтер, мінез – құлық тәсілдері, білім,
білік пен дағдылардан тұратын біртұтас құбылыс.
Модельдің инвариантты жүйесін құрушы элементтері ретінде болашақ
мұғалімдердің кәсіби – өлкетанымдық дайындығының мақсаты, міндеттері және
нәтижелері алынды.
Вариативті элементтер ретінде болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау
процесін басқарудың көмегі арқылы жүзеге асырылатын әдістер, құралдар және
ұйымдастырушы – педагогикалық жағдайлар алынады.
Аталған модельдің қызмет етуі келесідей жүзеге асырылады: мақсатқа,
міндеттер және ұйымдастырушы – педагогикалық жағдайларды сақтауға сәйкес,
білім беру процесінің субъектілері педагогикалық өлкетану бойынша, кәсіби
дайындықтың мазмұнын меңгеру, бірлескен іс–әрекетті жүзеге асырады. Бұл
дайындықтың нәтижелері зерттеледі, талданады және мақсатпен сәйкестігі
тексеріледі. Қажет болған жағдайда, білім беру процесіне қойылған
мақсаттарға жетуге ықпал ететін, түзетулер енгізіледі.
Осылайша, аталған модел өзін–өзі реттейтін жүйе болып саналады және
педагогикалық өлкетану бойынша, болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының
педагогикалық ұйымдастырылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби даярлаудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Болашақ тарих пәні мұғалімінің кәсіби маңызды сапаларын қалыптастырудың көкейкесті мәселелері
12 жылдық мектепке көшу бағытындағы мұғалімнің инновациялык даярлығын қалыптастыру
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын қалыптастыру
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Болашақ мұғалімдерді қыш материалдарынан бұйымдар жасау технологиясын кәсіби іс-әрекеттерде пайдалануға даярлау
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте халық ойындарын оытуда қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану
Пәндер