Германияға қарсы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС (1. 8. 1914 -11. 11. 1918) - дүние жүзін қайта бөліске салу жолында "Үштік одақ" (Австрия-Венгрия, Германия, Италия) пен Англия, Франция, Ресей коалициясы арасындағы саяси-экономикалык, қайшылықтардан туындаған соғыс. 19 ғ-дын аяғына таман бұл мемлекеттер арасында өз ықпал аймағын кеңейту үшін бәсеке күшейе түсті. 1879 ж. Германия Австрия-Венгриямен соғыс одағын жасасты, бұған 1882 ж. Италия қосылып, "Үштік одақ" құрылды. Алайда, 1914 жылдан бейтарап саясат ұстанған Италия кейін (1915) өзінің бұрынғы одақтастарына қарсы соғысты. "Үштік одаққа" Осман империясы мен Болгария қосылды. Оған қарсы 1907 ж. Англия, Франция және Ресейдің соғыс коалициясы - Антанта құрылды. Б. д. с. кезінде Сербия, Бельгия, Жапония. Италия, Румыния, Португалия, АҚШ, Грекия, Қытай және Латын Америкасының бірқатар елдері Антанта елдерімен одақтасты. 1914 ж 15 (28) маусымда Сараевода серб ұлтшылдары Австрия-Венгрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц Фердинандты өлтірді. Бұл оқиға халықар жағдайды шиеленістіріп жіберлі. Германия өз одақтасын қолдайтынын мәлімдегеннен кейін Австрия-Венгрия Сербияға 24 сағаттың ішінде орындауын талап етілген ультиматум тапсырып, қанағаттанарлық жауап ала алмаған соң. дипломатиялық қатынастарын үзді. Франция өз тарапынан одақтастары атдындағы міндеттерін орындауға дайын екендігін мәлімдеді. Англияның келісімге келтірмек болған әрекеттері еш нәтиже бермей, Австрия-Венгрия Сербияға 15 (28) шілдеде соғыс жариялады. Германияның

бейтарап саясат ұстану жөніндегі Франция мен Ресей қойған ультиматумы халықаралық жағдайды ушықтырып жіберді. Германия 19 (1) шілдеде Ресейге, 24 (3 тамыз) шілдеде Францияға соғыс жариялады. Германияға қарсы Ұлыбританияның доми-ниондары - Австралияң Канада, Жаңа Зеландия және Оңт. Африка Одағы соғысқа араласты. Соғысқа барлық құрлықтың 38 мемлекеті тартылды. Б. д. с., ең алдымен аталған державадардың экономикалык мүдделерімен, аграрлы елдердегі шикізат көздері мен оларды өткізу рыноктары үшін таласымен және отарлық үстемдікке ұмтылуымен сипатталды. Ұлыбритания мен Франция Б. д. с. қарсаңында-ақ нағыз отарлы империяға айналса. Германия дүние жүзін бөліске салу күресіне кешеуілдеп араласты. Соғыс барлық елдердің экономикасын күйзелтіп, адамзатты бұрын көрмеген қайғы-қасірет пен ашаршылыққа душар етті. Бұған дейінгі соғыстармен салыстырғанда Б. д. с. әскери-тех. жағынан жаңа, жетілдірілген негізде өтті. Соғыс кезінде теңіздерде 6 мыңдай сауда кемесі, 630-ға жуық әскери кеме, 1 мыңнан астам кіші кемелер қирап. суға батты. Америкалық экономист Э. Богарттың есептеуінше, Б. д. с. кезіндегі жалпы шығын - 359. 9 млрд. долл., оның ішінде: тікелей шығын - 208, 3 млрд. долл., жанама шығыны - 151, 6 млрд. долл. құраған. Бұған дейін болмаған алапат соғысқа қатысқан 70 млн. адамның 10 млн-ға жуығы опат болса. 20 млн-нан астамы жараланып, 10 млн-ға жуығы індет пен ашаршылықтан өлді. 4 жыл 3 ай 10 күнге созылған соғыс Германияның, оның одақтастарының жеңілуімен аяқталды. Б. д. с. барысында және ол аяқталған соң, Еуропаның әскери-саяси құрылымы өзгерді. Германия, Австрия-Венгрия, Ресей және Осман империялары ыдырады. 1919 ж. 28 маусымда Версальда (Франция) соғыстың аяқталғаны жөнінде Германиямен Версаль бітімшартына қол қойылды. Б. д. с. Ресей империясының құрамындағы қазақ халқына да зор ауыртпалық, әкелді. Соғыстың алғашқы 3 жылында Түркістан өлкесі мен Қазақстаннан 20299 мың пұт мақта, 300 мың пұт ет, 747 мың пұт балық, 299 мың пұт сабын, 70 мынжылқы, 13 мың түйе, 38 мың шаршы м киіз, 13441 киіз үй, 109 мың пұт мақта майы алынды. Қазақтар бұрынғы салықтан бөлек соғыс салығын да төледі. Азық-түліктің, күнделікті тұтынатын заттардың бағасының өсуі халықтың әлеум. жағдайын төмендетіп жіберді. Мындаған соғыс тұтқындары (көбіне, Австрия-Венгрия және Германия әскерлері) Қазақстанның солт. -шығыс және оңт. аудандарына әкелініп орналастырылды. Ақмола, Семей, Павлодар, Қазалы қалаларында әскери тұтқындарды қабылдайтын ірі арнаулы лагерьлер ашылды. Қазақ зиялылары осы жылдары елдің қоғамдық өміріне белсенді араласты. 1914 ж. жазда Ресей Мемлекеттік думасындағы құрамында қазақ қайраткерлері де бар мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен Санкт-Петербургте "Әскерлерге және олардың үйде қалған бала-шағаларына көмек көрсететін мұсылман комитеті" құрылды. Бұл комитеттің Қазақстан аумағында Атбасарда, Зайсанда, Шымкентте, т. б. жерлерде бөлімшелері ашылды. Торғай обл-нда ашылған комитет бөлімшесі 1914 - 17 ж. халықтан 226 мың 999 сом қаржы жинап, аталмыш мақсатқа жұмсады. Қазактар Ресейге мал, киіз, ақшалай көмек берумен қатар, өздері де тікелей соғысқа (С. Аспандияров, Н. Имагамбетов, Ә. Самұратбеков, т. б. ) аттанып, шептегі қара жұмысқа алынған қазақтарға көмек

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Потсдам конференциясында
Екінші дүниежүзілік соғыс туралы
Еуропадағы соғыс алдындағы дағдарыс
Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуы
Іі Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы үш бірдей конференциялардың негізгі тақырыбына айналған Германия (неміс) мәселесіне сараптамалық шолу жасап, толыққанды талдап беру
Потсдам конференциясының ашылуы
Адольф Гитлер дипломатиясы
Конференцияда көтерілген Германия мәселесі
Версаль шарты
Ұлы отан соғысы (1941-1945 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz