Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану


Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану
13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
Ғылыми жетекшілері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Керімов Л. К.
филология ғылымдарының кандидаты,
доцент Баймахан Т. М.
Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Кеңесбаев С. М.
педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Тұрсынбаев А. З
Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ Ұлттық
педагогикалық университеті
Қорғау 2008 жылы «___»сағат Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 61. 35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2008 жылы «___»таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Беркімбаев К. М.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамның дамуының қазіргі кезеңі, елімізде болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында "Білім беру мазмұны шетел тілін және информатика негіздерін ертерек оқытумен толықтырылатын болады"- деп қарастырылған. Сондай-ақ мектепте оқушыларды шетел тіліне баулу мәселесі кеңінен қолға алынғанын көрсетеді.
Бұл негізінен мектептегі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, арнайы даярлығы бар шетел тілі мұғалімдерін даярлауды жетілдіруді алға тартады.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі - білім беру жүйесінде оқыту үдерісін технологияландыру. Осыған орай педагогикалық үдеріске қатысты әртүрлі технологиялар жасалып білім беру жүйесінің құрылымдарына кеңінен енуде.
Шетел тілдерін оқу пәні ретінде оқыту кеңестік кезеңнен бастап алғанымен негізінен орта мектепте жүзеге асырылған. Осы бағытта көптеген педагог- ғалымдардың еңбектері (Пассов Е. И., Старков А. П., Комков И. В., Гез Н. И., Рогова Г. В., Рахманов И. В., Маркова Т. В. т. б. ) жарық көрді. Олардың негізгі мазмұны мектепте шетел тілдерін оқытудың мазмұнын анықтау, оқытудың әдістемесін нақтылау, оқытуды жетілдіру, т. б. бағыттарды жүзеге асырды.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлау мәселесін басқа да бірқатар пән мұғалімдерін даярлаудың жалпы педагогикалық мәселелерінен бөліп қарастыру мүмкін емес. Сондықтан, біз зерттеу мәселеміздің өзектілігін анықтауда С. И. Архангельский, О. А. Абдуллина, Ф. Н. Гоноболин, Э. А. Гришин, Т. А. Ильина, Н. В. Кузьмина, И. Т. Огородников, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель, А. И. Щербаков және т. б. ізденіс нәтижелерінің үлкен маңызы бар. Болашақ мұғалімдерді даярлаудың сала бойынша мәселесімен көптеген ғалымдар (Г. К. Ахметова, Б. А. Әлмуханбетов, У. Н. Нишаналиев, В. И. Гусев, т. б. ) шұғылданған.
Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлаудың жалпы мәселесі және оларда жаңалықты енгізуге сәйкес оқыту үдерісі бойынша зерттеу нәтижелері қазақстандық педагог- ғалымдарымыздың Б. А. Әбдікәрімов, А. Е. Әбілқасымова, Қ. Бөлеев, К. Ә. Дүйсенбаев, С. М. Кеңесбаев, Ж. К. Оңалбек, Қ. Ералин, М. А. Құдайқұлов, Б. К. Момынбаев, М. С. Молдабекова, О. Сыздықов, А. А. Калюжный, К. М. Беркімбаев, А. З. Тұрсынбаев және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.
Біздің зерттеу жұмысымыз үшін шетел тілін мектепте оқытуға мұғалімдер даярлау еңбектері қызығушылық танытады. Осы бағытта жүргізілген Л. А. Желтоватых, В. М. Поляков, А. Е. Карецкий, И. Н. Верещагина, В. А. Ким, Н. Н. Дьяков, Г. К. Кулжанбекова, Ұ. Т. Нұрманалиева, Е. К. Нұрланбекова, Д. Н. Асанова және т. б. ғалымдардың еңбектері болашақ шетел тілі пән мұғалімдерін даярлаудың, қарастырып отырған педагогикалық жүйенің сыртқы құраушылары арқылы оқытудың нәтижесін арттыруға бағытталады.
Соңғы уақыттардағы жүргізілген зерттеу жұмыстарының ішінен Ұ. Т. Нұрманалиеваның "Электронды оқулық негізінде ағылшын тілі сабағын өткізуге болашақ мұғалімдерді оқыту әдістемесі" тақырыбы жаңа оқытудың технологиясына сәйкес мұғалімдерді даярлаудың нақты әдістемелік мәселесін қарастырады.
Жоғарыдағы зерттеулердің бағыттары ағылшын тілі мұғалімдерін даярлаудың нақты мәселесін шешуге бағытталғанымен мектептің педагогикалық жүйесіндегі өзгеріске жаңа педагогикалық технология арқылы даярлау мәселесін зерттеу нысанасы ретінде қарастырылмаған.
Осыған байланысты жоғары мектепте шетел тілі мұғалімдерін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлау қажеттілігі және бұл мәселенің жоғары оқу орындарындағы оқыту теориясы мен практикасында нақты шешім таппағандығының арасында қарама-қайшылық орын алып отырғандығы байқалады.
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің дайындығын қамтамасыз ету жоғары оқу орындарында соңғы жылдары мектеп оқушыларының тілдерді үйренуге деген қажеттілігіне байланысты жақсы қолға алына бастады. Алайда, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлаудың теориялық- әдістемелік мәселелері нақтыланбаған.
Сондықтан, біздің зерттеу мәселеміз болашақ шетел тілі пәні мұғалім-дерін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлау болып табылады. Бұл мәселе біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтайды. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру бізге зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: "Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін кәсіби даярлауда жаңа педагогикалық технологияны пайдалану" деп таңдауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы даярлауды теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу және тәжірибелік-экспериментте тексеріп қорытындысын шығарып, ғылыми негізделген ұсыныстар беру.
Зерттеудің нысаны - болашақ мұғалімдерді жоғары оқу орындарында кәсіби даярлау жүйесі.
Зерттеудің пәні - болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы кәсіби даярлау үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлауды жетілдіруге ғылыми-теориялық тұрғыдан анықталған педагогикалық технологияларды жүзеге асыру негіз болса; жаңа педагогикалық технологияларды оқу үдерісінде пайдаланатын болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін дайындауды жетілдірудің теориялық негіздері анықталып, ғылыми тұрғыдан нақтыланса және даярлықты практикалық тұрғыдан ұйымдастыру әдістемесі жасалынса; жоғары оқу орындарындағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың мазмұны жаңа педагогикалық технологиялар арқылы іске асырудың әдістері, тәсілдері анықталса, онда олардың дайындық деңгейі жоғарылайды, өйткені, бұл ЖОО-да шет тілі мамандарын даярлаудың тиімділігін жетелдетеді.
Зерттеудің міндеттері:
- болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы даярлаудың теориялық негіздерін айқындау және мәнін ашып көрсету;
- жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығының болжамды нобайын жасау, өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау;
- болашақ шетел тілі мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы даярлауды жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан айқындау;
- болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін зерттеліп отырған кәсіби іс-әрекеттер аспектісіне жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлаудың әдістемесін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру, қорытынды нәтижесін шығару.
Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері - табиғат, қоғам, ой дамуының жалпы заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі, жүйелі-құрылымдық қатынас, философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы; кәсіби дайындық теориясы.
Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қаулы-қарарлары; “Білім туралы” заңы, "Білім" бағдарламасы, философтардың, психологтардың, педагогтардың, тілтанушылардың еңбектері; Қазақстан Республикасы орта білім және кәсіптік жоғары білім мемлекеттік стандарттары; жоғары педагогикалық оқу орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу әдістері: зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектептер мен жоғары оқу орындарының тәжірибелерін зерделеу, талдап қорыту; оқу-әдістемелік құжаттарды (шетел тілі пәні мұғалімін даярлаудағы оқу жоспарын, оқу бағдарламаларын, оқу құралдарын) талдау; жоғары оқу орны басшыларымен және осы оқу-тәрбие мекемесінің студенттерімен әңгімелесу, сауалнама жүргізу; бақылау, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірибелік-эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістерін, математикалық статистика әдістерін пайдалану.
Зерттеудің жетекші идеясы - болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы даярлау теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, олардың білім сапасы артады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
І кезеңде (2002-2003 жылдары) - зерттеудің теориялық тұжырымдық негіздері анықталып, жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді даярлаудың педагогикалық тәжірибелері талданды.
ІІ кезеңде (2004-2005 жылдары) - “Шетел тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша оқу жоспарындағы зерделенетін психологиялық-педагогикалық, арнайы, қолданбалы және әдістемелік пәндер, оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу және әдістемелік құралдарға талдау жүргізілді. Олардың зерттеу мәселемізге байланысты қайшылықтары анықталды. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлаудың кезең бойынша қалыптастыру әдістемесі негізделді. Болашақ шетел тілі пәні мұғалімінің кәсіби дайындығының зерттеліп отырған аспектісін жүзеге асыру бойынша тәжірибелі-педагогикалық жұмыстардың мазмұны анықталды. Анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттерді іс-жүзіне асырудың бағдарламасы түзілді.
ІІІ кезең (2005-2007 жылдары) - “Шетел тілі: екі шет тілі” мамандығы бойынша болашақ пән мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы кәсіби іс-әрекетіне дайындығын қалыптастырудың біздер ұсынған әдістеменің тиімділігін тексеру мақсатымен тәжірибелі-педагогикалық жұмыс жүргізілді; алынған нәтижелер талданып, қажетті түзетулер енгізілді, қорытындылар жасалынып, нұсқаулар даярланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін дайындаудың психологиялық-педагогикалық негізі айқындалды;
- “жаңа педагогикалық технология”, “жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы” ұғымдарының педагогикалық мәні ашылды, оның ғылыми-әдістемелік негізделген нобайы, өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды;
- болашақ шетел тілі мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология арқылы даярлау ғылыми-педагогикалық тұрғыдан айқындалды;
- болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін кәсіби іс-әрекеттер аспектісіне жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлаудың әдістемесі сынақтан өткізілді және алынған нәтижелерді практикаға ендіру мүмкіндіктері ғылыми-әдістемелік нұсқау ретінде белгіленді.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеудің нәтижелерін шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлайтын жоғары оқу орындарында және жалпы білім беретін мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарында, үздіксіз білім беру ісінде пайдалануға болады.
Болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығын жетілдіруде “Ағылшын тілін үйретудің интерактивті жаттығулар жинағы” атты әдістемелік құралды жоғары оқу орындарында болашақ ағылшын тілі пәні мұғалімдерін даярлау үдерісінде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
-“жаңа педагогикалық технология” ұғымының мәні, “жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы” ұғымының ғылыми-педагогикалық негізі, мәні, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері;
- жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығы мазмұнын модельдеуде және ұйымдастыруда процессуальдық-технологиялық қатынасты пайдалану;
- болашақ шетел тілі мұғалімдерін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлауды жүзеге асыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан ұйымдастыруы;
- болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін кәсіби іс-әрекеттер аспектісіне жаңа педагогикалық технологиялар арқылы даярлаудың әдістемесі, тәжірибелік-эксперимент нәтижелерін қорыту, әдістемелік ұсыныстардың берілуі.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу жұмысының әрбір кезеңінің міндеттеріне сәйкес педагогикалық зерттеу әдістері кешенін қолдануымен, тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелерінің тиімділігін тексеріп, өңдеумен және алынған деректер талдау қорытындысымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің базасы. Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М. О. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан Халықтар Достығы университеті, Қазақ-Ресей университетінің Түркістан филиалы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асырылды және халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-практикалық конференцияларда (Шымкент, 2005; 2006 Түркістан, 2004; 2005; 2006; Көкшетау, 2006; Қарағанды 2006; Алматы 2007; ), Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің профессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында және оқу-әдістемелік бірлестік отырыстарында талқыланып, басылым көрген мақалаларда көрініс тапты.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің ғылыми аппараты: өзектілігі, мақсаты, нысаны, пәні, зерттеудің ғылыми болжамы, міндеттері, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері көрсетіліп, диссертацияның практикалық мәнділігі, ғылыми жаңалығы және қорғауға ұсынылатын қағидалар баяндалады.
“Болашақ шет тілі мұғалімдерін даярлаудың теориялық негіздері“ атты бірінші бөлімде ЖОО болашақ мұғалімдерді даярлаудың психологиялық, педагогикалық негіздері баяндалады; болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін дайындауды жетілдіруді жүзеге асырудың даму тарихына, дайындау мазмұны мен әдістеріне ғылыми-педагогикалық тұрғыдан мазмұндық сипаттама беріледі; шетел тілі мұғалімдерінің іс-әрекетіне кәсіби бағытта дайындаудың жаңа педагогикалық технологиялары қарастырылады; жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ шетел тілі мұғалімдерін даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалады; жаңа педагогикалық технологиямен оқытудағы болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерінің даярлығының болжамдық нобайы, оның өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері белгіленеді.
“Болашақ ағылшын тілі мұғалімдерін жаңа педагогикалық технология бойынша кәсіби даярлау әдістемесі“ деп аталатын екінші бөлімде болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудағы оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдары зерделеніп, біз зерттеп отырған жаңа педагогикалық технология арқылы даярлықты қалыптастырудың біртұтас қарастырылмайтындығы сипатталады; болашақ шетел тілі пәні мұғалімдерін даярлаудың құралы ретінде студенттердің өзіндік жұмыстары белгіленеді; жаңа педагогикалық технология негізіндегі оқытудың әдістемелері беріліп; тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда теориялық және эксперименттік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Республикамыздағы саяси және экономикалық өркендеудің мәнділігі, нарықтық қатынастар жолы, ұлттық - мәдени тұрғыдан даму білім беру жүйесіне де ерекше талаптар жүктеуде.
Білім беру - қоғам мүшелерінің адамгершілік, мәдени және дене дамуы мен кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат ететін үздіксіз тәрбие мен оқыту үдерісі. Білім беру ісі шеберлікке, дағдыға баулудың өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке, мамандыққа үйретумен тиянақталады. Жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру деңгейлері ажыратылатыны белгілі.
Қазіргі уақытта ұрпақтан-ұрпаққа өмір тәжірибесін беруді жүйелі жүргізетін - мұғалім. Ал жастарды өмірге дайындау, қоғам талап етіп отырған деңгейде мұғалімдерді дайындаудың қажеттілігі ұдайы өзгерісте болады. Осыған байланысты А. Байтұрсыновтың мектепке керектісі білімді, әрі педагогика мен әдістемеден хабардар, оқыта білетін мұғалім екендігі жөніндегі айтқан пікірі бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ.
Психологиялық-педагогикалық зерттеу мәліметтеріне қарағанда (Ф. Н. Гоноболин, Н. В. Кузьмина, И. В. Страхов, В. А. Сластенин, А. И. Щербаков т. б. ) педагогикалық қабілеттің бірнеше түрі кездеседі. Олар: дидактикалық, академиялық, перцептивті, сөйлеу (экспрессивті), ұйымдастырушылық, коммуникативті, конструктивті, қолданбалы қабілеттер.
Мектеп мұғалімдері оқушылардың білімі мен іскерліктерін қалыптастыруда бірқатар іс-шаралар жүзеге асырады. Олар: гностикалық, практикалық (пән ерекшелігіне байланысты іскерліктер), зерттеушілік.
Болашақ мұғалімдерді даярлаудағы зерттеу жұмыстары үшін көптеген ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады. Зерттеудің төмендегідей бағыттары зерделенген: педагогикалық қабілет (Н. Ф. Гоноболин), педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы (Н. В. Кузьмина), мұғалімнің жеке тұлғасы (В. А. Сластенин, А. И. Щербаков), педагогтарды кәсіби іріктеу (Р. М. Хмелюк), педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру (И. П. Раченко), педагогикалық шеберлік (Ю. П. Азаров), педагогикалық іс-әрекет шығармашылық үдеріс ретінде (В. А. Кан-Калик), мұғалімнің политехникалық даярлығы (Ю. К. Васильев), т. б. Жекелеген оқу пәні мұғалімдерін даярлау қазіргі таңда да кең көлемде жүргізілуде.
Педагогикалық іс-әрекет саласына “технология” деген сөзді енгізу “индустриялдық” технология (Ф. Б. Гильбрейт, Ф. У. Тейлор және т. б. ) деген идеяға негізделген және ол оқытуда техникалық жабдықтарды қолданумен байланысты. Білім беру саласындағы педагогикалық технологияның басқа бағыттары оқу материалын талдау техникасын, мұғалім мен оқушылардың оқу іс-әрекетін (Т. А. Ильина) ұйымдастыруға, сонымен қатар педагогикалық технология ұстаздар мен оқушылардың аз ғана күш жұмсап ең жақсы нәтижелерге жетудің тиімді ұстанымдары мен әдістерін анықтауға бағытталған.
Сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялар оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесінде оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды.
“Жаңа педагогикалық технология” сөз тіркесін пайдалану үшін оның мәнін анықтап алу керектігі туындайды. Ол үшін алдымен “технология” ұғымының мазмұны жөнінде немесе ұғымының шығу мен қолдану аясын білу керек.
Педагогикалық, психологиялық сөздікте “Педагогикалық технология - педагогикалық үдеріс пен оған қатысушылар іс-әрекетін құраушы кезені, жәй - күйлері арасындағы өзара байланысты бірізділік пен үздіксіздік жұмысы. Ақпараттық технология да педагогикалық технологияның құрамдас бөлігі” болып табылады деп мазмұндалған.
Н. Ф. Талызина оқыту технологиясы - белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде оқытудың формасы, әдістері мен құралдарын ашып көрсетіп, оқу бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады деп айта келіп, оның құрылымын көрсетеді: оқытудың мақсаты; білім берудің мазмұны; педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту үдерісін ұйымдастыру; оқушы, оқытушы; әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі) .
Сондай-ақ Қазақстандық ғалымдардың Ж. Қараевтың, Ә. Жүнісбектің, Қ. Жанпейісованың және т. б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде білім беру жүйесінде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Оқушыларға шетел тілін оқыту үшін болашақ мұғалімнің өзі төмендегідей негізгі құзыреттіліктерді игеруі тиіс: лингвистикалық; коммуникативтік; лингвоелтану; кәсіби-бейімді (кәсіби-педагогикалық мақсат аясында), т. б.
Қазіргі уақытта болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын қамтамасыз ететін негізгі тақырыптар төмендегілер болып табылады: курстың сөздік тақырыптары (қазіргі қоғамдағы отбасы; қазіргі заманғы үй-тұрмыс; еліміздегі және шетелдердегі студенттердің оқуы мен өмірі; оқып-үйренетін тілдің елдері мен Қазақстандағы интернационалдық және ұлттық мерекелер; адам өміріндегі табиғат, жыл мезгілдері, оқып-үйренетін елдің және Қазақстанның климаты; қазіргі заманғы адамның киімдері, дүкендегі сатып алу, қазіргі заманғы мода) ; сөздік іс-әрекет түрлері бойынша жұмыс мазмұны мен қорытынды талаптар (әңгімелесу, диалогтық сөйлесу, монологтық сөз (аудирование, оқу), жазу және жазбаша сөз), т. б.
Орта мектепте шетел тілін оқытудың мазмұны төмендегі элементтерден тұрады: тақырыптар (денсаулық, білім, жағрафия және қыдыру, жол жүру, т. б. ) ; тілдік материалдар (лексика, грамматика), т. б.
Жоғары оқу орындарындағы пән бағдарламаларының мазмұны мектеп қабырғасындағы оқытылатын шетел тілі пәнімен байланысын, сабақтастығын және мектеп қабырғасындағы тақырыптарға сәйкес оқу тақырыптарын (оқу материалдарын) бір пән толық қамти бермейтінін көруге болады.
2002-2006 оқу жылдары аралығында жоғары оқу орындарында шетел тілі (ағылшын тілі) пәні мұғалімдерін даярлайтын оқу жоспарларының түрлеріне сәйкес жұмыстар талданды.
Зерттеуде байқағанымыз аз пайыз студенттер ғана шетел тілін оқытуға дайынмын деген ойын білдірді. Оның себептерін кейбіреулері оқыту әдіс-тәсілдерін білмейтінін жазса, кейбірі ағылшын тілінде еркін сөйлеудің толық мәнді игермеуін айтады, кейбіреулері мектептің оқу пәні бағдарламаларымен, оқулықтарымен жұмыс жасамағандығын мазмұндайды. Ал, шамамен 29% студент өзіне шетел тілін оқытатын оқытушылардың оқыту әдістемесіне қанағаттанарлық ойда еместігін білдірді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz