Жобалық - мектепгі, мұғалімді және окушыны дамыту жобаларын шешу қабілеттілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпаратгық және коммуникациялық технологаяны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталды. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.

Білім беруді ақпаратгандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұяттық модельді қалыптастыру-қазақстандық білім беруді сапалы дамыту үшін көтерудіңалғы шарты.

Аталған бағыттарды дамыту үшін нормативтік - құқықтық, материалдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр. Білім беруді қайта құру мұғалімнен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса олардың жеке тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғары талап койылады. Қазіргі уақьтта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құрулардағы педагогикалық процестің негізгі субъетісіне айналып отыр.

Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Ол бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің елемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.

Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оны оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттігі туындайды. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпараттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер Мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың көкейкестілігі жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалану білуге үйрету дайындау кезендерінің сапалығымен анықталады.

Қазіргі кезеңде білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар информатика мұғалімдерінің біліктілігін көтеру мен қайта даярлауда ерекше роль атқарады.

Информатика мұғалімдерінің біліктілігін көтеруге қойылатын талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың келесі құзырлықтарын қалыптастырудың деңгейлері қарастырылады:

І. Пәндік-мамандық қызметтеріне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабілеттілігі.

2. Аналитикалык бақылау - пәндік іс-әрекетгерін талдаумен бақылау;

3. Ұйымдастырушылық - оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу қабілеттілігі.

4. Коммуникациялық - "Мұғалім-Оқушы", "Оқушы-Оқушы", "Мұғалім-Ата-ана"және т. б. жүйелердегі карым-қатынасты проблемаларды шешу қабілеті.

5. Бейімделген - қазіргі жағдайдың өзгерістерімен талаптарына сәйкеспр схмаларды шешу қабілеттілігі.

6. Ынталық психологиялық - психологиялык,,

жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы өзара қарама-қайшылық шешу проблемаларын шешу қабілеттілігі.

7. Жобалық-мектепгі, мұғалімді және окушыны дамыту жобаларын шешу қабілеттілігі.

8. Ғылыми-ізденістік - мектептін, мұғалімнің және оқушының даму нәтижелерін зерттеуді ұйымдастыру және оны өткізу проблемаларын шешу қабілеттілігі.

Біліктілікті көтеру курстарындағы оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Мұғалім-ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалімнен жоғары құзырлықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.

Мұғалімнің білімі біліктілікті көтеру курстарымен шектеліп қалмауы керек. Олар үшін оқыту мен тәрбиелеушінің тұлғалық-бағдарламалық мәселелері, окушы деңгейіндегі ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдістері, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды таңдау тәсілдері, мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытуға бағытталған теориялық-методологаялық және әдістемелік проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негізгі бөлімдері ртінде карастырылуы керек.

Курс мазмұнын құрастырудағы модульдік принцип түрлі білім беру бағдарламаларын модульдеп сабақтастыруға мүмкіндік береді. Модульдік мазмұнды игеру барысында тыңдаушының кәсіби шеберлігінің өсуіне және өз қызметін жан-жақты бағалап, талқылаудан өткізуге өсерін тигізеді. Курстың моделін жасақтау барысында біз келесі мақсаттарды негізге алдық:

• біліктілікті көтеруді түрлі деңгейлермен қамтамасыз ету;

• тыңдаушылардың мамандық құзырлығын қалыптастыру;

• тыңдаушылардың өзін-өзі дамытуы мен жетілу жағдайларын қалыптастыру.

Тыңдаушылардың білім жетілдіру мазмұны бір-бірімен байланысқан үш блоктан тұрады:

Бірінші блок-модуль (инварианттық) - "ҚР білім саласындағы негізгі мемлекеттік саясатының бағыты" (6 сағат) . Бұл блок тыңдаушылардың әлемдік педагогикадағы инновациялық процестер туралы теориялық білімін және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесін дамыту тенденцияларын игеру мәселелерін қамтиды.

Екінші блок-модулъ - "Білім беру процесін әлеуметтігі-психологиялық жағынан қамтамасыз ету" (24сағат) :

Үшінші блок-модуль - "Пәннің мазмұны мен әдістерін жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістер" (56 сағат) тыңдаушының өзін-өзі дамуының, оқытушының жеке тұлғаны дамыту мехнизмін жетілдіру мәнін ашуға бағытталған.

Оқыту бағдарламаларын таңдау тыңдаушыларға жүргізілген тест пен сауалнама қорытындысы бойынша жүргізілуі қажет. Курстағы әрбір топқа жасақталған бағдарламаның мазмұнына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту – білім сапасын көтерудің басты шарты
Мұғалімнің тұлғалық бейнесі
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Педагог мамандарды даярлауда ақпараттық құзырлықты қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері
Мұғалімнің инновациялық даярлығы туралы зерттеу жұмыстары және оларға ғылыми талдау
Ақпараттық технологиялардың классификациясы
Ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдануда пән мұғалімдерін дайындау
Информатиканы оқыту әдістемесіне қойылатын талаптар
МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАС-ТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
География сабақтарында модульдік оқыту технологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz