Дистанциялық оқыту құралдары


Білім беруді ақпараттандыру
Білім беруді ақпараттандырудың мәні
Білімді беруді дамыту индустриясын компьютер және байланыс құралдарының көмегімен дамыту, ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық-білім беру қорын жасақтау.
Ақпарат адамзаттың ең маңызды қоры ретінде ерекше қасиетке ие - қолданысқа түскен сайын арта береді. Ақпараттың ресурстардың таусылмайтындығы әлем қызығушылығын қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
XX ғасырдың соңында өндірістік дамыған елдерде ақпаратты сақтау, өңдеу, тасымалдауға кететін шығын энергетикаға кететін шығыннан асып түсуде.
Ақпаратқа деген сұраныстың өсуі ақпарат беретін жаңа технологиялардың, электрондық құралдардың пайда болуына себепші болды. Электрондық құралдар ішінде дәстүрлі құрал - қағаз, пленка да бар.
Білім беруді ақпараттандыру - ақпараттарды, оны жеткізу құралдарын, технологияларын оқыту мен тәрбие процесіне енгізу арқылы педагогикалық процестерді жаңартуда бағытталған шаралар жүйесі.
Білім беруді ақпараттандырудың теориялық негізі - информатика, кибернетика, дидактика. Информатика - ақпаратты табиғатта, қоғамда, техникада өндіру, өңдеу, сақтау және тарату әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы.
Ақпарат беретін технологиялар білім саласына еніп, дидактикалық процесті оқушы ақпаратты алып, меңгеріп, қолданатын процесс деп түсіну керек болып отыр.
Оқушының білім алуы - ақпаратпен жұмыс десек, оны қатаң түрде басқаруға болады. Сондықтан білімді ақпараттандыру компьютермен, электрондық құралдармен жұмыс істеумен шектелмейді. Оқытуға ақпараттар тұрғысынан қарау педагогика алдына көптеген мәселелер қойып отыр. Білімді балаға қандай формада беру керек? Ақпараттық технологияға негізделіп жасалған білім беру формасы - мәтінді блоктарға бөлу, тезаурус (сөздік), фрейм (В. Ф. Шаталовтың тірек сызбасы), ұғымдар кестесі, гипермәтін, т. б.
Қазір оқушының оқу-танымдық қызметін, білім алу, оқыту әдістерін жетілдіру қажеттігі сезілуде.
"Визуалдық білім" термині пайда болып, бейне, модель, шартты белгілердің үлес салмағы оқытуда көбейіп, үйреншікті мәтіндер ығыстырылуда. Адам шартты белгілермен жұмыс істей білу керек. Осыған байланысты жеке тұлғаның ақпараттық мәдениеті деген сұрақ туады. Ақпараттық мәдениет дегеніміз - ақпарат теориясы саласынан білімінің болуы және ақпараттармен жұмыс істей білу. XX ғасырдың екінші жартысында педагогикада "медиа-білім" бағыты қалыптасты. Ол оқушылардың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп үйренуін зерттейді. Басты міндеттері: оқушыларды қоғамдағы ақпараттық өмірге әзірлеу, әртүрлі ақпараттарды қолдануға, ақпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету. Дамыған елдерде ол үшін арнайы пәндер оқылады. Мазмұны: қарым-қатынас, байланыс туралы ұғым, белгілер жүйесі, ақпаратты көрсету, көпшілік қолданатын байланыс құралдары, компьютерлік сауаттылық, ақпарат беретін жаңа технологияларды меңгеру, компьютер және басқа электрондық құралдар көмегімен ақпарат ала білуге дағдыландырып, қарапайым бағдарламалар жасауға үйрету.
Ақпарат беретін технологиялар оқу процесіне енуіне байланысты оқыту әдістеріне, түрлеріне, мазмұнына өзгеріс енеді. Электрондық құралдармен жұмыс істеп, оқыта алатын мұғалімдерді даярлау міндеті тұр. Мектеп және жоғары оқу орнын бітірушінің моделіндегі басты бөліктердің бірі - ақпараттық мәдениет. Ақпарат беретін жаңа технологиялар үш бөліктен тұрады: техникалық құралдар, бағдарламалар, білім алуға керекті құралдар. Техникалық құралдар: компьютер, принтер, модем, сканер, теле және бейне аппараттар, ақпаратты бір формадан екіншіге өзгертетін құралдар. Технологияның екіншісі - компьютердегі жұмысты басқаратын бағдарламалар. Үшінші - оқу құралдары. Бағдарламаның ерекше тобы оқытатын бағдарламалар, жүйелер. Олар арқылы мәліметтер банкісі, гипермәтіндер жүйесі жинақталды. Оқытатын жүйенің кең таралғандары іскерлік пен дағдыға жаттықтыру, білімді қалыптастыратындар, проблемалық оқыту, модельдеу, дидактикалық ойындар.
Күрделі бағдарлама: интеллектуалдық оқыту жүйелері.
Ерекшелігі: оқушыларды диагностикалап, модель жасап, соған сай білім алатын жеке бағдарлама беруі.
Сонымен білімді ақпараттандыру дидактикалың процестің мәнді жағы - мұғалім мен оқушы іс-әрекетін өзгертуде. Оқудың алуан түрлі, өте көп ақпараттармен жұмыс істеп, оларды біріктіріп, оны автоматты түрде меңгеріп, процестерді модельдейді, оқу іс-әрекетін өз бетімен жасайды. Мұғалімнің де жұмыстан қолы босайды. Ол оқушыларды жан-жақты зерттеп, оның білімі мен даму бағытын бақылап отырады. Электрондық техника әзірге оқыту үшін көмекші құрал, ол дәстүрлі оқыту жүйесін толық жояды деп айту қиын.
Дамыған елдерде ақпаратқа тәуелділіктің артуы және ақпаратты өңдеу, тасымалдау құралдарын пайдалану тиімділігі, даму деңгейі 80-жылдардың соңында жаңа "ұлттың ақпараттың қор" ұғымының пайда болуына әкелді.
Ақпараттық қор дегеніміз - түрлі құжат түрінде берілген ғылыми-техникалық ақпарат болып табылады. Ақпараттық қор интеллектуалдық қордың бір бөлігі.
Ақпараттық қор
Адамзаттың білімін ұжымдың, көпшілік түрге айналдырады және көпшілік шығармашылықтың факторы болып табылады. Тұлғалық білім қазіргі кезде адамның интеллектуалдық қарым-қатынасы негізінде ақпараттан туындайды және субъективтік категория болып табылады.
Ақпараттық қорды игеру процесі тиімді және білімді орталықтандыру негізі болып табылады.
Ақпараттың қор - қоғам қызметінің жаңа функционалдық категориясы және маңызды компоненті.
Ақпараттың сауаттылық - қоғамды ақпараттандырудың, ақпараттың қоғамда өмір сүруге жаңа ұрпақты даярлаудың алғы-шарты мен маңызды факторы болып табылады.
Ақпарат - ең жоғары құндылық, ал адамдардың ақпараттық сауаттылыры - олардың еңбек әрекеттілігін анықтайтын фактор. Бұл қоғамда білім беру жүйесіне талаптар өзгереді, білім берудің статусы көтеріледі.
Білім беру стандарттарындагы информатика және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
АКТ оқыту мақсаты
• бағдарламалау дағдыларын дамыту;
• мәтіндік редактор, электрондық кесте басқа да тәжірибелік қосымшаларды пайдалануға үйрету;
• желіден, СD-RОМ-нан ақпарат іздеуге үйрету, т. б. ;
• желі көмегімен қарым-қатынас жасауға үйрету.
Оқытушы
• оқыту мақсатындағы программалық құралдар жасақтау технологиясын меңгеруі тиіс;
• оқу ақпаратын бере, құрылымдай білуі тиіс;
• білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас тәсілдерін жобалай, білім алушының оқу-танымдық қызметі нәтижелерін автоматты түрде бағалаудың жаңа әдістемелерін таба білуі тиіс.
Электрондық оқулықтарды құрастырудың педагогикалық технологиясы
• Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беруді ақпараттандырудың кең көлемді құралдары;
• Пәндік білім мен оны игеру тәсілдері аумағында ғалымдар мен педагогтардың жетістіктерін жинақтау мен сақтауға мүмкіндік беретін ашық дамушы әдістемелік жүйе;
• Оқытудың дидактикалық принциптеріне сүйеніп оқушылар мен студенттердің жеке потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға бағытталған оқушылар қызметін ізгілендіру құралдары;
• Өз білімін жетілдіру және өзін көрсету тәсілдерін, педагогикалық ақпарат қорын, дидактикалық қорды жинақтау және жаңартуға мүмкіндік беретін мұғалімдер мен оқытушылар қызметін ізгілендіру құралдары;
• Білім беру процесі субъектілерінің өзара қарым-қатынас жағдайында мұғалім және оқытушының басқарушы ретінде мақсаттан нәтижеге бағытталған оқыту процесін автоматтандырудың қашықтан оқыту формалары.
Мақсаттық бағытталған
Электронды оқулық модулінің мақсаттың бағытталуы оның білім беру стандарты мен оқу бағдарламасына сай екендігін аныңтайды. Электрондың оқулықтың ерекшелігі - ақпараттық-оқыту ортасы көлемді. Оқулықта энциклопедиялық бағыттағы бағдарламадан тыс ақпараттар берілуі мүмкін.
Ғылыми
Ғылымилық принципі жүзеге асыру модульдерді құрастыру процесінде оқушыларды ғылыми білім жүйесімен таныстыруға бағытталған. Бұл әлемнің объективті сипатын, пәндерді зерттеу негізі болып табылады. Сондықтан модульде жеке "Глоссарий", "Ұғымдар", "Заңдылықтар", "Категориялар" деп бөліп көрсеткен жөн.
Жүйелілік
Жүйелік принципі оқу элементтерінің арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар сипатында ашылады. Жүйеліліктің негізгі сипаты - оның бүтіндігі, реттілігі, салыстырмалы тұрақтылығы.
Көрнекілік
Көпжылғы тәжірибе мен арнайы педагогикалық-психологиялық зерттеулер көрсеткендей, оқытудың тиімділігі қабылдауға адамның барлық мүшелерінің қатысу деңгейіне байланысты. Материал неғұрлым қызғылықты болса, солғұрлым тез қабылданады. Бұл заңдылық Я. А. Коменский, И. Г. Песталоцци, К. Д. Ушинский, Л. В. Занков үлестерін қосқан дидактиканың көрнекілік принципінде сипатталған.
Қазақстан Республикасында оқыту процесін автоматтандырушы электрондық оқулықтар тарала бастады. Электрондық оқулықтар - интерактивті әдістерге негізделген білім беру процесінің субъектілерінің өзара қарым-қатынасының автоматтандырылған оқыту процесі.
Қазіргі кезде білім берудің барлық деңгейінде 93 электрондық оқулық, оның 22-і мектеп оқушылары үшін 17 пәннен жасақталды.
Ашықтығы. Мобильдігі. Икемдігі.
Ашықтың, мобильділік және икемділік принципі модульді құрастыруда материалды жаңартуға, жаңа информациямен толықтырып отыруға мүмкіндік береді. Оқыту процесінің қайшылықтарын жеңуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқулықтарға қарағанда электрондық оқулықтар үнемі толықтырылып отырады.
Электрондық оқулықтың мазмұндық компоненті
Гипермәтін - компьютер көмегімен сызықтық және параллель сілтемелер қолданылатын мәтіндердің жиынтығы.
Электрондық оқулықта гипермәтін құрылымдандырылған мәліметтер қорын (білім, ақпарат), терминдер, ұғымдар, кестелер, графиктер, диаграммаларды сипаттайды.
Гипермәтінмен жұмыс, бір жағынан - оқу танымдылығын арттыру болса, екінші жағынан - жеке тұлғаның ақпараттық сауаттылығының құрамдас бөлігі болып табылатын студенттерді танымдылың біліктіліктермен қаруландыру.
Иерархиялық
Иерархиялық принцип зерттелетін пәнді қалыптастыруда категорияландыру процесін жеделдетуші объект туралы ақпаратты функционалдық-жүйелік ұйымдастыру.
Көрнекілік
Көрнекілік (визуальды) принципі гипермәтінде иллюстрациялық материалды тарту арқылы жүзеге асырылады. Бұл бір жағынан мәтінді "жандандырса", екінші жағынан білім алушыларды танымал адамдардың бейнесуреттермен, қалалардың карталарымен, мұражай материалдарымен таныстырады.
Дистанциялық оқыту (алыстан білім беру), электрондық және телекоммуникациалық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу-танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Оған әр түрлі субъектілер қатысады:
Дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т. б.
Дистанциялық оқытуға тән нәрсе жоғары мотивация және оқушылардағы дамыған танымдық қызмет, тек осылай болғанда оқушылар интерактивтік режимде жұмыс істей алады. Дистанциялық мектептің оқушылары өз қалаулары бойынша оқу материалдарымен, мұғаліммен жұмыстарын шамалап, өз сұрақтарына керекті жауаптарын алады.
Оқушылар еңбек тәртібін сақтап, техникалық және басқа проблемаларды шеше алатындай, жазба және сызу жұмыстарын жүргізе алатындай болу керек.
Синхрондың сыныптарда бір бағдарламалармен жұмыс істейді. Асинхрондың сыныптарда оқушылар кез келген уақытта келіп жұмыс істейді. Соңғы түрінде тәжірибелі оқушылар тәжірибесі аз оқушыларға көмектеседі.
Дистанциялық сабақ элементтері
Оқу материалы. Мұғалім оқытудың диалогтың түрі басталғанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқу материалымен қамтамасыз етеді. Оқушыға керекті материалдар мынадай тәсілдермен беріледі.
• СD-RОМ немесе дискета, аудиокассета, бейнекассета "қағаз" құралдар (кейс-технология) пошта арқылы салынады.
• файлмен электрондық почта арқылы жіберіледі.
• дистанциялық мекеменің білімдік сайтына орналастырылады.
• веб-беті түрінде, керекті материалға сілтеме жасалып, Интернет жүйесіне беріледі.
• оқушыға бір немесе бірнеше электрондық кітапханада жұмыс істеуге мүмкіндік жасалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz