Затты қолдану әдістері


Дау-дамайды болдырмайық
Мақсаты: Кикілжің мен дау-дамай жөнінде ата-аналарға мағлұмат беру. Оны болдырмаудың жолдарын қарастыру. Ата-аналардың өзара қарым-қатынасын нығайту, тәрбие тәжірибесін молайту. Балалардың отбасындағы жиі кездесетін шиеленісті жағдайлар туралы ақпарат беру.
Құрал-жабдықтары: үнтаспа, ватман қағаз, гүл жапырақшалары, пайдалы кеңес парағы, бейнетаспа.
Топқа бөлу. Топқа бөлу үшін қазақ халқына танымал ән аттары жазылған қағаздар таратылады. «Қамажай», «Еркем-ай», әндері. Ата-аналар бір-бір қағаздан алады да, өз тобын тауып алады. Мысалы: «Қамажай» әнін айтып жүргендер бір топ құрады. «Еркем-ай» әнін айтқандар екінші топты құрайды.
Кикілжің туралы түсінік. Кикілжің мен дау-дамай жөнінде, өзара қарым-қатынас пен қарама-кайшылық бір мезетте тууынан болатын құбылысты кикілжің кейде дау-дамай деп жатамыз. «Ер шекіспей, бекіспейді» - дегендей, дұрыс шешіліп жатса, арты жақсылыққа да ұласуы мүмкін. Сондықтан да мектепте, отбасында, аулада балалар арасында туған дау-дамай мен кикілжіңдерге педагогикалық тұрғыда көмек беріп, теріс бағыт алып кетуінен сақтандырған жөн.
Балалар аулада ойын барысында, мектепте сабақ арасында қарапайым түсінбеушіліктен басталған дау-дамайда жаман сөзбен бір-бірін сыбап, балағаттап, ұяттан аттап кетеді. Кейде өздерін ұстай алмай, оғаш қылықтар жасап, жаға жыртысып, бас жарылып дегендей, өте жаман көріністерге ұласады. Осыған қарап отырып, бұлардың әдеп пен мәдениеттің ауылынан алыстап кеткенін көреміз.
«Жаманның сөзі ащы-дүр, Адам ішпес зәр-удан», - деген Базар жыраудың сөзі осындай жағдайға айтылған болар. Шариатта осындай жағдайларға байланысты «Әділ де болса, жақсы сөз айт» деп ғибрат жазылған.
Жаттығу: «Өкпені еріту». Тып-тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырыңыз. Өзіңізді қаракөлеңке театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға ең жек көретін, көргіңіз келмейтін сіз кешіруге тиісті емес адамды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, әлде өмірден өтіп кетті ме, оған мән бермеңіз. Бірнеше минут оның жүзіне қарап, бейнемен қоштасыңыз. Көз алдыңызға елестеткенде оның жағдайы жақсы, жүзіне күлкі үйірілген кейіпте болу керек. Оны бақытты деп біліңіз.
Сіз кешірген адам сахнадан кетісімен, өзіңізді сахнаға қойыңыз. Өзіңізді тек жақсы жағдайда елестетіңіз. Бақытты күлкі үйірілген жүзбен тұрыңыз. Бұл әлемде жақсылық барлығыңызға тең жететінін ұғыңыз.
Жаттығу: «Тазару». Өзіңізді жас баланың кейпінде елестетіңіз. Жақындап көзіне терең үніліңіз. Көздің тереңіндегі мұңды көруге тырысыңыз, өйткені бұл сізге деген махаббат мұңы. Әлгі кішкентай баланы өзіңізге жақын тартып, кеудеңізге қысыңыз. Сондай жақсы көретініңізді айтыңыз.
Оның ақылына бас иетініңізді, қателіктер жіберсе де, жөндей білетін жан екендігін айтыңыз. Шындығында, бәрі де қателеседі. Қандай да бір көмек керек болса, қасынан табылатыныңызды айтыңыз. Енді осы баланы кішірейтіңіз, бұршақтай болып кішірейгенде алыңыз да, жүрегіңізге басыңыз, онда бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар. Денеңізге жылу тарап, мамыражай рахатты сезініңіз, өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз.
Кикілжің себептерін анықтау:
Белгілі ғалым: «кикілжің себебін іздесең, ол сахараның құмынан да көп болады» - депті, бірақ та оның себебі соншама көп емес. Қазір біз оларды тауып көрейік.
- Мынадай сұраққа жауап беріңіздерші:
- Отбасыларыңызда қандай шиеленісті жағдайлар кездеседі.
- Ата-аналар психологпен бірге, келесі кестені жазады.
Мектептегі психология №6 (18) 2008
Бала досының тәрбиеге ықпалы
Бала тәрбиелеудің басты мақсаты - сабақтан тыс уақытта оқушылардың мімез-құлқын бақылау, оларды әр түрлі қоғамдық-пайдалы жұмысқа тарту, үйге берілген тапсырмаларды орындауда оқушыларға жеке көмек көрсету болып табылады.
Ата-ана балаларының бос уақытын қалай өткізетімін бақылап, зерігулеріне жол бермеуі керек. Егер балалар не істерін білмей, босқа сенделіп жүретін болса, олар тәртіп бұза бастайды, бетімен кетуге әдеттенеді. Сонымен қатар, уақытты қалай болса солай өткізу балаларды қажытып, күш-жігерін мұқалтады. Бос уақытты өткізудің жақсы түрі - мектеп өміріне белсене араласуға ықпал ету, үйірме, қоғам жұмыстарына қатысуларына ықпал жасау болып табылады.
Әрине, ата-аналар балаларының досының да өте тәртіпті, ешбір кешіліксіз болғанын қалайды, бірақ дос тандауда баланың өзі калаған адамымен дос болуы керек. Егер бала үйге досымен келсе, ата-ана ол балаға жақтырмаған түрмен қарауына болмайды. Әрине, ол баланың мінезі мақтаншақ па, қорқақ, не жасқаншақ па сол жерлерін байқап, ата-ананың ұнатпауы мүмкін. Бірақ баланың қалауынан асуға болмайды.
Баланың досы қандай болуы керек?
Достар бір-біріне ықпал жасауы керек, сондықтан бала өзіне қарама-қарсы мінезді баламен дос болғаны дұрыс. Мысалы, тұйық балаға - өзін-өзі алып жүретін бала; қорқақ балаға - қорықпайтын бала; Бұйығы балаға - ширақ бала қажет болуы мүмкін.
Балаға бұйыру, жекіру, не істегіңіз келсе, соны істейтін меншігіңіздей қарауға болмайды. Оның күнделікті айналысатын ісіне бағыт-бағдар беріп, жиі әңгімелесіп, әр іске, тіпті оқығысы келмейтін пәнге қызығушылығын арттыруға
Мектептегі психология №6 (18) 2008
МҰҒАЛІМ МЕН ОҚУШЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҚТАРЫ
Қарым-қатынас мәселесі бұл әлеуметтік психологияның негізгі проблемалары. Бірақ қарым-қатынас проблемасымен тек психологтар, педагогтар айналысып қана қоймайды, оны философтар, социологтар, политологтар да жан-жақты зерттеуде.
Шығыс елдерінде қарым-қатынас шешендік өнер яғни, риторика бағытында кеңінен қолданылды.
Психологиялық тұрғыда қарым-қатынас күрделі, жан-жақты процесс болғандықтан, ол үш аспектіде (коммуникативтік, интерактивтік және перцептивтік) қарастырылады. Аталмыш үш аспектінің мазмұны адамдардың бір-бірін тануы, араласуы және хабар беріп, хабар алмасуы. Олай болса, біз өзіміздің шағын мақаламызда өз тәжірибемізді пайдалана отырып, педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық жағын сөз етпекпіз.
Педагогикалық қарым-қатынас барлық білім беру жүйелеріне қатысты мекемелерде болатын қарым-қатынастың ерекше түрі. Білім берудің қай сатысында болмасын мұғалім оқушымен, оқушы мұғаліммен тікелей және кері қарым-қатынаста болады. Өйткені оқыту мен білім беру үрдісінде мұғалім үйретуші, бағыттаушы, басқарушы, тәрбиелеуші, т. б. рөлді атқарса, оқушы - білімді алушы, қабылдаушы, іс-әрекетке араласушы болып қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да, педагогикалық қарым-қатынастың негізгі құралы - сөз.
Мектеп оқушыларымен жұмыс істейтін мұғалімдер вербальді (сөз) және вербальді емес (ым не ишара) қарым-қатынастың түрін пайдаланады. Қарым-қатынастың қай түрі болмасын, ол мұғалімнің шеберлігіне, тәжірибесіне байланысты деп айтамыз. Психологтар педагогикалық қарым-қатынастың нәтижесі мұғалімнің баланы біліп тануына және әр баламен диалогқа түсуіне байланысты деген. Әрине, қанша тәжірибелі мұғалім болса да, балалармен қарым-қатынас жасау, әр баланы білу, оларды тану, әр баланы іс-әрекетке кірістіру, оларды сөйлеттіру мұғалімдерге оңай жұмыс емес.
Тәжірибеге және өзіміз жүргізген психологиялық зерттеулерімізге сүйенсек, жалпы оқушылармен қарым-катынасқа түсіп жүрген мектеп мұғалімдерді екі топқа (балалармен қарым-қатынас жасауы оңай және балалармен қарым-қатынас орнатуы қиын) белуге болады.
Бірінші топтағы мұғалімдер қай жастағы оқушылармен болмасын қарым-қатынасқа оңай түседі. Оның себептері:
- өз сыныбындағы әр баланың психологиясын өте жақсы білуінде;
- баланың ішкі жан дүниесін оятатындай жылы сөздер айтуында;
-мұғалімнің этикасы мен психологиясының дұрыс қалыптасуында;
- мұғалім сөзінің тәртіптілігінде, жүйелігінде, анықтығында, нақтылығында;
- оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімнің бірнеше қарым-қатынастың түрлерін пайдалана білуінде.
Екінші топ мұғалімдерінің оқушылармен қарым-қатынасқа түсуі қиын. Оның себептері бірінші топта керсетілген себептерге қарама-қарсы. Дегенмен, біздің пікірімізше, кейбір мұғалімдердің әр жастағы оқушылармен қарым-қатынасқа түсе алмауының және оқушымен қарым- қатынастарының өте қиын болу себептері:
- авторитарлық стильді пайдалануында;
- балаларға салқындық танытуы;
- балаларды әлеуметтік жағынан бөлуі;
- балалардың іс-әрекетін, ойын, сөзін әділ бағаламауы;
- бала бойынан үнемі кемшіліктер іздеуі, оны жариялауы дер едік. Әлеуметтік психология ғылымында «Мұғалім -оқушы», «Оқушы - мұғалім» және «Балалардың өзара қарым-қатынасы» және қарым-қатынас барысында болатын қиындықтар біршама зерттелінген. Қарым-қатынас қиындықтары эмоциональдық, когнитивтік бағытта жиі кездеседі.
Оқушылармен дұрыс қарым-қатынас жасауда кедергі келтіретін аталмыш қиындықтардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Сондай негізгі себептердің бірі:
1. Қазіргі балалардың кепшілігі акселераттар. Психикасы тез дамыған балалар сұрақ қойғыш, тез қозғалғыш, бәрін білгісі келіп қарым-қатынасқа тез түсіп отырады. Бұндай топтың балаларын кейбір мұғалімдер тежейтіні жасырын емес. Мысалы, «Тыныш отыр», «Немене бәрін білесің бе?», «Сен қашаннан бері білетін болдың?», «Әуелі өзіңді түзетіп ал, сосын айтарсың», т. б. педагогикаға жатпайтын сөздер айтылады.
2. Оқу үрдісінде кейбір мұғалімдер тек өздері сөйлеуді ұнататындығы жасырын емес.
Өйткені, уақытты пайдаланам деп тек мұғалім өзі сөйлеп, баланың айтатын сөзіне кедергі келтіріп оның ойымен, пікірімен санаспайды. Яғни, оқу үрдісінде кейде диалогтық жоқ екені де жасырын емес.
3. Оқушылардың іс-әрекеттерін әділ бағаламау жиі кездесетін құбылыс. Осының негізінде қарым-қатынас барысында мұғалім мен оқушы арасында дау-жанжал болып жатады.
Қарым-қатынас барысында кездесетін осы және өзге де қиындыктарды жоюдың бірден-бір жолы:
- әр жастағы оқушылардың өзіне тән психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қарым-қатынас орнату;
- мұғалім өзінің жағымсыз көңіл-күйінің болмауын қадағалау;
- қарым-қатынаста педагогикаға жат сөздер айтпау;
- бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау;
- қарым-қатынаста дау-жанжалға жол бермеу;
- сұхбаттасуда жеке оқушының пікірін сыйлау;
- қиын, қыңыр, қырсық оқушылармен жеке дара қарым-қатынас орнатып, олармен тіл табысу. Оның бірден-бір жолы психологиялық ойындар, тренингтер, т. б
- қарым-қатынаста мұғалім оқушыға, оқушы мұғалімге сену;
- қарым-қатынас сезімдік, танымдық, іскерлік болу.
Қарым-қатынаста кездесетін қиыншылықтарды осы және өзге де жолдар арқылы жеңе отырып, мұғалім қарым-қатынастың үш функциясын орындайды.
1. Мұғалім қарым-қатынаста оқушыны әрі индивид, әрі жеке тұлға ретінде дамыту (психологиялық) .
2. Оқушыны әлеуметтік ортаның, қоғамның мүшесі ретінде тәрбиелеу (әлеуметтік) .
3. Қарым-қатынас тек адамдар арасында ғана емес, ол қоршаған дүниемен, табиғатпен байланысты екенін оқушының санасына ұқтыру (инстументалды) .
Әрине, бір мақала төңірегінде қарым-қатынас проблемасын толық шештік деп айтудан аулақпыз. Біз өз тәжірибеміз арқылы қарым-қатынастың кейбір психологиялық жақтарын ашуға тырыстык. Әрине, педагогикалық қарым-қатынас мәселесі қанша зерттелсе де, ол оқу-тәрбие үрдісінде өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, оқу-тәрбие үрдісінің сапасы педагогикалық қарым-қатынастың дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуіне байланысты дер едік.
Дау-дамайды болдырмайық
Психикалық дамуды дианостикалау және орташа мектеп жасындағы балаларға арналған ойындар. ( 10-15 ЖАС )
Ата-аналардың осы жас шамасын күрделі деп санап одан қорқатыны негіссіз емес. Алайда кітаптың алғашқы беттерінде айтылғандай егер бұл қиындықтарды алдын-ала болжай алсаңыз және пайда болғанда дұрыс әсер корсетіңіз оларды айналып өтуге болады. Сіздің балаңыз әледе ойындарды ұнатады бірақ мәні бұрынғыдай болып қалғанымен олар күрделене түскен. Бірақ жаңа құбылыстарда пайда болады. Осы өте маңызды кезеңде ол қоршаған әлемнің және ондағы өзінің орнының мәнін түсіну де алғашқы қадамдарды жасауға ұмтыла отырып өзіне және сізге байсалды сұрақтар қоя бастайды: « Мен кіммін? Мен қандаймын? Есейген соң қандай боламын?». Нақ осы шақта оған сіздің назарыңыз бен қолдауыңыз қажет.
Импульсивтік пен Рефлексивтікті диагностикалау
Қос фигураны таңдап алу
Материал: 20 кішкентай суреттер.
Нұсқау:
« Сен қазір бір және оған ұқсас бірнеше сурет көресің. Осы суретке қарап жоғарғы жағанда тұрған суретке ұқсасын тауып алып көрсеткіш»
Нәтижелерін өңдеу
Нәтижелерін санап шығару үшін « дұрыс жауаптар» тізімін пайдаланыңыз.
Орташа нормативтік уақыттан ұзақ уқыт жауап берген және қателіктерінің саны аз болған жасөспірім - рефлексивті ал көп қате жіберіп аз уқыт жұмсаған жасөспірім -импульсивті болып саналады. Сонымен бірге жасөспірімнің ойлау стилі жылдам ( ықшамды, дәл ) және баяу( дәл емес ) болуы мүмкін.
Нормативтер:
Рефлексивті
Импульсивті
Дәл
Баяу дәл емес
13
6
6
13
48
29
29
18
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындар
Ойын сабақтары 5-12 баладан құралған топпен өткізіледі. Оларды жеке-жеке де өткізуге болады, бірақ ондай жағдайда баламен өзіңіз жұмыс істеуіңізге тура келеді. Бір сабақтың ұзақтығы-45 минут. Өткізу жиілігі аптасына 1-2 рет. Әр ойын әртүрлі материялмен және бірнеше сабақ бойы бірнеше рет қайталанады. Ойыншылардың қызығушылығын тудыру үшін, мыналарды баса көрсетуге болады: а) сөз нақ шығармашылық, ойлау қабілеті туралы болып отыр. ; ә) сөз мұндай ойдың қалыптасуы туралы емес(оның сізде бары сөзсіз), оның белсендірілуі туралы болып отыр б) мұндай ой көбінесе үлгеріммен байланысты емес болады в) мұндай ойдың белсенділігі-қиын, бірақ, жүзеге асыру мүмкін іс, және күрделі ойға апарар жол оның қарапайым белгілеріне қатысты бастау алады.
Сөйлем құру
Жорамалдап кез келген мәндері әртүрлі үш сөз алынады КӨЛ, ҚАЛАМ және АЮ. Осы үш сөз міндетті құрамына кіретін барынша көп сөйлем құрау қажет ( етістігшін өзгертуге және басқа сөздерді пайдалануға болады) . Жауаптар қарапайым (Аю қаламды көлге салды), күрделі, үш сөзбен белгіленген жағдайдан тыс шыққан жәнке жаңа нысаналар енгізілген (Бала қаламды алып, көлге шомылып жатқан аюдың суретін салды), және осы заттар стандартты емес байланыста қолданылған шығармашылық болуы мүмкін.
Ортақ белгіні іздеу
Байланысы аз кез -келген екі сөз жорамалдап алынады, мысалы ТӘРЕЛКЕ және ҚАЙЫҚ. Осы заттарға ортақ барынша көп белгілерді жазып алу керек. Жауаптар стандартты болуы мүмкін (адамды қолымен жасалынған заттар, тереңідігі бар(, бірақ осы заттарды мүлдем басқа тұстан көруге мүмкіндік беретін әдеттен тыс, кездейсоқ жауаптар әсіресе жрғары бағаланады; олар біз ойлағандай аз емес. Ортақ белгілер тізімі ұзын ойыншы жеңіске жетеді. Сапалық критерийлерді де енгізууге болады-ерекшелігі үшін қосымша бал қосу.
Кейіннен келіп түскен жауаптар ондағы ашылып жатқан заттар арасындағы байланыстарды мәніне қарай белгілі бір иерархияда орналастырылады (мұндай жұмыс балалардың мәнді және мәнсіз белгілердің не екенін меңгеруі үшін қажет)
Бұл ойын байланыссыз материялдағы көптеген ортақ белгілерін, сәкестіктерін табуды және белгілердің мәнділік дәрежесі туралы нақты түсінік алуды үйретеді.
Артық сөзді шегеріп тастау
Кез келген үш сөз алынады, мысалы, ИТ, ҚЫЗАНАҚ, КҮН. Ұқсастықтары бар заттарды білдіретін сөздерді қалдырып, ұқсас белгісі жоқ сөздерді шегеріп тастау керек. Артық сөздерді шегерудің барынша көп нұсқасын тауып алу қажет. Ең бастысы, қалған әрбір жұп сөзді біріктіретін және шегерілген артық сөзге тән емес барынша көп белгі табу керек. Бірден көзге түсетін жолдарын да ескеріп стандартты емес, және оның үстіне өте дәл шешімдерді іздестірген жөн. Жауабы көп ойыншы жеңіске жетеді.
Бұл ойын байланыссыз құбылыстардың арасындағы кездейсоқ байланыстарды белгілі қабілетін ғана емес, сонымен қатар бір байланыстардан екіншісіне оңай көшу қабілетін де дамытады. Сондай-ақ, бұл ойын ойлау өрісінде бірден бірнеше заттарды ұстап тұруды және оларды бір-бірімен салыстыруды үйретеді. Мұның үстіне ол белгілі бір заттар тобын біріктірудің және бөлудің мүлде әртүрлі әдістері болуы мүмкін деген ұстанымды да қалыптастыратыны маңызды, және сондықтанда жалғыз бір ғана дұрыс шешіммен шектелмей басқа да, көптеген жолдарын іздеу қажет.
Баламаларды іздестіру
Белгілі-бір зат емес құбылыс алынады, мысалы ТІКҰШАҚ. Оның барынша көп баламаларын яғни әртүрлі маңызды белгілері бойынша ұқсас басқа заттардың атауларын жазып алу қажет. Сонымен қатар берілген заттың қай қасиетін ескеріліп, іріктелгендігіне қарай, сол баламаларды топтар бойынша жүйелендірген жөн. Мысалға алған жағдайда, құс көбелек (ұшып қонады) :автобус, пойыз және т. б аталуы мүмкін. Ең көп баламалар топтарын атаған ойыншы жеңіскер болып саналады.
Бұл ойын заттың алуан түрлі қасиеттерін бөліп шығарып олардың әрқайсысымен әрекет жасауды үйретеді. Құбылыстарды олардың белгілері бойынша жіктеу қабілетін қалыптастырады.
Қарама-қарсы заттарды іздестіру
Мысалға, ҮЙ сөзі алынады. Берілген затқа қарама - қарсы басқа заттарды атау қажет. Бұл жағдайда әртүрлі белгілерге бағдарлану және қайшылықтарды топтар бойынша жүйелендіру керек. Мысалы, аталған жағдайда мыналар айтылуы мүмкін: САРАЙ, ӨРІС, ВОКЗАЛ және т. б. Жауаптарын анық дәлелдеп барынша көп қарама-қарсы заттар топтарын атаған ойыншы жеңіске жетеді.
Бұл ойын заттан оның әртүрлі қасиеттерін «қарпып алу» және оларды басқа заттарды іздестіру үшін қолдану қабілетін қалыптастырады, бірнеше заттарға ортақ және әртүрлі қасиеттерін бөле отырып оларды өзара салыстыруды үйретеді.
Берілген белгілер бойынша заттарды іздестіру.
Мынандай міндет қойылады-берілген белгілер жиынтығын иеленген және осы мағынада сурет ретінде көрсетілген екі-үш затқа ұқсас барынша көп заттарды атау. Мысалы, былай айтылады: «екі қарама-қарсы қызметтерді біріктіріп орындайтын заттарды атаймыз, мысалы ЕСІК, СӨНДІРГІШ». Жауаптар қарапайым, күрделі, сонымен қатар мүлде кездейсоқ болуы мүмкін. Қарапайым емес жауапты барынша көп берген ойыншы жеңіске жетеді.
Бұл ойын әртүрлі ұқсас емес заттарды ішінен баламаларды оңай табуды, берілген белгілердің бар-жоғына қарай заттарды жылдам бағалауды, ойды бір нысаннан екіншісіне тез аударуды үйретеді.
Жалғастырғыш буындарды іздестіру
Екі зат беріледі, мысалы КҮРЕК және АВТОМОБИЛЬ. Біріншісіне екіншісіне қарай көшу жолы болып табылатын, берілген екі затпен де анық қисынды байлданысы бар заттарды атау қажет. Мысалы, аталған жағдайда ЭКСКАВАТОР, ЖҰМЫСШЫ болуы мүмкін. Екі - үш жалғастырғыш буындарды (КҮРЕК-АРБА-ТІРКЕМЕ-АВТОМОБИЛЬ) қолдануға рұқсат етіледі. Тізбектің көршілес элементтерінің арасындағы әр байланыс мазмұнының анық негізделуіне және ашылуына ерекше көңіл бөлінеді. Шешімнің ең көп анық дәлелденген нұсқаларын берген ойыншы жеңіске жетеді.
Бұл ойын бастапқыда бір-бірінен алшақ болып көрінетін құбылыстардың арасындағы байланысты оңай және тез орнату, сондай-ақ, ортақ белгілері бар заттарды табу қабілетін қалыптастырады.
Затты қолдану әдістері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz