Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру


Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы және практикасы
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі
Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында оны ақпараттандыру басым мәнге ие болып отыр. Жалпы бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінің қоғамдық даму негізі болып білім, ақпарат және ақпараттық технологиялар болып табылады. Соған сәйкесті өркениет дамуының қазіргі кезеңін ақпараттандырумен және ақпараттық қоғамды қалыптастырумен байланыстыру кездейсоқ нәрсе емес.
Қазіргі таңда республикамызда білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - бұл қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану негізінде біртұтас біліми ақпараттық орта құру арқылы қазақстандық білім сапасын арттыру. Сол себепті Қазақстан Республикасының білім жүйесін әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бағытталған жүйе есебінде сипаттауға болады. Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арнап қабылдаған білімді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қазіргі талап пен әлемдік стандартқа сәйкес келетін ұлттық білім жүйесін жасақтаудың проблемаларын шешуге арналған. Аталған проблеманың көкейкестілігі сонымен қатар Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында да көрініс тапқан. Атап айтсақ, қазақстандық жоғары оқу орындарына қойылған мақсат - әлемдік стандарт деңгейінде білім беру. Бұл аталған бағдарлама мен жолдаудың басты құндылығы- бұл еліміздегі білім беру жүйесін дүниежүзілік деңгейге көтерілетіндей баспалдақтардан өтуге бағыт беруімен қатар, оқушының бастауыш сыныптан бастап қоғам талабына сай біліммен қаруланып, оны кейінгі сатыларда терең деңгейде жетілдіріп, әлемдік білім беру кеңістігіне енуіне жол ашуы. Сондай-ақ бастауыш сыныпта қазіргі ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде қолдану оқушылардың білімді сапалы да шығармашылық деңгейде қабылдауларына мүмкіндік берумен қатар, олардың білімді енжар қабылдаушы ролінен осы үрдістің белсенді субъектісіне айналуына да қолайлы жағдай туғызуы.
Бүгінгі күні ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу қабілеті - қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу, жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Осыған орай, осы бағытта болашақ мамандардың меңгерген білімі мен дағдылары болашақта қоғам дамуының жолдарын анықтауға мүмкіндік бермекші. Сол себепті білім беруді ақпараттандыру педагогтарды даярлауда кәсіби қасиеттері мен деңгейлеріне жаңа талаптар ұсыну арқылы олардың жұмыстарында нақты қайта құруларды талап етуде. Педагогтарға программалау саласынан маман болу міндетті емес, өйткені оны сол мамандыққа сәйкес кәсіби дайындықтан өткен маман атқарады, алайда педагогтан программалаудан негізі түсінігі мен программист еңбегінің мәнін түсіне білу талап етіледі. Бұл өз кезегінде түрлі кәсіптегі мамандардың өзара тікелей және шығармашылық байланыс орната отырып жұмыс істеулеріне себепші болмақ. Қоғамға қажеттісі - кәсіби іс-әрекетке функциональды дайындығы бар ғана емес, сонымен бірге шығармашыл жеке тұлға болып қалыптасқан маман.
Компьютерлендіру мен ақпараттандыру проблемасына А. Бешенков, Б. С. Гершунский, А. Л. Денисова, В. А. Извозчиков, В. А. Каймин, А. А. Кузнецов, Э. И. Кузнецов, М. П. Лапчик, Н. В. Макарова, Е. А. Мащбиц, Ю. А. Первин, И. В. Роберт, Ю. А. Шафрин, А. А. Әдіқадыров, Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева және т. б. еңбектері арналған. Компьютерлерді білім жүйесінде қолданудың психологиялық аспектілері Т. В. Габай, В. В. Давыдов, Б. Ф. Ломов, В. Я. Ляудис, Е. И. Машбиц, В. В. Рубцов, Н. Ф. Талызина, О. К. Тихомиров, Н. А. Шаломова және т. б. еңбектерінде орын алған.
ҚАТ-ны білім беруде қолдану мен студенттердің жаңа ақпараттық технологияны қолдануға дайындығы, сондай-ақ оқушылардың, студенттердің ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру мәселелері И. М. Богданова, С. А. Хузина, Н. С. Астафьева, И. Г. Овчинникова, И. В. Марусева, А. В. Смирнов, Г. А. Кручинина, С. Кариев, Б. Б. Баймұханов, Т. О. Балықбаев, Д. М. Джусубалиева, К. С. Абдиев, М. Кеңесбаев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Бастауыш мектептің оқу үрдісінде компьютерлерді пайдалану, бастауыш сынып мұғалімдерін оларды қолдануға үйрету, информатика пәнін бастауыш мектепте оқыту проблемаларына В. А. Буцик, Огурцов, Н. В. Ладыженская, И. Б. Мылова, И. М. Богданова, Ю. А. Иванов, Т. В. Добудько, Т. Ф. Сергеева, Г. Г. Брусницына, И. В. Ряхинова, Т. К. Смыковская, С. А. Хузина, В. В. Варченко, И. О. Ивакино, В. И. Пугач, Т. Ильина, С. А. Зайцева, И. В. Левченко және т. б. ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары арналған .
Бүгінгі күні республика көлемінде білім беруді ақпараттандыру проблемасы төмендегі басты ғылыми мектептер негізінде жан-жақты және нақты зерттелу үстінде:
- профессор Г. К. Нұрғалиеваның білім беруді ақпараттандыру жағдайында электронды оқулықтарды дайындаудың педагогикалық мәселелері мен түрлі оқыту мақсатындағы программалық құралдарды жасау проблемалары (Ш. Т. Абишева, Г. Б. Ахметова, А. С. Кадырова, Г. Кудебаева, А. Х. Накпаева, Н. М. Сагитова, А. И. Тажигулова, Н. Даумов) ;
- профессор Ж. А. Қараевтың ақпараттық технологияны (компьютерді) жалпы орта білім беретін мектептің оқу үрдісінде, кәсіби дайындықта пайдалану және орта, жоғары оқу орындарында информатикаға оқыту проблемалары (М. Б. Есбосынов, С. В. Рах, К. З. Халикова, Ж. С. Сардарова, С. Т. Мухамбетжанова, Б. К. Тульбасова, Г. Г. Бегаришева, Б. Абықанова, О. К. Ахметова ) ;
- профессор Е. Ы. Бидайбековтың студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері (Ш. Шекербекова, Г. А. Абдулкаримова, Е. А. Вьюшкова, А. Ибашова және т. б. ) .
Соның ішінде республикамызда қазақ тілінде оқытылатын бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі мен бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттарын негіздеу мәселелері Д. С. Байғожанованың және А. Б. Медешованың ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттелген.
Ұсынылып отырылған зерттеу жұмысының көкейкестілігі сонымен қатар бастауыш сынып мұғалімінің барлық пәндерден сабақ беретін ерекшелігімен және бастауыш мектепке информатика мұғалімінің қазіргі таңда арнайы дайындалып жатпауымен, сондай-ақ математика және информатика мамандықтарын бітірген мамандардың бастауыш әдістемесі мен соған сәйкес қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшелігінен бейхабар екендігімен де анықталады.
Бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісін тек жалпы орта білімді ақпараттандыру деңгейінде ғана емес, сонымен бірге өзіндік нақты ғылыми және практикалық проблема есебінде қарастыру қажеттігі оқушылардың жас ерекшеліктері мен кез-келген жаңалықтарды қабылдаудағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Сонымен аталған ғылыми-зерттеу жұмыстары мен әдебиеттерге, озық тәжірибелерге жасалған талдау жұмысы білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыру проблемасының ғылыми тұрғыдан негізделмегенін дәлелдейді. Осы тұрғыдан алғанда келесі қарама-қайшылықтар туындап отыр:
- бастауыш мектепті ақпараттандыруға деген қоғам сұранысы мен оның бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында жүйелі түрде зерттелмеуі;
- бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтары негізін қалыптастыру қажеттігі мен оған негіз болатын тұжырымдаманың және оны жүзеге асыру моделінің жоқтығы;
- білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асырудың психологиялық - педагогикалық шарттарының анықталмауы;
- бастауыш сынып оқушыларына нәтижеге бағдарланған білім беруде ақпараттық біліми ортаның дидактикалық мүмкіндіктерінің зерттелмеуі.
Көрсетілген қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу жұмысымыздың проблемасын айқындауға және тақырыпты «Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориясы және практикасы » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты - білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандыруды ғылыми-теориялық және практикалық тұрғыдан негіздеу, тиімді жолдарын анықтау.
Зерттеудің объектісі - жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбындағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің пәні - білім беруді жаңарту жағдайындағы бастауыш мектепті ақпараттандыру үрдісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы - егер білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негіздері айқындалып, оны тиімді түрде жүзеге асыру жолдары анықталса және ақпараттық сауаттылық қалыптастыру тұжырымдамасы жасалып, моделі құрылса, онда бастауыш сыныптан бастап қазіргі ақпараттық құралдарды өз қажетіне еркін қолдана алатын, ақпараттық сауаттылықтары қаланған жеке тұлға тәрбиелеуге мүмкіндік артады. Ал ол өз кезегінде, бүгінгі толассыз ақпарат ғасырында өз бетімен кез-келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, әрекеттенетін іскер де шығармашыл болуға баулиды.
Зерттеудің міндеттері:
1. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау.
2. «Бастауыш мектепті ақпараттандыру», «қазіргі ақпараттық технологиялар», «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық-технологиялық компетенция», «ақпараттық-біліми орта» ұғымдарының мәнін нақтылау.
3. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау, бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асыратын педагогикалық шарттарды айқындау.
4. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру моделін құру.
5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының өзара байланысын ашу.
6. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін ақпараттық-біліми орта құру және дидактикалық мүмкіндіктерін анықтау. Зерттеу жұмысына қатысты тәжірибелік- эксперимент жұмысын жүргізу.
Жетекші идея: ақпараттық сауаттылық-бүгінгі ақпараттық қоғамда кез- келген әрекетті сапалы орындаудың кепілі, сондықтан ол сәйкес келетін педагогикалық шарттар негізінде бастауыш сыныптан бастап қалыптасуы қажет.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері болып ізгілендіру идеяларына құрылған философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар, ақыл-ой іс-әрекетін сатылап қалыптастыру теориясы; білімді ақпараттандыру тұжырымдамасы; тұлғалық-бағдарлы оқыту тұжырымдамасы, дамыта оқыту тұжырымдамасы, педагогикалық технологияларды жасау бойынша педагогика мен психологиядағы теориялық қағидалар, оқытудың дидактикалық заңдары мен принциптері; білім саласындағы мемлекеттік қаулылар (ҚР «Білім туралы» Заңы), оқыту тұжырымдамалары мен маңызды құжаттар жиынтығы саналады.
Зерттеудің көздері: философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың, информатиктердің еңбектері; ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу- тәрбие үрдісіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар, электронды оқу құралдары), педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар мен құжаттар ( ҚР «Білім туралы» Заңы, «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»), ҚР білім және ғылым министрлігінің нормативті құжаттары (бастауыш білім стандарты, есептер және т. б. ) ; бастауыш мектеп оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері, жоғары оқу орындарының бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі (БОПӘ) мамандығы бойынша оқу жоспарлары, бағдарламалары, бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жинақталған дүниежүзілік озық тәжірибелер және диссертанттың өзінің көп жылғы педагогикалық, зерттеу тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мемлекеттік стандарттарға, оқу бағдарламаларына және оқу әдебиеттеріне салыстырмалы-педагогикалық талдау; мұғалімдердің озық тәжірибелерін зерттеу; мектептік білім мазмұнына ғылыми-әдістемелік талдау; бақылау; сауалнама жүргізу; әңгімелесу; педагогикалық эксперимент; мәліметтерді математикалық тұрғыда өңдеу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
1. Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың әдіснамалық- теориялық негізі айқындалды.
2. «Бастауыш мектепті ақпараттандыру», «қазіргі ақпараттық технологиялар», «ақпараттық сауаттылық», «ақпараттық-технологиялық компетенция», «ақпараттық-біліми орта» ұғымдарының мәнін нақтыланды.
3. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау, бастауыш мектепті ақпараттандыруды тиімді жүзеге асыратын педагогикалық шарттары айқындалды.
4. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылығын қалыптастырудың құрылымдық моделі жасалды.
5. Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық технологиялық компетенттілігі мен бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарының өзара байланысы ашылды.
6. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын тиімді қалыптастыруға ықпал ететін ақпараттық-біліми орта құрылып, оның дидактикалық мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу жұмысына қатысты тәжірибелік- эксперимент жұмысы жүргізілді.
Зерттеудің практикалық мәні жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сыныбы мен жоғары оқу орындарының «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығы студенттеріне арнап:
- нәтижеге бағытталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі;
- орта білім беретін 12 жылдық мектептің бастауыш сыныптарына арналған Информатика пәнінің әдістемелік нұсқауы;
- «Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық негізі», «Қазіргі ақпараттық технологияларды бастауыш мектепте кәсіби-шығармашылық бағытта қолданудың әдістемелік аспектілері» атты арнайы курс бағдарламалары жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары және кәсіби орта педагогикалық оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында, педагог кадрлар біліктілігін жетілдіретін институттарда пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Бастауыш мектепті ақпараттандыруды әдіснамалық және теориялық тұрғыдан негіздеу оқушылардың ақпараттық дүниетанымдарын кеңейтуге деген қажеттіліктерін арттырып, ақпараттық мәдениет негізінің қалануына септігін тигізеді.
2. Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың құрылымдық моделін ынталық, танымдық, әрекеттік- технологиялық, құндылықты-бағалау компоненттері бірлігі мен көрсеткіштер, өлшемдер құрайды.
3. Бастауыш мектепті ақпараттандыру тиімді түрде педагогикалық шарттар арқылы (педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологияны өзара байланыстыра қолдану, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігі, ақпараттық-біліми орта, Информатиканың бастапқы курсы) жүзеге асады.
4. Бастауыш сынып оқушысының ақпараттық сауаттылығы мен болашақ бастауыш сынып мұғалімінің ақпараттық-технологиялық компетенттілігін біртұтас кешенде қарастыру жалпы орта білім беретін мектеп пен жоғары мектептің сабақтастығын сақтай отырып, бүгінгі қоғам қажеттілігіне сәйкес келетін жұмыстарды жүйелі ұйымдастыруға ықпал етеді.
5. Педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологиялардың өзара байланысы оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырып, нәтижеге бағдарланған білімді сапалы түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу кезеңдері
Бірінші кезеңде (1998-2000 ж. ж) зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік басылымдарға, ғылыми әдебиеттерге салыстырмалы талдаулар жүргізілді; бастауыш сыныптарға арналған Информатика пәнінің авторлық бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешендері, факультативтік сабақтар мазмұны анықталып, іс-тәжірибелері талданды; зерттеу жұмысының ғылыми аппараты құрылды; Информатика пәнінің бастапқы курсының байқау нұсқасының бағдарламасы талданып, сұрыпталды; эксперимент жұмысының материалдары жүйеленіп, дайындалды.
Екінші кезеңде (2000-2002 ж. ж) Информатика пәнінің бастапқы курсының бағдарламасы өңделіп, толықтырылды; бастауыш мектепті ақпараттандырудың алғы шарттары анықталды; жоғары оқу орындарының БОПӘ мамандықтарының типтік оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары талданып, сұрыпталды және арнайы курс бағдарламасы дайындалды; бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру тұжырымдамасы, оның құрылымдық моделі жасалды; анықтау эксперименті ұйымдастырылды;
Үшінші кезеңде (2002-2005 жылдар) бастауыш сыныптың оқу үрдісіне «Информатика» пәнінің бастапқы курсының өңделген, толықтырылған бағдарламасы эксперимент жүзінде мектеп практикасына енгізілді; тұжырымдама, арнайы курс бағдарламалары сынақтан өтіп, толықтырылып, өңделді; анықтау эксперименті қорытындысы негізінде қалыптастыру эксперименті ұйымдастырылып, жүргізілді; оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруға арналған ақпараттық біліми орта бастауыш мектеп практикасына енгізіліп, эксперимент барысында түзету енгізіліп, толықтырылды.
Төртінші кезеңде (2005-2007 жылдар) қорытынды эксперимент жүргізілді; эксперимент қорытындысында алынған нәтижелер талданып, қорытылды; диссертация мазмұны толықтай өңделіп, рәсімделді; ғылыми-әдістемелік бағытта берілетін әдістемелік ұсыныстар нақтыланып, жүйеленді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық және практикалық тұрғыда дәлелденуімен; зерттеу мазмұнының ғылыми аппаратқа сай келуімен; кешенді әдістерді пайдалануымен; тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен; олардың тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерумен дәлелденеді.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмысы Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі мамандығы бойынша (БОПӘ) бастауыш сынып мұғалімдерін даярлайтын Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты, Атырау облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институты, Атырау қаласының № 19, 30, 22, 13, орта мектептерінің, Н. Тілендиев атындағы Кіші Өнер Академиясының бастауыш сыныптары және Атырау облысы, Махамбет ауданы Дүйсенғали Төленов атындағы мектеп-гимназиясының, Сәтпаев атындағы Геолог орта мектебінің, Қызылқоға ауданы № 1 негізгі мектебі, Индер ауданы Қ. Абаханұлы атындағы орта мектептің және Құрманғазы ауданы Абай атындағы орта мектептің бастауыш сыныптары. Зерттеу жұмысына аталған жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары ( барлығы - 30 оқытушы, 312 студент, оның ішінде күндізгі және сырттай оқу бөлімі бойынша), бастауыш мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатыстырылды. Экспериментке 820 оқушы, 78 мұғалім қатысты.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру:
Диссертацияның негізгі қағидалары мен нәтижелері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ғалымдары мен практик- мұғалімдерінің облыстық ғылыми-практикалық конференциясында (Атырау қаласы, 2003 жыл), Ресей ғалымдарымен бірлескен халықаралық ғылыми конференцияда (Атырау, 2004 жыл) және халықаралық, республикалық ғылыми- тәжірибелік конференцияларда (Атырау, 2005, 2006 жыл; Тараз, 2005 жыл; Жезказган, 2005 жыл; Алматы 2005; Алматы, 2006; Алматы, 2007), Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында (Алматы, 2005, 2007 жылдар), 6-шы халықаралық форумның конференциясында (Самара, 2005 жыл), Астрахань педагогикалық университетінің халықаралық ғылыми конференциясында (Астрахань, 2005 жыл), Қазақстан және ТМД елдеріндегі білім беруді ақпараттандырудың IV халықаралық форумында (Алматы, 2006 жыл), педагог кадрлар біліктілігін көтеру курстарында (2004-2007) оқыған дәрістерінде баяндалды.
Диссертацияның құрылымы
Диссертация кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың таңдалуы, оның көкейкестілігі негізделеді, зерттеу проблемасы, мақсат-міндеттері, объектісі, пәні анықталған, болжам ұсынылып, қолданылатын әдістер мен зерттеу кезеңдері сипатталған; зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәнділігі ашылған, қорғауға ұсынылатын қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі ашып көрсетіледі.
«Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негізі» атты бірінші бөлімде білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың теориялық-әдіснамалық негізі айқындалып, білімді ақпараттандыруға қатысты ақпараттандыру, ақпараттық қоғам, бастауыш мектепті ақпараттандыру, қазіргі ақпараттық технологиялар ұғымдарының анықтамалары нақтыланады және бастауыш білім беруді ақпараттандырудың психологиялық - педагогикалық негіздері, бастауыш мектепті ақпараттандырудың қазіргі жағдайы мен даму бағыттары мәселелері қарастырылады.
«Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың тұжырымдамалық негізі» атты екінші бөлімде нәтижеге бағдарланған білім беруде компетенттік тұрғыдан оқыту мен тұлғалық - бағдарлы оқытуға негізделген технологиялардың білім беруді жаңартудың басты құралы болып табылатыны баяндалады және бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудың тұжырымдамасы, моделі ұсынылады.
«Білім беруді жаңарту жағдайында бастауыш мектепті ақпараттандырудың педагогикалық шарттары» атты үшінші бөлімде Информатиканың бастапқы курсының бастауыш мектепті ақпараттандыру мен оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастырудағы әлеуетті мүмкіндігі ашылып, бүгінгі нәтижеге бағдарланған білім беруде педагогикалық технология мен қазіргі ақпараттық технологияны өзара байланыстыра қолдану тиімділігі, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің ақпараттық - технологиялық компетенттілігінің бүгінгі таңдағы мәнділігі, ақпараттық біліми ортаның бүгінгі ақпараттандыру жағдайындағы бастауыш мектепте алатын орны баяндалады.
«Бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыру әдістемесі» атты төртінші бөлімде ақпараттық-біліми ортада оқушылардың ақпараттық сауаттылықтарын қалыптастыруға арналған оқу үрдісін жобалаудың әдістемелік мәселелері қарастырылып, тәжірибелік - эксперимент жұмысын ұйымдастыру, жүргізілген жұмыс түрлері, алынған нәтижелер қорытындылары талданып, мазмұндалады.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, қағидалары тұжырымдалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріледі.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz